Альянс банктің несие қабілеттілігі
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы 4
1.1. Несие жүйесінің мәні және қажеттігі, экономиканы дамытудағы несиенің
маңызы 4
1.2. Несиенің түрлері мен қағидалары 7
1.3. Несие жүйесінің құрылымы, несие жүйесіне қатысушы субъектілер 14
2. Альянс банктің несие қабілеттілігін талдау 20
2.1. Альянс банктің несие қабілеттілігі 20
2.2. Қарыз мөлшері 22
3. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі және оның даму барысы 26
3.1. ҚР-дағы несие жүйесі, банктік емес мекемелер 26
Қорытынды 33
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
Кіріспе
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда несие жүйесі өзекті
проблемалардың бірі болып отыр.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардық назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін, қазіргі
жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Сондықтан мен
бұл курстық жұмыстың тақырыбын - несие жүйесі туралы таңдап алдым.
Несиенің мәнін, мазмұнын, экономикалық дамуындағы несиенің маңызын
танып білу – осы курстық жұмыстың мақсаты.
Жұмыстың бірінші, екінші бөлімдерінде несиенің мәні, қажеттілігі,
формалары қарастырылады.
Несиенің экономикалық дамуындағы маңызына арналған үшінші бөлімінде
несиенің маңызын көрсететін негізгі салалар мен несиенің оңтайлы шегі
көрсетілген.
Жұмыстың үшінші бөлімінде ҚР-дағы несие жүйесінің дамуы қарастырылады.
Мұнда ҚР-ның несие беру жүйесі қалай жүретіндігін, халықаралық несие жүйесі
мен ҚР-ның шетелден алған тәжірибелері көрсетілген.
1. Несие және несие жүйесінің ұғымы, маңызы

маңызы
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас
сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші
қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған
деген негіз де бар сияқты, Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне
ақшалай түрде берілуде. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды
білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Несие - бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни
қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете
отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие – бұл банктің
қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың
әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір
формасын білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен
байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана
формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде, несие — бұл кәсіпорындар, ұйымдар және
бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды
қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға
беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты
элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар
субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар
субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз
беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші субъектілер болып табылады.
Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық
субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік
қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер
болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке
азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды.
Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық
қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш – бұл өте ауқымды ұғым, Ал, қарыз
алушы – бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне
берілетін объекті де жатады. Беру объсктісі – бұл құнның ерекше бөлігі,
яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің экономикадағы маңызын төмендегідей негізгі салалардан көруге
болады:
1) көпшілік жағдайда шаруашылық жүргізуші субъекті-табыскерлердің
өндіру мен өткізу процесінен түсетін түсімінің түсуі мен өндіріске керекті
материалдық құндылықтарды сатып алатын, еңбек ақы мерзімдері сәйкес
келмейді. Осындай шараларды өз кезінде істемесе, процесі тоқтап қалуы
мүмкін. Сөйтіп, шаруашылықта уақытша, қаржының барлығы мен оның
қажеттілігнің арасында қайшылық туады қайшылықтар несиенің қатынасуымен
шешіледі.
2) Несиеге алған қаржыға әртүрлі өндірістік әлеуметтік ғимараттар,
үйлер салуға болады, жаңа жабдықтар сатып алуға, жетістірілген өндіріс
технологиясын енгізуге болады. Мемлекеттік меншіктегі өндіріс орындарын
кеңейту үшін бюджеттен қаржы бөлуден гөрі несие алған пайдалы (әрине үкімет
үшін). Өйткені, бюджеттен алынған қаржы қайтарылмайтын болған соң тіпті сол
шараға, қажетті қаржының мөлшерін анықтағанның өзінде артықшылық жіберілуі
мүмкін. Оның үстіне ондай қаржы үнемделіп және тиімді жұмсалуы да үлкен
күмән туғызады. Ал несиенің қайтарымдылығы мен төлемділігі шаруашылықты
алған несиені мейлінше тиімді пайдалануға мәжбүр етеді.
Сондықтан, несие, өндірістің көлемін кеңейтуде де үлкен маңыз
атқарады.
3) Несиелік операциялар мен қолма-қол ақшаның орнын басу атқарымы
арқылы несие айналымда жүрген ақша жиынының азайтуға мүмкіншілік жасайды,
ал, бұл өз кезегінде ақша айналымына жағымды әсер етеді. Оның үстіне қолма-
қол ақшаның айналымға шығуы да және айналымнан қайтарылып алынуы да, несие
негізінде іске асырылады. Өйткені, банкіден клиенттерге ақша беруде,
банкіге ақша түсіру де несиелік операция болып табылады. Бұл екі жағдайдың
екеуіңде де операция есеп шоттармен байланысты, ал ондағы ақша, өзінен өзі
несиелік қатынастың барлығын дәлелдейді.
Жалпы айтқанда, клиенттің есеп шотына ең бірінші ақша несие берудің
нәтижесінде түседі.
Қазақстан экономикасының дағдарыс жағдайында, көпшілік
шаруашылықтардың (қандай меншікте болса да) тиісті мөлшерде өзіне меншікті
айналым қорын құра алмаған кезде, және де шарттық міндеттемелердің
орындалмағаны үшін ешқандай жауапкершіліктің жоқ кезінде, несиенің оңтайлы
мөлшерін анықтау үлкен экономика түгіл, кіші экономика (шаруашылық
жүргізуші субъектілер) деңгейінде де қиын, Өйткені, қазіргі жағдайда
клиенттерге несие бергенде банктер несиеге қажеттілік объективтік себеппен
байланысты ма, жоқ па, оның сол сомада пайдаланғандығы шаруашылыққа тиімді
ме, жоқ па, берілген несиенің сомасы айналымдағы төлем құралдары мен несие
арасындағы теңгерімді бұзбай ма деген сауалдарды еске де алмайды. Олардың
несие берудегі ең басты критерийі (өлшемі) несиенің қайтарымдылығы мен
банктің табыстылығы.
Несиенің маңызы өзгеруі, инфляция жағдайында да орын алады. Мұндай
жағдайда, айналымдағы ақша жиыны несиенің жәрдемімен реттелінеді, соның
көмегімен ақша бірлігінің сатып алу қабілеттігі бір қалыпта ұсталады
(тұрақтылығы сақталады). Екінші жағынан инфляция жағдайында негізгі
қорларды ұзақ мерзімге несиелеу айтарлықтай қысқарады. Өйткені, құнсызданып
бара жатқан ақшаның ұзақ уақыттан кейін, нақты құнының қандай болатынын
ешкім болжай алмайды. Сөйтіп, бұл салада несиенің маңызы төмендейді. Жалпы
алғанда, экономиканың нарықтық үлгісінде кеңейтілген ұдайы өңдірісті
басқаруда несиенің мағынасы айтарлықтай өседі.
1.2. Несиенің түрлері мен қағидалары
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің түрлері мен қағидалары
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы,
қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін
камтамасыз етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады.
Мысалы, кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны
сатып, ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарларды сату да жыл
мезгілдеріне байланысты жүргізіледі) бір капиталист-өндіруші нарыққа
тауарын шығарғанда, екінші өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін
өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемінен
шектеледі;
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып,
коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
• бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс құрал-
жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін комбайндарды
несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн
зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушы- кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына
байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель,
бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда
қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының - коммерциялық және банктік несиелер --
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы - халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру - ұзақ қолданылатын тауарлар жиһаз, жеңіл машиналар,
тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк
пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа
белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен
ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, мысалы, егер
жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе) берілген. Мұндай
несие кезінде Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халыкаралық
лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға
және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол
жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие – бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі.
Ол - жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатына, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие
тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы (процент)
төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорында қаржы қиындығы жойылған
соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды.
Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген
тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие -- ол жылжымайтын мүліктерді жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші халық және заңды ұйымдар, несие
алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие - қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік
шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы
артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен
шенеунік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік
емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар мөлшерін көтереді.
Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік қарыздардың
көтерілуімен бірге өседі.
Халықаралық несие - деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие ХІV-ХVғғ. әлемдік сауда-саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан - Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз
жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан
соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде
банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар
қатынасады. Халықаралық несие түпкі негізіне байланысты төмендегідей
жіктеледі:
• берілетін мерзіміне байланысты - мерзімнен тыс (тәуліктік, апталық,
үш айға дейін), қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан
бес жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие. Кейбір
жағдайларда орта мерзімді деп 7-10 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді 10 жылдан
аса уақытқа берілетін несиені айтады. Қысқа мерзімді несие айналмалы
капиталдың қозғалысынан туындайтын қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі.
Оның қайтарылу мерзімі әр елдің экономикалық жағдайына, инфляцияның
деңгейіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, 90-жылдарға дейін КСРО-да қысқа
мерзімді несие 3-6 айға дейін берілді. Жалпы әлемдік стандарт бойынша қысқа
мерзімді несие 1 жылға дейінгі уақытта қайтарылуы тиіс. Орта мерзімді және
ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жаңарту, оны кеңейтуге байланысты
туындайтын ұзақ мерзімді қажеттіліктерге беріледі;
• қызметіне байланысты коммерциялық несие -тікелей сыртқы сауда мен
көрсетілген қызметке байланысты беріледі; қаржылық, яғни күрделі қаржы,
объектілер салу, бағалы қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу; аралық -
аралас істелетін қызметтерге (яғни капитал мен тауарларды шығару, құрылыс
жұмыстарын орындау немесе "инжиринг", қызмет көрсету) берілетін несие;
• несие түріне байланысты - ол тауарлы, импортшыға экспортшы сатылған
тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық банктердің ақша
түрінде беретін несиесі;
• несие валютасы бойынша - қарыздар-мемлекеттің валютасымен, несие
беруші-мемлекеттің валютасымен, үшінші мемлекеттің валютасымен және
халықаралық ақша өлшемімен (СДР, ЭКЮ, ЕУРО) берілетін несие;
• қамтамасыз етілуі бойынша — қамтамасыз етілген (тауар құжаттарымен,
вексельдермен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын мүліктермен және т.б.);
бланктік, яғни қарыздардың міндеттемесімен (бір кісі қол қойған соло -
вексель) несие;
• берілуі бойынша - қолма-қол (қарыздардың шотына жазу), акцептті
(төлеуге келісім берілген), депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нышандарына байланысты
әрбір несиені сипаттау. Несиені түрлерге бөліп жіктеуде әлемдік біркелкі
стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының
өрістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып бөлініп, одан әрі
несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
• несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістің сатысына. Өнім өндіретін
шаруашылық субъектісі несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат, жанар-жағар
майлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын алуға
пайдаланады. Жалпы алғанда несие айырбас категориясы ретінде жиынтық өнімді
өндіруге, бөлуге және тұтынуға колданылады;
• экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген
несие өнеркәсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады;
• несиенің қамтамасыз етілуіне. Тікелей қамтамасыз етілген несиеге, мысалы,
нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай қамтамасыз
етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар қорларының
жетіспей қалған бөлігін төлеуге алған несие.
• несие үшін төлем. Несие ақылы және ақысыз болып бөлінеді. Бұндай болып
бөлінуінің себебі несиенің капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие алушы
оны өзінен-өзі өсетін құн ретінде қолданып, қайтару уақыты келгенде қарызға
алған сомасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан несие
ақылы құн категориясы.
Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін
жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге (банк
қызметкерлері) беріледі. Достық несие де - ақысыз несие түрі.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс-тәжірибеде несиенің басқа көптеген
түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие,
жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие және тағы басқалар.
1.3. Несие жүйесінің құрылымы, несие жүйесіне қатысушы субъектілер
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз
көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен,
кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын
қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және
т.б. операциялардын жиынтық сомасында коммерциялық банктердің үлесі
төмендеді. Мысалы, XX ғ. басында АҚШ-та несие мекемелерінің 7 түрі болса,
80-жылдары олардың түрі 20-дан асты. 1900 ж. активтердің 23-ін
коммерциялық банктер, ал 13-ін сақтандыру және жинақ мекемелері жүргізді.
Ал 1987 ж. коммерциялық банктердің бұл көрсеткіштегі үлесі шамамен 40%
болса, жинақ мекемелерінің инвестициялық, ипотекалық, сақтандыру
компанияларының үлесі анағұрлым көтерілді. Осындай өзгерістер басқа
өнеркәсібі өркендеген мемлекеттердің де несие жүйесінде байқалады.
Капиталын иемденуіне қарай банктер және несие-қаржы мекемелері
мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді. Бірсыпыра елдерде банкнота
шығаратын ерекше құқығы бар орталық банктер, сондай-ақ почта-жинақ жүйесі
және кейбір арнаулы несие-қаржы институттары (мысалы, американдық федералды
жер банкі, АҚШ-тың экспорт-импорт банкі) мемлекеттік несие мекемесі болып
саналады. Ал кейбір елдерде (мысалы, Францияда, Италияда және т.б.) ірі
коммерциялық банктер де мемлекеттік болып саналады.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын
мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік
соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген
елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының
пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет
меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-
несие және қаржы институтары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры,
Халықаралық қайта құру және Даму банкі, аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Дегенмен, экономикаға несие-қаржылық, ақша-есеп және т.б. қызмет
түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері. Қазіргі несие жүйесі
күрделі, әрі көпбуынды құрылым. Егер несие мекемелерінің клиенттерге
көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие жүйесі үш элементтен
құрылады: орталық банк; коммерциялық банктер және маманданған несие-қаржы
институттары.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына,
мөлшеріне және олардың көлеміне, сондай-ақ мамандануына қарай несие
жүйесінің өзегі - банк жүйесі, ал несие институттарының жұмысын
үйлестіретін бірыңғай орган - Орталық банк болып саналады. Несие жүйесінің
екі элементі: орталық және коммерциялық банктер туралы бұл жерде қысқаша
сипаттама беріліп, олар туралы кеңінен келесі бөлімде толығынан тоқталамын.
Орталық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші деңгейіндегі басты
эмиссиялық банк. Ол - "банктердің банкісі". Ол заңды және жеке тұлғалармен
операция жүргізбейді, оның клиенттері - коммерциялық банктер мен басқа
несие институттары, сонымен қатар үкімет мекемелері.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар
кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің
негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет
көрсету.
Тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері
қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында
пайда болды. Мысалы, бұрынғы КСРО-да 20-жылдарда коммерциялық банктер
тұтыну несиесін берумен шұғылданбағандықтан, сол кездерде тұтыну несиесін
беретін көптеген мекемелер пайда болды. Олар қазіргі нарықтық экономикада
кез келген мемлекеттің несие жүйесінде орын алуда.
Маманданған несие-қаржы инстиуттары (немесе оларды парабанктік
мекемелер деп те атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе
бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-
есеп операцияларын жүргізіп Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші
жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және т.с. операциялар орындауымен
сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әр түрлі маманданған қаржы
институттарының жиынтығы: несие-жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар
немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сактандыру компаниялары,
мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Өркендеген
мемлекеттерде бұл институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық
банктермен қаржы нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен
компанияларға сан алуан қызмет көрсетуде. Қазақстан экономикасының нарықтық
қатынастарға өту шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге
қызығушылық болуда.
Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең
түрде қызмет көрсетуде:
• халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
• ипотекалық несие беруде;
• тұтыну несиесін беруде;
• ауыл шаруашылық несиесін беруде;
• сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
• өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал
инвестициялауда.
Айта кететін жәйт, революцияға дейінгі Ресейде, одан соң КСРО-да (оның
құрамындағы Қазақстанда) және жаңа экономикалык саясат (НЭП) пен кейін ауыл
шаруашылығын ұжымдастыру (коллективтендіру) жылдарында несие
институттарының кейбіреулері, мысалы, несиелік серіктестіктер, өзара
несиелеу қоғамдары, несиелік одақтар және т.б. олардың түрлері болды.
Қазірде банктік емес мекемелерге кәсіпорындардағы өзара көмек кассаларын,
ломбардтарды, шаруа қожалықтары ассоциацияларында (одақ) құрылған есеп
айырысу қаржылық орталықтарын кіргізуге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz