Несие жүйесінің қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

1. Несие жүйесінің қалыптасуы5

1. 1 Несие жүйесінің маңызы және оның қалыптасуы5

1. 2 Несие беру кезеңдері және оның экономикадағы ролі7

2. Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің дамуы12

2. 1 Қазақстандағы несие жүйесінің даму принциптері12

2. 2 Қазақстан Ұлттық банктің ақша-несие саясаты14

2. 3 Қазақстан Республикасындағы ипотеканың дамуы17

3. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі ерекшеліктері21

ҚОРЫТЫНДЫ25

Қолданылған әдебиеттер тізімі27

КІРІСПЕ

Шарушылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыру, несие жүйесінің қызмет етуі маңызды роль атқарады. Ақша-несие механизмінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдайымен, басқарушы формаларымен, механизмімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы тән.

Несиелеу операцияларын құқық-ұйымдастыру формаларын жүзеге асырылуынан, несиеледің формалары мен әдістерін және несиелеу қатынастарын ұйымдастыру құрылымының өзгеруімен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмін әрқашан өзгертіп отырады.

1987 жылға дейін СССР несиелеу жүйесін үш монополистік банкі (Госбанк, Стройбанк СССР және Внештогрбанк СССР) және Гострудсберкасса жүйесі құрады. Несиелеу жүйесінде басты орынды СССР-дің Госбанкі алды. Бұл несиелеу жүйесіне орталықтанған экономика жағдайында несиелеудің әкімшілік-бұйрықтық әдісіне негізделген шаруашылық субъектілерді несиелеу моделі сәйкес келген еді.

Несиелік жүйені жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несиелеу жүйесінің құрылысын ұйымдастыру, банк ролінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына әсерінің артуы, несиенің әрекет ететін экономикалық тұтқаға айналуы алдын-ала көзделді. Түрлендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады. Себебі бұл шын мәнінде экономикалық қатынастардын тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдіспен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомствалық принципке сәйкес мамандалған банктердің әсер етуші салалардың бөлінуі байқалып, олардың арасында бәсекелестік болдырмауына жол берілді. Ссуда берудің тиімділігі банк қызметінде негізгі көрсеткіші болмады. Несиелеу облысындағы экономикалық қатынастардың жүйесін комплексті реттейтін банктік реформаның екінші сатысы қажет болатын. Бұл 1988 жылы нарықтық қатынастар мен банктік саласы құрылымдардың ірге тасын қалыптастыруын бағытталған бірінші коммерциялық банктердің құрылуынан басталды. Бұндай нарықтың құрылуы әкімшілік-бұйрықтық қатынастардың қаржы ресуртардың ең тиімді қолданыс саласында экономикадағы икемді әдістерге ауысуын білдіреді.

Ақша-несие реттеу жүйесін құру керек болды. Сондықтан, қалыптасып жатқан нарықтық қатынастарға байланысты Госбанктің мәртебесімен оның елдің экономикасындағы ролі өзгертілді. Госбанк мемлекеттің қарамағынан шығып, өз тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін Госбанктің базасында нарықтық экономикасы дамыған елдердің концепциясының негізінде Қазақстанның Ұлттық Банкі құрылды. Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынаста механизмімен несиелеу жұмыстарының әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі дәрежелі банк жүйесі қалыптасты:

І дәрежесі - Қазақстанның Ұлттық Банкі;

ІІ дәрежесі - Коммерциялық банктер және басқа да жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұйымдары.

Тағы бір назар аударарлық жай, несиелеу және қаражат операцияларын жүзеге асыратын банк жүйесі елдің қаржы жүйесінің қайнар көзі болып табылады. Бірақ мамандалған банктік емес несие-қаражат ұйымдары -парабанк жүйесі туралы ұмытпаған жөн.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты оқырманның назарын аудара отырып, несие жүйесінің кешегі күнін, бүгінгі және ертеңгі кезеңдерімен таныстыру. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, өйткені қазіргі таңда несие жүйесі кіші бизнестің негізді құралдарының бірі екені бәрімізге әйгілі. Сол себептен менің келешек мамандылығыма сәйкес болғандықтан, бұл тақырып маған тәжірибенің алғы шарттарын ашуда.

1. Несие жүйесінің қалыптасуы

1. 1 Несие жүйесінің маңызы және оның қалыптасуы

Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттары, халықтың жинақтары табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делделдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.

Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.

Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей болады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айалым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т. б.

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындау барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелер мен әртүрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әртүрлі субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Несиелік қатынастар екі нақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін бірдей қажет. Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау - несиелік ресурстарды құруды білдірсе, ал оларды экономика және халық қасиеті үшін орналастыру - несие беруді білдіреді.

Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер, әртүрлі елдің несиелік мекемелері арасында болуы мүмкін.

Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі ұғымын құрайды.

Ал, несие жүйесі тармағында - бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа да қаржылы қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және оларды құқықтық формада ұйымдастыруда сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес иституттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады.

Экономиканың әрбір экономикалық-тарихи даму кезеңіне несие-ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік нсие жүйесінің ұрылымы сәйкес келеді. Мысалы, жоспарлы-орталықтандырылған КСРО экономикасында Менбанктің жетекшілігімен ұйымдастырылған несие жүйесінің құрылымы қызмет етсе, нарық экономикасы үшін банктік және банктік емес мекемелерден құралатын несие жүйесі қажет.

Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

  1. Орталық (эмиссиялық) банк;
  2. Коммерциялық банктер;
  3. Мамандандырылған несиелік мекемелер (сақтандыру, жинақтық,

ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т. б. ) .

Функционалдық мамандауына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган - Орталық банк болып табылады.

Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша-несие институты болып табылады. Орталық банк - бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай-ақ үкімет ұйымдары жатады.

Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және әрекетті реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қойған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әртүрлі секторлары, несие-қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметтеті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез-келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын рөлін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып қаржы жүйесінің орталығы боып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздың және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына тез қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мамандандырылған несие мекемелері нарық экономикасындағы несие жүйесіне қажетті маңызды буын болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әртүрлі салаларында және тұрғындарға көрсетілетін несие жүйесінің қызметтері толық болмас еді.

Парабанктік мекемелер көбінесе белгілі бір клиенттер типіне несие берер негізгі қызмет түрлерін көрсетуге бағытталады. Олардың қызметтері нарықтың кішігірім сигменттеріне ғана қызмет көрсетуге жұмылдырылады.

Мұндай мекемелер екі жақты бағыныштылықта болады: бір жағынан, олар несиелік және есеп айыру қызметтерін жүзеге асырумен байланысты болатындықтан да Орталық банктің соған сәйкес талаптарын басшылыққа алады. Екінші жағынан, олар қандай да бір қаржы, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа да операцияларға мамандана отырып, тиісті ведомстволардың реттеу әдістеріне ұшырайды.

1. 2 Несие беру кезеңдері және оның экономикадағы ролі

Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар тізімін талап ете алады. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдың-ала бағалау үшін есеп карточкасын толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызмет және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; есеп айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.

Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.

І- кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін қабылдау кезеңі.

Қарыз алушының несиелік қабілеті - қарыз алушының суммасы бойынша қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекел көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсетткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді.

Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:

  1. Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере

отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құықтық қуатын анықтайтын жарғысы және нұсқауымен танысуға тиіс;

  1. Қарыз алушының іскерлік беделі;
  2. Табыс алу қабілеті.

ІІ- кезең. Несиелік келісім-шарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субъектісімен қатынасқа түседі.

Несиелеуге байланысты барлық сұрақтардан банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді.

Несиелік келісім-шарт екі жақтын өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және объектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.

Несиелік келісім-шарттың мазмұныңда несиелеу механизмі, оның негізгі элементтері (несие түрлері және объектілері, сомасы, несиенің бағасы, несиелеу әдістері және ссудалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктің жұмысында қалай іске асырылуында және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып келеді.

ІІІ- кезең. Несие беру кезеңі.

Бұл кезең ссудалық шот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін, ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды. Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі - несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі - несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттілікті туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші - белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді) .

VІ- кезең. Несиені қайтару және оған сыйақы төлеуіне бақылау жасау - несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттардың формасында, банк қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құрудағы рөліне байланысты.

Жәй шоттар бойынша банкте қарызы есеп айырысу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын шаралар жолымен қайтарылады. Ссуданың қайтару мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелерімен құжатталады: егер де ссуда тұтас қайтарылатын болса, онда бір ғана мерзімді міндеттеме толтырылады; ал ссуда бөліп-бөліп қайтарылатын болса, онда әр төлемге бір мерзімді міндеттеме толтырылады.

Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелей осы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.

Ссуданың қайтарылуына бақылау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақытын жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болса, ссуда бойынша қарызды және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.

Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және тағы басқа есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін.

Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жәй және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.

Жәй сыйақы есептеу формуласын келесідей түрде беруге болады:

мұндағы: i - сыйақы мөлшері;

P - қарыз қалдығы;

n - сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;

J - ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жәй сыйақы сомасы.

Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:

мұндағы: i - сыйақы мөлшері;

P - несиенің бастапқы сомасы;

n - аймен берілген несиенің ұзақтығы;

J - несиенің барлық мерзіміне есептелетін сыйақы сомасы.

Егер де несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақылы есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:

мұндағы: J g - мерзімі өткне қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;

Q - мерзімі өткне қарыз сомасы;

i g - мерзімі өткне қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айыппұл) ;

t 1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мерзімі;

t 2 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мерзімі.

Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны - 30, ал жылдағы - 360 күнмен алынады.

Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырғандай, беруді тоқтатуға құқығы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайларда банк несиені мерзімінең бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.

Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отыруымен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы тәуекел көзі болып табылады.

Банктік несиенің оның экономикадағы, мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және оларды жету әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері тралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен және белгілі дәрәжеде кредиттің қайтарылымымен шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауапкершілігі мен қызығушылығын арттырып, олардың қарыз-қаражатты орынды қолдануына себеп болады.

Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құны мен қосу қолданылатын қаражаттың қайтарылуы қаражат мерзімімен, оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын арттыру сай.

Белгіленген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың сомасының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану ақысыз болғандықтан, мүлдем болмайтын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландыруымен теңестірілгенде байқалады.

Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және ақылылығы ресурстарды үнемдеуінде несиенің маңызың арттырады.

Несиенің пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі. Қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне, тауарды өткізуі мен тұтынуына және ақша айналымының сомасына ықпал ететді.

Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік, тұтыну және ипотекалық несиелеуде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағытағы несиенің әсері несиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминатты түрді алады.

Несиелік қатынастарделік, қатынастардиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақ та, ондай әрекет әртүрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда, несие алушыға басқа жақтан қаражат тартуы керек жоқ; өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін берілетін қарыз-қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салушының компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің мұндай іс-әрекеті маңызды. Себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағаның білдіреді. Бірақ ондай жағдайда қарыз алушыға қаражат ұсыну олардың қажетті тауарды алу мүмкіндігі пайда болғандығын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану - нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соқтырады. Мұндай нәтиже банктік несиені қолдану шарушылықтарға материалдық ресурстарды қайта бөлудегі мәніңде мінездейді.

Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын (бөлікті) мүлікті, тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекелық несиені қолдану кезінде, материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады. Мұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенің дәлелдейді.

Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану деңгейіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді. Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйекс келмеуіне қажетті тауарлы-материалдарды құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процесін үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қарыз-қаражаттарын берудің салдарынан өндіріс процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын қарыз алушыларда үздіксіз қайталанатын қаражаттың «құйылымы» және «шегінуі» игеріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Несие жүйесі жайлы
Банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Ұлттық банктің қызметтері және ақша-несие жүйесі
НЕСИЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ теориялық негіздері
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz