Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
4 - 5

І –тарау. Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру

1.1. Несиенің мәні мен қажеттілігі.
6 - 8

1.2. Несие құрлымы мен қызметтері.
9 - 13

1.3. Несие формалары мен түрлері.
14 - 19

ІІ –тарау. Несие жүйесі. Қазақстан Республикасында оның ролі
және әлемдік даму тенденциясы

1. Қарыз пайызының экономикалық мәні.
20 - 21

2.2. Несие процесстегі келісім – шарт мазмұны.
22 - 23

2.3. Әлемдік несие жүйесі дамуының қазіргі
24 - 27
тенденциясы.

Қорытынды
28 - 29

Пайдаланылған әдебиет
30 - 31

Кіріспе.

Өркениеті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы
екі түрлі ұғым қалыптасқан : біріншісі - несие- есеп
қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы ;
екіншісі- несие- қаржы институттарының жиынтығы. Несие қатынастары
қарыз капиталының қалыптасуымен оның жұмсалуынан туындап ,
несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие
жүйесінің несие қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке
және зиянды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда
шоғырландырып , оларды кәсіпорындарға , үкіметке халықтың әр
түрлі топтарына қарызға береді.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды.
Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі
субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және
оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір
төлемақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге
несие жүйесі мемлекеттік ақша айналымын реттеп, ақша
қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын
қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігігін артыруға ықпал
етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және
халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-
ақәр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық,
сенімдік кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.
Несие жүйесінің маңызы мен ол экономикасындағы біраз
көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы
көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айнымалы
капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық
төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір
қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық-
экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрлымы
болады. Мысалы, хх – ғасырдың 20- жылдарынан 90- жылдардың бас
жағына дейін КСРО-да жоспарлы- орталықтанған экономикаға сай
келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің
көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларының
пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде
АҚШ алдынғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша
капиталының орташа алғанда ¾ бөлігнің несие жүйесі арқылы
өтуі..
Несие ісі- ақшамен сауда- саттық негізінде несиелік
операцияларды орыдауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше
бір саласы дегенді білдіреді. Оларды алуан несиелік
институттар жүзеге асырады. Шаруашылық айналымға қызмет
көрсетудегі операциялар ауқымы мен мәні бойынша негізгісі
банктер болып табылады.
Несиелік мекемелер түрлерін, оның ішіндегі банктік
мекемелерді қарастырудан бұрын бізге “ банк’’ және “ банктік
қызмет” ұғымын білу қажет. Әлемдік тәжірибеде банктік қызмет
деп банктің басты кәсіби қызметтерін, депозиттер қабылдау
және қарыз беруді түсінеді.
Міне, осындай түсінік Италияда, Испанияда, Бельгияда,
Грецияда және басқа елдердің банктері туралы заңдарында
бекітілген.
Ал, Германияда мен Францияда банк немесе несиелік
мекеме деп, өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздармен
сауда- саттық, лизингтік және басқа да операцияларды
көрсетумен айналысатын кез келген мекемені айтады. Сондай-ақ
оларда банктік емес мекемелерге депозиттер қабылдау, есеп
айырысуды жүргізу, сақтандыру кепілдемелерін беру және т.б.
заңмен тыйым салынады.
Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде несиелік
жүйеге мекемелерді жатқызуда либералдық тәсіл қолданылады. Ол
үшін кейбір мамандандырылған қаржы мекемелерінің депозит
қабылдауға лицензиясы болса, оларды банктер қатарына
жатқызамыз.
Қазақстан Республикасының Президентінің “ Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ” заң
күші бар Жарлығының 1- бабында, банктің ресми мәртебесі
Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет
министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің
тіркеуден өткізумен және банктік опрецияларды жүзеге асыруға
берілген ҚР Ұлттық банк лицензиясының болуымен анықталады.

І –тарау. Несие –ақша қатынастарын қалыптастыру

1.1. Несие мәні мен және қажеттігі.
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық
субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай- ақ
жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес,
олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау- бұл
тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе,
шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас
туындайды.
Құнның қозғалысы- бұл несиенің қозғалысының кіндігін
сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болуын экономикалық
негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан
қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі
шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл
жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр
түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір
санайтын да аз емес, несие- бұл ақшалай қаражаттың екі
жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт
бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация,
субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа
ие.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша
пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін
қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар
арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді.Несиенің көмегімен заңды
және жеке тұлғаларды уақытша бос қаражаттары мен табыстары
экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және
ақылы негізінде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық
бар.
Несие- бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық
несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының
болуын және сондай- ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын
білдіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда – бұл ссудалық шот
ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды
ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде несие - кәсіпорындар, ұйымдар
және бірлестіктер, сондай – ақ халық арасындағы несие қорын
құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі
бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын
өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрлымы бір - бірімен өзара
байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен
несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле
бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші мен
қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші – қарызды беретін несиелік қатынастың бір
жағы. Қарыз беруші – бұл уақытша пайдалануға қарыз беруші
субъектілер болып таблады.
Қарыз берушілерге : банктер, банктік емес мекемелер,
мемлекет, шаруашылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және қайтаруға міндетті,
несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы
бір- бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері
әр түрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың
коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері
кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік
қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынас
емес, сондай – ақ азаматтық қатынастар жағдайын сипаттайды.
Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша
қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің
құрлымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру
объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілетін
құнды білдіреді.
Өз кезегінде, үлестіру және айырбас біртұтас алғанда
өндіріспен және бір - бірімен өзара әрекетте болады; Өндіріс
осы бөліктермен анықтала алады.
Мысалы, нарық ұлғайған кезде, яғни айырбас сферасы,
өндіріс көлемі өседі және оның дифференциясы тереңдей түседі.
Үлестірудің өзгерісімен өндіріс те өзгереді, мысалы
капиталдың шоғырлануы, қала мен ауыл арасындағы әр түрлі
үлестірумен т.б. несие үлестірумен пропорцияны белгілейді, онда
үлестіруге екі маңызды жағдай тән 1 – 73б .
1. Үлестіру пропорцияны белгілейді, онда әрбір индивидум
өндірілген өнімге қатысады ;
2 Ол қоғамнан келіп шығатын көзі ретінде анықталады.
Қарыз мәселесі ретінде несиені екі көзқараста болоды
1 – 77 б .
1. Оның техникалық - заңдылық белгілері көзқарасынан.
2. Әлеуметтік мазмұны, яғни осы келісім негізінде өсетін
және дамитын немесе онда өзі көрінісін табатын өндірістік
байланыстар типін сипаттайтын белгілері тұрғысынан. Бұл екеуі
бір – бірімен бөлінгісіз олар өзара байланысты және себепші.
Барлық экономикалық талдау үшін маңыздысы қарыз мәмілесінің
экономикалық талдау үшін мазмұны, яғни өндірістік қатынастардың
белгілі бір формаларымен байланысты шаруашылық әдістері,
жұмыс тәсілдері емес, өндірістік қатынастардың өзі болып
таблады.
Тауардың бір тауар иесіне басқаға ауысуы нарықта
айырбас арқылы жүзеге асады. Тауар айырбасы сферасының несие
үшін маңызы зор. Оның пайда болуын ішкі тұтыну үшін
өндірілген өнімдер сферасынан емес, тауар иелері, экономикалық
қатынасқа түсуге дайын меншік иелері дербес заңды тұлға
ретінде бір – біріне қарама – қарсы тұрған айырбас сферасынан
іздеу қажет.

1.2. Несиенің құрлымы мен қызметтері.

Несиенің құрлымы белгілі бір мәнге айналған және
несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол
несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрлымдық талдау тұрғысынан
алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның
субъектілері болып таблатын элементтерден тұрады. Несиелік
мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы
болады. Кридитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі
мен тауар айналысы негізінде жүреді.
Бастапқы кредитор мен қарыз алушы қарапайым қатынаста
болады. Мүліктік теңсіздік тереңдеуіне байланысты артық
өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде
көріне алады. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда
болған. Өсімқор- саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі
уақытта банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан
өтті. Кридитор ретінде храмдар, қоғамдағы шарушылық жүргізіші
субъектілерін едеуір байлықтарын жинақтайтын шаруашылық пен
тұтыну мақсаттарына қызмет көрсететін өзгеше банкирлік үйлер
болды.
Кредитор- несиелік мәміленің қарызды ұсынушы жағы. Қарыз
беру үшін кредитордың қарамағында белгілі бір қаражаттар
болуы керек. Оның көздері өз қорлары, ресурстары өз
кезегінде қайтарымдылық негізінде ұдайы өндіріс процесінің
басқа субъектілерін алынған ресурстар бола алады. Қазіргі
уақыттағы шаруашылықта кредитор банк қарызды тек өз
меншігіндегі ресурстар есебінен ғана емес, оның шоттарында
сақтаулы тартылған қаражаттар есебінен де, сонымен қатар
акция және облигациялар орналастыру арқылы жиналған қаражаттар
есебінен де бере алады.
Банктердің құрылуымен кредитордың шоғырлануы жүреді.
Қарыз алушы - несиелік қатынастардың, несиені алушы және алған
қарызды қайтаруға міндетті жағы болып келеді. Борышқор және
қарыз алушы - бір – біріне жақын, бірақ шамасы бірдей
түсінік емес. Борыш –міндетті жалпы сипаттайтын анағұрлым кең
түсінік. Несиелік мәмілеге сәйкес борышқор туралы емес, қарыз
алушы туралы айту керек.
Тарихи жағынан қосымша ресурстарға деген қажеттілік
танытатын жекелеген тұлғалар болды. Бастапқыда олар өзі
еңбектерімен күн көруші ұзақ шаруалар, қолөнершілер болған
еді. Өсімқорлық несиенің бар болуына басқа формасы
–ақсүйектердің көбінесе жер иелеріне ақшалай қарызды беруі.
Банктердің құрылуымен қарыз берушілердің шоғырлануы жүреді.
Қазіргі уақытта банктерден басқа шаруашылық ұйымдары және
мемлекеттің өзі де қарыз алушылыр ретінде болады. Қарыз
алушының кредитордан айырмашылығы ол несиелік мәміледе
төменднгідей ерекшеліктерге ие. Біріншіден, ол қарызға беретін
қаражаттардың меншік иесі болып табылмайды, олар уақытша
иесі ретінде болады; өзіне тиіс емес , бөтен біреудің
ресурстарымен жұмыс істейді. Екіншіден, қарыз алушы қарызға
алынған қаражаттарды айналыс сферасында да пайдаланады.
Кредитор өндірісте тікелей қатыспай –ақ айырбас фазасы кезінде
де қарызды ұсына алады.
Несие қызметтері .
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын
қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория
ретінде мынадай қызметтерді атқарады 2- 73б .
- қайта бөлу;
- айналыс шығындарын үнемдеу;
- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- ғылыми технологиялық прогресті жетілдіру;
- капиталдың шоғырлануын жетілдіру;
Несиенің қайта бөлу қызметін кез –келген елдің ұлттық
экономикасының толық құнды жұмыс жасауына өз үлесін қосады.
Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйесінің бір
саласына капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің
қаржыны қайта бөлу қызметінен айырмашылығы қаржының бөлінуі
әкімшілік негізінде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар
арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық
механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс
жүзінде асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды.
Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен
жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кең жағдайларда
қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Шаруашылық
субъектілеріндегі ақшалай қаражаттары. Міне, сондықтан да
мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары
өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын
толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал
айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын
үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызмет, яғни несиенің айналыстағы нақты
ақшалардың орнын уақытша ауыстыруы. Қазіргі несиелік
шаруашылықта мұндай орын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл
қызмет іске асуы процесінде тек қана тауар айналысының
сондай –ақ нақты процесінде тек ақшалардың уақытша орын
ауыстырып ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл
қызметінің несиелік ақшалар : чектер, вексельдер, несиелік
карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі
арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша
массасына және төлем айналымына да ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты
дамуына жағдай жасау маңызды болып таблады. Мұндай
міндеттерді шешуге несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын
ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми –техникалық прогресті жеделдету қызметі
ғылыми –техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады.
Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми –зерттеу
орталықтарының жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай –ақ өндіріске
ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса
қажет болып таблады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда
кәсіпорынның қаражаттарымен, оның ішінде орта және ұзақ
мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыланады.
Несие мөлшері-салыстырмалы түрде шағын. Бірнеше жүз
долларға дейін. Қысқа мерзімді, бір жылға дейін беріледі.

Несие жүйесінің ұғымы мен құрлымы.
Нарық тық экономикада несие –банк жүйесі маңызды роль атқарады.
Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп
айырысулары мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай
қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және
белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай –ақ
көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім,
және кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие
жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін
ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін
қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта
құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей бірқатар
көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі,
кесіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын
қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және
т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың дамуын дәрежесі бойынша,
шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес сферасын банк
сферасының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп
тараптылығы жағынан, қаржы капиталының талаптарының қуатылығы бойынша
әлемдік басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие
жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді
беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма –қолсыз ақша жолымен
жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80
–жылдардың басында 60-65 трлн доллар сомасында бағаланады.
Американдық шаруашылықта пайдаланылатын ақшалай капиталдың орта
есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер
арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989
жылы 700 млрд долардан құралған.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік
қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны
қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиеліл
мекемелермен әз түрлі субъектілік арсындағы эканомикалық байланыстар
несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек ақшалай қаражаттарды
жинақтап, он заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен
ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы
үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының
аса ауқымды ағыны төлем төлушілер мен мекемелер және соңғыларымен
алушылар арсында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар ,
несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы
өтеді.
Несие жүйесінің елдегі ақша айналымын реттеудегі , заңды және
жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын
эканомикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға
болады.
Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шарушылық
субъектілер үшінде, сондай-ақ несие жүйесінің мекемелері үшін де
бірдей қажет.
Ақшаны несиелік мекемелерде сақтау- несиелік ресурстарды құруды
білдірсе, ал оларды эканомика және халық қажетті үшін орналастыру-
несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынас: шаруашылық ұйымдары мен несие жүйесі,
несие жүйесі мен халық, халық мемлекет пен несие жүйесі, несиелік
мекмелер, әр-түрлі елдердің несиелік мекемелері арасында болуы
мүмкін.
Жоғарыда түсіндіргеніміздей, несиелік қатынас негізінен ақшалай
формада несие эканомикалық категориясының қызмет етуі барысында
жүзеге асырылатын. Несиелік қатынастардың сыртқы көрінісі немесе
формасын сипаттайды. Ол несиелік қатынастардың мәні жіне
ұйымдастырылуын синтездейді. Несиелік қатынастар формасы мен мазмұны
диалектикалық бірлікте болады. Несиелік қатынастар формасы олардың
мазмұны сәйкес келіп және оның дамуын ынталандыруы тиіс. өндірістік
қатынастардың өзгерісі несиелік қатынастар мазмұны мен несие
формасының өзгеруіне әкелуді.
Несие екі формада болады. Тауарлық және ақшалай. Тауар несие
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-біріне қарыз беруі барысында , аталған несие
формасында ақшалай формада қайтарылады. өйткені, алушы субъект несие
беруші тауар несиесін алғанын куәләндыратын векселді, сондай-ақ
салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді.
Бұл тұста несиелік қатынастар субъектілеріне – шаруашылық
жүргізуші субъектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың
мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай
формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік
мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие – жүйесі ұғымын құрайды.
Ал, несие жүйесі тар мағанада – бұл несиелік есеп айырысу
қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және басқа
да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып
табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да
мекемелердің жиынтығын –несиелік операцияларды жүзеге асыру және
оларды құқықтық формаларын ұйымдасьыру арқылы сипатталады. Несиелік
қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттарда
шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие
жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және
мамандандырылған несие мекемелері.
Экономиканың әрбір экономикалық -тарихы даму кезеңіне несие
–ақшалай қызмет көрсетудегі қажеттіліктерге толық жауап беретін
несиелік істі ұйымдастыру типі, өзіндік несие жүцесінің құрлымы
сәйкес келеді.

1.3. Несие формалары мен түрлері

Несие формалары, оның құрлымымен және белгілері бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен байланысты келеді.
Несие формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер
барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар
қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар
түрінде берілетін несиені –коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені
банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибесінде
қолдануынан туады.
Коммерциялық несие –бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға
берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие –бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы.
Несиенің бұл формасының басты мақсаты –тауарларды өту процесін
жеделдету, сондай –ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіплер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне
тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында
туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының
көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратынарнайы
қарыздық міндеттеме –вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктен несиеден айырмашылығы мынадай:
- қарыз беруші ролінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
- коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
- қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты;
- коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды
түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие -бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға
ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие –бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып таблады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал
қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын
қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып
таблады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты –бұл пайыз түрінде
табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиентеріне әр түрлі несиелер
береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

І. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы –несие мекемелеріне.
2. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау –сату ұйымдарына;
-кооперативтерге;
. -жеке
кесіпкерлерге.

3. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
ІІ. Мерзіміне қарай:
-қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )

- орта мерзімді ( 1 жылдан 3 – 5 жылға дейін)
-ұзақ мерзімді ( 5 жылдан жоғары)

ІІІ. Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатына жұмсалатын;
ІҮ. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен;
Сақтандырылған.
Қамтамасыз етілмеген:
- сенім ( бланктік) несиесі.
Ү. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие –қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында
ешқандай күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер –қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі
ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы
қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер
ішінара бөлінеді: 1 –санаты күмәнді, 2 –санаты күмәнді, 3 –санаты
күмәнді, 4 –санаты күмәнді, 5 –санаты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер –қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
ссудалар шотына жазылған несиелер.
ҮІ. Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық волютамен;
- шетел волютасымен;
ҮІІ. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі –бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие –бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ
мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі –клиентің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несинің формасы.
4. Овернайт несиесі -өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі,
5. Онкольдық несие –кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие –банктердің бір- біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие –тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие –құрал –жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие –шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі –банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие –жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие.

ҮІІІ. Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына:
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен
импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар,
құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық , кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары
арасындағы маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тезөтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз
байланысты: бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің
көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы
туындайды: екіші жағынан, халықтың несиелеудің өсуі,сұраныстың төлем
қабілеттігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар
нарығын толтыру жағдайында пайда болуда. Мұнда автомобильдік несие
бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді банк несиесі көмегімен
алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады.
- жиһаз
- сантехника
- аудио –видио және тұрмыстық техникалар;
- компьютер және оргтехника

Тұтыну несиесінің түрлері.

кесте – 1.
№ Несиелеу Тұтыну несиесінің түрлері
шарттары

Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді тауарлар
сатып алу несиесі

Жаңа Ескі (пайдаланылған)

1 2 3 4 5
1 Несие Автомобиль Автомобильді бағалау10000 АҚШ долларына
мөлшері құнының 80% құнының 80% дейін дейін (немесе
дейін эквивалент) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Ақша айналысы және несие
Қазіргі несие және қағаз ақшалардың айналымынан туындайтын проблемалар
Несиенің формалары мен қазіргі кезеңдегі дамуы
Несиенің қажеттілігі,мәні,формалары
Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі
Заңды тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру және оның ерекшеліктері
Банк қызметіндегі несие
Несиенің мәні мен қажеттілігі
Пәндер