Қаржылық институтарға берілетін несиелер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Банк Ісі Академиясының колледжі

Курстық жұмыс
тақырыбы: Несиелендірудің қазіргі тәжірибесі. Қысқа мерзімді несие ұсыну
және өтеу тәртібі.

Орындаған Жолдыбаев.Қ
ІІІ курс 31
топ студенті
Банк ісі
мамандығы
Тексерген:
оқытушы

Тұрғанбаева Г.С. (Банк операциясы)
Қалығұлова Р.Ж (Банк есебі)

Қорғауға жіберілді:
________________________

Алматы 2004 жыл

Несиелендірудің қазіргі тәжірибесі.
Қысқа мерзімді несие ұсыну және өтеу тәртібі.

Мазмұны

Кіріспе 3
1-Бөлім. Несиелендірудің теориялық негіздері 5
1.1 Несиенің ұғымы және оның түрлері. 5
1.2 Несиенің қызмет ететін принциптері мен әдістері 7
1.3 Несиелік саясат, оның элементтері 9
1.4 Несиелік тәуекелшіліктер және оның талдауы 12
2-Бөлім. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді несиелендіру
13
2.1 Несиенің негізгі шарттары мен оның безендіру тәртібі 13
2.2 Қысқа мерзімді несие беру мен өшіру тәртібінің есебі 17
2.3 Несие мониторингі 19
2.4 Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы несиелендірудің жағдайы
21
ІІІ-Бөлім. Несиенің проблемалары мен даму перспективалары 24
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 30

Кіріспе

Тарихтың қай кезеңі болса да, несие алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономикалық ғылымы өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал
қазіргі нарық кезеңінде несие эканомикалық санат ретінде аса көп көңіл
бөлініп отыр. Өйткені нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы
ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегінде алуан түрде практикалық және
теориялық сауалдардың шиелініскен түйіне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған жерінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әр қайсысында несиенің
маңызы зор болады. Тарихтың өткен дәурінің бәрінде де дамытпалы несие,
барлық қоғамдық қарым қатнасты жаңартудың және түрлендірудің ревалюциялық
қозғаушы күш болады. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүделерін қосып бекітті қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды .
Несие - нарықтың, эканомиканың тірегі ретінде экономикалық дамуының
ажарамас элементтін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъекттілермен
қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтарда пайдаланады.
Несие эканомиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді
деп те айтуға болады. Егер де несиені тиімді қолданған жағдайда
елеулі өзгерістерге әкеп соғады.
Қарыз алушы кєсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал
жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не бомаса қажетті заттарды болашақта емес
қазір алуға мүмкіндігі туады.
Әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы әр түрлі
түсіндіріледі
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты несиенің маңызы мен оның ұғымын
толығымен ашу. Сонымен қатар мұнда қазір Қазақстан Республикасында
несиелендірудің негізгі шартары және оған өткізілетін құжаттарымен оның
есебі көрсетіледі. Қазақстан Республикасындағы несиенің жағдайы, оның
проблемалары мен даму перспективалары аталынады.
Несие теориясы мен практикасы беріледі. Мұнда несиенің экономикадағы
мәнімен және атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар несие
берушілер мен қарыз алушылардың өз-әра қатынасында пайдаланатын, оның
формаларымен түрлері нақты отандық банктер тәжірибесінде толық қамтиді.
Сонымен несиеге деген не, оның экономикада қажеттілігі неде, оның
қандай нысандары мен түрлері болады, оның экономикалық қарым қатынастағы
атқарымы қандай деген сауалдар қойылады. Сонымен қатар, несие
алушылардан алынатын төлемінің қажеттілігі қарастырылады.

1-Бөлім. Несиелендірудің теориялық негіздері

1.1 Несиенің ұғымы және оның түрлері.

Несиенің ішкі мазмұнын түсіну үшін, оның негізін ашып алуымыз керек.
Қазіргі экономикалық шығармаларда несиені әр түрлі түсіндіреді.
Несиенің мазмұнын анықтауында оның әлуметтік, экономикалық жағында
ұмытпаған жөн. Өйткені несиенің өзі қоғамның қажеттілігінің туындысы болып
табылады. Қоғам қандай экономикалық формада болса, соның мақсатына қызмет
атқаруға тиіс. Осының бәрін қортындылай келіп, несиені экономикалық сана
ретінде “құнының, қайтарымдылығы мен ақылылығы негізінде, қоғамның
қажеттерін қамтамасыз етуге лайықты қозғалыс”, деген анықтама берген жөн.
Жәй сөзбен айтқанда, Несие - уақытша бос ақша қаражаттарын, ақшаға
мұқтаж субъектілерге (кәсіпорындар, заңды және жеке тұлғалар т.б.)
қайтарып беру мақсатында берілетір қарыз ақшан айтамыз.
Несиенің түрлері - бұл несиелік қатынастар құрлымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақтайтын көрініс.
Несие берушілермен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергеніменде, несиенің түрлері сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынандай белгілі белгілеріне байланысты жіктелінеді:
I. Қарыз алушының катигориясына қарйа
1 Қаржылық институтарға берілетін несиелер :
➢ мақсатты қорларға
➢ банктерге
➢ қаржы-несие мекемелеріне
2 Қаржылық емес агенттерге беретін несиелер
➢ өнеркәсіп салаларына
➢ ауыл шаруашылығына
➢ саудаға
➢ дайындау ұйымдарына
➢ жабдықтап сату ұйымдарына
➢ кооперативтерге
➢ жеке кәсіпкерлікке
3 Тұтыну мақсатында берілетін несие
II. Мерзіміне қарай:
➢ қысқа мерзімді несие (1 жылға)
➢ орта мерзімді (1 жылдан 3жылға дейін)
➢ ұзақ мерзімді (3 жылдан жоғары).
III. Қамтамасыз ету дәрежісіне қарай:
1 Қамтамасыз етілген:
➢ кепіл хатпен
➢ кепілдемемен
➢ кепілдікпен
2 Сақтандырлған
3 Қамтамасыз етілмеген:
-сенім несиесі.
ІV. Қайтару дәрежесіне қарай:
1. Стандартты несие - қайтару уақыты жетпеген, бірақ қайтаруында еш
қандай күмәні жоқ несиелер
2. Күмәнді несие – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер Соңғы қабылдаған
активтердің жіктелу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер 5-ке
бөлінеді:
1 күмәнді-5%
2 күмәнді 10 %
3 күмәнді 20%
4 күмәнді 25%
5 күмәнді 50%
3. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
V. Тағайындалуы және пайдалану сипаттамасына
қарай:
➢ негізгі құралдарға жұмсалынатын
➢ айналым қаржыларына жұмсалынатын.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
➢ Ұлттық валютамен
➢ Шетел валютамен
VII. Берілу нысанына қарай:

1. Овердравт несиесі – клиенттердің шотынан қаражатты шегу, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтан мүліктерді кепілге ала отырып
берілетін несие.
3. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдану мақсатында 1 – түнге
берілетін банк аралық несие
4. Онкольді несие – несиелендірушінің алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие
5. Банкаралық несие - банктердің бір-біріне берілетін несие
6. Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды кепілге алып
берілетін несие
7. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қаблеті жоғары
клиенттерге берілген несие
8. Консорциялық несие- ірі жобаларды несиелендіру мақсатында банктердің
өз ара қосылып берілетін несие
9. Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында, тауарларын
сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие
10. Лизінгтік несие - құрал жабдықтарды жалғаға алумен байланысты несие

1.2 Несиенің қызмет ететін принциптері мен әдістері

Несиенің принциптері несиенің мәнін және қызметтерің, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы обьект экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиенің принциптеріне байланысты
банктік несиелердің берілуінің басты шартары несиенің мақсаты және
мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және
т. б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принціптері екі топқа бөлінеді:
1топқа
- жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер.
- несинің мақсаттылығы .
- несиенің дифференциалдығы.
2 топқа
- Несиенің мерзімділігі
- несиенің қайтарымдылығы
- несиенің төлемділігі.
- несиенің қамтамасыз етуі.
Мерзімділік –ол несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражат белгілі
уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтаруға тиімділігі мен қорытындысы.
Осында келіп несиенің қайтарымдылық принципі туындалады.
Несиенің қайтарымдылығы – оның экономикалық категория ретінде тауарлы
ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын
ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтанда
қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты
қайтару мақсатында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығы беріледі. Іс
жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сый ақы (пайыз) түрінде
беріледі.
Қазіргі банктердің несие үшін сый ақы мөлшерлемесін белгілеуінде басты
факторларына мыналар жатада:
- Банк аралық несие бойынша орташа сый ақы мөлшерлемесі
- орталық банктің коммерциялық банктерге берілетін несиелері бойынша
белгіленген сый ақы базалық мөлшері.
- өз клиентеріне депозиттік шоттары бойынша төленетін орташа сый ақы
мөлшері.
- тәуекелдік дәрежесі.
- еліміздің ақша айналым тұрақтылығы.
Шын мәнісінде заңды және жеке тұлғалардың тартылған несиелік ресурстар
қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары болып келеді.
Банк тәжірибесінде жай және күрделі сый ақы есептеу формуласы
қолданылады.
Жай сый ақы есептеу формуласы мынандай болады:
I = I х P х n
360 x 100
I - сыйақы мөлшері
P- қарыз қалдығы
N- сый ақыны есептеген кездегі құндар саны
I – несиенің мерзімін есептейтін жай сый ақы мөлшері.

Несие бойынша күрделі сый ақы есептеу формуласы:
I=[( 1 + I ) n-1 ]
1
i-сый ақы мөлшері
P-несиенің бастапқы сомасы
I- несиені барлық мерзімге есептегендегі сый ақы сомасы
n-аймен берілген несиенің ұзақтылығы.
Несиенің келесі принципі берілетін несиелердің материалдық жағынан
қамтамасыз етуі. Несиенің қамтамасыз етуі ретінде кепіл, кепілхат,
кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданады.
Несиелендіру әдістері несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат
айналымдарының шеңберінде қатнасу тәсілдері қазіргі банктік тәртібінде
несиелендірудің әдістері 3 түрі қарастырылады:
- Айналым бойынша несиелеу әдістері,
- Қалдық бойынша несиелеу әдістері,
- Айналым қалдық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының
шығындарын, оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективтік қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несиенің
мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азайуына байланысты несие
қайтарылады. Бұл негізінен несинің қозғалысымен қажеттілікті төмендету
немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз жаңартып отыратын
процес болып табылады.
Қалдық бойынша несиелендіру барысында несие несиеге деген
қажеттілік тауарлы материалды құндылықтар және шығындар қалдықтарымен
өзара байланысты. Айналым және қалдық бойынша несиелендірудің іс
жүзінде ұштасуының нәтижесінде
Айналым қалдықтық әдісі жүргізіледі . Мұндағы бірінші кезеңдегі
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе , ал
екінші кезеңде берілген несие қатаң түрде өтеді
Бірінші кезеңдегі несие тауарлы материалдарды құндылықтарды
екпілге алып шығындар айналымының бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші
кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы мерзімді міндеттемелері негізінде
өтеді.
Несиелік шетелдік банктік тәжербиеде негізгі мынандай 2 әдісі
белгілі
1- ші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым
тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсаты,
қажеттілікті қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір
мезгілге, яғни мерзімді несиелер беру барысында қолданылады.
2- ші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын
ала белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі
оларға белгілі бір мерзім аралығында қаражаттарын банкке төлеуге көрсету
жолымен қажеттілк шараларына байланысты пайдаланады

1.3 Несиелік саясат, оның элементтері

Несиелік саяасат банктың несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдарымен әдістерін, сондай-ақ несиелік процест ұйымдастыру
принциптері мен тәртібін белгілейді. Несиелік саясат несиелік механизм
көмегімен жүзеге асырады.
Несиелік саясат – банктердің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін
және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттары. Кең
мағынасында, несиелік саясатты несие беруші банк пен қарыз алушылар
тұрғысынан қарастыруға болады.
Тар мағынасында несиелік саясат – бұл несиелік процесті ұйымдастыру
барысындағы стратегиясы мен тактикасын сипаттайды.
Несиелік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегиясына
сай ұйымдастыру негізін және несиелеу процесін қалыптастыруға қажетті
құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат жалпы мынандай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсатарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асырудың қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулардың
қамттитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелділігі басқару
обылысындағы саясттарын ескере отырып жасалады. Несиелік қазметінің
мынадай негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиені беруіне және несиелік потфелді басқаруға жауап беретін банк
қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандартар мен критерий-
лерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың
басты іс-әректтерін;
- сыртқы аудит қызметерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығы;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін деверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектеуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттемелерін атқару үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі
бір тәртібі болмайынша несиелеудің бір тұтас ережелерін тәжірибеге енгізу
мүмкін емес . Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны
іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процестерді жүргізудің
негізін құрайды.
Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге
болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру
мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа
факторлар мен қарыз алушының несиелік қаблетіне қарап “өз клиентін”
таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің
бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік
өнімдермен анықталады.
Несиелік саясат маңызды элементті банктегі бақылауды ұйымдастыру
болып табылады.
Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын
қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен
стратегиялық мақсаттармен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді.
Несиелеу мақсаты анықталған соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің
қажетті несиелік операцияларды атқаруына мүмкіндік беретін банктің несиелік
саясатын және оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтарды
жасалады.
Несиелік стандартар мен нұсқаулықтарды жасаудың бастапқа кезеңі
аяқталуына байланысты, бұл құжаттарды бірінші редакциясы тәжербиелі
қызметкерлерге сараптауға берілуі тиіс.
Сараптаушылардың талдауы және ұсыныстары енгізілгенен кейін несиелік
саясат бойынша комитет саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды береді.
Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша
жекелеген ережелерді де қамтиді. Мысалы несиелік саясат бір қарыз алушыға
келетін тәуекел лимиті несиелердің несиелік құжаттарды көзделген
мақсаттарға сай берілуіде қарастырылуы мүмкін.
Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ережеде қамтылады. Несиелік
комитет несие беру барысында қортынды жасап, несиені беруге байланысты
мәселелерді қамтиды.
Отандық банктер тәжірибесінде несиелік комитеттің шешетін мәселелері
мыналар:
- Несие алуға берген клиент өтінішін және неиелік қызметкердің несие
беру туралы қортындысын қарайды.
- Несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды.
- Несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді.
- Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді.
- Несиелеу шартын бекітеді
- Берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді.
- Несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.
Несилік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелділігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтылуы тиіс.
Несиелік саясатпен банк қызметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелермен нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
енгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды.
Оларды, өз кезінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағытын іске асыру жүйесі
ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта мынандай элементтер
көрсетілуге тиіс:
- Несиелік қызметті ұйымдастыру
- Несиелік портфельді басқару
- Несиелік бақылау жасау
- Құзретті бөлу принциптері
- Несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер
- Несиелермен жасалатын ағымды жұмыстардың принциптері
- Несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Несиелік саясат мынадай қызметтерді атқарады:
- Банктегі несиелеу процесін ұйымдастырудағы бақылау жасауға негіз
ретінде болу
- Несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің қызметкерлері үшін анықтама
материал және нұсқаулық материал ретінде болуы
- Несиелік бөлімдердің жетекшілері үшін несиелік нұсқаулықтарды
талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы
- Несилік талдау және аудит бөлімі жұмыскерінің тексеруді жүзеге
асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.
Комерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде
проблемалық несиелермен жасалатын жұмысқа ерекше көңіл бөлетін және қосымша
бақылау жасауға тиіс.

1.4 Несиелік тәуекелшіліктер және оның талдауы

Несиелік саясатқа байланысты банктік несие ұсыну кезінде барлық
тәуекелшіліктер қарастарылып оны дұрыс талдауы керек. Несиелік
тәуекелшіліктің ең басты мақсаты - банк капиталын сақтап оны көбейтіп
жатқанына сенімді болуы тиіс.
Банктерде пайда болатын тәуекелшіліктердің түрлері мыналар:
Несиелік тәуекелшіліктер – банктік процесте ең көп кездесетінт
тәуекелшілік, ол көп жағдайда қарызшының қаржылық жағдайынан туындалады.
Мұны болдыртпау үшін;
- Арнайы резервтер құру
- Несиені қауіпсіздендіру
- Қамту формасын белгілеу.
Заңды тәуекелшілік - келісім шарттың шарттары мен жағдайларының дұрыс
безендірілмеуі, сондай-ақ заңмен немесе басқа да заңды актілермен өзгеру
мүмкіндігі.
Бухгалтерлік – егер қарызшы банкке дұрыс дайындалмаған бухгалтерлік
құжаттармен қаржылық есептерді ұсынған кезде.
Сый ақы бойынша тәуекелшілік (интересы) – несиелік сый ақының
жағымсыз жаққа өзгеру тәуекелшілігі, жағымсыз өзгеріс банктік кірісін
азайтады.
Залогтық тәуекелшілік – кепіл затпен несиені жаба ала-алмау
тәуекелшілігі.
Шет елдерге берілген несиелер бойынша тәуекелшіліктер- шет елдерге
берілген несиелерде банктің қаржыларын жаба алмау тәуекелділігіне әкеледі.
Проценттік тәуекелшілік – көбіне банктік операциясы бойынша
белгілеген тұрақты процент әсерінен туындайды. Себебі банктік қатынастар
кезінде мұндай процент банк үшін не өте қымбат, не арзанға түсуі мүмкін.
Сол кезде процентті өзгермелі болып белгіленген дұрыс.
Валюталық тәуекелшілік - бұл сыртқы экономикалық қатынастар кезінде
халықтың белгілеген ережелерімен шарттардың нәтижесінен туындайды.
Сондықтан, көп жағдайда келісімнің бұзылуына әкеліп соқтырады. Ал банк
ішінде елдегі валюта курсымен валюталы несие процентінің өзгеруіне
әкеледі.
Балансталынбаған өтімділік - банк балансы бойынша пассивтің
активтерді жаба алмауынан туындайды. Бұл банктерді шығынға ұшыратады немесе
банкротқа түсіреді және тағы басқа тәуеклшіліктер.
Несиені талдау кезінде жоғарғыда аталған тәуекелшіліктерді қарастыру
керек және әр берілген несие бойынша несиелік басқарманың жұмысшысы
несиенің әлсіз және күшті жақтарын бейнелеу керек.
Несиелік бейнелеуге келесі минимумдар кіреді:
1. қарызшының іскерлік мінезі, профессионалдық тәжірибесі
2. қаржылық құжаттарда көрсетілген қаржылық жағдайы
3. өндіріс ортасы
4. несиені толық қолдануы
5. несиені өшіру және сый ақыны өтеу көрсеткіштері
6. залогтың түрлері
7. жағымсыз жақтары.
Несиелік тәуекелшілікті азайту мақсатында және пруденцалдық нормативтік
жағдайларын байланысты әр қарызшыға ұсынылған несие міндеттері меншікті
капиталдың 25 %-тен аспауы керек.

2-Бөлім. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктерді несиелендіру

2.1 Несиенің негізгі шарттары мен оның безендіру тәртібі

Заңды тұлғаға қысқа мерзімді несие алу үшін төмендегі құжаттарды
банкке ұсынады:
1. Бекітілгіен үлгіде несие алу туралы банк басшысына жазылған өтініш. Онда
қарыз мерзімі, мақсаты, көлемі көрсетілуі тиіс.
2. Бизнес жоспар немесе техника-экономикалық негіз. Мұнда қарызды қандай
жұмыстарға жұмсайтындығы көрсетеді және одан алатын кірісін және қандай
көздер есебінен банк қарызын, сый ақыларын жаба алтындығын дәлелдеуі тиіс
3. Бухгалтерлік және статистикалық есеп берулер кірісімен шығындары туралы
есеп берулер
4. несиені мерзіміне қайтаралуы туралы қамту формасы (кепіл, тапсырыс,
ипотека, сақтандыру польюсы, т.с.с.).
Содан банк құжаттарды қабылдап оны тіркейді. Банк қажет деп санаса
келесі құжаттарды қосымша талап етеді;
1. Қарызшының қаржылық шаруашылық қызметі туралы аудиторлық
ұйымдардың қортындысы
2. Белгілеген тауарлық, материалдық құндылықтар ңемесе басқада
мүліктің сақталуы туралы санитарлық, гигиеналық, экологиялық
т.б. Нормалар туралы экспертиза қортындысы.
3. Жұмыс жобасы және т. б.
Банктер қарызшының есеп қарыз операцияларын жасау үшін алдын ала 2
жаққа міндеттемесін, шартары мен жауаптылақтарын белгілеп алуы және қарыз
алушының қаржылық қаблеттілігін, төлем қабілетін және несиеге қатысты
ұсынылған құжаттарын талдап тексергенен соң толтырылған құжат несиелік
келісім шарты болып табылады. Несиелік қабілеттілік деп – несиені толығымен
және уақытында өтеу болып табылады.
Несиелік қабілеттілігін анықтайтын немесе дәлелдейтін ақпараттарды
қолдану керек.
Банк 5 С жұмысын қолданады:
COPACITU-несиені өтеу қабілеті.
CHAPACTER-қарызшының репутациясы.
CAPITAL-капитал, қарызды өтеу үшін активтердің болуы.
COLLATERAL-зологпен қамтамасыз ету.
CONDITIONC-экономикалық конъюктура және оның перспективалары.
Қарызшының несиелік қабілетін анықтау кезінде бухгалтерлік және
статистикалық мәліметтерді талдау керек. Сонымен қатар, оның қаржылық
жағдайын болжау. Қарызшының несиелік қабілеттілігінің көрсеткіштері:
Көрсеткіш-1 – (абсолютті өтімділік) сыртында айналымнан клиенттің несиені
өтеу үшін қаржыларды алу бойынша талаптар.
Көрсеткіш-2 – қаржылар айналымынан міндеттемелерді толығымен жаба алатынын
бақылау. Бұл көрсеткіштің оптималды жағдайы 1,0.
Көрсеткіш-3 – қарызшының алған қарыздарын қаржылық тәуелділігі. Бұл
көрсеткіштің оптималдық жағдайы 0,5-1,0.
Көрсеткіш-4 – (активтердің табыстылығы) таза кірістердің активтерімен
қарым-қатынасы.
Осылардың барлығын қарастырғаннан кейін клиентке несиені беру шешімін
қабылдаған соң, келесі құжаттар толтырылады:
- несиелік келісім шарт
- кепілдік міндеттемелер
- жедел міндетемелер
Келісім шарт формасы Қ.Р-ның эканомикалық қысқа мерзімді
несиелнндіру ережеге сай көрсетілген және қарызшымен келісілген шартқа
байланысты еркін үлгідегі келісім жасай алу. Егер қарызшы ұзақ мерзімге
несие алса әр жыл сайын келісім шарт тіркеуі қажет Бұл ақша нарығының
елдің инфляция жағдайына өзгермелі сый ақының белгіленуіне байланысты.
Егер қарызшы қысқа мерзімді несие ала отырып несиені жаңа мерзімге
көшіргісі келсе мұндай жағдай негізгі келісім шартқа қосымша мәміле
жасалынады. Келісім шарттың мазмұны 2 жақ келісіміменен белгіленуі тиіс.
Несиелік шартта міндетті түрде келесілер қарастырылады:
1. Несиелендіру объектілері;
2. жоспарланатын қарыз көлемі
3. мақсаты
4. белгіленетін пайыз мөлшері
5. қамту нысаны
6. несие ұсыну мерзімі
7. қарыз шоты
8. қарыз беру мен өшіру мерзімі және оның қарызшыға тигізетін ықпалы
9. келісімді бұзқаны үшін берілетін жауаптылығы.
Несиені ұсыну барысында қойған міндеттердің бірі ретінде қарызшының
төлем қаблетін анықтауын белгілейді. Төлем қаблетін талдау кезінде басты
көрсеткіштердің бірі ретінде несиенің қайтымдылығын анықтап белгілеу.
Несиенің уақытында және сый ақымен өтей алатындығын дәлелдеу
үшін қарызшы банкке бизнес жоспар ұсынады. Қарыздың уақытында және
сый ақы мен жаба алмаған жағдайда банк активін сақтау және пайда
табу. Қамту формасын белгілеген кезде құндылықтарға қойылатын басты
шарт мыналар
- Құндылықтардаң құны жағынан барлық уақытта өтімді болуы. керек
ақталған мерзімі несиен жабу мерзімінен ұзақтылығы сай келеді.
- құнының жоғарғы сұраныста болуы керкек
- несиені немесе қарызды сый ақымен толықтай жаба алуы тиіс.
Несиелендіру кезінде басты қамту формаларына мыналар жатады:
1. тапсырыс
2. кепіл (гарантия)
3. кепіл зат
4. ипотека,
5. сақтандыру полисі,
6. т. б. құндылықтар.
Тапсырыс - бұл басқа тұлғаның банк алдындағы қарызшы міндеттемелерін өз
мойнына алатындығы туралы келісім.
Кепіл – бұл қарызшының банкке төлеуге міндеттелген сомасын қайтара
алмаған жағдайда басқа бір тұлғаның өз мойнына алатындығы туралы
міндеттеме.
Бағалы қағаздар, тауар т.б. мүліктерді несиені қайтара алмайтын жағдайлар
үшін кепілдікке беру (залог). Ол жер участкілерін, үй, ғыймараттарды залог
ретінде қалдану ипотека болып табылады .
Материалды қамту формасының бір түрін сақтандыру полисі ретінде
қабылданады.
Материалдарды қамту формасының бір төрі ретінде қарызшы несені
уақытында өшіре алмаса, онда оның банкке міндетті сомасын кепіл беруші
немесе тапсырыс жазған тұлға қайтарылуы тиіс. Осы құжаттардан көрсеткен
банк жағында айтылған тұлғалардың келісімісіз олардың есеп айыру аманат,
дапозит, валюталық тағы басқа шартардағы қаражаттар есебінен несиені
өшіріп банк пайдасына алады.
Қамту формалардан міндетті түрде ноториялдық кеңседене бекітуі
талап етіледі. Егер банк залог ретінде бағалы қағаздар немесе валюталық
құндылықтар белгіленсе, ал құндылықтарды банк алып өз сейфінде сақтай
алады. Тауарлы материалды құндылықтарды қарызшының қоймасында сақтауға
болады. Кепіл зат немесе ипотека белгіленген мүлікті немесе мерзімі
аяқталғанда банк өз иелігіне алуына немесе материалды құндылықтар сияқты
сатып өткізуіне болады. Кепіл затқа салынған жылжымайтын мүліктер (жер,
үй, ғимарат, т.б.) жергілікті жерден тіркеліп, тексеріліп, ноториалды
кеңседе бекітіліп, қосымша келісім шарт бекітіледі және жабу уақыты
келгенге дейін залог несиесінің қолдана тұруына рұқсат етеді.
- Несиелік келісім шартқа келесілер кіреді:
- Приамбула – жақтардың мәліметтері
- Несиелік келісім шартына қол қоятын тұлғалардың мәліметтері
- Жақтардың құқықтары мен міндеттемелері
- Есептердің тәртібі
- Жауапты тұлғалар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну несиесінің түрлерімен мазмұны
Банктің коммерциялық қызметті несиелеу ерекшеліктері
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Әлеуметтік институттардың қызметтері
Әлеуметтік институттар түсінігі
Әлеуметтік институт және процесс
Әлуеметтік институттар туралы қоғамдық пікірлер
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Социология ғылымының даму тарихы
Пәндер