Банктің несиелік қоржынының жіктемесі


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі
«»университеті
“ ” факультеті
“” кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру. »
Орындаған:
Қабылдаған:
Астана 2008
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. Несиелік операциялар есебі
1. 1 Несиелеуді ұйымдастыру . . . 5
1. 2 Несиелік операциялар есебін ұйымдастыру . . . 9
ІІ. ҚР несие бойынша қызметін талдау
2. 1 Несиелердің мониторингі . . . 12
2. 2 Банктің несиелік қоржынының жіктемесі . . . 18
2. 3. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау . . . 21
ІІІ. АҚ «Қазақстан Халық Банкі» бойынша несиелік операциялар
3. 1АҚ «ҚХБ-кі»несиелік операцияларының жұмысы . . . 25
3. 2 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелік операцилары бойынша қортындылар . . . 30
3. 3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несие беру, қайтару, несие бойынша пайызды есептеу және алу есебі . . . 33
Қорытынды . . . 42
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 44
Қосымшалар . . . 45
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайы, оның ішінде несиелі- ақша жүйесінде үлкен өзгерістер болып отыр. Несие толығымен экономикамен және оның жеке секторларымен тығыз байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда Қазақстанда күрделі өзгерістер болуда, яғни елдің экономикасының дамуы мемлекеттің несие саясатымен тікелей байланысты. Осы жерден байқайтынымыз несие қазіргі уақыттағы экономиканың тірегі болып табылады.
″Несие″ деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда сенуді білдіреді, белгілі бір тұлғаның мойнына алған міндетін орындауға сенім көрсетуге дегенді білдірсе, екінші жағынан несие банктердің филиалдарымен несиелік мекемелердің қанат жаюымен ұштасып, сол арқылы қазақ даласының қойнауының капиталын кеңейту.
Біз білеміз несиелендіру процесі арқылы ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өркендемейді. Қазақстан экономикасы және халықтың тұрмыс-тіршілігі жақсармайды. Сондықтан да бүгінгі таңда несиені дамыту өте қажет. Қазіргі кезде осы уақытқа дейін қолданылып келген, кәсіпорындардың, ұйымдардың халықты несиелеу жүйесі енді неғұрлым оңтайлы жүйе болып табылады. Клиент банкке бекітілмейді, өі қызметін пайдаланғысы келетін несиелік ұйымды өзі таңдайды. Клиент несиелік шотты тек бір банкте емес, бірнеше банктерде ашуға құқығы бар, яғни құқылы деген сөз.
Сонымен қатар несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады. Несиенің түрлері бұл белгілі бір түрдегі экономикалық қатынас ретіндегі несиеден келіп шығатын белгілі бір қасиеттерге ие.
Жүргізіліп отырған несиелеудің сызбасын либерализациялау, сөзсіз, клиенттің мүмкіндіктерін кеңітеді, оның ішінде несие алу кезінде, банк аралық бәсекелестікті дамытуға жағдай туғызады. Несиелеу жүйесі банк ресурстарына кәсіп орын ретінде сүйенеді. Бұл қалыпты жағдай сияқты көрінгені мен, бұрын қолданыста болған сызба бойынша несиелік мекемелер оған жоғарыдан берілген несиелік ресурстар есебінен жұмыс істейтіндігі туралы елес тудыратындығымен ерекшеленеді.
Қалыптасқан несиелік мехенизм коммерциялық сипатта. Осыған байланысты сауда, экономика мәтіндеріне ерекше көңіл бөлінуде. Тек несиелеу, кәсіпорындардың уақытша ақша ресурстарында деген қажеттілігін қанағаттандыру, сондай-ақ несие мекемесінің өтімділігіне негіз беретін артықшылықтар маңызды болып табылады. Бұл клиенттердің депозиттері мен несиелеріне және де банкаралық несиеге де қатысты. Бірқатар коммерциялық банктер аталған несиені сатып алып қана қоймайды, сонымен бірге оны басқа банктерге сатады.
1. 1 Несиелеуді ұйымдастыру.
Ипотекалық несие - жылжымайтын мүліктерді: жерді, тұрғын үй және өндірісті ғимараттарды кепілдікке ала отырып берілетін қарыз. Мемлкеттік несие - азаматтарға және заңды тұлғаларға қатысты қарыз алушы немесе кредитор ретінде мемлкеттік және жергілікті билік органдары болатын несиелік қатынастар жинағы. Мемлкеттік несиенің негізгі формасы - мемлкеттік займдар сонымен қатар қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер, тұрғындардың жинақ кассасындағы салымдар болып табылады. Қысқа мерзімді қазыналық міндеттемелер (вексельдер және де басқа несиелік міндеттемелер) ресми түрде бюджеттегі уақытша кассалық үлесті жабу үшін шығарылады, бірақ іс жүзінде - бюджет тапшылығына байланысты шығарылады. Қазақстанда 1994 жылдың сәуір айынан бастап қазыналық вексельдер аукционы үнемі өткізіліп тұрады.
Халықаралық несие - валюталық және тауарлық ресурстарды қайырымдылық және пайыздар төлеу шарттарымен беру бойынша байланысты халықаралық экономикалық қатынастар сферасындағы қарыз капиталының қозғалыс формасы. Кредиторлар және қарыз алушылар ретінде банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар, мемлкеттік мекемелер сонымен қатар халықаралық және аймақтық ұйымдар қатынасады.
Жалпы банктік несиелік операциялар екі үлкен топқа бөлінеді:
активті - банк қарыз бере отырып кредитор ретінде қатысса;
пассивті - төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық жағдайында банкке клиенттерден және басқа банктерден ақша қаражатын тарта отырып, банк қарыз алушы ретінде қатысады. Несиелік операцияларды жүзеге асырудың екі негізгі нысаны ажыратылады: қарыз және депозит. Тиісінше банктің активті және пассивті несиелік операциялары несиелік нысан ретінде де депозиттік нысан ретінде де жүргізіледі.
Активті несиелік операциялар - біріншіден, клиенттер мен несиелік операцияларды және банкаралық несиені ұсыну операциясынан;
екіншіден - басқа банктерде орналасқан депозиттерден тұрады.
Пассивті несиелік операциялыры үшінші тұлғаның және жеке тұлғалардың депозиттерінен және банктің банкаралық несие алу несиелік операцияларынан тұрады.
Банктегі несиелеу мехенизмі және несиелік жұмысты ұйымдастыру Ұлттық Банктің ұсынысын ескере тырып жасалған әрбір банк несиелік саясаты негізінде дербес анықталады. Клиенттер ашқан несиелік шотта әрбір несиелеу объектісі бойынша қарыз есебі жүргізіледі. Бөлек баланстық шотта бір клиентке берілген ұзақ мерзімді және қасқа мерзімді несие есебі жүргізіледі. Несиелік шоттың дебеті бойынша берілген қарыздың сомасы, ал кредиті бойынша оны өтеу көрсетіледі. Несиелік шоттың режимі шартта анықталады: берілген несие қарыз алушының есеп айырысу шотына аударылуы мүмкін. Сндай-ақ несиені контеккоренттік шот ашу арқылы беруге болады, бұл бір жағынан түсімдер, екінші жағынан қарыз несиежәне төлемдер көрсетілетін және де кредиттікте дебеттілікте сальдо болатын шоттың ерекше түрі. Контокоррент өз кезегінде клиенттің банктегі несиелік есеп айырысу қызметін жүзеге асыратын клиенттермен барлық операциялар жүргізілетін ағымдағы және қарыз шоттарыныңсипаттары болатын «Аралас» шот. Контокоренттік несие көлемін шектейтін лимит белгілейді. Лимиттер әрбір клиент үшін саралап белгіленеді. Контокоренттік несие қарыз алушыға контокоренттік шот ашу арқылы клиенттің төлем құжаттарын төлеу негізінде беріледі. Контокоренттік шотты ашудың негізі клиентпен контокоренттік несие беру туралы шарт жасасу болып табылады, онда қарыз бойынша борыштың ең үлкен көлемі, қарыз мерзімі, сол сияқты банк пен клиенттің ұсыныстары бойынша басқа да шарттар белгіленеді. Несиені беру кезіндегі өте маңызды, бірақ әрқашанда міндетті емес мәселе - банк беретін несиені қамтамасыз ету.
Несиені қамтамасы ету олардың өтелуін кепілдендірмесе де, банктің жоғалту тәуекелі біршама төмен болады. Сонымен бірге несиені қамтамасыз ету қарызға алған қаражатты қайтару кепілдігі ғана емес, содай-ақ банк пайдасы. Аталған байланыста тапсырмалар мен кепілдемелерді беру, кепілдік міндеттерді рәсімдеу тәжірибесі кеңейе түседі. Несиені қамтамасыз етуге алған міндеттеме нотариалды куәлендырылуы керек. Ол несие бойынша міндеттемелердің орындалуымен бірге, сол сияқты кредитор үш айдың ішінде кепілдік талап ұсынбаса тоқтатылады. Егер тапсырмада міндеттемені орындау мерзімі көрсетілмесе, онда тапсырма шартын жасаған күннен басталып, жыл соңында тоқтатылады. Кепілдік беруші мен қарыз алушы бірдей жауапкершілікте болады. Егер несиені қамтамасыз ету ретінде оны орындау тәуекелін сақтандыру қажет болса, онда несиені беру туралы шешім қабілдаған кезде клиент банкке сақтандыру шартын және сақтандыру полисін ұсынады.
Несиелік келісім шартта міндетті түрде келесі жағдайлар анықталуы тиіс:
- Несиенің мақсаты;
- Қарыз алушы ұсынған зайымның технико-экономикалық негіздемесіне немесе бизнес жоспарға сәйкес;
- Берілетін несиенің жалпы сомасы;
- Несиенің валютасы;
- Несиені және ол бойынша сыйақы өтеу мерзімі;
- Несиені өтеу әдісі;
- Қамтамасыз ету;
- Сыйақы мөлшерлемесінің көлемі;
- Қарыз алушы заңды тұлға банкке ұсынатын есептіліктің түрлері мен мерзімдері;
- Қарыз алушының ол жөніндегі мәліметтерді несиелік бюроға беруі жөніндегі, сол сияқты екі тараптың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпараттар.
Әрбір берілген несие бойынша клиент ұсынған қажет мерзімді міндеттемелерден басқа несиелік құжаттамаға тігіледі. Күнделікті жауапты орындаушы карточканы қарап отырып, өтеу мерзімі келген міндеттемелерді алады. Несиені бөліп өтеу төлемі келген кезде мерзімді міндеттеменің екінші жағында сәйкес белгі қойылады. Сол жерде қарыз алушы ұсынған кепілдіктер жазылады. Банктік несие бойынша несиелік құжаттамаға кез келген несиені ұсынуда талап етілетін негізгі құжаттардың болуы жеткілікті.
Негізгі құжаттар төмендегіше:
- қарыз алушы қол қойған, несиені пайдалану мақсаты көрсетілген және баланыстық құны белгіленген, несиені қайтаруды қамтамасыз ету үшін кепіл ретінде ұсынылған мүлік көрсетілген өтініш;
- егер ол заңды тұлға болса, белгіленген тәртіпте куәландырылған құрылтай құжаттардың көшірмесі;
- қарыз алушыатынан несиелік шартқа қол қоюға өкілетті тұлғаны растайтын құжат;
- жасалған несиелік шарттың түпнұсқасы;
- баланс пен кіріс және шығыс жөніндегі есептілікпен бірге қарыз алушы қол қойған және аудитор растаған, өтініш жазылған күнге қаржылық есептіліктер;
- егер клиент жеке тұлға болса, оның меншігіндегі активтер туралы, жалақының мөлшері туралы, негізгі кәсібі туралы анықтама;
- қарыз алушының несиелерді қайтару бойынша төлемдерді жүзеге асыруға қажетті жеткілікті ақша ағымдарын қамтамасыз ету қабілеттілігін растайтын, банктің құзырлы қызметкері дайындаған есептемелер.
- несие беру кезінде бюджеттік және бюджеттік емесқорларға салық және аудармалар бойынша қарыздардың жоқтығын растайтын салық органының анықтамасы;
- басқа банктерде ашқан банктік шот туралы мәліметтер.
Егерде қарыз алушы, осы несиені толық көлемде немесе жартылай алу бойынша басқа тұлғаның агенті болса, онда қарыз алушының құзырын куәландырушы құжаттыңкөшірмесі, несиенің сомасы және оны нақты алушының қолдану мақсаты көрсетіле отырып, қоса тіркеледі.
1. 2. Несие беру және қайтару есебі.
Несие бөлу туралы несиелік комитеттің негізінде несие бөлімі заң бөлімімен бірігіп несиелік келісім мен кепіл келісімін дайындайды. (2-қосымша) несиелік бөлім қажетті қолтаңбаларды жинап, оны мөрімен куәландырады.
Несиелік келісім, кепіл келісімі және басқа да құжаттар толығымен рәсімделіп, мемлекеттік органдарға сәйкес кепілді тізімге алу үшін немесе ҚРҰБ талаптарына сай рәсімделген кепілдеме хаттарын алуға немесе несиені қайтаруды қамтамасыз етубойынша басқа құжаттарды рәсімдеу үшін заң бөліміне беріледі. Несиелік комитеттің шешіміне негізделген несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуқұжаты бойынша несие бөлімі бухгалтерияға несиені аудару туралы өкім береді. Яғни оған Банк басқармасы төрағасының және несие бөлімі басшысының қолы қойылуы керек. Заңды тұлғалар үшін мерзімдік міндеттемелер рәсімделуі талап етіледі. Бухгалтерия несиені жоғарыда көрсетілген үкім негізінде аударады және мерзімді міндеттемелер бизнес жоспарымен келісімге келген тапсырма сай екенін тексеру үшін несие бөлімінің қолымен куәландыратын қарыз алушының қолындағы төлем тапсырмасы керек.
Клиенттердің несиелік шотын ашу және жабу ішкі бухгалтерияның бұйрығы бойынша жүзеге асырылады. Несие толық сомада немесе бөлшектеп келесідей заңдармен беріледі:
- несиелік немесе арнайы несиелік шоттан бенефициардың төлем құжаттарын төлеу;
- бенефициардың төлем құжаттары бенефициар мекенжайына төлеу (төлем тек тауарлы материалдық құндылықтарды тиеуге болады деген шартқа сәйкес құжатты банкке көрсеткеннен кейін орындалады) ;
- аккредитив қою жағдайында несиелік шоттан аккредитив шотына қаражатты аудару;
- қарыз алушының есеп айырысу шотына несие сомасын аудару;
- қарыз алушыға қолма-қол ақша беру;
- қарыз алушының жазбаша көрсетілген шотына несие сомасын аудару;
- басқа да жолдармен.
Қызмет көрсетіп отырған банк клиенттерге несие берген кезде мынадай корреспонденттік шоттар құрылады:
Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағамдағы есепшоттары»
Мерзімді міндеттемелер бір мерзімде баланстан тыс шотқа келіп түседі - «Әр түрлі құндылықтар және құжаттар» (7339) . Басқа банк қызмет көрсететін клиенттерге несие беру кезінде мынадай бухгалтерлік жазу жасалады:
Дт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»
Кт 1050 «Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Клиенттерге шетел валютасымен несие берген кезде келесідей жазу жасалады:
Дт 1411, 1417 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар»
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».
Сонымен бір уақытта теңгемен:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позициясының) »
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
Несиені қайтару кезінде өткізбелеркерісінше жасалады. Теңгелей берген несиені қайтарған кезде:
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050«Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1411 «Клиенттерге берілген қысқа мерзімді қарыздар»
1417 «Клиенттерге берілген ұзақ мерзімді қарыздар»
Шетел валютасында берілген несиені қайтарғанда:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050«Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1858 шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны валюталық ұзақ позициясының) »
Болашақ клиент кешіктірілген қарыздарын төлеген кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050«Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1424 «Банк қарыздары бойынша кленттердің мерзімі өткен берешегі».
Бір мезгілде мерзімді міндеттемелер «әр түрлі құндылықтар мен құжаттар» шотынан (7339) есептен шығарылып, «зиянға жатқызылған борыштар» (7130) баланстан тыс шотына кіріске алынады. Бұл шоттан, қарыздар 5 жыл бойы есепке алынады. Бұл мерзім өткеннен кейін, қарыздар «зайымға жатқызылған қарыздар» (7130) шотынан есептен шығарылады.
ІІ. ҚР несие бойынша қызметін талдау
2. 1. Несиелердің мониторингі.
1999 жылдың 16 тамыздан бастап ҚРҰҚ №276 қаулысымен бекітілген екінші деңгейдегі банктерді несиелеу бойынша құжаттаруды жүргізу Ережесіне сәйкес, несие толық өтелгенше несие бөлімінің қызметкерлері әрбір қарыз алушыға несиелік іс жүргізеді. Несиелік шарт әрекет ету мерзімі бойынша банк қарыз алушымен тығыз қатынасты сақтап, оның қаржылық жағдайын бақылайды, несиенің мақсатты пайдаланылуын, оның қамтамасыз етілуіне кепілге берілген мүлкінің сақталу жағдайын тексереді, яғни несиелік мониторинг жүргізіледі.
Несиелік мониторинг - несиені берген мезеттен бастап өтелуін және негізгі қарыз сомасының сыйақысымен бірге, толығымен қайтарылуына қарыз алушының қызметіне әрдайым талдау жасау жолымен және несиенің сапасының төмендеуі жағдайына қарызалушыға әсерін тигізетін адекваттылық шараларды қабылдау бойынша күнделікті жасалатын жұмыстар.
Ағымдағы несиелер бойынша мониторинг несмиелерді өтеумен байланысты мүмкін болатын қиындықтарды және өз уақытында оларды шешу үшін, ал нашарлаған несие бойынша - қайтарымсыз қарызға байланысты мүмкін болатын шығындарды азайту немесе алдын алу және жылдам әсер етуі (мәміленің шартын қайта қарау, кепілді сату, активтердің жойылуы және басқалары) үшін қажет. Несиелік офисер жағынан анықталған әрекеттердің бірқатарын мониторинг берілген несиелер бойынша өзіне қосады:
- ұлттық заңдылықтар мен нарықтық конъюнктураның мүмкін болатын өзгерістерін және жалпы экономикалық жағдайында қарыз алушының іс-әрекетін бақылау;
- жүйелі түрде қарыз алушының басшыларымен және мамандармен үнемі кеңесуі;
- қарыз алушының қаржылық және шаруашылық қызметіне талдау жасау, кепіл затын тексеру (кепіл затының бар болуын, сапасын, жағдайын және кепіл мүлкінің сақталуын) және несиені мақсатты пайдалануын;
- ең маңызды қаржылық ақпаратты жинау (соңғы айдағы сатудан түскен айналым түсімі, кассадағы ақшалай қалдық, қоймада қалған қалдық, соңғы айдағы есеп айырысу және валюталық шот бойынша айналымды талдау кезіндегі дебиторлық және кредиторлық қарыздарының жалпы сомасы және т. б. ) ;
- қарыз алушының қайта есептеу кезінде табылған қателіктері мен проблемаларын анықтау;
- проблемаларды анықтау;
Мониторинг жүргізіліп жатқанда несие алушының өзінің немесе серіктестерінің несиелік ісіндегі ақпараттар да пайдаланылады. Мониторингті жүзеге асыруда толығамен алынған ақпатараттар екі түрге бөлінеді;
- үстіртін мониторинг - қарыз алушының несиелік жағдайына еш қауіп жоқ кезде жүргізіледі;
- терең мониторинг - несиенің мерзіміне, сомасына байланысты жүргізіледі немесе қайта есептеу нәтижесінде күрделі жағдай туындаған кезеңде, қарыз алушы несиені уақытында өтеуге мүмкіндік бермейтін қателіктер жіберген кезде жүргізіледі.
Кіші кәсіпорындардың өз жұмыстарын кеңейту және де айналым қаражаттарын толтыру үшін несие ресурстарын алу мәселесі кейінгі жылдардың барысында Республикада кіші кәсіпкерліктің дамуын тежейтін негізгі фактор болып табылады. ҚРЭМ экономикалық зерттеулер институтының кіші және орта кәсіпкерлік орталығы жүргізген мониторингтік тексеру нәтижесінде анықталған несие алудағы жекеленген кедергілер төмендегі үлгіде көрсетілген.
(Кесте 5)
-кепілдікке қамтамасыз ету мәселесі;
-жоғары қарыз пайызы;
-несие ресурстарын игерудегі қысқа мерзім;
-несиелендірудегі жеңілдік кезеңінің жоқтығы.
- банк жүйесіне құжат дайындаудағы кәсіпкерлердің білімі мен тәжірибе
сінің жетіспеушілігі;
-ақпараттық-консалтингтік қызмет көрсетудегі жетіспеушіліктер;
-кіші кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға
лардың Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шетелдік және отандық несие
лендіру бағдарламалары туралы ақпарат
тың жоқтығы.
Үлгіде көріп отырғандай, жоғарыда көрсетілген мәселелер екі негізгі топқа бөлінеді. Бірінші топ банктен несие алудағы жалпы шарттармен байланысты болса, екіншісінде несиені алу мен құжат дайындау процесіндегі кәсіпкерлерде пайда болатын жекелеген мәселелер мен несиені рәсімдеу.
Несие рәсімдеу кезінде болып тұратын мәселелер - макромәселелер тобына жатады. Олардың мағынасы жалпы экономикалық ахуал мен ақшалай - несие салу саясатымен байланысты болатын екінші дәрежедегі банктерде несие беру кіші кәсіпкерліктерінде макроэкономикалық көрсеткіштер былай болады. Олар инфляция деңгейі, өнеркәсіп көлемінің өсуі, ақшалау ұтысы (қайта қаржыландыру) .
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерде, қазіргі деңгейге қарағанда өте төмен болған, оған дәлел: қазіргі кезде болып жатқан кіші кәсіпкерлерде несиелік субъект мәселесі кеңес елі мен шет ел ақшалай-несие институттарымен 2001-2002 жылы бекітілген. 2002 ж жалпы экономикалық ахуал көрнекті тұрде жақсарған, сол уақыттың өзінде де несиелік жағдайға еш өзгешеліктер енбеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz