Банктегі несие жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Несиелік ресурстар және оны қалыптастыру көздері

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. Банктегі несие жүйесі
1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2. Несиенің
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

ІІ. Несиенің мәні мен қажеттілігі және қызметтері
2.1. Ақша несие
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2. Несиелеу әдістері мен жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..18

ІІІ. Қазақстан банктерінде несиелік ресурстар және оны қалыптастыру
көздері ... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе

Несие экономикалық серiктестер арасындағы келiсiм-шарт ссуда
процент төлеу және қайтарылудың мерзiмiн ұзарту шартында беру. Несиенi кең
мағынада түсiну, тек ақшалай ғана емес сонымен қатар, мүлiктiк несиенi де
қалай ұғындыратынына дейiн қою керек. Несие алғашқы дәуiрдегi қауымның
ыдырау кезiндегi пайда болды. Бастапқыда ол натуралды түрде берiлетiн, ал
даму кезiнде айырбас ақшалай түрде жүредi. Несие үшiн төлем оны бағасы
болып табылады және өсу процент түрiнде болады, процентiнде босатылған
фирманың iшкi құралдары несие бұл қайнар көздерi болып табылады. Негiзгi
капитал айналымға түскенде, амортизациялық қорға оны құнды қор жиналым
пайда болады. Өндiрiстiң жаңа құралдары алғанша, ол неиеге берiлуi мүмкiн.
Жаңа шикiзатты сатып алу және дайын өнiмдi сату уақытынан сәйкес келмеуiмен
байланысты, айналым капиталының бiр бөлiгi ақшалай түрде босатылады. Ол
да несие ретiнде пайдалануы мүмкiн. Төлем уақыты кенлмегенше еңбек ақы
төлеуге арналған ақшалар уақытша бос ақша капиталы бала алады. Өндiрiстi
кеңейту үшiн яғни, табысты капитализациялау үшiн оны қажеттi мөлшерде жинау
керек, ал оған дейiн оны несиеге беруге болады. Несие беру тәсiлiне
байланысты сонымен бiрге кеңестiк уақытты сипаттамасы бойынша несие беру
процесiндегi несиенi әр-түрлi нысанда жiктейдi. Несие беру тәсiлi бойынша
несие натуралды және ақшалай деп ажыратылады.
Натуралды несие – несие беруде несие нысандары болып инвестициялық
тауарлар, тұтыну тауарлары, шикiзат ресурстары өндiрiстiк тұтыну заттары
табылады.
Ақшалай несиенiң нысандар ақшалай сатып алу құралдары ақша капиталы
акциялары, вексельдер, облигациялар және т.б. мiндеттi бағалы қағаздар.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни
қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалшысын білдіреді.

І. Банктегі несие жүйесі
1.1. Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы

Несие – ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс – несие
қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі, тауардың пайда болуы
маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден, өнім тауар болуы үшін оның
заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден, өнім бір өндірушіден екінші
бір өндірушіге ауысуы қажет, ол ауысу тек айырбас кезінде, яғни нарықта
болады. Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы. Бірақ несиенің
пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес, өнімдерді бір
– біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек. Себебі, тауарлар
қолдан – қолға өтетін айырбас процесі – несие қатынастарының туындайтын
көрінісі.
Несие - бұл экономикалық серiктестер арасындағы келiсiм-шарт ссуда
процент төлеу және қайтарылудың мерзiмiн ұзарту шартында беру. Несиенi кең
мағынада түсiну, тек ақшалай ғана емес сонымен қатар, мүлiктiк несиенi де
қалай ұғындырытынына дейiн қою керек. Несие алғашқы дәуiрдегi қауымның
ыдырау кезiндегi пайда болды. Бастапқыда ол натуралды түрде берiлетiн, ал
даму кезiнде айырбас ақшалай түрде жүредi. Ұзақ уақыт бойы несие процентi
өте жоғары өсiмқор нысанда жүрдi. Пайда болған сауда өнеркәсiптiк буржуазия
өсiмқорлықпен жоғары проценттi қаржы күрес жүргiзедi, себебi оны табысының
көп бөлiгiн жедi. Өсiмқорлықты капитализм жеңдi, ол өзiнiң несие жүйесiн
құрады. Несие тар мағынада – ссудалық капиталды қозғалысы, бұл қозғалыс
жеделдiктiң қайтарымдылықтың және төлемдiктiң бастауында жүзеге асады.
Несиенiң тар мағынасы тек ақша қарыздарын ұйғарады. Несие үшiн төлем оны
бағасы болып табылады және өсу процент түрiнде болады. Айналым процентiнде
босатылған фирманың iшкi құралдары несие бұл қайнар көздерi болып табылады.
Оларды қарасытрамыз: 1. негiзгi капитал айналымға түскенде, амортизациялық
қорға оны құнды қор жиналым пайда болады. Өндiрiстiң жаңа құралдары
алғанша, ол неиеге берiлуi мүмкiн.2. жаңа шикiзатты сатып алу және дайын
өнiмдi сату уақытымен сәйкес келмеуiмен байланысты, айналым капиталының
бiр бөлiгi ақшалай түрде босатылады. Ол да несие ретiнде пайдалануы
мүмкiн.3 Төлем уақыты кенлмегенше еңбек ақы төлеуге арналған ақшалар
уақытша бос ақша капиталы бола алады. 4. Өндiрiстi кеңейту үшiн яғни,
табысты капитализациялау үшiн оны қажеттi мөлшерде жинау керек, ал оған
дейiн оны несиеге беруге болады. Несие негiзi 2 фукнция атқарады: 1.
несие көмегiмен фирма, аудан және сала арасында ақша құралы қайта бөлу
жүредi. Бұл функцияның iске асуы, уақытша бос ақша құралдарын өнiмдi
пайдалануға мүмкiндiк бередi. 2. несие айналымдағы нақты ақшаны несиелiк
ақша мен банкомат және несиелiк операциямен ауысуына мүмкiндiк бередi, ол
айналым шығындарын қысқартады. Несие беру тәсiлiне байланысты сонымен бiрге
кеңестiк уақыттың сипаттамасы бойынша несие беру процесiндегi несиенi әр-
түрлiт нысанда жiктейдi. Несие беру тәсiлi бойынша несие натуралды және
ақшалай деп ажыратылады. Натуралды несие – несие беруде несие нысандары
болып инвестициялық тауарлар, тұтыну тауарлары, шикiзат ресурстары
өндiрiстiк тұтыну заттары табылады. Ақшалай несиенiң нысандар ақшалай сатып
алу құралдары ақша капиталы акциялары, вексельдер, облигациялар және т.б.
Институционалдық тұрғыдан қарағанда, несие жүйесі - мемлекеттің
экономиканы реттеу мақсатында белсенді түрде пайдаланатын қаржылық –
валюталық мекемелер кешенін білдіреді. Несие жүйесі қоғамдық қайта өндіріс
механизімінің құралы ретінде және капиталды орталықтандыруда, өндірісті
шоғырландыруда ауқымды фактор қызметін көрсетеді. Және де еркін ақша
құралдарының мобилизациялануына және еліміздің экономикасында қолданылуына
ықпал етеді.
Қазақстан несие жүйесі үш буыннан тұрады: (негізінде екі элементтен
тұрады: орталық және коммерциялық банктер. Қазіргі кезде олардың қатарына
маманданған несие – қаржы институттары да қосылған)
Орталық банк – Ұлттық банк - мемлекеттің банк жүйесінің бірінші
деңгейіндегі басты банк, басты эмиссиялық банк. Ол банктердің банкісі. Ол
заңды және жеке тұлғалармен операция жүргізбейді, оның клиенттері –
коммерциялық банктер мен басқа несие институттары, сонымен бірге үкімет
мекемелері.
Ұлттық банктің функциялары:
банкноттарды эмиссиялау;
мемлекеттік алтын валюталық резервті қорғау;
басқа несиелік мекемелердің резервтік қорын сақтау;
экономиканың несие – қаржы жүйесін қадағалау;
коммерциялық банктерді несиелеу және мемлекеттік мекемелердің
кассалық қызметтерін іске асыру;
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету;
есеп айырысу және аудару операцияларын жүргізу;
несиелік мекемелердің қызметін қадағалау.
Коммерциялық банктер – банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар
кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің
негізгі қызметі – кәсіпкерлерге, халыққа жан – жақты несие – қаржылық
қызмет көрсету.
Маманданған несие – қаржы институттары. Тарихи маманданған несие –
қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір
сұраныстарды қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған несие –
қаржы институттары (немесе оларды парабанктік мекемелер деп те аатйды) не
белгілі бір клиенттерге қызмет көрсетеді немесе бір – екі қызмет түрін
меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие – есеп операцияларын
жүргізіп Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы,
сақтандыру, инвестициялық және т.с. операциялар орындауымен сол салалардың
бақылауымен қызмет жасайды. Олар әр түрлі маманданған қаржы институттарының
жиынтығы: несие – жинақтау мекемелері, инвестициялық қорлар немесе
компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі
өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Өркендеген мемлекеттерде бұл
институттар, яғни банктік емес мекемелер коммерциялық банктермен қаржы
нарығында бәсекеге түсіп, халыққа, фирмалар мен крмпанияларға сан алуан
қызмет көрсетуде. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өту
шағында бұл мәселелер бойынша әлемдік тәжірибеге қызығушылық болуда.
Ммаманданған несие – қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең
түрде қызмет көрсетуде:
• халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
• ипотекалық несие беруде;0

• тұтыну несиесін беруде;
• ауыл шаруашылық несиесін беруде;
• сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп-айырысуда;
• өнеркәсіп компанияларының бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал
инвестициялауда.
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс
алады. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын
маңызын сипаттайды.

1.2. Несиенің формалары

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын
түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және
банктік несие болады. Бұл екі несие бір – бірінен несие субъектілері,
құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы
бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие – ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толырылады. Коммерциялық несие алғашқы
капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз
етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Мысалы,
кейбір объективті себептерге байланысты (тауар өндіру уақыты оны сатып,
ақша түсіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты жүргізіледі) бір капиталист - өндіруші нарыққа тауарын
шығарғанда, екінші өндіруші – сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған
жағдайда оған бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін
өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезіндекапиталдың кері қозғалысы
бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
• бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс
құрал – жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын
салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн
зауыты өз өнімін – комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына
сатуға болады, ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына
коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір – бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, комерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір – біріне тауардың сатылуын қамтамасыз етуі үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір – бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кәсіпкер
жүреді. Банктік несиеде несие беруші – банк, ал қарыз алушы – кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар
айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің шартты
түрде мұндай екі түрге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану
мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар,
вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша
қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген
несие алса, онда қарыздардың капитал несиесін алғаны.
Банктік несиені экономиканың кез – келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне).
Несиенің негізгі екі формасының – коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаарлық және т.б.
Тұтыну несиесі – ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы – халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге
қалдырып тауар сату) және банктік несие, формасында (яғни тұтыну тауарларын
сатып алуға ақша беру – ұзақ қолданылатын тауарлар – жиһаз, жеңіл
машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т.б.) беріледі. Несиенің бұл
түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін. Мысалы, сауда
орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да, сол сома
көлемінде банктен ақшалай несие алады. Тұтыну несиесі жас отбасыларына да
(мысалы, егер жастары 30-дан аспаса және үйленгендеріне үш жыл өтпесе)
берілген.
Лизинг несиесі – ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал – жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа
да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді
айтады. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын
төлеп, мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір
өндірістік циклда жойылмайтын кез келген экономикалық дербес объектіні
алуға болады. Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын
халықаралық лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы
мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі – ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналымы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың (қордың) қалыптасуына
және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі
қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналымы капиталға
және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді. Ол әдетте сол
жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие – бұрынғы КСРО-да кең қоданылған несие түрі. Ол
– жоғары басшы органдарының (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі
және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі
шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы
қиындығын жою мақсатында, не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана
беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы: бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады; несие
тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы (процент)
төленбейді; несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорында қаржы қиындығы жойылған
соң жоғары органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда. Мысалы,
күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар
несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды.
Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие алушының өндірген
тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие – ол жылжымайтын мүліктерді – жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғандығы туралы
ипотекалық банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің
ақшалы қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық
облигациялар шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие – ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші – халық және заңды ұйымдар, несие
алушы – мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие – қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несаие
қазыналық вексельдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтедуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар (қарыз) мемлекеттік
шығындарды өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы
артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл несие негізінен
шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік
емес экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсалады.
Заемдар мемлекетке уақытша қосымша табыс түсіргенмен, кейін қарызды
өтеу және ол үшін процент төлеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді. Ол
төлемдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар мөлшерін көтереді.
Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік қарыздардың
көтерілуімен бірге өседі.
Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады. Халықаралық несие XIV – XV ғғ. әлемдік сауда саттықта пайда болып,
одан әрі Еуропадан – Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын теңіз
жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды ашқан
соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық
еңбек бөлінісіне және ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің масштабы жылма-жыл ұлғаюда.
Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы ретінде
банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар
қатынасады.
Дегенмен, бұрынғы және қазіргі тарихта ақысыз несие берілетін
жағдайлар бар. Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге (банк
қызметкерлері) беріледі. Достық несие де – ақысыз несие түрі.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс – тәжірибеде несиенің басқа
көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін
несие және тағы басқалар.

НЕСИЕЛІК ПРОЦЕСТІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

1. БАҒДАРЛАМАЛАУ

2. БАНКТІК НЕСИЕНІҢ БЕРІЛУІ

3. НЕСИЕНІҢ ПАЙДАЛАНЫЛУЫН ҚАДАҒАЛАУ

4. БАНКТІК НЕСИЕНІҢ ҚАЙТАРЫЛУЫ

ІІ. Несиенің мәні мен қажеттілігі және қызметтері
2.1. Ақша несие саясаты
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде
несиеге байланысты қатынастар туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды.
Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал
айналымын жатқызуға болады.
Несие – бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни
қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалшысын білдіреді.
Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен
сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді
атқарады: қайта бөлу, айналыс шығындарын үнемдеу, айналыстағы нақты
ақшалардың орнын уақытша алмастыру, капиталдың шоғырлануын жеделдету,
ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік менеджмент
Міндеттемелер есебі және банктегі бухгалтерлік есеп
Коммерциялық банк қаржысын банктік баланс негізінде талдау
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Банктің несиелік ресурстарын қалыптастырудың теориялық негізі
Коммерциялық банктегі қаржы менеджменті
Коммерциялық банктегі несиелік тәуекелді басқару
Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау
Пәндер