Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы


Мазмұны
Кіріспе…. …. . …… . . . 3-5
І БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Активті және пассивті несиелік операциялардың теориясы және несиелік ресурстар құрылымы . . . 6-10
1. 2. Банктік ресурстардың экономикалық мәні, оларды қалыптастыру көздері және орналастыру жолдары . . . 10-12
1. 3. Меншікті капитал - несиелік ресурстардың басты құрамдасы ретінде . . . 12-18
1. 4. Банктің жинап алған және тартылған қаржылары . . . 18-24
ІІ БӨЛІМ. ҚР БАНК ЖҮЙЕСІНДЕ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
2. 1. «ТұранӘлемБанк» АҚ несие ресурстарын қалыптастыру және орналастыру тәжірибесін талдау . . . 25-31
2. 2. Депозиттік операциялар бойынша депозиттерді тарту мен қайтару және пайыздарды есептеу есебі . . . 31-35
Қорытынды . . . 36-37
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 38 Қосымшалар . . . 39
Кіріспе
Банктің кез-келген басқа коммерциялық ұйымнан айырмашылығы оның ресурстарының басым бөлігі меншікті құралдардан емес сырттан жұмылдырылған құралдардан құрылады. Банктердің ресурс жұмылдырудағы мүмкіндіктері шексіз емес, ол кез-келген елде мемлекеттік өкілетті органның қатаң қадағалауында болады. 1995 жылдан бастап ҚР Ұлттық Банкі банктердің капиталы мен тартылған құралдарының арақатынасын реттеуден бас тартып банктердің ресурс құрылымын бірқатар экономикалық нормативтер арқылы жанама реттеу әдістеріне көшкен болатын. 2004 жылдан бастап бұл нормативтерді орнату және жалпы алғанда, екінші деңгейлі банктердің қызметін реттеу мен қадағалауды өкілетті орган - ҚР қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау Агенттігі жүзеге асырады.
Банктердің жұмылдыратын ресурстары құрылымы және құрамы жағынан әрқилы. Олардың ең бастылары банктердің клиенттерімен жұмыс істеу процесінде тартылады, сондай-ақ меншікті қарыздық мндеттемелерін (құнды қағаздарды) шығару арқылы қалыптасады. Банк саясатының маңызды бөлігі - оның ресурс базасын қалыптастыру. Банктің пассивтік операцияларын жүзеге асыру барысында ресурстық базасының құрылуы оның активті операцияларына қатысты анықтаушы рол атқарады. Қалыптасқан ресурстарды орналастыру кезінде де олардың сапасына қарай банктер өкілетті органның бекіткен нормативтерін сақтауға міндетті. Несиелік ресурстарды қалыптастыру мен орналастыру мәселелері коммерциялық банк үшін әрқашан өзектілігін жоймайды, өйткені жоғарыда атап өткендей, банктік табыстың едәуір бөлігі клиенттерге берілген несиеден түскен пайыздық табыс есебінен құралатындықтан, несилеік ресурстарды жұмылдыру және оларды тиімді орналастыру, банктің несиелік қоржыны дұрыс басқару мәселелерінің маңызы өте зор. Бүгінгі күні ҚР екінші деңгейлі банктері өздерінің несиелік потенциалын жоғары қарқынмен арттырып келеді. Оған отандық экономиканың макродеңгейдегі тұрақтылығы, банктердің ресурс тартудағы мүмкіндіктерінің артуы, көптеген отандық жетекші банктердің халықаралық деңгейдегі рейтингтерінің жоғарылауы есебінен шетелдік нарықтардан ресрурс тарту мүмкіндігіне ие болуы, халықтың әл-ауқатының жақсаруы нәтижесінде олардың депозиттік салымдарының мөлшерінің артуы, несиеге қабілетті қарыз алуышылар санының артуы, орта және шағын бизнес өкілдерінің рентабельді жобаларының көбеюі және т. с. с. себеп болды.
Дегенмен, банктердің несие потенциалының артуымен қатар өршіп келе жатқан проблемалар да жоқ емес. Ол ең алдымен банктердің несиелік қоржындарының сапасының нашарлауы салдарынан, несиелік тәуекелдерінің жоғарылауы салдарынан туындап отыр. Осыған байланысты өкілетті орган да өзінің қадағалаушы функцияларын қатайтып, жанама реттеу нормативтерінің шамасын қатаңдату саясатын ұстанып отыр. Бұл сондай-ақ, өкілетті билік органдарының Қазақстандық банк жүйесін евростандарттарға жақындату туралы жарияланымына, екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу мен қадағалауда және банктердің қызметімен байланысты тәуекелдерді басқару тұрғысында Базель-2 талаптарына жақындатумен байланысты. Соңғы уақыттарға дейін банктердің пассивтік несиелік операцияларына айтарлықтай маңыз берілмеді, олар активті несиелік операцияларға қатысты ролі екінші дәрежелі болып саналып келді, сондықтан да тиімді басқару объектісі ретінда қаралмады. Осыған орай ресурстық потенциалды арттыру және оларды тиімді басқару, тиімді орналастыру арқылы жоғары табыстылыққа жету мәселелері коммерциялық банк қызметінде ғана емес, банк секторында, тіпті макроэкономикалық деңгейде де ерекше өзектілікке ие.
Жұмыстың мақсаты: қазіргі кезде Қазақстанның банктік секторында қалыптасқан несиелік ресурстар базасын қалыптастыру беталыстарын және соларды тиімді орналастыру және басқару тәжіриесін талдау негізінде тұжырымдар жасау. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыста мынадай сұрақтарды қарастыруды міндет қойдым:
- несиелік рерурстардың мән-мағынасын ашу, олардың негізгі көздері мен құрылымын қарастыру;
- отандық екінші деңгейлі банктердің ресурстық базасын, соның ішінде несиелік ресурстарын қалыптастыру тәжірибесін талқылау;
- отандық жетекші коммерциялық банктердің бірі - «Тұран Әлем Банк» АҚ 2006 жылғы есептілік деректерінің негізінде несиелік операциялардың қалыстасуы мен орналастырылуына, несиелік қоржынының құрылымына талдау жасау;
- отандық банктердің ұтымды ресурс қалыптастыру жолында және оларды тиімді орналастыру жолында тұрған проблемаларды талдау негізінде банктердің экономикалық тұрақтылығын нығайту жүйесінде ресурстық база құру мен тиімді орналастырудың перспективалық бағыттарын анықтау.
Жұмыстың зерттеу объектісі болып ҚР екінші деңгейлі банк секторының, соның ішінде «ТұранӘлемБанк» АҚ несиелік ресрустарды қалыптастыру және оларды орналастыру, яғни несиелік операцияларды жүргізу жөніндегі қызметі табылады.
Курстық жұмыстың теориялық негіздері отандық және шетелдік банктік саладағы әдебиет көздерін шолуға, ал тәжірибелік бөлігі отандық және шетелдік эксперттердің аналитикалық баяндамаларына, банктің сектор қызметінің нәтижелері туралы аудиттелген қаржылық есептілік мәліметтерін талдауға, зерттеу объектісі ретінде алынып отырған мәселенің нормативтік-құқықтық реттеу құжаттарын пайдалануға негізделген.
І БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Активті және пассивті несиелік операциялардың теориясы және несиелік ресурстар құрылымы
Банктік ресурстардың мазмұнын анықтау, ең алдымен, коммерциялық банктің мәнін, оның ішкі ерекшелігін және басты қасиеттері ашуды талап етеді. Коммерциялық банктің мәнін талдау тәсілдемелерінің бірі банктердің макродеңгейде атқаратын шешуші функцияларын анықтаудан көрінеді. Макродеңгейде банк қызметінің негізі болып несиелік іс табылады. Несиелік іс, банктің субстанционалдық негізін құрай отырып, өз бетімен жеке-дара, несиелік істі жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды қалыптастыру, есеп айрысу қызметін ұйымдастырусыз әрекет ете алмайды. Бұл тұрғыда банкті шаруашылық субъектілерінің қолма-қол және қолма-қолсыз төлем айналымдарын реттейтін несиелік институт ретінде анықтауға болады. Банк табиғатына несиеге деген көзқарас тұрғысынан қарай отырып, банктік ресурстардың мазмұнын анықтауға, олардың экономикалық табиғатын ашуға әрекет етіп көрейік.
Экономикалық әдебиетте, коммерциялық банктің мәнін анықтаудың, жалпы алғанда, екі тәсілдемесі қалыптасқан. Біріншісінің шеңберінде банктер делдал қызметін атқарады, яғни олардың ролі тек қана экономикадағы бар ақшалай ресурстарды бөліп-таратуға әкеліп саятын болса, екінші тәсілдеменің жақтаушылары банктің делдал ретіндегі анықтамасын негізсіз деп санайды. Олардың пікірінше, банктер өздері банктік ресурс қалыптастыруға белсенді қатысады, сондықтан олардың ролі тек қана делдалдық қызмет атқаруда емес, банктердің өндірушілік сипатында деп атапа көрсетеді. Банк табиғатын ашаудағы екі тәсілдеменің де, банктік ресурстардың шығу көзінің де теориялық негізі болып несие концепциясы табылады. Бірінші тәсілдеме шеңберінде коммерциялық банк тек делдал ретінде қарастырылады дедік, яғни ақша құралдарын олардың иелерінен жинақтау арқылы және кейіннен оны несиеге орналастыру арқылы банк ресурс иелері мен оны қажет еткен субъектілер арасында делдалдық қызмет атқарады. Бұл жағдайдағы банк мазмұны қолында ақша құралдары бар субъектілердің ресурстарын қайта бөлуден көрінеді. Мұндай түсінік банк қызметінде активті және пассивті операцияларды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Пассивтік операциялар активтік операцияларға қатысты бірінші реттік болып қарастырылады. Банк пассивтік операцияларды жүзеге асыру процесінде өзінің ресурстарын құрады, содан кейін оларды орналастырады - активті операцияларды жүргізеді. Банк табиғатын осы тұрғыдан ашу тәсілдемесі экономикалық теорияда әсіресе классикалық мектеп өкілдерінің (А. Смит, Д. Рикардо, Дж. Миль) еңбектерінде айқын көрінеді. Аталған мектеп өкілдері өндірістің айналысқа қарағанда бірінші реттілігі туралы тезисті дәлелдейді және ақша мен несие ролін өндіріс, бөліп-тарату және айырбас процестерінде пассивті роль атқарады деп санайды. Бұл бағытты жақтаушылардың пікірінше, несиенің мәні капиталдың кредитордан қарыз алушыға өтуінде.
К. Маркс А. Смит пен Д. Рикардоның несие теориясының шектеулі екендігін дәлелдеді және қарыз капиталының ғылыми талдауын жасады, несие - капитал қозғалысының формасы деген пікір айтты. Маркс несиенің өндірістен тәуелділігін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар несиенің ұдайы өндірістегі белсенді ролін ашып көрсетті. Маркстің пайымдауынша келесіде: ақшалай қарыз капиталы орасан зор көлемде банкирлер қолында шоғырланады, сондықтан банкирлер индустриалды және сауда капиталистеріне барлық қарыз берушілер өкілі ретінде қарсы тұрады. Банк, бір жағынан, кредиторлардың ақшалай капиталын орталықтандырады, екінші жағынан, қарыз алушыларды орталықтандырады. Оның айтуынша, банктік операцияларда пассивтік операциялар бірінші ретті роль атқарады.
Біртіндеп индустриалды несие теориясы шетелдік әдебиетте өз позициясын жоғалтты, және XIX ғасырдың ортасынан бастап несиенің капитал жасаушы теориясы үстемдікке ие болды. Бұл теорияның кең таралу себептерін талдай отырып, Каценеленбаум З. С. бұрынғы мектеп депозиттің ақшалай табиғатын көре алмағандығы туралы тұжырымға келді, сондай-ақ, депозиттік банктердің ерекше даму мүмкіндіктерінің зор екендігін аша алмады. Несиенің капитал жасағыш қабілетіне негізделген екінші тәсілдеменің жақтаушылары Дж. Ло, Г. Маклеод, А. Ган, И. Шумпетер болды, сондай-ақ бұл тәсілдеменің кейбір ережелерін Дж. Кейнс, М. Фридмен және басқа да қазіргі заман экономистері жақтады. Олардың пайымдауынша, несиенің ролі қолда бар капиталды бір тұлғадан екінші тұлғаға берумен шектелмейді, сонымен қатар несиенің біршама дәрежеде жаңа капитал жасау қабілеті бар.
Қазіргі заманғы шетелдің несие теориясының дамуына айтарлықтай үлес қосқан - неміс банкирі А. Ган болды, ол банктік теорияның классикалық мектебінің дамуына баға бере отырып, бұл теорияның банк несиесі банкте ақша қаражатының запасы болмаса мүмкін болмайтындығы туралы сипатына қарсы пікір білдірді. Ғалымдардың арасында несиелік ресурстардың түсінік ретіндегі мазмұны жайында біркелкі пікір қалыптаспаған. Бірқатар экономистердің пікірінше, коммерциялық банк жұмысының негізгі қағидасы болып қолда бар ресурстар шеңберіндегі жұмыс табылады. Коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шотындағы қаражат қалдығы шегінде басқа банктер пайдасына қолма-қолсыз төлем жасайды, несие береді және ақша қаражатын қолма-қол формада қабылдай алады. Банктердің өз бетінше қолда бар ресурстарының шегінен тыс мөлшерде клиенттерінің есеп айрысу шоттарында ақша қаражатын жасау мүмкіндіктері шектеулі. Мұндай түсінік шеңберінде банк ресурсатары пассивтік операциялар нәтижесінде туындайды, бұл банк балансының пассив жағын ұлғайтады және сәйкесінше, баланс активіндегі кассадағы немесе корреспонденттік шоттардағы ақша қаражатын ұлғайтады. Мұндай анықтама банктердің делдалдық роліне басым көңіл аудартады. Сонымен бір мезгілде, кейбір экономистер банктер қызметін ақшалай қаражат иелері мен ресурстарды қажеттеріне пайдаланатын экономикалық субъектілер арасындағы делдалдыққа ғана теңеуді дұрыс емес деп санайды.
«Ресурс» сөзі француздың ressources сөзінен шыққан, мағынасы қаражат, құрал, қор, мүмкіндік, бірдеңенің көзі дегенді білдіреді. Қаржылық-несиелік сөздікте банктік ресурсқа келесі анықтама берледі: «Банктік ресурс - банктің иеленуіндегі және оның несиелік және басқа да активті операцияларын жүзеге асыру үшін қолданатын қаражат жиынтығы». Бұл анықтаманың кемшілігі сол, онда банктік ресурстардың қалыптасу көздеріне, яғни банктің пассивтік операцияларына көңіл бөлінбейді. Коммерциялық банктердің ресурстары (банктің ресурстар) - бұл оның жарғылық капиталы және резервтері, сондай-ақ банктің пассивтік операцияларын жүргізу нәтижесінде жұмылдырылатын және банктің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын ақша қаражаттары. Бұл анықтама банктің несиелік потенциалын анықтауды талап етеді. Несиелік потенциал - бұл банкте жинақталған ресурстардың өтімділік резервін шегергендегі жиынтығы.
«Несиелік ресурс» түсінігі «банктік ресурс» түсінігіне қарағанда тар, өйткені несиелік ресурс банктік ресурстардың бір бөлігін, нақты айтқанда, банктің барлық жинақтаған ресурстарының несие беру мақсатына арналған, айтарлықтай бөлігін құрайды. Ал банктік ресурстар тек несие беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар банктің басқа да пассивтік операцияларын жүзеге асыру мақсатына жұмсалады. Коммерциялық банктің несиелік ресурстары - бұл оның меншікті капиталы мен тартылған құралдарының ақшалай формада активті несиелік операцияларын жүзеге асыруға бағытталатын бөлігі. Несиелік ресурстар пайдалану мезетінде банк үшін ресурс болып саналмайды (несиелеу-тәуекелді операция), өйткені ол банктің запасындағы ақша қаражаты емес, орналастырылған банк ресурсы болып табылады. Нарықтық қатынастар коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымын айтарлықтай өзгертті. Жекелеген банктің ресурстарының құрылымы оның мамандану дәрежесіне, оның қызметінің ерекшеліктеріне, қарыз капиталы нарығының жағдайына тәуелді болады.
1. 2. Банктік ресурстардың экономикалық мәні, оларды қалыптастыру көздері және орналастыру жолдары
Қаржы-несие институттарының, банктердің бір қалыпты өмір сүруін және қызметін дамытып өсіру үшін жақсы жинақталған қаржы-несие, ақша көздері қажет. Коммерциялық банктер бір жағынан, шаруашылық субъектілердің уақытша бос ақшалай қаражаттарын тартатын болса, екінші жағынан, бұл қаражаттар есебінен кәсіпорындар мен ұйымдардың әр түрлі қажеттерін қанағаттандыратын арнайы мекеме. Коммерциялық банктің пассивтік операциялық негізінде оның қызметінің жүзеге асырылуы үшін қажетті банк ресурстары жинақталады. Ресурстар жинау және орналастыру арқылы, біріншіден, банктер салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді, екіншіден, салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта талап етіп қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден, бұл салымдар табыс әкеледі.
Бүгінгі таңдағы банк ресурстары нарығының құрылуында көптеген ерекшеліктер бар деуге болады. Коммерциялық банктердің қызметінің тұрақтылығы үшін, ең бастысы, олардың баланстары өтімді болу керек, ал оның қамтамасыз етілуі, банктік ресурстар мен несиелік жұмсалымдар арасындағы көлемі және мерзімі бойынша тепе-теңдіктің сақталуын талап етеді. Банк ресурстары нарығының пайда болуымен қатар бағалы қағаздар нарығы қалыптасады. Сөйтіп банктер жаңа қызмет түрлері ретінде бағалы қағаздармен, факторинг, лизинг және басқа операциялармен тікелей жұмыс жасай бастады. Бұл, яғни банктің ресурстық құрамына тек қана ақшалай қаражаттар емес, сол сияқты тауарлы-материалдық құндылықтар және бағалы қағаздар кіреді дегенді білдіреді. Коммерциялық банктердің ресурстарының бір бөлігі Ұлттық банктен алған ресурстардан да құралады. Демек, коммерциялық банктер ерекше бір кәсіпорын ретінде делдалдық қызметке байланысты, банктік ресурстар нарығында ақшалай ресурстарды сатып ала отырып, оны қажет ететін кәсіпорынға, ұйымға және халыққа сатып отырады.
Банк ресурстары - бұл банктің пассивтік операциялары негізінде қалыптасқан және барлық активтік операциялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналыстыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар деп - банк мекемесінде клиенттерге қарыз, несие ұсыну мақсатында жинақталған ақша құралдарының жиынтығын айтамыз. (Қосымша 1) . Несиелік ресурстар - халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көз қарамасымыз бойынша экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады. Банктің ресурстары пассивтік операциялар негізінде жинақталады. Осыған байланысты пассивтік операциялар негізінде коммерциялық банктердің активті операцияларының негізгі бөлігі іске асады. ҚР екінші деңгейлі банктерінің жүргізетін негізгі пассивтік операцияларының құрылымы мен формаларын келесідей топтауға болады:
- Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- Басқа да заңды тұлғалардан несие алу;
- Заңды және жеке тұлғалардың салымдары.
Осы аталған пассивтік операциялар формасының алғашқы екі нұсқасы арқылы банктің меншікті ресурстары құрылады. Ал келесі екі формасы негізінде жинап алынған (заемдық) немесе тартылған ресурстар қалыптасады. Нарықтық қатынастарға өту барысында банктік ресурстарының құрылымында біршама өзгерістер болуда. Меншікті қаражаттар қатарына, біріншіден, коммерциялық банктің акционерлік капиталы, резервтік қоры, сол сияқты қосымша қорлары кіреді. Тартылған қаражаттардың жаңа түріне: Ұлттық банктен және басқа да несиелік мекемелерден алатын несиелер, басқа банктердің корреспонденттік шоттағы, депозиттік шоттардағы қаражаттары, облигацияларды сатудан түскен қаражаттар, лизингтік операцияларды жүзеге асырғаны үшін алынған тауарлы-материалды құндылықтар жатады. Коммерциялық банктердің ресурстарының құрылымы олардың мамандануына, әмбебаптығы мен қызметінің ерекшеліктеріне қарай ерекшеленеді.
- Меншікті капитал - несиелік ресурстардың басты құрамдасы ретінде
Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банк ресурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ға жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді. Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және т. б. шығындар жабылады. Осы меншікті капитал есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі. Банктің меншікті қаржыларының көлемінің ұлғаюлары банктің қызмет аясын кеңейтуге мүмкіндік жасайды.
Банктің бос резервінің мөлшері активтік операцияларға жұмсалмаған оның ресурстарының шамасын білдіреді. Осы бос резервтер сомасы қаншалықты жоғары болса, банктің тұрақтылығы соғұрлым жоғары, бірақ пайдасы төмен болады. Керісінше, егер бос жатқан қаражаттарының шамасы аз болса, онда тұрақтылығы төмен, пайдасы жоғары келеді. Сондықтан да, әрбір коммерциялық банк өзінің корреспонденттік шоттағы қалдығын үнемі ықшамдауға ұмтылады.
Банктің меншікті капиталы - банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы. Банктік капитал - банктің белгілі бір мақсатына аударулар есебінен және таза кіріс есебінен бөлініп жинақталған ақша қаржыларының жиынтығы. Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ, активтер сапасына, меншікті пайданың пайдаланылуына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады. Банктің меншік капиталдарын тартудағы басты әрекеттері дивиденттік саясатқа тікелей байланысты. Нарықтық экономикадағы банктер тұрақсыздықтардан және өзін сақтандыру мақсатында меншік капиталдарын пайдалардың есебінен көбейтуге ынталы болады. Осы қаражаттар негізінен банкте қажетті резервтер құрылады.
Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталын мынадай баптар құрайды:
- жарғылық капитал;
- қосымша капитал (эмиссиялық кіріс, алынған капитал) ;
- резервтік капитал;
- қайта бағалау бойынша резервтер;
- таратылмаған таза кіріс.
Банктің жарғылық капиталы банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өмір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың көлемі жыл соңындағы таза кірістен бөлінген сомма есебінен және акция шығару арқылы көбейіп отырады. Банктің жарғылық капиталы оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері пруденциалдық нормативтерімен реттеліп отырады, 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл қызмет ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі қарамағына өтті.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларда құрыла алады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz