Бөлшек сауданы кредиттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1-тарау. Банктің қысқаша тарихы және соңғы жетiстiктерi 2
1.1 Банктің қысқаша тарихы 2
1.2. Банктің жетiстiктерi. 3
2-тарау. Банктің экономикалық бөлiмiнiң негiзгi қызметтерi. 7
2.1 “Card center” бөлiмi. Пластикалық карточканың даму тарихы және
оның қызмет көрсету жағдайы. 7
2.2 Пластикалық карточкалардың түрлерi және оның ерекшелiктерi. 13
2.3 Несиелендiру бөлiмi. 17
3-тарау Банктің қызмет көрсету түрлерi. 21
3.1 Банктің қаржылық қызметi. 21
3.2 Банктің негiзгi қызмет түрлерi. 24
Қорытынды. 26
Қолданылған әдебиеттер 27

1-тарау. Банктің қысқаша тарихы және соңғы жетiстiктерi

1.1 Банктің қысқаша тарихы

ЖАҚ “Туран Алем Банкi” 1997 жылы 15 қаңтарда Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк
Басқармасының шешiмi негiзiнде АБ “Қазақстан Алем Банкi” және КАБ “Туран
банктің” қосылуы нәтижесiнде пайда болды. Банк үкiметпен қайта
қаржыландырылып және 1997 жылдың наурызында қайта аукционда
жекешелендiрiлдi.
Бұл екi банк Қазақстан экономикасының индустриалды-аграрлық
секторының, сондай-ақ елiмiздiң банктiк жүйесiнiң құрылуында және дамуында
үлкен рөл атқарды.
АБ “Қазақстан Алем Банкi” 1990 жылы құрылған, ол СССР-дiң Внешноэконом
Банкiнiң Қазақстандағы филиалы ретiнде көп жылдар бойы Қазақстан
Республикасының Үкiметiнiң мемлекет кепiлдiгiмен шетел несиелерiн тарату
бойынша агенттiң рөлiн атқарған. 1994жылға дейiн елдегi халықаралық
операцияларлды жүзеге асыратын жалғыз банк болды.
“Алем Банк” халықаралық банктің жүйелерi Swift және Reuters-ке алғашқы
болып қосылған банк, сондай-ақ Visa international және Master card
жүйелерiнiң бiрiншi қатысушысы болып табылады.
КАБ “Туран Банкi” тарихы 1925 жылы басталды, яғни республика
территориясында СССР-дiң Транстройбанк бөлiмi ашылғаннан бастап банктің
қызметi экономиканың индустриалды секторын қалыптастырумен, дамытумен
үздiксiз байланыста болған, яғни банк Қазақстанның iрi кәсiпорындарына
қызмет көрсетiп, құрылыс салаларын қаржыландыруды жүзеге асырды.
1997 жылдың 30 қыркүйегiнен бастап “ТұранӘлем Банкi” ААҚ ретiнде
қызмет iстеуде. Бүгiнгi күнi “ТұранӘлем Банкi” банктiк қызметтердiң барлық
спектрларын қамтитын жан-жақты банк болып табылады. Банк клиенттерi -
Қазақстанның ең iрi кәсiпорындары. Осындай кәсiпорындардың бiрi - Қазақстан
Citi banc-пен бiрлескен және бiр-бiрлерiмен қарым - қатынастары өте
жоғары. ҚР-сы бойынша “ТұранӘлем Банкiнiң” 22 филиалы және 247 есеп-
кассалық бөлiмдерi бар.
“ТұранӘлем Банкi” Visa international және Europay international
жүйелерiнiң толық мүшесi болды. “ТұранӘлем Банкi” Қазақстан бойынша
халықаралық және жергiлiктi банктiк карттардың алғашқы эмитентi болып
табылады.
“ТұранӘлем Банкi” Шетелдiк аудиторлардың және банктердiң
бағаландыруы бойынша - ол ең сенiмдi iскер бiрлестiк болып табылады.

1.2. Банктің жетiстiктерi

“ТұранӘлем Банкi” ААҚ-ның тарихы 1925 жылдан басталады, ал тәуелсiз
Қазақстанның тарихы қысқа болғанымен, аз уақыт iшiнде банк үлкен
жетiстiктерге жеттi, Қазақстан экономикасымен бiрге ТұранӘлем Банкiде
дамуда. Бүгiнгi таңда банктің акционерлер құрамына iрi халықаралық қаржылық
институттар кiруде: “Европалық қайта құру және даму банкi”, Австриялық
“РайффайзенЦентралБанк”, Голландиялық “Даму банкi”.
“ТұранӘлем Банкi” Қазақстандағы дамыған банктердiң қатарына кiредi.
Банктің екi өкiлеттiлiктерi бар: Ресейде және Украинада, сондай-ақ өз
өкiлеттiлiгiн Қытайда ашуға дайындалуда.
“ТұранӘлем Банкi” үшiн ең маңызды жұмыстардың бiрi болып - банктің
даму стратегиясының нақты жоспарлануы, банкты басқарудағы оперативтiлiгi,
қызметтiң әмбебаптылығы, қызметкерлерiнiң мамандандырылуы, клиентураның
тұрақтылығы болып табылады.
Банк iс-әрекеттерiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:
Қазақстан экономикалық секторының дамуына септiгiн тигiзу, көрсетiлетiн
қаржылық қызмет түрлерiн кеңейту, клиенттерге жоғары сапалы қызмет көрсету,
Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға әсер ету, Үкiметтiң әлеуметтiк
бағдарламаларына қатысу, банктің қаржылық тұрақтылығын көтеру.
Банктің банктiк өкiлдерiне: қаржыландыру, қаражат тарту, қызмет
көрсету жатады. Банктің клиенттiк базасы жақсы дамыған.
Банктің потенциалын дамытуға және тұрақтандыруға, қаржылық қызметтi
кеңейтуге бағытталған шараларды жақсарту мақсатында “ТұранӘлем Банкi”-нің
қаржылық тобы құрылған. Бұл қаржылық топқа келесiлер кiредi.
Сақтандыру қызметтерiн көрсету нарығы:
“ТұранӘлем Банкiнiң” сақтандыру компаниясы;
Зейнетақы қоры “Қазақстан” және “Құрмет” мемлекеттiк емес жинақтаушы
зейнетақы қоры;
Ломбардтық қызмет: “Алтын - Орда”;
Ипотекалық несиелендiру нарығы: “ТұранӘлем Банкi Ипотека”;
Қаржыландыру лизинг нарығы: “ТұранӘлем Банк Лизинг”;
Құнды қағаздар нарығы: “ТұранӘлем Банк Секъюритик”;
Клирингттiк қызмет: Алматы қалалық клирингтiк палата;
Халықаралық нарық;
Банктің iрi клиенттер қатарына: мұнайгазалық, телекоммуникациялық
компаниялар; тау-кен өндiру кәсiпорындары; тамақ, металлургиялық,
ауылшаруашылық өнеркәсiптерi; көтерме - бөлшек сауда компаниялары,
қызмет көрсету салалары кiредi.
Қазақстандық бухгалтерлiк есеп стандарттары бойынша банктің
2003 жылдың 1 қаңтарына бекiтiлген мәлiметтерi бойынша нарықтағы
үлесi:
Нарықтағы барлық екiншi деңгейлi банктердiң активтерiнiң iшiндегi үлесi
- 19 % (2 орында)
Жекеменшiк капиталы бойынша - 13,4 % (2 орында)
Несие бойынша - 18,4 % (2 орында)
Салымдар бойынша - 17,7 % (3 орында)
Жоғарғы мамандандырылған менджмент банктің даму тенденциясын
сақтауда. Негiзгi мақсаты - максималды сенiмдi және тиiмдi қаржылық
құралдарға активтер мен пассивтердi мобилизациялау және оптималды
орналастыру.

2-тарау. Банктің экономикалық бөлiмiнiң негiзгi қызметтерi

2.1 “Card center” бөлiмi. Пластикалық карточканың даму тарихы және
оның қызмет көрсету жағдайы

Пластикалық карталар - бұл қолданушы тұлғаларға қолма-қолсыз
тауарларды немесе қызметтердi төлеуге, сондай-ақ банк филиалдарынан
және банкоматтардан қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы болып
табылады.
Қазақстан Республикасында 1999 жылдың желтоқсанынан бастап Smart
технологиясы бойынша бiрiншi жергiлiктi жүйе жүргiзiле бастады. Бұл
төлем жүйесi халықты қамсыздандырумен байланысты. Smart Alem Card - сауда
және қызмет көрсетудегi тиiмдi және қорқынышсыз төлем құралы болып
табылады. Бұл картамен есеп жүргiзу тез және бұнда ақшаны ұсақтап
немесе санаудың қажетi жоқ.
Бұл жобаның мақсаты:
“Компаниялардың өз жұмысшыларына жалақы төлеу барысында
өндiрiссiз шығындарды азайту.
“Жалақыны беру кезiндегi қамтамасыздандыру.
“Өндiрiссiз еңбекпен айналысатын жұмысшылардың санын азайту.
“Жұмысшыларға банктiк қызметтердiң санын көбейту.
“Жиі жасалатын қылмысты азайту.
Smart Аlem Сard технологиясы тек қана қолма-қолсыз ақшаларды
алумен шектелiп қоймай, сондай-ақ смарт-карт картасын қолдана отырып
электрондық “әмиян” (кошелок) ашуға мүмкiндiк бередi.
Smart Alem Card смарт-картасы бiр уақытта әртүрлi сапаларда
қолданылады. Олардың iшiнде:
Электронды “кошелек” (off-line тәртiптемесiнде)
Алем кардтың магниттi картасы (on-line тәртiптемесiнде)
Арнайы тауар және қызмет түрлерiмен есеп айырысуға арналған төлем
құралы.
Идентификациялық карта - рұқсаттама.
Тұрақты клиенттерге көтермелеу сыйлығы.

Шешушi ерекшелiктерi:
Smart Alem Card смарт-карталарының көп функциялдығы бiр картада
үш “кошелекке” дейiн дамытуды қалыптастыру, дебеттiк және кредиттiк
“кошелектердi” организациялау, әрбiр “кошелекке” төлемдiк лимиттi
ендiру, off-line тәртiбiндегi дебеттiк карталардың транзакциясын
қорғау, пакеттiк жиынтық және on-line мен off-line тәртiптерiндегi
транзакцияларды берудегi бағдарламалық және ақпараттық деңгейiн
жоғарылату мақсатындағы қорғау жүйесiн қалыптастыру.

Толықтыру - кошелекке шоттағы операциялардың келуi туралы
ақпарат беру.(кошелектi несиелеу үшiн)
Транзакция - сауда нүктесiнде кошелектiң шығындық операциялары
туралы ақпарат беру. (Дебеттiк шот үшiн)

1. Картаны қолданушының шотына операциялардың келуi.
2. Толықтыру операциялар тiзбесi.
3. Сервердi толықтырудағы қолма - қол операциясына сұрау салу.
4. Толықтыру құрылғысына ақпарат беру.
5. Дербес картаға серверден алынған жүктеме.

Транзакция.
Smart Alem Card транзакциясы off-line тәртiбiндегi авторландыру
арқылы жүзеге асырылады, яғни банк серверiнiң қосылуынсыз жүзеге
асырылады. Терминалды үш түрлi валютаға қызмет етуге дейiн жасақтауға
болады. Транзакцияны жүргiзу үшiн картаның ПИН-кодын теру қажет.
Транзакцияны жүргiзiп болғаннан кейiн жүргiзiлген операция туралы
ақпарат терминал жаднамасында сақталып қалады.
2. әдiсi бар:
1 - байланыс каналымен телефон желiсi, (жергiлiктi торабы және
т.б.)
2 - портативтi үлгi көмегiмен (банк маманы сауда нүктелерiне
шығады)
Енгiзiм схемалары:
Стандартты
Мамандандырылған
Бөлшек сауданы кредиттеу
Жаңартпалы кредит
Exclusiver
Өндiрiстiк
Аймақтық

1. Стандартты.
Кең ауқымды клиенттерге арналған (жеке тұлғалар) және БТА
коммерсанттарының сауда нүктелерiнде есеп айырысуға және есеп-
кассалар бөлiмiндегi қолма-қол ақшаларды алуға немесе Қазақстан
территориясындағы БТА банкоматтарынан қолма-қол ақша алуға арналған.
Картаға тапсырыс берген кезде карталық шот ашылады (дебеттi және
кредиттi). Шот теңге арқылы жүргiзiледi.

2. Мамандандырылған.
Бұл картаны қолданушыларға карта жобасын жасаудағы БТА
серiктестiгi Co-branding қосымша мүмкiндiктер ұсынады: АЗС
бензинiнде жабдықтау, таксафонды ақпараттармен жұмыс iстеу т.б.
Берiлген әрбiр схемадан бөлек арнайы “кошелек” шығарылады. Схема
жұмысы және өзара есеп жүргiзу БТА серiктестiктерiнiң әрбiреуiмен
жеке жүргiзiледi.

3. Бөлшек сауданы несиелеу.
Бұл схеманың негiзгi бағыты Smart Alem Card клиенттерiн сауда
нүктелерiнде қолданушыға арналған кредиттiк шот арқылы қызмет көрсетуге
бейiмдеу болып табылады. Карточкадағы бұл шотқа бөлек “кошелек” ашылады
және ол тек арнайы құрылғыда ғана қызмет көрсетедi (қазiргi таңда бұл
сауда орындарындағы терминалдар арқылы). Мысалы: бұл кошелектен қолма-қол
ақшалар алынбайды.

4. Жаңартпалы кредит.
Схеманың негшiзгi идеясы карталарды толықтыру автоматты түрде
(off - line тәртiбiмен) ПОС терминал арқылы жүзеге асыру. Картада
параметрлер қойылған: несиелiк лимит, жаңару кезеңi. Транзакция
жүргiзу кезiнде ПОС картаның жаңаруын тексередi және кошелектегi
қалдықты тексередi, егерде жаңару кезеңiнiң мерзiмi (соңғы толықтыру
күнiнен бастап) автоматты түрде кошелектiң жоғарғы шегiне дейiн
қайта толтырылады.

5. Exclusive.
Бұл схема iрi сауда компанияларының өздерiнiң клиенттерiнiң
арасында қайта есеп жүргiзуге арналған (бөлшек - сауда торабы).
Клиенттерге банк жүктемесi ақшалай қаражатты клиенттiң шотындағы
есептеу келiсiмi арқылы шығарылатын карталар бар. Компания
уәкiлеттерi өз өнiмдерiн клиенттерге сату барысында транзакцияны
клиент картасы арқылы өз ПОС терминалында жүзеге асырады (жанама
түрде), әрi қарай транзакцияны банкке қайта есеп жүргiзу үшiн
бередi.

6. Өндiрiстiк.
Бұл схема бұршақ үлгiлi өнеркәсiптермен және қызметкерлер
арасындағы өзара берешектердi өтеу үшiн қолданылады.
Мысалы: егерде “МАЭК” (Ақтау қаласы) өнеркәсiбi жалақыны өтеуде
берешек болса, ал қызметшiлерi - коммуналды қызметтi өтеуге берешек.

Смарт-карталар схемасында өнеркәсiп жалақыны өтеудегi
берешектердi клиенттердiң карталарына жiбередi (шоттарына емес), ал
қызметшiлер - картадағы қаражатпен өздерiнiң өнеркәсiпке берешектерiн
өтейдi.

7. Аймақтық.
Бұл схема бiрiккен жобалармен муниципиалды органдардың масштабындағы
iрi аумақты құруды көздейдi:
Транспорттық қызметтердi төлеу;
Әлеуметтiк пособияларды төлеудi жүзеге асыру;
Тұрғын карточкалары, жүргiзушi карточкалары т.б.
Жалақы шығару процесiндегi автоматизация:
Карталық шотты ашу және банкомат арқылы қолма-қол ақшаларды алу
кезiндегi қамтамасыздық.
Банкоматтағы қолма-қол ақшаларды тез және тәулiктiң кезкелген
уақытында алуды ұйымдастыру.
Есеп-касса бөлiмдерiнiң торабтарын көбейту мәнi.
Несиелеудiң жақын болашақтағы мүмкiндiгi.

2.2 Пластикалық карточкалардың түрлерi және оның ерекшелiктерi

Пластикалық карточкалар халықаралық және жергiлiктi төлем
карточкалар жүйесi Europay және Visa түрлерiнде.
1) Cirrus - Maestro және Visa Electron.
Жалпы қолдануға арналған дебеттiк карточка. Ол тек қана
электрондық құрылғыда қызмет атқарады.
2) Euro Card Standard және Visa Classic.
Бұл карточка тұрақты кiрiсi бар клиенттерге арналған. Бұл
карточка Visa Electron және Cirrus - Maestro карточкаларына
қарағанда неғұрлым кең торабты қызмет көрсетедi және сауда
нүктелерiнiң қатарында қосымша қызметтер көрсетедi. Бұл карточканы
қолданушыларға лимиттiк несиенi алуға мүмкiндiгi бар.
3) Euro Card Gold, Visa Gold, Visa Platinum, Euro Card Platinum.
Бұл беделдi карточка, ең дәулеттi клиенттерге арналған. Gold
карточкасын қолданушыға максималды қосымша қызметтi жиынтық ұсынады. Оның
iшiнде: қонақ үйлерде, театрларда, мейрамханаларда арнайы сақталған
номiрлер, автокөлiктердi жалға алу т.б.
4) Euro Card Business және Visa Business.
Бұл корпорациялық карточкалар, организациялар қызметшiлерiне арнайы
шығарылады. Оның себебi, уәкiлеттi шығындарды азайту (уәкiлдi,
транспорттық, шаруашылық шығындар). Business корпоративтi карточкасын
қолданушыларға Gold карточкасын қолданушылары сияқты қызметтер
көрсетiледi. Бұл процедуралар уәкiлеттi қызметтердi тездетедi және
уәкiлеттi шығындарды азайтады, сонымен қатар компания қаражаттарын
үнемдейдi.

Жергiлiктi төлемдi карточкалар.
1) Cirrus - Maestro жергiлiктi және Visa Classic Domestic.
Жалпы қолданудағы жергiлiктi карточка, Қазақстан банктерiнiң
барлық банкоматтарының жүйесiнде және Қазақстанның сауда және
қызметтiк нүктелерiнде қызмет көрсетуге мүмкiндiк бередi. Жалақы
жобасындағы жұмыс iстейтiн организацияларға өте тиiмдi карточка.

2) Smart ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк секторындағы кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау жүйесі
Ұйым қаржысы
Банк қызметінің тәуекелдерді басқару шаралары мен саясаты
Қазақстандағы банк жүйесі
Валюталық реттеу және валюта бағытын анықтау әдістері
БТА банк АҚ мен оның кредит жүйесіндегі ролі
Жеке тұлғаларды несиелеу. Пластикалық карточкалар. Western Union ақшалай аударымдар
Цеснабанктің бір филиалы
Нарықтық экономика жағдайында несиелендіру
Агроөнеркәсіптік кешенді қаржы-несиелік реттеу мәселелерінің теориялық - әдістемелік негіздері
Пәндер