Кәсіпкерлік түрлері, формалары
Жоспар:
Кіріспе 3
1-бөлім. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері 4
1.1 Кәсіпкерлік мәні мен түсінігі 4
1.2 Кәсіпкерлік түрлері, формалары 7
1.3 Кәсіпкерлікті несиелендіру нысандары 11
2-бөлім. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу 14
2.1 Қазақстан ірі банктерінің шағын және орта бизнесті несиелеу
бағдарламалары 14
2.2 Шағын және орта бизнесті несиелеудің қазіргі жағдайына талдау 21
3-тарау. Шағын және орта бизнесті несиелеудің проблемалары мен дамыту
перспективалары 25
3.1 Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау 25
Қолданылған әдебиеттер 33
Кіріспе
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы қазіргі жағдайда
тұрақтылықпен және өсуге тұрақты тенденциямен сипатталуда. Жалпы ішкі
өнімнің динамикасына, өнеркәсіптік өндіріс динамикасына, инвестициялық
әлеуеттің кеңеюіне қатысты макроэкономикалық параметрлер отандық
экономиканы біртіндеп бағытты түрде және жүйелеп қайта құруға мүмкіндік
береді.
Отандық экономиканың дамуында негізгі рөлді қаржылық ресурстар алады,
себебі қаржылық сектор реформалардың новаторы мен двигателі болып қалуда,
оның тұрақты дамуына елдің экономикалық өсуінің қарқыны мен сапасы тәуелді.
Айта кетерлік жәйт, бұл сегментте жетекші позицияны Қазақстанның банктік
жүйесі алуда.
Қазіргі кезде Қазақстанның банк жүйесінің тұрақтылығы және оның
экономиканың нақты секторының дамуына қолайлы макроэкономикалық жағдай
туғызуы ешкімнің де күмәнін туғызбайды. Бұл инфляцияны төмендету, ұлттық
валюта курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Кез-келген ел үшін өз ұлттық
валютасының болуы оның дамуы үшін өте маңызды. Сонымен қатар ұлттық
валютаны бағалап отыру және үнемі қолдап отыру керек. Бұл үшін ел
өндіріспен айналысуы керек, себебі өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға
бейімделген экономика құлдырауға ұшырайды. Және де нарықтық экономика
негізінде экономиканы тұрақты өсуге әкелетін, бәсеке қабілетті жоғары
өнімдер шығаруға мүмкіндік туғызатын, елімізді дамыған елдер қатарына бір
қадам болса да жақындататын басты құралдың бірі – кәсіпкерлік қызмет,
нақтылай айтсақ шағын және орта кәсіпкерлік үлесі айтарлықтай болмақ.
Әсіресе бұл салаға шағын инновациялық кәсіпкерліктің берер нәтижесі ерекше.
Тек жоғары сапалы өнімдер, ең соңғы ғылыми жетістіктерге сай техника мен
технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халықтың тұрмыс деңгейін
жақсартуға қабілетті.
Қаржылық және нақты секторлардың өзара әрекеттесу проблемасының
өзектілігі ешқандай күмән тудырмайды және Қазақстан экономикасын әрі қарай
дамыту бағыттарын және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін
инструменттер іздестіру қажеттілігімен байланысты. Дәл осы себептен мен өз
курстық жұмысымның тақырыбы ретінде “Шағын және орта бизнесті несиелеудегі
коммерциялық банктердің рөлі” деген тақырыпты алып отырмын. Курстық
жұмысымды жазудағы мақсатым: еліміздегі нақты сектордың қазіргі жағдайына
терең талдау жасай отырып, осы сектордың дамуындағы коммерциялық банктердің
қандай орын алатынын айқындау.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылып, тиіс шешімін табуы
керек:
- Жалпы кәсіпкерлік туралы түсінік беру, оның негізгі формалары мен
түрлерін ашып көрсету;
- Кәсіпкерлікті несиелеудің еліміздегі жағдайына тоқталып кету;
- Еліміздің экономикасының нақты секторының дамуындағы негізгі
проблемаларды және оларды шешу жолдарын айқындау.
1-бөлім. Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
1.1 Кәсіпкерлік мәні мен түсінігі
Транзиттік экономика жағдайында нарықтық орта құрудың басты факторы
болып кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамыту табылады. Кәсіпкерлік қызмет –
шаруашылық индустриалдық жүйелердің типтік сипаты. Кәсіпкерліктің көмегімен
қоғам тауарлар мен қызметтер алады, жаңа нарықтар құрады, жаңа жұмыс
орындар ұсынады және қазіргі уақытта бар жұмыс орындарын қолдайды,
осылайша, халықтың өмір сүру деңгейі жоғарылайды.
Кәсіпкерліктің және кәсіпкердің мәнін анықтауға атақты шетел ғалымдары
ерте уақытта өте көп көңіл бөлді. Ғылыми әдебиетте кәсіпкерліктің мәнін
анықтаудың белгілі бір нақты анықтамасы жоқ. Бұл түсінікті де: білімнің
түрлі салаларының өкілдері (экономисттер, философтар, құқықтанушылар,
әлеуметтанушылар және т.б.) бұл терминнің мазмұнын әртүрліше талқылайды.
“Кәсіпкерлік” терминінің мазмұнын талқылауда әртүрлі ойлардың болуы
нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, әлеуметтік,
қаржылық рөлінің бір мәнді еместігін ғана емес, сондай-ақ кәсіпкерліктің
шаруашылық жүйесі ретіндегі ашықтылығын куәландырады.
“Кәсіпкерлік” түсінігін қазіргі кездегі мәнінде XVII ғасырдың аяғы
–XVIII ғасырдың басында ағылшын экономисті Ричард Кантильон қолданды. Оның
ойынша, кәсіпкер – тәуекел жағдайында жұмыс істейтін адам.[1]
Кейіннен Адам Смит (1723-1790) кәсіпкердің сипаттамасына көңіл аударды.
А.Смиттің ойынша, кәсіпкер капиталдың иесі бола отырып, белгілі бір
коммерциялық идеяны жүзеге асыру үшін және табыс алу үшін тәуекелге барады,
себебі капиталды қандай да бір іске салу әрқашан да тәуекел элементін
қамтиды. Кәсіпкерлік табыс меншік иесі үшін сол тәуекел үшін өтеу болып
табылады. Кәсіпкер өзі өндірісті жоспарлайды, ұйымдастырады, еңбекті
бөлумен байланысты тиімділікті жүзеге асырады, сондай-ақ өндірістік
қызметтің нәтижелерін басқарады.
Давид Рикардо (1772-1823) кәсіпкерлік қызметті тиімді шаруашылық
жүргізудің міндетті элементі ретінде қарастырады.
Йозеф Шумпетер (1883-1950) 1911 жылы алғаш рет шыққан “Теория
экономического развития” кітабында “кәсіпкер” түсінігін новатор ретінде
түсіндіреді. Автордың ойынша, кәсіпкердің негізгі функциясы – капиталисттік
экономиканың дамуында, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде негізгі рөлді
ойнайтын жаңашылдықтарды жүзеге асыру. [2]
Осы проблемаға ағылшын экономисті Экономика бойынша Нобель сыйлығының
лауреаты Фридрих фон Хайек (1899-1984) жаңаша қарады. Оның ойынша,
кәсіпкерліктің мәні – бұл жаңа экономикалық мүмкіндіктерді іздеу және
зерттеу.
“Кәсіпкер” және “кәсіпкерлік” терминдерінің эволюциясын қарастыру қызық
болар.[3]
• 1725 жыл. Ричард Кантильон: кәсіпкер – тәуекел жағдайында қызмет
ететін адам.
• 1797 жыл. А.Бодо: кәсіпкер – кәсіпкерлік іс үшін жауапты, кәсіпорынды
жоспарлайтын, бақылайтын, ұйымдастыратын және иеленетін адам.
• 1876 жыл. Ф.Уокер: капиталды ұсынып, сол үшін пайыз алатындар мен
өзінің ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында табыс табатындарды
айыра білу керек.
• 1934 жыл. Й.Шумпетер: кәсіпкер – жаңа технологияларды жасайтын
жаңашыл.
• 1961 жыл. Д.Макклеланд: кәсіпкер – бір қалыпты тәуекел жағдайында
қызмет ететін жігерлі адам.
• 1964 жыл. П.Друкер: кәсіпкер – бұл ынта білдіретін, әлеуметтік-
экономикалық механизмдер ұйымдастыратын адам. Тәуекел жағдайында
қызмет ете отырып, ол мүмкін болатын сәтсіздік үшін жауапкершілікте
болады.
• 1965 жыл. Р.Хизрич: кәсіпкерлік – құны бар қандай да бір нәрсені құру
процесі, ал кәсіпкер – осыған бар қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын,
бар қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өзіне алатын
және осы үшін ақша алатын, жетістігінен қуаныш алатын адам.
Біздің күндеріміздің американдық ғалымдарының түсінігі бойынша,
кәсіпкер – азаматтардың (олардың бірлестіктерінің) өзіне тәуекел және
жауапкершілік ала отырып, жүзеге асыратын тәуекелді ісі. Кәсіпкерлік жаңа
бір нәрсені жасауға және бар нәрсені жетілдіруге ұмтылыспен
ассоциацияланады. Кәсіпкерлік “динамизм”, “бастама”, “жігерлік” сияқты
түсініктермен тығыз байланысты.
Батыс елдерде осы замандық кәсіпкерлік шаруашылықтың ерекше, жаңашыл,
антибюрократиялық стилі ретінде сипатталады. Бұл стиль негізінде әрқашан
жаңа мүмкіндіктерді іздеу, инновацияға бағыт алу, алға қойылған міндетті
шешу үшін әртүрлі көздерден ресурстарды тарта және оларды қолдана білу
қабілеттілігі жатыр. Менің ойымша, мұндай әдістеме біздің еліміздегі
кәсіпкерліктің дамуына да маңызы зор. Бірақ осы жерде айтатын жәйт,
кәсіпкер өзінің кәсіпкерлігін құру және дамыту үшін ресурстар көздерін
заңдылық негізінде “іздеу” керек.
Америка ғалымы Р.С.Ронстадтың ойынша, кәсіпкерлік – бұл байлықты
өсірудің динамикалық процесі. Байлық өзінің ақшасын, мүлкін, карьерасын
басқалардан көп тәуекел ететін, өзінің жеке ісін ашуға уақытын аямайтын,
сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет ұсынатын адамдармен құрылады. Бұл
тауар немесе қызмет мүлде жаңа болуы міндетті емес, ең негізгісі кәсіпкер
оларға жаңа қасиеттер келтіре алуы, олардың құндылығын өсіре алуы керек.
Өз кезегінде, белгілі американ ғалымдары профессорлар Р.Хизрич пен
М.Питерс кәсіпкерлік мінез-құлықтың барлық типтерін қамтитын кәсіпкерліктің
анықтамасын ұсынды: “Кәсіпкерлік – құндылығы бар жаңа бір нәрсені жасау
процесі, уақыт пен күшті қажет ететін, өзіне қаржылық, моральдық және
әлеуметтік жауапкершілікті қабылдауды көздейтін процесс, ақшалай табыс
әкелетін процесс”.
Ресейлік ғалым-экэномист А.О.Бусыгиннің ойынша, кәсіпкерлік – іскерлік
белсенділікті жүргізу өнері, іскерлік жобалау формасында жүзеге асырылатын
ойшыл процесс. Кәсіби мағынада, оның ойынша, кәсіпкер өз бизнесін
ұйымдастыруды сәтті жүзеге асыра алу қабілеті ретінде қарастырылады.
Көрнекті экономисттердің ұсынған анықтамаларынан қорытынды жасай
отырып, айтарым:
Кәсіпкерлік – кәсіпорын иелерінің инновациялық мінез-құлқына, идеяларды
табу және пайдалана алу қабілетіне, сол идеяларды нақты кәсіпкерлік
жобаларға айналдыра алу қабілетіне негізделген шаруашылық жүргізудің жаңа
типі. Бұл, негізінен, тәуекелді іс, бірақ тәуекелге бармаған адам, табысқа
жете алмайды. Кәсіпкер өз ісін бастамас бұрын, мұқият есептеулер жүргізу
керек, өткізудің болжанған нарығын және бәсекелестерді жақсылап зерттеу
керек. Кәсіпкерлік бірінші кезекте экономикалық өсу мен жеке азаматтардың
және бүкіл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өндірістің
барлық факторларын тиімді пайдаланумен байланысты.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің негізгі фукнциясы – нақты
тұтынушыларға тауарлар (қызметтер, жұмыстар) өндіру, “жеткізу” және осы
үшін материалды және моральды марапат алу. В.И.Даль жазғандай,
кәсіпкерлікпен айналысу қандай да бір жаңа істі жүзеге асыруға кірісуді
білдіреді.
Кәсіпкерліктің ең маңызды белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:
• шаруашылық субъектілерінің дербестігі мен тәуелсіздігі. Кез-келген
кәсіпкер қандай да бір мәселе бойынша шешім қабылдауды өзі және тек
құқықтық нормалар шегінде жүргізе алады.
• экономикалық қызығушылық. Кәсіпкерліктің негізгі мақсаты –
мүмкіндігінше максималды табыс алу. Сонымен қатар, кәсіпкер өзінің
жоғары табыс алу мүддесімен бірге қоғамдық мүдденің жетістігін де
қамтамасыз ету керек.
• шаруашылық тәуекел мен жауапкершілік. Ең нақты деген есептеулердің
өзінде де қандай да белгісіздік, тәуекел қалады.
1.2 Кәсіпкерлік түрлері, формалары
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формалары[4].
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық формасын дұрыс таңдау көптеген
факторларға, атап айтқанда, меншікті капиталдың болуы немесе оны тарту
бойынша мүмкіндіктердің болуы, кәсіпкерлік қызметтің сипаты мен масштабы,
кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру мерзімі, кәсіпкердің жеке тәжірибесі мен
ұйымдастырушылық қабелеттері, нарық жағдайы және басталып жатқан бизнестің
басқа да көптеген ерекшеліктеріне, сондай-ақ кәсіпорынның қандай да бір
формасының басымдылықтарына байланысты болады.
Кәсіпкерлік қызметтің алуан түрлілігін көптеген белгілері бойынша:
қызмет түрі бойынша, меншік формалары бойынша, меншік иелерінің саны
бойынша, ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-экономикалық формалары бойынша,
жалдамалы еңбекті пайдалану дәрежесіне және тағы басқа бойынша сыныптауға
болады.
Түрі немесе арналымы бойынша кәсіпкерлік қызметті өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, консультациялық және тағы басқа деп бөлуге болады.
Меншік формаларына байланысты кәсіпорын мүлігі жеке меншік,
мемлекеттік, муниципалды болуы мүмкін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің
(ұйымдардың) меншігінде болуы мүмкін.
Кәсіпкерлік формалары.
Кәсіпкерлікті мүше-меншік иелерінің санына байланысты келесі
формаларға: индивидуалды және ұжымдық деп бөлуге болады. Кәсіпкерліктің бұл
формалары өз кезегінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен
реттелетін кәсіпорынның белгілі бір ұйымдық-құқықтық формасының шегінде
жүзеге асырылады.
Кәсіпкерліктің индивидуалды формасы артықшылықтарға ие, бұл
артықшылықтар минималды регламенттілікте және тәуелділікте, мобильділікте,
материалдық қызығушылықта және т.б. тұжырымдалады. Айта кететін жәйт,
индивидуалды кәсіпкерлік өндірістік секторда айтарлықтай орын алады.
Индивидуалды кәсіпкер өзінің кәсіпорнының барлық міндеттемелері бойынша
өзінің барлық мүлкімен жауапкершілікте болады.
Бірақ қаржылық ресурстардың көп бөлігін иеленуге ұмтылыс, сонымен қатар
жоғары материалдық жауапкершілік және жоғары тәуекелді, масштабты жобаларды
жүзеге асыру үшін кәсіпкерліктің ұжымдық формасын құруға итермелейді.
Кәсіпкерліктің бұл формасының негізінде “меншік иелерінің саны” деген белгі
жатыр. Ұжымдық кәсіпкерлікте меншік әрқайсысының үлестерін анықтай отырып
немесе үлестері анықталмай (ортақ меншік), бірнеше субъектілерге тиесілі
болады.
Кәсіпкерліктің формаларын өз кезегінде ұйымдық-құқықтық және ұйымдық-
экономикалық деп бөлеміз. Ұйымдық-құқықтық формалар қатарына
серіктестіктер, акционерлік қоғамдар мен кооперативтерді жатқызуға болады.
Серіктестік – бұл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін құрылған
тұлғалар бірлестігі. Серіктестіктер екі немесе одан көп серіктес кәсіпорын
ұйымдастыруға шешім қабылдаған жағдайда құрылады. Серіктестіктің маңызды
ерекшелігі болып қосымша капитал тарту мүмкіндігі табылады. Бұған қоса,
бірнеше иелердің болуы кәсіпорын ішінде серіктестіктердің әрқайсысының
білімі мен біліктілігі негізінде мамандандыруды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Кәсіпкерлік қызметтің бұл ұйымдық-құқықтық формасының кемшілігі:
қатысушылардың әрқайсысы өзінің қосқан үлесіне байланыссыз бірдей
жауапкершілікте болады. Сондай-ақ, серіктестіктердің біреуінің әрекеті
басқалары үшін келіспесе де, міндетті болады.
Серіктестіктердің қатысушылары 2 топқа бөлінеді: толық серіктестер
(жауапкершілігі шектелмеген серіктестік) және коммандиттік серіктестер
(жауапкершілігі шектеулі серіктестік). Коммандиттік серіктестіктерде
серіктестердің бір бөлігінің жауапкершілігі – шектелмеген, ал қалған
бөлігінің жауапкершілігі шектеулі болуы мүмкін.
Қоғам шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында екіден кем емес
азамат немесе заңды тұлғалардың жұмсалымдарын (ақшалай да, натуралды да)
біріктіру арқылы солардың келісімі бойынша құрылады. Жауапкершілігі
шектеулі қоғам мүшелері оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Олар
өздерінің салған жұмсалымдарының құны шегінде ғана жауапкершілікте болады.
Олардың қосымша жауапкершілікті қоғам қатысушыларынан айырмашылығы – өзінің
бүкіл мүлкімен жауапкершілікте болуы.
Ең кең тараған болып акционерлік қоғамдар табылады. Айырмашылығы –
оларға бағалы қағаздар – акциялар шығару арқылы қажетті қаражаттар тартуға
құқық беріледі. Сонымен қатар, акционерлік қоғамның қатысушылары қоғамның
нәтижесі үшін өздеріне тиесілі акциялар құнының шегінде жауапты болады.
Біріккен өндірістік немесе басқа шаруашылық қызмет үшін тұлғалар
тобымен құрылған кәсіпорын кооперативтік деп аталады. Кооперативте оның
мүшелерінің кооператив қызметінде еңбектей немесе басқалай қатысуы, сондай-
ақ оның қатысушыларының мүліктік пай салымдарын біріктіру міндетті болып
табылады.
Кәсіпкерліктің негізгі ұйымдық-экономикалық формаларына мыналарды
жатқызуға болады: концерндер, ассоциациялар, консорциумдер, синдикаттар,
картелдер және қаржы-өнеркәсіптік топтар.
Концерн – бұл кәсіпорынды қатысу жүйесі арқылы бақыланатын көп салалық
акционерлік қоғам. Концерн өзіне қатысты еншілес болып табылатын әртүрлі
компаниялардың акцияларының бақылау пакетін сатып алады. Өз кезегінде
еншілес компаниялар басқа елдерде орналасқан акицонерлік қоғамдардың
акцияларының бақылау пакетін иеленуі мүмкін.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың, ұйымдардың ерікті
бірігуінің формасы. Сонымен қатар бұл кәсіпорындар мен ұйымдар басқа
бірлестіктер құрамында болуы мүмкін. Ассоциациялар құрамына, негізінен,
белгілі бір территорияда орналасқан бір салаға маманданған кәсіпорындар мен
ұйымдар кіреді. Ассоциациялар құрудың негізгі мақсаты – ғылыми-техникалық,
өндірістік, экономикалық, әлеуметтік және басқа да міндеттерді бірігіп
шешу.
Консорциум – ірі қаржылық операцияларды (мысалы ірі өнеркәсіптік жобаға
айтарлықтай инвестицияларды жүзеге асыру) бірігіп жүргізу мақсатында
кәсіпкерлердің бірігуі. Кәсіпкерлердің мұндай бірігуінің ірі жобаға
қаражаттар салу мүмкіндігі бар. Сонымен қоса, мұнда ірі жамсалымдар кезінде
туындайтын тәуекел айтарлықтай төмендейді, өйткені жауапкершілік көптеген
қатысушылар арасында бөлінеді. Ғылыми-техникалық революция жағдайында
консорциумдар жаңа салаларда және әртүрлі салалар тоғыспасында пайда болуда
және бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді.
Синдикат – бір сала кәсіпкерлерінің олардың өздерінің арасындағы
артықша бәсекелестікті жою мақсатында бірігіп өнімдерін өткізуі.
Картель – бір сала кәсіпорындарының өнім, қызметтердің бағалары туралы,
өткізу нарықтарын бөлу туралы, өндірістің жалпы көлеміндегі үлестері және
тағы басқа туралы келісімі.
Кәсіпкерліктің жаңа ұйымдық-экономикалық формасы болып қаржылық-
өнеркәсіптік топтар табылады. Бұл - өнеркәсіптік, банктік, сақтандыру және
сауда капиталдарының, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың интеллектуалды
әлеуетінің бірігуі.
Кәсіпкерлік түрлері.[5]
Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі болады. Кез-келген бизнес белгілі бір
дәрежеде қайта өндіру циклінің негізгі фазаларымен – тауарлар мен қызметтер
өндірумен, тауарларды айырбастау және бөлумен, оларды тұтынумен байланысты
болғандықтан, кәсіпкерлік қызметінің келесідей түрлерін бөлуге болады:
өндірістік, коммерциялық, қаржылық. Сонымен қатар, кейінгі он жылда барлық
экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерліктің консультациялық (консалтинг)
сияқты дербес түрі ерекшеленді.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп айтсақ та
болады. Мұнда тауар, өнім, жұмыс өндіру жүзеге асырылады, қызметтер
көрсетіледі, белгілі бір рухани құндылықтар құрылады. Бірақ қызметтің дәл
осы сферасы нарықтық экономикаға көшуде ең үлкен негативті өзгерістерге
ұшырады: шаруашылық байланыстар құлады, материалды-техникалық қамтамасыздық
етулер бұзылды, тауар өткізу көлемі төмендеді, кәсіпорындардың қаржылық
жағдайы нашарлады.
Коммерциялық кәсіпкерлік қызметінің өрісі болып тауар биржалары мен
сауда ұйымдары қызмет етеді.
Коомерциялық кәсіпкерліктің негізгі мазмұнын сатып алу-сату, басқа
сөзбен айтқанда, тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша операциялар
мен мәмілелер құрайды. Өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы коммерциялық
кәсіпкерлікте материалдық ресурстардың орнына дайын өнім алынады, содан
кейін бұл өнім тұтынушыға сатылады. Осылайша, өнім өндірудің орнына мұнда
дайын өнімді алу орын алады.
Қаржылық кәсіпкерліктің қызмет етуінің негізгі өрісі болып коммерциялық
банктер мен қор биржалары табылады.
Коммерциялық банк – бұл ақылы негізде несиелеуді, ақша салымдары
(депозиттер) қабылдауды және клиенттердің тапсырысы бойынша басқа да
есептеу операцияларын жүзеге асыратын акционерлік типтегі қаржы-несиелік
мекеме. Коммерциялық банктердің табыстарының көзі болып депозиттік
(тартылған) және қарыздық қаражаттардың пайыздық ставкаларының арасындағы
айырма табылады.
Қор биржасы ретінде капиталдың шоғырлануын жоғарылату және активтердің
нақты құнын анықтауға себебін тигізетін ұйымдастырушылық рәсімделген, үнемі
қызмет ететін бағалы қағаздар нарығы түсіндіріледі. Қор биржасының қызмет
етуінің принципі сұраныс пен ұсынысты шұғыл реттеуге негізделеді. Қор
биржасында бағалы қағаздардың котировкасы, яғни биржаның котировкалық
бөлімінің мамандарымен биржа арқылы өтетін барлық бағалы қағаздар бойынша
сатып алу және сату курстарын үнемі бағалау жүргізіледі.
Консультациялық кәсіпкерлік. “Консультант” сөзі латын тілінен
аударғанда, кеңес беруші деп аударылады. Бұл сөзбен белгілі облыстағы
өзінің мамандығының мәселелері бойынша кеңес беретін маман түсіндіріледі.
Шетел тәжірибесінде басқару мәселелері бойынша коммерциялық, ақылы кеңес
беру “консалтинг” деген атқа ие болды. Консалтингтік қызметтер бір реттік
ауызша кеңестер формасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бірақ көп жағдайда олар
консалтингтік жобалар түрінде ұсынылады және келесідей негізгі кезеңдерді
қамтиды:
1. проблемаларды анықтау (диагностика);
2. жоба шешімін жасау;
3. жоба шешімін жүзеге асыру.
Соңғы кезең жоба объектісіне қарай бірнеше күннен бірнеше айға дейін
созылуы, кейде клиенттермен байланыс көп жылдық болуы мүмкін.
Қазіргі кезде Қазақстанда кәсіпкерлік әртүрлі түрлерінде дамуда. Қызмет
түріне байланысты - өндірістік, коммерциялық, қаржылық; меншік сипатына
қарай – жеке, біріккен, ұйымдық; ұйымдастырушылық формасына байланысты –
индивидуалды және ұжымдық, шаруашылық субъектілерінің санына қарай – шағын,
орта, ірі. Дәл осы соңғы түрлері қазіргі нарықтық экономиканың ең табысты,
ең қарқынды дамушы секторы болып табылады.
1.3 Кәсіпкерлікті несиелендіру нысандары
Кәсіпкерлікті несиелендіру нысандары жайлы айтқанда, біз несие
нысандарына тоқталып өткеніміз дұрыс. Жалпы өндірістік қатынастардың
өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертіп отырады. Ал
негізінен несиенің екі басты нысаны: коммерциялық несие және банктік несие
болады.
Коммерциялық несие – ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан
тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие
тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп
тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын
жеделдетеді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар. Олар:
• бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
• бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді,
яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып,
коммерциялық несиенің көлемі қысқарады.
• бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек өндіріс құрал-
жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,
керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін –
комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуына болады, ал ауыл
шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін
бере алмайды.
Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге
қайтарым мерзімін белгілеп, қаражат түрінде берілетін несие. Коммерциялық
несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие
ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар
бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие
өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен,
субъектілер, яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады.
Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, қарыз алушы ретінде де
кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші – банк, ал қарыз алушы –
кәсіпкер.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек
тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының
уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) да біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы
кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді.
Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу
үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі
кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін
банктік несиеге сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы
туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін
пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем
құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады.
Несиенің екі негізгі нысанының – коммерциялық және банктік несиелер -
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік,
халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі – ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге
сату. Несие алушы – халық, ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,
фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі коммерциялық
несие нысанында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып
тауар сату) және банктік несие нысанында (яғни тұтыну тауарларын сатып
алуға ақша беру) беріледі.
Лизинг несиесі – ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп
маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,
құрал-жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орта немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқығына ие болады.
Ауыл шаруашылық несиесі – ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен
айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.
Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың қалыптасуына және
дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы
несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және
уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие қызмет етеді.
Шаруашылықаралық несие – бұрынғы КСРО-да кең қолданылған несие түрі. Ол
– жоғары басшы органдардың (министрлік, бірлестік, трест) өздеріне
әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі
ретінде берілетін несие. Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден
айырмашылығы: бұл несие субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық
жүйесінде пайда болады, несие тек ақша түрінде беріледі: қайтарылғанда
несие үшін ақы (процент) төленбейді, несие алғанда кепілдік берілмейді және
белгілі бір мезгілде өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды.
Ипотекалық несие – ол жылжымайтын мүліктерді – жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие. Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипотекалық
банк несие алушыға қарыздар куәлігін береді. Ипотекалық несиенің ақшалы
қоры, негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар
шығарып, сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие – ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші – халық және заңды ұйымдар, несие
алушы – мемлекет пен оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие – қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді болып екіге бөлінеді. Қысқа мерзімді несие
қазынашылық векселдьдер түрінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі керек, ал
ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып, көптеген
жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік қарыздар мемлекеттік шығындарды
өтеуге, бюджеттің тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы артық
ақшаны шығаруға мүмкіндік береді.
Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын
айтады.
2-бөлім. Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелеу

бағдарламалары
Қазақстандық банктер үшін шағын және орта бизнесті несиелеу, олар
өздері аяқтарына тік тұрмағанша, ұзақ уақыт бойы негізгі бағыт болмады.
Олар негізінен бизнесті шетел несие желілері шегінде несиеледі. Мұндай
тактика кейінгі 10 жыл бойы өте ыңғайлы болды. Осындай тактиканы қолдану
банктер үшін өз тарапынан минималды тәуекел жағдайында шағын және орта
бизнесті кеңейтуге мүмкіндік берді, ал бұл банктерге меншікті
қаражаттарының жетіспеуі, айтарлықтай тәжірибе мен банктік технологиялардың
болмауы жағдайында өте маңызды болды. Сол кезде қазақстандық банктер
нарықтық жағдайларда жұмыс жасау тәжірибесін жинақтап, тәуекелдік
несиелеудің алдыңғы қатарлы шетел техникасын игеріп жатқан болатын.
Жағдай кейінгі 2-3 жылда өзгерді, бұл елдер тәуекелінің спекулятивті
деңгейден инвестициялық деңгейге дейін, нақты пайыз мөлшерлемелерінің
өсімқорлық деңгейден өндірістің дамуы үшін ыңғайлы деңгейге дейін
төмендеуімен байланысты. Әлемдік жағымды конъюнктура жағдайында
өтімділіктің артылуы, ірі клиенттер санының шектеулігі және ірі шикізаттық
кәсіпорындардың несиеге сұранысының төмендеуі банктерді бұрын жоғары
тәуекел деңгейіне және жоғары үлестік шығындар үшін қызықтырмаған
сегменттерді игеруге итермелейді. “Казкоммерцбанк”, Банк “ТуранАлем”,
Народный Банк, Банк “Центркредит” сияқты еліміздің ең ірі және дамыған
банктері тек шетел бағдарламалары шегінде ғана емес, сондай-ақ өздерінің
несиелеу бағдарламаларын жүргізу арқылы шағын және орта бизнесті несиелеуге
шешім қабылдағаны сол себептен де болар.
Шағын және орта бизнесті несиелеу нарығына жоғары тәуекелдер тән
болғанына, ал оларға қызмет көрсетуге ірі бизнеспен салыстырғанда, үлкен
шығындар кететіндігіне қарамастан, дұрыс банктік саясат және озық
технологиялар арқылы бұл жоғары тәуекелдер мен шығындар жоғары табыстылық
есебінен артығымен өтеледі.
Аталған нарықтың жүзеге асырылмаған үлкен мөлшердегі әлеуеті банктерді
қызықтырады. Тез қарқынмен өсіп келе жатқан шағын және орта кәсіпорындар
уақыт өте келе ірі кәспорындарға айналуы мүмкін. Осы тұрғыдан, банктер үшін
перспективалы шағын және орта кәсіпорындармен үнемі ұзақ мерзімді және
сенімді қарым-қатынаста болу өте тиімді. Осылайша, банктер тұрақты өсу үшін
жағдайлар жасай отырып, өздерінің болашағына жұмыс істейді.
Ендігі кезекте мен Қазақстанның 5 ірі коммерциялық банктеріндегі шағын
және орта бизнесті несиелеу жағдайларын талдамақпын. Ол банктер:
• “Казкоммерцбанк” (ККБ)
• Банк “ТуранАлем” (БТА)
• “Народный Банк” (НБ)
• “Алматинский торгово-финансовый банк” (АТФ)
• Банк “ЦентрКредит” (ЦКБ)
Қазақстанның барлық жетекші банктері шетел несиелік желілер бойынша
шетел қаражаттарын тарту есебінен шағын және орта бизнесті несиелеуді
жүзеге асыруды жалғастыруда. Мұндай жағдай кейінгі жылдары ел ішіндегі
нарыққа қарағанда, әлемдік қаржы нарықтарындағы ақшаның арзан болуымен
түсінідіріледі. Ақшаның арзан болуы өз кезегінде Евроодақ елдеріндегі
экономикалық өсу қарқынының баяулауымен, Америка Құрама Штаттарындағы
өндірістің өсуінің баяулау қаупімен және Жапонияның тұрақсыз экономикалық
өсуімен байланысты. Негізінен ірі қазақстандық банктер Әлемдік Банк (World
Bank), Европалық Қайта құру және Даму банкі (ЕБРР), Азия Даму банкі (АБР),
Қалпына келтіру бойынша неміс несиелік институты (KfW), Ислам Даму банкі
(Islamic Development Bank) несиелік желілері шегінде несиелеуді жүзеге
асырады.
Әлемдік Банк несиелік желісі (World Bank)
Әлемдік банктің “Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау”
қарызының шегінде жобаларды несиелеуге екі ірі қазақстандық банк қатысады –
АТФ және ЦКБ. Бағдарламаның негізгі мақсаты – пай негізінде толық жеке
меншіктегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдау.
Несие алу үшін кәсіпорындар міндетті түрде жермен, мал шаруашылығымен
немесе басқа да аграрлық қызметпен (агро қайта өңдеу, агро қызметтер),
ауылдық аудандарда фермерлік емес коммерциялық қызметпен (құрал-жабдықпен
жабдықтау, кафе, ұсақ сауда, аптекалар ұстау) айналысуы керек.
Әлемдік Банк қарызы шегінде Алматы облысы, Алматы, Ақмола облысы және
Астана несиеленеді.
Несиелеудің базалық шарттары:
• Несие алуға 100%-дық жеке меншікпен құрылған, пайдық құрылыммен
ашылған, қаржылық тұрақты, өтімді қамтамасыздығы бар отбасы
шаруашылықтары немесе заңды тұлғалар (акционерлік қоғамдар, өндірістік
кооперативтер немесе серіктестіктер) құқылы;
• Несиенің берілу мерзімі – доллармен 5 жылға дейін;
• Несиенің 80% құрал-жабдық пен қосалқы бөлшектер сатып алуға, 20% -
айналым капиталына жұмсалуы керек;
• Несиенің бүкіл сомасын айналым капиталын сатып алуға жұмсаған
жағдайда, мерзім 5 жылдан 1,5 жылға дейін қысқартылады;
• Кәсіпорынның жобаға жұмсалымы оның қайта құрылуы және модернизациясы
жағдайында 10% кем болмау керек (ақшалай немесе натуралды), ал жаңа
қызмет жағдайында – 25% кем болмау керек;
• Несие жер сатып алуға немесе жалға алуға, құрылысқа немесе тұрғын
ғимараттарды жөндеуге және қарыздарын қайта қаржыландыруға жұмсалмауы
тиіс.
Сұранған несие сомасына байланысты жобалар келесідей топтарға бөлінеді:
• 150 мың долларға дейін – қарыз алушы жобаны жүзеге асыруға қатысатын
банкке тікелей хабарласа алады;
• 150 мыңнан 350 мың долларға дейін – қарыз алушы шаруашылық
субъектінің құқықтық статусы туралы қорытынды алу үшін “АлматыАқмола
Ауылдық Консультациялық Орталығы” Қоғамдық қорына хабарласу керек;
• 350 мыңнан доллардан астам – жоба бойынша ұсынылған құжаттар “ААКО”
Қоғамдық қорының қарауынан кейін рұқсат алу үшін Әлемдік Банкке
(Вашингтон) жіберіледі.
Осы несиелік желі шегінде максималды несие сомасы мен пайыз
мөлшерлемесі әртүрлі банктерде түрліше. Мысалы, АТФте несиенің максималды
сомасы – 500 мың доллар, 12%дан 18%ға дейін, ал ЦКБде – 750 мың доллар,
пайыз мөлшерлемесі - 12-13%.
ЕҚДБ (ЕБРР) несиелік желісі.
ЕҚДБмен ынтымақтастықта бұл несие желісі шегінде екі бағдарлама: Шағын
және орта бизнесті қолдау бағдарламасы (ірі қазақстандық банк-мүшелер
арасында – БТА, НБ, АТФ, ЦКБ) және Коммерциялық мүлікті несиелеу (ККБ)
жұмыс жасайды.
Шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасының мақсаты болып шағын
бизнес секторынан тұрақты және төлем қабілетті қарыз алушыларды таңдау,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының шағын кәспорындары мен жеке
кәсіпкерлерін қаржыландырудың тұрақты көзін қалыптастыру. Бағдарлама
шегінде несиенің екі негізгі түрі берілуі мүмкін (1-2-кесте):
• Шағын және орта бизнес үшін орта мерзімді шағын несиелер;
• Қысқа мерзімді экспресс несиелер.
1-кесте. ЕҚДБ несиелік желісі шегінде шағын және орта бизнесті несиелеу
шарттары, % жылдық[6]
ЕҚДБ несиелері
ККБ[7] БТА НБ АТФ ЦКБ
Жылына номиналдық
мөлшерлемелер
доллармен 20,4 16,0 15,0 16,0 20,2
теңгемен 21,0 19,0 16,1 20,0 21,0
Жылына нақты пайыздық
мөлшерлемелер
доллармен 9,8 5,7 4,9 5,8 9,6
теңгемен 13,2 11,3 8,6 12,3 13,2
2-кесте.Экспресс-несиелеу шарттары.
ЕҚДБ несиелері
Жылына номиналдық ККб БТА НБ АТФ ЦКБ
мөлшерлеме
Доллармен 25,0 23,0 28,1
Теңгемен 29,0 28,0 27,4
Жылына нақты мөлшерлеме
Доллармен 13,9 12,2 16,8
Теңгемен 20,7 19,7 19,2
Банктік тәуекелдерді төмендету ЕҚДБнің несиелік желісі шегінде келесі
шарттардың қолданылуымен қамтамасыз етіледі:
• несиелерді жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарға беру;
• қарыз алушылардың ай сайын негізгі қарыз бен пайыздарды өтеуі;
• қылмысты, көлеңкелі және алдап-сатушылық бизнес кәсіпорындарын, мысалы
қоршаған ортаны ластайтын, жабайы табиғат өнімдерін және бағалы
қағаздарды сатумен айналысатын, қауіпті қалдықтарды сақтау және қайта
өңдеумен, радиоактивті заттарды және тыйым салынған тыңайтқыштарды
дайындаумен, есірткі (темекі, алкоголь өнімдері) және қару өндірумен,
казино ұстаумен айналысатын кәсіпорындарды несиелеуден бас тарту.
ЕҚДБнің шағын және орта бизнесті қолдау бағдарламасы.[8]
Шағын несиелер.
Несиелеудің базалық шарттары:
• несиенің максималды сомасы – 5 мыңнан 200 мың долларға дейін;
• несиелеудің максималды мерзімі – 4 жылға дейін;
• бизнес-жоспарлар дайындау талап етілмейді;
• қамтамасыздық ретінде кепілдің әртүрлі түрлері қолданыла алады (мүлік,
құрал-жабдық, автокөлік, тауарлық қорлар, жеке мүлік);
• тегін кеңес беру көзделген;
• тапсырыстарды қарастыру және несиені беру қысқа мерзімде жүзеге
асырылады – 7 күнге дейін;
• несиелер қолма-қол және қолма-қол емес теңге немесе АҚШ долларында
берілуі мүмкін.
ЕҚДБнің экспресс-несиелері.
Несиелердің бұл түрлері шағын кәсіпкерлердің, әсіресе жаңадан ісін ашып
жатқан кәсіпкерлердің мүдделерін ескереді. Соңғыларының әдетте несиелік
тарихы және өтімді кепілі болмайды, олар бизнес-жоспар құра алмайды. Бірақ
ыңғайлылық және жылдамдық үшін ақша төлеу керек. Сондықтан қарыз алушылар
үшін бұл несиелер бойынша нақты мөлшерлемелер ЕҚДБнің басқа несиелеріне
қарағанда, 1,5-2,8 есе жоғары.
Несиелеудің базалық шарттары:
• несиенің максималды сомасы – 5 мың долларға дейін;
• несиелеу мерзімі – 3 айдан 12 айға дейін;
• несиелік тапсырысты қарастыру мерзімі 2-3 күннен аспайды.
ЕҚДБнің коммерциялық мүлікті несиелеуі.
Қазақстаннвң ірі банктерінің ішінде ЕҚДБнің бұл бағдарламасына ККБ
қатысады. Бұл бағдарлама сауда және қаржылық қызметтер сфераларының
кәсіпорындарының қажеттіліктеріне бағытталады.
Несиелеудің базалық шарттары:
• ЕҚДБ желісі бойынша бизнесті несиелеу мерзімі – 4 жыл;
• алғашқы жарна – сатып алынатын коммерциялық мүліктің құнының 15%ы;
• несиенің қамтамасыздығы ретінде сатып алынатын мүлік қолданылады;
• пайыз мөлшерлемесі – долларда 20,4% жылдық, теңгемен 21%ға дейін.
ККБ клиенттердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz