Қор құрау операциялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 2

І-тарау Банк жүйесінің теориялық

аспектілері.

  1. Банк жүйесінің мәні, қызметі . . . 6
  2. Банктік жүйесінің даму тарихы . . . 10

ІІ-тарау Қазақстан Республикасының банктілік жүйесі

2. 1 Ұлттық банк - банктердің банкі . . . 15

2. 2 Екінші деңгейлі банктер . . . 31

ІІІ-тарау. Қазіргі кезде банктердің дамуы . . . 39

Қорытынды . . . 45

Қолданылған әдебиеттер . . . 49

Қосымшалар . . . 51

Кіріспе

Бұл тақырыпты алғандағы мақсат еліміздің банк жүйесінің ролін, яғни алатын орнын, маңыздылығын, тәуелсіз елімізге қажеттілігін атап көрсету.

Бұл курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлігінде банк жүйесінің теориялық аспектілері берілген. Банк дегеніміз - несие-есеп айырысу, касса операциялары мен басқа да операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі.

Екінші бөлімінде бірінші және екінші деңгейлі банктерге сипаттама беріледі, яғни банктердің жүйелерін, қызметтерін, стратегияларын көрсетіп отырады.

Үшінші бөлімінде Қазақстан өркениетке, экономикалық дербестікке аяқ басқан 10 жылдан астам уақыт ішінде банк жүйесінің дамуы арттырып отырғаны туралы жазылады.

Менің ойымша, бұл курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының банк жүйесінің мәнін, қызметін, операцияларын, басқару ерекшеліктерін зерттеу және талдау.

Банк арнайы өндіріс ретінде өнім өндіреді, бірақ оның өнімі материалдық өндірісте өндірілетін өнімнен мүлде өзгеше. Ол тек тауар ғана өндірмейді, яғни тауардың ерекше ақша түріндей, төлем құралдарын өндіреді.

Банктер өте ертеректе пайда болған. Египетте банктік операциялар біздің эрамыздан бұрын 2700 ж. жүзеге асырылған.

Банктердің бастапқы қызметі төлемдегі делдалдық болған. Осындай делдалдың нәтижесінде банктер бос ақша капиталын пайыз әкелетін қызмет етуші капиталдарға айналдырады.

Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіреледі.

Алғашқы банктер жинақталған зор ақша байлықтарының қозғалыссыз жатуға болмайтынын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

Ежелгі банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар салым иелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктердегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізілді.

Банктің клиенттер қатары ақырындап ұлғая түсті. Банктер өз кезегінде клиенттер арасында жасалатын келісімшарттарды құруда сенім қызметтерін көрсетіп, сауда -саттықта делдал қызметін атқарды. Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді.

Ағылшын елінде алғашқы акционерлік банк - Ағылшын банкі 1694 ж. құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алады.

Банк - “ірі несиелік мекеме”ретінде сипатталады.

Банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналады. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылуы кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандығына тарих куә.

Банктік мекемелердің қызметі сан алуан. Қазіргі қоғамда банктер әр түрлі операциялармен айналысады. Банктер арқылы халық шаруашылығын қажыландыру, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, кей жағдайларда делдалдық мәмілелер мен мүлікті басқаруға байланысты қызметтер жүзеге асырылады.

Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан келуге болады:

Заңды және экономикалық. Бірінші жағдайда, ең бастысы, “банктік операциялар” ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген опреациялар тізімі жатады.

Банктің мәнін, оған рұқсат етілген операцияларын анықтайтын заң емес, оны істің экономикалық жағы және банктің жаратылысы анықтайды.

Банк- бұл банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заң күші бар Жарлығының 1-бабында, банктің ресми мәртебесі Ұлттық банктің оны ашуға берген рұқсатымен, Әділет министрлігінің банк ретінде заңды тұлғаны мемлекеттің тіркеуден өткізуімен және банктік операцияларды жүзеге асыруға берілген ҚР Ұлттық банкі лицензиясының болуымен анықталады.

2004 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банксекторында 35 екінші деңгейдегі банк жұмыс істейді, оның ішінде 1-і мемлекеттік, 15-і шетелдің қатысуымен және “Қазақстан Даму Банкі” АҚ .

Банк жүйесіндегі тұрлаулылық артуда. Ағымдағы жылғы 8 айда жиынтық меншік капиталы 30. 5%-ға, 291, 6 млрд. теңгеге дейін өсті.

Банктердің жиынтық активтері 30%-ға 2. 2 трлн. теңгеге дейін ұлғайды.

Банк жүйесінде резиденттер депозиттерінің жалпы көлемі ақпан- шілде аралығында 24. 8%-ға ұлғайды және 914. 0 млрд. теңге болды.

Халық салымдарының өсу үрдісі жалғаса түсті(резидент еместерді қоса алғанда) , олардың көлемі 15. 3%-ға ұлғайды және 395. 9 млрд. теңгеге жетті.

Сол сияқты экономиканы кредиттеуді де банктер белсенді жүзеге асыруда.

Сонымен, банктің ерекше кәсіпорын ретінде шығаратын өнімі материалдық өндіріс аясының өнімдерінен өзара ажыратылады, ол жай ғана тауар шығармайды, оның тауары ерекше, яғни ақша, төлем құралдары түрінде шығады. [2, 212-216 б. ]

І-тарау Банк жүйесінің теориялық аспектілері

1. 1 Банк жүйесінің мәні, қызметі

Банк жүйесінің маңызды элементі банктер болып табылады.

Банк (фран. Bangue, итал. - banco - отырғыш, айырбас дүкеншісі) -несие -есеп айырысу, касса операциялары мен басқа да операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған қаржы мекемесі. Банктер өзінің айналысында меншікті және тартылған ақшалай қаражатты шоғырландырады, оны несие (қарыз) түрінде уақытша пайдалануға береді, кәсіпорындар, мекемелер немесе жекелеген тұлғалар арасындағы өзара төлемдер мен есептеулерде делдалдық етеді, жаңа ақша мен бағалы қағаздар шығаруды (эмиссияны) қоса, елдегі (республикадағы, мемлекеттегі) ақша айналысын реттейді. Қаражаттың иесіне (меншік нысандарына) қарай банктер - мемлекеттік, муниципалдық (жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағынышты) ұжымдық (акционерлік), жекеше; жасалатын операциялардың түрлеріне қарай- әмбебап, мыс., несие-есеп айырысу оерацияларының көбісін жүзеге асыратын коммерциялық банктер, біршама тар ауқымдағы операциялармен айналысатын мамандандырылған банктер (мыс., жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат) кепілдігімен ұзақ мерзімді ақшалай қаражат беретін ипотекалық банктер, халыққа қызмет көрсетуге мамандандырылған, азаматтардың ақшалай қаражатын шоғырландыратын және несие, есеп айырысу операциялары мен өзге де операциялар жүргізетін (қызметтер көрсететін) жинақ банктері, инвестициялық, инновациялық және басқа банктер болып келеді. Аралас акционерлік қоғамдар болып табылатын банктер де бар. Олардың акцияларын жеке тұлғалар да, мемлекеттің өзі де иеленеді. Сонымен бірге түрлі елдердің үкіметтері бекіткен мемлекетаралық банктер де жұмыс істейді, мыс., Біріккен Ұлттар Ұйымының валюталық-қаржы конференциясының шешімімен құрылған Халықаралық жаңғыру және даму банкісі немесе Халықаралық валюта қоры. Банк І және ІІ деңгейдегі банктерге бөлінеді . І денгейдегі банктер - орталық банктер (Қазақстанда Ұлттық банк) - елдің валюталық саясатын айқындайтын және екінші деңгейдегі банктердің қызметін бақылайтын мемлекеттік ұйым. Орталық (ұлттық ) банктер қызметінің аясына банк операцияларын бақылау, валюта резервтерін сақтау, айналысқа ақша шығару және елдің ақша - несие саясатын реттеу кіреді. ІІ деңгейдегі банктер - әдетте, мемлекеттік емес меншік нысанындағы, жеке және заңды тұлғалармен тікелей жұмыс істейтін коммерциялық банктер. ІІ деңгейдегі банктерден басқа кейбір банк операцияларын банктік емес қаржы мекемелері дейтіндердің: несие серіктестіктерінің, айырбастау орындарының, т. б. жүргізуіне рұқсат етіледі, бұлар өз қызметін орталық (ұлттық) банк беретін лицензиялар негізінде және осы банк басқармасының тиісті қаулыларымен бекітілген ережелердің талаптары шегінде жүзеге асырады.

Функционалдық мамандауына, шаруашылық буындарға несие-қаржылық қызмет көрсету көлемі мен санына сәйкес банктік жүйе несие жүйесінің ядросы, ал несиелік институттардың қызметін реттеуші бірегей орган- Орталық банк болып табылады.

Орталық банк - бірінші деңгейдегі мемлекеттік банк, сондай-ақ кез келген елдің ол мемлекеттік, халықтық немесе ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз эмиссиялық, ақша - несие институты болып табылады.

Орталық банк - бұл “банктердің банкі” . Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргізбейді, оның клиенттеріне - коммерциялық банктер және басқадай мекемелер, сондай -ақ үкімет ұйымдары жатады.

Банктік мекемелерге қатысты Орталық банк тікелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін атқарады. Несиелік жүйенің қалған буынына Орталық банк несиелік және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлі секторлары, несие - қаржы қызметтерінің өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етеді.

Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.

Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Банк жүйесі - банк операцияларының бірыңғай ұлттық немесе халықаралық жүйесіне біріктірілген банктердің жиынтығы .

Бір жүйедегі банктер несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедей операцияларды жүзеге асырады, нормативтік актілерімен реттеледі.

Банк жүйесі- несие, есеп айырысу операциялары мен өзгедегі операцияларды жүзеге асыратын, нормативтік актілермен реттелетін банктердің жиынтығы.

Банк операциялары - банктердің қызмет - міндеттерін орындауға бағытталған аяқталған әрекет, іс-қимыл . Олар мынадай түрлерге бөлінеді:

Эмиссиялық -кассалық операциялар ;

Есеп айырысу операциялары ;

Несиелендіру және бюджеттің кассалық атқарылым жөніндегі

операциялар;

Қор құрау операциялары ;

Ақша айналымын реттеу жөніндегі операциялар;

Делдалдық;

Сенімгерлік;

Ақыл - кеңес берушілік операциялары;

Банк операциялар арқылы банктердің несие операциялары мен басқа да активтік операциялар жүргізу үшін өз ресурстарын құрайтын операцияларын пассивтік операциялар деп атайды; ал банктің билігіндегі ресурстарды орналастыру жөніндегі операцияларды (несиелендіру, қаржыландыру т. б. ) активтік операциялар деп атайды.

Жұмсалатын несие объектісіне қарай банк операциялар вексельдік, банк несиесі, акцептілік, онкольдық несие, контокорренттік, инкассалық және басқа операцияларға бөлінеді.

Пассивті операциялар бойынша төленетін пайыз активтік операциялар бойынша төленетін пайыздан төмен, мұның өзі банктің пайда алуын қамтамасыз етеді.

Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді. Аталға заңның 30- бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:

  • заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу ;
  • жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
  • банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
  • заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарынаашу және жүргізу;
  • кассалық операциялар :банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау ;
  • аударым операциялары : заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
  • есепке алу операциялары : заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;
  • заемдық операциялар : ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

тағы сол сияқты . [5, 88-89б. ]

1. 2 Банк жүйесінің даму тарихы

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне : Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекелелер кірді.

Ресейдің Мемлекеттік банкі барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік - қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырады. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушылары да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.

Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

1917ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге : кооперативтік және жеке мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922 ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық -жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924 ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926 ж. 1 сәуір қарсаңынды КСРО -да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426- несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424- ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.

1922 жылдан бері сауданы, өнеркәсіпті несиелендіру үшін өзара несиелендіру қоғамы, сонымен бірге, Оңтүстік - Шығыс мемлекеттік - капиталистік акционерлік банк және шетел капиталының қатысуымен Ресейлік коммерциялық банк құрылды.

Экономикалық социалистік секторының дамуына қарай кооперативтік және жеке несиелік органдар өз маңызын жоғалтты және қызметін тоқтатты. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру несиелік кооперацияны қажет етпей, оны 1931 жылы таратты. Жеке секторды сауда және өнеркәсіп саласынан ығыстыру өзара несиелендіру қоғамы қызметтің оралуына әкеп соқты. Басқа несиелік органдар қызметтері мемлекеттік салалық банктерге : Промбанк, Цекобанк ; Всекомбанк, Орталық ауыл шаруашылық банк және 1922-1925 жж. Құрылған басқа да банктерге көшеді.

КСРО-да 1930-1932 жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты 4 арнайы банктер құрылды.

Өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта қүұрылды. Ол 1959 ж. КСРО Құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959 ж оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.

Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939 ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959 ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.

Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.

Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.

Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелерінің бекітілуіне жол бермеу сақталды.

Сонымен қатар, тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшаолай қарадаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшалар алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.

КСРО-да реформа 1987-1988 жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін (Стройбанк) құру негізінде :Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк) , Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй - әлеуметтік (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде : Сыртқы экономбанк (Внешэкономбанк) құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік - есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

Банктердің мамандандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп бөлімді, шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық аппараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкінің ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады.

Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.

70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік -банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ- түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдардың қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша - несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттрына сай келмеді.

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991 ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, “Қазақ КСР-дағы банктер және банктік қызмет туралы” Заң қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық Өнеркәсіп құрылыс банкі акционерлік- коммерциялық Тұран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - Қазақстан Республикасы акционерлік - коммерциялық Агробанкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993ж. бұл банктер акционерлік банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989 ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы Интеринвестбанк КРАМДС банк сияқты және т. б. коммерциялық банктер құрылды. [4, 163-169б. ]

ІІ-тарау Қазақстан Республикасының банктілік жүйесі

2. 1 Ұлттық банк - банктердің банкі

Елімізде қабылданған банктік заңдылықтарға сәйкес Қазақтан Республикасындағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейде білдіреді.

Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) -екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс-жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат- отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жеклеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.

Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, орталық банк экономикамызда басты орын алады.

Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша -несие жәе валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша -несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады. [17, 2-3б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операцияларының теориялық негізі
Төлем балансы
Төлем балансы туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Капитал және резервтер есебінің жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Банктер жүйесі жайында
Меншікті капиталдың есебі туралы
Банктегі несие жүйесі
Коммерциялық банктердің сыртқыэкономикалық қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz