Банк салымы шарты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Банк түрлерi және олардың атқаратын қызметтері 4
1.1 Банктің түрлері 4
1.2 Банк қызметін жүзеге асыру 6
1.3 Банкілер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар 9
2 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы, элементтері мен мазмұны 12
2.1 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы 12
2.2 Банктік шот шарты 14
2.3 Банк салымы шарты 17
3 Банктiк операциялардың даму перспективалары мен мәселелерi 22
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарының алдында тұрған
мәселелердің бірі – ұзақ мерзімді инвестицияларды (бір іске, кәсіпке
капитал салынуы) өнеркәсіптің дамуын табу және оны енгізу, жаңа құралдарды
сатып алу, жаңа технологияны пайдалану. Санақ бойынша, Қазақстандағы 70
пайыздан астам құралдар он жылдың көлемінде пайдаланылған. Кәсіпорындардағы
жаңа құрал-жабдықтардың пайызы 1990 жылмен салыстырғанда 29% 2000 ж 5%
түскен. Банк жүйесінің нашар дамығандығынан инвестициялық несие алу
мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және
қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.
Өнеркәсіпті дамытуда және жаңа кейіпке енуінде, ең бастысы
қаржыландырудың бастапқы қайнар көзін табу, әрине, өздігінше жаңа
жабдықтарды сатып алуға және оны үйлестіруге болады, бірақ кейбір
кәсіпорындарды бұл қатарға жатқыза алмаймыз. Жаңа заманның талабына сай
құралдарды сатып алу үшін де кіріс салығын төлеу қажет.
Қаржыландырудың басқа жолы – несие. Алайда қазіргі несие берушілердің
инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер
қаржымен қамтамасу етуалдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын
мүлік салу (бұны несиеалушылардың барлығының қалтасы көтермейді)
Бұл мәселені шешудің үшінші әдісі бар, яғни қаржылық жалға
беру (лизинг). Бұл жалға беру түрі қазіргі халықаралық әдістерде көп
пайдаланылуда. АҚШ бүкіл инвестициялық лизингі 31 пайыз, Ұлыбритания 24
пайыз, Швеция және Франция 15 пайыз, Испания 14 пайыз. Қазақстанда лизингке
үлкен назар аударуда. Мемлекеттік тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына
байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.
1 Банк түрлерi және олардың атқаратын қызметтері
1.1 Банктің түрлері
Мемлекеттік банк - үкімет қаулысымен құрылған екінші деңгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және портфельдік инвестиция
тартумен шұғылданатын екінші деңгейлі банк.
Шетелдік қатысумен құрылған банк. Акциясының 50 пайызы астамы төмендегі
иеленушілердің қарамағында және басқаруында болатын 2 деңгейдегі банк.
- ҚР резиденті емес.
- Акцияның 50 пайызының астамы ҚР резиденті еместің меншігіде немеес
басқаруында
- ҚР резиденттері еместің қаражатын басқаратын сенімді адамының
резиденті
Мемлекеттік банк – халықаралық келісім негізінде құрылған банк, оның
жарғылық қорының иеленушісі ҚР үкіметі және келісімге қол қойған
мемлекеттердің үкіметі.
Банк емес несие-қаржы мекемелері - Ұлттық банктің лицензиясы
негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банк емес заңды
тұлғалар.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа
тікелей және жан-жақты кешенді қызмет кқрсететін банктер.
Еншілік банктер – жарғылық қорының 50 пайызымен астамы енші беруші
бас банкке қарайтын екінші деңгейлі банк. Ол – дербес заңды тұлға.
Ұлттық банктен басқа банктер өзінің атауына кез келген тілде толық
немес қысқартып ұлттық, орталық деген сөздерді келтіруге, дәл сол сияқты
мемлекеттік банктен басқа банктер мемлекеттік деген сөзді пайдалануына
болмайды.
Банктің кеңесі:
- банк мүшелерін қызметке бекітіп және одан босатады.
- Жиналыста қаралатын мәселелер жөнінде акционер жиналысына ұсыныс
жасайды
- Несие берудің негізгі жағдайларын анықтайды
- өз филиалдарының құқықтық мәселелерін шешеді.
- Банктің экономикалық нормативтері мен дамыту үшін қажет.
- Шығындар мөлшерін бекітеді.
- Басқарма жұмысын бақылайды.
Банктің басқармасы
- Күнбе-күнгі оперативті жұмсалады? ұйымдастырлып, акционерлер
жиналысының және банк Кеңесіінң шешімінің орындалуын қамтамасыз
етеді.
- Филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді.
- Кадрларды таңдау, әзірлеу және пайдалану мәселеллерн шешеді.
- Өзінің ережесіне сәйкес банк қызметінің басқа да мәселелелерін
шешеді.
Әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары
мен бөлімшелерден тұрады. Оның түрлері:
1. Несие басқармасы
2. Валюта басқармасы
3. Депозиттік операциялар басқармасы
4. қор бөлімі
5. есептеу-кассалық басқармасы
6. банктің филиалы
7. банктің өкілдігі
8. есеп айырысу – касса бөлімі
9. талдау және статистика
10. кадрлар
11. әкімшілік – шаруашылық бөлімі
12. заң бөлімі
13. тексеру бөлімі
14. ЭЕМ енгізу және қолдану
15. Маркетинг басқармасы
Банктің ішкі ережелеріне төмендегідей мәліметтер болуы шарт: бөлімшелердің
құрылымы, міндеттері, қызметі мен өкілеттілігі, ішкі аудит қызметінің,
немсие комитеті мен басқа да органндардың құрылымы, міндері, қызметі, мен
өкілеттлігі, құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері.
1.2 Банк қызметін жүзеге асыру
Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банкілердің осы бапта
белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.
Банк операцияларына мыналар жатады:
а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
ә) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді
қабылдау;
б) банкілер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
в) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақгы саны
көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және
жүргізу;
г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру,
қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;
д) аудару операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын
аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;
е) есептеу операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың
вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
ж)заемоперациялары төлем мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес: ақшалай
түрде несие беру;
з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент
банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды
жүзеге асыру;
и) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі
үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және
құнды қағаздарды басқару;
к) клиринг операциялары:төлемдердіжинау, салыстыру, сорттау және
растау, сондай-ақолардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және клирингке
қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға
беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын,
құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;
м) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды
және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несиеберу;
н) төлем карточкаларын шығару;
о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа
жаққа салып жіберу;
п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда);
с) чек кітапшаларын шығару;
т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтік қызмет;
у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді
орындау;
ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;
х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл
болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.
Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банкілерге және басқа
заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк қана беруге құқылы.
Осы көзделген операциялар жүргізуге арналған лицензия уәкілетті
органның келісуі бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен
микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер
беру женіндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
Басқа банкілер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдар Ұлтгық Банкінің лицензиясы болған жағдайда мына
операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күміс, платина,
платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, қымбат тазартылған бағалы
металдардан жасалған монеталарды, дәрігерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге
қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды
сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақгау және сату;
в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға
қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету,
сондай-ақ делдалдық тәртібімен ескертпелі вексельдерді, вексельдер
акцептін төлеу;
д) лизинг қызметін жүзеге асыру;
е) өз меншігіндегі бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда)
эмиссиялау;
ж) факторингтік (сауда-саттық) төлем ету құқығына ие болу;
з) форфейтингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
сатып алушының қарыз міңдеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен
вексель сатып алу арқылы төлеу.
Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтің мынадай:
а) Қазақстан Республикасының және рейгтингтік агенттіктердің бірінің
талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеггік бағалы
қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағаңда, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің шешімі бойынша — делдалдық
б) Қазақстан Реслубликасының және рейтинггік агентгіктердің бірінің
талап етілетін ең төменгі рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы
қағаздарымен не мұндай рейтингі болмағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің шешім бойынша, сондай-ақ АК Заңның 8-бабының 2-тармағында
белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен — дилерлік;
Рейтинггік агенттіктердің тізбесін және талап етілетін ең төменгі
рейтинггі Қазақстан Республикасыны Ұлттық Банкі белгілейді.
в) кастодиандық;
г) клирингтік түрлерін жүзеге асыруға құқылы.
Банктердің клирингтік қызметті қоспағанда бағалы қағаздар нарығында
кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше бірлескен түрлерін
жүзеге асыруына лицензияларды Ұлттық Банктің келісімімен уәкілетті орган
береді.
5. Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде қызметтің жекелеген
түрлеріне банктердің лицензия алуымен байланысты олар үшін, сондай-ақ осы
Заңға сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшін қосымша
талаптар белгіленуі мүмкін.
1.3 Банкілер жүргізетін операцияларға қойылатын жалпы талаптар
Банкілер банк қызметін операцияларды жүргізудің жалпы шараттарын
белгілейтін ережелер мен ішкі ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға
құқылы.
Банк операцияларын жүргізудің жалпы шарттары тұралы ережелерін банк
директорларының кеңесі (жабық қоғамда мұндай орган болмаған жағдайда
акционерлердің жалпы жиналысы) бекітуге және оларда мынадай мәліметтер мен
рәсімдер болуға тиіс:
а) қабылданатын депозиттер мен берілетін несиелердің шекті сомасы мен
мерзімі;
б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының шектік
мөлшері;
в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы (мүдде) төлеудің шарттары;
г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
д) банк операцияларын жүргізу ставкалары мен тарифтері;
е) банк пен оның клиентінің құқықтары мен міндеттері, олардың
жауапкершілігі;
ж) банк директорларының кеңесі (жабық қоғамда мұндай орган болмаған
жағдайда акционерлердің жалпы жиналысы) банк операцияларын жүргізудің
жалпы шарттарына енгізу қажет деп есептейтін басқа шарттар, талаптар мен
шектеулер.
Банкінің ішкі ережелері:
а)банк бөлімшелерінің құрылымын, міндеттерін, қызметі мен өкілеттігін;
б) ішкі аудит қызметінің, несие комитеті мен басқа да тұрақты жұмыс
істейтін органдар қызметінің құрылымын, міндеттерін, қызметі мен
өкілетгігін;
в) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
г) банкінің атынан және оның есебінен мәміле жасаған кездегі лауазымды
адамдар мен банк қызметкерлерінің өкілеттігін белгілеуге тиіс.
Банк операцияларын жургізудің жалпы шарттары ашық ақпарат болып
табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәні бола алмайды.
Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясынана қолданылып жүрген заңдарға
сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын
жүргізу шарттарына қолданылмайды.
Банкілер клиенттің бірінші талап етуі бойынша банк операцияларын
жүргізудің жалпы шарттар туралы ережесін беруге міндетгі.
Банкілердің клиентке банк операциясын жүргізуге байланысты ықтимал
тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
Банкілер арасындағы, сондай-ақ банкілер мен олардың клиенттері
арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше
көзделмесе, шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Банк клиенттері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше
көзделмесе, кредитор-банкті хабардар ете отырып, басқа банктерде банктік
шоттар ашуға құқылы.
2 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы, элементтері мен мазмұны
2.1 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы
Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың
(клиенттің) тапсырмасы бойынша клиентке бір ыңғайландырылған дербес код
бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді.
Банктің клиентке бір ыңғайландырылған дербес код өнбей-ақ ақша аудару
тәртібі банк қызметін реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Егер банк қызметін реттейтін заң актілерінде өзгеше көзделмесе, егер
банк клиенттің тапсырмасын клиент оған осындай банктік қызмет көрсету
туралы ұсыныс жасаған кезде орыңдауға қабылдаған жағдайда, банктік шот
ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледі.
Банктік қызмет көрсету шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың
(клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер
шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге
міндеттенеді.
Банктік қызмет көрсету шарты:
1) банктік шот шарты;
2) ақша аудару шарты;
3) банк салымы шарты;
4) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де шарт
түрлері болып бөлінеді.
Банк клиенттің өз ақшасына кедергісіз иелік жасау құқығына кепілдік
бере отырып, шотта бар ақшаны пайдалана алады.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларына тек сотгар,
тергеу орындары және анықтау органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық
және азаматтық істер бойынша қылмыстық іс жүргізу және азаматтық, іс
жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен және негіздерде тыйым сала алады.
Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктердегі ақшаларына тыйым салу
мерзімі тиісті істерді жүргізу үшін қылмыстық іс жүргізу жолы қылмыстық іс
жүргізу заңдарының белгіленген мерзімдерден аспауға тиіс.
Тергеу органдары мен анықтау органдарының клиенттің ақшасына тиым салу
туралы шешімдеріне заң актілерінде белгленген тәртіппен сотқа шағым жасалуы
мүмкін.
Заңды тұлғалар мөн азаматтардың банктердегі ақшаларын олардың
келісімінсіз алып қою тек соттың заңды күшіне енген үкімінің немесе
шешімінің негізінде ғана жүргізілуі мүмкін.
Клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған барлық талапты
қанағаттандыру үшін жеткілікті болған жағдайда, егер заң актілерінде өзгеше
көзделмесе, ақшаны алу клиенттің немесе өзге тұлғалардың өкімдері түсу
ретіне қарай (күнтізбелік кезектілік) жүзеге асырылады.
Клиенттің банктегі ақшасы клиентке қойылған кезекті талапты
қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда банк
сомасы аталған талапты қанағаттандыруға жеткілікті,
клиенттің пайдасына түсетін ақшаны жинақтайды. Клиентке бірнеше талап
қойылған жағдайда банк клиенттің ақшасын мынадай кезектілік бойынша алуды
жүргізеді:
1) бірінші кезекте адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу
туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өтеу жөніндегі талаптарды
қанағаттаңдыруды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге
асырылады;
2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша, оның ішінде келісім-шарт
бойынша жұмыс істейтін адамдармен демалыс жәрдемақылары мен еңбекақы төлеу
бойынша, авторлық шарт жөніндегі сыйақы төлеу бойынша есеп айырысу үшін ақы
алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі;
3) үшінші кезекте клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша
ақша алу жүргізіледі;
4) төртінші кезекте басқа да ақшалай талаптарын қанағаттандыру
көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі;
5) бесінші кезекте басқа да атқарушы құжаттар бойынша күнтізбелік
кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі.
Бір кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу атқарушы
құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргізіледі.
Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде кредит берушілердің
талабын қанағаттандыру Азаматтык Кодекстің 51-бабында көзделген
кезектілікпен жүргізеді.
Банктік қызмет көрсетудің жекелеген түрлерін банктік қызметтің
жекеленген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар көрсетуге арналады. Мұндай
ұйымдардың банктік қызметтің жекелеген түрлерін көрсету, осы кодекспен
және оның қызметін реттейтін актілерімен белгіленген тәртіп бойынша жүзеге
асырылады.
Клиент банктік қызмет көрсету шарты бойынша өзіне банк көрсеткен
қызметтерге шартта көзделген ережелер мен тәртіп бойынша ақы төлейді.
Банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді.
Банк құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі және оны беру негіздері банк
қызметін реттейтін заң актілерімен белгіленеді.
Клиенттің шотына түскен ақшаны банк уақтылы есепке алмаған не оны
шоттан заңсыз есептен шығарып тастаған, сондай-ақ клиенттің шоттан ақша
аудару туралы не оны шоттан беру туралы нұсқауларын тиісті түрде
орындамаған немесе орындамаған жағдайларда банк кідірткен әрбір күн үшін
осы сомалардың 0,5 процентін төлеуге және процентпен жабылмаған бөлігіндегі
залалдарды өтеуге міндетті.
2.2 Банктік шот шарты
Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің)
пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші
тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін
орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді
көрсетуге міндеттенеді.
Банктік шот шарты бойынша клиентке немесе ол көрсеткен адамға
клиенттің банктегі ақшасына есеп жүргізу мақсатыңда талаптар келіскен
шарттар бойынша клиенттің бір ыңғайландырылған дербес коды беріледі.
Клиенттің бір ізге түсірілген дербес кодын беру, жою, банктің клиент
ақшасына есеп жүргізу тәртібі банктік зандармен белгіленеді.
Заңды тұлғалар мен азаматтар қызмет көрсету банктерін өз бетінше
таңдайды және олар банктік шот шартын бір банкпен де, бірнеше банкпен де
жасауға құқылы.
Банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.
1. Банктік шот шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс.
2. Банктік шот шартының жазбаша түрін сақтамау осы шарттың
жарамсыздығына әкеп соғады.
Банк клиенттің банктегі ақшасын алып қоюды егер заң актілеріңде немесе
банктік шот шартыңда өзгеше көзделмесе, клиент өкімінің негізіңде жүзеге
асырады.
Егер заңдарда немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк
клиенттің ақшаны пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға және оның өз
қалауынша ақшаға билік ету құқығына заңдарда көзделмеген шек қоюға құқығы
жоқ.
Егер ақшаны азамат салған болса, банктегі ақшаға билік ету құқығын не
азаматтың өзі, не ол осы құқықты сеніп берген адам пайдаланады.
Егер ақшаны заңды тұлға салған болса, банктегі ақшаға билік ету
құқығын осы заңды тұлғаның басшысы және (немесе) ол уәкілдік берген өзге
адамдар пайдаланады.
Банктегі ақшаға клиент атынан билік етуді жүзеге асыратын адамдардың
құқықтары клиент банкке заңдарда және шартта көзделген құжаттар ұсыну
арқылы расталады.
Банктік шот шартында банктегі ақшаға билік етудің тәртібі белгіленуге
тиіс. Мұндай тәртіпке қойылатын талаптар банктік заңдармен белгіленеді.
Банктік шот шартына сәйкес банк:
1. Клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;
2. клиенттің пайдасына түскен акшаны қабылдауға;
3. клиенттің үшінші тұлғалардың пайдасына ақша аудару туралы өкімін
орындауға;
4. үшінші тұлғалардың, егер бұл банктік шот шартыңда көзделсе,
клиенттің ақшасын алып қою туралы өкімдерін орындауға,
5. банктік шот шартында белгіленген тәртіп бойынша клиенттен қолма-қол
ақша алуды және оған беруді жүзеге асыруға;
6. клиенттің талап етуі бойынша клиенттің банктегі ақша сомасы және
жүргізілген операциялар туралы ақпаратты шартта көзделген тәртіппен беруге;
7. клиентке шартта, заңдарда және банктік тәжірибеде қолданылатын
іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге
міндетті.
Банк клиенттің пайдасына келіп түскен ақшаны қабылдауға, сондай-ақ
клиенттің ақшасын алып қоюшы немесе оның ақшасын беруді, егер заң
актілерінде және соларға сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
шығарған нормативтік құқықтық актілерде өзге мерзімдер көзделмесе, оның бір
ізге түсірілген дербес коды бойынша тиісті нұсқаумен банкке келіп түскен
күннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, сондай операцияларды көрсете
отырып жүргізуге міндетті.
Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартта белгіленетін, мөлшер мен
тәртіп бойынша сыйақы төлейді, бірақ ол Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің сыйақы төлейтін күнгі қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан кем
болмауға тиіс.
Банктік шот шарты, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе.
клиенттің өтініші бойынша кез келген уақытта бұзылады.
Банктік шот шартын бұзу клиенттің бір ыңғайлаңдырылған дербес кодын
жою үшін негіз болып табылады.
Банкте қалған ақша клиентке беріледі не оның нұсқауы бойынша үшінші
тұлғалардың пайдасына аударылады (алып қойылады).
2.3 Банк салымы шарты
Банк салымы шарты бойымша бір тарап (банк) екінші тараптан
(салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша банктік салым шартында
көзделген мөлшерде және тәртіппен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz