Ақша несие саясатын жүргізу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1.Қазақстан Республикасының банк жүйесін құру.
1.1 Екі деңгейлі банк жүйесін құру
1.2 Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі...8
1.3 Коммерциялық банктер
2.Банктік менеджменттің негізгі теориялық аспектілері.
2.1 Банк менджментінің мазмұны мен құрылымы
2.2 Банк қызметін ұйымдастыру және банктің ұйымдық құрлымының
негіздері
2.3 Банк саясатының негізгі бағыттары және қалыптасу
ережелері.
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасындағы рыноктық қатынастардың дамуы елімізде жаңа
сапалы екі деңгейден тұратын банк жүйесін қалыптастырды. Алғаш рет елімізде
1995 жылы банк жүйесінде реформалау бағдарламасы қабылданды. Оның негізгі
міндеттері ақша ресурстарын бір орталықтан қайта бөлуді қысқартып,
Қазақстанның Ұлттық банкінің атқаратын қызметтерін орталық банктердің
атқаратын қызметтерінің классикалық түрлеріне жақындату еді. Ал 1996 жылдың
желтоқсан айында екінші деңгейдегі банктердің халықаралық стандарттарына
көшу бағдарламасы бекітілді. Халықаралық стандарттардың талабы бойынша
екінші деңгейдегі банктердің жеткілікті көлемде капиталының болуын,
активтердің сапасын, менеджмент, бухгалтерлік есеп деңгейлері және
ақпаратты ендіру мен қабылдау болды.
Рынок жағдайында коммерциялық банктер көптеген салаларда қаржы
делдалдық қызметін атқарады. Олар заңды және жеке тұлғалардың бос жатқан
ақша құралдарын қайта тиімді бөлуге қатысады. Шаруашылық субъектердің
арасындағы төлемдердің уақытылы қайтарылуы мен клиенттеріне толық төленуін
өз жауапкершілігіне алады. ҚР-да коммерциялық банктердің атқаратын
қызметтері: шаруашылық субъектілерге несие беру, салымдарды қабылдап алу,
мемлекеттік займдарды орналастыру, келісім бойынша клиенттердің мүлкін
басқару, қаржы, несие мәселелері бойынша кеңес беру. Сонымен қатар
коммерциялық банктер инвесторлар ретінде ақшаларын облигациялар мен басқа
да құнды қағаздарға салу мүмкіндіктері бар.
Қазіргі кездегі коммерциялық банктердің ең өзекті мәселесі орындайтын
операцияларының сапасын арттыру және капиталдарын тиімді орналастыру.
Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан атты
соңғы Жолдауында, екінші деңгейдегі қуатты банктердің капиталын ұлттық
ауқымдағы, әсіресе энергетикалық, инфрақұрылымдық және серпінді жобаларды
іске асыру үшін тарту мәселесін қойды. Еліміздегі коммерциялық банктер
атқаратын қызметтері арқылы халық пен кәсіпорындардың әлеуметтік-
экономикалық дамуына елеулі үлесін қосуда. Сонымен қатар ҚР-ның
коммерциялық банктері шетелдердің экономикасын экспанциялауда. Бұл
жұмыстағы өзекті мәселелер ҚР коммерциялық банктерінің дамуын және оның
атқаратын қызметтер аясын, банк менеджментін зерттеу.
Қазіргі кезде бұл мәселені Қазақстан ғалым-экономистері теориялық және
тәжірибелік жағынан жан-жақты зерттеуде. Әсіресе осы мәселені зерттеуде
өздерінің үлкен үлесін қосқан экономистер: С.Л.Мақыш Ақша айналысы және
несие, Г.С.Сейтқасымов Ақша Несие Банк, Б.А.Көшенова Коммерциялық
банктің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: проблемалар және болашағы
және т.б. Сонымен қатар коммерциялық банктерді талдау барысында ресми
мәліметтер қолданылды.

1.Қазақстан Республикасының банк жүйесін құру
І.1 Екі деңгейлі банк жүйесін құру.
ҚР-ғы 1990 ж. желтоқсанда ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер
және банк қызметі туралы заңына сәйкес Қазақстан Республикасының қазіргі
екі деңгейлі банк жүйесі құрылды.
ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банкі ретінде жоғары деңгейді
білдіреді. Өзге банктердің барлығы, яғни мемлекеттік даму банкісінен басқа
– екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан оларды іс-жүзінде екінші деңгейлі
банктер деп атайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он
алты жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауы
нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету
керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы
мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу
болып табылады. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктер басқа банктерге
қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар
болып құрылу қажеттілігі ұсынылады.
ҚР соңғы жылдары банк жүйесі туралы мәліметтер 2-кестеде берілген.

2 – кесте
ҚР – Банк жүйесі туралы мәлімет

Банк жүйесі-нің элементтері 12.2000 12.2001 12.2002 12.2003
Екі деңгейлі банктер 48 44 38 35
оның ішінде:
мемлекеттік 1 2 2 2
мемлекетаралық 1 1 - -
Шетел капиталының қатысуымен, 16 16 17 16
Оның ішінде:
-100%150% - дан аса оның ішінде
еншілес банктер 97 96 96 104
12 11 11 10

Сандық мәліметтер ҚҰБ – ның статистикалық бюллетенінен алынған №6
(103) 2003 маусым.
2 – кестеден көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға
азаюда. 90 – шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк
жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003 ж.)
қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100%
қатысуымен құралған) саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел
капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы банктер
санының жартысына жуығын алады. Ал 2007 жылдың мәліметі бойынша
коммерциялық банктердің саны – 32.
Банк - өзінің жоғарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі
қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражат тарту,
орналастыру және басқа да банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ
Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие
ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика территориясында
біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері
Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша
белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік
бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында
коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретін құқығы бар.
Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып,
ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға
құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы.
Басқарманың төрағасын Республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді.
Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленген еді.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие –
есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық
банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақтсан Мемлекеттік банкісінің
нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алды. Клиенттерімен шарттасып қызмет
көрсетті. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік,
ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншікте болуы мүмкін.
Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық – Ұлттық банктен
басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың
басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар
мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.
Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған
Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында
шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі
мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің
мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, не болмаса мемлекеттік
емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі.
Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке,
мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік. Қосылып құрылған банктермен
олардың филиалдарының қызметі Қазақстан заңдарымен реттеледі делінген
заңда.
І.2 Ұлттық Банк – Қазақстан Республикасының Орталық банкі.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым ретінде атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша
– несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктың тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүзеге асыра отырып, қажет жағдайда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған меншікті алтын
валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге
ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
келесідей құқылық формалары кездеседі:
- мемлекеттің 100% қатысуымен капиталдың құрайтын біртұтас банк формасында
(мысалға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
- акцияның бір бөлігі мемлекетке тиесілі немесе мемлекеттің қатынасынсыз
акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
- орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
(АҚШ-та).
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін
коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі.
2004 жылдан бастап, Ұлттық банкі туралы ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістердің кейінгі Ұлттық банкінің міндеті – еліміздегі
баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
- төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылы актілерді қолдану арқылы
қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына
бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
- меншікті қаражат есебінен;
- басқа банктерден тартылған ақшалай қаражаттар есебінен;
- ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
- арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша болған қаражаттар
есебінен.
Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және директорлар Кеңесі (Директорат) жатады.
ҚҰБ-нің жоғары басқару басқару органы болып табылады және басқармаға
келесідей негізгі қызметтерге жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операция түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы
шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасын айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің
бекітуіне беру;
- ҚҰБ-нің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін қарау және
бекіту;
- ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың
қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану
арқылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент
директорларын филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың
жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциялдық нормативтен басқа міндетті нормаларды және
шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
- ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім
қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
- бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатына және әдістерін анықтау.
Ұлттық банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.
Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:
- ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалары;
- ҚР Президентінен бір өкілі;
- ҚР үкіметінің екі өкілі кіреді.
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы – директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшісі кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасы 6 жылға сайлайды
және қызметінен босатады;
- ҚҰБ-нің төрағасының орынбасарын ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті
6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
- Ұлттық валютаның-теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;
- ҚҰБ-нің ҚР Пезидентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты
ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. ҚҰБ филиалдары мен
өкілеттілері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттегі шегінде ғана жүзеге
асады.
Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен басқа да
бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеті мен ұйымдары
кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппараттарында мынадай департаменттер мен
дербес басқармалары бар:
- зерттеулер және статистика департаменті;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- монетарлық операциялар департаменті;
- сыртқы байланыс бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- оперециондық басқарма,
- төлем жүйесі басқармасы;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі;
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:
- Мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясындағы ҰБ өкілеттігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Процессингтік орталық;
- Актуарлық орталық;
- Банктік сервистік бюро;
- Ұлттық ақпараттар технологиясы;
- Автобаза.
2004 ж. бастап, Үкіметтің қаулысымен Ұлттық банктің құрылымынан қаржы
нарығының және қаржы ұйымдарының қызметіне бақылау және қадағалау жөніндегі
Қаржы агенттігі бөлініп шықты.
Оның құрамына: банктің қадағалау, бағалы қағаздар нарығын реттеу және
сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу департаменттері кіреді.
Осындай өзгерістерге сәйкес ҰБ атқаратын қызметтері де қысқарып, яғни
тек қана классикалық қызметтер қалды.
Ұлттық банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:
- Ақшаны эмиссиялау;
- Ақша несие саясатын жүргізу;
- Төлем жүйесін ұйымдастыру;
- Төлем балансын құру;
- Валюталық реттеу және бақылау.
Ұлттық банк мынадай операциялар жүргізеді:
- Бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзімдегі
міндеттемелерді қайта есепке алады;
- Мемлекеттік бағалы қағаздарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
- Қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
- Чектерді жазып вексельдерді береді.
1. 3 Коммерциялық банктер.
Қазіргі коммерциялық банктер – бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға,
сондай-ақ халыққа қызмет ететін банктер. Коммерциялық банктер деп бұл жерде
ҚР-дағы екінші деңгейлі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына байланысты:
● мемлекеттік;
● акционерлік;
● жеке;
● пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
● аралас (шетел капиталының қатысуымен);
2. Операциялардың түрлеріне байланысты:
● әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең

көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
● маманданған, яғни қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
● халықаралық;
● мемлекетаралық;
● ұлттық;
● аймақтық;
4. Филиалдар санына қарай:
● филиалсыз;
● көп филиалды.
ҚР-дағы банктік жүйеде 2003 ж. статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі
жұмыс жасайтын екінші деңгейлі банктердің барлығы акционерлік қоғам
формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк мемлекетке 100% тиесілі
банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксимбанк, ал шетел капиталының
қатысуымен құрылған банктерде саны – 14, оның еншілесі 10 банк. Акционерлік
банктердің жарғысының капиталы шығаратын акцияларын сатудан түсетін
түсімдерден құрылған. Акциялар екі түрге бөлінеді: жай және артықшылығы
бар.
Жай акция – оның иелеріне сол қоғамды басқару ісіне араласуына, оның
пайдасына қарай дивиденд алып отыруға құқық береді. Ал артықшылығы бар
акция – оның иесіне қоғамды басқаруға қатысуына құқық бермегенмен,
уақытылы, яғни қоғамның пайдасына байланыссыз тұрақты пайызын алуға, қоғам
банкроттыққа ұшыраған жағдайларда жай акция иесінен бұрын қоғамға қосқан өз
үлесін алуға құқық береді.
Егер де банк жауапкершілігі шектеулі қоғам түрінде құрылған болса,
онда оның жарғылық қорының әр құрылтайшыға тиетін үлесі құрылтайшылық
құжатта анықталады және бұл банктің қатынасушылары немесе құрылтайшылары
өздеріне тиісті үлес шегінде ғана оның міндеттемелеріне жауап береді.
Банктің ұйымдастырылуы және құқықтық формасына байланыссыз, оның
жарғылық капиталы оның қатынасушылары жеке және заңды тұлғалар есебінен
құрылады, сондай-ақ олардың міндеттемелерінің қамтамасыз ету құралы болып
табылады. Жарғылық капитал оның қатысушыларының меншіктік қаражаты есебінен
ғана құрылады. Банктік несиелер есебінен жарғылық капиталды құруға тыйым
салынады. Банктің жарғылық капиталы тек ақшалай қаражаттар есебінен
құрылады.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы банкті басқару
құрылымына және оның функционалдық бөлімшелері мен әр түрлі қызметтерінің
құрылымына бөлінеді.
Басқару органы пайда алу мақсатында коммерциялық банктің қызметіне
тиімді жетекшілік етуді қамтамасыз етеді. Банктің құрылтайшылары басқару
органына тікелей қатысады.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы
жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл
жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
● банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
● банктің жарғылық капиталын өзгерту;
● банктің Кеңесін сайлау;
● банктің жылдық есебін бекіту;
● банктің табысын бөлу;
● банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің
бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай
міндеттер атқарады:
● нормативтік актілерді бекітеді;
● басқарма немесе басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәліметтерді бекітеді.
Келесі басқару органы – бұл басқарма. Басқарма – атқарушы немесе
өкілетті орган, яғни ол банктің иелерінен, оның акционерлік құралдарды және
олардың мүдделерін қорғайды.
Басқарманың міндеттеріне мыналар жатады:
● банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
● банктің саясаттарын жасау;
● жетекшілік қызметке кадрлар таңдау;
● комитеттерді құру;
● ссудалық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады. Және ол банк
қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады.
Банк төрағасына мынадай міндеттемелер жүктеледі:
● банктің қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша бұйрықтар
шығару және нұсқаулар беру;
● барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде,
оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық

мәселелер бойынша өкілеттікті жүзеге асырады;
● банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
● банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
● еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер жасау.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан
бақылау жасаушы орган болып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы
орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
● несие алуға берген клиенттің өтініші және несиелік
қызметтердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
● несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
● несиелік тәуелділіктерге байланысты несиелеу формаларын
анықтайды;
● несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін
бекітеді;
● несиелеу шартын бекітеді;
● берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
● несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
● несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қол қояды және
хат-амалды тіркеу кітабын жүргізеді.
Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлім, күзет бөліім, әкімшілік-
шаруашылық бөлімі және т.с.с. кіреді. Ал функционалдық құрылымына барлық
департаменттер мен бөлімдер жатады.

2. Банктік менджменттің негізгі теориялық аспектілері
2.1 Банк менеджментінің мазмұны және құрылымы.
Дамыған елдерде, менеджмент өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды
факторлары қатарына жатады. Нарықтық жағдайдағы шаруашылықта оған басты
назар аударылады, себебі менеджмент қосымша капитал салымдарын талап етпей-
ақ, шығындарды төмендете отырып жоғарғы табысқа жетуге мүмкіндік береді.
Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың ең тиімді формаларын қолдану
жолымен табыс табу. Сондықтан, нарықтық қатынастары қатаң бәсекелестік
жағдайда дамыған елдерде, менеджмент – бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен
тығыз байланыста болады. Дамудың жөнді алғы шарттарын иелену үшін, басқару
жүйесін үнемі жетілдіріп отыру қажет, сонымен қатар, теория мен тәжірибеде
қорланған білімдерді тез игере, өзгермелі жағдайларда – жаңа, қалыптаса
қоймаған шешімдерді қабылдай білу керек.
Менеджмент – басқару және ұйымдастырудың ең бір рационалды жүйесі
туралы ғылым, бірақ оның ұғымын әр түрлі мағынада түсінуге болады. Қысқа
мағынада менеджментті – адамдар ұжымын басқару және ұйымдастыру, кең
мағынада – банк қызметін және оның персоналдарын басқару және ұйымдастыру
деп түсінеміз. Банк менеджменті нақты мекеменің қызметіне сәйкес белгілі
бір спецификаға ие. Өйткені банк, өкіміндегі несие ресурстарын ақылы түрде
– кәсіпкерлердің, ұйымдардың, халықтардың, мемлекеттің қосымша қаражатқа
деген қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында ұсынатын, яғни бизнеспен
айналысатын өз алдына кәсіпорын болып табылады. Сонымен қатар банкте,
әртүрлі меншік иелерінің, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
акционерлік қоғамдардың және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары
жинақталады.
Банк қоғам капиталын сақтаушы және орналастырушы ( екі жақты, пайда табу
мақсатында), сондай-ақ, банк шоттарына салынған ақша қаражаттарының
сақтаулы (немесе, дер кезінде, салыну шарты бойынша қайтарылуға тиіс)
болуына иелері алдына жауапты мекеме. Нәтижесінде банк, жеке өз мүддесімен
қатар, қоғам мүддесін қорғауды да көздейді. Мұндай мүдделер сәйкестілігі
баланс өтімділігін, яғни ақша нарығында банк тұрақтылығын қамтамасыз ете
отырып, банк менеджментінің келесідей мақсаттарын анықтайды:
- банкті, ақша нарығы жағдайында қызмет жүргізетін субъект ретінде, табысты
жұмыспен қамту;
- банк сенімділігінің кепілі ретінде көрінетін баланс өтімділігін және
салымшалар мен кредиторлардың мүдделерін қамту;
- іскерлік қатынастарды тұрақтандару және ұзарту мақсатында
пайдаланымдардың (клиенттердің) банк қызметіне деген көлемдік, құры-
лымдық және сапалық қажеттілігін жоғары дәрежеде қанағаттандыру;
- ұжымның әлеуметтік, коммерциялық, өндірістік проблемаларын өзара жетік
шешілуін қамту;
- мамандардың әлеуетті (потенциалды) мүмкіндіктерін толық жүзеге асыру
мақсатында, мамандарды орнықтыру, даярлау және қайта даярлаудың тиімді
жүйесін құру.
Негізгі мақсаттармен қатар, банк менеджменті, бір қатар көлемдік,
сапалық және әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуын бағдарлайды. Сандық
(көлемдік) көрсеткіштердің, банк қызметін басқару аяларының барлығына
қатысы бар, олардың қатарына: банк клиенттерінің және олардың шоттарының
санын, депозиттер көлемін, кредиттік салымдарды, инвестицияларды және банк
жүзеге асыратын қызметтер мен операциялардың көлемін жатқызуға болады.
Банк қызметінде басты орын алатын сапалық көрсеткіштер қатарына
келесілер жатады:
- банктің табыстары мен шығыстарының көрсеткіштері (осылардың көмегімен
банк пайдалылығын басқару іске асады);
- қаражат айналымының жылдамдық, операциялардың орындалуына қатысты
шығындардың еңбек сиымдылығының және материалдарды өңдеу жылдамдығының
көрсеткіштері;
- банк көрсететін қызметтердің сапасына, құрылымына, көлеміне деген
клиенттер сұранымдарын қанағаттандыру дәрежесінің көсеткіштері;
- банк қызметімен байланысты келіссөздердің құпиялығын қамту және
мәліметтерді сақтау қабілеттілігі.
Әлеуметтік көрсеткіштер, ұжым мүшелерінің кәсіби дайындықтарының дамуын,
олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемалардың шешілу дәрежесін
сипаттайды. Банк менеджментінің басқа бір ерекшелігі, ол депозиттер мен
ақшалай салымдар иелерінің мүддесін қорғау мақсатында банк қызметінің
мемлекет тарапынан реттелуінде. Бұл біріншіден, банк қызметін реттейтін –
міндетті нормативтер, заңдар және жазбалардың орындалуымен уағдаласылған
еркін шешім қабылдаудың шектеуі бар екенін білдірді. Екіншіден, ақша нарығы
конъюнктурасының үнемі өзгеріп тұратын жағдайында, банк өтімділігін қамту
жолын таба білетін менеджерлердің қажеттілігін көрсетеді.
Сонымен, банк менеджменті деп – осы сферада қызмет ететін персоналдарды
және жалпы банк қызметін басқаратын ғылыми жүйені түсінеміз, ол банк ісін
жүргізу тәжірибесімен нақтыланған, басқарудың ғылыми әдістеріне
негізделеді.
Басқару процесінің мазмұны
Банк менеджментінің мазмұнын келесілер құрайды: жоспарлау, талдау,
реттеу, бақылау.
Банкілік басқарудың ең жауапты бөлімі ол жоспарлау, осы процесс
барысында – перспективаға іс әрекетті анықтайтын, банк саясаты құрылады.
Жоспарлау, жиынтық көрсеткіштер негізінде банк қызметінің барлық жақтарының
өзара байланыстыруға және оның орындалуын еңбекке ынталандыру жүйесі
арқылы ұжымның мүддесімен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Жоспарлауды, банктің ішкі мүмкіндіктерін және ақша, валюта нарықтарының
конъюнктурасын талдау негізінде, жалпы банк қызметінің бағыттарын, жаңа
сфера мен өнім түрлерінің тиімділігін бағалайтын процесс деп тануға
болады. Жоспарлаудың негізгі бағыты, нарық жағдайында банк қызметінің
технико-экономикалық негізделуі ретінде бизнес-жоспарды жасау. Бизнес-
жоспарды дұрыс пайдалана білу – қаржы ұйымдарын тиімді басқарудың негізін
құрайды.
Банктің аналитикалық қызметінің негізін, баланс көрсеткіштерін талдау
арқылы ашып көрсетуге болады. Оның негізгі бағыттары:
- банк қызметінің көлемдік көрсеткіштерінің динамикасын бағалау:
активтерінің, депозиттерінің, меншікті капиталының, кредиттерінің,
табысының;
- ресурстық базаны бағалау: көлемін, құрылымын және оның құрамдық
бөліктерінің даму тенденцияларын (меншікті капиталының, депозиттерінің,
банкаралық кредиттерінің);
- банк активтерінің жағдайын бағалау: көлемін, құрылымын және банк
активтерінің құрамдық бөліктерінің даму тенденцияларын (кредиттері- нің,
инвестицияларының, депозиттерінің);
- банк өтімділігін бағалау – қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
Жапонияның Ұлттық банкінің операциялары
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Пәндер