БАНКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ КІРІСПЕ
БАНКТІҢ БУХГАЛТЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУЫ
КІРІСПЕ 2
1. БАНКТІҢ АТҚАРЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІН ФРОНТ-ОФИС ЖӘНЕ БЭК-ОФИСКЕ БӨЛУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ 3
2. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 8
3. БАС БУХГАЛТЕРДІҢ РӨЛІ 13
4. ҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ 16
ӘДЕБИЕТТЕР 30
Кіріспе
1. Банктің атқарымдық бөлімшелерін фронт-офис және бэк-офиске
бөлу тұжырымдамасы
2. Бухгалтерлік есеп және есептілік Департаментінің құрылымы
3. Бас бухгалтердің рөлі
4. Құжаттау және құжат айналымы
Пайдаланған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Банк саласы Қазақстан Республикасы экономикасының дамушы секторының
бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді.
Бүгінгі күні банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі - бухгалтерлік
есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар
талаптарына сәйкестендіру. Ол, әрине, халықтың жағдайын жақсартуға және
мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесінің экономиканы
дамытуда алар орны ерекше. Қаржы-несие институттары мен операциялардың
қайта бағытталуына, Орталық банк пен екінші деңгейлі банктердің өзара
қатынас жүйесінің өзгеруіне байланысты банктегі бухгалтерлік есеп және есеп
беру үздіксіз жаңарып отырады. Бухгалтерлік есеп басқару үрдісінің бір
бөлігі болып табылатындықтан ол маңызды ақпараттар алуға мүмкіндік береді.

ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Банктің атқарымдық бөлімшелерін фронт-офиске және бэк-офиске бөлу
тұжырымдамасы. Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз, банктің ұйымдастырылуына
бақылау жасауға және жоспарлау үшін басшыларға қажетті қаржылық және
экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында мәліметтерді жинау мен өңдеу
жүзеге асырылатын, басшыларға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі сапалық сипаттарына келесілер
жатады:
- тиімді өңделген ақпарат;
- өз уақытында алынған есептік құжаттамалар;
- дәлдіктің жоғары деңгейлі болуы;
- алаяқтық мүмкіндіктерін барынша азайту.
Бұл сипаттарға ие болу үшін, олар тәуелсіз болу керек, яғни жекелеген
бөлімше немесе департамент түрінде құрылған бухгалтерлік есеп қызметін
ұйымдастыруды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп бөлімшелерінің мінсіз құрылымы жоқ, дегенмен де оның
барлық банктерге тән жалпы сипаттамалары болады:
- банктің барлық ресми шоттарын жүргізу;
- тиісті ережелерді жасау және қабылдау;
- тиісті рәсімдердің көмегімен есеп мәліметтерін құрастырушы барлық
белімшелерге нұсқаулар беру;
- бухгалтерлік есеп ережелері мен рәсімдерінің сақталуына
бақылау жасауға механизмдерді іске қосу және олардың
орындалуын қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп және есептілік үдерісі операциялардың қаржылық
нәтижелерін көруге және операцияларды жоспарлау үшін, олардың барысын
қадағалап отыру үшін қажетті қаржыларды басқару бойынша ақпараттарды алуға
сол сияқты осы операцияларды ары қарай жетілдіру барысында өзгерістер
енгізуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесі банктің ұйымдастырылуының негізгі тірегі
болып табылады. Бухгалтерлік есептің дамыған жүйесі банк үшін өте маңызды,
өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде, ол айтарлықтай шамада
қаржылық ұйымдастыруға сүйенеді.
Есеп жүйесі дегеніміз, есеп мәліметтерін қаржылык ақпаратқа қайта
өңдейтін, өзара байланысты элементтердің жиыны.
Есеп жүйесіне келесідей элементтер кіруі мүмкін:
- бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
- жұмыс бөлімшелеріндегі есеп бөлімшелері;
- филиалдардағы есеп бөлімшелері;
- есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
- ішкі аудит бөлімшесі.
Жеделдету, клиенттерді тартумен қызмет көрсету сапасын жақсарту,
нарықты басып алу, өзінің нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын
тиімді нарықтық позициясын күшейту, банк операцияларын тиімді басқару
сияқты стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін банк үдерістерінің
реинжиниринг бизнесін қолдану керек, бұл банк үдерісін банк үшін де, клиент
үшін де тиімді үдерістермен ауыстыруға әкеледі. Клиент үшін оң өзгеріс -
операциялардың орындалу мерзімінің қысқаруы, ал банктер үшін операцияларды
жүргізуге кететін шығындардың азаюы.
Үдерістердің реинжиниринг бизнесі - бұл банк қызметі нәтижелерінің
түбегейлі жақсарту шаралары. Ол шешуші бизнес үдерістерді және онымен
байланысты ұйымдастырушылық құрылымдарды, технологияларды, жұмыс әдістерін,
физикалық инфрақұрылымдарды және корпоративті мәдениетті қайта бағдарлауды
түбегейлі өзгертуді білдіреді.
Банктерде, бәріміз білетіндей, ақша қаржылары - тауар болып табылады.
Осы құндылықтарға жүргізілетін барлық бақылау, солар ғана ақша қаржыларының
өзгерісін тіркеп отыратындықтан, бухгалтерия арқылы өтеді.
Шығынның, ұрлықтың, сенімді теріс пайдаланушылықтан болатын
тәуекелділіктердің алдын алу үшін, банктерде тиісті ішкі банк құрылымын
енгізу қажет. Оның негізгі принципі бір адам немесе адамдар тобы барлық
операцияны басынан аяғына дейін толық орындай алмайтындай етіп қызметтерді
бөлуден тұрады. Сол сияқты бухгалтер де, құндылықгарға манипуляция жасайтын
материалдық жауапты қызметкерлер де бухгалтерлік есепке кіріспеу керек.
Осындай және басқа себептерден, Қазақстанның көптеген банктерінде
(ТұранӘлембанк, Қазкоммерцбанк және тағы басқа) банктің ішкі құрылымы
шартты түрде екі негізгі бөлімдерге жіктелген:
1. Фронт-офис - оның қызметіне клиенттермен және банк
серіктестіктермен келісімдерді, мәліметтерді жасау жатады.
2. Бэк-офис - оның қызметі жүзеге асырылған операцияларды тіркеуден
тұрады.
Екі бөлімше де өзара тығыз байланыста қызмет атқарады. Мысалы, қызмет
барысында фронт-офисте, ары қарай өңдеп, талдау жасау үшін бэк-офиске
жіберілетін мәліметтер жинақталады. Олар өз кезегінде банктердің
клиенттеріне ұсынатын қызмет көрсетушілерінің мазмұнына немесе өзгерісіне
және сәйкесінше, фронт-офистің қызметіне түзету енгізуге негіз бола алады.
Фронт-офистің мақсаты - банкілік өнімдер мен қызметтерді сата отырып
барынша көп пайда табу. Бэк-офистің мақсаты - жасалған мәмілелерді есепке
алу, бақылау жасау, басшыларға мәліметтер беру.
Фронт-офистің қызметіне кіретіндер:
- банктің клиенттерімен, серіктестерімен, жабдықтаушыларымен
мәміле жасау;
- жасалған мәміле мәліметтерін өзгерту және тіркеу;
- келісімшарттарды дайындау, ұзарту, бұзу;
- несиелер бойынша банктік қызмет үшін қаржыларды қамтамасыз ету;
- қаржыларды нарықта орналастыру;
- қаржыларды тарту мен орналастыру арасындағы арбитраж талдамалық
есептілік және тағы басқа;
Бэк-офистің қызметіне кіретіндер:
- тіркелген мәмілелердің мәліметтерін тексеру және толықтыру;
- мәмілелердің расталуына бақылау жасау;
- төлемдерді дайындау және нұсқауға сәйкес жүргізу;
- бухгалтерлік жазбаларды жүргізу;
- есептемелерді растау;
- пайыздарды есептеу;
- пайыздарды капиталдандыру;
- түзетпе жасау (сторнирование);
- есептеме және ұсталымдар;
- шетел валютасын қайта бағалау;
- есептен шығару және тағы басқа;
- есептілікті дайындау;
- оперативті талдау жүргізу.
Рәсімдерді оңтайландыру мен тәуекелділіктерді азайту принциптері фронт-
офис пен бэк-офис қызметкерлерінің арасындағы қызметті белгілеп алуды талап
етеді. Мысалы, дилингтік рәсімдер жүргізілген кезде фронт-офис дилингтік
тикет (бастапқы құжат) толтырып қол қояды, уақыты мен реттік нөмірі
қойылады. Құжаттың түпнұсқасы дилингтік бөлімде қалады да, көшірмесі бэк-
офиске жіберіледі.
Тикетте қорытынды жасау күні, валюталандыру күні, контрагент аты, оның
құралы мен типі, сомасы, валютасы, брокері және транзакцияның барлық
стандартты шарттары көрсетіледі. Егерде осы айтылғандардан қандай да бір
ақпарат болмайтын болса, онда оны бэк-офис қадағалау керек. Дилер өткізген
әрбір мәміле, контрагенттік жазбаша растама алуы керек және операцияларды
салыстырып тексеру үшін растамалар тікелей бэк-офиске жіберіледі. Сәйкес
келмеушілік анықталған жағдайда фронт-офиске хабарлап, тиісті шаралар
қабылдауы керек.
Фронт-офис пен бэк-офис бөлімшелерінің міндеттерін бөлуді әрбір банк
өзі атқарады. Егерде банк кішігірім болатын болса, операциялар аз
болғандықтан, кейбір операциялар бойынша фронт-офис пен бэк-офисті
біріктіруге болады. Яғни бір қызметкер екі қызметті де орындайды.
2. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Банктердегі бэк-офистің кұрамында бухгалтерлік есеп және есептілік
Департаменті құрылады, Департаменттің негізгі міндеті - Банктегі
бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бірыңғай әдістемелік саясатты
қамтамасыз ету, банктің қызметі жөніндегі қаржылық және ішкі есептілікті
құрастыру және оны банк басшыларына, Ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік
органдарға ұсыну.
Департамент өз қызметін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы
заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті актілерін
басшылыққа ала отырып, Банк жарғысының ережелеріне, Банк басқармасының
шешімдеріне, Банк басқармасы төрағасының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес
жүзеге асырады.
Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша департаментінің барлық
жарлықтарын банктің құрылымдық бөлімшелері мен барлық департаменттер
міндетті түрде орындауы керек.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті, операцияларды
аналитикалық есепте бейнелеу мен жүзеге асыру бойынша өкіметтілік пен
жауапкершілік-құқықтарын тікелей оның жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне
бере отырып, шоттар жоспары бойынша операциялардың синтетикалық есебіне
жауапкершілікте болады.
Департамент бухгалтерлік есепті жүргізу бухгалтерлік есепке қатысты
нормативті актілерді жасау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасынан
басқа да мемлекеттік органдармен, банктің басқа департаменттерімен, банктің
тиісті бөлімшелерімен өзара қарым-қатынаста болады.
Департамент көптеген функцияларды орындайды. Ол операцияларды
бухгалтерлік есепте бейнелеу жұмыстарын ұйымдастырады, барлық құрылымдық
бөлімшелер үшін бірыңғай және міндетті бухгалтерлік есепті жүргізу мен
қаржылық есептілікті құрастыру тәртібін және банктегі құжат айналымының
бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді. Мұнан баска, ол банкілік және
статистикалық есептіліктерді жинауды, тексеруді, топтастыруды
ұйымдастырады. Сонымен қатар оның қызметіне Банктің өз қызметі бойынша
салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеуді
жүзеге асыру жатады. Ол және де Банктің бюджетін жоспарлайды, оның
орындалуын қадағалайды, пайданы қорларға бөліп таратумен айналысады және
олардың қолданылуы жөнінде ұсыныстар жасайды. Осы міндетгерді орындау үшін,
ол басқа департаменттер мен банктің басқа да құрылымдық бөлімшелерінен
қажетті барлық ақпараттарды, оның ішінде банктік құпия болып табылатындарын
да талап етеді.
Бухгалтерлік есеп департаменті бухгалтерлік есептің жаңа прогрессивтік
әдістерін енгізеді, енгізіліп отырылған банктің жаңа технологиялары мен
операциялары банктің жаңа технологиялары мен операциялары бойынша
бухгалтерлік есептін ережесі мен тәртібін жасап, оны басқа мүдделі
бөлімшелермен келісіп, Басқарма төрағасының бекітуіне ұсынады. Ол келіп
түсетін бухгалтерлік есепке, есептілікке, бухгалтерлік құжат айналымына
және бақылауға қатысты корреспонденцияларды қарастырады, тиісті
ұсыныстарды, шешімдерді, хаттар мен жауаптарды дайындайды. Сол сияқты
есептілікті құрастырады, бухгалтерлік және статистикалық есептіліктерді
ағымдағы сақтауды ұйымдастырады, оларды архивке тапсыруға дайындайды, жыл
сайын банктің негізгі құралдарына түгендеу жүргізуге қатысады, филиалдардың
бухгалтерлерін оқытуды жүргізеді, оларға түсініктемелер дайындайды және
құжат айналымы, бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу сұрақтары бойынша
оларға түсініктемелер мен нұсқаулар дайындайды.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті келесі бөлімдерден
тұрады:
1. Банкішілік операциялардың есеп бөлімі;
2. Жинақтаушы есептіліктер бөлімі;
3. Банк операцияларының кейінгі бақылау бөлімі.
Департаментті бас бухгалтер басқарады, ол тікелей Басқарма төрағасының
осы мәселемен айналысатын орынбасарына және Банк басқармасының төрағасына
бағынады. Ол жоқ болған кезде бас бухгалтердің міндеттерін оның орынбасары
орындайды. Бөлімдердің қызметіне тікелей басшылықты бөлім бастықтары, ал
бөлімдердің қызметіне бақылау жасау мен жалпы басқару Бас бухгалтердің
орынбасарына жүктеледі.
Қызметкерлердің саны, банк Басқармасының төрағасы бекітетін штат
кестесі бойынша анықталады.
Банкішілік операциялар бөлімі бірыңғай әдістемелік саясатты жүргізеді,
есеп пен есептіліктегі кемшіліктерді жоюды қадағалайды, сол сияқты
мүліктердің бары мен қозғалысына, материалдық және қаржылық ресурстардың
қолданылуына бақылауды қамтамасыз етеді, шаруашылықішілік операциялардың
синтетикалық есебін жүргізеді. Оған сол сияқты, табыстар мен шығындардың,
пайдалар мен зияндардың, бекітілген қорлардың, банктің әкімшілік және
шаруашылық қызметі бойынша теңге және шетел валютасы түріндегі дебиторлық
және кредиторлық борыштарының есебін жүргізу жүктелген.
Бұл бөлім күрделі салымдардың, негізгі құралдардың, коймадағы
материалдардың есебін жүргізеді және негізгі құралдар мен материалдық емес
активтер бойынша амортизациялық аударымдарды есептеуді және есепте
бейнелейді, банктің құрылымдық бөлімшелері есептіліктерінің барлық
нысандарын құрастырудың дұрыстығын тексеруге қатысады. Ол жылма-жыл негізгі
кұралдар мен материалдарға түгендеу жүргізген кезде қатысады. Сол сияқты
дебиторлық берешектерді өндіріп алу барысына және баланстан тыс шоттарда
есепте тұрған зиянға жатқызылған берешектердің сомасына бақылау жүргізеді.
Осы аталғандардан басқа, банкішілік операциялар бөлімі ережелерді,
нұсқауларды, банктегі құжат айналысы мен шаруашылықішілік операциялар
есебінің тәртібі мен рәсімін жасайды, басқа департаменттер мен банктердің
өз бетінше қызмет ететін құрылымдық бөлімшелері дайындаған құжаттардың
жобаларын қарастырып, егерде бұл құжаттар оның құзырына кіретін сұрақтарды
қамтитын болса өзінің ескертпелері мен ұсыныстарын дайындайды, құжаттардың
түгелдігін және архивке өз уақытылы тапсырылуын қамтамасыз етеді, тиісті іс
жургізуді, шаруашылық операциялары мен басқа келісімшарттарды және олардын
төлемдерін тіркеуді ұйымдастырады. Бір мезгілде, банк қызметінің салық салу
мәселелері бойынша салық заңдылықтары мен нормативті актілерді сақтай
отырып, банктегі салық есебін жүзеге асыруды ұйымдастырады.
Жиынтық есептілік бөлімі есептік-статистикалық жұмыстарды
ұйымдастырады, құрылымдық бөлімшелерге статистикалық және қаржылық
есептіліктерді ұйымдастыру және дайындау мәселелері бойынша көмек
көрсетеді, нұсқау береді және тексереді, есептіліктерді жиынтықтауды
дайындайды, бухгалтерлік есептің барлық бөлімшелері мен есептілікті жүргізу
бойынша қарарларды, нұсқауларды, ережелер мен рәсімдерді жасайды. Ол
қаржылық және статистикалық есептілікті құрастыруға қажетті ақпараттарды
тиісті департаменттердің, басқа да бөлімшелер мен филиалдардың ұсынуы
бойынша жарлықтарды жасап таратады, бюджетті жоспарлауды қамтамасыз етеді,
басшылық берген өкілеттік шегінде қаржышаруашылық қызметті талдайды,
табыстар мен шығындардың бекітілген сметасын сол сияқты күрделі салымдардың
шектелуін жоспарлап, басқа департаменттерге және өзге құрылымдық
бөлімшелердің назарына жеткізеді, барлық құрылымдық бөлімшелердің бюджетті
орындауын бақылайды, табыстар мен шығындардың түрлері бойынша нәтижелерді
талдайды, бухгалтерлік есепті конверсиялау және ұйымның бас кітабы мен
көмекші кітабын жүргізу үдерістеріне тікелей қатысады.
Кейінгі бақылау бөлімі кұжаттардың бірінші даналарының негізінде,
банктің бас бөлімшесі жүзеге асырған операцияларды бухгалтерлік есепте
бейнелеудің дұрыстығын, толықтығын, өз уақытылы екендігін тексеру
мақсатында кейінгі бақылауды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкіндегі корреспонденттік шотты жүргізеді, әр он күн сайын
корреспонденттік шоттар бойынша сәйкес келмеушілік тізімдемелерін
құрастырады, бұл жағдайда, ұйымдық құрылымға байланысты, корреспонденттік
шоттарды басқару мен олардың жағдайына жауапкершілік, өтімділікті басқару
департаментіне жүктелген. Ол банктің барлық бөлімшелері құжаттарының
бірінші данасының негізінде филиалдардың төлемдерінен басқа, теңге және
шетел валютасы түріндегі банкішілік және шығатын төлемдерді акцептейді,
есепті кезеңнің күндік жиынтығы бойынша бастапқы мәліметтерді валюта
түрлері бойынша банк балансына, айналым және тексеру тізімдемелеріне
жүйелейді. Сол сияқты ол күнделікті банктің барлық бөлімшелерінің
аналитикалық есеп мәліметтерінің шоттарындағы қалдықтарды синтетикалық есеп
мәліметтерінің шоттарындағы қалдықтармен салыстырады және есепте жіберілген
тәртіп бұзушылықтар мен қателіктерді анықтап, жою бойынша өз өкілеттілігіне
сай шаралар қабылдайды. Бұл бөлім әр күннің құжаттарын қалыптастырады және
өткен операциялық күн үшін, қателер тізімдемесін құрастырады.
3. БАС БУХГАЛТЕРДІҢ РӨЛІ
Банктердегі есепті-операциялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерімен
айналысатын және бақылау қызметін жүзеге асыратын Бас бухгалтер қамтамасыз
етеді. Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментіне жетекшілік ету, тек
жоғары білімді мамандарға ғана жүктелетін үлкен жауапкершілікті іс,
сондықтан да бас бухгалтер, оның орынбасары, департамент бөлімдерінің
бастықтары лауазымдарына жоғары экономикалық білімі бар, қолданыстағы банк
заңдылықтары бойынша заңдарда бекітілген, банк жүйесінде тиісті жұмыс өтілі
бар тұлғалар тағайындалады. Бұл жерде, Бас бухгалтердің орынбасары,
департамент бөлімдерінің бастықтары, банктің филиалдарындағы бас бухгалтер
мен оның орынбасарлары лауазымдарына бас офистің бас бухгалтерімен келісе
отырып тағайындалады. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері бас
бухгалтерлер жөніндегі Ережелерде анықталған.
Бас бухгалтер департаменттің барлық қызметіне жалпы басшылық етеді,
оның жұмысын ұйымдастырып, департаментке жүктелген міндеттерді орындайды.
Ол бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың жалпы және әдістемелік принциптерін
департаменттің орындауына жауапкершілікте болады, мүше болу құқы бойынша
Банк Басқармасының отырысына қатысады және Департаменттің құзырына кіретін
мәселелер бойынша ұсыныстарды талқылауға енгізеді. Өзінің тәжірибелік
қызметінде Қазақстан Республикасының аумағында қолданыстағы заңдарға,
бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеуші, Қазақстан
Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі, өкілетті
органдар бекіткен нормативті актілерді басшылыққа алады. Бас бухгалтер
департаменттің қызметіне қатысты Банктің Басқарма төрағасының бұйрықтары
мен өкімдерінің, банк басқармасы шешімдерінің, банк жарғысы ережелерінің іс
жүзіндегі заңдылықтарға сәйкестігін тексеруді және бақылау жасауды
қамтамасыз етеді. Ол іс-әрекеттегі заңдылықтардың, Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің нормативті актілерінің негізінде Департамент қызметіне
қатысты барлық шұғыл мәселелерді шешеді. Ол, сол сияқты, есеп, есептілік,
бақылау операциялық жұмыстар және құжат айналысын қолданыстағы заңға және
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті актілеріне сәйкес
ұйымдастыру мәселелері бойынша банк бөлімшелеріне нұсқау, түсінік және
кеңес береді. Мұнан басқа, бас бухгалтердің міндетіне департаменттегі
кадрлармен жұмыс жүргізу кіреді, сол сияқты банк Басқармасының қарауына
департаменттің кұрылымы мен штаттық саны бойынша ұсыныстарды және де көзге
түскен қызметкерлерді мадақтау және тәртіпті орындаушылық жөнінде ұсыныс
береді. Ол Департамент қызметкерлерінің қызмет сапарлары бойынша
материалдарды қарастырады, және осы материалдар бойынша өз құзырының
шегінде шешімдер қабылдайды, тиісті құпиялық режимдерінің сақталуын
қамтамасыз етеді, департаменттің құзырына кіретін мәселелер бойынша
министрліктер, ведомстволар, банктер мен басқа да ұйымдарға жіберілетін
ағымдағы корреспонденцияға қол қояды, департаменттің құзырына кіретін
мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардың хаттарына, өтініш, арыздарына
берілетін жауаптарға, департаменттің өз іс-әрекетіне жасалған арыздар
бойынша жауаптардан басқаға қол қояды.
Бас бухгалтер тоқсан сайын Банк басшысының алдында Департамент жұмысы
жөнінде есеп береді, жұмыстар жоспарын белгілеп, олардың орындалуын
бақылайды, тексерулерді ұйымдастырып, есепті, бақылауды және банк
бюджетініқ орындалуын ұйымдастыруға көмек көрсетеді, бухгалтерлік есеп пен
есептілік мәселелері бойынша барлық ішкі ережелерді, тәртіптерді,
ережелерді, нұсқауларды әзірлеуге қатысады. Банк басқармасының Төрағасының
және банк Басқармасы төрағасының осы сұрақтармен айналысатын орынбасарының
тапсырмасы бойынша Департаменттің құзырына кіретін барлық мәселелерді
шешеді.
4. ҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТ АЙНАЛЫМЫ
Өздерінің қызметтерін бөлуге және құжаттауды жүргізуге байланысты
бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті, өз кезегінде шартты түрде
Бас бухгалтерияға және көмекші бухгалтерияға бөлінеді. Бухгалтерлік бөлім
банктің ресми есептілігін жүргізеді, банктің басқа бөлімдері өздерінің
жазбаларын өзін-өзі бақылау мақсатында жүргізуі мүмкін.
Есептерге жауапты бөлім, Бас кітапты жүргізуші Бас бухгалтерия болып
табылады. Есептің көмекші орталықтар қызметін орындаушы, яғни бөлшектенген,
аналитикалық есепті орындайтын банктің басқа бөлімдері көмекші бухгалтерия
болып табылады және көмекші бухгалтерлік кітаптар мен журналдарды
жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарына өту дегеніміз, банк
жұмысының технологиясын батыстық үлгіде ұйымдастыру дегенді білдіреді.
Бас кітап пен көмекші кітаптарды ұйымдастыру технологиясына қатысты
халықаралық стандарттар мен нормалар жоқ, алайда халықаралық банктік
тәжірибе бар.
Батыстың банкілік жүйесінің (оның ішінде бухгалтерлік есептің)
стандарттық құрылымы әрбір модуль тиісті кітаптарды автомат-тандыратын
модульдік принцип бойынша орындалған.
Кітап ұғымында бухгалтерияның атқарымдық бөлімі алынған, мысалы,
дебиторлар кітабы, кредиторлар кітабы, негізгі құралдар кітабы, әрбір кітап
оның есеп объектісімен байланысты барлық операцияларды біріктіреді. Әр
түрлі модульдерге енгізілген барлық ақпараттар, ары қарай Бас кітапқа
топтастырылады. Бухгалтерлік есеп бөлімшелері, көмекші кітаптардан алынып
Бас кітапта бейне-ленген операциялардың күнделікті есебін жүргізулері
керек. Осылайша, бухгалтерлік есеп бөлімшелері олардың баланстарын тұрақты
түрде тексеріп, салыстыру әдісі арқылы көмекші бухгалтерия жүзеге асыратын
есепке қадағалау жасап отырады. Бухгалтерлік есеп бөлімшелері алынған
ақпараттардың негізінде түзетулер енгізіп, басқа да бухгалтерлік жазбаларды
орындай алады.
Көмекші бухгалтерлік кітаптар бухгалтерлік есеп жүйесінің маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл кітаптар қызметтің тиісті салаларына
қатысты жан-жақты ақпараттарды сақтауға арналып, мәліметтерді біріктіре
отырып, оны тұрақты түрде пайдалану мақсатына қызмет етеді.
Көмекші кітаптың бірнеше сипаттамалары болады:
- топтастырылған банкілік жүйенің бір тармағын білдіреді;
- бизнес-операциялардан шыға отырып (толық атқарымдық көмекші
кітап) банкілік өнімдер (немесе операциялар түрі) бойынша фронт-
офис пен бэк-офистің барлық функцияларын автоматтандыруды
бағдарламалық қамтамасыз ету болып табылады;
- банктік және банкішілік операцияларды операциялар түрлері бойынша
тіркеуге және ұсынуға арналған есеп тіркелімі ретінде
қолданылады, аналитикалық және бухгалтерлік мәліметтер
болады;
- есептілік пен басқару талдауын алу үшін қолданылады.
Банктер өздерінің құжаттарында көмекші журналдар сияқты көмекші
кітаптар деген де ұғымдарды пайдаланады. Көмекші кітаптар ұғымдары
есептің көмекші жүйесін анықтау үшін қолданылады, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz