Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі бірлігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1. Бухгалтерлік есептің мақсаты, қағидалары мен
нысандары ... ... ... ..
2. Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде. Ақпаратты
пайдаланушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Банктегі қаржылық және басқару
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Бухгалтерлік есепті реттеу: заңдар, стандарттар,
нормалар ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..

КІРІСПЕ

Қазіргі қогамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бухгалтерлік
кітапты жүргізуді ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлык
қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік
есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен
болжаулардың жасалынуын камтиды. Ақша-несие саясатын анықтау және соған
байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші
кезекте банк басқармасына, одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға
негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне
тікелей катысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық
пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

БАНКТЕГІ ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ НЕГІЗДЕРІ

1. Бухгалтерлік есептің мақсаты, қағидалары мен нысандары
2. Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде.
Ақпаратты пайдаланушылар
3. Банктегі қаржылық және басқару есебі
4. Бухгалтерлік есепті реттеу: заңдар, стандарттар, нормалар

1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МАҚСАТЫ, ҚАҒИДАЛАРЫ МЕН НЫСАНДАРЫ

Қазіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор. Ол тек бух-
галтерлік кітапты жүргізуді ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне
қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қар-жылық есеп беруді өндеу,
бухгалтерлік есептің жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар
мен болжаулардың жасалынуын қамтиды. Ақша-несие саясатын анықтау және соған
байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші
кезекте банк басқармасына, одан кейін пайдаланушы-ларға ақпараттар ұсынуға
негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасы мен деңгейіне
тікелей қатысты, себебі, сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық
пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.
Бухгалтерлік есеп - бұл Бухгалтерлік есеп туралы заң күші бар ҚР
Президентінің Жарлығына сәйкес шығарылатын стандарттар мен басқа да
нормативтік құқықтық актілерге негізделген активтер, меншікті капитал,
міндеттемелер, субъектілердің табыстары мен шығыстары туралы ақпараттарды
тіркеу және жинақтау жүйесі.
Бухгалтерлік есептің мақсаты бухгалтерлік ақпараттарды пай-
даланушылардың мүддесі мен ыңғайына байланысты. Басқарушылардың
(әкімшіліктердің) ықпалы акционерлердің (меншік иеле-рінің) мүдделеріне
қайшы келетін салық мәлімдемесінен тұрады. Кейінгілердің мақсаты шынайы
қаржылық есептілікті құру нәтижесінде таза табыс ұсыну мен есеп айырысуға
тіреледі.
Бухгалтерлік есептің жағдайы, жеке пайдаланушылардың айырықша
қажеттілігін қанағаттандыру үшін емес, айтарлықтай көп санды пайдаланушылар
мүддесіне жауап беретін, жалпы мақсаттағы ақпараттарды анықтау болып
табылады.
Халықаралық стандартпен белгіленген мақсаттар мыналар :
- акционерлерді банктің қаржылық-шаруашылық қызметі туралы толық
және жеткілікті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- банк қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде
Қазақстан Республикасының зандарының сақталуын бақылау
үшін мемлекеттік органдарды қажетті ақпараттармен
қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп мыналарды қамтамасыз етуі қажет:
- меншікті және тартылған қаражаттардың пайдаланылуын, банктің
каржылық құралдарының қалыптасуын және оларды басқаруды
бақылау;
- алдын ала бекітілген тиімділік және өтімділік
деңгейі арқылы банктің табыстылық деңгейін үздіксіз бақылау
және талдау;
- алғашқы құжаттар түпнұсқасы бухгалтерлік жазуларды бара-бар
бекіту және барлық операцияларды бухгалтерлік жазуларда
көрсету;
- қаржылық-шаруашылық операцияларды мерзіміне сай өз
уақытында тіркеу.
Бухгалтерлік есептің объектісі - толық шаруашылық бірлік және оның
құндылықтары, қорлары, құралдары және олардың құралу көздері болып
табылады.
Философиялық сөздікке сүйенсек, тақырып ұғымына түрлі қатынастарға
түсе алатын және қандайда бір қасиетке ие бола алатындардың бәрі жатады.
Яғни бухгалтерлік есептің тақырыбы - жекелеген әрекеттерді сипаттайтын,
құрамында өзгеріс тудыратын, мүлікті және олардың қалыптасу көздерін
орналастыратын шаруашылық операциялары.
Бухгалтерлік есептің әдісі - осы пәннің оқытылуы және танылуына
әдістер мен амалдар болып табылады. Олар экономикалық-математикалық,
статистикалық, үлгілеу және т.б. әдістер болуы мүмкін.
Бухгалтерлік тәртіптің (процедураның) негізгі элементтеріне құжаттау,
түгендеу, шоттар жүйесі, бухгалтерлік баланс, бағалау, калькуляция,
есептілік жатады.
Құжаттау - операцияларды құжаттармен рәсімдеу үрдістері, ол
бухгалтерлік есептің алғашқы сатысы. Бухгалтерлік құжат — шаруашылық
операцияларды жүзеге асыруға немесе куәландыруға байланысты жазбаша бұйрық,
бұл кейінгі бухгалтерлік есепшотын анықтауға қызмет етеді. Егер рәсімделген
құжат болмаса, бірде-бір операция есепке алынбайды.
Түгендеу - бухгалтерлік рәсімнің бір элементі, яғни негізгі
құралдарды, материалдық емес активтерді, ақша қаражатын, есеп айырысуларды
және олардың есеп беру мәліметгерімен сөйкес келуін тексеру операциялары.
Операцияларды топтастыру бухгалтерлік есепшоттарының көмегі арқылы
жасалады. Шоттар - бухгалтерлік есепте ақпараттарды сақтаудың негізгі
бірлігі. Басқа сөзбен айтқанда, мүліктің жағдайы, олардың қалыптасу көздері
және шаруашылық операциялар жайлы ағымдық ақпарат жинақталатын жүйеленген
экономикалық топтау.
Бағалау - бұл мүлік құнының және оның пайда болу көзінің ақшалай
көрінісі.
Калькуляция - шығындарды топтастыруды қамтамасыз ететін және өзіндік
құнды анықтайтын бухгалтерлік рәсімдеу элементі.
Бухгалтерлік рәсімдеу элементтері арасында қабылдануы қиын және
түсінуде ауыртпашылық туғызатын элементтер бар, ондай элементтер шоттар
және онда шаруашылык операцияларының екіжақты сипатталуы.
Екіжақты жазу - бухгалтерлік есепшоттарында шаруашылық операцияларды
тіркеу әдісі болып табылады. Және әрбір шаруашылық операция кем дегенде екі
шотта бір сомада көрсетіледі.
Балаистьщ қорытынды жэие есеп беру. Бухгалтерлік шотта сипатталған
құралдар және олардың құралу көздері туралы мәліметтерді белгілі бір
мерзімде ақшалай бағасын баланстық қорытындылап отыру қажет.
Есеп беру - кәсіпорын қызметінің белгілі бір кезендегі қорытындысын
сипаттайтын есептілік қорытынды көрсеткішінің жүйесі.
Бухгалтерлік есеп мектебінің өздерінің негізін салушылары бар, әрбір
кезең өзінің озық адамдарын шығарды. Басында бұлар италиялықтар болды,
кейіннен оларды француздар алмастырды, одан кейін немістер болды. Қазір
барлық назар бухгалтерлік есептің жақсы мектебін құрған америкалықтарға
бұрылған. Бұлардың жарқын өкілдері: Черч, Монтгомери, Патон, Мэй және т.б.
Олардың идеялары тоғыз негізгі принцип қалыптастыруға алып келді:
- екіжақтылық;
- ақшалай өлшем;
- кәсіпорындардың дербестігі;
- үздіксіздігі;
- өзіндік құндылығы;
- кертартпалығы;
- материалдылығы;
- өткізімділігі;
- сәйкестілігі.
Екіжақтылық принципі
Бұл төмендегі ережелерге сүйенеді: шаруашылық субъектісінің қаржысы
оның міндеттемелері мен капиталының сомасына тең.
Әрбір құбылысты екі жағынан қарастыруға болады. Мысалы, компания
тауарды несиеге алды делік, яғни ол оны кіріске алады (актив), бірақ
сонымен қатар келешекте қайтаруға міндетті несиелік қарызға алады (пассив).
Екіжақты жазу осы екі сәтті де қамтыды: активтер шоттың сол жағында,
пассивтер оң жағында. Кез келген жағдайда екі құбылыс бір-біріне қарама-
қарсы,ал баланс оларды теңестіруі керек.
Ақшалай өлшем прииципі
Ақшалай сипаттағы мәліметтер бухгалтерлік жазбада көрініс табады.
Бухгалтерлік есеп шаруашылық операциясы өлшемінің нақты шаруашылық
бірлігіне әсер етуімен байланысты. Барлық шаруашылық операциялар
бухгалтерлік есепте ақшалай өлшемде көрсетіледі. Әрине мұнда қаржылық емес
ақпараттар да көрініс табуы мүмкін, бірақ ақшалай өлшем бірлігі
салыстырмалы қаржылық мәлімет алатындай жалпы қолайлы өлшем бірлігі болады.
Кәсіпорындардың дербестік принципі
Банктің бухгалтерлік шоттары олардың иелері мен жұмысшыларының
бухгалтерлік шоттарынан бөлек болуы керек. Бухгалтерлік есепті жүргізуші
банк, занды түрде дербес, өздерінің меншік қатынасынан тәуелсіз. Банктің
меншігі ол банк құрылтай-шыларының меншігі емес, ал құрылтайшылардың
меншігі банктің меншігі болып табылмайды. Бұл бухгалтерлік есептің барлық
жүйесіне тән принцип. Бұның негізі - мүліктік меншік шотқа салынғандар
иесін және оның банкінің міндеттемесін бір-бірімен қиылыспауы керек, бөлек
және жауапты болуы керек.
Үздіксіздік принципі
Бұл принцип бойынша банк өз қызметін үздіксіз жалғастырады, яғни
келешекте де қызметін жүзеге асыра береді. Ол жойылуға немесе операциясын
қысқартуға міндетті емес. Бір немесе бірнеше филиалдардың жойылуы немесе
активтер сатылған жағдайда, келесі есепті кезенде активтер мен олардың
нақты сатылған құны есепке алынады. Егер нақты сатылған құн есептіліктен
кем болса, онда жасырын шығысты ескере отырып, оны шығыс пен пайда есебінде
көрсету керек.
Өзіндік құн принципі
Кәсіпорын қандай да бір құралдарды сатып алғанда, оларды алуға кеткен
шығыстар, бухгалтерлік есепте көрсетіледі және осы құралдардың өзіндік құны
болып аталады. Бухгалтерлік есепте барлык шаруашылық құралдар нарықтық
бағасымен емес, өзіндік құнымен көрсетіледі.
Кертартпалық принципі
Кертартпалық принщшіне сәйкес активтер мен пассивтер есепте
айтарлықтай сақтықпен көрсетіледі, себебі банктің қаржылық жағдайына төніп
тұрған қауіпті тәуекелді келесі кезеңге аударып жібермеуге тырысады. Демек:
а) есепті кезеңнің аяғына дейін нақты алынған табыстар ғана есеп
беруде көрсетіледі;
ә) есепті кезеңде немесе алдағы кезеңдегі барлық күтілген
міндеттемелер және әлуетті жоғалтулар, тәуекелді жабуға резервте көрсетілуі
керек, тіпті есептік мерзімінің аяғынан келесі қаржылық есеп беруге дейінгі
аралық пайда болса да. Бұндай жағдайда кертартпалық принципі капитал
саласының өсуін мынадай жағдайда ғана мойындайды, осы жағдай толық
анықталғанда, капитал сомасының азаюы толық анық болғанда мойындайды.
Халықаралық есепте барлық резерв түріне байланысты өткізбелер,
пайданың қолма-қол және жеткіліктілігіне қарамастан, сәйкес тәуекелдің
пайда болуымен байланысты жасалады. Бірақ кертарт-палық прицип жасырын
дәлелсіз резервтердің құрылуын ақтай алмайды.
Материалдылық принципі
Банк басшысына және инвесторларға шешім қабылдау үшін пайдалы барлық
материалдық немесе маңызды ақпараттар қаржылық есепте көрсетілуі керек.
Егер ақпараттардың жоқтығы немесе бұрмаланып берілуі есеп беруге
пайдаланушының экономикалық шешіміне әсерін тигізсе ақпарат материалды
болып табылады. Сондықтан материалдылық принципі маңызды емес жаңалықтарды
ескермейді, тек барлык маңыздыларды тіркеп отырады.
Өткізу принципі
Өткізу принципі табысты қай кезде санау керектігін анықгайды. Ол
брйынша өткізуден түскен табыс ақшаны алған кезде емес, өткізу жүзеге
асырылған кезде, яғни қызмет көрсету жүзеге асқан сәтте және тұтынушыға
өнімді жеткізген кезден есептеледі.
Сәйкестілік принципі
Бухгалтерлердің негізгі міндеті есепті кезеңдегі пайданы есептеу болып
табылады. Пайда дегеніміз берілген есепті мерзімдегі табыс пен шығыс
арасындағы айырма. Сәйкестілік прин-ципі есепті мерзімдегі шығыстың есебін
реттейді. Оның мағынасы: күрделі табыс алумен байланысты шығыстар әр түрлі
шығын-дардың жиынтығынан тұрады. Яғни табыстар және оған сәйкес шығыстар
бір есепті кезенде керсетілуі керек.
Тағы бір айта кететін жағдай, бухгалтерлік есеп - бұл жоспарлау,
реттеу, ұйымдастыру және ынталандыру қызметтері сияқты басқару
функцияларының бірі болып табылады. Бұл басқарудың жетілдіру, нарықтық
механизмінің құрылуы барлық бухгалтерлік есеп жүйесінің дамуымен үздіксіз
байланыста екенін білдіреді.
Кәсіпорынды басқару мақсаты үшін, қаржылық және өндірістік-шаруашылық
қызметтері туралы ақпаратты неғұрлым тиімді пайдалану үшін бухгалтерлік
есептің озық әдісін пайдалануға, шетелдік оң тәжірибеге, бухгалтерлік
есептің және қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына, есептеу
техникаларын кеңінен қолдануға бағдарланған есептеу әдістерін пайдалану
қажет.
Жұмыс үстінде бухгалтер шешуі қажет мынадай жағдайлар кездесуі мүмкін:
- шаруашылық операциясы жүргізілген мезгілде анықтау, яғни
сәйкестендіру мәселесі;
- шаруашылық операциясының құнын анықтайтын бағалау
мәселесі;
- жіктеу мәселесі, яғни шаруашылық операциясы қандай түрде жіктелуі
керек.
Сәйкестендіру мәселесі шаруашылық қай кезде тіркелуі керек екендігін
шешеді: Мысалы, банк кеңселік заттарға тапсырыс береді, алады және төлейді.
Сондықтан мұндай әрекет сауда операциясы сапасында былайша тізімделуі
керек:
1. Банк қызметкері кеңселік құрал-жабдықтарды сатып алу
үшін жабдықтау бөліміне тапсырыс береді;
2. Жабдықтау бөлімі тапсырысты жеткізіп берушіге жібереді;
3. Жеткізіп беруші кеңселік құрал-жабдықты тиеп жібереді;
4. Банк оны қабылдайды;
5. Банк жабдықтаушыдан шот алады;
6. Банк шотты төлейді.
Осы сұраққа жауап есепті кезеңдегі қаржы көлемінің нәтижесіне
байланысты болады.
Бағалау мәселесі. Бухгалтерлік есептің мақсаты шаруашылық операциясы
жүзеге асырылғаннан кейін өзгеретін бағаны табу емес, шаруашылық операциясы
жүзеге асыру барысындағы құнды немесе өзіндік құнды анықтау болып табылады.
Жіктеу мәселесі. Жіктеу кез келген шаруашылық операциясының маңызын
дұрыс талдаудан туындайды және ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсерін
тигізеді. Сондықтан, бухгалтерлік есепке анықтама бере отырып айта кететін
жайт, бухгалтерлік есеп осы ақпаратты пайдаланушыға бағалап көруге және
шешім қабылдауға мүмкіндік беретін экономикалық ақпараттарды беру,
сәйкестендіру және өлшеу үдерісі. (Бухгалтерлік есеп теориясы. Э.С.
Хендриксен).
Бухгалтерлік есепті оқу басқару ісінде маңызды шешім қабылдауда дағды
алу мен үйренуге мүмкіндік береді.
Есептік ақпараттар банктің ішінде де және оның сыртында да шешім
қабылдау үшін маңызды болып табылады. Ол бухгалтерлік есеп қызметін жүзеге
асыру үшін сандық ақпараттармен қамтамасыз етеді. Бухгалтерлік есеп басқару
жүйесіндегі негізгі бақылау, талдау, ақпараттық, кері байланыс қызметтерін
атқарады.
Есептік ақпараттар негізінде шешім қабылдаған кезде пайдаланушылар
белгілі бір тәуекелге ұшырайды. Басқару жүйесінде бухгалтерлік есеп
тәуекелді шектеуге бағытталуы және операциялардың жүргізілу тәртібінің
сақталуын қамтамасыз етуге керек. Банкте бақылау функциясы банк қабылдайтын
тәуекелді шектеуге және операциялар мен мәмілелер жүргізілуінде тәртіптің
сақталуын қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Бұл функция банк белгілеген заңдардың, Ұлттық банктің нормативтік-
құқықтық актілерінің, мамандық қызметтік стандарты мен іскерлік қатынастар
ережесінің талаптарын сақтай отырып, жалпы қадағалауға қол жеткізуге
көмектеседі.
Бақылау функциясын әкімшілік және қаржылық бақылау желісінде жүзеге
асыру ұсынылады.
Олар алдын ала, кейінгі және ағымдық реттерімен жүргізіледі. Олар
жеткілікті дәрежеде сенімділікпен кем дегенде төмендегілерді куәландыру
керек:
- банк қызметкерлері банк мүлкімен жұмыс істеуі, клиент-
кредитордың шотымен операцияны жүзеге асыруы қызметкер өкілеттігі қатаң
түрде толық жауапкершілікке сай болғанда ғана жол беріледі.
- операциялар есебі Ұлттық банктің бекіткен талабына сәйкес
жүргізіліп, банктің активтері мен пассивтерінің жағдайы нақты
көрсетіледі және есеп берудің белгіленген формасында құрылуы қамтамасыз
етіледі.
- банктің берілген активі мен пассивінің есебі олардың қамтылу
жағдайына, сондай-ақ тексерудің кезенділігіне сәйкес мақұлданады және
ауытқулар болған жағдайда ауытқуларды жоюға бағытталған қажетті шаралар
қолданылады.
Басқаруды жетілдіруде, нарықтық экономиканы қалыптастыруда, жеке
меншіктердің санының көбеюі, ішкі экономикалық қызметтің дамуы жағдайында
бухгалтерлік есеп қызметінің мәні арта түседі. Есепке алудың ғылыми жүйесі
банк мүлкін түгендеу жолымен жүзеге асырылатын жеке меншік құрамындағы
өзгерістерді де анықтайды.
Ақпараттық қызмет мақсаты - ресурстар бойынша және олардың тиімді
пайдаланылуы бойынша лайықты қаржылық ақпарат беру болып табылады. Бұл
ақпарат қаржылық есеп беруде қарастырылады. Қаржылық есеп беруді дайындауда
бухгалтер ақпа-раттың кімге арналғанын ескеруі керек. Ақпарат алдыңғы
болжамдарды дәлелдегенде немесе түзету енгізгенде үлкен рөл атқарады.
Шешімді көбінесе жеке адам қабылдамайды. Бір шешімнің нәтижесі туралы
ақпарат келесі шешімді қабылдау үшін пайдаланылады. Бұндай үдеріс кері
байланыс деп аталады. Бухгалтерлік ақпараттардың көмегі арқылы
көрсеткіштердің нақты мәнін ашатын кері байланысты пайдалана отырып,
жоспарлы көрсеткіштердің орындалуына, стандарттар, нормалар және
нормативтер ресурстардың тиімді пайдаланылуына бақылау жасау, әр түрлі
кемшіліктерді көрсетуге, банктің резервін анықтауға, оларды іске қосу және
пайдалану жолдарын анықтауға болады.
Аналитикалық қызмет жүргізілуі бухгалтерлік есептің барлық бөліміне,
соның ішівде меншікті және тартылған ресурстарды пайдалануға, банктік
өнімдерге, қызмет шығындарына т.б. талдау жасауға мүмкіндік береді. Есеп
жүйесін және Бухгалтерлік есеп заңының талаптарын жауап беретін және
жоғарыда көрсетілген міңцеттердің орывдалуын қамтамасыз ететін бухгалтерлік
есепті ұйымдастыру құруды банк басшысы туралы жүзеге асырады.
2. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП АҚПАРАТ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ. АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР

Бухгалтерлік есеп шаруашылық-қаржылық қызмет пен шешім қабылдаушы
адамдар арасындағы байланыстырушы буын қызметін келешекте пайдалану үшін
тіркеп, атқарады. Ол қаржылық-шаруашылық қызметін ол туралы мәліметтерді
қажет уақытқа дейін сақтайды, одан кейін тиімді ақпарат алу үшін оларды
өндейді және есеп беру арқылы ақпараттарды оларды шешім қабылдау үшін
пайдаланушыларға береді. Шаруашылық қызметі туралы мәлімет, бухгалтерлік
есеп жүйесіне кіруді білдіреді, ал шешім қабылдаушы тұлғалар үшін пайдалы
ақпарат одан шығу жолы болып табылады. Сондықтан бухгалтерлік есеп
ақпараттары біз ойлағаннан гөрі айтарлықтай кең көлемде пайдаланылады.
Пайдаланушылар әр түрлі адамдар санаты болуы мүмкін, мысалы, инвестицияны
жүзеге асыратын немесе несие беретіндер, бірлескен экономикалық әрекет
иелері болуы мүмкін. Маңызды басқару шешімін қабылдарда бұл адамдар
субъектінің қаржылық және басқа да есеп берулеріне сүйенеді.
Ақпаратты пайдаланушылар мынадай топтарға бөлінеді:
- субъектіні басқарушылар;
- субъектіден тыс, бірақ тікелей қаржылық мүддесі барлар;
- субъектіге жанама қаржылық мүдделілік білдіретін топтар мен
агенттіктер.
Субъектіні басқарушылар - олар банк қызметін басқаруда және банк
алдында тұрған мақсаттарға жетуіне толық жауап беретін компания адамдары -
әкімшілік. Банктің алдына қоятын мақсаттары жеткілікті, бірақ оның
жетістіктерге жетуіне және қатаң бәсекелестік жағдайында төтеп беру
қажеттігі әкімшілікті негізгі екі мақсатқа: яғни пайдалылық пен өтімділікті
нығайтуға барлық күшін жұмылдыруын талап етеді.
Тиімді жұмыс жасайтын менеджерлер бухгалтерлік есеп мәліметтеріне және
олардың талдауын негізге ала отырып шешімдер қабылдайды. Сондықтан
әкімшілік бухгалтерлік ақпаратты басты пайдаланушылардың бірі болып
табылады. Менеджер бухгалтерлер алдына келесі сұрақтарды қояды: соңғы
тоқсанда банктің таза пайдасының көлемі қандай; пайда нормасы иелерінің
күткеніне лайық па; банктің ақшақаражаттары жеткілікті ме.
Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар. Бухгалтерлік есептің тағы
бір қызметі - жалпыға арналған қаржылық есептен алынған банк жұмысының
нәтижесі туралы ақпараттарды

І-сурет. Бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушылар

беруі, онда мынадай мәліметтер алуға болады: пайда табу жоспарында
қаншалықты тиімді мақсатқа қол жетті және банктің өтімділігі қандай
кредиторлар пайыз төлеу үшін және кейін қарыздарын өтей алуға банкте ақша
барлығын білгісі келеді.
Жанама қаржылық мүдделігі бар пайдаланушы. Кейінгі уақытта қоғам
тұтастай, үкімет қызметкерлері және қоғамдық топ тұлғалары, бухгалтерлік
ақпараттарды маңызды пайдаланушылар болып табылады (1-сурет).
Салық органдары салықтың төленуінің және аударылуының дұрыстығын
бақылайды. Әрбір салық бойынша заңға сәйкес салық декларациясын жасау
немесе есеп айырысу және өте күрделі қаржылық есеп беру талап етіледі.
Демек, бухгалтерлік есеп ақпараты және банктің қаржылық есебі, банктің
қаржылық тұрақтылығына және пайдалылығына мүдделі тұлғалар және мекемелер
үшін өте маңызды. Мұндай жағдайда, бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларға
жататындар:
- мемлекеттік реттеуші және бақылаушы органдар, әсіресе
бірінші кезекте Ұлттық банк;
- банк иелері немесе акционерлер;
- банк директорлары, жетекшілері және қызметкерлері;
- банк клиенттері.
Банк қаржылық есептілікті мемлекеттік реттеуші органдарға ұсынады,
оларға Ұлттық банк, Мемлекеттік салық инспекциясы, Мемлекеттік салық
полициясы, Қаржы министрлігі жатады.
Акционерлер немесе банк иелеріне банктің қаражатты қалай тартып,
оларды қалай пайдаланып жатқаны және салынған қаражаттан қандай нәтиже
күтуге болатындығын түсіну үшін қаржылық есеп ақпараттары өте қажет.
Директорлар үшін, яғни банк әкімшілігі үшін күнделікті банк
активтерін, міндеттемелерін, табыстарын, шығыстарын және капитал келемін
біліп отыру қажет.
Банк клиенттері үшін оның қаржылық міндеттемелерінің орын-дауы,
сонымен қатар клиенттерге оның бірінші талабы бойынша қаражат беру
мүмкіндігін білу маңызды. Төлемқабілеттілік - банк активтерінің банк
пассивтеріне қатысты артықшылығы және капиталдың жеткіліктілігі. Қаржылық
есеп көрсеткішінің нашарлауы жағдайында клиенттер өздерінің қаражаттарын
айтарлықтай сенімді қаржы мекемелеріне аударуы мүмкін. Демек, қазіргі
бухгалтер шоттарды жүргізумен ғана айналысып қоймайды, сонымен қатар
жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау және жетекшілердің көңілін аудару,
бағалау, қызметке қадағалау және аудит сияқты кең көлемдегі қызметтермен
айналысады. Ол есеп ақпаратын пайдаланушының ішкі және сыртқы тұтынушы
екеніне қарамастан барлық қажетін қанағаттандыруға міндетті. Сонымен,
бухгалтерлік есеп - бұл өзіндік мақсат емес. Бухгалтерлік есеп - бұл
белгілі бір субъект жөніндегі қаржылық ақпаратты беру, өлшеу, өвдеуді
жүзеге асыратын жүйе болып табылады. Бұл ақпарат пайдаланушыға фирманың
шаруашылық қызметін жүзеге асыруда шектеулі ресурс-тарды тиімді
пайдаланудың балама жолдарын таңдауда негізгі шешім қабылдауға мүмкіндік
береді.
3. БАНКТЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ЕСЕБІ
Есеп-қаржылық және басқару есептері болып бөлінеді. Баскару есебі
басқарушылардың ішкі пайдалануы үшін өлшеніп, өнделіп берілетін есеп
ақпараттарының барлық түрін қамтиды. Қаржылық есеп банктің ішіндегі
басшылықтан тыс, сырттағы қажет етушілер пайдаланатын есептік ақпаратты
қамтиды.
Бухгалтерлік қызметкер ұсынатын ішкі аналитикалық, есеп беруді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктегі есеп және есеп беру негіздері
Қаржылық есеп беруді жасау
Қаржылық есеп берудiң экономикалық мазмұны
Банктегі бухгалтерлік есептің шоттар жоспарының ерекшеліктерін сипаттау
Бухгалтерлік есептің пайда болу теориялары
Негізгі құралдарды және материалды емес активтерді тіркеу
Материалдық қорлар
Кәсіпорынның қаржысы. Қаржылық есеп принциптері
Қаржылық есеп берудің элементтері
Банктегі бухгалтерлік есептің пәні мен міндеттері
Пәндер