Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша - кредит саясаты
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 6
1.1. Жалпы сипаттама 6
2-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-кредит
саясаты 12
2.1. Ақша айналысын басқару 12
2.2. Ақша-кредит саясатының құралдары 16
Қорытынды 29
Пайдаланылған әдебиет тізімі 30
Кіріспе
Орталық банктер елдің барлық кредит жүйесінің бас үйлестіруші және
реттеуші органының ролін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық
басқарудың мемлекеттік органы болады. Олардың бас ролі мемлекет берген кең
өкілеттіктермен негізделген.
Орталық банк елдік эмиссиялық, резервтік, кассалық орталығы болып
табылады, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, “банктердің бас
банкі” ролін атқарады, ақша-кредит және валюта саясатын айқындайды; оның
қызметінің негізгі мақсаты – пайда табу емес, елдің ақша-кредит саясатын
және кредиттік жүйеге басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет берген эмиссиялық құқыққа ие Орталық банк экономиканы
тұрақтандырудың, тауар-ақша тұрақтандырудың жалпы мемлекеттік саясатты
жүргізеді.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады. Оның қызметінің басты мақсаты
пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк
жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен
біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің
тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” ҚР Заңы бойынша ҚР
Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және
республиканың банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. КСРО Мемлекеттік
банкінің бұрынғы Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі болып қайта құрылды. Ол күнделікті клиенттерге қызмет көрсететін
әдеттегі мемлекеттік банкіден орталық эмиссиялық банкіге айналып,
“банктердің бас банкі” болды.
Іс жүзінде барлық кассалық резервтер Ұлттық Банкіде шоғырланатынын
және олардың шаруашылық айналымға түсімдері Ұлттық Банктің мекемелері
арқылы коммерциялық банктердің кассасын толықтыру арқылы болатынын
білдіреді.
Ұлттық Банк – өзінің алтын-валюта резервтерін, басқа да материалдық
құндылықтарды қоса алғанда, ақша резервтерін құрайтын оқшауланған мүлікке
ие заңды тұлға. Мүліктің қалыптасуының көздері банк қызметінен алынған
кірістер мен шығыстар, бағалы қағаздардан түскен кірістер, тиісті
бюджеттерден алынған дотациялар болып табылады.
Ұлттық Банк іс жүзінде унитарлық орган болып табылады. Мемлекет –
жарғылық қордың жалғыз жазылушысы және иесі. Негізгі қорлар үй-жайлардан,
ғимараттардан, жабдықтан, көлік құралдарынан және басқа да құндылықтардан
тұрады, ал айналым қаражаты – банкке тиесілі өзінің ақша қаражатынан.
Ұлттық Банк резервтік және басқа қорларды құрады. Резервтік қор жарғылық
қор мөлшерінде қалыптасады, өз табысы есебінен толықтырады және осы қор
жөніндегі ережеге сәйкес жүргізетін операциялар бойынша залал мен
шығындарды өтеуге арналған.
Ұлттық Банктің қаржы жылы ішіндегі табысы осы қаржы жылына қатысты
кірістер мен шығыстар арасындағы айырма ретінде айқындалады, оған
активтердің амортизациясын есептен шығару жатады; оның ішінде мерзімі бір
жылға амортизациялануы мүмкін банкноттар мен металл ақшаны шығару құнының
бір бөлігі. Жарғылық, резервтік және басқа қорларды қалыптастырғаннан кейін
қалған табыстың бөлігі республикалық бюджетке аударылады.
1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
1.1. Жалпы сипаттама
Қазіргі уақытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып қалыптасты.
Бұл барлық нарықтық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің құрамына
сәйкес келеді Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк жүйесінің бас
буыны Қазақстан Рсспубликасының Ұлттық банкі тұр. Басқа да экономикасы
өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің жұмысын
реттейтін негізгі құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар Жарлығы.
Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын
еліміздің конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де президент
шығарған құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкісі
дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек Қазақстанның Президентіне бағынады.
Осыған байланысты:
- Парламенттің келісуі мен Ұлттық банкінің төрағасын Президент
тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банктің төрағасының ұсынуы мен Ұлттық банктің төрағасының
орынбасарларын Президент тағайындайды және босатады;
- Ұлттық банкісінің жылдық есебін Президент бекітеді.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі өзінің құзіретінің шегінде
тиісті құқықтық, нормативтік құжаттар шығарады. Оларды барлық банктер және
банктің, кейбір операциясын жүргізе алатын бірақ "банк" деген мәртебесі
жоқ, ұйымдар орындауға міндетті.
Ұлттық банк Қазақстан аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін
және өкілдіктерін ашуға құқықты. Оған өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын
басшылыққа алуға болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басты мақсаты ішкі және
сыртқы нарықтарда ұлттық валютаның - теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сонымен қатар, оның алдында төмендегі мақсаттар тұр:
- елдің экономикасының дамуына, оның дүниежүзілік экономика мен
бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп
айырысуға, валюталық қарым-қатынастарға байланысты мемлекет саясатын
дайындау және оны іске асыру;
- ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақтылығына көмектесу;
- Банк жұмысын реттеуге және қадағалауға керекті нормативтік құқықтық
құжаттар шығарып, қарызгерлердің және банктің барлық клиенттерінің мүддесін
қорғау;
Аталмыш Заңның 8-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісіне көптеген және әр түрлі атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең
бастылары:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру және құнды қағаздар
шығару жолы мен айналымдағы ақша жинағын реттеу;
Ол (Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және
монеттер шығаратын жалғыз мекеме;
- Үкіметпен келісе отырып оның қарызына қызмет көрсетуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының аумағында банктер, олардың бөлімдері мен
өкілдіктерін ашуға рұқсат беру;
- Мемлекеттік тіркеуден өтпей тұрғанда, банктердің құнды қағаздар
шығару жобасын сараптау және олардың шығарылуы мен таратылуы жөніндегі
есептерін бекіту;
- екінші дәрежелі банктердің жұмыстарын қадағалау және оларға
пруденциалдық (экономикалық) мөлшерліктер бекіту;
- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта қаржыландарудың
мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмендетіп республикадағы несие мөлшерлемесін
реттеу.
- есеп айырысу тәртіптерін және оның нысандарын анықтау, төлем
жүйесінің жұмысын ұйымдастыру, сонымен Ұлттық валюта теңгемен жұмысты
ұйымдастыру.
1997 жылы 11-шілдедегі №154 Заң бойынша "несие проценті" деген сөз
"сыйақы" делінетін болды. Бұл жұмыста бұрынғы дәстүрлі атымен аталған
банкаралық есеп айырысудың уақытында және үздіксіз жүргізіліп отыруын
қамтамасыз ету;
- валюталық операцияларды реттеу және валюталық бақылау ұйымдастыру,
Республикада валюта операциясының барлық түрін жүргізу;
- қолма-қол ақша мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және
кассаға жинау;
- екінші дәрежелі банктердің кадрмен қамтамасыз етілуіне қатынасу;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жалғыз қазына шотына
қызмет көрсету;
- елдің төлем балансын дайындау және жүргізу т.б.
Халықаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым
орындайды: Реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зерттеуші. Осындай жағдайда
Орталық банктің атқарымдары бірімен бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан
екінші атқарым шығады.
Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
атқарымдары осы үш атқарымның нақтылауы болып табылады және халықаралық
практикаға қайшы келмейді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң, басқа банктерге
байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы
банктер және банк қызметтері туралы" Заңда, екінші дәрежелі банктер және
басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері
анықталады (бұл заң жөнінде келесі тарауда толығырақ айтылады).
Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың
ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай
тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік
факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға
болады:
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің
қатынасы;
- Банктің басқарушынар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту
дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;
Орталық, банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама
қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып
талдасақ оның, тәуелсіздігінің дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені,
біріншіден оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден
жоғарыда айтылғандай, банктік басқарушылар құрамын толығымен елдің
Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің
басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға
сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 13 банктің аппаратынан тыс
адамдар; Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен
міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған.
Оның ішінде, Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған.
Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің өзінің табысын өз
бетінше бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш Заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының
бір бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға,
енді бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға (екеуі де мемлекет меншігі
екенін айтқанбыз), ал, қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.
Жоғарыда көрсетілген параметрлерге қарағанда мемлекеттен
тәуелсіздіктің ең жоғарғы дәрежесі АҚШ-тың орталық банкісінің атқарымын
орындайтын Федералдық Резервтік жүйесінде екен.
Оның өзінің дербес бюджеті бар. Өзінің қызметінің шығындарын өзінің
табысымен қаржыландырады. Барлық шығындарын жапқаннан кейін, мүшелеріне
дивиденд төлеп болғаннан кейін, Үкімет қазынасына жыл сайын 15-20 млрд.
долларға дейін ақша өткізеді. Оның міндеттері елдің заңдарында жалпылай
ғана тұжырымды айтылған. АҚШ-тың Федералдық Резервтік жүйесінің мемлекеттен
тәуелсіздігін ел Президентінің оған ешқандай бұйрық бере алмайтындығынан,
оның басқарушы қызметкерлерін орнынан алуға құқықсыз екендігінен де көруге
болады. Дәл осылай болмағанмен, жоғары дәрежелі тәуелсіздік Германия мен
Швейцарияның Орталық банктерінде де бар. Бұл елдердің Заңдарында
мемлекеттің ақша саясатына араласу құқығы көрсетілмеген. Ең төменгі
дәрежелі тәуелсіздік Франция мен Италияның Орталық банктерінде. Бұл елдерде
Орталық банктер Үкіметтің шешімдерін басшылыққа алып, оларды іске асырады.
Екінші дүниежүзіліх соғыстан кейінгі жылдарда, Францияның банкісі,
толығымен қаржы Министрлігінің әсерінде.

саясаты
2.1. Ақша айналысын басқару
Ұлттық Банк – борышты төлеуге қабылдауға міндетті елдегі жалғыз заңды
төлем құралы банкноттарды шығарудың эмиссиялық құқығына ие жалғыз
мемлекеттік орган. Олар қолма-қол ақшасыз баламасын алумен банктерге сату
нысанында Ұлттық Банк эмиссиясында орындалады. Қазақстан Республикасының
ресми ақша бірлігі теңге болып табылады.
Ұлттық Банк банкноттар мен металл ақшаның қажетті санын белгілейді,
олардың шығарылуын қамтамасыз етеді, оларды сақтау, жою және қолма-қол ақша
қаражатын инкассациялау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен металл ақша
номиналдық құрамына, нысанына және әшекейленген графикаға ие болуы тиіс.
Валютаны айырбастау құқығына ҚР Жоғары кеңесі ие. Ұлттық валютаның қызмет
ету тәртібін, мерзімін және талаптарын белгілеу құқығы ҚР Президентіне
тиесілі.
Ұлттық Банк ҚР ұлттық валютасының шетел мемлекеттерінің ақша
бірліктеріне айырбас бағамын айқындау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы банктердің кассаларына тұрақты қайтару
арқылы жүреді. Ұлттық Банкке қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру
жүктелген.
ҚР ақша банкноттарын шығару бойынша өз қуаттарын енгізуге және
коммерциялық банктерге ақшаны инкассациялауға лицензияны беруге байланысты
қолма-қол ақшамен жағдай 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда күрт
өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат
қалдығы шегінде қосымша қолма-қол ақшаны алады, мұндайда операциялық
кассадағы қолма-қол ақша қалдығының шектеуі белгіленбейді.
Эмиссия – мемлекеттің банкноттарды, металл ақшаны, бағалы қағаздарды
шығаруы. Ол қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз да болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша нысанындағы эмиссия айналысқа қосымша банкноттар мен
металл ақшаны шығаруды білдіреді.
Қазақстандағы қолма-қол теңге эмиссиясының елеулі көлемінің ең басты
себебі кәсіпорындар арасында әдеттегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың
қолма-қол ақшаға ішінара ауысуы болып табылады, бұны теріс құбылыс деп
санауға болады.
Бірақ 1995 жылдың өзінде-ақ жағдай өзгере бастады, кассалық
түсімдердің кассалық шығыстармен салыстырғанда өсуі нәтижесінде банктер
кассаларында берілетін қолма-қол ақша эмиссиясының үлес салмағы қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік-несиелік операциялар
процесінде жүзеге асырылады. Банктердегі депозиттер сомасы кредиттік ақшаны
құру үшін олардың потенциалын құрады. Соңғылары банк салымдарды чектердің
эмиссиясы немесе заемдарды ұсыну арқылы шоғырландырған кезде құрылады. Осы
операцияның нобайы мынадай: 100 ақша бірлігі депозитіне міндетті резерв 15
ақша бірлігі құрады; қалған 85 ақша бірлігін банк заемдарға айналдыруы
мүмкін. Сонда айналыстағы ақша массасы мынадай болады: 100 + 85 = 185 ақша
бірлігі, бұл 85 ақша бірлігі сомасына жаңа ақша құруды білдіреді. Осылайша
құрылған ақша өз кезегінде басқа депозиттердің пайда болуына әкелп соғады,
олар өздері ақша эмиссиясының себебі болуы мүмкін. Ақшаның мультипликативті
кеңеюі болады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын Ұлттық Банк ақша базасы сияқты ақша
агрегатына және ақша мультипликациясына бақылау жасау арқылы жүзеге
асырады.
Ақша базасы – Ұлттық Банк құратын ақша. Оған айналыстағы қолма-қол
ақша, міндетті және артық резервтер кіреді. Міндетті резервтер, өз
кезегінде, банктер депозитивтерінің бір бөлігін білдіреді, оларды
белгіленген нормативтерге сәйкес Ұлттық Банктің арнайы шотында немесе
өзінің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында (Ұлттық Банктің рұқсаты
бойынша тек қаржылай тұрақты банктер қолданатын резервтеудің альтернативті
тәсілі) сақтауы тиіс. Артық резервтер – Ұлттық Банктегі корреспонденттік
шотындағы өзге қалдықтар.
Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі банктердегі корреспонденттік
шоттардағы қаражаттың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк ақша
базасының көлемін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі
корреспонденттік шоттарындағы қаражат көлемін реттеу арқылы, яғни
банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.
Бұл ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалану арқылы жүзеге
асырылады. Осы құралдар ақша мультипликаторының көлеміне әсер етеді, ол
массаның ақша базасына кеңею шегін көрсетеді.
Ақша мультипликаторының көлемі міндетті резервтеу нормасына тәуелді
болады, өйткені міндетті резервтерді банктер кредит ресурстарының көзі
ретінде пайдаланбайды, сондай-ақ айналыстағы қолма-қол ақшаның үлес
салмағына тәуелді болады. Бұл айналыстағы қолма-қол ақша банктерден тыс
бола отырып, мультипликацияланбайтынына байланысты. Айналыс жылдамдығына
ақша мультипликациясының қарқыны әсер етеді.
Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығын (бұл жағдайда төлемдердің
банк жүйесі арқылы өту жылдамдығы назарға алынбайды) Ұлттық Банк тікелей
реттемейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-
кредит саясаты үшін маңызы бар. Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығының
төмендеуі ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық
кредиттік салымдардың өсуі туралы айтады, бұл экономиканың жалпы алғанда
тұрақтануы, халықтың ұлттық валютаға сенімінің артуы кезінде мүмкін болады.
Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға сенімсіздік
көрсеткіші болады және ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен,
ұзақ мерзімді жинақ ақшаның төмен үлес салмағымен, шаруашылық
субъектілерінің ұлттық валютадан тезірек құтылуымен және оны сенімді
активтерге аударумен ілесе жүреді.
Ақша айналысы жылдамдығының көлемінен экономиканың монетаризация
деңгейіне тәуелді болады, ол ақша массасының ІЖӨ қатынасын белгілейді.
Айналыс жылдамдығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым монетаризация деңгейі де
жоғары болады.
1989 ж. Франциядағы монетаризация деңгейі 68,5%, Германияда – 64,5%,
Ұлыбританияда – 89,1%, АҚШ-та – 77,5% және Жапонияда – 116,7% болды. 1995
ж. Қазақстанда монетаризация деңгейі шамамен 12% болды, бұл жеткіліксіз
еді.
2.2. Ақша-кредит саясатының құралдары
Проценттік саясат ақша-кредит саясатының бірден-бір құралы болып
табылады. Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың бірыңғай ставкасын белгілейді,
ол ақша рыногының жалпы жағдайына, кредиттер бойынша сұраныс пен ұсынысқа,
инфляция деңгейіне және инфляциялық күтілімдерге тәуелді болады. Ұлттық
Банк өзінің проценттік саясатын мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру
мақсатында нарықтық проценттік ставкаларға әсер ету үшін қолданады. Қайта
қаржыландыру ставкасын белгілеген кезде Ұлттық Банк проценттік ставкаларды
оң ұстауға сүйенеді.
Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін проценттік саясаттың негізгі
мақсаты оны кредитке деген сұраныстың төмендеуін қамтамасыз ететін деңгейге
көтеру болды, ал соның артынан ақша массасының өсімін, тиісінше инфляцияны
төмендету болды. Жоғары проценттік ставкалар, нақты айтқанда проценттер
бойынша төлемдер – шығыстың бірден-бір құрамдас бөлігі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz