Жаза ұғымы мен оның түрлері


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ЖАЗА ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Жаза ұғымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2.А Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2.Б Жаза тағайындаудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІІ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

2.1 Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі ... ... ... ... .37
2.2 Есі дұрыс емес деп танылған бірнеше адам өлтірушіге тағайындалатын жазаның жеңілдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
2.3 Өлім жазасының әйелдерге және 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған қылмысына сәйкеc жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте көзделгендей адамды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза – өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 – бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».
Яғни жазаның мақсаты:
а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
б) сотталғанды түзеу;
в) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтандырудың мақсаты);
г) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес, жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына келтіруге єрект жасауға тиіс.
1. Беляев Н.А. Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б.
2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б.
3. Тарбагаев А.Н. Понятие и цели уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б.
4. Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б.
5. Карпец И.И. Көрсетілген жұмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. – М., 1973.- 6 б.
6. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б.
7. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б.
8. Карпец И.И. Индивидуализация наказания/ И.И. Карпец. – М., 1962.- 27 б.
9. Ефимов Е.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания/ Е.А. Ефимов. - М., 1963. – Б. 6.
10. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский. – М., 1958. – Б. 156-157
11. Ломако В.А. Применение угловного осуждения/ В.А. Ломако. – Харьков, 1976. – 27 б.
12. Ткачевский Ю. М. Освобождение от отбывания наказания/ Ю. М. Ткачевский. – М., 1970.- 20 б.
13. Анашкин Г.З. Условное осуждение и практика его примененш/ Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская, В.С. Минская. – М., 1981, 116.
14. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская, В.С. Минская. Көрсетілген жұмыс. – Б.6.
15. Кейбір мәліметтерге қарағанда шартты түрде соттаудың 1972 жылғы өзіндік үлесі 23-25% болған. Караңыз: Наказания, не связанные с лишением свободы. – М., 1972. - 21 б.
16. Эффективность применения уеоловного закона. – М., 1973. - 124 б.
17. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская. В.С. Минская. Көрсетілген жұмыс. – Б. 24.
18. Хламов П.И. О некоторых особенностях применения наказания военнослужащим/ П.И. Хламов. – Правоведение. 1964.- N4. –Б. 74-88.
19. Г.З. Анашкин, З.А. Вышинская, В.С. Минская. Көрсетілген шығарма. — Б. 16.
20. В.А. Ломако. Көрсетілген жұмыс. – Б. 73.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Көлемі: 39 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге




МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ЖАЗА ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ
ТАҒАЙЫНДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Жаза ұғымы және оның түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2-А Жаза тағайындаудың жалпы
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2-Б Жаза тағайындаудың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ІІ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ КЕЗІНДЕ ТУЫНДАЙТЫН ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37

2.1 Аса ауыр қылмыс үшін тағайындалатын жазаның жеңілдігі ... ... ... ... .37
2.2 Есі дұрыс емес деп танылған бірнеше адам өлтірушіге тағайындалатын
жазаның жеңілдігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 39
2.3 Өлім жазасының әйелдерге және 65 жасқа толған еркектерге
тағайындалмауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..42

КІРІСПЕ

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық
заңның рөлі едәуір, ол – заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен
күресуге бағытталған. Бұл күресте қылмыс жасаған адамға, оның жасаған
қылмысына сәйкеc жаза тағайындалады. Жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша
дайындалған мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп
танылған адамға қолданылады және Қылмыстық Кодексте  көзделгендей адамды
құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады.
Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім
негізінде қолдана алады.
Қылмыс пен жаза – өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау
дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық,
материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.
Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына
және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-
жайларға байланысты.
Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты
болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру
арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.
Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының
алдында тұрған міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).
Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану
қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай
отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл
талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім
шығаруға әкеп соғуы мүмкін.
Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 – бабында былай көрсетілген: Жаза
әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу
және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан
сақтандыру мақсатында қолданылады.
Яғни жазаның мақсаты:
1) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру;
2) сотталғанды түзеу;
3) сотталған тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке
сақтандырудың мақсаты);
4) басқа адамдар тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы сақтандырудың
мақсаты).
Жаза тағайындалған әрбір жағдайда осы мақсаттар бірге қарастырылуы
тиіс.
Айыпкерге жаза тағайындағанда сот тек жәбір шеккен адамға ғана емес,
жалпы қоғамға қатысты әлеуметтік әділеттілікті біршама болса да қалпына
келтіруге єрект жасауға тиіс.
Жалпы жазаның барлық түрлері үш топқа бөлінеді: негізгі, қосымша және
балама, яғни олар негізгі болып та, қосымша болып та қолданыла алады. (ҚР
ҚК 39-бап).
Жазаның негізгі түрлеріне тек өзінше бөлек тағайындалатын жазалар
жатады, олармен басқаларды толықтыруға болмайды. ҚК-тің 39 бабына сәйкес,
жазаның мұндай негізгі түрлеріне мыналар жатады: қоғамдық жұмыстарға тарту;
әскери қызмет бойынша шектеу; бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік
әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы.
Қосымша жаза – негізгі жазамен салыстырғанда қосалқы сипаттағы жаза,
ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын
жағдайда  қолданылады.
Жазаның екі түрі ғана қосымша жазаларға жатады: арнаулы, әскери
немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дєрежеден,
біліктілік сыныбынан және мемлекттік наградалардан айыру және мүлікті
тәркілеу.
Балама жазалар қатарына айппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару
немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, яғни бұл
жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40,41-баптарында көрсетілген
жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.
Жаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,
оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың құқықтары мен
заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен
қауіпсіздігін қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық
жауаптылықтыжүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу
шараларының бірі болып табылады.
Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып қалыптасу
кезеңдерінде көптеген заңнамаларымыз жарық көрді. Осы курстық жұмыста
заңдар негізінде қылымыстың қоғамға қауіптілігіне, қауіптілік сипаты мен
дәрежесіне, қылмыскерге жаза тағайындау барысында қолданылатын заң
нормаларына, жаза тағайындаудың түрлеріне, қылмыстық жауаптылық пен жазаны
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларға тоқталамын.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы жаза тағайындау кезінде туындайтын
проблемалар мен оларды шешу жолдарын ұсынамын. Менің курстық жұмысымда
көтерген басты проблемам – ҚР және басқа да өлім жазасына мораторий
енгізілген мемлекеттердегі аса ауыр қылмыстардың көбейіп кетуі,
әділетсіздіктің артуы, адамдардың қазіргі кездегі қылмыскерге қатысты
тағайындалатын жазаға қанағаттанбауы. Осы проблемаларды неғұрлым тиімді
шешу жолдарын ұсынамын.

І ЖАЗА ҰҒЫМЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ

1. Жаза ұғымы және оның түрлері

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан ҚК-пен көзделген
айыру немесе оларды шектеу б.т.
Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған
адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар
жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді
немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді.(ҚР ҚК 38-бап).
Жазаның түрлері:
1) айыппұл салу;
2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу
құқығынан айыру;
3) қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) түзеу жұмыстары;
5) әскери қызмет бойынша шектеу;
6) бас бостандығын шектеу;
7) қамау;
8) тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
9) бас бостандығынан айыру;
10) өлім жазасы.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
1) арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
2) мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту
жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.(ҚР ҚК
39-бап).
Айыппұл ҚК-те көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау
сәтіне қолданылып жүрген АЕК-ң белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін
мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне
белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша
өндіріп алу.
Айыппұл ҚР-ң аңдарымен белгіленген АЕК-ң жиырма бестен жиырма мыңға
дейінгі шегінде немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір
жылға дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.
Айыппұлдың мөлшерін жасалған қылмыстың ауырлығы мен сотталған адамның
мүліктік жағдайын ескере отырып сот белгілейді.
Айыппұл жазалаудың қосымша түрі ретінде ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті
баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Жазалаудың негізгі түрі ретінде тағайындалған айыппұлды төлеуден әдейі
жалтарған жағдайда ол, ҚК-ң 42, 43 және 46-баптарында көзделген ережелер
сақтала отырып, қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тартумен немесе
тиісінше бір ай түзеу жұмыстары есебінен қамаумен немесе сексен сағат
қоғамдық жұмыстарға тартумен немесе айыппұл орнына тиісінше АЕК-ң үш
еселенген мөлшері есебінен он күндік қамаумен ауыстырылады.(ҚР ҚК 40-бап).
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу
құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару
органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе
өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу
құқығынан айыру жазаның негізгі түрі ретінде бір жылдан бес жылға дейінгі
мерзімге және жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі
мерзімге белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін белгілі бір белгілі бір
лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу құқығынан айыру
жазаның негізгі түрі ретінде үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге және
жазаның қосымша түрі ретінде алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге
белгіленеді.
Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен айналысу
құқығынан қосымша жаза ретінде айыру, егер сот жасалған қылмыстың сипаты
мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін және кінәлі адамның жеке басын ескере
отырып, оның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен
айналысу құқығының сақталуы мүмкін емес деп таныса, ол ҚК-ң Ерекше
бөліміндегі тиісті бапта көзделмеген жағдайда да тағайындалуы мүмкін.
Бұл жазаны бостандығын шектеуге, қамауға алуға, тәртіптік әскери
бөлімде ұстауға немесе бас бостандығынан айыруға қосымша жаза ретінде
тағайындау кезінде ол жазалаудың аталған негізгі түрлерін өтеудің барлық
уақытына қолданылады, бірақ бұл орайда оның мерзімі олардың өтелген
сәтінен бастап есептеледі. Жазалаудың басқа негізгі түрлеріне қосымша жаза
түрі ретінде белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қыметпен
айналысу құқығынан айыру тағайындалған жағдайда, сондай-ақ шартты түрде
сотталған кезде оның мерзімі үкім заңды күшіне енген сәттен бастап
есептеледі.(ҚР ҚК 41-бап).
Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негігі жұмыстан немесе оқудан бос
уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың
түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару
органдары белгілейді.
Қоғамдық жұмыстар алпыс сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейін белгіленеді
және күніне төрт сағаттан аспайтын уақытта өтеледі. Қоғамдық жұмыстардан
әдейі жалтарған жағдайда олар ҚК-ң тиісінше 45 және 46 және 48-баптарында
көзделген мерзімдер шегінде бас бостандығын шектеумен, қамауға алумен
немесе бас бостандығынан айырумен ауыстырылады. Бұл орайда сотталған
адамның қоғамдық жұмыстарды өтеген уақытын есептеген кезде, бас бостандығын
шектеудің немесе қамауға алудың немесе бас бостандығынан айырудың бір күні
қоғамдық жұмыстардың төрт сағатына есептеледі.
Әскери қызетшілерге, елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан
асқан еркектерге, жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге,
бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге қоғамдық жұмысқа тарту
тағайындалмайды.(ҚР ҚК 42-бап).
Түзеу жұмыстары екі айдан екі жылға дейін мерзімге белгіленеді және
сотталған адамның жұмыс орны бойынша өтеледі.
Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгілен
мөлшерде, бес проценттен жиырма процентке дейінгі шекте мемлекеттің
кірісіне ұстап қалу жүргізіледі.
Еңбекке жарамсыз деп танылған, тұрақты жұмысы жоқ немесе оқу орнында
өндірістен қол үзіп оқитын адамдарға түзеу жұмыстарын тағайындауға
болмайды. Мұндай адамдарға, егер ҚК-ң Ерекше бөліміндегі тиісті баптың
санкциясымен айыппұл түрінде жаза көзделмеген болса, бір ай түзеу жұмысы
үшін заңмен белгіленген бір АЕК-ке тең айыпұл сомасының есебінен сот түзеу
жұмыстарының онына айыппұл тағайындауы мүмкін. Егер аталған мән-жайлар
жазаны өтеу кезінде пайда болса, сот түзеу жұмыстарын айыппұл салумен де
ауыстыра алады.
Түзеу жұмыстарына сотталған адам жазасын өтеуден әдейі жалтарса сот
түзеу жұмыстарының өтелмеген мерзімін нақ сол мерзімге бас бостандығынан
шектеу, қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түрінде жазалауға
ауыстыра алады.(ҚР ҚК 43-бап).
Келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери
қызметшілерге, сондай-ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген
офицерлерге ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда
әскери қызметке қарсы қылыс жасағаны үшін, сондай-ақ келісім-шарт бойынша
әскери қызмет өткеріп жүрген, сотталған әскери қызметшілерге ҚК-ң Ерекше
бөлімінің тиісті баптарында көзделген түзеу жұмысының орнына үш айдан екі
жылға дейінгі мерзімге әскери қызмет бойынша шектеу тағайындалады.
Әскери қызмет бойынша шектеуге сотталған адамның үлес қаражатынан
соттың үкімімен белгіленген, бірақ жиырма проценттен аспайтын мөлшерде
мемлекеттің кірісіне ақша ұсталып қалады. Осы жазаны өтеу уақытында
сотталған адамның лауазымын, әскери атағын көтеруге болмайды, ал жаза
мерзімі кезекті әскери атақ беру үшін еңбек сіңірген жылдар мерзіміне
есептелмейді.(ҚР ҚК 44-бап).
Бас бостандығын шектеу соттың сотталған адамға оның бас бостандығын
шектейтін белгілі бір міндеттер жүктеуінен тұрады және қоғамнан оқшауламай
бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімге мамандандырылған органның
қадағалауымен оның тұғылықты жері бойынша өтеледі. Өзге жаза бас
бостандығын шектеуге ауыстырылған жағдайда, ол бір жылға жетпейтін мерзімге
тағайындалуы мүмкін.
Сот бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындай отырып, сотталған
адамға: мамандандырылған органға хабарламай тұрақты тұратын, жұмыс істейтін
және оқитын жерін өзгертпеу, мамандандырылған органның рұқсатынсыз белгілі
бір жерге бармау, оқудан және жұмыстан бос уақытта тұрғылықты жерінен
кетпеу, басқа да жерлерге бармау міндеттерін орындауды жүктейді. Сот, бас
бостандығын шектеуге сотталған адамға оның түзелуіне ықпал ететін басқа да
міндеттерді орындауды: алкогольге салынудан, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан,
жыныс жолдары арқылы жұғатын аурулардан емделу курсынан өтуді, отбасын
материалдық қолдауды жүзеге асыруды жүктей алады.
Бас бостандығын шектеуге сотталған адам жазаны өтеуден қасақана
жалтарған жағдайда сот бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін нақ сол
мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыра алады. Бұл
ретте бас бостандығын шектеуді өтеу уақыты бас бостандығын шектеудің бір
күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебінен бас бостандығынан
айыу мерзіміне есептеледі.
Бас бостандығын шектеу ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін
сотталғандығы бар адамдарға, әскери қызметшілерге, сондай-ақ тұрақты
тұратын жері жоқ адамдарға қолданылмайды.
Бас бостандығын шекеу түріндегі жазаны өтеу кезеңінде сот сотталған
адамның мінез-құлқын қадағалауды жүзеге асыратын органның ұсынысы бойынша
сотталған адамға бұрын белгіленген міндеттердің күшін толық немесе ішінара
жоя алады.(ҚР ҚК ҚР ҚК 45-бап).
Қамау сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамнан
қатаң оқшаулау жағдайында ұстау б.т.
Қамау бір айдан алты айға дейіінгі мерзімге белгіленеді. Қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары немесе айыппұл салу қамаумен ауыстырылған
жағдайда ол кемінде бір ай мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Қамау үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ
жүкті әйелдер мен кәмелетке томаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.
Әскери қызметшілер қамауды абақтыда өткізеді.(ҚР ҚК 46-бап).
Шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген әскери
қызметшілерге, сондай-ақ қатардағы және сержанттық құрам қызметтерінде
келісім-шарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілерге,
егер олар сот үкім шығарған кезде заңда белгіленген шақыру бойынша қызмет
өткеру мерзімін бітірмесе, тәртіптік әскери бөлімде ұстау тағайындалады.
Бұл жаза әскери қымыстар жасағаны үшін ҚК-ң Ерекшке бөліміндегі тиісті
баптарда көзделген жағдайда, сондай-ақ сот істің мән-жайы мен кінәлінің
жеке басын ескере отырып, екі жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан
айырудың орнына дәл сол мерзімге тәртіптік әскери бөлімде ұстаған дұрыс деп
тапқан жағдайда үш айдан екі жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Бас
бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау бұрын бас
бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеген адамдарға қолданылмайды.
Бас бостандығынан айырудың орнына тәртіптік әскери бөлімде ұстау
кезінде тәртіптік әскери бөлімде ұстау мерзімі тәртіптік әскери бөлімде
ұстаудың бір күні үшін бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен
белгіленеді.(47-бап).
Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысқа жіберу, жалпы, қатаң,
ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен
оқшаулаудан тұрады.
Үкім шығару кезінде он сегіз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға
сотталған адамдар жалпы немесе күшейтілген режимдегі тәрбиелеу
колонияларына орналастырылады.
ҚК-те көзделген қылмысарды жасағаны үшін бас бостандығынан айыру алты
айдан он бе жылға дейін, ол ҚК-ң 49-бабының бірінші бөлігінде аталған
ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына
белгіленеді. Абайсызда жасалған қылмыс үшін бас бостандығынан айыру он
жылдан аспауы тиіс. Қоғамдық жұмыстарға тартуды, түзеу жұмыстарын немесе
бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол
аты айға жетпейтін мерзімге тағайындалуы мүмкін. Қылмыстардың жиынтығы
бойынша жаза
Тағайындау кезінде бас бостандығынан айыру мерзімдерін ішінара немесе толық
қосқан жағдайда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзімі ҚК-ң 49-
бабының үшінші бөлігінде, алпыс тоғызыншы бабының бесінші бөлігінде және 75-
бабының төртнші бөлігінде көзделген жағдайларда жиырма бес жылдан, ал
үкімдердің жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиіс.
Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса
ауыр қылмыс жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде ғана
белгіленеді және сот өлім жазасын қолдануға болады деп ұйғарған жағдайларда
тағайындалуы мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ
он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығарылу сәтіне
алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.
Бас бостандығынан айыру:
1) абайсызда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған
адамдарға – колония-қоныстарға;
2) қасақана кішігірім немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны
үшін бас бостандығынан айыруға тұңғыш рет сотталған адамдарға және
қоғамдық жұмыстарға, түзеу жұмыстарына тарту немесе бас бостандығын
шектеу алты ай мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған
адамдарға – жалпы режимдегі түзеу колонияларына;
3) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бастандығынан айыруға тұңғыш рет
сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан
айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы кезінде және
қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде әйелдерге – қатаң
режимдегі түзеу колонияларына;
4) қылмыстардың аса қауіпті қайталануы кезінде, сондай-ақ өмір бойына бас
бостандығынан айыруға сотталған адамарға – ерекше режимдегі түзеу
колонияларына тағайындалады.
Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас
бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса
қауіпті қайталаны кезінде жаза мерзімінің бір бөлігін түрмеде өтеу түрінде,
бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.
Үкіммен тағайындалған түзеу мекемесінің нысанын өзгертуді ҚР-ң
құқықтық-атқарушылық заңдарына сәйкес сот жүргізеді.(ҚР ҚК 48-бап).
Өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр
қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік
сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және
ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде
қолданылуы мүмкін.
Өлім жазасы әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған
адаммдарға және сот үкім шығарған сәтте алпыс бес жасқа толған еркектерге
тағайындалмайды.
ҚР-ң Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім
жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла
тұрады.
Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сәттен бастап бір
жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші
жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өкеннен кейін орындалады.
Өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу
колониясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма
бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім
жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші
жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне
немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы
бар.(ҚР ҚК 49-бап).
Ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін соттау кезінде сот
айыпкердің жеке басын ескере отырып, оны құрметті, әскери, арнаулы немесе
өзге де атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік
сыныбынан айыра алады.
ҚР-ң мемлекеттік наградалары, сондай-ақ ҚР-ң Президенті берген
құрметті, әскери, арнаулы немесе өзге де атағы, сыныптық шені,
дипломатиялық дәрежесі немесе біліктілік сыныбы бар адамды ауыр немесе аса
ауыр қылмысы үшін сотталған ретте сот үкім шығарған кезде ол сотталған
адамды осы наградалардан, атақтардан, әскери шенінен, дипломатиялық
дәрежесінен немесе біліктілік сыныбынан айыру туралы ҚР-ң Президенті ұсыныс
енгізудің орындылығы туралы мәселені шешеді.(ҚР ҚК 50-бап).
Мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі боп табылатын
мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз
алу.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның
меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған
қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне
берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.
Мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін
белгіленеді және ҚК-ң Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген
жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық-атқарушы заңдарда көзделген тізбеге сәйкес сотталған немесе
оның асырауындағы адамдарға қажетті мүлік тәркіленбеуге тиіс.(ҚР ҚК 51-
бап).

1.2 Жаза тағайындаудың жалпы негіздері мен түрлері

1.2-A Жаза тағайындаудың жалпы негіздері

Жаза тағайындау — жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау
үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.
Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және
маңызды саты болып табылады. Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру
сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге,
қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу
көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады.
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік
принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан
Республикасы Жоғарғы Соты Пленумьшың 1999 жылғы 30 сәуірдегі Қылмыстық
жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы № 1 қаулысында
былай делінген:
Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот
алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға
жатпайды және қылмыстық жазаға тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа
ала отырып, соттар қылмыстың түрі мен ауырлығына, айыптының қызметтегі және
коғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес бұлжытпай
шешуі қажет екендігіне жете назар аударуға тиіс. Заңның бұзылуын ештеңе де
ақтай алмайды. Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттар ҚК-тің 52-бабында
көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы кағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-
ақ сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын;
рецидивтің болуын және оның түрін; сотталушының кылмыстық әрекеті қай
сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық
қауымдастық жасаған жағдайда сотталушының қатысу дәрежесін; қылмыстық
мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе
келтірілуі мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын;
жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды; сол қылмыс үшін
көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты
соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған
адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға,
сондай-ақ әйелдерге қылмыстық жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін
ескере отырып, соттар сотталушылардың жынысын және жасын ескеруі қажет.
Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған
жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында
көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген
қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты есепке алынады.
Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп
танылады.
Қылмыс жасаған адамға белгілі бір жазаны жеке дара тағайындау Жаза
тағайынаудың жалпы негіздері деп аталатын    арнайы    ережелерге сәйкес
жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы
негіздері көрсетілген.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері дегеніміз - әрбір нақты іс бойынша
жаза тағайындау кезінде сот басшылыққа алуы тиіс заңмен бекітілген
белгілер. Қылмыстық заңда жаза тағайындаудың жалпы негіздері ретінде
жазаның әділеттілігі, мақсатқа лайықтылығы, тиімділігі айтылады. Қылмыстық
кодекстің 52-бабы 1-бөлігінде Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға ҚК-
тің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және ҚК-тің Жалпы
бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады делінген.
Жаза егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға қауіптілік сипаты
мен дәрежесіне, кінәлінің жеке тұлғасына және қылмысты жасау жағдайларына
сәйкес тағайындалатын болса әділетті деп танылады. Мұнда сәйкес термині
бір ғана  ұқсастық емес, тепе-теңдік деген мағынада қолданылады, яғни жаза
қылмысқа сыртқы формальды жағынан емес, әлеуметтік жағынан және
арифметикалық жағынан емес, заңдық жағынан тең болуы керек дегенді
білдіреді. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы,
сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз
жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады.
Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған
қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың
түріне ҚК-нің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі
керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғышарты ретінде
қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қате
әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады.
Жазаның мақсатқа лайықтылығы дегеніміз - соттың тағайындаған мәжбүрлеу
шарасының сотталған адамға оң ықпал етуге сәйкес келу талабын білдіреді.
Соттың таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол    жеткізудің жеткілікті
құралы болуы керек. Осыған байланысты ҚК-нің 52-бабы 2-бөлігінде Қылмыс
жасаған адамға   оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін 
қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс... деп көрсетілген.
Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол
жеткізу болып саналатын - жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер
ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын
барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес
түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот
жазаны ҚК-нің Жалпы бөлімінің ережелерін ескере отырып тағайындайды.
Жаза тағайындау кезінде сот мына жағдайларды міндетті түрде ескеруі
тиіс:
1) Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесі;
2) Кінәлінің жеке басы;
3) Кінәлінің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы;
4) Жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар;
5) Жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар;
6) Тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының
немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі - бұл ҚК-тен қарастырылған іс-әрекеттің
қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге нақты зиян келтіру немесе нақты
зиян келтіру қаупін тудыруының объективті қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға
қауіптілігі қылмыстық құқық теориясында екі категория: қоғамға қауіптілік
сипаты (сапалық белгі) және қоғамға қауіптілік дәрежесі  (сандық белгі)
арқылы ашылады.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты — қылмыстың сапалық категориясы,
ол ең алдымен, қол сұғушылық объектісінің ерекшелігімен, яғни объектінің
қоғам мен мемлекет үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген
зиянның мөлшерімен және т.б. жағдайлармен анықталады. Барлық қылмыстар бір-
бірінен осы қоғамға қауіптілік сипаты бойынша ерекшеленеді.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі — қылмыстың сандық категориясы.
Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең алдымен қылмыс
құрамының белгілері, объектіге келтірілген зардаптың мөлшері мен сипаты;
кінәнің нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу тәсілі; субъектінің
ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік
дәрежесі көбінесе қылмыстың объективтік жағымен, ал қоғамға кауіптілік
сипаты - қылмыстың объектісімен және субъективтік жағымен сипатталады. ҚР
Жоғарғы соты Пленумының 1999 жылғы 30 сәуірдегі Қылмыстық жаза
тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтауы туралы қаулысының 2-
тармағына сәйкес жасалған   қылмыстың   қоғамға  қауіптілік дәрежесін
анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-тің
10-бабы талаптарын, сондай-ақ нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі,
тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық,
сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты
т.б.) жағдайының барлығын ескеруі тиіс. Жасалған қылмыстың қоғамға
қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтау кезінде нақты іс бойынша
жинақталған барлық объективтік және субъективтік белгілерін есепке алу
қажет.
Соттар жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін елеулі мәні бар
сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және объективті
түрде тексеруі тиіс. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке
қабілеттілігімен қатыстылығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді,
сонымен бірге сотталушының отбасы анықталғаннан кейін тағайындалған жаза
оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер
ететінін ескеруі қажет.
Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот
қызметіндегі маңызды, жауапты сәт.
Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне,
сотталған адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа
қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді.
Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс
жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа
қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.
Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-тің 52-бабында
келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз
етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін
белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді,
екінші жағынан жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік
береді.
Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық
заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі
болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар:
заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелділігі және
үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау,
қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз
көрінісін табады.
Жаза тағайындаудың жалпы негіздері - заңда белгіленген критерийлер,
сүйенетін ережелер, әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда сот оларды
басшылыққа алады.
Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге
кандай жаза қолданылмасын, сот осы жалпы критерийлерге сүйенуі керек.
ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы негіздері мынадай үш
критерийден тұрады. Сот жазаны:
1) ҚК-тің Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген баптар
шегінде;
2) ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп;
3) қылмыстың сипаты мен   қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке
басын, қылмысқа дейінгі және оны жасағаннан кейінгі оның мінез-құлқын,
жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды,
сондай-ақ тағайындалған жазаның   сотталған адамның түзелуіне және
оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік
жағдайына ықпалын ескеріп белгілейді.
Осы критерийлерді қарастырайық:
1. Сот жазаны ҚК-тің тиісті баптарында белгіленген шекте тағайындайды.
Бұл – сот жазаны ҚК-тің Ерекше бөлімінің айыпкер жасаған қылмыс сараланатын
баптың санкциясы шегінде ғана тағайындай алады деген ұғым. Мысалы, ҚК-тің
264-бабының 2 бөлігінің санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыруды көздейді. ҚК-тің осы нормасы бойынша соттағанда
сот бұл баптың санкциясы бойынша белгіленген ең көп және ең аз мерзімдер
шегінде жаза тағайындауға тиіс.
Нақты жағдайға байланысты жаза тағайындауда санкция түрінің
маңыздылығы бар. Өзінің түріне қарай қылмыстық кодекстегі санкциялардың
көбі салыстырмалы-анықталған, яғни жазаның түрі, оның жоғарғы және төменгі
шектері көрсетілген. Мұндай санкциялар жазаны жеке даралау үшін үлкен
мүмкіндіктер береді.
Балама санкцияларда екі және одан көп негізгі жазалар көрсетіледі, сот оның
кез-келгенін таңдай алады. ҚК-тегі санкциялардың көпшілігі балама. Олар
жазаны жеке даралауға, оның мерзімі мен түрін анықтауға көп мүмкіндік
береді.
Қандай жағдай болса да, сот Ерекше бөлімнің бабындағы санкцияда
белгіленген ең жоғарғыдан (жоғарғы шектен) жоғары жаза тағайындай алмайды
(мысалы, ҚК-тің 264-бабының 2 бөлігі бойынша жеті жыл).
Егер сот оған жол берсе, онда жаза тағайындаудағы принцип бұзылады.
Бірақ, ҚК-тің 55-бабында көзделген мән-жайлар болса, сот ҚК-тің Ерекше
бөлімінің бабындағы санкцияда көзделген ең төменгіден (төменгі шектен)
төмен жаза тағайындай алады. Бұл жаза тағайындаудағы адамгершілік
принципінің өзінше көрінісі.
2. Сот  жазаны   ҚК-тің  Жалпы   бөлімінде қарастырылған жағдайларды
ескеріп тағайындайды. Бұл   жазаның   кейбір   түрлерін   қолданудың
мақсатына, түрлеріне, шарттарына, сондай-ақ жаза тағайындау тәртібіне
қатысы бар ҚК-тің жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды соттың
басшылыққа алуы тиіс екендігін көрсетеді. Мысалы, ҚК-тің 359-бабындағы
санкцияда екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза
көзделген.
Бұл бап бойынша бас бостандығынан айырудың ең аз мерзімі, ҚК-тің 48-
бабындағы жағдайларды ескергенде, алты ай деп белгіленген. ҚК-тің осы
нормасы бойынша соттағанда сот алты айдан екі жылға дейінгі мерзімді
тағайындау керек.
Жаза тағайындай отырып сот қаралған іс бойынша толық тұжырым жасайды,
жазалаудағы мақсатқа жету үшін жазаның қандай түрі және мерзімі жеткілікті
екендігін анықтайды.
Мысалы, аяқталмаған қылмысты жасағаны үшін айыпталған адамға жаза
тағайындағанда сот қылмыстың ақырына дейін жетпеуіне себеп болған мән-
жайларды есепке алу жөніндегі ҚК-тің 56-бабының 1 бөлігінің талаптарын
ескереді.
Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау кезінде, оны жасауға
адамның іс жүзінде қатысу сипаты мен дәрежесі, оның келтірген немесе
келтіруі мүмкін зиянының сипаты мен мөлшері жөніндегі 57-баптың 1
бөлігіндегі жағдайды соттың ескеруі тиіс.
Егер адам бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұсталса, онда үкім заңды
күшіне енгенше қамауда ұсталған уақытты бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаның мерзіміне жатқызу жөніндегі 62-баптың 3 бөлігінің талабын соттың
ескеруі қажет.
Жаза тағайындай отырып, сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген мақсаттарды
көздейді. Егер қылмыстардың жиынтығы немесе үкімдердің жиынтығы орын алса,
онда сот ҚК-тің 58, 60, 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша, ал
кайталанған қылмыс болса - ҚК-тің 59-бабында белгіленген тәртіп бойынша
жаза тағайындайды. Соттың ҚК-тің Жалпы бөлімінде қарастырылған басқа
жағдайларды да ескеруі қажет. Атап айтқанда, шартты түрде соттау немесе
жаза өтеуді кейінге қалдыру мүмкіндіктерін қарастырады (ҚК-тің 63, 72,74-
баптары).
Жаза тағайындау кезінде қылмыстық заңның жалпы бөлімінде қарастырылған
жағдайларды соттың елемеуі әділқазылық жасағанда заңдылықтың өрескел
бұзылуы болып табылады, ол дәлелсіз үкім шығаруға әкеп соғады.
3. Жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік
дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сондай-ақ жауаптылық пен жазаны
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды соттың ескеруі қажет. Жаңа
қылмыстық заң, осы аталғандардан басқа, айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі
және одан кейінгі мінез-құлқын, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған
адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың
тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді міндеттейді.
Жаза тағайындаудың және қылмыстың қайталануының алдын алудың
тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты.
Жасаған қылмысы қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас
бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолданған дұрыс, және
керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындау керек,
себебі ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған,
одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.
Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты, бәрінен бұрын, қастандық жасалған
нысан бойынша анықталады жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар
бұзылады немесе бұзылу қаупі туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің сапалық
сипаттамасы (6, 407 б.). Осы тұрғыдан алғанда қандай да болсын адам
өлтірудің ар-ұждан мен қадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар,
денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.
Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері
де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен,
бұзақылық  ниетпен   немесе   жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін
пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының д, и, м
тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге
қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады.
Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен
айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі
өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін
жазалар   да әртүрлі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза   да қатаң
болуы тиіс,  және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы
қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек
түрін қолдану керек.
Сонымен қатар соттар жасалған қылмыстың тек коғамға қауіптілік сипатын
ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де ескеруге тиіс, егер қоғамға
қауіптілік сипаты - сапалық көрсеткіш болса, қоғамға қауіптілік дәрежесі —
сандық көрсеткіш.
Жаза тағайындаған кезде сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік
дәрежесі нақты қылмыстың ауырлығын анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің
жеке ерекшеліктеріне байланысты.
Мысалы, ҚК-тің 175-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген
ұрлықтың ірі мөлшердегі ұрлыққа қарағанда (ҚК-тің 175-бабының 3 бөлігі)
қауіптілігі аз. Қару қолданған теңіз қарақшылығы (КҚ-тің 240-бабының 2
бөлігі) ҚК-тің 240-бабының 1 бөлігі бойынша жауаптылық көзделген теңіз
қарақшылығынан қауіптірек.
Қылмыстың бір түрінің өзіндегі қоғамға қауіптілік дәреже келген
зиянның мөлшеріне, сондай-ақ қылмыс жасаудағы көптеген басқа мән-жайлардың
жиынтығына байланысты (әрбір қатысушының қатысу сипаты мен дәрежесіне,
айыптың формасына, қылмыс жасау жағдайына және кезеңіне). Сондықтан да жаза
тағайындаған кезде, тек жасалған қылмыстың сипатын ғана емес, оның қоғамға
қауіптілік дәрежесін де есепке алу жөніндегі заң талабы әділ жаза
тағайындаудың бірден бір алғы шарты болып табылады.
Егер сот қылмысты кімнің жасағанын, жазаны кімге қолданатынын дұрыс
анықтап білсе, жазалаудағы мақсатқа да қол жетеді. Нақты қылмыс жасалғанда
жалпы қылмыскер деген ұғым болмайды, өзіне тән қасиеттері бар белгілі бір
адам болады. Сол қасиеттер жаза шарасын таңдағанда оң не теріс ықпал жасауы
мүмкін. Сондықтан да сот жаза тағайындау кезінде айыпкердің жеке басына
қатысты мәліметтерді жан-жақты, мұқият талдауы тиіс.
Әдебиеттерде адамның жеке басы деген ұғымға адамды әлеуметтік тұлға
ретінде көрсететін, оның өзіндік қасиеттері мен қайталанбас ерекшеліктерін
неғұрлым толық ашатын өзгешеліктер деген түсініктеме берілген (8, 6-36 б).
Адамның жеке басы деген ұғым - оның қоғамдық мәнін, адамның әлеуметтік-
психологиялық және дара биологиялық ерекшеліктерін қамтиды.
Арнаулы алдын алу, қылмыскерді түзеу сияқты жазаның мақсаттарына
қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтағанда ғана қол
жеткізуге болады.
Кімнің жазаланатынын, сотталушының қоғамға қаншалықты қауіпті
екендігін, оны түзеудің және қайта тәрбиелеудің қандай мүмкіндігі бар
екендігін білу өте қажет. Анықтама, тергеу органдары, сот қылмыскердің мына
жақтарын мұқият зерттеп білуге тиіс: әлеуметтік бейнесін, тұрмыс салтын,
үйде, тұрмыста оны қоршаған ортаны, әдептілік принциптерін, рухани
байлығын, идеалын, немен айналысатынын, психологиялық ерекшеліктерін,
жауаптылық қабілетінен айырмайтын психикалық өзгешеліктерін, жасаған ұнамды
немесе ұнамсыз әрекеттерін, еңбек ұжымындағы беделін, т.б.
Заң және қылмыстық заң теориясы қылмыс жасаған адамға тән белгілер
жиынтығын екі топқа бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің белгілері
құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді
біріктіреді.
Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы
мәліметтер қылмыс құрамының міндетті түрдегі белгілері болып табылады, олар
әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.
ҚР Жоғарғы   сотының практикасында заңның бұл талабына баса назар
аударылған. Сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді жан-жақты есепке алу
қажеттігіне соттар әрқашан да мән береді. Атап айтқанда, сотталушының
денсаулығын, отбасы жағдайын, оның еңбекке қабілеттігін, еңбекке, оқуға
көзқарасын, соттылығы туралы деректерді анықтау керек (9, 3 б).
Жоғарыда аталғандай, айыпкердің жеке басы деген ұғым сипаты жағынан
әртүрлі белгілерді қамтиды. Олардың кейбірінде психологиялық, ал кейбірінде
әлеуметтік түбір бар.
Сыртқы жағдай айыпкердің мінез-құлқына ықпал жасай отырып оның сана-
сезімін, ерік-ынтасын қалыптастырады, психологиялық келбетіне мазмұн
береді. Әркімнің ой-түсінігі өзінше. Әрбір адамның өз көзқарасы, сенімі,
дағдысы, жұмысқа, отбасына, айналасындағы адамдарға және тірліктегі басқа
құндылықтарға деген өз түсінігі болады. Әр адам өмір құндылықтарын өзінше
сатылап, бір жүйеге келтіреді, оны А.И.Чучаев өмір құндылықтарының сатысы
деп дұрыс атаған, ол сатыда әр құндылықтың өз орыны бар, ал түзеу процесі
дегеніміз — сол құндылықтарды ауыстыру арқылы әрқайсын өзінің лайықты
орынына қою (10, 409 б).
Адамның сана-түсінігінің бұзылу сипаты жасалатын қылмыстың түрін
анықтайды, ал оның қаншалықты бұзылғандығы - қылмыстық мінез-құлықтың
сипатын көрсетеді. Жаза тағайындаған кезде сот сол адамның өмір
құндылықтарына көзқарасын, оның ой-түсінігінің бұзылу сипатын және
қаншалықты бұзылғандығын қалайда ескеруі тиіс.
Сонымен қатар адамның әлеуметтік қасиеттерінің маңыздылығын да бағалау
керек. Сот айыпкерді тек қылмыстық жауапкершілікті көтере алатын жәй
субекті ретінде ғана емес, қоғамның, белгілі бір адамдар ұжымының мүшесі,
адам ретінде қарастыру керек. Адам - қоғамдық қатынастар жиынтығы, адамның
ой-түсінігі әуелбастан-ақ қоғамдық өнім, ол адамға тән ерекшелік болып қала
береді, - деген К. Маркс (11, 3 б.).
Сот айыпкердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары немесе төмен
екендігін көрсететін оның әлеуметтік қасиеттерін ашуға тиіс. Жаза
тағайындаған кезде сот сотталушының мынадай әлеуметтік ерекшеліктерін
ескеруге тиіс: еңбек міндеттемелерін орындауға көзқарасын, нормативтік
міндеттеулер мен этикалық ережелерді сақтауын, тұрмыстағы мінез-құлқын,
т.б.
Айыпкердің жеке басын сипаттайтын мән-жайларды жаза тағайындау кезінде
ескермеу жазаның немқұрайды тағайындалуына жол береді.
Жаза тағайындаудың басты негіздеріне істің жауаптылық пен жазаны
ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларын есепке алу жөніндегі заң талабы
жатады.
ҚР ҚК-нің 53, 54-баптарында көзделген бұл мән-жайларды айыпкер жасаған
қылмыстың сипаттамасына да, оның өз жеке басының сипаттамасына да жатқызуға
болады, олар сот тағайындайтын жазаның түрі ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Жалпы жаза ұғымы
Қылмыстық жаза түсінігі мен түрлері
Сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері мен формалары
Жаза және оның мақсаты
Банктік карточкалардың ұғымы мен оның түрлері
Терроризм: оның ұғымы және түрлері
Кәмелетке толмағандарға тағайындалатын жаза түрлері мен шектері
Шарт ұғымы мен түрлері
Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь