Нөгізгі құралдардың есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
БАНКТЕРДЕГІ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР МЕН МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС
АКТИВТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІ КУРСОВАЯ

ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ

1. Нөгізгі құралдардың есебі ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Материалдық емес активтердің есебі ... ... ...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
Негізгі кұралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет
ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш
техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.
Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.
Өндірістік емес бағытқа - жаргылық қызметпен байланысы жоқ негізгі
құралдар жатады.
Өндірістік бағыты бойынша - жаргылық қызметті жүзеге асырумен және
нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен
қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін
жоғарылатуға арналған заттар (кар-тиналар, вазалар, сервиздер) жатады,
себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк косымша
пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар
өздерінің кұнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу)
сомасында көрсетілген қызметтерге аударады.
Келесі топтарға бөлінеді:
а) ғимарат және кұрылыс; ә) компьютерлер;
б) көлік құралдары;
в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;
г) басқа да негізгі құралдар.
Банкке негізгі кұралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі
сұрақтарға жауап беру қажет:
1. Активтерді қай уақытта тану қажет?
2. Олар баланста қандай құнмен көрсетіледі?
3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қандай?
4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?
16 Негізгі қүралдар бухгалтерлік есептің Халықаралык стан-дартына
сәйкес (БЕХС) актив ретінде негізгі қүралдар объектісін тануға болады егер
төмендегі шарттар орындалса:
берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда
алады деген ықтималдық бар болса;
активтің өзіндік кұны операцияларды жүргізу кезінде сенімді
түрде өлшенуі мүмкін.
Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есеп-тегеннен
кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы күн, не кайта бағалану сомасы
принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі кұралдарды
бағалаудың төрт түрін көрсетуге
болады:
• бастапқы;
• агымдағы;
• баланстық;
• өтімділік.
Негізгі қүралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу баға-лары және
активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді.
Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылык есебі (16 ХСҚЕ) бойынша
"бастапқы құнға өтелмеген салыктар, кіреді.
Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалыктарды
алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың ағымдык бағалык құнына
қосылады.
Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк эконо-микалық
пайда ала алады.
Жөндеу мен техникалык қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру
шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған
қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы қ^ны - бұл негізгі
құралдарды сатып алуға, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі
құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты,
арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық
шыгындарды қамтитын төленген сомалар.
Ағымдьщ - анықталған күнғе, нарықтағы сәйкес бага бойынша негізгі
қүралдардың қүны.
Баланстық - активтердіц есеп және есеп беруінде сипат-талатын
жинақталган амортизация сомасын есептен шығарғаннан кейінгі негізгі
қүралдардьщ бастапқы немесе агымдық қүны.
Өтімділік - бүл негізгі қүралдарды жою кезінде істен шыгару бойынша
күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған
уақыгта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарыныц, қоқыстардың
болжанатын қүны.
Нарықтық қүнның өзгеруімен байланысты олардың қүнының көбею
коэффициентінің есебімен негізгі қүралдарды қайта бағалау индекстеу
жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық кдйта қалыптасу қүны келесі әдістердін
бірімен анықталады: қайта есептеудің ұсынылатын коэффициенттері немесе
кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын негізгі құралдардың сәйкес
түрлері мен көрсетілген кұралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен
сараптаушы корытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық
құнды кдйта есептеу. Банк өзінің негізгі құралындағы кез келген бөлікті бір
әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға кұкығы бар. Негізгі
құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті
алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаган жағдайда ғана, 16 БЕХС
сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде
танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың
үлгілері:
негізгі құралдардың қуаттылығын жогарылата отырып,
пайдалану мерзімін көбейту модификациясы (модернизация); өндірілетін өнім
сапасын айтарлықтай жақсарту мақсатында машина бөлшектері мен буындарын
игеру; бұрын есептелген өндірістік шығындардың қысқаруын
қамтамасыз ететін жаңа өндірістік үрдісті енгізу. Негізгі құралдарды
пайдаланғанға дейінгі алғашқы операциялық жүмсалымдар шығындар ретінде
танылады.
Негізгі құралдардың орталықтандырылған есебі кезінде банктің бэк-
офисінде негізгі құралдар есебінің тобы бойынша әрбір бөлімшелерге шот
жоспарына сәйкес келетін нұсқаумен жекелей шоттар ашылып жүргізіледі.
Франт-офистен негізгі кұралдарды кіріске алу немесе істен шығару
туралы алынған мэліметтер негізінде банктің бэк-офисі, баланстан шығатын
негізгі қүралдардың шығуы немесе қабылдануы бойынша өткізбелерді жүзеге
асырады. Ақпарат амортизация ауда-рылып және қайта бағалау жүргізілгеннен
кейін олардың баланстан тыс шотта көрсетілуі үшін банк филиалдарына
жібереді. Негізгі қүралдарды балансқа алу теңгемен жүзеге асырылды. Банктің
бэк-офисі әр айдың аяғында ағымдағы айдың 1-күніндегі жағдай бойынша
банктің негізгі құралдарының тізімдемелерін колма-қол екі дана етіп,
банктің әрбір бөлімшелеріне есеп тобының бөлігінде басып шығарады. Бірінші
данасы банктің бэк-офисінде хронология-лық тәртіппен тігіледі, екіншісін
банктің филиалына жібереді. Со-дан кейін банктің бэк-офисі өндірістік төлем
төленгеннен кейін ке-лесі күннен қалдырылмай төлем ордерінің қосымшасының
көшір-месімен жеке шот бойынша көшірмені банк бөлімшелерінің бэк-офисіне
жібереді. Бөлімшелердің бэк-офисі төлем ордерінің көшір-месінде көрсетілген
сомаға қосылған дербес шот бойынша көшірме алу кезінде капитал салымдары
бойынша лимит қысқартылады.
Бэк-офис негізгі құралдар есебінің әрбір тобы бойынша дербес шот
баланстан тыс шотта жүргізіледі (олардың нөмірлерін бас банктің
бас бухгалтериясы анықтайды). Негізгі қүралдардың келіп тусуінде әрбір түрі
және әрбір қүрамы бойынша бөлек түгендеу карточкалар жасалады және
бағдарламалық мүмкіндік жүргізуге бо-латын негізгі қүралдардың есебінің
журналында сәйкес келетін жа-зу жазылады. Жазулар теңгемен тиынсыз
жазылады. Түгендеу кар-хочкасында олардың алынуына сәйкес заттың атауы,
құжаттың деректемелері керсетіледі. Карточкалар негізгі қүралдардың топтары
бойынша картотекаларда орналастырылады. Жазылған жазумен бірге банктің
балансына кірістеу үшін түгендеу карточкасындағы көрсетілген барлық кажет
деректемелер банктің бэк-офисіне жіберіледі.
Негізгі құралдарды длу
Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк
бөлімшелері негізгі қүралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде
тек банктің рұқсатымен бе деген сүрақтарды қарастырады.
Негізгі қүралдарды алуда жасалған келісімшарт орталықтанды-рылып
төлеуінде франт-офис бөлімшелері оны төлеу үшін банктің бэк-офистерінде
көрсетіледі. Жекелей есеп тәртібінде келісім-шарттың тәртібімен келісе
отырып, банк бөлімшесінің франт-офисі өз кезегіндегі уақытша жауапты
келісімшартты орындау үшін басшысының қолын қойып төлемді жүзеге асыруға
бұйрық жазып береді және бүйрыкты бэк-офис бөлімшесіне береді.
Бэк-офис келісімшарттың дүрыс рәсімделуін және төлемді жүзеге асыру
бұйрығын тексеріп, содан кейін ғана келісімшартта-рымен келісе отырып
сомаларды өтейді. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі
құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді.
Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың құнына кіретін негізгі құралдардың қатарын
қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған
келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды.
Банктің бас бухгалтері әрбір жасалған келісімшарт бойынша банк
бөлімшелеріне сәйкес келетін жекелей шарттар ашады.
Банк бөлімшелерінің франт-офисі жабдықтаушылардан негізгі кұралдарды
алғаннан кейін айрықшалау және шот-фактура келісімінде көрсетілген негізгі
қүралдардың атауын, санын, баға өлшемін және жалпы күнын салыстырып
қабылдап-өткізу актісін толтырады. Жоғарыда аталған деректемелер бірлігіне
тексеріс жүргізілгеннен кейін банктің бэк-офисі алғашқы құжаттардың
көшірмесін жасайды да, негізгі құралдарды кірістеудің типтік тізімдемемен
соңғы есебін банктің бэк-офисі бөлімшесі көп затты қолма-кол негізгі
құралдардың әрбір заттарының қүнын типтік тізімдемеде көрсетеді.
Банктің бэк-офисі бөлімшелеріне жекелей төлемдер құжаттары
бағытталады.
Негізгі құралдарды қабылдағанда негізгі құралдарды қабылдау актісі
толтырылады (1-қосымша).
Түскен негізгі құралдарды және сонымен қатар жөндеуді талап етпейтін
кұрал-жабдықтарды баланскд алу келісімдегі төлемдер жүргізілгеннен кейін
қолма-қол жасалынады. Келісімшарт сомасына банк бөлімшесінің атауы
көрсетілген төлем ордері жазылады. Жабдықтарды орнату бойынша қүрастыру
жүмыстарының қүны, олардың қүндарының көбеюі орындалған жүмыстардың 3 және
2 актісін алғаннан кейін гана жатқызылады.
Банктің бэк-офисі ақысыз алған негізгі кұралдарды балансқа есепке алу
банктің бағалау комиссиясы орнатқан негізгі қүралдар-дың қүнына сәйкес
жасалады.
Негізгі құралдарды кірістегенде және сатып алған кезде қойма басшысы,
тауар тасымалдау үстемесі салыстыру шоттар жиынтығы және негізгі
қүралдардың нақтылығын растайтын басқа да қүжаттар негізінде кіріс
түбіртегін (квитанциясын) жазады. Кіріс квитан-циялары бэк-офис
бөлімшелеріне беріледі, оларды өз кезегінде кірістеу үшін банктің бэк-
офисіне береді.
Есепке алынатын негізгі құралдардың әрбір объектісіне түген-деу нөмірі
жазылады. Ол объектінің барлық пайдалану және ондағы жазылған бояуларды
және т.б. білдіреді. Тізбекті қатар жүйесі бойынша негізгі құрал-жабдық
объектілері нөмірленіп, бухгалтерлік нөмірі есептің бастапқы құжаттарында
көрсетіледі. Көлік құралдарының түгендеу нөмірлеріне оларға мемлекеттік
автоинспекцияда енгізілген нөмірлер жатады. Шыққан объектілерге түскен
негізгі қүралдар сияқты түгендеу нөмірін беруге болмайды, бүл қателікке
және шатасуға әкелуі мүмкін. Негізгі құралдардың аналитикалық есебі әрбір
зат үшін жасалған түгендеу карточ-касында, сонымен қатар негізгі
қүралдардың есебі журналында да жүргізіледі (2-қосымша).
Карточкаға құралда қойылған нөмір қойылады (бастапқы немесе қайта
қалпына келтіру құны, амортизациялык аударым мөлшері, кіріске алуға дейінгі
тозу мөлшері және т.б.). Карточкалар бір тектес қүралдардың топталған
картотекасына салынады. Жалға алынған ағымдық заттардағы негізгі құралдарға
түгендеу карточ-калары ашылмайды. Олардың аналитикалық есебінде жалға
берушісінің актісінде ұсынылған карточкалары пайдаланылады. Объектілерді
қайта өңдеу, аяқтау немесе толық жабдықтау кезінде жаңа карточка ашылады.
Негізгі қүралдар істен шығарылған кезде картотекадан түгендеу карточкалары
алынып тасталынады.
Негізгі қүралдарды алу және қүрылыс, жер учаскесінің барлық
жүмыстардың аяқталуымен жобалы сметалық қүжаттар кассаға сакталуға беріледі
және 1 теңгеге бағаланып шот меморандумға кірістеледі. Алынған негізгі
қүралдардың 6 Негізгі құралдарң бухгалтерлік есептің қазақстандық
стандарттарының (БЕҚС) әдістемелік үсыныстың 5-тармағына сәйкес баланста
көрсетілуі тиіс, ал атаулы негізгі қүралдарң әкелуге немесе негізгі
құралдарды алуға кеткен барлык нақты өндірілген шығындарды қоса отырып,
бастапқы қүнының кірістелу кезі бухгалтерлік есепте көрсетіледі, сонымен
қатар сатып алу кезінде өтелмеген салықтар және жинақтар (мысалы: сатып алу
кезінде келісімшартты жасауда төленген ҚҚС және т.б.) жеткізу шығындары,
құрастыру, орнату, пайдалануға қосу, қүрылыс кезінде алынған несиелер
бойынша пайыздар, ((іундай шығындар несиелерді үзақ пайдалануға байланысты
кіпиталдандырады) және кез келген белгісі бойынша оларды пайдалануды жұмыс
жағдайына активтерді тартумен байланысты басқа да шығындар жоғарыда
аталғандарда көрсетіледі. Шүғыл қажет деп танылмайтын шығындар (мысалы:
тасымалдау кезіндегі бұзылу шығындарын өтеу) бастапқы қүнды қоспай ағымдық
мерзімнің шығындары болып ескеріледі.
Ешқандай алдын ала төлеусіз негізгі қүралдарды алу:
• қүрастыруды қажет етпейтін (алдын ала төлеусіз)
негізгі қүралдарды алу:
Дт 1652 Жер, үйлер және ғимараттар
1653 Компьютер жабдьщтары
1654 Өзге негізгі қүрал-жабдықтар
Кт 2856 Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар;
• құрастыру жүмыстарын талап ететін негізгі құралдарды алу: Дт
1651 Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі қүрал-
жабдықтар
Кт 2856 Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар;
• құрастыруды талап ететін алынған негізгі қүралдар үшін
төлемдер:
Дт 2856 Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар Кт 1050
Банктердің корреспонденттік есепшоттары;
• құрастыру жұмыстары үшін төлемдер:
Дт 2856 Күрделі каржы салымы бойынша кредиторлар Кт 1050
Банктердің корреспонденттік есепшоттары;
• құрылыс-жөндеу жүмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны
бойынша актілерді үсынғаннан кейін құралдарды кірістеу жүзеге
асырылады:
Дт 1652 Жер, үйлер және ғимараттар 1653 Компьютер жабдықтары
1655 Өзге негізгі құрал-жабдықтар
Кт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар; Негізгі
құралдарды алдын ала төлеу арқылы сатып алу:
• сатып алынатын негізге құралдар үшін (50%
аспайтын) алдын ала төлеу кезінде:
Дт 1856 ІСүрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар Кт 1050
Банктердің корреспонденттік есепшоттары;
• соңғы есеп айырысу сомасына:
Дт 1856 Күрделі салымдар бойынша дебиторлар
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары;
• негізгі қүралдарды кірістеу:
Дт 1652 Жер, үйлер және ғимараттар
1653 Компьютер жабдықтары
1656 Өзге негізгі құрал-жабдьщтар Кт 1856 Күрделі қаржы салымы
бойынша дебиторлар;
• құрастыруды талап ететін негізгі кұралдар бойынша:
Дт 1651 Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі қүрал-
жабдықтар
Кт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар;
• жүргізілген құрастыру жұмыстары үшін төлемдер: Дт 1856
Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар Кт 1050 Банктердің
корреспонденттік есепшоттары;
• құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 3 және 2-нысаны
бойынша актілерді ұсынғаннан кейін күралдарды кірістеу жүзеге
асырылады:
Дт 1652 Жер, үйлер және ғимараттар
1653 Компьютер жабдықтары
1654 Өзге негізгі құрал-жабдыктар
Кт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар; Сатып алынған
негізгі құралдар үшін бюджетке ҚҚС төлеу
• ҚҚС есептеумен қатар негізгі құралдар үшін алдын ала
төлеу сомасына:
Дт 1856 Күрделі каржы салымы бойынша дебиторлар Кт 1050
Банктердің корреспонденттік есепшоттары;
• негізгі құралдарды, яғни бюджетке төленген ҚҚС сомала-рына
оларды алу фактісі бойынша кіріске алу кезінде:
Дт 1851 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу Кт 1856 Күрделі қаржы
салымы бойынша дебиторлар;
• Салық заңдылықтарына сәйкес салық салу айналымының үлес
салмағы бойынша есептелген ҚҚС бойынша жүргізілетін есептеу
сомасына:
Дт 2851 Салык және басқа да міндетті төлемдер бойынша
есеп айырысу Кт 1851 Салықтар және бюджетке төленетін
баска да
міндетті төлемдер бойынша есеп айырысу.

Құрылыс жүргізу кезіндв есеп айырысу тәртібі
Негізгі күралдардың қүрылысы шаруашылык немесе мердігерлік әдіспен
жүргізіледі. Капитал құрылысы бойынша келісімшартта көрсетілген мөлшерде
аванстың бірінші бөлігін төлеу бекітілген келісімшартта анықталған мерзімде
банк бэк-офисінде жүргізіледі, ал калған сомаларды төлеу 3 және 2-нысаны
бойынша орындалған жүмыстарды қабылдау актісі мен бюджетпен қарастырылған
ақша сомасы шегінде бөлімше басшысының колы қойылған, бұрын төленген
аванстарды ұстап қалудың үйлесімді есебімен нақты сома-Сы көрсетілген
шоттарды төлеуге үсынылған жұмыстардың құны туралы жабдықтаушылардан
алынған анықтама негізінде жүзеге асырылады. Қатар-қатар реттік үйымдар ай
сайын 27 күннен кешіктірілмей 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыстар
актісін ұсынады. }
Сонымен қатар банк бэк-офисінің (бөлімшесінің) жауапты қыз-меткері
төлем жүргізгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізілген төлемдер
журналына белгілеп қояды.
Банктің бас бухгалтериясы әрбір мердігер бойынша төленген аванстардың
сомасы есебінде бөлек дербес шоттар ашады. Капитал құрылысы бойынша
жүргізілетін шығындар есебі негізгі құралдар-дың сәйкес топтары арқылы
жүргізіледі. Келісімшарт қосымшала-рымен бірге құрылыс және жөндеу бойынша
мердігерлік жүмыстармен қатар тарифтерді, калькуляцияларды, еркін сметалық
есеп айрысуларды банк немесе оның бөлімшелерінің басшылары тексеріп,
қолдарын қоюлары керек.
Банк (бөлімшелер) франт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу
нұсқауларымен қатар, негізгі қүралдарды кірістеудің нүсқауларын береді,
сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді:
- негізгі қүралдардың жалпы сомасын; амортизациялық аударым әдісін;
пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін; өтімділік
құнын;
негізгі қүралдарды өндірістік және өндірістік емес салада
пайдалануын.
Қүрылыстың шаруашылық әдісі кезінде банктің шаруашылық қызмет
жұмысшыларымен есептесу төлем кестесіне сәйкес жүргі-зшеді. Қүрылыстың
мердігерлік әдісі кезінде мердігерлік ұйымдар-мен есептесу банктің жоғары
басшыларымен қарастырылып, бекітілуіне сәйкес құжаттар және сметалар
шегінде келісіліп жасалған шарт негізінде жүргізеді.
Егер қүрылыс банк алған материалдар есебінен жүргізілсе, онда бөлімше
материал құнын төлеу үшін материал алуға мердігердің хаты мен сенім хатының
жазбаша көшірмесін банкке жібереді.
Құрылыс жұмыстары аяқталысымен мердігермен, ал өндірістің шаруашылык
әдісі кезінде жұмысшылар және міндетті тұлғалармен барлык есеп айырысулар
аяқталуы керек. Материалдардың қалдық-тары басқа объектіге жіберіледі
немесе қоймаға қайтадан кірістеледі. Түпкілікті есеп айырысу банк
бөлімшесінің бастығымен тексерілген және арнайы комиссиямен бекітілген
объектіні пайдалануға қабылдау туралы актісі негізінде жүргізіледі, сонымен
қатар келісімшарт журналында түпкілікті есеп айырысуды жүргізу туралы белгі
қойылады.
ҚҚС есебімен авансты төлеу:
Дт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары.
Егер құрылыс банктің материалы есебінен жүзеге асырылса, онда
берілетін материалдар қүнына келесі өткізбе жүргізіледі:
Дт 1860 Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар
Кт 1602 Өзге тауар-материалдық корлар.
Мердігерлік үйымдардың 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыстарының
актісін ай сайын ұсыну кезінде:
Дт 1651 Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар
Кт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар - ҚҚС есебімен
орындалған жүмыс сомасына
Кт 1860 Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар.
Келісімшартқа байланысты қосымша аванс берілуі мүмкін:
Дт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары.
Құрылыс аяқталған бойдан 3 және 2-нысандағы орындалған жұмыстарының
актісі негізінде түпкі есеп айырысу жүргізіледі:
Дт 1651 Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар
Кт 1856 Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар;
Және бір уақытта мемлекеттік комиссия актісі негізіне:
Дт 1652 Жер, үйлер және ғимараттар
Кт 1651 Салынып жатқан (орнатылып жатқан) негізгі құрал-жабдықтар.
Негізгі құралдарды күрделі және ағымдық жөндеу Күрделі жөндеу жүргізу
үшін бас офис таңдап алынған саясат-қа байланысты келісімшартта берілген
сомаларды олармен жасалған келісім-шартпен өздерінің филиалдарының
өкілдігін анықтайды. Келісімшарт төлемі орталықтандырылған немесе жекелей
болып жүргізіледі.
Ағымдық жөндеу жүмыстарының шығындары банктің франт-офисі аркылы
алынатын шот фактура немесе келісімшарт негізінде көрсетілетін банктің бэк-
офисімен төленуі мүмкін. Негізгі қүралдар-дын ағымдык жөндеуінде қорытылған
шот фактураның және келісімнің орталықтанған төлемінде франт-офис
бөлімшелеріне төленіп, банктің бэк-офисіне көрсетіледі. Жекелей есептің
тәртібінде франт-офис келісімшартына сәйкес франт-офисі басшысының қолымен
банк төлеуге өкім жазып береді және өз кезегінде келісімді орындау
жауапкершілігінде өкімді бэк-офис бөлімшелеріне береді.
Банктің (бөлімшенің) бэк-офисі төлем өкімі мен келісімнің дүрыс
рәсімделуін тексереді және содан кейін гана келісімшарт-тарына сәйкес
төлемді жүзеге асырады.
Күрделі жөндеуді жүзеге асыру барысында мердігермен жасал-ған
келісімша үгты немесе шот-фактураны жекелей төлеу кезінде бөлімшелердің бэк-
офисінде өз бетінше тіркеледі.
Ағымдық жөндеу бойынша келісімшартта қарастырылған мөл-шерде аванстың
бірінші бөлігін төлеу банк бөлімшесінің басшысы-мен бекітілген төленуге
тиісті шоттар мен банктің жауапты қызметкері тексеріп, қолы қойылған 3 және
2-нысандагы орындалган жұмыс туралы ұсынылған акті негізінде жасалған
келісімшарттың анықталған мерзімінде банктің (бөлімшенің) бэк-офисімен
жүргізіледі. Банк (бөлімше) бэк-офисі дебиторлардың қарызын жабады.
Банк бэк-офисінің жауапты қызметкері төлемді жүргізгеннен
кейін бір күннен кешіктірмей келесілерді жүргізеді: төленген төлем туралы
журналда белгілейді; орталықтандырылған төлем кезінде бөлімшенің бэк-
офисіне жіберіледі.
ҚҚС есебімен аванс төлеу кезінде:
Дт 1860 Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар
Кт 1050 Банктердің корреспонденттік есепшоттары.
3 және 2-нысанда жасалған жүмыстар актісі негізінде шығын-дар көрінісі
кезінде келесі өткізбелер жасалады:
Дт 5744 Жөндеу шығындары
1851 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша есеп айырысу
Кт 1860 Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар
3 және 2-нысанда жасалған жүмыстар актісі негізінде түпкілікті есеп
айырысу кезінде келесі өткізбелер жасалады:
Дт 5744 Жөндеу шығындары
1851 Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша есеп айырысу
Кт 2203 Клиенттердің ағымдағы есепшоттары.
Егер күрделі жөндеу қызметінің мерзімін көбейтсе, жүргізілген жұмыстар
немесе негізгі құралдардың көрсеткіштері айтарлықтай жаксарса, одан оған
кеткен шығындарға мыналар жатады:
• ғимарат және құрылыс бойынша:
Дт 1652 Жер үйлер және ғимараттар
1860 Басқа да дебиторлар
Кт 1851 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша есеп айырысу - ҚҚС сомасында.
• автомобиль көлігі бойынша:
Дт 1654 Өзге негізгі кұрал-жабдықтар Кт 1860 Басқа да
дебиторлар
1851 Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
бойынша есеп айырысу - ҚҚС сомасында.
Негізгі құралдардың тозуы. Негізгі қүралдар құнын қайта бағалау және
амортизациялық аударымдар есебінің тәртібі
Амортизацилық аударымдар мен негізгі кұралдарды қайта баға-лау құны
банктің ағымдағы жылға қабылдаған бухгалтерлік есеп (есеп саясаты)
әдістеріне сәйкес жүргізіледі.
6 БЕҚС 22 бөліміне сәйкес амортизацияларды есептеу үшін келесі әдістер
қолданылуы мүмкін: құнды бір қалыпты (түзу сызық-ты) есептен шығару, құнды
орындалған жүмыс көлеміне үйлесімді түрде есептен шығару (өндірістік әдіс),
құнды сан бойынша есептен шығару (шоғырланымдық әдіс), қалдықтың кему
әдісі.
Құнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шыгару әдісі. Осы әдіске
сәйкес объектінің амортизацияланатын құны оны пайдалану мерзімі ішінде бір
қалыпты есептен шығарылады. Әрбір мерзімге амортизациялық аударымдар сомасы
пайдалану объектісінің есеп айырысу мерзімінің санымен амортизациялық
құндарды бөлу жолы-мен есептеледі. Амортизация мөлшері тұрақты болып
табылады.
Мысалы, банк бастапқы құны 100 мың теңге болатын ксерокс сатып алды,
оның 5 жыл пайдаланғаннан кейінгі өтімділік қүны 10 мың теңге. Бұл жағдайда
жылдық амортизация амортизациялық аударым қүнынан 18 пайызды немесе түзу
сызықты есептен шығару әдісіне сәйкес 18 мың теңгені қүрайды. Бұл
есептеулер келесі жолмен жүргізіледі:
Бастапқы құн - өтімділік құны қызмет ету мерзімі
I100 000 теңге - 10 000 теңге5= 18000 теңге

12. Аударылған амортизациялар: түзу сызықты әдіс, мың теңге
Мерзімі Бастапқы Амортизацияның Жинақтал- Қалдық
құн жылдық сомасы ған тозу құны
Сатып алған күні: 100
Жыл соңында:
бірінші 100 18 18 82
екінші 100 18 36 64
үшінші 100 18 54 46
тортшші 100 18 72 28
бесінші 100 18 90 10

Кестеден үш жағдайды көруге болады:
1) барлық 5 жыл ішінде амортизациялық аударымдар бірдей;
2) жинақталған тозу бірдей өсуде; ,
3) бағалық өтімділік қүнына жеткенге дейін, қалдық құны бір қалып\ы
төмендейді.
Орындалған жұмыстардың үйлесімді көлеміне амортизациялқ аударымдар
әдісі. Бұл әдіс амортизация пайдаланудың нәтижесі болып табылады және
оларды аудару үрдісінде уақытты алу орын алмайды деген үғымға негізделген.
Мысалга, ксерокс операциялардың анықталған көлемін жүзеге асыра алады
делік, ал оның қуаттылығы 900 мың бет көшіруге есептелген. Бетке
амортизациялық шығындар келесідей жолмен анықталады:
______Бастапқы құн - өтелу құны______
бір жұмыс бірлігінің болжанатын саны
100 000 теңге - 10 000 теңге 900 000 бет "
(П)
= 0,10 мың бет
Егер ксероксты бірінші жылы пайдалану кезінде - 200 мың
бетті, екінші жылы - 300 мың, үшінші жылы -100 мың, төртінші
- 200 мың және бесінші - 100 мың бет шығаратын қуаттылығы
болды десек, онда амортизациялык аударымдар 13-кестеде былай
сипатталатын болады.
13. Амортизацияларды есептеу: өндірістік әдіс, мың тенге
5 жыл ішінде амортизацияны аудару 12-кестеде көрсетілген.

Мерзімі Бас-тапқМың бет Амортизация-ныңЖинақ-талҚалдық
ы құн жылдық сомасы ған тозу құны
Сатып алған күні: 100 100 200 200 20 30 10 20 10 20 50 60 100 80 50
Жыл соңында: 100 100 300 100 80 90 40 20 10
бірінші екінші 100 100 200 100
үшінші төртінші
.__ бесінші

Амортизацияның жылдық сомасымен жұмыс бірлігінің немесе пайдалану
арасында тікелей байланыс бар екенін байқаймыз. Жинақталған тозу, жұмыс
бірлігінен немесе пайдаланудан тікелей туындап жыл сайын көбейтіледі.
Сандар сомасы, ягни шогырланымдық әдіс (кумулятивтік әдіс) бойынша
құнды есептен шыгару. Бұл әдіс есеп айырысу коэф-фициентінде маңызды болып
табылатын қандай да бір объектінің қызмет ету мерзімімен анықталынады.
Бұл коэффициентінің салымында объектінің аяғына дейін қыз-мет етуге
калған жылдардың саны да болады. Мысалы: жүк машинасының пайдалы қызмет ету
мерзімі 5 жыл деп алайық. 1 Іайдаланудағы жылдар санының сомасы 15
(Шоғырланымдық сан).
13 + 4 + 5 = 15
Содан соң әрбір жақшаны амортизациялық кұнға көбейту жолымен 90 мың
теңге (100 мың теңге - 10 мың теңге) амортизациялардың жыл сайынғы сомасын
анықтайды.
515, 415, 315, 215, 115
14. Аударылған амортизация: сандар сомасы әдісі, мың теңге
Бастап- Амортизациялардың Жинақтал- Қалдық
қы құн жылдық сомасы ған тозу құн
Сатып алған күні: 100 100
Жыл соңында:
бірінші 100 515x90=30 30 70
екшші 100 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеңілдіктер негізіндегі әлеуметтік салықтың экономикалық мәні
Әлеуметтік салықты есептеу және төлеу тәртібі
Аудиттің әдісі мен тәсілдері
Қазақстандағы қазіргі мұз басулар
Науқастрды жалпы тексерудің принциптері санасын, жағдайын, тері және тері асты май талшықтарын, сүйек буын жүйесін бағалау
Писхология мән-мағынасы және оның барша ғылымдар
Гамма теңіз кен орны
Негізгі құралдардың субъектіден шығуының есебі
Негізгі құралдарды кіріске алудың есебі
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Пәндер