Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

1 Тарау Қазақстан Республикасында инвестицияларды мемлекеттік реттеудің негізі5

1. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері5

1. 2 Қазақстан Республикасында инвестицияны реттеудің құқықтық негіздері8

II ТАРАУ Банктің инвестициялық операциялары12

2. 1 Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты12

2. 2 Құнды қағаздардың дамуының негізгі бағыттары18

Қорытынды25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ26

КІРІСПЕ

Нарықтық экономика жағдайында, болатын қатал бәсекелестік күресте, табыс пен кәсіпорынды сақтап қалудың басты факторы болып, кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қаржылық, нәтижесі саналады, ол үшін осы аталған жайдын мәні туралы дер кезінде және сенімді ақпарат қажет.

Тап осындай ақпараттың басым көпшілігі бухгалтерлік есептің еншісіне тиетіндігіне дау жоқ. Сондықтан да, бухгалтерлік есепті, кейде бизнестің қаржылық тілі деп те атайды. Бұл арада қажет ақпараттармен қамтамасыз ету, көп жағдайда, бухгалтерия қызметкерлеріне жүктелетіндігі белгілі. Сонымен қоса, олар есепті оңайлатуға, салық жүйесінің талаптарын орындауға, нормативтік актілерді қатаң сақтауға, басшыға берілетін мәліметтердің дәл және анық болуына жауапты болып келеді.

Инвестиция-экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуді, инфрақұрылымды дамытуды көздейді.

Инвестицияны дамытуда ерекше рольді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Қаржылық инвестициялар инвесторлар үшін ішкі және сыртқы инвестициялар жағдайында белгілі бір тәуекелділікпен байланысты болатынын ескерген жөн. Бұл тәуекелділік басшылардың біліктілігімен және олардың епті әрекеттерімен, есеп пен бақылау жұмысын ұйымдастыруымен, валюта курсының проценттік ставкаларының өзгерістерімен, орта мерзімді және қысқа мерзімді несиелерді тартудың қиындықтарымен және т. б. осы сияқты мәселелерімен байланысты болып келеді. Сонымен катар табиғат зілзалалары мен саяси тәуекелдіктер болатынын да инвесторлардың ескергені абзал. Қаржылық инвестициялар техникалық-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланылатын объектіні кажет зерделенулерден өткізгеннен кейін барып жүзеге асуы керек. Осы жағдайда ғана нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелдіктерді төмендете алады

Қазіргі кезде ішкі интитуционалды инвесторлардың инвестициялық әлеуетінің тұрақты өсуімен шартталған құнды қағаздар нарығының тартымды құралдардың аса үлкен тапшылығы байқалып отыр. Институционалды инвесторлар үшін тартымды құралдардың тапшылығын тудырушы факторлардың бірі болып «А» категориясы бойынша, әсіресе эмитентері болып көп жағдайда банк танылатын акциялар бойынша, Қазақстандық қор биржаның ресми тізімінің негізгі эмитенттерімен бірге қаржы нарығының қатысушыларының жоғары аффиляция деңгейі табылады. Маңызды мәселе болып Қазақстандық акциялар мен облигациялардың инвестициялық тартымдылығын көтеру табылады. Оның шеңберінде ұжымдық басқару нормаларының сақталуына, шағын акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау ұстанымдарын нығайтуға, акционерлік қоғамдардағы төлеу тәртібін нығайтуға, құнды қағаздар бойынша салық салуды жетілдіруге үлкен көңіл бөлінеді.

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан экономикасы өтпелі қалыпта болғандықтан, көптеген мамандардың айтуынша мемлекеттік реттеуді қазіргі кезеңге қарағанда күшейтуден туындайды.

Жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының инвестициялық жағдайын бағалау және Қазақстан Республикасының инвестициялық нарығына баға беру.

Берілген тақырыптың өзектілігіне қатысты келесіде берілген міндеттер анықталды:

- соңғы кезеңдегі Қазақстан Республикасындағы инвестициялық үрдістерді мемлекеттік реттеуден өткізуді саралау;

- соңғы кезең бойынша Қазақстан Республикасына келген инвестициялық ағымдарға талдау жасау;

- инвестициялық жобаларды мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша себептері мен болашағын зерттеу.

Жұмыстың құрылымы: Негізгі қойылған мақсат пен одан барып шыққан міндеттерге негізделіп берілген жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде шетел инвестицияларын мемлекеттік реттеу бойынша Қазақстан Республикасының заң шығарушы актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламалары және басқа да бірқатар құжаттар қарастырылған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасына келген инвестициялық ағымдарға, Қазақстан Республикасына келіп түскен шетел инвестицияларын реттеуге талдау жасалған.

Үшінші бөлімде инвестиция саласындағы мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылады.

Жұмыстың дерек көздері: жұмыстың негізгі дерек көзі ретінде Қазақстан Республикасының заң шығару актілері, статистикалық материалдар, ҚР Ұлттық Банкінің мәліметтері, оқу-әдістемелік құралдар пайдаланылды.

1 Тарау Қазақстан Республикасында инвестицияларды мемлекеттік реттеудің негізі

1. 1 Қазақстан Республикасындағы инвестициялардың ұғымдары мен түрлері

Инвестициялар деп мүліктің барлық түрі (жеке сұранысты қанағаттандыратын тауарлардан басқа) аталады. Оның ішіне лизинг нысаналары, сонымен бірге заңды тұлғаның жарғылық капиталына құюшы инвестордың құқықтары және де кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді өсіру құқықтары кіреді.

Инвестициялық қызмет деп заңды және жеке тұлғалардың коммерциялық жарғылық капиталына немесе кәсіпкерлік қызметке қажетті тіркелген активтерді өсіруге қатысу бойынша қызметтерін атаймыз. Инвестициялық преференция Қазақстан Республикасының заң шығаруына сәйкес инвестициялық жобаны іске асырушы ҚР заңды тұлғаларына берілетін мекен-жайлық сипаттағы жеңілдіктер болып табылады.

Инвестициялық жоба деп істегі өндірістерді кеңейту мен жаңартуға және жаңаларды құруға инвестицияларды қарастыратын шаралар кешенін атаймыз.

Инвестициялар мемлекеттік грант түрінде болуы да мүмкін. Мемлекеттік грант деп біз Қазақстан Республикасының жеке меншігі болып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына инвестициялық жобаны іске асыру үшін жерді пайдалануға берілетін мүлікті танимыз.

Инвестициялар туралы Қазақстан Республикасының заң шығаруы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен басқа да нормативтік құжатарға негізделеді. Атаулы заң келесіде берлігендермен байланысты қатынастарды реттемейді:

мемлекеттік бюджеттен алынған қаражаттармен инвестицияны іске асыру;

коммерциялық емес ұйымдарға, соның ішінде білім беру, қайырылымдық, ғылыми және діни ұйымдарға, капиталды енгізу.

Инвестиция бұл кем дегенде екі жақтың: кәсіпкер (жобаны іске ұсынушы) және инвестор (жобаны қаржыландырушы) арасындағы қарым-қатынас болып табылады. Жобаның нәтижелі және жемісті болуы екі жақтың неғұрлым тіл табысуына байланысты. Экономикалық жүйелері терең дамыған елдердің инвестицияны жоспарлау мен талдауда айтарлықтай тәжірибелерін есепке ала отырып, оған немқұрайлы қарау дұрыс болмас еді. Бүгінгі таңда барлық елдерге ортақ қолданылып келе жатқан инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау критерийлері мен жоспарлау әдістері әр түрлі мемлекеттердің инвесторлары мен кәсіпкерлері арасындағы түсіністікті қамтамасыз ету құралы болып табылады. Ондайларға UNIDO, Дүниежүзілік банк немесе Қайта құру және дамудың Европалық банкі сияқты беделді халықаралық ұйымдардың инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін жатқызуға болады. Олардың барлығының да ортақ ерекшелігі ретінде ақша ағымдарын талдау әдісі негізінде құрылған инвестициялық анализдің классикалық ұстанымдарына негізделетінін танимыз. Сонымен бірге қоршаған экономикалық ортаны сипаттайтын факторлардың ықпал етулерінің нәтижесі болып табылатын ақша ағымдарын қалыптастыру ерекшеліктері ескерілуі тиіс.

Барлық инвестицияларды негізгі екі топқа бөлуге болады:

портфельдік

капитал құрушы (нақты)

Портфельдік инвестициялар деп жобалар тобына (мысалы түрлі кәсіпорындардың құнды қағаздарын сатып алу) капитал салуды атаймыз. Портфельдік инвестициялар жасау кезінде инвестордың негізгі міндеті, әдетте, қор нарығындағы құнды қағаздарды сатып алу және сату операцияларын арқылы жүргізілетін инвестициялық портфельді қалыптастру мен оны басқару болып табылады. Сонымен, портфельдік инвестициялар қысқа мерзімді қаржы операциялары болып табылады.

Нақты инвестициялар ұзақ мерзімді жобаға құйылып, нақты активтерді сатып алумен байланысты болып келеді. Инвестицияларды топтауда түрлі әдіс-тәсілдерді қарастыруға болады.

Мүлік инвестициясы (материалдық инвестиция) .

Атаулы инвестициялар ретінде өндірістік үрдіске тікелей қатысатын инвестицияларды атаймыз. Мысалы, құрал-жабдық инвестициясы, ғимарат инвестициясы, материалдар қоры инвестициясы т. б.

Қаржы инвестициялары.

Атаулы инвестициялар қаржы мүлігіне ақша салынымын, басқа фирманың ісіне араласу құқықтары мен қарыз құқықтарын иеленуді қарастырады.

Материалдық емес инвестициялар

Аталған инвестиция мтериалдық емес құндылықтарға жасалады. Ондайларға кадрларды даярлау, зерттеулер мен жасап шығаруларға жасалған, жарнамаларға жасалған инвестицияларды жатқызамыз. Сонымен бірге оған жобаны негіздеуге жасалған инвестициялар (бастапқы инвестициялар) немесе кәсіпорынды сатып алу немесе құру кезінде жасалатын нетто-инвестициялар және де кеңейту мақсаттағы өндірістік әлеуетті өсіруге бағытталатын инвестициялар жатқызылады.

Реинвестициялар, яғни бос инвестициялық қаражаттарды қайта байластыру. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

ауыстыру инвестициясы, нәтижесінде қолдағы немесе істегі нысаналар қайтадан жаңаға ауыстырылады;

технологиялық құрал-жабдықтарды немесе үрдістерді жаңалауға бағытталған инвестициялар;

шығару бағдарламаларын өзгертуге бағытталған инвестициялар;

өнім номенклатурасының өзгеруімен, өнімнің жаңа түрлерін жасап шығару мен өткізудің жаңа нарығын ұйымдастыруымен байланысты диверсификацияға жасалатын инвестициялар;

болашақта кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында НИОКР-ге, кадрларды дайынауға, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға бағытталатын инвестициялар. Нетто-инвестиция мен реинвестициядан тұратын брутто-инвестициялар.

Инвестициялар туралы шешім қабылдау басқару міндеттерінің бірден-бір маңызды және күрделісі болып табылады. Сонымен бірге инвестор мүдделері саласында қоршаған әлеуметтік-экономикалық ортадан бастап, инфляция көрсеткіштері, салық жағдайлары, нарықтың даму қарқыны мен болашағы, өндірістік қуаттардың, материалдық қорлардың бар болуы және жобаны қаржыландыру стратегиясымен аяқтап, кәсіпорынның экономикалық қызметінің барлық аспектілері кіреді.

1. 2 Қазақстан Республикасында инвестицияны реттеудің құқықтық негіздері

Экономиканың инвестиция саласындағы мемлекеттің рөлі бірқатар факторлармен анықталады. Оларға біз келесіні жатқыза аламыз: нарықтық қатынастардың деңгейі, экономикалық жағдайдың ерекшеліктері, ұлттық дамуға қатысты қойылған мақсаттардың сипаты және т. б

Қазіргі кездегі эконмикалық саясаттың негізгі мақсатын іске асыру - қазақстандық экономиканың тұрақты өсуіне көшіру - инвестициялық белсенділікті ынталандаруды алғы мәселелердің қатарына қойып отыр. Қазіргі жағдайдағы қазақстандық экономикадағы инвестициялық қызметті белсендіру тек жан-жақты, тиімді жасалып шығарылан мемлекеттің инвестициялық саясаттың нәтижесінде ғана болуы мүмкін.

Қазақстан экономикасының инвестиция саласындағы мәселелер айтарлықтай деңгейде қалыптаспаған нарық механизмі, дамудағы мемлекеттің маңызының төмендету жағдайында мемлекеттік басқару жүйесінің нашарлануымен байланысты. Нақты секторды көтеруді қамтамасыз ету үшін сыртқы және ішкі ақша ағымдарын тиімді нарықтық басқарудың болмауы қазіргі кезде инвестициялық қызметке қатысты мемлекеттік реттеуді күшейтуді қажет етеді.

Сонымен бірге экономиканың қалыптасқан жағдайларын есепке ала отырудың негізінде қалыптасқан нарық талаптарына пайдалануға шығарылған мемлекеттік экономикалық тұжырымдамаларының ұсыныстарын қолдану саралауды қажет етеді.

Инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеу белгілі теориялық тұжырымдарға сүйенеді. Батыстың экономикалық тәжірибесінде негізгі экономикалық реттеу тұжырымдамалар ретінде инвестициялық үрдісті мемлекеттік реттеудің түрлі әдістерін қамтитын кейнсиандық пен монетаризм қолданылады. Сонымен қатар кейнсиандық теорияны жақтаушылар басты назарын экономикалық өсу мақсаттарына жетіге қойса, монетаризмді қолдаушылар ақша айналымының, баға деңгейінің және валюта бағыттарының тұрақталуына аударады.

Кейнсиандық доктринаға сәйкес инвестициялық сұраныс жалпы ұлттық өнімнің динамикасын анықтайтын басты құраушы болып табылады. Жеке меншік инвестициялық сұраныс үнемі өзгерісте болып тұрады. Ол келесі факторлармен шартталады:

1) жиналым және инвестиция субъектілері түрлі негізде жиналым және инвестиция туралы шешімдер қабылдаушы топтар ретінде болуы;

2) инвестицияны қаржыландарудың негізгі көзі болып тек қана ағымдағы жиналымдар емес, сонымен бірге жеке қожалықтардағы жеке жиналымдар, несиелік ұйымдардың ақша қаражаттарының эмиссиясы да болуы мүмкін.

Осыған орай кейнсиандық тұжырымдама жеке қожалықтардағы жеке жиналымдары мен коммерциялық банктердің ссудаларының өзгеруі жағдайында инвестициялар мен жиналым көлемдері арсындағы үзілуду қарастырады. Жеке сұраныстың өзгермелілігі экономиканық тұрақсыздығын тудырады да, мелекеттің іске араласуын қажет етеді.

Кейнсиандық тұжырымдама моделінің логикасы келесіден тұрады. Ең алдымен, жорамалданып отырған ақша көлемінде айналымда ссудалық мөлшерлеме бекітілді делік. Кейнсиандық ұсыныс хаттарына сәйкес инвестицияны ынталандыру мақсатында мемлекет ақша ұсыныстарын көбейтеді. Сақталып отырған ақшаға деген сұраныс кезінде нарық атаулы ықпалға пайыз мөлшерлемесін төмендетумен жауап береді. Ақша нарығындағы өзгерістер инвестициялық нарықтың жауап беруіне түрткі болады: ссудалық мөлшерлеменің азаюы несиенің арзандауы мен құнды қағаздар бағытының өсуі салдарынан инвестицияның өсуіне әкеледі. Өндіріске құятын салынымдарды ұлғайту кезінде ұлттық өнім көлемі өсіп, табыс салмағы өседі. Сонымен, мемлекеттің қысқа мерзімді араласуы нвестицияның және өндірістің өсуіне әкеледі. Алайда нарықтық механизм табыстың көтерілген деңгейіне және сәйкес келген ақша сұранысының өсуіне жауап бере отырып, пайыз мөлшерлемесін ұлғайтады да, инвестицияның тоқтауына әкеліп соқтырады. Сонымен, нарықтық механизм, мемлекеттің араласуына жауап беріп, аяққы кезде алғашында пайда болған ұмтылысты бәсеңдетеді. Ақша салмағын ары қарай өсіру саясаты инфляциялық қаржыландыруға әкеліп қана қоймай, пайыз бойынша ақшаға деген икемді сұранысқа да әкеледі. Соның нәтижесінде экономика Д. Робертсон бейнелеген ликвидті тұзаққа тап болады. Ақша салмағын ары қарай өсіру ешқандай тиімділік бермейді, себебі пайыз мөлшерлемесі белгіленген минимумнан төмен түспейді. Бұл жағдайда инвестициялық нарық ақшадан түрткі алмай, өндірстің төмендеуін тудырады.

Демек, депрессия жағдайында, пайыз мөлшерлемесі азаймаған жағдайда, пайыз нормасының динамикасы арқылы инвестицияға ықпал ету механизмі іске аспайды. Арзан ақша саясаты банктердің ссуда беруге әзір екенін білдірмейді. Төменгі пайыз құнды қағаздар бағытының өсуін шарттағанымен, фирмалар өз құнды қағаздарын сатудан пайда түсірмейді. Сол себептен өтімшілікке бас ұру ұлғаяды, ақша салмағының өсуі төлеуге қабілетті тұтынушылық сұранысты өсіреді де, тауар ұсынысының азаюына байланысты бағалардың инфляциясының өсуіне әкеліп соқтыртады. Несиелік-ақша саясаты жарамсыз болғадықтан, кейнсиандық үлгі экономиканы тұрақтандыру үшін фискалды саясатты қолдануды қарастырады. Бұл шара инвестициялық сұранысқа ынталандыру ықпалын тигізгенмен, мемлекеттік бюджеттің ұлғаюына әкелмек. Ал оны қаржыландыру нарықтың тепе-теңдігінің бұзылуына әкеледі. Біріншіден, ол жеке меншік инвестициялар нарығынан ақшаның мемлекеттік міндеттемелерге кетіп қалуына себепкер болады. Соның нәтижесінде жиналымдар мемлекеттік бюджеттің дефицитін жабуға (өтеуге) жұмсалып кетеді. Екіншіден, ссудалық капитал нарығында ақша қаражаттарының жетіспеушілігі банк несиесінің мөлшерлемесінің өсуін, құнды қағаздар бағытының төмендеуін шарттап, инвестицияның азаюына әкеледі.

II ТАРАУ Банктің инвестициялық операциялары

2. 1 Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясаты

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігі бар. Кең мағынада, банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Ал тар мағынада, банктік инвестиция - табыс немесе пайда алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жүмсаған қаражаттарды да түсінуге болады.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмұны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрылымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауын, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Банктің инвестициялық саясатының басты бағыттары мынадай бөлімдерді қамтиды:

инвестициялық саясаттың басты мақсаты;

баланс активі мен пассивіндегі квазиинвестициялық операциялардің шегін (үлесін) анықтау;

инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;

инвестициялардың құрамы мен құрылымы;

бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі;

инвестициялар портфелінің диверсификациялануына қойылатын негізгі талаптар;

портфельдің құрамына түзетулер енгізу механизмі;

сақтау тәртібі және сақтандыру механизмі;

пайдалар мен зияндардың есебі;

компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.

Банктердің инвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру (андеррайтинг), сондай-ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз турін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болатыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Бағалы қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг - бұл бағалы қағаздарды сатудан ешқандай да төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспейтіндігі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылықтарын орналастыру жоспарын құрады.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:

қор (акция, облигация) және;

коммерциялық бағалы қағаздар (коммерциялық вексель, чек, қоймалық, кепілдік куәліктер)

Қор бағалы қағаздарының өзін екі негізгі топқа бөледі:

мемлекеттің бағалы қағаздары;

мемлекеттік емес (корпоративтік) бағалы қағаздар.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің бағалы қағаздарын өзіндік сипатына қарай төмендегідей 2-кестемен беруге болады.

Кесте

ҚР -дағы мемлекеттің бағалы қағаздарының сипаты

Түрі: Түрі
Шығару мақсаты: Шығару мақсаты
Орналастыру тәсілі: Орналастыру тәсілі
Айналыс мерзімі: Айналыс мерзімі
Номинал құны: Номинал құны
Түрі: 1
Шығару мақсаты: 2
Орналастыру тәсілі: 3
Айналыс мерзімі: 4
Номинал құны: 5
Түрі: Ұлттық банктің қысқа мерзімді нотасы
Шығару мақсаты: Айналыстағы ақша массасын реттеу
Орналастыру тәсілі: Аукцион/сату
Айналыс мерзімі: 7 күннен 90 күнге дейін
Номинал құны: 100 теңге
Түрі: Ұлттық банктің арнайы валюталық нотасы
Шығару мақсаты: Еркін өзгермелі валюта бағамына өтуге байланысты жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау
Орналастыру тәсілі: Ноталар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау
Айналыс мерзімі: 35 күн
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Арнайы валюталық мемлекеттік облигациялар (АВМЕКАМ)
Шығару мақсаты: Жинақтаушы зейнет ақы қорларының активтерін қорғау
Орналастыру тәсілі: Мемлекеттік облигациялар портфелін жинақтаушы зейнет ақы қорларымен айырбастау
Айналыс мерзімі: 5 жыл
Номинал құны: 100 АҚШ доллары
Түрі: Мемлекеттің арнайы қазыналық міндеттемесі (МЕКАМ)
Шығару мақсаты:

Ұлттық банкке

Үкіметтің қарызын

Қайта рәсімдеу

Орналастыру тәсілі:
Айналыс мерзімі: 10 жыл
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі:

Мемлекеттің

қысқа мерзімді қазыналық-валюталық міндеттемесі (МЕКАВМ)

Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3, 6, 9 және 12 ай
Номинал құны: 100АҚШ доллары
Түрі: Мемлекеттің индексацияланатын қазыналық міндеттемесі (МЕИКАМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3 ай одан жоғары
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі: Мемлекеттің орта мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕОКАМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 2 және 3 жыл
Номинал құны: 1000 теңге
Түрі: Мемлекеттің қысқа мерзімді қазыналық міндеттемесі (МЕККАМ)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Аукцион
Айналыс мерзімі: 3, 6, 9 және 12 ай
Номинал құны: 100 теңге
Түрі: Мемлекеттік ішкі займдық ұлттық жинақ облигациялары (ҰЖО)
Шығару мақсаты: Республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
Орналастыру тәсілі: Жазылу жолымен
Айналыс мерзімі: 364 күн
Номинал құны: 1000 теңге

Мемлекеттің бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен (номиналдық құнынан төменгі бағамен) сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.

Мысалы, 91 күнге шығарылған, номиналдың құны 100 теңге тұратын дисконттық бағалы қағазды 75 теңгеге сатып алсаңыз, онда одан мынадай табыс аласыз:

100 - 75 = 25 теңге немесе

25 теңге: 75 теңге (бастапқы салынған инвестиция) х 100% = 33, 3%

Сонымен қатар, егер 91 күнге салсаңыз, онда бір күндік табыс: 33, 3% : 91 күн = 0, 3659% құрайды. Демек, бір жылдың табыс: 0, 3659% X 364 күн = 133, 19% тең.

Купондық яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке дейін төленеді.

Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаз. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк көрсететін қызметтер
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру
Инвестиция және оны қаржыландыру
Мемлекеттік инвестициялық қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру, өндірістік инфроқұрылымдарды және өңдеуші өндірістерді дамыту жолдары
Коммерциялық банктердің инвестициялық операцияларын зерттеу
Альянс Банк
Инвестициялық банктердің ұсынатын қызметтері
Пайыз саясаты және пайыз мөлшерлемесінің түрлері
Бағалы қағаздар түрлері және олармен банктік операциялар
Нарық жағдайында инвестициялық жобаның тиімділігін талдау және бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz