ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Жоспар1

Кіріспе2

І-бөлім ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕ4

1. 1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ4

1. 2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ8

1. 3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ12

ІІ-бөлім. БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ21

2. 1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ21

2. 2 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР25

ҚОРЫТЫНДЫ28

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ30

Кіріспе

Осы жұмысты жазу алдында мені Қазақстанның банк жүйесі өте қызықтырды, себебі бұл тақырыптың актуальділігі осы таңда өте жоғары. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі экономикаға тигізетін әсері зор, банктік жүйесіз экономика дамымайды.

Банктік жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасайды. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады. ъ

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратн капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта болады. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, едомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Қоғамда белгілі бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, Дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндірілді және оларды өз кезегінде макроэкономикалық реформасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп санады.

Бұл курстық жұмыстың маған ұнаған себебі - бұл банктік жүйе, әсіресе Ұлттық банк қызметтері туралы көп ашып, түсіндіріп береді. Бұлар өте қызық және қарстыруға тұрарлық тақырыптар. Мен өз басым Ұлттық банктің Монетарлық департаментінде, Анализдеу және тәуекелдер басқармасында 6 ай бойы практика өттім. Сондықтан да менің алдымда, курстық жұмысты таңдауымда, не "Ұлттық банк", не "Банк жүйесі" тақырыптары тұрды. Әрине "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі" тақырыбы қызық тақырып, бірақ оны талдаудың актуальдылығы мен белгілі бір мақсаттары болған жоқ. Ал осы жұмыстың мақсаты:

─ банктердің экономикаға тигізетін үлесі зор екендігін көрсету;

─ Банк жүйесін реформалаудың қатліктері мен инновацияларын көрсету;

─ Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің құрылымын және қолданатын опеацияларын көрсету.

Бұл жұмыс 2 бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімінде Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы, банктік жүйенің нарықтық экономикадағы ролі, Қазақстандағы банктік жүйенің реформалануы қарастырылады.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасында банктерді ұйымдастырудың формалары туралы, соның ішінде Ұлттық банк: оның құрылымы, міндеттері, жүргізетін саясаттары және Коммерциялық банктер: олардың құрылымдық элементтері, мақсаттары, операциялары туралы мәліметтер бар.

І-бөлім ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕ

1. 1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихымен тығыз байланысып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: Мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.

Ресейдің Мемлекеттік банкі (өз қызметін 1860 жылы бастады) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің Мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік-қарыздық операциялардың 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа елдердің орталық эмиссиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің Мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендірді. 1914 жылдың қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.

Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 филиалымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 шоғырланудың жоғары дәрежесіне жетті.

Орта және ұсақ буржуазиялық қызмет көрсету үшін мынадай ұсақ несиелік мекемелер қызмет атқарды: өзара несие беру қоғамы (11081), қалалық қоғамдық банктер (343) .

Ипотекалық несие жүйесі - мемлекеттік дворяндардың жер банкі мен мемлекеттік жер банкі, 10 акционерлік жер банктері, 36 қалалық несиелік банктер мен ипотекалық несиенің басқа да банктерінен құрылды.

Несиелік мекемелердің ішінен, әсіресе, деревнялардағы дәулетті адамдарға қызмет көрсететін несиелік кооперация кеңінен танылды. Ол қарыз жинақ кассалары мен несиелік серіктестіктерден тұрды.

1917ж. Қазан революциясынан кейін банк ісін ұйымдастыруда мемлекеттік монополия қағидасы іске асырылды. Елде Мемлекеттік банк құрылды, кейіннен жеке коммерциялық және басқа да банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде, бәрі бір мемлекетке жататын, салалық және аумақтық банктер құрылды. Банктік жүйенің бір құрамдас бөлігі мемлекеттік еңбек жинақ кассалары болды.

Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында мемлекеттік банктермен бірге: кооперативтік және жеке, мемлекеттік-капиталистік, соның ішінде шетел капиталының қатысуымен де мемлекеттік емес несиелік мекемелер құрылды. 1922ж. деревнялар мен майдагерлік өнеркәсіпті жандандыру мақсатын көздеген несиелік және қарыздық-жинақ серіктестіктері мен олардың одағы ұйымдастырыла бастады. 1924ж. ауыл шаруашылық кооперацияларына салым қабылдау, қарыз беру мен есеп айырысудағы делдалдық нысанында несиелік операцияларды жүргізу рұқсат етілді. 1926ж. 1 сәуір қарсаңында КСРО-да 16185 серіктестіктер құрылған еді, бұлардың ішінде 2426 - несиелік және қарыздық жинақ, сондай-ақ 12424 - ауыл шаруашылық серіктестіктері болды.

КСРО-да 1930-1932жж. жүргізілген несиелік реформаның нәтижесінде жаңа қағидаларда салалық банктер ұйымдастырылды. Капитал жұмсалымдарды қаржыландыру және несиелендіруге байланысты ң арнайы банктер құрылды.

Өнеркәсіп және электр шаруашылығының несиелендіру банкі - өнеркәсіп және электр шаруашылығының күрделі күрделі құрылысын қаржыландыру банкі (Промбанк) болып қайта құрылды. Ол 1959ж. КСРО құрылыс банкі болып қайта ұйымдастырылды.

Социалистік жер бөлінісін қаржыландыру банкі (КСРО Ауыл шаруашылық банкі) көптеген несиелік серіктестіктер мен республикалық ауыл шаруашылық банктердің орнына (1959ж. оның қызметтері КСРО Мембанкі мен Құрылысбанк арасында үлестірілді) ұйымдастырылған.

Кооперация құрылысын күрделі қаржыландыру банкі (Всекомбанк) жалпы Ресейлік кооперативтік банк негізінде (1939ж. Всекомбанк өз жұмысын тоқтатты, ал оның активтері мен пассивтері 1959ж. таратылған КСРО Сауда банкіне берілді) құрылған.

Коммуналдық және тұрғын үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959ж. таратылды да оның қызметтері КСРО Құрылыс банк пен Мембанк арасында үлестірілді.

Барлық салалық банктер саланы қаржыландыру және ұзақ мерзімді несиелендірумен айналысты. Ал КСРО Мембанкінде халық шаруашылығының барлық салаларын қысқа мерзімді несиелендіру шоғырландырылды. КСРО Мембанкінің барлық несие жүйесінің орталық және жетекші бөлімі ретіндегі ролі одан ары арта түсті. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу мен ағымдық шоттары КСРО Мембанкінде шоғырландырылды.

Одақтас республиканың барлығында, соның ішінде, Қазақстанда барлық банктердің республикалық мекемелері ұйымдастырылатын. Бұның өзінде банк ісінің ұйымдастырылған принципі банктердің жоғары билік органдарына бағынуы, қандай да бір жергілікті ережелердің бекітілуіне жол бермеу сақталды.

Сонымен қатар тәжірибеде берілген банктерде ақша айналымын шоғырландыру қағидасы жүзеге асырылды, соның ішінде, әрбір кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек бір банкте ғана есеп айырысу немесе ағымды шот ұстай алды. Осы банкте олар өз ақшалай қаражаттарын сақтады, несие және қолма-қол ақшылыр алды, ол арқылы барлық қолма-қол емес есеп айырысу операцияларын жүргізді.

КСРО-да банктік реформа 1987-1988жж. жүргізілді. Нәтижесінде, КСРО Мембанкі мен КСРО Құрылыс банкін құру негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі (Промстройбанк), Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі (Жилсоцбанк) ; КСРО Мембанкінің құрамына кіретін жинақ кассалары жүйесінің негізінде: Жинақ банкі, ал Сыртқы сауда (Внешторгбанк) негізінде: Сыртқы экономбанк құрылды. КСРО Мембанкі кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік-есеп айырысу қызмет көрсетуін тоқтатты. Ол елдің Орталық банкі деп жарияланды.

Мамандырылған банктердің құрылымы әкімшілік-аумақтық принцип бойынша құрылды. Одақтас республикаларда республикалық банктер және облыстарда басқару ұйымдастырылды. Банктердің аудандар немесе қала деңгейінде өз мекемелері болды. Олар алғашында мына принцип бойынша құрылды: ауданда клиенттері басымырақ болса, онда мамандырылған банктердің, осы ауданда бір мекемесі құрылды. Тек КСРО Жинақ банкі ғана ерекшеленеді, себебі оның мекемелері әр ауданда, колхозда және совхозда болды. Мамандырылған банктердің төменгі буыны өзінің мамандануына қарамастан, ауданның барлық клиенттеріне қызмет көрсетті. Негізінен банктердің мамандануы тек басқару деңгейінде ғана көрінді, ал төменгі мекемелері әмбебап несиелік мекемелерге айналды. Олардың ауданның, яғни барлық саланың кәсіпорындарына қызмет көрсетулеріне тура келді.

Олар банктердің саны бойынша 4 несиелік жоспарға ие болды. Көрсетілген банктердің салаларға жатуы, олардың клиенттерінің әмбебаптығымен қарсы келді, бұл өз алдына ең алдымен несиелік ресурстарды құрумен байланысты бірқатар мәселерді тудырды. Бұл қаражаттардың өзара аймақарлық есеп айырысу жүйесі арқылы банктен бақылаусыз банкке тасқындай құйылуымен күрделене түсті.

Жалпы алғанда банктердің мамандырылуы банк жүйесінің жұмысын шатастырып жіберді, оны монополиядан босатқан жоқ, несиелік механизмге түбегейлі өзгеріс енгізген жоқ, керісінше, аумақтырақ және көп білімді, шығынды сипатқа ие болды, алғашқы бөлімнің әлсіреу кезінде бюрократтық ақпараттық жоғары деңгейлерінің өсуі көрініс тапты. КСРО Мембанкі ролі әлде қайда әлсіреп кетті, ол мамандырылған банктердің жұмысына ықпал ете алмады.

Осы жағдайдан шығудың бір жолы банктік реформаны жүргізу, яғни банк жүйесін батыстағы үлгідегідей екі деңгейлі жүйеге көшуін жүзеге асыру болып табылады.

70-жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң орталықтандыру мен шоғырландыру, несиелік-банкті ықпал ету әдістемелерінде әкімшілік, өктемдік, ұсақ-түйек регламенттеу, сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметінде де ұсақшыл регламенттеу басым болды. Қалыптасқан ақша-несиелік қарым-қатынастар тәжірибесі, пайда болып келе жатқан нарықтық қатынастар шарттарына сай келмеді.

Өз тәуелсіздігін алғаннан кейін 1990 жылдың желтоқсанында Қазақстан бірден нарықтық экономика талаптарына жауап беретін меншікті банктік жүйесін құруға кірісті. 1991ж. қаңтарында, елдегі банктік реформаның бастамасы болып табылатын, "Қазақ КСР-дағы банктер және баенктік қызмет туралы заң" қабылданды. Республикалық Мемлекеттік банк облыстық басқармалары мен бөлімшелері бар ҚР Ұлттық банкіне айналды. Республикалық өнеркәсіп құрылыс банкі - акционерлік-коммерциялық Туран банкіне, Агроөнеркәсіпбанк - ҚР акционерлік-коммерциялық Агро банкіне, Республикалық Жинақ банкі - ҚР акционерлік-коммерциялық Жинақ банкіне ауысты. 1993ж. бұл банктер акционерлык банктер болып қайта өзгерді, ал Жинақ банкі Қазақстан Республикасы Халықтық банк деген атқа ие болды.

1989ж. басынан бастап, алғашқы коммерциялық, аралас, кооперативтік, жеке банктер пайда бола бастады. Осы жылы көптеген коммерциялық банктер құрылды.

1. 2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РОЛІ

БАНКТІК ЖҮЙЕ - нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

Банктердің және тауарлай-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді (1-сызба) .

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады. ъ

Әр түрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының "тобын" құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратн капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Депозит түрінде және Займдар, жеке салымдар

басқа жолмен берілетін және келісім бойынша

ақша қаражаттары берілетін акшалай қаражаттар

Тікелей инвестициялар Нарықта акциялар және басқа

жолымен акциялар және да қаржы құралдарын сату

басқа да қаржы құралдарын арқылы алынған ақша

сатып алу арқылы ұсынылатын қаражаттары

ақша қаражаттары

Банктер есеп айырысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созған үшін өсім, несиені өз уақытында қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес, сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесін қорғайды.

Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерліктер, компания, фирмалар) және аймақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.

Банктер экономикалық басқарудың органы болғандықтан, оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық сипатта болады. Банктердің экономикалық жауапкершілігінің ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, едомствалық тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық органдарының, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің айналысында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.

Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несилерді қайтару үшін қаражаттың болмауы тек объективті емес, сонымен бірге осы шарт иесінің жұмысының нашар екендігін күнделікті оперативті көрсеткіші болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген тауарларының өткендігін және т. б. білдіреді. Банктің мәліметтері бухгалетрлік есепті құруды күтпей-ақ кәсіпорын қызметтерін көптеген маңызды факторы туралы, әрі олардың нәтижелері алдын-ала көруге мүмкіндік береді. Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге, оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.

Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма-қол және қолма-қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты болады. Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтың шот есептері жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығы, ал олар арқылы шаруашылық процесстердің барысын қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.

Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындарының қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер етеді. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жалға беруші және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да осыған жатады.

Қоғамда белгілі бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орынға әкімшілдік-әміршілік әдістердің орнын - экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта түседі.

Бұл жағдайларда экономикада инфляцияның төмендеуінде және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі ролі айрықша. Бұнда банктік жүйенің негізгі мақсаты - несиелік механизмді жетілдіру, ақша массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем тәртібін сақтау болып табылады. Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап өзіміздің ұлттық валютамыз - төл тенгемізді енгізді. Бірақ инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 % жетті. Ұлттық банк пен үкіметтің монетарлық шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция 25 % төмендеді, 1994 жылы тамызда 13, 5 % тең болды.

Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 300-250 % дейін төмендеуімен несиелк ресурстар аукциондағы пайыздық мөлшерлеменің 460%-280% төмендеуі, яғни несие үшін төлем-сұраныс пен ұсыныс негізінде анықтаған нарыққа айналды. Теңгенің ресми және бейресми валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа мерзімдік қазыналық векселдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық банктің директивті несиелерді беруден бас тартуын атауға болады және олар тек агроөнеркәсіптік несие үшін сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда сатылады.

Ұлттық банк үкіметтің шығындарына несиелер беруді максималды төмендетуде. Мұндай барлық шаралар ұлттық валютаның тұрақтануы және инфляция төмендеуі бойынша жағымды нәтижелер береді.

Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі маңызды. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның негізгі мақсаттарының бірі - экономиканың жеке секторын құру және кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұдан келіп шығатыны - банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы керек.

Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды ынталандырады.

Жекешелендіруші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді, яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін беру мүмкіндігі туралы болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын жасау керек.

1. 3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНКТІК ЖҮЙЕНІҢ РЕФОРМАЛАНУЫ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк жүйесінің қызметтері
Қазақстандағы банктік жүйенің даму тарихы
Банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы ақпарат
Туризм саласындағы инвестиция
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
ҚР банк жүйеcін дамыту рефoрмаларды жүзеге аcыру барыcы
Икемді және тиімді банктік маркетинг
ҚР қаржы нарығының дамуы
Ипотекалық несиелеу – Қазақстан нарығындағы ұзақ мерзімді несие
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz