Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары 5
1.2 Ақша-несие саясатының қызмететуінің іске асуының құқықтық негізі 10
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУ
БАРЫСЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ТАРГЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ 14
III ҰЛТТЫҚ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ
ДАМУ СИПАТЫ 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді
және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның
құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін,
банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ
тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу
мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып
табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын
саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-
несие саясаты болып табылады.
Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын
шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты
мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға дейін
банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға, яғни қайта
қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық
экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп
кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте
бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің
тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып
табылады.
Қазақстандағы ақша – несие саясатының құралдары мен механизмдері
атты курстық жұмыстың өзектілігі – мемлекеттің экономикалық дамуының
жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ақша – несие саясатын тиімді
жүргiзудің маңыздылығы. Яғни ақша – несие саясатын қаржыландыруды ресми
ставкасын, ақша - несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейлерін, ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін ерекше жағдайларда, операцияларының жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен тиімді
жүзеге асыруға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты – бүгінгі таңда өзекті және негізгі
саясаттардың бірі болып отырған ақша – несие саясатының қалай іске
асатынын, қызмет ету механизмін, бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және
Ұлттық Банктің ақша – несие саясатын жүргiзудегі басты қызметтерін, ақша –
несие саясаттағы инфляциялық таргеттеудің жүргiзуінің бүгінгі таңдағы
негізгі бағыттарын зерттеу.
Осы мақсатқа сай курстық жұмыстың міндеттері келесідей:
1. Ұлттық банкiтiң ақша – несие саясатындағы негізгі мақсаты ретінде
бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуі үшін өзінің алдағы уақыттардағы
саясаттарын алдағы жылдарға белгіленген шамалар негізінде қатаң түрде
жүргізге бағытталған.
2. Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату операцияларына сай
айналыстағы ақша жиынын реттеу.
3. Ұлттық Банкiыың бағалы қағаздар портфелін кеңейту.
4. Банктерге және үкіметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер беруді
тиімді жүргiзу.
5. Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық Банктің шетел валюталарын
өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық бағам мен төлем
балансын реттеп отыру.
I ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының
экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді
мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн,
сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
• рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
• экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк
операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы
мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.
Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының
басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын
қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл мақсатты орындауда Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
• Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi
деңгейiн белгiлеу;
• Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер
нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
• Мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде
айналыстағы ақша жиынын реттеу;
• Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер
беруді тиімді жүргізу;
• Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық банктің шетел
валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық
бағам мен төлем балансын реттеп отыру;
• Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң
деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
• Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды
ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты
ретiнде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей Орталық банктiң жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар
бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да
мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн
ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция
деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру
мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын
аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету
болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн
төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол
жеткiзуi тиiс. Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы
қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу
базасы ретiнде қызмет етіп отырады.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы шетел
валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын
болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың
бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің
салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық
нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі
құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын
одан сайын арттыра түсті.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк
мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi
деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.
Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын
несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн
нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа
мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа
мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң
мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс
болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.
Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн
несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi
төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн
қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн
қолданады.
Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi
құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму
жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру
қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн
реттеу қызметтерiн атқарады.
Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесiнiң қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең
төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.
Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi
орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында
банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:
1) мiндеттi резервтеу;
2) резервтеудiң баламалы тәртiбi.
Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары
тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға
пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша
мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен
Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының
динамикасына әсер етедi.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту.
Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық
банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру
операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң,
қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.
Ақша мультипликаторы – ақша базасы бiр бiрлiкке өскенде, ақша
ұсынысының қалай өзгеретiндiгiн көрсетедi. Ақша мультипликаторының мөлшерi
мiндеттi резервтеу нормасына байланысты, өйткенi мiндеттi резерв банктер
мен несие ресурстарының көзi ретiнде пайдаланылмайды, сонымен қатар
айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлiгiнiң
мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы
олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етедi, мультипликатордың
коэфиценттiк жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тiкелей
реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-
несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар. Экономикадағы ақша айналысы
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң және ұзақ мерзiмдi
инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл тек қана жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм болғанда ғана
мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша үлесiнiң өсуiмен,
ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен, шаруашылық
субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен бiрге жүредi.
Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейiне
байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы iшкi өнiмге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейi
жоғарылайды.
Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол
ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.
Мiндеттi резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi
арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк
депозиттерiнiң бөлiгi.
Артық резервтер – дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi
корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан,
Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық
банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер
өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен iске асады. Бұл
құралдар ақша базасының кенеюi шегiн көрсететiн және ақша жиынының, ақша
базасы арқылы есептелетiн ақша мулбтипликаторының мөлшерiне әсер етедi.
Ақша ұсынысының үлгiсi және ақша мультипликаторы келесi формуламен
берiледi:
MS = C + D
Мұндағы:
МS – ақша ұсынысы;
С - банк жүйесiнен тыс қолда бар ақша;
D – депозиттер.
Қазiргi замандағы банк жүйесi – жеке резервтi жабумен байланысты
жүйе. Банк депозиттерiнiң бiр бөлiгiн ғана резерв түрiнде сақтайды, ал
қалған бөлiгiн қарыз беру үшiн және актив операциялар үшiн пайдаланады.
Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктiң ақша ұсынысын өсiру
мүмкiндiгi бар.
Несие мультипликаторы – коммерциялық банктер жүйесi шеңберiндегi
төлем құралдарының эмиссиялық үрдiсi.
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрi жаңа депозит пайда болуының
нәтижесiнде туындайды.
MS = 1 rr * D
Мұндағы:
rr – банк резервiнiң нормасы;
D – алғашқы салым;
1rr – банк мультипликаторы немесе депозиттiк
мультипликатор.
Ақша ұсынысының жалпы үлгiсi Орталық банк рөлiн ескере отырып
жасалады және банк жүйесiндегi депозиттiк ақшаның бiр бөлiгiнiң қолма-қол
ақшаға ауысуы.
Ақша базасы Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердiң
резервтерi мен банк жүйесiнен тыс қолма-қол ақша.
MB = C + R
Мұндағы:
MB – ақша базасы;
С – қолма-қол ақша;
R – резерв.
MS = C + D
Мұндағы:
MS – ақша ұсынысы;
С – қолма-қол ақша;
D – депозиттер.
Ақша мультипликаторы – ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы:
m = MS MB = MS = m * MB
Мұндағы:
m – ақша мультипликаторы.
Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерiнiң (с * r) депозит
коэфиценттерiне және резерв депозитiне (rr) қатынасы түрiнде анықтауға
болады.
m = cr + 1 cr + rr * MB
Мұндағы:
с = C D – қолда бар ақша;
r = R D – резервтер.
Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы
көлемдерiне тәуелдi.
2 1.2 Ақша-несие саясатының қызмететуінің іске асуының құқықтық негізі
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының құқықтық негізі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңына сәйкес жүргізіледі.
Ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу Қазақстан Ұлттық Банкi
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-несие саясатын айқындайтын және
жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi
ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында
жүзеге асырады.
Ақша-несие саясаты:
• қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;
• ақша-несие саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы
ставкаларының деңгейлерiн;
• ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн;
ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен
көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады.
Ақша-несие саясаты операцияларының түрлерi:
Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi
мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:
1) Қарыздар беру;
2) Депозиттер қабылдау;
3) Валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) Мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның
iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да
операциялар.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы Қазақстан Ұлттық Банкi қайта
қаржыландырудың ресми ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, қарыздар
бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейiне және инфляциялық
болжалдарға қарай белгiлейдi.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасына сәйкес
коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүргiзедi.
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-несие саясатының негiзгi
операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
Резервтiк талаптар Қазақстан Ұлттық Банкi банктердiң депозиттерi мен
заемдары бойынша сыйақы көлемдерi мен ставкаларын реттеу мақсатында ең
төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық Банкi ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн
банктер мiндеттемелерi сомасының процентi ретiнде есептейдi.
Банктердiң есеп айырысу үшiн қабылданатын мiндеттемелерiнiң құрылымын,
ең төменгі резервтiк талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу
тәртiбiн, сондай-ақ ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерiн
Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлейдi.
Ең төменгі резервтiк талаптардың нормативтерiн өзгерту осындай шешiм
қабылданған күннен бастап бiр айдан ерте қолданысқа енгiзiлмейдi.
Ең төменгi резервтiк талаптардың нормативтерi бұзылған кезде банктер
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Қазақстан Ұлттық Банкi тарату комиссиясының төрағасы тағайындалған күннен
бастап банктің тарату комиссиясына өзiнде резервтелген қаражатты он күндiк
мерзiмде қайтарады.
Бағалы қағаздарды сатып алу және сату мемлекеттiк және басқа да бағалы
қағаздарды сатып алу мен сатуды Қазақстан Ұлттық Банкi жалпы ақша-несие
саясаты шеңберiнде жүзеге асырады.
Ақша-несие саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкалары
Қазақстан Ұлттық Банкi жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберiнде
қаржы рыногындағы рыноктық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-
несие саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларын
белгiлейдi.
Қарыздар Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-несие саясатының қабылданған
бағдарларына сәйкес банктердiң қарыз алуының жалпы көлемiн реттейдi.
Банктерге берiлетiн қарыздарды беру мен өтеу тәртiбiн, талаптарын,
түрлерiн, мерзiмдерiн және лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi қарыздарды өтiмдiлiгі жоғары және қауiпсiз бағалы
қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз
етпей де бiр жылдан аспайтын мерзiмге бередi. Бұл мерзiмдi Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң Басқармасы ұзартуы мүмкiн. Бұл орайда Қазақстан Ұлттық Банкi соңғы
инстанциядағы қарыз берушi ретiнде банктерге қарыздарды Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, шарттарда және мерзiмдерде беруге
құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген мүлiк
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қарыздары бойынша мiндеттемелердiң орындалуын
қамтамасыз ету үшiн кепiл заты бола алады.
Валюталық интервенциялар Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық
интервенциялары Қазақстан теңгесiнiң бағамына әсер ету мақсатында
банкаралық немесе биржалық рыноктарда шетел валютасын сатып алу-сату және
валюталық мәмiлелердiң басқа да түрлерiн жүргiзу жолымен дербес жүзеге
асырылады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары жалпы ақша-несие
саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.
Депозиттер депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын,
мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де
депозиттер тартуға құқылы.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық
Банкi эмиссиялайтын мемлекеттiк бағалы қағаздар. Қысқа мерзiмдi ноталарды
шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу тәртiбi мен талаптарын
Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-несие
саясатының мақсаттарына сәйкес қысқа мерзiмдi ноталарды ұлттық валютамен
де, шетел валютасымен де шығаруды жүзеге асыруға құқылы.
Коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу Қазақстан Ұлттық Банкi
коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық
Банкiнiң коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн
қойылатын талаптарды белгiлейдi.
Банк операциялары бойынша сандық шектеулер Қазақстан Ұлттық Банкiнiң
тiкелей сандық шектеулерi деп операциялардың жекелеген түрлерi және
мәмiлелерi бойынша ставкалардың ең жоғары деңгейлерi, кредит берудi тiкелей
шектеу, сыйақы ставкаларын тұмшалау, жекелеген салалардың дамуын
ынталандыру немесе тежеу мақсатында несиенің нақты түрлерiн тiкелей реттеу
ұғынылады.
Қазақстан Ұлттық Банкi инфляциялық процестердi жанама ақша-кредиттiк
реттеу әдiстерiмен тоқтату болмаған жағдайда тiкелей сандық шектеулер
қолдануға құқылы.

БАРЫСЫ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯЛЫҚ ТАРГЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Қазақстан экономикасындағы ақшаның құнсыздану қарқынының өсуі
негізінен ұлттық экономиканың әлі де болса шикізаттық бағытта болуы, яғни
шикізаттық ресурстар экспортынан ғана биылғы жылы төлем балансы оң болып
отыруы және соңғы 5-6 жылда экономиканың қарқынды өсуі, халықтың табысының
көбеюі және олардың тұтыну қабілетінің артуы болып отыр. Ал осы сұранысты
қанағаттандыру қабілетін негізінен отандық өнімдердің үлесінің шамалы
болуы, шетелдік өнімдер импортының жоғары болуы, отандық өңдеу өнеркәсібі
салаларының дамымауы есебінен инфляция деңгейін таргеттеу саясаты
тұрақтандырудың өзі қиынға түсіп отыр. Бұған жауап ретінде соңғы 2-3
жылдағы инфляция қарқынының ақырындап өсіп келе жатқандығын айтсақ болады.
Егер экономика осы қарқында дами беретін болса, экономиканы реттеу қаржы
саласының ғана қолында болып, оның басты негізі өндіріс саласын тиімді
дамытпасақ алдағы жылдары инфляциялық толқулардың орын алуы мүмкін.
Осы себепті Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүргізетін ақша-
несие саясатының негізгі бағыт-бағдары ұлттық ақша бірлігінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету, басты макроэкономикалық көрсеткіштерді алдын ала болжап
белгілеу арқылы отандық кәсіпорындардың сенімділігін арттыру және жалпы
экономиканың тиімді бағытта дамуын қадағалап, реттеп отыру болып табылады.
Осыған байланысты еліміздегі ақша-несие саясатының 2003-2006 жылдарға
арналған негізгі міндеті Ұлттық банктің тікелей араласуын, яғни Ұлттық
банкті тәуелсіз орган ретінде қаржы рыногындағы монополияға айналдыру
арқылы қатаң ақша-несие саясатын жүргізуді қолға алып отыр. Инфляциялық
тұрақтылықты және оның төменгі деңгейін сақтау үшін ақша-несие саясатын
жүзеге асырып, ал еліміздің Үкіметі ұлттық экономиканы шикізаттық
экономикадан алып шығатын 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық стратегияны жүзеге асыруда.
Экономиканың тиімді дамуы үшін инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру
және инфляцияның мақсатты көрсеткіштерін қамтамасыз етуде инфляцияны
таргеттеудің ақша-несие саясатындағы орны ерекше. Инфляциялық
таргеттеу дегеніміз – инфляцияның мақсатты көрсеткіштерінің жүйесі. Ол
дегеніміз Орталық банк инфляцияның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz