Коммерциялық банктердің жұмысын талдау жүргізу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан Республикасында дамуы.

мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Банктердің дамуының теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...5
1.1. Банктердің нарықтық экономикадағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Коммерциялық банктер қаржы делдалдар ретінде
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
ІІ Екінші деңгейлі банктер қызметтерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...13
2.1 Екінші деңгейлі банктердің активті және пассивті
операциялары ... ... .13
2.2 Коммерциялық банктердің жұмысын талдау жүргізу ... ... ...
... ... ... ... .18
ІІІ Банк қызметінің дамуындағы қазіргі кездегі
тенденциялары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.35

КІРІСПЕ

Қазақстан егемендік алғаннан кейін нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорындардың әр түрлі меншік формаларының пайда болуымен байланысты,
Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы республика
Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында Қазақстанда
екі деңгейлі банк жүйесі туралы мәлімет бар.
Ұлттық банк – мемлекеттің Орталық банкі, ол банк жүйесінің
бірінші деңгейіндегі банк.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктер –
коммерциялық банктер.
Коммерциялық банктер – кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ
халыққа тікелей және жан – жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл
олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы.
Коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық
шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта
бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан
өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар
коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда
өзіне пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді. Олар банктік ресурстарды
шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік
операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер жұмысында осы Заңды және Қазақстан
Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке
және аралас меншікте болуы мүмкін.
Бұл курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде, біз коммерциялық банктердің түсінігімен оның
қаржы делдалы ретінде және ұйымдастырушылық құрылымын қарастырамыз. Қазіргі
коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге
көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін
меңгеруде. Ұйымдық тұрғыдан коммерциялық банктердің басым көпшілігі
акционерлік қоғам формасында құрылған. Қоғамның жарғысы бойынша жоғары
басқару органы – акционерлердің жылдық жиналысы. Кезектегі және кезексіз
өткізілуі мүмкін.
Екінші бөлімде, коммерциялық банктердің қызметі мен
операцияларын қарастырамыз. Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын
қызметтері: ақша қаражатын шоғырландыру және тарту; несие беру;
шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу; төлем құралдарын
шығару; бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру; сенімхат
бойынша клиенттердің мүлкін басқару; клиенттерге кеңес беру. Коммерциялық
банктердің негізгі операциялары ретінде біз активті және пассивті
операцияларымен танысып өтеміз.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банк
ісінің ұйымдастыруын қарастырамыз. Коммерциялық банктер банктік жүйенің
екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып,
заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық
қызметтерді жүзеге асырайды.
Бұл жұмыстың мақсаты екінші деңгейлі коммерциялық банктер мен
олардың құрылымына, оның қызметтері мен операцияларына және Қазақстан
Республикасындағы банктерді ұйымдастыру мәселелерінің негізгі бағыттарын
алдын – ала шешіп білуді үйрену.

І тарау. Банктердің даму теориялық негізі.

1. Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі.

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас
құрылымдарының бірі.
Банктердің және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы
тарихи тұрғыдан қатарлас жүреді және де олар бір-бірімен тығыз
байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі
басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс
үрдісіне қатысушылардың экономикалық модельдерін қанағаттандыру жүзеге
асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық
органдарының капиталдарын, халықтың жинақтарын және шаруашылық
қызметтің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта
отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп
айырылысу жүргізіледі және экономика үшін басқа да көптеген қызмет
көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің
айналысына тікелей ықпал етеді.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын,
жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын
қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды
беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.
Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық
делдалдылықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз алушыға және соған
қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы орын ауыстыруы,
қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әр түрлі көздерден ақша қаражатын жинау арқылы банктер жалпы
ақша қаражтының “тобын” құрайды және де оларды жұмыс істеп тұратын
капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген талаптарды
қанағаттандыра алады.
Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет
көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық
құрылымдарының дамуында маңызды рөл атқарады.
Банктік жүйенің мақсатымен міндеттері негізінен экономиканы
жалпы басқарудың мақсаттары мен міндеттерімен бірдей, әйтсе де банктер
басқарудың кішігірім жүйелері ретінде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне тән жеке міндеттерін
орындайды. Экономиканы басқару орны ретінде банктің ролі оның өзінің
қызметтерін орындау үрдісінде және банк ісін ұйымдастыруда жалпы
принциптерді сақтауда көрініс табады.
Экономиканы басқару процесінде банктер негізінен басқарудың
экономикалық қатынастарын көрсетеді, ал әр қоғамның экономикалық
қатынастарын алдымен мүдде ретінде көрініс алады, ал экономикалық
мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны қозғаушыфактор болып табылатын
әдістемелерді пайдаланады. Банктер басқарудың экономикалық әдістері
несиелеу арқылы, экономикалық буындарының қарыз қаражаттарындағы
қажеттіліктерін әр түрлі несиемен немесе қолма-қолсыз есеп айрысу
арқылы, экономиканың үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін
қанағаттандырады, қоғамдық өмірдің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз
етеді.
Банктер есеп-айрысу операцияларын жүргізудің тәртібін бұзғану
үшін айыппұл, төлем төлеу күнін созғаны үшін өсім, несиені уақытында
қайтармағаны үшін жоғары пайыздарды алумен өзінің мүддесін ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушылардың мүддесін
қорғайды.
Банктер экономикалық басқарудың органдары болғандықтан, оның
өз клиенттерінің алдындағы жауапкешілігі де экономикалық сипатта.
Банктердің экономикалық жауапкершілігі - ең алдымен олар қызмет
көрсететін меншік түріне ведомстволық тәуелділігіне байланысты емес,
шаруышылық органдарының, (яғни өз акционерлерінің) шаруашылық және
қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен байланысты. Банктердің
айналысында өздеріне әрбір банкті таңдайтын фирмалар мен компаниялар
топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен қамтамасыз етілетін, өзі
және клиенттері үшін операцияларды неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік
сиппаты жүргізіледі.
Банктер кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті
халықтың шот есептерін жүргізу арқылы ақша айналымының жиынтығын, ал
олар арқылы шаруашылық процестерінің барысын қадағалайды, әрі оларға
ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды
шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындарының қаражаттары,
халықтың жинақ ақшалары, т.б. бар. Банктер осы қорладың қалыптасуына
белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргізеді,
ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы өндірістік үрдіске әсер
етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуімен банктердің алдына да
жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті жекешелендіру мен
мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және
акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек алуда, меншіктің
аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда.
Қоғамда белгілі бір класқа ие коммерсанттар, кәсіпкерлер
пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада,
қоғамда банктердің ролі күшеюде. Олардың жұмысында бірінші орында
әкімшілдік-әміршілік орнын – экономикалық әдістер алмастырады. Сөйтіп
экономикаға банктік ықпал етудің құндық құрылымдарының мағынасы арта
түседі.
Бұл жағдайларда экономикада инфляциының төмендеуінде және
олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен меншікті жекешелендіру мен
мемлекетсіздендірудегі негізгі мақсаты – несиелік механизмді
жетілдіру, ақша массасын ерттеудегі әдістерін жетілдіру болып
табылады.
Мемлекеттік меншікке реформа жүргізуде банктердің ролі
маңызды. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен, олар
қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Осы
орайда банктік реформа мемлекеттік кәсіпорындарыды жекешелендіру
үрдісінен бөлек жүргізілмеуі керек. Сондықтан, банктік реформаның
негізгі мақсаттарының бірі – экономиканың жеке секторын құру және
кәсіпорынды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Бұған
келіп шығатыны – банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің
мүдделеріне бағынуы керек. Әйтпесе олар шығынды несиелерден айрыла ала
алмайды, бұл қазіргі кезде көптеген мемлекеттік кәсіпорныдардың несие
портфелі сапасының төмендігіне қатысты.
Банктік реформа кәсіпорындарды жекешелендіруді қайта құруға
және көп шығын шығаратын кәсіпорынды тарату немесе қайта құруда өз
үлесін алуы керек. Бұл шығынды төлем қабілетсіз кәсіпорындарды
несиелеуді шектеумен қатар өміршең кәсіпорындарды несиелеу
мүмкіндігін кеңейтеді.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың ролін
жоғарлату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешелеген
кәсіпорындарды қайта құруға қолға бас ентеді. Сауықтыру банкінің ролі
жекешелендіру бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылатын,
тиісінше жекелеген және көп шығынды кәсіпорындарға корпоративті
жетекшілікті күшейтуге қатысты арта түседі. Инвестициялық қорлар
жекешелендіретін кәсіпорындардың саудасына қатысып, олардың қарыздарын
акционерлік капиталға алмастырылуы мүмкін, яғни жеке меншік құқық жеке
тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың несие алуларын
қамтамасыз етеді., жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді. Осы
мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруды
ынталандырады.
Жекешелендіруші кәсіпорындарға республикада банктік реформаны
құрудың барысында қажетті ипотекалық банктер маңызды көмек көрсетеді,
яғни бұл жерде әңгіме жекешелендіруші кәсіпорындарға, оған тиісті
мүлікті кепілге ала отырып, ипотекалық банктің ұзақ мерзімді несиесін
беру мүмкіндігі болып табылады. Бірақ ол үшін ең алдымен заң базасын
жасау керек.

2. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша
капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп,
маыңзды халықшаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен
жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің
оъективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және
экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.
Несиелік жүенің төменгі буыны халықаралық шаруышылығындағы
тікелей қызмет көсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді
қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады.
Бұлар коммерциялық кооперативтік және жеке банктер, банктік
заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
“Коммерциялық банк ” термині банк ісінің ертеректердегі даму
кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы оепрацияларымен
төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері
саудагерлер болған (міне осында “коммерциялық банк ” деген атауға ие
болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуысен банктер
экономиканың өзге де сфераларына қызмет көрсете бастағандықтан да
банктің “коммерциялық банк ” деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп
жоғалтты. Ол банктің “іскер” деген сипатын білдіреді, оның шаруышылық
агентердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың
қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банк – нарық
экономикасында қаржылық оперциялар мен қызмет көрсететін несиелік
мекеменің тобын білдіреді.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр
алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді
операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып,
қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір оперциялардан
түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық
елдердің коммерциялық банктер несие жүйесінің негізгі операциялық
буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша несие
нарығының жағдайында көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Депозиттік қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып
коммерциялық банктер қаржы делдалдар ролін орындайды. Банктің бұл
қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салышылар үшін өщдерінің
депозиттерй айналыс құралы қызметімен өтімді активтер қызметін атқара
отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкелу. Қарыз алушылар кейде
көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсаз қарпайым
клиенттерін банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзіндеде
мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскерлік
оперциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
Шынында да, банктер бұндай операциялардан пайда көреді. Олар
салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз
мөлшерлемесімен белгілеп табыс табады.
Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздарды есебімен
өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана
пайданы сезінеді ( мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5- %-ға
ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдайотырып, олардың
ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы
келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтін
қажеттілігіне (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар
банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында
қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға
қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл жағынан ақшаның сақталуын
қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттік
қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға
немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы
тиімді болып табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік
жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта
кету керек. Яғни операциялар формасы бәсеке әдістері, бақылау және
басқару жүйелері өзгеруде.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар:
депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге
асыру, несие беру.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан
айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаныжасауы мен жоюында
болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес,
сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша
жасау мүмкнідігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін
іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк
несиелерінің жетіспеушілігі және өтежоғары пайыз мөлшерлемесітұсында
өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-
тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы
белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай
ақшалар қажетті емес.
Коммерциялық банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды роль
атқарады. Өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен
олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде
оларды бере отырып, халық шаруышылығының қажеттілігін
қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін жоятыны да рас. Бұл
біріншіден, клиенттің банктегі шоттан нақты ақша алған уақытында және
екіншіден, несиені қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында
мүмкін болады.
Банктердің бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу, сондай-ақ
банктік холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында
басекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері
бұл аумақтағы бәсекенің артуына чартер қатаң саясатын жүргізу,
банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдану, электрондық
терминалдың пайда болуы және АҚШ-та халықаралық операциялардың таралуы
септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың
тез арада өсуіне байланысты күшейді.

ІІ Екінші деңгейлі банктер қызметінің анализі

2.1 Екінші деңгейлі банктердің активті және пассивті
операциялары.

Қазіргі кезде дәстүрлі қызметтерге бұрынғысынша салымдар тарту
мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операицялар бойынша пайыздық айрмадан алады. Бірақ осы екі қызмет
төңірегінде банктік өнімдерден көптеген нысандары жасалынып шығуы
мүмкін.
Қазіріг кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық
қызметтерінің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең
қатарын ұсынады. Осы кезде ол басқа банктер бәсекелестік артықшылықты
жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң
түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарынығың қалыптасуына
ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос
ақша қаражаттарының болуы оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік
қажеттіліктерін қанағатандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық
негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шарушылық
қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айрысу және қаржылық
операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызметтер
туралы заңға сәйкес банктер мынадай операциялар орындайды:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк –корреспанденттердің шоттарын жүргізу және оларға
кассалық қызмет көрсету;
- қайтарылымдылық, мерзімділік және төлемдік шарттарымен заңды және жеке
тұлғаларға қысқа мерзімдік несие беру;
- инвестицияланған қаражаттар иелерінің немесе иемдеушінің тапсырмалары
бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарда,акцияларды
және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да
операциялар жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме
және өзге де міндеттемелерді беру;
- тауар тасымалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талатардың орындалуын және бұл талаптардың инкассациялық
(факторинг) тәуекелін өз мойынына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету,
клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалылықтарды сақтандыру бойынша
қызметтер (сефтік бизнес);
- коммерциялық мәлімелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құнсыз
(форфрейтинг);
- клиенттерлің тапсырмалары бойынша сенімділік операцияларды;
- банктік қызметепен байланысты кеңес беру қызметін көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық
банктердің алғашқы дәстүрлік базалық қызметі. Бұл банктің пассиві
меншікті капиталымен тартылған қаражаттардан тұрады. меншікті капитал
– банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамасы бөлігі, бірақ
ол оның барлық ресурстарының тек 10%айды. Басқа кәсіпорындармен
салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі
деңгейі болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден,
банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа
кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар
сомаысн депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді
басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және
пайдалық негізінде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден,
депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды
жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге
таратылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілеріне
орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді
және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салытырғандаосы барлық міндеттемелер
коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара
қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет
етуінемүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін
бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және
еңбек ақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі
кезеңдеріне шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал – банктің
қорғаныс кепілідк қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз
міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының
тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымына оның
ролі өте жоғары.
Жоарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активті
операцияларын жүзеге асыру үшін таратылған қаражжаттарды 90%-нан
жоғарыбөлігін падаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша
бос ақшалай қаражаттарын жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың
негізгі бөлігін депозиттер құрайды.Депозит пен банктің клиенттерінің
жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы
түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және
оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік
операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің
несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болшақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік оперциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше
назар аударылуы қажет; депозиттік оперциялармен қарыздарды беру
бойынша оперциялардың арасындамерзім және сомалар бойынша өзара
байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану;
Депозиттік емес пассивтерге банктік облигациялармен және
кепілге салу парақтарымен жасалатын белгілі бір бағалы қағаздардың
орнына банктермен ақша қаражаттарын жұмылдырудан тұрады.
Сонымен бірге банктер ақша қаражаттарын тарту үшін шығарылатын
комуналдық облигациялар әр түрлі мемлекеттік заңды тұлғаларға қарыздар
бойынша талаптардың қамтамасыз етілуі болады. Бұл бағалы қағаздар
қатаң өсімақылы және әдетте 10-нан 25 жылға дейінгі мерзімді
шығарылады.
Осылайша коммерциялық банктердің дәстүрлі базалық қызметінің
бірі – жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын
жинақтау және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа
пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес
пассивтер салымшыларға пайыз төлеумен, оларға есеп айырысу төлемдік
қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарына сақтандыруды
ынталандыру жолымен жинақталады.
Коммерциялық банктердің екніші дәстүрлі-базалық қызметі –
экономика және халықты несиелндіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету
аясындағы маңыздыларға және банкінің актив оипрецияларына жатады.
Соның арақсында банктер несиелік институттарға қатысты боладыү
Несиелік оперциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының
арасындағы біріншінің екіншісіне төлемдік, мерзімділік және
қайтарылымдылық шарттарына белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы
бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялары пассивті және
активті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушыға
қазырз ұсынғанда, ал пассивтер, керсінше банк қарыз алушы ролінде, ал
клиенттер несеи беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше
несиелік оперциялардың екі нысаны: қазырдық және депозиттер.
Банктік активтік қарыздың операцияларын қарастырайық.Өз
клиенттерніне қарыз ұсына отырып, банктер салымшының ақша қаражаттарын
қабылдап жәнеоларды қарыз алушыға ұсынуда қаржылық делдалдар ролін
атқарады. Банктің бұл қызметі несиелік қатынастардың барлық
қатысушыларна тиімді. Бұл қатынастарда өзара мүдде көзделеді: әркім
өзінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Коммерциялық несилендіруде несие беруші де және қарыз алушы да
шарушылық субъектілері де болады,яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға
тауар нысанында несие береді, бұл мәліме вексельмен рәсімлделеді, яғни
қарыз алушы несие берушіге тауар нысанында несие алуын растайтын құжат
вексельді береді.
Банктердің несиелік оперциялары, банктердің және клиенттің
өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған
несиелік келісім шарттар негізінде жүзеге асырылады.

2.2. Коммерциялық банктердің іс-әрекет жұмысын талдау.

Қазақстан Республикасында жұмыс істеуші сенімді банк
жүйесінсіз нарықтық қарым-қатынастың дамуы мүмкін емес. 2005 жылдың 1
қаңтарында республикада екінші дәрежедегі 35 банк жұмыс істеді,ал бір
банк консервация режимінде болды және Қазақстанның дамушы Эскимбанк
акциясының мемлекеттік бөлігін сатып алғаннан кейін, мемлекеттік
банктардың саны 2-ретке қысқарды, оның екіншісі Тұрғын үй салу жинақ
қоры банкімен беріледі.Шет елдердің қатысы бар банктардың саны 15-ке
тең, олардың 9 резидент емес банктардың бастапқы банктармен берілген.
Сонымен бірге, есеп жүргізу кезінде республикада 18 шет ел банктарының
өкілдері болды. Екінші дәрежелі банктардың саны өткен жылда 354-тен
385-ке көбейді, ал есеп-касса бөлімдері 1023-тен 1105 өсті.
Қазсіргі кезде Қазақстанда банктар арасындағы негізні
клиенттердің бөлінуі аяқталуды, және де олардың қызметі де айқындалды.
Республикада экономикаға инвестирлене алынуы мүмкін біршама қаржы
потенциалы жинақталған. Универсалды коммерцияалық банктердің
клиенттерге толық көлемде қаржылық көмектер комплексін көрсете алуға
мүмкіндігі бар, ол 200 түрден асады. Соныман қатар, нарықтық жағдайда
жұмыс істей отыра, банктар жоғалтуы және банкротствоға ұшырауы мүмкін
(мысалы, АО Наурыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметін қадағалау және бақылау жүйесі мен сатылары
Банктік бақылау мен қадағалаудың түсінігі,түрлері
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банктерді құру, олардың қызметтерін ұйымдастыру және басқару құрылымы
Несие беру
Коммерциялық банктердің делдалдық қызметі және олардың дамуы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ РӨЛІ МЕН ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Банктік менеджменттің негізгі теориялық аспектілері
Қазақстандағы банктердің маркетингтік қызметінің ұйымдастырылуы жөніндегі мәліметтерді жүйелеп, жинақтап және барынша нақты жағдайын айқындап көрсету, сонымен қатар, әлемдік тәжірибелерді Республикамыздың банк жүйесіне қолданылу мүмкіншіліктерін қарастыру
Коммерциялық банк қызметіндегі аудиттің рөлі
Пәндер