Бенефициар - ақша алушы тұлға


ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІ КУРСОВАЯ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ . . .
1. Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және тәртібі . . .
2. Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі . . .
3. Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі . . .
4. Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысу есебі . . .
5. Инкассолық өкімдермен есеп айырысу есебі . . .
6. Чектермен есеп айырысу есебі . . .
7. Есеп айырысудың аккредитивтік нысаны.
8. Вексельдермен операциялар есебі . . .
9. Банктік карточкалармен есеп айырысу
есебі . . .
Қосымшалар . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олар-дың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады. Шаруашылық қызмет үрдісінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет. Бүл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орымдау үрдісі болып табылады, ал оның соңгы кезеңі - есеп айырысу.
Осы есеп айырысу міндеті - қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады. Кәсіпорын жэне үйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы колма-кол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.
1. БАНКТІК ШОТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫ АШУ, ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ЖАБУ ТӘРТІБІ
Банктік шот - бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті кабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық каты-насты бейнелеу адісі.
Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі (1-қосымша) . Келісім клиенттің шот ашуга жазған өтініші негізінде жасалады (2-қосымша) . Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен каржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша кабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.
Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер: келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу немірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандыгын куәландыратын кұжат; банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі, сондай-ақ банк корсететін қызмет пен оны толеу тәртібі. Банктік келісімшарт екі тарап келі-сетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.
Банктік шот ашу үшін Қазакстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі кұжаттарды үсынуы тиіс:
клиенттің салык есебіне түрғандығын растайтын салык
қызметі берген кұжаттың түпнұсқасы;
мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;
- жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін - бекітілген ереженің көшірмесі;
- қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі (3-қосымша) . Бүл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде, ал екінші данасы банк клиентінің іс күжатында сакталуы тиіс.
Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге қүкьілы, олар: ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспо-нденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақтық шоттар -занды және жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспо-нденттік) шоттар банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелермен банктердің банктік шоттары.
Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік шот алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ кұжаттарының толық бар екендігі туралы бек-ітімі болса, онда банк құжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс. Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады. 2000 жылы 13 қазанда кабылданған №395 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз телемдер мен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген, банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен акша аударымдарына, ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай, ақша аударымы үшін колма-қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар' есебіне қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе банктік шотқа катыссыз бенефициардың қолма-кол ақшаны алуы саналады.
Заңды түлғалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі және ақша аударымы, олардың банктік шот ашып, салык және бюджетке міндетті төлемдерді, сондай-ак зейнетақы жарнасын төлегеннен соң жүргізіледі.
Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін үсынады (4-қосымша) . Есеп айы-рысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады: клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспон-Денттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады. Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі (5-қосымша) .
Бенефициар - ақша алушы тұлға. III\ COCI I
Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол акша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-кол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады. Аталған құжапар төлем кұжаттары немесе төлем хабарламалары болып табы-лады. Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің норма-тивтік кұқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының ны-саны болмаса, алушы-банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.
Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі деректемелер болуы қажет:
төлем хабарламасының аты;
төлем хабарламасының нөмірі, күні, айы, жылы;
ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фами-лиясы, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе акша жөнелтуші немесе бенефициар заңды тұлғаиың ұйымдық-күкықтық нысанын коса алғандағы толық атауы;
ақша женелтушінің немесе бенефициардың дербес сәйкес-тендірілген коды. Жеке тұлғаның дербес сәйкестендірілген коды болмаған жагдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер немірі) көрсетіледі;
банк, жөнелтуші және бенефициар банктің үйымдастыру кұкылык нысандарын қоса толық атауы, олардың сәйкестендірілген коды;
ақша жөнелтуші коды - «КОД», бенефициар коды - «КБЕ», төлем тағайындауы және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нормативтік-күкықтық актілерімен белгіленген кодтық белгілеуі;
санмен және сөзбен көрсетілген төлем сомасы;
салық төлеушінің тіркеу немірі (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды көрсетілмес-тен аудару жасалатын болса;
егер жөнелтуші заңды тұлға болса, оның өкілетті түлғала-рының аты-жөні, қолы, мекеме мөрі. Егер жөнелтуиіі жеке түлға болса оның қоры;
Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған басқа да деректемелер. Алушы-банк ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді. Төлем хабарламасын алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге колма-кол ақшаны кабылдаганы туралы тиісті бекітімді береді. Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы-банк бенефициар есебіне ақша аударымдарын жүзеге асыруга міндеттеме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан
аИЬірыиу
Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды. Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйакы ұстайды. Егер бүл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде карастырылмаса, сыйақы еш уақытта төлем сомасынан үсталмайды. Банк ақша женелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарлама-ларын қабылдаудан бас тартуы мүмкін:
төлем хабарламасы Нағыз ереженің және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бүрмаланып толтырылса және үсынылса;
аударымды жүзеге асыруга қажетті ақша сомасы женелтуші қолында болмаса;
төлем хабарламасында санмен және сезбен көрсетілген со-маның банкпен сәйкессіздігі анықталса;
Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісімшарттарының талаптары орындалмаған
болса.
Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшін алушы-банк және жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды. Сондықтан бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (акша жөнелтушінің) оған дербес сәйкестендірілген код белгілеместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді. Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішін-де комиссиялық сыйақы алу ретін және өз қүкықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін келісуі тиіс. Сондай-ақ банк ақша жөнелтушіні төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті керсеткені үшін алынатын өзіндік тарифтерімен таныс-тыруы тиіс.
Ақша аударымын жүзеге асыру үшін жөнелтуші-банк төлем хабарламасы негізінде сәйкес төлем қүжаттарын рәсімдейді. Егер банк банктік шоты жоқ бенефициар есебіне акша қабылдаса, онда ақша қабылдағандығы туралы, банк бекіткен нысанда толтырылған хабарлама жолдау арқылы оны хабардар етуі тиіс.
Егер бенефициардың банктік шоты болмаса, онда ақша ау-дарымы ақша жолдаушының төлем хабарламасына сәйкес, бенефи-циар банктің бенефициарға қолма-қол ақша босатуымен немесе оның есебіне ақша түсімі кезінде беиефициардың банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазу жасалғаннан бастап аяқталған болып саналады. Бенефициар банк бенефициар жеке тұлғаға оның жеке басын куәландыратын қүжатымен танысқаннан кейін ғана қолма-кол ақшаны бере алады. Бұл кезде банк оған төлем жүр-гізілгендігін растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарлама-сының шарттарын белгілейтін кұжатты үсынуы тиіс. Бенефициар қолма-қол акша алу кезінде банктің сәйкес күжаттарына жеке басын куәландыратын құжаттағы аты-жөнін, сондай-ақ алған ақша сомасы мен төлем валютасын көрсетіп, қолын қоюы тиіс.
Бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктер-дің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бек-ітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс. Егер аударымды жүргізу мүмкін болмаса, ақша жөнелтуші банк және бенефициар банк ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауы керек.
Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушінің банкіне келесі операциялық күннен кешіктірілмей, себептері көр-сетіле отырып қайтарылуы тиіс. Қате аударылған сома ақша жөнел-тушінің банктік шоты бар болып, жөнелтуші банкіне қайтарыл-ғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.
Акшаны қайтарған жағдайда банк жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.
Егер ақша, ақша аударымы кате белгіленуі себебімен қайта-рылған болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банкке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды. Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымның қабылдан-ғандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шот-тары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті үйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.
Бүл операциялардың банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, өкілетті үйымдардың банктік шоттағы ақшаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгерту туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.
Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі.
Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады. Егер банк клиенті -заңды түлға таратылып немесе қайта қүрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке түлғаларда - үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады. Банк кәсіпкерлік кызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.
ЕСЕП АЙЫРЫСУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ
Қатысушыларға байланысты банктің есеп операциялары негізгі екі топқа бөлінеді:
■ клиенттік есеп айырысу операциялары, мұнда негізгі субъект ретінде банк және оның клиенттері катысады;
■ негізгі субъект банк болып табылатын, таза банктік есеп айырысу операциялары және банкаралык есеп айырысулар (9-кесте) .
9. Жіктелу критсрийлері
Банкаралық Клиенттік
Іиікі банктік
Төлем тапсілрмалары-мен есеп айырысу Төлем-талап тапсырма-ларымен есеп айырысу Чекпен есеп айырысу
Векссльмен есеп айы-рысу
Карточкамсн есеп айырысу
Шот ашу бойынша операциялар Шот жүргізу бо-йынша операциялар
Кассалық операциялар
Акцептік операциялар
Талаптарды беру операциялары
Авальді операциялар
Аккредитивтік операциялар Аударым операциялары
Инкассолық операциялар
Клирингтік операциялар
Есеп айырысу нысандарындағы ерекшеліктерге байланысты банктің келесі есеп айырысу операцияларын бөліп көрсетуге болады:
■ аккредитивтік операциялар;
■ инкассолық операциялар;
■ аударым операциялары;
■ клирингтік операциялар.
Есеп айырысу операцияларында қолданылған төлем құралдары-на байланысты есеп айырысу операциялары былайша жіктеледі: төлем тапсырмаларымен есеп айырысу;
- чектермен есеп айырысу; вексельдермен есеп айырысу;
төлем карточкаларымен есеп айырысу;
- қолма-қол есеп айырысу.
Атқарымдық негіздеріне, есеп айырысу мәні мен жүзеге асыру кезеңдерше қарай банктің есеп айырысу операциялары былайша бөлінеді:
ағымды, мерзімдік есеп айырысу және баска да шоттар операциялары;
- әр түрлі шоттарды жүргізу, каржыларды өтеу және косу, сыйакы мен комиссиялық ақылар косу операциялары;
- кассалык операциялар (қолма-қол ақшаны колма-кол емес ақшаға айналдыру операциялары және керісінше) ;
- тиісті құжаттарды төлеуге төлеушінің келісімін (немесе карсылығын) алуға байланысты акцептік операциялар;
- төлем алу кұкығын беруге байланысты операциялар: факторингтік, есептік, индоссациялық (банк индоссант болып табылатын кездегі) ;
- банк төлемге келіп немесе тапсырыс беруші болып табылатын, банктің авальді (кепілді тапсырмасының) операциялары.
Банктегі есеп айырысу операцияларын ұйымдастыру 2000 жылғы 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы аумағыида қолма-қол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелеріне» сәйкес реттеледі. Осы ережелерде есеп айырысу кұжаттарын рәсімдеу және есеп айыры-суды жүзеге асыру тәртібі көрсетілген.
Банк аударым операцияларының үлкен көлемін жүзеге асырады, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржы аударымдарын жүзеге асыру тапсырыстарын орындау бойынша операциялар.
Аударым операцияларын жүзеге асыру үшін банкте төлеуші мен алушы арасындағы есеп айырысудың келесі нысандары қолданылады:
- төлем тапсырмаларымен;
- төлем талап-тапсырмаларымен; инкассолық өкімдермен;
- чектермен;
- аккредитивтермен;
- вексельдермен;
- банктік карточкалармен.
3. ТӨЛЕМ ТАПСЫРМАСЫМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Төлем құжаты ақша жөнелтушінің қызмет көрсетуші банкке, тапсырмада көрсетілген соманы, оның ақшасын бенефициар есебіне аудару туралы берген тапсырмасы. Аударымды жүзеге асыру үшін жөнелтуші өзіне қызмет кәрсетуші банкке бекітілген үлгідегі төлем тапсырмасын үсынады (6-қосымша) . Төлем құжатында міндетті түрде келесі деректемелер (реквизиттер) көрсетілуі тиіс:
- күжаттың аты;
оны жазу күні, айы, жылы, қүжат нөмірі. Күн - санмен, ай - сөзбен, жыл - санмен керсетіледі;
акиіа жөнелтуші заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқылық ны-санын коса, толык атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
ақша жөнелтуші банктің ұйымдастыру-кұкылык нысанын қоса, толык атауы, дербес сәйкестендірілген коды;
төлем мәні, сондай-ақ Қазакстан Республикасы ¥лттық банкінің нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген кодтық белгіленуі;
санмен және сөзбен көрсетілетін төлем сомасы;
салык төлеуші бенефициар мен ақша жөнелтушінің тіркеу нөмірі.
«Телем мәиі» белігінде ақша жөнелтуші аударым жүзеге асырылатын құжат атын, нөмірін және күнін, сондай-ақ «Код -төлем мәні» бөлігінде - төлемнің кодтық белгіленуін көрсетуге міндстті.
Ақша аударымы резидент емес бенефициар есебіне жүргізілсе (ақша жөнелтуші банк болған жағдайдан тыс), өзіне қызмет көрсетуші банкке бекітілген үлгіде шетел валютасында ақша ау-дарымына өтінішті (7-қосымша) ұсынады. Мүндай өтініш ақша жөнелтушінің алушы банкке ақша аударымы туралы берген төлем құжаты болып табылады.
Алушы-банк ақша аударымына жазылған телем тапсырмасын немесе өтінішті оның жазылған күнін көрсете отырып, он күнтізбелік күн ішінде қабылдайды.
Ол Қазакстан Республикасы заңдылығына сәйкес, төлем тап-сырмасы мен аударымға өтініштен тыс төлем негізін дәлелдейтін басқа да кұжаттарды талап етуге міндетті. Ақша жөнелтуші кызмет көрсететін алушы банк келісімі бойынша төлем тапсырмасында немесе ақша аударымы өтінішінде валюталау күнін' керсетеді.
Жөнелтушінің төлем құжатын орындаудағы банк міндеттемесі төлем кұжатының акцепті деп аталады. Акцепт кезінде алушы банкке жөнелтушінің банктік шотынан төлем тапсырмасында корсеіілген мөлшерде, сондай-ақ оиы орындаумен байланыстарды шығындар үшін ақша алу күқы беріледі.
Алушы-банк төлем тапсырмасын акцептеуі үшін, аталған төлем тапсырмасыи орындауға жеткілікті акша сомасы жөнелтушінің банктік шотында болуы тиіс. Қажетті акша сомасымен камтамасыз ету ақша жөнелтуші каржысының есебінен немесе келісімде көр-сетілсе, алушы-банк заемы есебінен жүргізіледі.
Валюталау күні - бұл инициатор белгілеген бенефициар ақша алатын толем тапсырысында көрсетілген күн.
Төлем кұжатын алушы-банк келесі жағдайларда акцептейді:
- алушы-банк акцепт туралы жөнелтушіге хабар жіберсе немесе төлем тапсырмасын төлеу туралы хабарлау жолдаса;
- алушы-банк жөнелтушінің төлем тапсырмасы негізінде ақшаны шоттан алса (банктік шотты дебеттейді) ;
- төлем тапсырмасын алғаннан кейінгі үш жұмыс күні ішінде алушы-банк акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабарлама алмаса;
- Қазакстан Республикасының заңдылығымен немесе алушы-банк пен жөнелтуші арасындағы келісімде көрсетілген жағдайларда.
Бенефициар банкте келесі жағдайлардың бірі орын алса, төлем кұжаттары акцептелген болып саналады:
- бенефициар банк акцепт туралы хабарламаны жөнелтушіге хабарласа;
- бенефициар банк бір кезекте алушы-банк болып саналып, жөнелтушінің телем тапсырмасы негізінде ақшаны алса (банктік шотты дебеттесе) ;
- бенефициар банк бенефициардың банктік шотын несие-лендіру арқылы бенефициарға акша аударымын жасаса;
- бенефициар банктің үш жұмыс күні ішінде жөнелтуші акцепт туралы немесе акцептен бас тарту туралы хабар-лауын алмаса;
Қазақстан Республикасы зандылығымен немесе бенефициар және бенефициар банк арасындағы келісімде карастырылған басқа да жағдайларда. Төлем құжатының акцепті, егер бүл жөнелтуші және алушы банк арасындағы келісімде карастырылса, оны қабылдаған кезде жүргізілуі мүмкін. Алушы-банк келесі жағдайларда төлем күжатының акцептінен бас тартуы мүмкін: егер жөнелтуші аударым үшін қажетті ақша сомасымен қамтамасыз ете алмаса; егер төлем тапсырмасында жалған белгілер болса, ол жөнелтуші және алушы-банк арасындағы келісімде белгіленбеген төлемдерден қорғау әрекетін бұзып жолданса; Қазақстан Республикасы аумағында қолма-кол емес төлем және ақша аударымдарын жүзеге асырудың төлем құжаттарын қолдану ережелері және біздің Республиканың бекітілген төлем тапсырмасын күру және ұсыну талаптары, жөнелтуші мен алушы-банк арасындагы келісімшарттарды жөнелтуші орындамаған жағдайда; Қазақстан Республикасының заңдылығы және келісім талаптары орындалмаған жағдайда.
Егер алушы-банк төлем қүжатын акцептеуден бас тартса, онда төлем тапсырмасын алғаннан кейін үш жүмыс күні ішінде жөнелтушіге тиісті жазбаша немесе электронды хабарлама жолдауы тиіс. Ол үшін алушы-банк пен жөнелтуші арасында қарсылық туралы хабарламаны жөнелту тәртібі қарастырылады, бүл кезде хабарламаны жіберу күні акцептен бас тарту күні болып саналады. Төлем құжатының акцепті мына жағдайларда жүзеге аспайды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz