Банктің пассивтік операциялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ2

1 Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметін ұйымдастыру3

1. 1 Коммерциялық банктердің мәні және жіктелуі3

1. 2 Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру тәртібі5

2 Қазақстанның коммерциялық банктерінің операциялары мен қызметтерін талдау14

2. 1 Банктің пассивтік операциялары14

2. 2 Банктің активтік операциялары22

3 Коммерциялық банктердің даму перспективалары27

3. 1. Коммерциялық банктердің электрондық қызметі27

ҚОРЫТЫНДЫ31

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР32

КІРІСПЕ

Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы саясат жатады.

Экономиканы ақша-несиелiк реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.

Банк жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі масштабты және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.

“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-ші бабына сәйкес, “банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.

Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктердің ролi ерекше. Банктер - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.

Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Екінші деңгейдегі банктердің активті және пассивті операцияларының дамуы”. Бұл курстық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктің мәнін анықтау және Қазақстандағы коммерциялық банктер атқаратын қызметтер мен операцияларды талдап, олар мен танысу. Курстық жұмыс негізінен кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады.

Кіріспеде курстық жұмыс туралы жалпы мәлімет берілген және банк сөзіне қысқаша түсініктеме, яғни мәні, пайда болуы, қызметі жайлы жазылған.

Бірінші бөлімде Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметінің ұйымдастырылуы жазылған, яғни олардың мәні, жіктелуі және құрылымы сипатталған.

Екінші бөлімде коммерциялық банктер атқаратын қызметтер мен операциялар жайлы жазылған.

Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің даму перспективалары, яғни банктердің жеткен жетістіктері сипатталған.

Қорытынды да коммерциялық банктер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылған.

1 Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметін ұйымдастыру

1. 1 Коммерциялық банктердің мәні және жіктелуі

“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы” республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында “Қазақстанда екінші деңгейлі банк жүйесі бар”.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Басқа банктердің барлығы- екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.

Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып заңды және жеке тұлғалар мен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.

Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.

Коммерциялық банктер- кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі бар несие мекемесі.

Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады және мынадай белгілері бойынша жіктеледі:

  1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
  • мемлекеттік;
  • акционерлік;
  • жеке;
  • пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) ;
  • аралас (шетел капиталының қалыптасуымен) ;
  1. Жүргізетін операцияларының түрлеріне қарай:
  • әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
  • маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
  1. Аумақтық белгісіне қарай:
  • халықаралық;
  • мемлекетаралық;
  • ұлттық;
  • аймақтық;
  1. Салалық белгісіне қарай:
  • өнеркәсіптік банктер;
  • сауда банктері;
  • ауыл шаруашылық банктері;
  • құрылыс банктері;
  • басқа;
  1. Филиалдар санына қарай:
  • филиалсыз;
  • көп филиалды;

90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.

Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша коммерциялық банктердің соңғы алты жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.

1-кесте ҚР-дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы

БанкТүрлері:

Банк

Түрлері

01.2001:

01.

2001

01.2002:

01.

2002

01.2003:

01.

2003

01.2004:

01.

2004

01.2005:

01.

2005

01.2006:

01.

2006

БанкТүрлері:

Екінші

Деңгейдегі

Банктер

Барлығы:

01.2001: 44
01.2002: 38
01.2003: 36
01.2004: 36
01.2005: 35
01.2006: 35
БанкТүрлері: Оның ішінде:
01.2001:
01.2002:
01.2003:
01.2004:
01.2005:
01.2006:
БанкТүрлері: Мемлекеттік
01.2001: 2
01.2002: 2
01.2003: 3
01.2004: 1
01.2005: 1
01.2006: 1
БанкТүрлері: Мемлекетаралық
01.2001: 1
01.2002: -
01.2003: -
01.2004: --
01.2005: -
01.2006: -
БанкТүрлері:

Шетел капиталы-

ның қатысуымен

01.2001: 16
01.2002: 17
01.2003: 16
01.2004: 15
01.2005: 14
01.2006: 14
БанкТүрлері:

Еншілес

Банктер

01.2001: 11
01.2002: 11
01.2003: 10
01.2004: 10
01.2005: 9
01.2006: 9

Қазақстан Республикасындағы банктік жүйеде 01. 05. 2006 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк ғана мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен Эксим банк, ал шетел капиталының қатысуымен құрылған банктер саны-14, оның ішінде, еншілес банктер-10.

1. 2 Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:

  1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
  2. Әділет Министірлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
  3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу;

Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.

Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдын ала әр түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі болады.

Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.

Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формаын таңдау көптеген факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын орталықсыздандырған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.

Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліс болмауға тиіс.

Басқару органын тағайындаудың мақсаты-банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.

Банктың ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.

Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.

Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.

Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлер қатысады.

Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1-суретте берілген.

Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғары органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.

Акционерлердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналысы жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың, Қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.

Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

  • банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
  • банктің жарғылық капиталын өзгерту;
  • банктің Кеңесін сайлау;
  • банктің жылдық есебін бекіту;
  • банктің табысын бөлу;
  • банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.

Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады. Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде мынадай міндеттерді атқарады:

  • нормативтік актілерді бекітеді;
  • Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған мәселелерді бекітеді;

1-сурет. Коммерциялық банктің басқару құрылымы.

Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.

Басқарма - банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды.

Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.

Басқарманың міндеттеріне мынылар жатады:

  • банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
  • банктің саясаттарын жасау;
  • жетекші орынға кадырлар таңдау, осы заманғы банк - күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс;
  • комитеттерді құру, ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп - қарыздық, ревизиялық;
  • қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау, басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды;
  • банк қызметін мерзімді тексеру;

Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.

Сонымен басқарма коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибесін қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады.

Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай міндеттер жүктеледі:

  • банктің қызметіне қатысты барлық меселелер бойынша бұйрықтар шығару және нұсқаулар беру;
  • барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде, оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
  • банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
  • банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
  • еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен келісімдер жасасу.

Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы жағынан бақылау жасаушы орган боып табылады.

Несиелік комитет - бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды жасаушы орган.

Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:

  • несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;
  • несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
  • несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
  • несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
  • несиені қайтаруды қатамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
  • несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік желі) ;
  • берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бекітеді;
  • банктің несиелік стратегиясын жасайды;
  • несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды;
  • несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына тіркеу кітабын жүргізеді.

Қызмет бөліміне: кадр бөлімі, заң бөлімі, күзет бөлімі, әкімшілік-шаруашылық бөлімі және т. с. с. кіреді.

Банктің ұйымдастырылу құрылымының екінші әдісі функционалдық бөлімшелер мен қызметтерінің құрылымы.

Банктің ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндеттер мен талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.

Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік операциялардың атқаратын міндетін ескеріп қалыптасады. Мысалы, банктің қаражат тарту және жинақтау операцияларын, депозиттік операциялар, есептеу-операциялық, несие және т. с. с. басқармалары орындайды. Әрбір коммерциялық банк банкте шаруашылық есепті ұйымдастыруға, банктің рентабельділігіне және өтімділігіне көп көңіл бөлінуі тиіс. Ол үшін банктің ағымдағы қызметімен шұғылданып, банктің жалпы жұмысына ұйымдастыру әсерін тигізетін құрылымдық бөлімшелер қалыптастырылады.

Банктің актив операцияларын жүзеге асыратын негізгі буыны - несие басқармасы. Банк кәсіпорындарға, ұйымдарға және басқа банктерге несие береді. Қарыз қорын қалыптастыру көздерінің ерекшеліктеріне, берілетін несиенің қамтамасыз етілуіне және несиелеу механизміне, несиені қолданатын жеріне және басқа факторларға байланысты несие басқармасының шеңберінде, әдетте, алты бөлім құрылады.

  1. Несие операцияларын ұйымдастыратын жылпы бөлімі - ол:
  • нақты экономикалық жағдайларға байланысты банктің жалпы саясатын және оны орындау тәртібін анықтайды;
  • қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеу мен қаржыландырудың жалпы әдістемелерін, сондай-ақ клиенттің несие қабілеттілігін анықтау және перспективалық қаржылық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әдістемелерін дайындайды;
  • несиелік тәуекелді зерттеп, банктік несие операцияларын сақтандыру механизмін анықтайды;
  1. Қысқа мерзімді несиелеу бөлімі - ол:
  • қарыздар мен қарыздың түріне байланысты банктің несиелік потенциалына қарай несие ресурстарын анықтайды;
  • несие алудың қажеттілігін айқындап біледі;
  • несиені беруді ұйымдастырып, несие істерін жүргізеді;
  • несие шарттарын жасайды;
  • клиенттердің несие қабілеттілігін тексереді;
  • несие қабілеттілік картотекасын жүргізеді;
  • факторинг операцияларын ұйымдастырады;
  1. Ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру бөлімі - ол:
  • банктің инвестициялық потенциалына қарай несиелеу мен қаржыландырудың негізгі бағыттарын айқындайды;
  • қаржыландыру мен несие операцияларын ұйымдастырады;
  • несие бер және қызмет көрсету шарттарын жасайды;
  • клиенттердің несие қабілеттілігін тексеріп, несие қабілеттілігік картотекасын жүргізеді;
  • клиенттің инновациялық ісіне байланысты несиелейді және клиенттің инновациялық қызметін қаржыландырады;
  • клиенттің тапсыруы бойынша қаржыландыруды ұйымдастырумен шұғылданады;
  • ұзақ мерзімді жобаларды ендіру үшін серіктер іздестіруде және оларды іске асыру үшін мердігерлер табуда делдалдық көмек көрсетеді.
  1. Халықты несиелеу бөлімі - ол:
  • тұтыну тауарларын сатып алуды және тұрғын үй салуды тікелей және жанама несиелеуді ұйымдастырады;
  • несие карточкасын береді;
  • халыққа басқа да көптеген қызмет көрсетеді.
  1. Банкаралық операциялар бөлімі Ұлттық банкпен, басқа да коммерциялық банктермен, сондай-ақ өзінің бөлімшелерімен есеп жүргізуді және барлық банкаралық операцияларды талдауды ұйымдастырады;
  2. Дәстүрлі емес банктік операциялар бөлімі несиелеумен, мысалы, лизинг операцияларын жүргізумен шұғылданады.

Коммерциялық банкте валюта басқармасы маңызды қызмет атқарады. Ол:

  • валюталық позицияны жүргізеді;
  • валюта шоттарын жүргізеді;
  • валюталарды сатып алып және сатады;
  • қаржыны салымдарға қабылдап, қарыз береді;
  • тәуекелді сақтандырады.

Бұл басқарманың ерекшеліктеріне байланысты төрт бөлім құрылуы мүмкін: талдау бөлімі; валюта шоттары мен валюталық позицияны жүргізу бөлімі; кассалық мәліметтер бөлімі; мерзімді мәмілелер; халықаралық есеп айырысу, “ностра” және ”лоро” шоттары, саудалық емес операциялар бөлімі.

Депозиттік операциялар басқармасы - банктің өз капиталы мен тартылған қаражатын талдаумен және есептецмен шұғылданып, негізінен мына, қызметтерді атқарады:

  • банктің депозиттік қаражатын олардың мерзіміне қарай және әрбір депонент бойынша есептеу;
  • қаражатты дезитке салу үшін шарт жасау;
  • тартылған қаражатты, оның құрылымын және банк ресурстары, оның балансының өтімділігіне әсерін бағалау мақсатымен даму динамикасын талдау;
  • банктің ресурстарын жоспарлау үшін қажетті хабарларды беру.

Қор бөлімі банктің өз қаражатын есептеу мен талдау қызметін жүргізеді. Олар:

  • банктің қаржылық қаражатын есептеу, оларды талдау және даму динамикасын есептеу;
  • банкке қарайтын бағалы қағаздарды сатып алу және сату операцияларын, сонымен бірге клиенттердің де тапсыруымен дәл осындай операцияларды жүргізеді.

Клиенттерге есептеу-кассалық қызмет көрсету мақсатында банкте есептеу-кассалық басқармасы құрылады.

Оның нешізгі қызметтері:

  • шоттарды ашу және есептесуді жүргізу;
  • кассалық операцияларды өткізу.

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады. Банктің ең басты қызметтерінің бірі - өзінің филиалдары мен өкілдіктерін басқару.

Банк филиалы - бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс.

Шетелдік банктердің Қазақстан Республикасы аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Банк өкілдігі - депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын зыңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк - жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиеселі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Есеп айырысу-кассалық бөлімі - ҚР аумағында банктік операциялардың жекелеген түрлерін орындайтын, филиал немесе өкілеттік мәртебесі жоқ, заңды тұлға емес, Ұлттық банктің келісімі негізінде құрылатын банктің аумақтық бөлімшесі.

Бөлімшелер мен филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теріс жағы ретінде мұнда бас кеңсе тарапынан бақылаудың қиындығы және монополиялық процестердің күшеюін айтуға болады.

Аталған банк мекемелерінің статусына байланысты олардың қызметі және оларды басқару формасы да әр түрлі болады. Филиалдар кейбір банктік операцияларды орындамайды: мысалы, корреспондент-банк операциялар, халықаралық операциялар, инвестициялық және басқа операциялар.

Банктің филиалдарды басқару қызметіне төмендегілер кіреді:

  • қызметін басқару;
  • несие саясатын және несие операцияларын жүргізуінің дұрыстығын бақылау;
  • банк жұмыстарының тиімділігін арттыратын жұмыстың жаңа әдістерін ензізуге көмектесу.

Талдау және статистика басқармасы төмендегідей жұмыстарды орындайды:

  • статистикалық хабарларды жинақтау және талдау;
  • клиенттерге хабарлама - анықтама қызметтерін көрсету;
  • банктің қызметі туралы есепті, жоспардың жобасын дайындау;
  • банктің балансын статистикалық тұрғыдан дайындау;
  • эксперттік зерттеуді, банкті бағалауды дайындау және орындау.

Кадрлар бөлімі:

  • қызметкерлердің санын және оларды қолдануды жоспарлайды;
  • кадрлардың мамандығын көтеруді және оқытуды ұйымдастырады;
  • еңбекақы қорын басқарады;
  • қызметкерлерді таңдаумен және орналастырумен шұғылданады.

Заң бөлімі:

  • нормативтік құжаттарды дайындап, банктің жарғысына өзгерістер енгізеді;
  • жарғылық шарттардың орындалуын және банктің мәмілелердің дұрыс дайындалуын бақылайды;
  • шарттардың, кепілдік актісін және басқа іс қағаздарын толтырады;
  • банктің сот және әкімшілік мекемелеріндегі барлық ісін жүргізеді;
  • талап арыздарды, пікірлерді, шағымдарды және басқа әр түрлі актілерді толтырады;
  • банкте туындаған барлық құқықтық мәселелер бойынша қорытынды жасайды.

Нарықтық экономика жағдайында банк қызметінің басты бағытының бірі - банктік қызметтің маркетингі .

Маркетинг басқармасы:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банк қызметінің пассивті операциялары
Банктің есеп айырысу - кассалық операциялары
Пассивті операциялар жайлы
Мемлекетің бағалы қағаздары
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейінгі банкке табыс әкелетін операциялар
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары
Банктің пассивтік операциялары туралы
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Банктердің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz