Коммерциялық банктің депозиттік операцияларының даму ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қаржы инвестициялары және банк ісі
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары.

Орындаған: Қаржы
және Есеп
факультетінің 308 топ
студенті
Ақбаева Раушан

Тексерген:__________________

Алматы, 2005 жыл
Ж О С П А Р :

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..3

1-ТАРАУ
Коммерциялық банктің атқаратын операцияларының мәні,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1. Коммерциялық банктің атқыратын қызметтерінің түрлері
және
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..4-6
1.2. Коммерциялық банктің депозиттік операцияларының даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...7
2-ТАРАУ
Қазақстан Республикасының
депозиттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.1. Қазақстан Республикасының депозиттік операцияларының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..9-13
2.2. КазКоммерцбанк АҚ-ның депозиттері ... ... ... ... ... ... ... .13-
16
3-ТАРАУ
Қазақстан Республикасының Казкоммерцбанк АҚ-ның
депозиттік операцияларын дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ..17 -20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...22

ҚОСЫМШАЛАР (Депозиттік саясат бойынша)

КІРІСПЕ

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырғанда өте жоғары, олардың есебінен банктің активтік
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік
жүйе үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәсүрлі есеп-
тәсілдерінің болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе
де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау
тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- Депозиттік қаражаттар;
- Депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит дегеніміз – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың)
банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар дегеніміз – бұл банктің алған
қарыздары түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қағаздарын сату жолымен
тарататын қаражаттары.

1 – ТАРАУ

Коммерциялық банктердің атқаратын операцияларының мәні, түрлері.
Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар дегеніміз – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын
басқа коррепондент – банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты
операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің
өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар дегеніміз – бұл клиенттердің уақытша
бос ақша қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартумен
байланысты операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер
пассив жағының көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың
негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
1. Коммерциялық банктердің атқаратын қызметтерінің
түрлері және дамуы.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап еткенге дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активтілік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- тағы басқалар.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлікқоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер дегеніміз – бұл салым иелерінің бастапқы
талап етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындғы сақталатын қаражаттар;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердіңкорреспонденттік шоттарындағы қаражаттар қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы, олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге
асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банктер сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен
қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты
депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады. АҚШ-тағы депозиттердің
түрлері 1-суретте бейнеленген:
1-сурет. АҚШ-тың коммерциялық банктеріндегі депозиттер

2. Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларының
даму ерекшеліктері.
Нау-шоттар дегеніміз – бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер. Нау-шоттың
мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуыталап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары дегеніміз – бұл куәландырылған
чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік
шоттағы қаражаттарды білдіреді.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшеліктері бар:
• ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп
отыруы;
• шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
• салымдардың сақтандырылуы;
• иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның үшінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі
телефон арқылы жүзеге асады.

2 – ТАРАУ
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер депозиттері.
Мерзімді депозит дегеніміз – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және
пайыз төлеу шартында орналастырлған клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын-ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ
қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот айып-пұл төлеуге
міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенгдейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резертердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын-ала хабарлау негізінде немесе уақыты
жеткен кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы
алуға болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті – мерзімді депозиттер;
- алдын-ала алуы ескерілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті – мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын-ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтініш талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын-ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын-ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.

2.1. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің депозиттік
операцияларының ерекшеліктері.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандайда есеп
айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алу туралы салым иесінің алдын-ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
ресімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және тағы басқа. Компьютердің көмегімен жасалған
жеке бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша,мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын-ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап
етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана
ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсаттық және ағымдық салымдар;
- алдын-ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын-ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, бойжеткен кезде және т.с.с.) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар,негізінен, жалақы,зейнетақы,үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төмен пайыздар төленеді.
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері
қолданылады. Айталық, Халық Жинақ банкі мынадый салымдардың түрлерін жеке
тұлғаларға ұсынады:
- НАРОДНЫЙ салымы – жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны мерзімнің
соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы – 2000 теңге, не 50
АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3,6,12 және 24 ай.
- СЕНІМ – ПЛЮС салымы – ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым.
Төменгі сомасы – 1000 теңге, не 50 АҚШ доллары немесе 50 еуро.
Мерзімі: 3,6,12 және 24 ай.
- НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС салымы – қорлану мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5
жылдық қорлану салымдары. Төменгі соамыс – 2000 теңге, не 50 АҚШ
доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл.
- ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы – салымды ашқан күні пайызды төлейтін
мерзімді салым. Төменгі сомасы – 1000 теңге, не 100 АҚШ доллары немесе
100 еуро. Мерзімі: 3 және 6 ай.
- ПРЕМИАЛЬНЫЙ салымы – сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебеп талап етуге
дейінгі салым. Төменгі сома – 500 теңге.
- ЗОЛОТОЙ ВОЗРАСТ салымы – 50 жасқа толған адамдар мен
зейнеткерлерге арналған арнайы салым. Төменгі салым – 100 теңге.
Мерзімі: 90 күн.
- АҚ БОТА салымы – арнайы балаларға арналған салым. Төменгі салым –
500 теңге, не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
- ИНТЕРНЕТ салымы – Интернет-Банкинг жүйесінде ашылған салым. Төменгі
салым 10000 теңге, не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн, 90 күн, 180
күн, 270 күн, 360 күн.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты дегеніміз – бұл салым иесіне
белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды
алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын
куәландыратын банк – эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелірінің атына
толтырылып беріледі. Әл мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары туралы
Aктивті және пассивті операциялар, олардың банктің қызметіндегі ролі мен орны
Коммерциялық банктердің пассивтік операциялары туралы
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Коммерциялық банктің пассивтік операциялары және олардың сипаттамасы
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
Банктердің дамуы
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер