Банктің несие саясатының түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Халықаралық Бизнес Академиясы

«Экономика, менеджмент және кәсіпкерлік» факультеті

«Ақша, несие және банк» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Коммерциялық банктердің несие саясаты»

Орындаған: К-0602 группасы, күндізгі бөлімнің 2 курс студенті

Маркс Канат

Алматы 2007

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1 Коммерциялық банктердiң несие саясатының теориялық негіздері. 4

1. 1 Несие саясаты: мәні, функциясы мен ролі . . . 4

1. 2 Коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несие саясатының мақсаты және оны анықтайтын факторлар . . . 8

2 Несие саясатының принциптері 12

2. 1 Несие саясатын оңтайландырудың принциптері

мен критерийлері 12

2. 2 Банктің несие саясатының түрлері . . . … 14

3 ҚР екінші деңгейлі банктерінің ішкі несие саясатын жүзеге асырудың практикалық аспектілері . . . 18

3. 1 Банкке несие беру процесін ұйымдастырудың тәртібі . . . 18

3. 2 Коммерциялық банктің ішкі несие саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыруды жетілдіру жолдары . . . 22

Қорытындылар . . . 28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 31


КІРІСПЕ

Соңғы жылдары Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастарға көшу жүзеге асты, бұл банк саласында түбірлі қайта құрудың қажеттілігін туғызды. Оның мәні банк қызметінің нарықтық қатынастармен бірдейлігін қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қолдану, яғни жаңа банктік, оның ішінде несие саясатын жүргізу болып табылады.

Коммерциялық банктің несие саясатын зерттеу тақырыбы етіп таңдауымыздың себебі: елімізде банк қызметінің бұл саласының дамуы әлі де жеткіліксіз, сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында банк қызметін ұйымдастыру ісінде жаңа әдістер қажет. Нарыққа көшкенде банк ісінің даму проблемасы, халыққа көрсетілетін банк қызметін жетілдіру айрықша маңызға ие болды. Бұған бірнеше факторлар әсер етті.

Біріншіден, банк жүйесінің құрылымы өзгерді. Банк шығармашылығындағы белсенді процесс, банк ісінің мемлекеттік монополиядан кетуі банктердің клиенттермен өзара қарым-қатынасын өзгертті.

Екіншіден, экономикадағы ескі әкімшілік-басқару жүйесінің түбірімен бұзылуы банк саясатының мазмұны мен оның басымдық бағыттарын өзгертті. Осыған орай бұл еңбекте банктің ішкі несие саясатына кең мағынада (несиеор мен қарызгер тұрғысында банк ұстанымы) айрықша назар аударылған.

Үшіншіден, несие нарығының дамуы (ұлттық және халықаралық) нарық талаптарын ескере отырып, банк қызметі мәнінің өзгеруін көрсетеді. Банк менеджментін, маркетингін жүргізу, жаңа технологияны енгізу, экономикалық тәуекелдікті зерттеп, өтеу қажеттілігі туындайды. Мұның мақсаты - банк клиенттері үшін ең аз шығындармен олардың сұраныстарын неғұрлым толық қанағаттандыру.

Төртіншіден, нарықтық шаруашылықтағы банктердің әлеуметтік -экономикалық ролі клиентке көрсетілетін банк қызметінің сапасын жоғарылату және қолданылу аясын кеңейту болып табылады. Банктердің халық қаражатын депозиттерге тарту міндетінің күрделілігі сол, рубльдің сатып алу қабілетінің үздіксіз төмендеуі адамдарды шетел валютасын инвестициялауға итермелейді, сондай-ақ өтімді тауарлар алып, оларды тезаврациялық тәсілмен, яғни банктерден бөлек сақтауға мәжбүрлейді.

Соңғы жылдардағы банктердің жабылуы да клиенттердің банктерге сенімсіздігін тудырды. Клиенттердің ақша жинақтау проблемасы, ертеңгі күнге деген сенімділігі бұл мемлекеттік экономикалық саясатты қолдау (немесе оның болмауы) мәселесі, бұл тақырыптың өзектілігін білдіреді.

Дегенмен де қазiргi таңда банке деген сенiм күшейiп келедi. Бұл сенiмдiлiк күн сайын арта түсуде. Елiмiздiң экономикасы жоғарылауда. Осы тұста несие саясатының маңызының зор екенiн айтпасада түсiнiктi.

  1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДIҢ НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1 Несие саясаты: мәні, функциясы және ролі

Бастапқыда банктер тек депозиттер қабылдады, бірақ олар қаржыны қайта тапсыруда делдал бола отырып, өздеріне несие тәуекелдерін мойнына алды. Несие банк ісінің негізі және банк жұмысының сапасын білдіретін базисі болды. Несиеті басқару процесі ерекше назар аудартады, өйткені, банк жұмысының табысы соның сапасына тәуелді. Бүкіл әлемнің банктерінің банкроттығын зерттеу шығынға ұшыраудың негізгі себебі активтердің (көп жағдайда несиетердің) төмен сапасы екендігін көрсетті. Көптеген банкирлер мен реттеуші органдар несие басқаруды түсіну банк несие портфелі сапасының индикаторы болып табылады деп санайды.

Активтер сапасы басқару сапасын білдіргенмен, басқа да факторлар ықпал етеді: үкіметтің саясаты, макроэкономикалық жағдай, банк меншігінің нысаны. Алайда, банк активінің сапасына сыртқы ықпалдың болуына қарамастан банктің несие портфелін және қаржылық есептемесін талдауда несиеті басқару процесін бағалау негізгі белгі болып саналады. Мықты банк құрудың алғы шарты - несие басқарудың тиімді процесін құру болып табылады.

Несиеті тиімді басқарудың негізгі элементтері мынадай: жақсы дамыған несие саясаты; полртфельді жақсы басқару; несиеке тиімді бақалау жасау және ең маңыздысы - жақсы әзірленген білікті қызметкерлер.

Сөйтсе де, несие саясаты несие басқарудың бүкіл процесінің негізін құрайды. Қазіргі кезде отандық тәжірибеде «несие саясаты» ұғымын бір жақты түсіну жоқ.

Саясат дегеніміз не? Саясат ( politike грек сөзі - мемлекет басқару өнері) әдетте қоғамдық қызмет ретінде алынған. (1, С. 282) . Орыстың түсіндірме сөздігінде басқаша баяндалған. 1. Мемлекеттің елдің ішкі өміріндегі және халықаралық қатынастағы қызметі. Сондай-ақ қоғамдық топтардың партиялардың қызметі, олардың мүддесі мен мақсатын айқындайды. 2. Қоғамдық мемлекеттік өмірдегі мәселелер мен оқиғалар. 3. Қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қандай да бір әрекеттердің образы. Философиялық-энциклопедиялық сөздік саясатты «таптар мен нәсілдер арасындағы қатынас пен байланысты қызмет саласы» деп анықтайды. Сонымен бірге саясат - бұл «қоғамдық қызметтің айрықша, ерекшелігі бар нысаны» делінген. Бұдан әрі: «саясат іш жүзіндегі қатынас, идиологияда - экономикалық процестегі қозғалыс пен терминделген және қоғамның экономикалық базисінің қондырғысы ретінде көрінеді. Ақыр аяғында экономикалық мүдделер саяси әрекеттердің әлеуметтік себебі болып саналады». Бұдан шығатын түйін: саясат бір уақытта қызмет те (іс жүзіндегі қатынас) және идиологияда, әрекеттер бағдарламасы және концепцияда.

Вебстер мұны белгіленген бағам деп талдайды. Үкімет, ұйым, мекеме немесе жеке тұлға осыған сүйенеді, іс басқарудағы ой-пікір салмақтылығы деп сипаттайды. Саясат - бұл бір-бірімен байланысты әрекеттерді орындау тәсілі, тиісті саясатты анықтау мен оны жүргізу тәсілдерінің негізі принциптер болып табылады.

Саяси ықпал ету обьектісі болып табылатын қоғамдық қатынастар саласын сөз ете отырып, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, техникалық және басқа саясатты айтуға болады. Несие саясаты банк жүргізетін саясаттың көп қырының бірі ғана.

Ресейдің «банк жүйесі» деген кітапта «несие саясаты - бұл банктің несие операцияларындағы стратегиясы мен тактикасы» делінген.

Осыған ұқсас талдауды қазіргі батыс әдебиетінен де кездестіруге болады. Мәселен, дүниежүзілік банктің Н. Брук жетекшілік еткен басылымында: «саясатты жасау және жүзеге асыру ұйымдастыру сұранысын, ережесін, заңдар мен басқару философиясының интеграциясын білдіреді. Бұл корпоративті мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Саясат айналасында банк беделі нығайып, болашақ табыстың, сондай-ақ, ішкі және сыртқы аудиттің негізі қаланады. Айқын анықталған саясатқа деген сұраныс банк дербестігі артып қызметі кеңейгенде өсе түседі. Банк саясаты екі қызметті жүзеге асырады: несие беру, бағалы қағаздар мен еншілес компанияларға инвестиция құю, күрделі қаржыландыру қызметкерлерге ішкі бақылау мен қаржылық басқаруға жұмсалатын шығындар. Бұл мәселелер бойынша ұсыныстарды осы мәселе туындаған бөлімдердің меңгерушілері мен қызметкерлері қояды. Саясат көбінесе салалық саясатқа, дәстүрге және басқарушылар мен Директорлар кеңесінің ұсынымдарына сүйенеді. Сондай-ақ банк сыртқы көздердің көмегінде пайдаланады. Бұл кезде кез-келген қарыз банктің сұранысына бейімделу қажет. Әдетте жаңа процедура мен саясатты Директорлар кеңесі мақұлдайды».

Бұл талдаулар қазіргі отандық экономикалық әдебиеттегі несие саясаты ұғымының әрқилы сипатталуын көрсетеді, сол себепті несие саясатының мәнін анықтау қажет.

Біздіңше бәрінен бұрын несие саясатын экономикалық саясат ретінде анықтау қажет. Алайда, экономикалық саясаттың қаржылық, баға, салық және пайыздық, басқа да түрлерінен ерекшелігі несие саясаты белгілі бір артықшылықтарға ие. Ал несие саясатының негізгі өзгешелігі - бұл несие қозғалысына байланысты саясат.

Несие саясаты біртұтас, бірақ несие және депозит сияқты әр түрлі операциялармен айқындалады. Тегі бір болғанмен, бұл операциялар мәні бойынша ажыратылады (экономикалық процестегі ұйымдастырылуы мен роліне байланысты) .

Макроэкономикалық деңгейде несие саясатын құрастыру банктік және несие саясаты сияқты ұғымдардың өзара байланысын болжайды. Жалпы дефиницияны (банк саясатын) анықтамайынша несие саясаты сияқты жеке ұғымның маңызын бағалау қиын.

Қазіргі экономикалық әдбиетте мұнымен қатар комерциялық банктің несие саясатына қатысты екі ұстаным бар. Біріншіден, макроэкономикалық деңгейде крдеит саясаты банк саясаты сияқты түсіндіріледі (4, С. 124) . Екіншіден, микроэкономикалық деңгейде несие саясаты белгілі бір банктің несие процесін басқару саласындағы саясаты сияқты қарастырылады .

Бірақ кейбір экономистер бұл пікірмен келіспейді. Мәселен, М. А. Косой былай дейді: «Несие саясаты банк саясатынан әлдеқайда кең ұғым». Бұл ұстанымының мағынасы сол, автор несие саясатын макроэкономикалық деңгейде мемлекеттік саясат сияқты, ал банк саясатын нақты банк деңгейінде қарастырады. Несие саясатына мұндай көзқарастың болуы, жоспарлы-бөліністі экономика жағдайында шаруашылық байланыстар жүйесінің болуымен ақталады.

Мәселен, қаржы-несие сөздігінде несие саясаты «социалистік мемлекеттің әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуі, ақша айналысын нығайтуы үшін халық шаруашылығында жүргізетін несие беру шараларын көрсететін экономикалық саясаттың құрамдас бір бөлігі» деп түсінідіріледі. Несие саясатына несие қатынастарын ұйымдастырудағы ғылыми негіздеме тұжырымдамасын әзірлеу, халық шаруашылығының несие беру саласында міндеттемелер қойылып, оларды жүзеге асыру шараларын жүргізу кіреді.

Тұжырымдамада мынадай белгілер анықталады: несие қатынастарының саласы; қаржыны бөлу және қайта бөлудегі қаржылық және несиетік әдістердің үйлесімі, несие беру мен ақша айналымын ұйымдастырудың өзара байланысы, несие беру принциптері, экономикалық және ұйымдастыру әдістерінің өзара қатынасы.

Несие саясатының бір элементінің өзгеруі басқа элементтерін жекелей немесе толық қайта қарауды талап етеді».

Осы анықтамамен келісе отырып, мұндай макроэкономикалық амал нарыққа өткен қазіргі жағдайда нақты бір комерциялық банктің жұмысын толық бағалауға мүмкіндік бермейтінін атап өту қажет. Сол себепті бүгін әрбір комерциялық банктің несие саясатын бағалау маңызды болмақ.

М. А. Косой несие саясатын макроэкономикалық деңгейде қарастыра отырып «жалпылай алғанда саясат - белгілі бір таптың мүддесін қорғауға, мемлекеттік өкіметті жеңіп алып, сақтауға, оны тиісті таптың мүддесі үшін қолдануға бағытталған қызмет. Мәселе мынада: бұл саясат қоғамның экономикалық дамуының объективті талаптарына жауап бере лар ма екен . . . » деп жазды. Мұндай таптық әдіс қазіргі зерттеушілерді қанағаттандырмайды, өйткені, еліміздің экономикалық және саяси бағдарының өзгеруі, нарыққа өту, банк саясатының экономикалық көрсеткіштерінің бүкіл мәнін, макро және микроэкономикалық деңгейдегі белгілерін бағалауды талап етеді.

Субъективті және объективті зерттеудің дидактикалық әдісі қарама-қайшылықтардың бірлігі ретінде кешенді қарастыруды білдіреді. Банктің несие саясаты адамзаттың ойлау өнімі ретінде субъективті болып табылады, ал қайнар көзі бойынша объективті сипатқа ие.

Бұл әдісті банктің несие саясатын құрастыруға жатқыза отырып, көп қырлы құбылыс ретінде қарастыруға болады: 1) жүзеге асырудың (теория мен практикада ) мәні мен тақырыбы деңгейінде 2) макро және микроэкономикада 3) кең және тарамағына да.

Несие саясатының мәнін қайтарымдық талаппен ресурсты тарту және оларды банк клиенттеріне несие беруге инвестициялау жөніндегі банктің стратегиясы мен тактикасы деп анықтаймыз. Несие саясатын жүзеге асырудың тақырыптық жағы банк несие саясатының функционалдық нысандары мен түрлері. Кең мағынада несие саясатын клиентпен оның ішінде халықпен банктің қатынасы ретінде қарастырамыз. Тар мағынада несие саясаты несие процесін ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасы бұл ұстанымды негіздеу үшін мәселенің теориясына көшейік.

Несие саясатын зерттеу екі бағытта жүреді: бұл даму дайындық деңгейі, біріншіден, ақша несие және есеп айырысу қатынастарын реттеуші ретінде несие саясатының мүмкіндіктерін табиғи пайдалану үшін экономикалық өмірдің объективі негіздері; екіншіден, экономикалық проблемаларды шешуде, сондай-ақ әлемдік тәжірибені игеріп, еліміздің экономикалық өміріне бейімдеуде несие саясатын қолданудың қажеттілігі мен мүмкіндігін түсінген субъективті әдіс.

Сонымен қорытынды жасайық. Несие саясаты күрделі құбылыс, оның мазмұнын әр түрлі бағытта зерттеу қажет.

Біріншіден, несие саясаты қайтарымдық талаппен ресурсты тарту және оларды банк клиенттеріне несие беруге инвестициялау жөніндегі банктің стратегиясы мен тактикасы, бұл халықтың уақытша бос ақша қаражатын жинақтап жеке қарызгерлерге несие беру қатынасы.

Екіншіден, несие саясатының нысандары оның мәні мен тарихи аспектідегі жүзеге асырудың тақырыптық жағының өзара байланысын көрсетеді. Бір жағынан нарыққа өткенде несие саясатының мазмұны мен нысаны өзгереді. Жоспарлы бөлініс монобанк жүйесінде несие саясаты макроэкономикалық деңгейде банктер мен оның клиенттерінің нақты қажеттілігін ескерместен жалпы мемлекеттік саясат ретінде қаралды (маркетинг тәсілі жоқ еді) ; банктер актив пен пассив арасындағы оңтайлы экономикалық негізделген өзара қарым-қатынасты ескермеді; несие саясаты көбінесе формальдік сипатта боды. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында несие саясатын макро және микроэкономикалық деңгейде (нақты банк деңгейінде) зерттеу қажеттілігі туады, өйткені несие саясаты қоғамның экономикалық негізіне сүйенеді, бұл маркетинг тәсілін, банк жұмысында тәуекел менеджментті қолдануды көрсетеді, ұқсас құқықтық негізді талап етеді, банктің өтімділігі мен сенімділігін қажетсінеді, яғни комерциялық банктің несие саясатының оңтайлылығы туралы мәселе туындайды. Екінші жағынан нарық жағдайында несие саясатын кең мағынада қарастырудың қажеттілігі туындайды (несиеор мен қарызгер тарапынан) және тар мағынада несие процесін ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде пайда болады.

Үшіншіден, несие қатынастарының экономикалық (объективті) нысандарынан ұйымдастыру (субъективті) нысандарын ( банк нұсқаулары, нормалары, несие қатынастарын ұйымдастыру ережелері) айыру қажет. Соңғы айтылғандарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі атынан мемлекет немесе жекелеген комерциялық банктер белгілейді, бұл олардың қызметінің нәтижесі болып табылады. Әрі нақты экономикалық мазмұнға тәуелді. Қолданбалы аспектіде несие саясатын құрастыру мен пайдалану процесі нарыққа көшу жағдайында банктердің тиісті құжаттарды әзірлеуімен сипатталады (крнедит саясаты бойынша басшылық, бизнес жоспар, маркетинг жоспары) .

Қондырма категориясы ретінде несие саясатын талдау несие саясатының функциялары туралы айтуға мүмкіндік береді. Біздіңше, несие саясатының функциясын екі топқа бөлуге болады: жалпы, банк саясатының түрлі элементтеріне ортақ және ерекшелікті, яғни несие саясатын өзге элементтерден айыратын топ.

Жалпы функцияға жататындар: коммерциялық функция, яғни банктің пайда табу (несиетік, есеп айырысу, төлем және басқа операциялардан) функциясы, ынталандырушы әрі бақылау функциясы. Ынталандыру функциясының мәні: мемлекеттің, банктің, клиенттердің объективті қажеттіліктерін бейнелейтін несие саясаты уақытша бос ақшаны банктерге жинақтап, олардың тиімді жұмсалуын көздейді. Банк клиенті үшін депозитке салған ақшасынан қосымша табыс табу өзінің уақытша мұқтажынан бас тартуға ынталандырады. Ал банктен несие алу (кейде салымшы үшін жеңілдіктермен) қосымша қажет қаржының көзі болады. Сонымен бірге банкке несиені пайдаланғаны үшін пайыз төлеу несиені аз уақытта өтеуге итермелейді. Банк үшін несие саясатының ынталандыру функциясы банктердің рыноктағы неғұрлым арзан ресурстарды салыстырмалы ұзақ уақытқа алып, оларды үлкен пайдамен орналастырудан (мәселен, тәуекелі төмен «қымбат» несиелерді ұсыну) байқалады.

Бақылау функциясының мәні: несие саясаты банктер мен клиенттер нақты бір банктің несие саясаты белгілеген басымдықтарды ескеріп, несие ресурсын қатыстыру мен пайдалану процесін бақылауға мүмкіндік береді.

Алайда бұл функцияларды құбылыстың ерекшелікті көрінісі ретінде қарастыратын болсақ, бұл дұрыс та, онда несие саясаты несие процесін оңтайландыратын бір ғана маңызды функцияны атқарады. Бұл функцияның пәрмені банк саясатының мақсатына жетуіне бағытталған.

Банктің несие саясатының ролі несие ресурсын жинақтау және инвестициялау процесінде банк қызметін дамытып, жетілдірудегі, несие ісінің дамуындағы басымдық бағыттарды анықтау және оның тиімділігін арттыру болып табылады.

Сонымен бірге макроэкономикалық деңгейде несие саясатының ұлттық табысты құрастыру, бөлу және қайта бөлу процесіндегі, ақша айналымын жоспарлау мен реттеуді ұйымдастырудағы маңызын атап өту қажет; ал микроэкономикалық деңгейде белгілі бір банктің орнықтылығы мен сенімділігі деңгейінде оның рентабельділігі мен өтімділігін, қызметінің клиенттердің талабына сай болуын айтуға болады. Банктердің несие саясатының экономикадағы ролі банктер арқылы нарықтық экономика саласы мен басқа салалар арасындағы ақша қаражатын қайта үлестіру процесіндегі маңызымен; жинақ ақшаны, әсіресе халықтікін, өнімсіз нысаннан өнімді нысанға аударумен, экономика мен халық қажеттілігіне несие беру, қаржыландырумен айқындалады. Макроэкономикалық деңгейдегі несие саясатының ролі кеңестік экономика әдебиетінде көрініс тапты (мәселен, қаржы-несие сөздігі) .

Коммерциялық банктің несие саясаты қондырмалық категория негізінде банктің клиенттермен несие қатынасы дамуының қол жеткен деңгейін зерттеуге негізделеді және оларды жетілдіріп, дамытуды көздейді. Несие (базистік (негіз) категориясы) банк жасаған несие саясатының қайнар көзі және оның тиімділігінің, оңтайлылығының өлшемі болып табылады. Банктер несие саясатын ақша қаражатын қайтарып алу себепті банк пен клиент арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеуге, басқаруға, тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні үшін әзірлейді. (10, С. 78) . коммерциялық банктің несие саясатын әзірлеу барысында қоғамның, мемлекеттің банк жүйесінің және нақты банктің даму деңгейін ескеру қажет. Мұндай тәсіл экономикалық әдебиетте жалпылама тәсілден біріншіден, несиеор мен қарызгер тарапынан несие саясатын кең мағынада қарастыруымен, екіншіден, макро және микроэкономикалық деңгейде саясатты пайдалануды зерттеумен ерекшеленеді.

1. 2 Коммерциялық банктің стратегиясы мен тактикасы ретінде несие саясатының мақсаты және оны анықтайтын факторлар

Несие саясаты банктің өз қызметінде жүргізетін көп салалы саясатының бір қыры. Банк саясаты әдетте жоба, банк дамуының жоспары, яғни иерархиялық тәртіпте құрылған банк мақсаттары мен міндеттерінің тізімінде түсіндірілетін құжаттар түрінде болады. Банк мақсаты, оның несие саясаты дегеніміз не? Жалпы мақсат дегеніміз - жүзеге асырылуға тиіс бір нәрсеге тырысушылық. Мақсаттың философиялық түсіндірілуі бөлек. Мақсат - бұл адамның тәртібі мен саналы қызметінің бір элементі, белгілі бір құралдардың көмегімен әрекетін жүзеге асыру арқылы ойлау нәтижесінің артықшылығын сипаттайды. Адамның әр қилы әрекетінің қандай да бір бірізділікке немесе жүйеге интеграциялануының тәсілі де мақсат болып табылады. Мақсатты қызметтің талдауы ретінде өмірдегі ситуациялар мен мақсаттың арасындағы сәйкессіздікті анықтайды; осы сәйкессіздікті жою мақсаттың жүзеге асқаны болып саналады». Мақсат туралы филосифиялық ілімді Аристотель, Кант, Гегель, марксизм, ленинизм классиктері дамытты. К. Маркс «мақсат заң сияқты адам әрекетінің мінездері мен тәсілдерді анықтайды».

Жалпы мақсат туралы философиялық түсінік оны әрекеттің маңызды элементі деп қарайды. Осыған байланысты банк мақсаты банк дамуының сандық және сапалық сипаттамасын, сапасын береді, оларға қол жеткізу дәрежесін бағалау банк саясатының ролі туралы айтуға мүмкіндік береді. Банк саясатын әзірлегенде мақсатты дұрыс қоя білу және оны жүзеге асыру үшін сәйкес құралдарды таңдау маңызды. Әр банктің мақсаты айқын болуға тиіс.

Макроэкономикалық деңгейде ҚР Ұлттық Банкінің жетекшілігімен жүргізілетін банктердің саясатының мақсаты банк жүйесінің орнықтылығын сақтау және экономиканың орнықты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша - несие саясатының құралдары
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Екінші деңгейлі банктердің несие саясатын басқару
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің монетарлық саясаты
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Коммерциялық банктердің несиелік саясатының әдістемелік негіздері
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстары
Қазақстандағы пайыздық саясаттың мәні
Коммерциялық банктердің несие саясаты
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz