Банктің несиелік портфелін басқару


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері4

1. 1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы4

1. 2. Банктің несиелік портфелін басқару. 14

2. Коммерциялық банктердің несиелік портфелін қалыптастыру20

2. 1. Банктің несиелеу процесс және оның сатылары20

2. 2 Банктің несиелік портфелін бағалау22

Қорытынды27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР28

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің қызмет ету сапасы соңғы жылдары едәуір жоғары деңгейге көтеріліп, экономика секторларының барлығына толық қызмет көрсетуде. Бүгінгі таңдағы бұл жетістіктерді олардың несиемен қамтамасыз етуінен көруге болады. Жалпы несие дегеніміз - бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға беріледі.

Сөйтіп, несие қазіргі кездегі банктік жүйенің ең маңызды элементі болып табылғандықтан, оның қажеттілігі күннен күнге өсіп жатыр. Өйткені еліміз нарық экономикасына көшкен кезде көптеген шағын және орта бизнестер дами және көбее бастады. Сондықтан да қазіргі кезде жақсы бізнес жобасы бар көптеген тұлғалардың, банк жүйесіндегі алдыңғы қатардағы кез келген банктен әртүрлі шартпен, әртүрлі мерзімге несие алу мүмкіндігі бар.

Курстық жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру болып табылады.

Курстық жұмысының міндеттері:

- банктің несиелік портфелінің мәні мен құрылымына теориялық жағынан түсініктер беру;

-банктің несиелік портфелін басқаруда теориялық негізде түсініктер беру;

-банктің несиелеу тәртібіне талдау жасау;

-банктің несиелік портфелін бағалауға теориялық және тәжірибелік материалдар негізінде талдау жүргізу;

-проблемалық несиелермен банктердің жұмысын анықтау;

-несиелік тәуекелдерді басқару әдістерін анықтап беру.

1. Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалаудың теориялық негіздері

1. 1. Банктің несиелік портфелі: мәні және құрылымы

Несиелік портфель белгілі күнге коммерциялық банктің балансы бойынша несиелік берешектің қалдығын білдіреді. Қазақстандық экономикалық әдебиеттерінде: несиелік портфель белгілі критерий негізінде жіктелінген несиелер бойынша банктің талаптар жиынтығы негізінде анықталады. Отандық және шетелдік тәжірибедегі критерийлердің бірі - несиелік тәуекел деңгейі болып табылады. Осы критерий бойынша несиелік портфель сапасы анықталады. Банк менеджерлері несиелік портфельдің сапасын бағалау және талдау негізінде өздерінің несиелік операцияларын басқарады.

Отандық тәжірибеде несиелік портфельді несиелік сипаттаманың мәмілесі бойынша жасалынған өзара шарт жиынтығымен анықтайды. Оған ссуда, факторингтік операциялар, лизинг, берілген банктік кепілдеме және кепілгерлік бойынша міндеттерді орындау жатады.

Несиелік портфель - бұл белгілі критерийлер бойынша жіктелінген және берілген несиелердің сапасы мен құрылымының сипаттамасы. Сонымен қатар несиелік портфель - бұл несиені ұсыну бойынша банк қызметінің нәтижесі, яғни белгілі уақыт кезеңіндегі банктің берген барлық несиелер жиынтығы. /17/

Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді

Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастардың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.

Банктік несие - бұл банктердің, арнайы несие қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиелердің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие кез келген бағытта қозғала алады.

Банктік несие сферасы коммерциялық несие сферасына қарағанда несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет етеді, ал банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және жинақтарынан капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.

Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген қарыз капиталы экономиканың барлық секторларында қолданыс табады. Бұл ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан бөлектенген.

Банктік несие өзінің маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, сандық және сапалық өзгерістерге ұшырайды. Олардың біреуі қарыз мәмілесінің қатысушыларымен байланысты. Бір жағынан, қарыз капиталын беруді банктерден басқа әр түрлі мекемелер (қаржылық компаниялар, өзара несие банктері) жүзеге асырады. Екінші жағынан, қарыз алушылардың құрамы өзгереді. Қарыз алушылар - несиелік-қаржылық мекемелер, тұрғындар, үкімет, жергілікті үкімет органдары болып табылады.

Банктік несиенің шамасына ақшалай-чектік эмиссиямен толтырылған нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. /6/

Банктік несиелер әртүрлі белгілеріне байланысты жіктелінуі мүмкін:

I. Несие беру мерзімі бойынша :

  • қысқа мерзімді;
  • орта мерзімді;
  • ұзақ мерзімді.

Қысқа мерзімді несиелер - қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бір жылға дейін берілетін несиелер. Қазіргі жағдайда мақсатты қысқа мерзімді несиелер кең тараған болып табылады. Қысқа мерзімді несиелер нақты келісім шарттарға қызмет көрсетеді. Мақсатына қарай қысқа мерзімді несиелерді өндірістік мақсаттарға, сауда-делдалдық операцияларға, уақытша қажеттіліктерге бөлуге болады.

Өндірістік мақсаттағы несиелер шикізаттарды сатып алуды қаржыландыру үшін берілетін несиелер.

Сауда-делдалдық операцияларға несиелер қысқа мерзімді сипатта болады және клиенттің дебиторлық қарызының пайда болуымен байланысты. Қарыз алушыны несиелеу өндірістік мақсаттарды несиелеумен көрінеді. Қарыз алушы ретінде көтерме сауда және бөлшек сауда кәсіпорындары болып табылады.

Уақытша қажеттіліктерге несиелер клиенттің қажеттілігін ақшалай қаражаттарда қысқа мерзімді қанағаттандыру үшін, яғни еңбекақы және бюджетке төлемдерді төлеуді ұсынады.

Орта мерзімді несиелер - бір жылдан бес жылға дейінгі өтеу мерзімімен сипатталады. Орта мерзімді несиелер жабдықтау, көліктерді сатып алу, жаңа кәсіпорындарды, бағдарламаларды, жобаларды бастапқы қаржыландыру үшін қолданылады.

Ұзақ мерзімді несиелер елдің экономикасында маңызды рөл атқарады. Ұзақ мерзімді несиелер экономиканың нақты секторына қаражаттарды салумен байланысты және өндірістің техникалық деңгейін көтерудің негізгі көзі болып табылады.

Ұзақ мерзімді несиелер - бес жылдан жоғары мерзімге берілетін несиелер болып табылады. Ұзақ мерзімді несиелер жылжымайтын мүлікке несие жұмсаумен байланысты. Бұл несиелік операциялар саласы негізінен өндірісті, қоғамды, жеке құрылысты қаржыландыру үшін және кәсіпорынның негізгі капиталын құру үшін қажет. Бұл несиенің ерекшелігіне: ұзақ мерзімді өтеу, қарыз алушының қорланым қаражатының ең төменгі деңгейі, мүліктік кепілдікке берілген несиелердің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету қажеттілігі, мүліктің құнынан, яғни кепілдік құнынан (60-70%) несие мөлшерінің тәуелдігі, қысқа мерзімді несиемен салыстырғанда несие пайызы мөлшерінің төмен болуы, банктің ресурсын ұзақ мерзімге оқшауландыру, банк пен қарыз алушының несиелік қатынастарының дамуына болжау жасау қиындығы жатады.

Несиелердің мерзімі несиелік тәуекелге және банктің өтімділігіне әсер етеді. Егер несиенің мерзімі неғұрлым ұзақ болса, онда қысқа мерзімді несиемен салыстырғанда соғұрлым өтімді болады. Несие мерзімінің ұзартылуы тәуекелдің өсуіне әкеледі. Сондықтан да банктің маңызды міндеті - несиелерді беру мерзімі бойынша оңтайлы жиынтық құру болып табылады.

Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да, несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларыды ынталандыруға тиіс.

Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Бүгінгі таңда тұтыну несиесінің біздің елімізде жете қолданылмай келудің себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінің өсуі және олардың тауарлы-материалдық бағалылықтарымен өтеудің кері кетуі арасындағы теңсіздікке байланысты. /8/

2. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді. /7/

Ипотека несиені қамтамасыз етудің сенімді әдістерінің бірі болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты біздің мемлекетімізде ипотекалық несиенің дамуы өсе береді. Бірақ ипотеканың дамуы экономикаллық шарттардың болмауынсыз мүмкін емес, яғни мүлік иелерсіз. Кепілдік құқықтың әмбебап мөлшері бойынша мүлікті тек меншік иесі ғана кепілге сала алады.

Қазіргі кезде ипотеканың дамуын ұстап тұрған фактор - бұл жерге жеке меншіктің болмауы. Ал кепілге салынған осы мүліктер меншік иесіне тиісті емес ғимараттар мен жер телімдері (участок) ипотеканың дамуына не способствует. Жердің өзі кепілдің ең сенімді объектісі болып табылады.

Ипотекалық несиелендірудің дамуының жақын келешегі Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығының құрылуына байланысты болады, оны негізгі белгілері қарастырылуда.

Біріншіден , бұл өте үлкен сиымдылық: бүгінгі күні сатылуға арналған жылжымайтын мүліктердің құны жүздеген миллиард теңгеге бағаланып отыр.

Екіншіден , оның қатысушыларының кәсіби біліктілігі өсті. Енді жылжымайтын мүлік нарығының әрбір сегментінде өздерінің жетекшілері бар, яғни олар өздерінің белсенділігі мен қызметі бойынша бәсекелестеріне қарағанда алда келе жатыр.

Үшіншіден , көпқырлылығы. Қазіргі кезде жылжымайтын мүлік нарығында пәтерлер, тұрғынсыз үй-жайлар, коттедждер және офистер салу үшін телімдер, аяқталмаған құрылыс объектілері, жерге жалға беру құқығы, бау-бақша телімдері айналыста жүр.

Ипотеканың басты артықшылығы - бұл жерде адамдар тұрғын үйлерін бірден алады. Құрылысжинақ жүйесіне қарағанда, олар пәтерлерін сатып алғаннан кеін, бірден ішіне кіріп, банкке қарызын бірте-бірте пайызымен бірге қайтарады. Ал құрылысжинақ - бұл жүйе бойынша қарыз алушы алдымен несие алатын банкте қажетті соманың жартысын жинақтап алу керек, содан кейін ғана барып банктен жетпеген қаражаттарды несиеге алып, пәтерді сатып алып ішіне кіреді және қарызын қайтара бастайды. Сонымен қатар жинақтау процесі қатаң анықталған уақытта болу керек, яғни 2-3 жылдан кем емес.

Ипотекалық несиелендірудің ұзақ мерзімді проблемаларын шешудің негізгі жолдары - нарықтық механизмдердің дамуы үшін жағдайлар жасау және қоғамның бюджеттен тыс ресурстарын жұмылдырып қаржы-несиелік салаға оларды бағыттау болып табылады.

Қазақстандық Ипотекалық Компаниясының жұмысының барысында қызмет етіп жатқан заңдардың ішінде кейбір проблемалр табылған. Ипотекалық несиелендіру жүйесінің енгізілуі кезінде мәмілелерді мемлекттік тіркеу жүйесінің дамымауы байқалған, яғни тіркеу үшін алынған төлемақының үлкен болуы халыққа берілетін несие қымбат болуына әкеледі, сонымен қатар азаматтарға салық жеңілдіктері болған жоқ.

Ипотекалық несиенің негізгі проблемасы болып - ипотекалық несиелендіруге қаражат тартуы табылады. Оның шешілуіне тұрғын үй несиелендіру жүйесінің дамуы байланысты болады.

Осыған байланысты қаражаттарға ішкі нарықтан Қазақстандық Ипотекалық компаниясымен қамтамасыз етілген ипотекалық облигацияларды шығару арқылы тарту болып табылады. Ал негізгі отандық институционалдық инвесторлары - жинақтаушы зейнетақы қорлары және сақтандыру компаниялары болып табылады.

Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына кедергі жасайтын фактор - бұл несиелендірудің салыстырмалы жоғары емес орта мерзімі болып табылады. Себебі банктердің міндеттемелерінің үлкен бөлігі қысқа және орта мерзімді сипатта болады. Осыған сәйкес банктерде ипотекалық несиені осындай мерзімге береді. Нәтижесінде бұл қарыз алушылардың қаржылық салмағын өсіреді және потенциалды қарыз алушылардың санын қысқартады.

Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуына әсер ететін, шешілуге қажетті проблемалар:

  • салық салу жүйесі, мысалы, ипотекалық бағалы қағаздар бойынша инвесторлардың табысына салық салу, ал мұның өзі халыққа берілетін несиелердің құнын анықтайтын негізгі элемент болып табылады;
  • ипотекалық несие көмегімен тұрғын үйді сатып алу үшін мәмілелерді мемлекттік тіркеу процедураларының қымбат және ұзақ болуы;
  • бағалы қағаздар эмитентінің жойылу жағдайында ипотекалық бағалы қағаздардың инвесторларын, талаптарды қанағатандыру бойынша бесінші топқа енгізу.

Бұл проблемалардың жиынтығын шешуі ипотекалық несиелендірудің көлемін өсіруге мүмкіндігін береді.

Сонымен қатар ипотекалық несиені сақтандыру жүйесін құру арқылы да бұл несиені алатын халықтың санын өсіруге себебін тигізеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен мұндай сақтандыру компаниясының қызметін нормативтік-құқықтық базасымен қамтамасыз етілуі дайындалып, ипотекалық несиелерді сақтандыру компаниясының құрылуы қарастырылуда.

Ипотекалық несие - бұл массалық өнім емес, ол тек қана орта табыс алатын азаматтарға тиесілі болу қажет. /18/

3. Овердрафт несиесі - клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

Бүгінгі күнге овердрафт - клиенттердің бөлек категориялары үшін несиелендірудің перспективті формасы болып табылады.

Овердрафттың мақсаты - кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі кезінде пайда болған төлем қабілетсіздікті жою.

Овердрафт түріндегі несиелік шығындар көлемінің есеп айырысу шотына түскен қаражаттарға қарағанда уақытша жоғарлауы кезінде есеп айырысуларды уақытылы жүргізуге мүмкіндігін береді, сондай-ақ бұл несие клиенттердің ақшалай қаражат түріндегі уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында беріледі, оның ішінде айнымалы қаражаттарды толықтыруға (тауарлы-материалды құндылықтарды алу, тауарлар запастарын құру), жалақы төлеуге, бюджетке міндетті төлемдер, басқа да өндірістік шығындарға бағытталады.

Овердрафттық қаржыландыру (несиелендіру) - банкпен алдын-ала келісілген банктегі клиент шоты бойынша рұқсат етілген овердрафты жабу үшін берілетін қысқа мерзімді банктік несиенің түрі, яғни есеп айырысу шотындағы қаражаттардың жетіспеуі немесе жоқ болуы кезінде төлем құжаттары бойынша жедел төлем жүргізу үшін алынатын несие.

Овердрафт - бұл клиент шоты бойынша, банк шотындағы қалдықтан асатын сомаға төлемдер жүргізу нәтижиесінде клиенттің есеп айырысу шотында пайда болған теріс баланс немесе дебеттік сальдо. Овердрафт тек операциондық күннің ішінде ғана құрылуы мүмкін. Ағымдағы операциондық күнді жапқан кезде клиент шоты бойынша пайда болған теріс сальдо анықталса, рұқсат етілген овердрафт кезінде шот несиелік ресурстар есебінен жабылады.

Клиент “овердрафт” формасындағы несиелендіруді қажеттілігіне байланысты қолданғандықтан, мерзімді несиеге қарағанда ол бойынша пайыз көлемі аз болады.

Қарыз алушы банкке ұсынылатын овердрафт режимінің шарттарына:

  • “клиент-банк” статусы;
  • овердрафттың рұқсат етілген лимиті;
  • овердрафт бойынша пайыз мөлшерлемесі;
  • овердрафт мерзімі;
  • несиенің валютасы.

“Клиент-банк” статусы - коммерциалық банк овердрафт режиміндегі несиелерді тек, бұл банкте шоттары ашылған және олар бойынша есеп айырысу- кассалық қызмет жүргізіп жатқан клиенттерге ғана берілетіндігін білдіреді.

Овердрафттың рұқсат етілген лимиті - бұл алдын-ала банктің келісім шартында қарастырылған овердравт режиміндегі берілетін несиенің көлемі. Овердрафт лимиті - банктегі клиенттің есеп айырысу шотына келетін ақшалай қаражаттардың орта айлық “таза” түсімдерінің сомасына пайыз түрінде белгіленеді. Әдетте орта айлық түсімдердің сомасы соңғы 3-6 айлары бойынша анықталады. Жалпы бұл нарық бойынша лимит мөлшерлемесі шотқа орта айлық “таза” түсімдерінің мөлшерінен 20-50%-ға дейін ауытқиды. Бұл жердегі “таза” түсімдер - клиенттің негізгі қызметінен келген түсімдер.

Банк - бұл несие бойынша пайыздарды күн басындағы нақты ссудалық қарыздың сомасына күн сайын есептеп отырады.

Егер қарыз алушы ссуданы уақытылы өтемеген жағдайда банк қарыз алушының есеп айырысу шотына түскен ақшалай қаражаттарды автоматты түрде берілген қарызды өтеуге бағыттайды.

Овердрафттың мерзімі - бұл жалпы түсінік, оны үш бөлімшеге бөліп қарастыруға болады:

  • несиелік келісімнің жалпы мерзімі, яғни бұл мерзім ішінде лимит белгіленіп, қызмет етеді (1 жылға дейін) ;
  • несиені беру мерзімі (бұл лимитті қолдану күнінен бастап негізгі қарыз бен пайыздарды толық өтеу күніне дейін, яғни 30 күнді құрайды) .
  • пайыздарды өтеу мерзімі (күнделікті есептелініп отыратын пайыздардың сомасы клиенттің шотына түсетін ақшалай қаражаттардың есебінен өтеліп отырады) .

Несиенің валютасы түрінде келесілер қолданылуы мүмкін:

  • несиеленетін шоттың (есеп айырысу шоттының) валютасы, яғни Қазақстан үшін - бұл теңге.
  • Шетел валютасы (АҚШ доллары, евро) ;
  • Валюталық қоржын.

Әдетте клиентке овердравт лимиттін ашу үшін банктер қамтамасыз етуді талап етпейді. Яғни овердрафт - бұл клиентке сенімді несие болып табылады. Овердрафттық қаржыландырудағы негізгі қамтамасыз ету көзі болып - қарыз алушының шотындағы тұрақты қалдықтары мен ақшалай қаражаттарының түсімі табылады. Бірақ кейбір банктер өздерін сақтандыру үшін белгілі бір кепілді талап етеді.

Қазіргі кезде овердрафтты тәжірибеде қолданған кезде алдымен заңи проблемаларды реттеу керек. Нәтижесінде коммерциалық банктер бақылау органдарымен келіспеушілікке түспей, сондай-ақ айыппұлдарды төлемей овердрафт несиесін клиенттеріне бере алады. /19/

4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі. Овернайт несиесінің басты бір ерекшелігі өзінің атына байланысты бір түнге ғана беріледі. Бұл несиенің банктер көбіне аяқ асты қаржылық қиындықта туындай қалған жағдайларда алады.

5. Онкольдық несие - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Онкольдық несие келесідей жолмен жүзеге асырылады. Банк бағалы қағаздарды немесе тауарлы-материалдық құндылықтарды кепілдікке ала отырып, қарыз алушыға арнайы ағымдық шот ашады. Қамтамасыз етілген несие шегінде банк кәсіпорынның барлық шоттарын төлейді. Несиенің өтелуі банктің алғашқы талабы бойынша қарыз алушының қаражаты есебінде төленеді. Қарыз алушыны алдын-ала, яғни 2-7 күн ішінде ескерте отырып, онкольдық несие өтеледі. Мерзімді несиеге қарағанда онкольдық несиенің пайыздық мөлшерлемесі төмен. Онкольдық несие қайтару мерзімі және қамтамасыз ету сапасына байланысты банктің актив бабындағы кассадағы қолма-қол ақшадан кейінгі өтімді бап болып табылады.

6. Банкаралық несие - банктердің бір-біріне беретін несиесі.

Банкаралық несиенің ролі мен орны коммерциялық банктердің тарихи қалыптасқан функцияларымен анықталады:

  • ағымдық (есеп айырысу) шоттарына және мерзімді салымдарға қаражат тарту;
  • төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық қағидаларына сәйкес қаражаттарды ссудаларға беру;
  • есеп айырысуларды жүргізу.

Жалпы банкаралық несиенің несиелік қатынастар жүйесіндегі орны ерекше, сондай-ақ банктік жүйенің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Кәзіргі банктік жүйеге сәйкес банкаралық несиенің екі деңгейі бар. Біріншісі, Ұлттық Банк пен коммерциялық банктер арасындағы және екіншісі, коммерциялық банктер арасындағы ақшалай қаражаттардың қозғалысын көрсетеді. Сондықтан да банктік жүйенің тұрақты болуының міндетті шарты - банкаралық несиенің бірқалыпты қызмет етуі болып табылады.

Банктердің ақшалай қаражаттарды тарту және орналастыру операцияларын жүргізудің спецификасы бойынша банктер белгілі бір мерзім сайын несиелік ресурстарға деген қажеттілігі немесе артық болуы мүмкін. Банкаралық несиелендіру қаржылық нарықтың ірі сегменті болып табылады, бұл жерде банкаралық несиелер және банкаралық депозиттер түріндегі несиелік ресурстардың сатылуы мен сатып алынуы ұйымдастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несие саясаты
Коммерциялық түрдегі банктердің несиелік портфелін басқару
Проблемалық несиелермен банктердің жұмысы
Коммерциялық банктердің несиелік портфелін басқарудың экономикалық негізі
Банктің несиелік портфелін қалыптастыру және сапасын бағалау
Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктердiң несиелiк портфелiн басқару
Коммерциялық банктердің несие портфелінің сапасын басқару мен бағалау
Коммерциялық банктердің мазмұны, құрамы, құрлымы
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктердің несиелік портфель және оның сапасын бағалауды теориялық және тәжірибелік жағынан зерттей отырып, несиелік портфель құрылымын қарастыру
«Қазақстан Даму Банкі»АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІН ҚАЛЫТАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ПРОЦЕСІН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz