Банк өтімдігі лизинг операциясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Банк Ісі Академиясының Колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы банк операциялары мен қызметтерінің жаңа нысандары, олардың даму перспективалары мен есебі»

Орындаған: Абдықадырова Г. Б III курс, 32 топ студенті «Банк Ісі мамандығы»

Тексерген: оқытушы

Қалғұлова Р. Ж. (банк есебі)

Ғұмар Н. А. (банк ісі)

Тлеубердиева А. И.

Қорғауға жіберілді

« » «»

Алматы 2005

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

I Бөлім. Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері6

1. 1. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде6

1. 2 Банктік форфейтинг және франчайзинг операциялары15

1. 3 Пластикалық карточкалар - банктің жаңа қызмет түрі21

II Бөлім. Жаңа банктік қызметтердің бухгалтерлік есебi27

2. 1 Лизинг операцияларының бухгалтерлiк есебi27

2. 2 Төлем карточкаларымен есеп айырысу29

2. 3 Форфейтингтік операция есебі32

III Бөлім. Банктiк операциялардың даму перспективалары мен мәселелерi34

Қорытынды37

Қолданылған әдебиеттер тізімі39

Кіріспе

Қазіргі таңда Қазақстандағы банктік жүйесінің нашар дамымағандығын инвестициялық несие алу мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.

Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал - жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталған кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қал беруінен көруге болады. Қазақстанда лизингке үлкен назар аударуда. Мемлекеттік тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.

Траст операциясы - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде оның мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары. Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметті түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірілген банк пен ұйымның арасында жасалынатын келісім шарт болу қажет.

Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтинг - бұл форфейторлардың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны-импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аудармалы вексель, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделді немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы вексель бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні: банк иесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық жағдайы.

Бүгінде франчайзинг - қоғамның тауар қызмет көрсетуге деген сұранысын қанағаттандырып отырған құралдардың бірі.

Қазақстанда алғаш рет «Алматы сауда-қаржы банкі» (АТФ банк) мен Қазақстан франчайзинг қауымдастығы (ҚФҚ) ынтымақтаса отырып, әлемдік атағы бар компаниялардың жеңілдіктерін алуды қаржыландыратын бағдарламасын жасаған болатын. Кейінгі 2-3 жылда елімізде франчайзинг аясында жұмыс істеуге шешім қабылдаған кәсіпкерлердің саны өсіп келеді. Үш жылдың бір оңтүстік астананың өзінде жаңа жүйемен жұмыс істейтін бірнеше компания ашылды. Сонымен қатар, әлемге әйгілі «1С», MaxMapa, Bally, Dolkce &Gabbana, Патио Пицца, Планета Суши, Хесбургер, Американский Бар и Гриль сияқты франчайзингтік брэндтер іске кіріскен.

Электрондық есептеу жүйесі қазіргі заманның ағымына сай, пластикалық карточкалар, олардың иелігіндегі операциялар, іс жүзінде банкоматтар арқылы жұмыс жасайды: сауда орталықтарында банктік қызметті үй ішінде көрсету, жұмыс орнында.

Пластикалық карточка - ол бір тұтас термин бұл карточкалардың қай түрі болмасын, қандай іс-әрекетіне арналса да, осы замандағы алдыңғы қатарлы дамып келе жатқан электронды құралдардың электронды қаржы есептеуде батыста арнайы ұйым ISO (international Standarts organization) құрылып, ол төлем карточкаларының бірыңғай стандарттарының, шоттың нөмірлеу ережесін жасап магнит формат хабарламалар үлгісін жасап шығарады. ISO мүшелерінің қатарына: Visa6 Master Card, American Express жатады.

Бүгінгі күні дүниенің 200 астам елдері пластикалық карточкаларды пайдалануда. Бұдан қысқаша қорытынды жасай келе, пластикалық карталар төлем айналымында қолайлы және «технологиялық революцияда» жаңа элемент болып табылады. Пластикалық карта алдыңғы қатарлы құрал орнын алып, индустриалды дамыған елдердің ақша айналымдарына еніп, чек және чек кітапшаларын алдынғы қатардан ығыстыруда.

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның банктік қызметтері нарығының бүгінгі жағдайының ТМД елдері банктері жүйелерімен салыстырғанда жақсы көрсеткіштерге ие болып, халықаралық стандарттарға қол жеткізуі, банктік қызметтердің қалыптасқан түрлері мен қатар жаңа түрлерін енгізуі қарастыру болып отыр.

Жұмысты орындаудағы мақсат: бүгінгі нарықтағы банктік қызметтердің әр түрлілігімен, ұқсастығын, мәселелері мен перспективаларын айқындау.

Жұмысты орындаудағы міндеттер:

  • Жаңадан енгізілген операция түрлерін, ерекшеліктерін көрсету;
  • Банктік нарықтағы өзгерістерге зерттеулер жүргізу;
  • Банктік жаңа қызметтерге талдау жасау;
  • Банктік қызметтердің даму мәселелері мен перспективаларын айқындау.

Әдістемелік негіз ретінде , Қазақстан Республикасының банктік жүйемен, банктік қызметтерге қатысты заң, ереже, нұсқаулары мен нормативтік - құжаттық актлері, отандық және шетелдік авторлар еңбектері қолданылды.

I Бөлім. Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері

1. 1. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде

Өндірушілер мен тұтынушылардың тауарлы талабына орай қаржыландыруды несиелендірудің жаңа түрі лизинг болып табылады. Лизинг ағылшын тілінен алғанда қарызға пайдалануға берілген немесе арендаға ұсыну операциясы мерзіміне байланысты 3 топқа топтастырылады:

1. Лизинг

2. Рентинг

3. Хайринг

Лизинг - өте ұзақ мерзімге 3-20 жыл және одан да жоғары жылдарға беруді білдіреді.

Рентинг - қысқа мерзімді 1 күннен - 1 жылға дейін жалға беріледі.

Хайринг - орта мерзімді 1 жылдан - 3 жылға дейін жалға беріледі

Ұзақ мерзімді лизинг деп - жабдықтар, үй құрылыстары, машиналарды, ұсына отырып жалға ұсынушы өзінің жабдықтарға деген меншік құқығын сақтай алады. Лизинг операцияларына 3 жақ қатысады:

  1. Арендатор (жалға алушы)
  2. Арендодатель (жалға ұсынушы)
  3. Банктің лизинг бөлімі немесе басқа да лизинг компаниялары.

Лизингтің қалыптасқан түсінігі болып әр түрлі құрал-жабдықтар, ЭБМ-дер, өзіндік орындар құралдарды жалға беру. Жабдықтарды арендаға ұсыну келісім негізінде жүргізіледі:

  1. Келісім мерзімі аяқталған соң арендатор мүліктерді арендодательге қайтарады
  2. Екі жақтың келісімі бойынша тозу құралдарын есептеп қалдық бағасымен сатуға болады.

Лизинг субъектісі болып: арендатор, арендодатель және операцияға жанама қатысушылар болып табылады. Өндірісте қолдану барысында жойылып кетпейтін материалдық құндылықтар түрі лизинг объектісі болып табылады. Лизинг обьектісін бірнеше топқа жіктеуге болады.

  • Ұйымдастыру техникасы (медициналық, полиграфтық құралдар, электрондық есептеу машиналары 1 жылдан - 10 жыл аралықта беріледі)
  • Әр түрлі машиналар, өнеркәсіптік жабдықтарды 20 жылға дейін жалға беруге болады.
  • Транспорт жабдықтары (ұшақ, тік ұшақ, кеме, әр түрлі су және ауа жолымен тасу 20 жылға дейін аралықта беріледі)
  • Ұзақ мерзімді аренда (үй ғимараты, құрылыстар)

Лизинг қатысушылары тікелей және жанама қатысушыларға бөлінеді:

Тікелей - бұл арендатор, арендодатель, лизинг компаниясы, кәсіпорындар, сауда компаниясы, жалпы лизингті жүргізушілер.

Жанама - бұл несие ұсынушы субьектілер коммерциялық инвестициялық банктер, сақтандыру компаниясы, брокерлік-дилерлік фирмалар.

Лизинг компаниясы мамандануына байланысты тар және кең мамандандырылған болып бөлінеді.

Тар мамандандырылған компаниялар тауарлардың бір түрін (контейнер, жеңіл автомобильдер) немесе тауардың тобын ғана арендаға ұсынумен жұмыстанады.

Кең мамандандырылған (универсалды) фирмалар алуан түрлі машиналар, жабдықтаушыларды, әр түрлі тауарлар тобын арендаға бере алады.

Лизинг тарапынан бәсеке туғандықтан, банктер бұл операцияларды өз қызметтерінің құрамына қосуда. Бұл концепция мәміле жасауда жеңілдіктерді табуға көмек құрал (4 сурет)

4 сурет. Қаржыландыру структураларының лизинг жобасын ұйымдастыруы.

Берілген сызба лизинг беруші мен несиеберушінің функцияларын біріктіреді. қатысуы керек емес, өйткені банк мәміле жасауда кепіл беруші, яғни қаржы қатерінде қауіпсіздендіруші.

Негізгі жетістіктері мен тапшылығы 2 кесте көрсетіледі.

Кесте 2. қаржыландыру құрылымының бәсекелесуге жарамдылығы.

Өтімді жағы
Әлсіз жағы
Өтімді жағы:
  1. Банктер ұйымшыл дайындалған.
  2. Бастапқы капиталды жасау
  3. Тұтынушылар саны көбейеді; нарықта орнының үлкеюі қызмет түрінің көбеюінен.
  4. Лизинг мәмілелерін жасауда несие қауіпінің минимумға жетуі.
  5. Банктің бәсекелес ортада нақ тұруы.
  6. Банк тұтынушыларының артуы.
  7. Инвестициялардың кірістік деңгейінің ортаңғы дәрежеге жетуі.
  8. Мемлекеттік мәселелерді шешуде банктің ролі артады.
  9. Қаржыландырудың қолайлы жолдарын ұсыну (несиені төлеу және маржамен бірге)
Әлсіз жағы:
  1. Функциялардың көптігінен бақылау жұмыстарының қамтамасыз ете алмаулық.
  2. Ұзақмерзімді салымдардың көбеюінен қатер туады.
  3. Лизинг объектілерірін пайдаланудағы қиындықтар (ерте мәлім қаржылық лизингте аяқтау) банктерде көп кездеспейді.
  4. Банк өтімдігі лизинг операциясы өскенде байқалады (лизинг объектілері банк иелігінде)
  5. Әкімшілік функциялардың көбеюі және мәміле жасауда қиындықтардың тууы.
  6. Әр түрлі маман иелерінің жеткіліксіздігі мәміленің (техникалық шаралар жағынан)
  7. Көбінесе қызмет көрсету шаралары болмайды.
  8. Дербес бухгалтерияның болмауы лизинг әрекетіне толық баға бере алмайды.

Банктегі қаржылық операцияларды лизинг әрекеті ролінің өсуінен, бұл саланы бұдан да тереңірек қарастыруда талап етеді: яғни, еншілес лизинг фирмасының банк құрылымынан бөлініп шығуын. Лизинг әрекеті мұндай компанияларға негізгі еңбек болады. Мәмілеге отыруды ұйымдастыру жеңілдетіліп біркелкі мәміле түрлері пайда болады. (5 сурет)

5 сурет. Қаржыландыру ұйымдарында еншілес структуралардың лизинг жобасын ұйымдастыруы.

Бұл құрылым бойынша банк тек ғана лизингтің мәмілеге келуде несие беруші, ал лизингтік мәлім жасауды құрастыруда, сауда-саттық мәлімде қол қоюда, еншілес лизинг компаниясы зауыт-өндірушімен біріге шешеді.

Берілген сызба бойынша, әрбір тұлғаның өз міндеттері бар (банк-несие беруші; өндіруші- қамсыздандырушы, еншілес компания-лизинг беруші), бірақ қауіпсіздендірушінің қажеті біршамалы, мұнда қауіпсіздендіруші банк.

Негізгі жетістіктері және кемшіліктері 3 кестеде беріледі.

Кесте 3. Банктің еншілес компанияларының бәсекеге түсе алатындығы.

Өтімді жағы
Әлсіз жағы
Өтімді жағы:
  1. Лизингтік операциялар-негізгі әрекет түрі, жоғары жете біліушілік.
  2. Бір ұйымның ішінде лизинг мәселесі бойынша шоғырлау.
  3. Тұтынушылар мен қамсыздандырушылар жөнінде ақпарат көздеріне қол жеткізу.
  4. Тұтынушыларға зарарсыздана яғни (банк тарапынан)
  5. Мәселелерді шешудің жеңілдігі, шығыстың азаюы және лизинг фермаларының жұмысшыларының өнімділігін арттыруы.
  6. Шартқа отырғанда қауіп-қатер азаюы әрдайымға, нақты тұтынушылар, олардың қаржылық жағдайын толық білу ж/е т. б.
  7. Банк бөлімшелері арқылы шығынсыз жарнамалық акцияларын өткізу.
  8. Төлей алмайтын қатерді банкпен еншілес компанияның бөліп алуы.
Әлсіз жағы:
  1. Құрылу кезінде қосалқы құралдар (қаржы) керек.
  2. Өз банкісінің тұтынушыларына ғана назар болу.
  3. Мәмілелер ұзақ мерзімге жасалар, осыдан нақты (қаржы) жоғалту тәуекелдік туады.
  4. Бәсекелестің туу қаупі, несие беруші банкпен еншілес лизинг компаниясы арасында.

Банктің еншілес лизинг компанияларының лизинг қызметінде орны капиталистік елдерде (АҚШ ты қоспағанда) орасан зор.

Лизингтік мәмілелерге келуі салдарының көптігінен ұйымдастырудың басқа үлгілерінің функциялары едәуір аз. Қоғамдық еңбек бөлімшесі заңына сәйкес, жаңа концепция туындайды, лизинг әрекеті кәсіпорын-өндірушінің шарқынан шыққан жағдайда, жаңа мамандырылған сала пайда болды. Мына 6 суретте бейнеленген.

Дербес лизинг берушілер көптеген елдерде лизинг операцияларында орны елемес. АҚШ бұл қатарға жатқызбағанда, онда дербес лизинг берушілер қаржыландыру және лизинг саласында мамандырылған компаниялардың атынан болғандықтан, орны үлкен. Мұндай жағдайды түсіндіруде американдық компаниялар көбінесе акционерлік қоғамның да ролін атқарады. Қосалқы инвестициялық капитал көзі болып эмиссия (бағалы қағаздармен қағаз ақшалар шығару) шығады. Бұл таблицада қауіпсіздендіруші нақты берілген. Оның негізгі жетістіктерімен кемшіліктерін 4 кестеден көре аласыздар.

6 сурет. Лизинг компаниялары лизинг жобасын ұйымдастыруда.

Кесте 4. лизингтік компаниялардың бәсекеге түсе алуы.

Өтімді жағы
Әлсіз жағы
Өтімді жағы:
  1. Лизинг операция-компанияның бастапқы функциясы, осыдан жете біліушілік және қызметтің сапалығы.
  2. Жұмыстық құралды жүргізу (жарнама, нарқты талдау, коньюктураны бағалау ж/е т. б. )
  3. Қамсыздандырушы таңдаудың көп варианттығы.
  4. Лизингтік құрал. жабдықтарға бақылау және лизинг алушылық еңбегін тиімді ету.
  5. Лизинг алушының өнімді шығарудағы қадамдарының өрбуі.
  6. Әртүрлі банктерде несие алу мүмкіндіктері.
Әлсіз жағы:
  1. Мәміле көбінесе ұзақ мерзімді болғандықтан, қатер тууы мүмкін, шығыстың да болуы.
  2. Несиелендірушіні табудағы қиындықтар мәселесі.
  3. Бәсекелес ортада өз орның әлсіз болуы.
  4. Тұтынушыны табардағы шығыс.

Соңында айта кететін жағдай, нақты қойылған талаптарға сәйкес лизинг әрекетін басқаруда бір уақытта тіршілік етеді, отырып, әр түрлі комбинацияларды.

Лизинг нарығының билеушілері бәсекелес артықшылығын көрген жағдайда ғана, лизинг қызметінің өркендеу дәуірі басталады.

«Траст» ағылшын тілінен аударғанда «сенім» деген сөзді білдіреді. Траст бұл сеніммен басқаруға берілген мүлікке деген құқықты анықтайтын және меншікті иеленудің ерекше нысаны.

Траст операциясы - клиенттің сенімді тұлғасы ретінде онын, мүлкін басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктің операциялары.

Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

1. Траст құрылтайшысы (немесе онын, негізін қалаушы) - сенімді меншік иесіне сенімхат арқылы басқаруға беретін, мүліктің немесе мүліктік құқықтардың меншік иесі. Траст құрылтайшысы ретінде кез келген қолында мүлкі бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

2. Трастыны иемденуші (сеніп тапсырған тұлға) - траст келісімшартындағы көрсетілген жағдайға сәйкес, мүлікті басқару құқығын өзіне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлікке жылжитын және жылжымайтын мүліктер де жатады.

3. Бенефициар - траст келісімшартын өзінің пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға. Яғни ол трастыны иемденушіге берілген мүліктен түсетін табысты алып отыруға құқылы тұлға.

Сонымен, банктің траст операциясы - бұл банктің өз клиенттеріне (заңды және жеке тұлғаларына) көрсететін әр түрлі қызметі түріндегі сенім операцияларын білдіреді.

Траст қызметіне : біріншіден, жылжымайтын және жылжитын мүліктерді басқару; екіншіден, инвестициялық портфельді қалыптастыру және оны басқару; үшіншіден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; қабілетсіз меншік иесінің мұраға қалдырған мүлкін басқару; төртіншіден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушілердің қоятын талаптарын реттеу; бесіншіден, мұраға қалдыруға байланысты мүлікті басқару қызметтері жатады.

Коммерциялық банктің траст бөлімінің атқаратын қызметі үлкен үш топқа бөлінеді:

І. Клиенттердің мұраға қалған мүлкін иемдену;

II. Сенімхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;

III. Агенттік қызметтер.

Траст қызметі жеке тұлғаларға, сондай-ақ фирмаларға да көрсетіледі.

Жеке тұлғаларға көрсетілетін траст қызметі.

Мұраға қалдырған мүлікті иемдену. Мұраға қалдырған мүлікті пайдаланудың басты міндеті - бұл сот шешімін алу үшін мұраға қалдырған мүлікті жинау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік шығыстарды төлеу және қарыздары бойынша есептесу, салықты төлеу, қалған мүлікті отбасы мүшелері арасында бөле отырып, оларға жекелей қызмет көрсету болып табылады.

Келісімшарт негізінде клиенттің мүлкін басқару. Бұл операция сенім білдірген тұлға мен сенім иесінің арасындағы мүлікті жауапкершілігі бар тұлғаға берумен байланысты жасалатын келісімнен туындайды.

Агенттік (делдалдық) қызметтер.

1. Активтерді сақтау:

• бағалы қағаздарды сақтауға қабылдау;

• бағалы қағаздар бойынша табыс алу;

• бағалы қағаздар бойынша шотына түскен қаражаты туралы сенім білдірушіге уақтылы хабарлап отыру;

• бағалы қағаздарға айырбастау;

• мерзімі өткен облигациялар бойынша қарызды қайтару;

• активтердің жалпы құнын (табыстың жалпы сомасын) сақтап қалу мақсатында бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

• мүлік куәлігі бойынша сомаларды алу;

• клиенттерге бағалы қағаздар жеткізіп беру;

• сейфтерді жалға беру.

2. Агенті немесе өкілі ретінде клиенттің активтерін басқару:

• бағалы қағаздарды сатып алу-сату;

• бағалы қағаздар қоржынындағы сақталған бағалы қағаздардың бағамдарын бақылап отыру және бағалы қағаздар қоржынын қалыптастыру;

• клиенттің тапсырмасы бойынша барлық табыстарды алу;

• сенім білдірушінің шоттарын төлеу;

• сақтандыру полисін рәсімдеу.

Клиент келісімшартқа сәйкес немесе сенімхат негізінде коммерциялық банкке, өзінің атынан агенттік қызметті жүзеге асыруды тапсырады. Ол үшін банктің мынадай құқықтары болуға тиіс:

• клиент атынан келісімшарт жасау;

• акциялар мен облигацияларды беру;

• банктің комиссионды-делдалдық операциялары

• несие алу;

• чек жазу;

• вексельді аударып жазу және т. б.

Траст операциясын жасау үшін, ең бастысы, сенім білдірген банк пен ұйымның арасында жасалатын келісімшарт болуы қажет. Осы келісімшарт негізінде мынадай қызметтерді атқарады:

• бағалы қағаздарға деген меншік құқығын беру;

• бағалы қағаздарды ұстаушылар, эмитенттер және өзге де ұйымдар үшін шоттарды жүргізу;

• пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу және т. б.

• облигациялық займдар бойынша қарызды өтеу қорларын иемдену;

• мүлікті кепілдіктен босату;

• корпорациялардың (зейнетақы қорларының) және т. б. қорларын басқару;

• сенімхатқа сәйкес бір бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттік қызметті жүзеге асыру;

• акционерлік қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.

Банктің траст қызметін көрсетудің басты шеңберін жеке тұлғалар, үкімет органдары, іскер кәсіпорындар үшін агенттік қызметті атқару құрайды.

Банк көрсеткен траст қызметі үшін комиссиондық сыйақы алады.

1. 2. Банктік форфейтинг және франчайзинг операциялары

Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді.

Сондай-ақ экспортердың форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.

«Форфейтинг» сөзі француз тілінде «a forfait», аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг - тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.

Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.

Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық, банктік, немесе арнайы компаниянын, экспортерга импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.

Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны - импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздың міндеттемесін жазып беруге тиІс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық, жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авалыныны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетіні мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі, аваль берушінің қаржылық. жағдайы.

Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:

1. Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге берушІ.

2. Импортер, яғни тауарды несиеге алушы.

3. Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.

Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен түрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейторбанк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдың берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.

Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:

1. Қаржы мәмілесінде - орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік операциялар мен қызметтердің жаңа түрлері. Лизинг, траст жаңа қызмет нысаны ретінде
Банктегі операцияның жаңа түрлері
Банктердің халықаралық операциялары
«ҚР-ның екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесі (банк мысалында)»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАСҚАРУ
Мәміле объектісін сақтандыру
Коммерциялық банктердің қаржылық қызметі
Банктің қаржылық операциялары
Коммерциялық банктер. Коммерциялық банк туралы ұғым және оның типтері
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz