Банктерге резервтік талаптардың нормативін бекіту
Мазмұны
Кіріспе 3
I-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі және
ұйымдастырылу құрылымы 5
1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі 5
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өз қаражаты және табысын бөлу
8
1.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары 9
2-бөлім. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметінің негізгі
бағыттары 14
2.1 Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеттері мен функциялары және оларды
Агенттікпен бөлісуі. 14
2.2.Ақша-несие саясатының 2004-2006ж негізгі бағыттары. 16
2.3. Ақша-несие реттеуінің құралдары. 21
2.4. Эмиссиялық қызметі және оның есепте бейнеленуі. 25
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33
Кіріспе
Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және ажырамас
құрылымдарының бірі. Банктердің дамуы тауар өндірісімен және айналымымен
қатар өсіп өзара тығыз араласып кеткен. Мұндайда банктер ақша есеп
айырысуларын жүргізіп, шаруашылыққа несие бере отырып, капиталдарды қайта
бөлуде арадағы делдал ролін атқарып өндірістің жалпы тиімділігін елеулі
түрде арттырып, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне жағдай туғызады.
Қазіргі банктік жүйе – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық
шаруашылығының маңызды саласы. Оның практикалық ролі мемлекетте төлемдер
мен есеп айырысулар жүйесін басқаратындығымен, өзінің коммерциялық
мәмілелерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар
арқылы жүргізуімен анықталып, басқа да қаржы делдалдарымен қатар банктер
халықтың жинақ ақшасын фирмаларға және коммерциялық құрылымдарға
бағыттайды. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-несие саясатына сәйкес
әрекет ете отырып ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы
массасына, оған қоса айналымдағы қолма-қол ақша санына әсер ету арқылы ақша
қозғалысын реттейді.
Ақша массасының өсуін тұрақтандыру – инфляция қарқынын төмендетудің,
бағалар деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады.
Мұндай жағдайға қол жеткізген кезде нарықтық қатынастар халық
шаруашылығының экономикасында тиімді түрде жүреді.
Қазіргі банк жүйесі – бұл банк ісінің негізін айқындайтын дәстүрлі
депозитті-несиелік және есеп айырысу кассалық операциялардан бастап банк
құрылымдары пайдаланып жүрген қазіргі заман талабына сай ақша-несие және
қаржылық құралдарға (лизинг, факторинг, траст және т.б.) дейінгі өз
тұтынушыларына көрсететін сан алуан қызметтер саласы.
Тұрақты, икемді және тиімді банк жүйесін құру – Қазақстандағы
экономикалық реформалардың маңызды және өте күрделі міндеттерінің бірі.
Әсіресе, шет елдердегі банк жүйесінің дамуын бақылаудың ерекше маңызы бар,
өйткені дамыған елдердегі банктердің тәжірибесі біздің отандық банк
жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Сөйтіп, оны халықаралық стандарттарға
жақындата түсіп, Қазақстан банктерінің әлемдік деңгейге шығуына ықпал
етеді. Демек, осыған орай шетелдік әріптестеріміздің біздің елге, оның
ішінде біздің банктік жүйеге деген сенімін арттырады. Қазіргі тауар және
қаржы рыноктарының дамыған жағдайында банк жүйесінің құрылымы күрт
күрделене түседі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады. Банк жүйесінің жоғары
деңгейін құрады. Ұлттық банк басқа мемлекеттердің орталық банкімен қарым-
қатынаста болады және халықаралық ақша-несие қатынастарында мемлекет атынан
қызмет етеді. Ұлттық банк өз қызметінде республика ата-заңын, Президент
заңдарымен жарлықтарын және жоғары заң шығарушы ұйым шешімдерін басшылыққа
алады.
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық
нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және
өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас
құрылым құрайды. Ұлттық банк мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын
орган болып табылады.
Орталық банктер елдің несие жүйесін бас үйлестіруші және реттеуші
органының рөлін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық
басқарудың мемлекеттік орган болыды.
Бұл тақырыптағы курстық жұмысты таңдау себебім Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі біздің еліміздің банк жүйесінде орасан зор
орын алады. Сондықтан құқықтарын, мәртебесін және жалпы Ұлттық банкті
зерттеп білгім келді.
Әдістемелік негізі-заң актілері, ереже есепке ала отырып, журналдар,
статистикалық бюллетень, кіпаптар, газет-журналдар қолданылған.
Бұл курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің
құқықтары, міндеттемелері, функциялары, мәртебесі, қызметінің негізгі
бағыттары қарастырылған. Мысалы, функцияларына тоқтала кетсек Ұлттық банк
Қазақстан Республикасының баға саясатының тұрақтылығын қамтамасыз етеді
және де Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы мен дүниежүзілік
экономикаға кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналысы,
несие, банктер мен олардың клиентері арасында ақша аударымдарын
ұйымдастырады.

ұйымдастырылу құрылымы
1.1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мәртебесі
Орталық банктер елдің барлық несие жүйесінің бас үйлестіруші және
реттеуші органының ролін орындай отырып ерекше орын алады және
экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болады. Олардың басты ролі
мемлекет берген кең өкілеттіктермен негізделген.
Орталық банк елдік эмиссиялық, резервтік, кассалық орталығы болып
табылады, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, “банктердің бас
банкі” ролін атқарады, ақша-несие және валюта саясатын айқындайды; оның
қызметінің негізгі мақсаты – пайда табу емес, елдің ақша-несие саясатын
және несиелік жүйеге басқаруды жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекет берген эмиссиялық құқыққа ие Орталық банк экономиканы
тұрақтандырудың, тауар-ақша қатынасын тұрақтандырудың жалпы мемлекеттік
саясатты жүргізеді.
“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” ҚР Заңы бойынша ҚР
Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және
республиканың банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. КСРО Мемлекеттік
банкінің бұрынғы Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі болып қайта құрылды. Ол күнделікті клиенттерге қызмет көрсететін
әдеттегі мемлекеттік банкіден орталық эмиссиялық банкіге айналып,
“банктердің бас банкі” болды.
Іс жүзінде барлық кассалық резервтер Ұлттық Банкіде шоғырланатынын
және олардың шаруашылық айналымға түсімдері Ұлттық Банктің мекемелері
арқылы коммерциялық банктердің кассасын толықтыру арқылы болатынын
білдіреді.
Ұлттық Банк – өзінің алтынвалюта резервтерін, басқа да материалдық
құндылықтарды қоса алғанда, ақша резервтерін құрайтын оқшауланған мүлікке
ие заңды тұлға. Мүліктің қалыптасуының көздері банк қызметінен алынған
кірістер мен шығыстар, бағалы қағаздардан түскен кірістер, тиісті
бюджеттерден алынған дотациялар болып табылады.
Отралық банктердің құқықтық мәртебесі құқықтық актілерде бекітілген:
орталық банк туралы заңдарда және олардың жарғыларында, банктік және
несиелік қызмет туралы заңдарда, валюталық заңнамаларды. Әдетте, орталық
банктің қызметін реттейтін негізгі құқықтық акт ол орталық банк туралы Заң
болып табылады. Онда оның мәртебесі, басшыларын тағайындау рәсімі, мемлекет
және ұлттық банк жүйесі арасындағы қарым-қатынастар айқындалып көрсетіледі.
Бұл заң орталық банктің елдегі эмиссиялық институты ретіндегі өкілеттігін
көрсетеді.
Ұлттық банк жүйесінің нормативтік құқықтық базасының қалыптасуының
басы 1995жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Қазақстан Республикасының
Заңына сай Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі өзінің қаржы-несие, ақша
жүйесі, алтын қоры, валюталық қорларын құруға құқық алды.
1993 жылдың 13 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі
туралы Заңы бойынша Ұлттық банктің ролі және банк жүйесіндегі орны,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынастары
айқындалған еді.
КСРО мемлекетінің тұсында Ұлттық банк КСРО Мемлекеттік банкінің
құрамына республиканың орталық банкі ретінде енген болатын. Бұл кезеңде
Қазақ ССР ақша айналымы орталықтандырылған тәртіппен жүзеге асырылатын.
Ұлттық валютанмызды – теңгені (15 қараша 1993 ж.) енгізгеннен бастап
Ұлттық банк ақша-несие саласының қызметіне толығымен жауапкершілікті атқара
бастады.
Қазақстанның ақша-несие нарығының өзгеруіне байланысты Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкінің ролі де айрықша өзгере түсті. Қазақстан
Республикасы Ұлттық банкі мемлекеттің орталық банкі ретінде өзінің негізгі
реттеуші және бақылаушы орган екеніне байланысты осы қызметтерін күшейте
түсті. Осы жағдайда еліміздегі банк жүйесі реформаларының қажеттігі
туындады, сөйтіп жаңа құқықтық актілер қабылдау керектігі айқын көзге түсе
бастады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін негізгі
құқықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заң болып
табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995
жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар Жарлығы. Осы заңға сәйкес,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын еліміздің
Конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де президент шығарған
құжаттарды басшылыққа алып жүргізеді. Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес
балансы бар заңды тұлға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң басқа банктерге
байланысты Заңдармен әрекеттес. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің
жұмысын реттейтін екінші құқықтық құжат Қазақстан Республикасының
Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазақстан
Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Жарлығы. Аталмыш
заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Қазақстанда жұмыс
істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен
басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Қазақстандағы
екінші дәрежелі банктер заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі,
меншіктігіне қарамастан коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың
басты мақсаты — пайда табу.
Жоғарыда аталған екі заң кезінде халықаралық қаржы ұйымдар мен
сарапшыларының жақсы бағасына ие болған еді. Соңғы аталған заңға сәйкес
банк қызметі кәсіпкерлік қызмет тәрізді реттелуі тиіс деген алғышартқа
негізделген. Мұнда Ұлттық банк пен коммерциялық банктердің қарым-
қатынастары егжей-тегжейлі анықталған.
Сонымен қатар Қазақстан Ұлттық Банкі басқа елдердің орталық
банктерімен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен
басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін
білдіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз міндеттерін орындау кезінде пайда табу
мақсатын басшылыққа алмауға тиіс.
Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың
ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай
тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік
факторлардың әсерімен анықталады. Олардың ішінде мыналарды бөліп айтуға
болады:
- Банктің капиталын құрауға және оның пайдасын бөлуге мемлекеттің
қатынасы;
- Банктің басқарушынар құрамын тағайындау процесі;
- Елдің Заңдарында, Орталық банктің мақсаты мен міндеттерін қамту
дәрежесі;
- Ақша-несие саясатына араласуға мемлекеттің құқығы;
Орталық, банктің мемлекет шығындарын тікелей немесе жанама
қаржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып
талдасақ оның тәуелсіздігінің дәрежесі тым жоғары емес. Өйткені, біріншіден
оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден жоғарыда
айтылғандай, банктік басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті
тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма
мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді.
Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 13 банктің аппаратынан тыс адамдар.
Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері,
атқарымдары, өкілеттігі мен құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде,
Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне,
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің өзінің табысын өз бетінше бөлуге
құқығы жоқ. Аталмыш Заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір бөлігі
Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға, енді бір
бөлігі оның резерв қорын толықтыруға (екеуі де мемлекет меншігі екенін
айтқанбыз), ал қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Президентіне есеп
береді.
Қазақстан Республикасының Президентіне есептілік мынаны білдіреді:
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы
Парламентінің келісімімен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын тағайындауы;
оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі
Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының
орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің жылдық
есебін бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің
құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы
ережені бекітуі;
Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі
банкноттары және тиындары дизайнының тұжырымдамасын бекітуі;
Қазақстан Ұлттық Банкінің өз құзыретіндегі мәселелер жөнінде Қазақстан
Республикасының Президенті сұрау салған ақпаратты табыс етуі.

Орталық банк акционерлік қоғам нысанында құрылады. Әдетте, оның
капиталы мемлекетке тиесілі (Франция, Ұлыбритания, Германия, Нидерланды
және Испания). Егер мемлекет капиталдың бөлігін (Бельгия, Жапония) немесе
орталық банктің акционерлері коммерциялық банктер (АҚШ) және басқа қаржы
мекемелері (Италия), болғанымен мемлекет орталық банктің басқару органдарын
қалыптастыруда маңызды роль атқарады.
Қазақстан Ұлттық банкінің жарғылық капиталы мемлекетке тиесілі және
Қазақстан Ұлттық Банкінің билігіне негізгі қорларды беру жолымен және оның
таза табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен
бөлінетін қаржыдан 20 миллиард Қазақстан теңгесі мөлшерінде құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өз балансындағы мүлікті иелену, пайдалану мен
билік жүргізу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілеген
тәртіппен дербес жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы
заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өзінің
филиалдарымен, өкілдіктерімен және ұйымдарымен бірге біртұтас құрылым
құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің резерв капиталы оның жарғылық капиталы
мөлшерінде құрылып, таза табысы есебінен толықтырылады әрі Қазақстан Ұлттық
Банкінің Басқармасы бекіткен ережеге сәйкес, тек жүргізілген операциялар
бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға
арналады. Алтын-валюта активтерін қайта бағалау шоты, оларды қайта
бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Ұзақ
мерзімді қаржылық инвестициялар түріндегі бағалы қағаздарды қайта бағалау
шоты оның ішінде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан
түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негізгі қаражаттарды
қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын индекстеу
нәтижелерін есепке алуға арналған.
Қазақстан Ұлттық Банкінің шығыстары есебінен күмәнді және сенімсіз
талаптары бойынша кредиттерді, депозиттерді, бағалы қағаздарды, есеп
айырысу кезіндегі шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған
құрылыс көлемін, Қазақстан Ұлттық Банкінің монетарлық емес қызметі
жөніндегі өзге де талаптары мен әлеуметтік сипаттағы төлемдерді қамтитын
басқа да активтерді қоса – арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлінбеген
таза табыс есебінен - банк активтері бойынша жалпы провизиялар (резервтер)
құралады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржылық жыл ішіндегі таза табысы іс жүзінде
алынған кірістер мен осы қаржылық жылға қатысты, активтер амортизацияны,
соның ішінде айналысқа шығарылған банкноттар мен тиындарды қоса алғанда,
шығыстары (алтын-валюта активтерін қайта бағалау есебіне жатқызылатын
жұмсалған кірістің пайда болған сомасын қоспағанда) арасындағы айырма
ретінде анықталады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің банк активтері бойынша құрылған жалпы
провизиялар (резервтер) сомасына азайтылған таза табысы Қазақстан Ұлттық
Банкі Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті
белгілейтін абсолюттік сомада жарғылық және резерв капиталын құрауға
бағытталады.
Нақты алынған таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылында
республикалық бюджетке аударылады. Нақты алынған таза табыс Қазақстан
Ұлттық Банкінің осы Заңда көзделген жарғылық капитал мен резерв қорын
қалыптастыруға жетімсіз болған жағдайда, пайда болған айырмашылық келесі
қаржы жылындағы республикалық бюджет қаржысы есебінен өтеледі.
1.3. Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымы мен органдары
Орталық банктердің тиімді қызметі шетелдік тәжірибелерді ескере отырып
және ұлттық дәстүрлерді көрсететін және мұның бәрі заңды бекітілген, өзінің
ұйымдастыру және басқару жүйесі болғанда ғана мүмкін болады. Орталық
банктердің ұйымдастырылуының екі негізгі үлгісі бар.
Бірінші үлгіге сәйкес орталық банк экономиканы реттеу үшін өкілеттігі
бар билік органының құралдарының бірі ретінде ақша-несие саясатын
жүргізеді. Ақша-несие саясаты да бюджеттік тәрізді, құрылымдық саясаты,
табыс саясаты үкіметтің экономикалық және әлеуметтік міндеттеріне қол
жеткізу үшін пайдаланылады. Мұндай орталық банктің үлгісі, мысалы, Франции,
Ұлыбритании, Жапония елдеріне тән.
Екінші орталық банктің үлгісінің алдына нақты міндеттер қойылады және
ол міндеттерді (бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ақша-несие
саясатының арнайы құралдары қолданылады) саяси биліктің қысымынсыз
атқарады. Мұндай үлгі Германия, Австрия және Нидерланды елдерінде жүзеге
асқан.
1993 жылдан бастап Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің құрылымын өзгертті.
Жаңа құрылымды жасау кезінде орталық банктің классикалық функциялары
назарға алынып және жаңа құрылымның негізіне шетел тәжірибесі, атап
айтқанда Автрия Ұлттық банкінің тәжірибесі қолданылды.
Қазақстан Ұлттық Банкі - тіке бағыныстағы схемасы бар біртұтас
орталықтандырылған құрылым.
Қазақстан Ұлттық Банкінің органдары Басқарма мен Директорлар кеңесі
(Директорат) болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің құрамына департаменттерден тұратын орталық
аппарат пен басқа бөлімшелер, филиалдар, өкілдіктер және ұйымдар кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасын Парламенттің келісімімен Қазақстан
Республикасының Президенті 6 жыл мерзімге тағайындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық
Банкі Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан
Ұлттық Банкі Төрағасының тағайындалу мерзіміне қарамай, 6 жыл мерзімге
тағайындайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің ең жоғары органы Басқарма болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының негізгі функциялары:
Мемлекеттік ақша-кредит саясатын әзірлеу;
Қазақстан Ұлттық Банктің банк қызметіне қатысты нормативтік құқықтық
актілерін бекіту;
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тұжырымдама негізінде
банкноттар мен тиындардың көрсетілген құны мен дизайнын анықтау;
Қазақстан Ұлттық Банкінің банктермен жасалатын операциялар бойынша
қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілеу;
Ломбардтарға, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын
ұйымдастыруға уәкілетті ұйымдарға берілетін лицензияларды қоспағанда, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиялар беру, олардың
қолданылуын тоқтата тұру және қайтарып алу, банк заңдарында көзделген өзге
де санкцияларды қолдану туралы шешімдер қабылдау;
Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың Қазақстан Ұлттық Банкінде
банк шоттарын ашу шарттарын белгілеуге;
Банктер мен басқа ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкі берген кредиттері
бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдау
шарттарын анықтауға;
Банктің және (немесе) банк холдингінің ірі қатысушысының акцияларын
Қазақстан Ұлттық Банкінің сенімгерлікпен басқаруына беру туралы, ал
Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен банктер кредиторларының
мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында және капитал мөлшері теріс екінші деңгейдегі
банктердің акцияларын жаңа инвесторларға кейін міндетті түрде тез арада
өткізу шарттарымен мәжбүрлеп сатып алу туралы шешімдер қабылдауға;
Банктерге резервтік талаптардың нормативін бекіту;
Алтын-валюта активтерін басқаруды негізгі принциптерін белгілеу;
Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін
бекіту;
Қазақстан Ұлттық Банкінің жұмысы туралы жылдық есепті қарау, қабылдау
және Қазақстан Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын, жалпы штат санын және
Қазақстанның Ұлттық Банкі туралы ережені қарау, мақұлдау және Қазақстан
Республикасы Президентінің бекітуіне ұсыну;
Қазақстан Ұлттық Банкінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері
туралы жылдық балансы мен есебін қарау және бекіту;
Қазақстан Ұлттық Банкінің өзінің жарғылық және резервтік капиталын
қалыптастыру, Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі қаражатын және өзге де
мүлкін, бюджетін (шығыстар сметасын) пайдалану тәртібі туралы, ақылы
қызметтер көрсету жөніндегі нормативтік құқықтық актілерін бекіту, сондай-
ақ Қазақстан Ұлттық Банкі департаментінің директорларын, филиалдарының,
өкілдіктерінің және ұйымдарының басшыларын бекіту;
Қазақстан Ұлттық Банкі оның филиалдары, өкілдіктері мен ұйымдары
қызметкерлерінің еңбек жағдайын, еңбекақы төлеу жүйесі мен мөлшерін,
әлеуметтік-тұрмыстық жағынан қамтамасыз етілуін анықтау және бекіту;
Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық және осы Заңға сәйкес өзге
де ұйымдарға қатысуы туралы шешім қабылдау;
Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің (Директорат) құрамын
бекіту;
Бухгалтерлік есептің қазақстандық стандарттарын ескере отырып,
Қазақстан Ұлттық Банкі үшін бухгалтерлік есептің саясаты мен әдістерін
белгілеу;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын
жүзеге асыру ережесін бекіту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Yкіметіне
табыс етілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен
басқарудың нәтижелері туралы есепті бекіту;
Қазақстан Республикасының Парламентіне Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқару нәтижелері туралы ақпарат табыс ету;
Өкілеттігіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен
басқару (Өкілетті өкіл) жөніндегі шешімдерді шұғыл түрде қабылдау кіретін
лауазымды тұлғаны (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының
орынбасарынан төмен емес деңгейде) айқындау.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер
бойынша қаулы қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы немесе оның орынбасары банктердің
және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың
лауазымды адамдарына әкімшілік айыппұл салу туралы мәселені Қазақстан
Ұлттық Банкі Басқармасының басқа мүшелерімен алдын ала келісіп алады және
осы мәселе бойынша тиісті қаулы нысанында шешім қабылдайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының мүшелері егер өздері оның
қабылдануы үшін дауыс бермесе, бірақ шешімнің қабылдануымен өзінің
келіспейтіндігі туралы дереу мәлімдеген болса, Басқарма қабылдаған шешімдер
үшін жауап береді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы 9 адамнан тұрады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкінің бес лауазымды адамы
Қазақстан Республикасының Президентінен бір өкіл және Қазақстан
Республикасының Үкіметінен екі өкіл кіреді.
Қазақстан Республикасы Президентінен, Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінен Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының
мүшелерін тиісінше Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы тағайындайды
және босатады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құрамын тағайындаудың бұл
қағидалары өзінің өміршеңдігін дәлелдеп те шықты деуге болады. Өйткені
мұндай құрам ведомстволық тар шеңберді жоққа шығарып экономикалық тұрғыдан
теңгерілген шешімдер қабылдауға мүмкіндік туғызады. Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігімен (кездесулер және кеңестер негізінде)
ортаылған қарым-қатынастар жедел міндеттер мен стратегиялық мәселелер
бойынша үйлесімді шешімдерге арқау бола алады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық
Банкінің Директорлар кеңесі (Директорат) болып табылады.
Директорлар кеңесінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы,
оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша
Қазақстан Ұлттық Банкі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Директорлар кеңесінің құрамын Қазақстан Ұлттық
Банкінің Басқармасы бекітеді.
Директорлар кеңесі Қазақстан Ұлттық Банкінің қарауындағы мәселелер
бойынша шешімдер қабылдайды, бұған Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы мен
Төрағасының құзырына енетін мәселелер ғана қосылмайды (немесе оның
орынбасарларының).
1.4. Қазақстан Ұлттық банкінің өкілеттілігі және құқықтары
Қазақстан Ұлттық Банкі заң актілерімен берілген өкілеттік шегінде өз
қызметін ешкімге тәуелсіз атқарады. Өкілді және атқарушы өкімет
органдарының Қазақстан Ұлттық Банкі оның филиалдары, өкілдіктері мен
ұйымдарының заңда бекітілген өкілеттігін жүзеге асыру жөніндегі қызметіне
араласуға құқы жоқ.
Қазақстан Ұлттық банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының
Үкіметімен үйлестіріп отырады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банк, қаржы кеңесшісі және мемлекеттік
органдармен келісім бойынша олардың агенті ретінде іс-әрекет жасай алады.
Қазақстан Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржысы
орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкі Үкімет шоттары бойынша төлем
жүргізеді, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оған басқа да
қызметтер көрсетеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік
қарыз алу саясатын жасау және іске асыру, мемлекеттің ақша-несие саясатымен
байланысты мәселелер жөнінде бюджет саясатын қалыптастыру кезінде қаржы
кеңесшісі ретінде қызмет етеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметпен келісім бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің агенті ретінде оған мемлекеттік заемына қызмет
көрсетеді.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге
құқылы.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкімен мемлекеттік бағалы қағаздар шығарудың және Үкіметтің
мемлекеттік қарызын олардың банк жүйесіндегі өтімділігіне ықпал етуін
ескере отырып, өтеудің ай сайынғы көлемін және ақша-кредит саясатының
басымдығын, Үкіметтің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы
қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын
келіседі.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен
келісім бойынша Үкіметтің шешімі бойынша шығарылған мемлекеттік бағалы
қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар айналысын реттеуге
қатысуға құқылы.

бағыттары

Агенттікпен бөлісуі.
Барлық орталық банктердің алдында тұрған негізгі міндет ұлттық ақша
бірлігінің сатып алу қабілетіне қолдау көрсету және елдің несие-банктік
жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық банктер экономикаға мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыру
жүйесінде, ақша эмиссиясын реттеуде, валюталық саясатты жүргізуде өзінің
біршама дербестігіне байланысты маңызды роль атқарады.
Орталық банктер жүргізетін ақша-несие саясаты мемлекеттің экономикалық
саясатының бір құрамдас бөлігі болып табылып, сонымен қатар реттеуші
шараларды жылдам өзгерте алу мүмкіндігімен қатар макроэкономикалық әсер
етуге жол ашады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының
баға саясатын қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкіне сонымен қатар:
- Қазақстанның экономикалық дамуы мен оның дүниежүзілік экономикаға
кірігуіне қол жеткізу мақсатында ықпал ететін ақша айналасы, кредит,
банктер мен олардың клиенттері арасындағы ақша аударымдарын ұйымдастыру
және валюталық қатынастар саласында мемлекет саясатын әзірлеу мен жүргізу;
- ақша, кредит және банк жүйесінің тұрақты болуын қамтамасыз етуге
жәрдемдесу;
- банк қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау және
олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банктер кредиторлары мен
клиенттерінің мүддесін қорғау жүктеледі.
- Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемінің мөлшерін реттеу
жолымен мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, банкноттар мен
тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бірден-бір эмитенті болып
табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.
Қазақстан Ұлттық Банкі эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттік
бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкі
жауап береді.
- Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша Қазақстан
Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады
және Қазақстан Ұлттық Банкінің мемлекеттік қарыздарына қызмет көрсетеді;
- банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі
бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға
кредит беруге құқылы. Банктер үшін соңғы сатыдағы несиегер болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкінің Басқармасы белгілейтін тәртіппен және
шартпен банктердің және басқа ұйымдардың алған несиелері бойынша
Қазақстанның Ұлттық Банкі алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы;
- Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденің)
ставкаларын реттеуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-несие
әдістерімен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкін болмаған жағдайларда,
Қазақстан Ұлттық Банкі олар бойынша несиелер көлемін және сыйақының
(мүдденің) банктік ставкаларын шектеуге құқылы.
- Қазақстан Республикасында ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге
асыру тәртібін, жүйесі мен нысанын белгілейді, банктер арасында Қазақстан
теңгесімен ақша аударымдарының уақтылы және кідіріссіз жүргізілуін
қамтамасыз ететін төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады, банктердің
өздері пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың
сенімді, қауіпсіз болуын қамтамасыз ету жөніндегі ең төменгі талаптарын
белгілейді;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды
жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерін жүргізуге
құқылы;
- банк қызметі, есепке алу, ақша төлемдері мен аударымдары, заң
актілерімен белгіленген өкілеттік шегінде валюталық операцияларды жүзеге
асыру мәселелері бойынша барлық банктердің және олардың клиенттерінің
міндетті түрде орындауына жататын нормативті құқықтық актілер шығарады,
сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісе отырып,
банктердің бухгалтерлік есебінің стандарттарын белгілейді;
- уәкілетті мемлекеттік органның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде
онымен келісе отырып, статистикалық есеп беру тізбесін, нысандарын,
мерзімдерін белгілейді;
- өзінің бақылау және қадағалау қызметін қамтамасыз ету үшін заң
актілеріне сәйкес банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ олардың аффилиирлендірілген
тұлғаларының қаржылық есебінің тізбесін, халықаралық стандартқа сай келетін
нысандарын, ұсыну мерзімдерін белгілейді;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша, ақша төлемдері
мен аударымдары реттеу мақсатында, егер заң актілерінде өзгеше көзделмеген
болса, банктердің және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің банк
шоттары бойынша жүзеге асыратын төлемдердің кезегін белгілеуге құқылы;
- Қазақстан Ұлттық Банкі өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына
жәрдемдесетін және қаржы рыногының инфрақұрылымының бір бөлігі болып
табылатын ұйымдарды құруға және олардың қызметіне қатысуға құқылы;
- қолма-қол банкноттар мен тиындарды есепке алу, сақтау, тасымалдау
және инкассациялау тәртібін белгілейді, банкноттар мен тиындарды сақтауды,
тасымалдауды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады, банкноттар мен
тиындардың резервтегі мемлекеттік қорын құрайды;
- Қазақстан Республикасы банктерінің жиынтық балансы мен өз балансын
жасайды және оны үнемі жариялап отырады;
- елдің есептік төлем балансын қалыптастырады және төлем балансы
көрсеткіштерінің қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді
болжамды бағаларын әзірлеуге қатысады, мемлекеттік кепілдігі жоқ
мемлекеттік емес сыртқы займдардың шарттарын тіркеу мен мониторингін жүзеге
асырады және елдің жалпы сыртқы борышының бағасын қалыптастырады;
- ақшаны клиенттің банктік шотына қате есептелгені анықталған кезде
оны алып қоюға құқығы бар, банктік шоттан ақшаны алуға оның келісімін
растайтын құжаттар бар болса, клиенттің банктік шотын дебеттеуге құқылы;
- Қазақстан Республикасының банк жүйесіне кадрлар даярлауды жүзеге
асыруға қатысады;
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірыңғай қазынашылық
шотына қызмет көрсетеді;
- банктер ашатын есеп айырысу-кассалық бөлімдерін (жинақ кассаларын)
банктердің тұрған жерінен тыс жерде банк операцияларының жекелеген түрлерін
жүзеге асыратын, заңды тұлға мәртебесіне ие болмаған және өкілдіктер немесе
филиалдар болып есептелмейтін, аумақтық жағынан ерекшеленген бөлімшелерін,
ашуға келісім береді және арнайы есебін жүргізеді;
- Қазақстан Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес
вексельдерді қайта есептеуді жүзеге асырады;
- Қазақстанның Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі
арасында жасалатын және ресми басылымдарда жарияланатын сенімгерлікпен
басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асырады;
Агенттік туралы.
Қазақстан Республикасы Агенттігі қаржылық мекемелерін және қаржы
нарығын қадағалау және реттеу жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады,ол
да Ұлттық Банк сияқты Қазақстан Республикасы президентіне есеп береді.
Агенттік ҚР конститутциясына, ҚР президентінің актілеріне және Үкіметінің
шығарған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қызмет етеді.
- Агенттік Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы
тұрлаулығын қамтамасыз етеді;
- Банк ашуға рұқсат беру,оны қайтарып алу туралы шешім қабылдау.
- Қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарын сәйкес банктер басқа да
ұйымдар үшін пруденциялдық нармативтер мен сақтауға міндетті өзге де
нормалар мен лимттерді бекіту.
- Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету
- Қаржылық мекемелердің қаржы жүйесіне деген сенімділігін қолдау.
2.2 Ақша-несие саясатының 2004-2006ж негізгі бағыттары.
2001 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-несие саясатының бағдарларын жыл
сайын нақтылай отырып, үш жыл бұрын айқындайды. Бұл елде макроэкономикалық
тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты және экономика мен қаржы
рыноктарындағы ахуалды ескере отырып, стратегиялық бағыттардың болжамдарын
жасап, ұзақ кезеңге әзірлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының маңызды бағыты таяу жылдарда
инфляциялық таргеттеу принципін дайындау және көшу деп жарияланды.
Инфляциялық таргеттеу принципі Ұлттық Банктің инфляцияны төмендету
жөніндегі негізгі мақсатына барынша дәл жауап береді және рынок
қатысушыларының жүргізілетін ақша-несие саясатына деген зор сенімін
қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Агентствасының берген мәліметі бойынша 2003
жылдың 11 айы ішінде статистика бойынша инфляция деңгейі 5,8% құрады.
Жылдық көрсеткіш бойынша 2003 жылы инфляцияның деңгейі 6,5% құрады, бірақ
2003 жылға жасалған болжам бойынша 6,4% болуы керек еді. Қазақстан
Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің ресми деректері бойынша
2004 жылғы сәуірде инфляция өткен екі ай деңгейінде қалып, 0,45% болды.
2004 жылғы сәуірде инфляция жылдық көрсетуде 6,5%-ті құрады .
Мемлекеттік бағалы қағаз нарығында қарқынды инфляция деңгейінің
төмендеуі және ұлттық валютаны айырбастау курсының нығаюы Ұлттық Банкке
2003 жылдың шілде айында қайта-қаржыландыру ставкасының 7,5тен7%-ке дейін
төмендеуіне ықпалын тигізді. 2004жылғы сәуірде 6ай және 12 айлық МЕККАМ,
сондай-ақ 2 және 7 орта мерзімді МЕОКАМ бойынша аукцион өткізілді. Бір айда
Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясының көлемі 3 есе
өсіп,18,8 млрд. теңгеге жетті. Өтеу, сыйақы төлемін қоса алғанда, сәуірде
10,4 млрд. теңге болды. Нәтижесінде олардың айналыстағы көлемі 5,6%-ке
көбейіп, 186,6 млрд.теңгеге жетті.
Қысқа мерзімді құралдар бойынша кірістілік төмендеді: 6 айлық МЕККАМ
бойынша- 5,90%-тен (01.10.03ж)4,95-ке.
Сәуірде Ұлттық банк ноталар эмиссиясының көлемі олар бойынша
кірістілік 5,06%-тен 5,04%-ке төмендеген кезде 17,5%-ке өсіп ,53,9млрд.
теңгеге жетті.Ұлттық банк ноталарын өтеу көлемі сәуірде шамамен 28
млрд.теңгені құрады, ол 28 млрд. теңгені құрады, ал олардың айналыстағы
көлемі бір айда 10,6%-ке көбейіп, 294,7 млрд. теңге болды.
2004 жылғы сәуірде Ұлттық Банктің тікелей репо операциялары бойынша
мәмілелерінің көлемі 6,3%-ке азайып, 66,5 млрд. теңге болады, ал кері репо
операциялары өткізілген жоқ.
Ұлттық Банктің алтын валюта резервтері жылдың 2003 жылдың 11 айы
ішінде 48,4%ке 4661,6 млн. АҚШ долларына көбейді, ол 4,5 айға тауар және
қызмет импортының жабылуын қамтамасыз етеді. Осыдан мемлекеттің халықаралық
резервінің көрсеткіші арқылы (Ұлттық қор активтерімен) 2003 жылдың 1
желтоқсанында 7917,3 млн АҚШ долларын құрады.
Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінің өсуі ақша агрегаттарының
өсуіне ықпал етті. 2003 жылдың 11 айы ішінде ақша базасы 40,4% және 292,3
млрд. теңгеге дейін көбейді, ал ақша массасы 10 айдың ішінде 29,6% және
991,0 млрд. теңгеге дейін өсті.
Мемлекттік бағалы қағаз нарығының дамуында жақсы өзгерістер болды. 10
жылдық мемлекеттік бағалы қағаздар айналымға шығарылды, Қаржы
Министірлігінің классификациясы бойынша олар орташа жедел бағалы
қағаздардың арасында ең ұзағы болып табылады.
Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері 2003 жылдың 10 айы ішінде
25,8%-ке және 759,2 млрд теңгеге өсті (валюталық эквивалент 5,1 млрд АҚШ
долларына көбейді). Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы жалпы
депозиттердің мөлшері 40,0%-тен 51,6%-ке дейін өсті.
Ұлттық валютада банктік емес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz