Бағалы қағаздардың мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

1. Бағалы қағаздардың мәні . . .

2. Бағалы қағаздардың түрлері және олардың жіктелуі . . .

3. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру

үшін келісім алу тәртібі. .

4. Бағалы қағаздармен операциялардың есебі . . .

Қосымшалар . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанда және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.

Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.

Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т. б. ) немесе құжат иесі мен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.

Екіншіден, бағалы қағаз қорларды инвестициялау туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөльде ойнайды.

Үшіншіден, бағалы қағаздар - бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т. б. ) талап етуі көрсетілетін құжаттар.

Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ МӘНІ

Сонымен қатар бағалы қағаздардың өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сиякты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.

Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті сатып алу-сату негізінде (акция, облигация және т. б. ) немесе басқа тауарлар нарығымен (чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады.

Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде, яғни өзіне тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі бағалы қағаздар бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың осы сапасымен анықталады.

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және техникалық циклдардың толықтылығы мен аяқталғандылығын жоғары деңгейімен ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату заты ретінде пайдаланылады, бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.

Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады; екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн оларды шығару кезінде анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және нарықтық бағасы болады.

Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда колданылады. Эмиссиялық баға бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтык баға - бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.

Сонымен, бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда көрсетілген мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық, өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады.

2. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ

Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде багалы қағаздарға тиісті жалпы және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және багалы қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек.

Бағалы қағаздардың жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға болады.

Бағалы қағаздардың жіктелуі - бұл бағалы қағаздардың өздерше тиісті белгілері бойынша бөлінуі.

Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі - бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары түрган жіктеудің кұрамына кіреді. Мысалы, акция бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы мүмкін.

Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.

Уақыт сипаттамасы:

қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығындарды, қай уақыт кезеңіне немесе мерзімсіз;

• пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа бағалы қағаздардан.

Кеңістік сипаттамасы:

• қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты нысан немесе қағазсыз, кұжатсыз нысан;

• ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;

• аймактық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған. Нарықтық сипаттамасы:

• бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т. б. ) ;

• иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы қағаздар - онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары - құқық оны ұсынушы адамға жатады. Ордерлі бағалы қағаздар - құқық онда аталған адамға тиесілі.

• шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар өздерінің сипаттары бойышпа бірдей болып келетін бөлек сериялар бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес;

• меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент түрі: мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;

• айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;

• бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық мәні;

• тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;

• табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;

• қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын иемденуге қаржылана ма.

Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып бөлінеді.

Мерзімді - оларды шыгару кезінде мерзімі белгіленетін багалы қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді:

• қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;

• ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.

Мерзімсіз - айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, ягни олар шексіз қызмет етеді және бағалы бағаздар шыгару кезінде өтеу мерзімі көрсетілмейді.

Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны - қағаз, яғни бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.

Инвестициялық (капиталдық) - капитал салымы үшін объекті болып табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік келісімдер және т. б) .

Инвестицияльщ емес - тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп айырысуга қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер, коносаменттер) .

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және несиелік тәуекел деңгейін, инвесторлардың қызығушылығы мен басқа факторларды ескергенде қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:

. мемлекеттік; муниципалдық;

• мемпекеттік емес.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны; эмитенті мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.

Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық міндеттемелері жатады.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.

Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналымды) және нарықтық емес (айналымсыз) деп беледі.

Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін. Ол шығарылғаннан кейін эмитентке кезектен тыс ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды, яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады, мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.

Сонымен қатар, айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге болады. Сатып алу - сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік қоғамының акцияларына жатады.

Бағалы қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз кезегінде ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:

әр түрлі активті меншікке алуға; уақытша пайдалануға.

Егер бағалы қағаздар салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдар және т. б. Иеленуші бағалы қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар, коносаменттер және т. б.

Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде және әрбір серияның ішінде ұқсас шығарылады. Бұл - акция және облигация.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде шығарылады.

Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа бөлінеді.

1-сынып - негізгі;

2-сынып - туынды.

Негізгі бағалы қағаздар - қандай да болса бір актив (тауар, ақша, капитал, мүлік, әр түрлі ресурстар және т. б. ) негізіне мүлік құқыгы жататын бағалы қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

«Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы»

Заңында туынды бағалы қағаздар - басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады деп айтылған. Туынды бағалы қағаздар - бұл әр түрлі базистік активтермен бейнеленген, мүліктік жағдайға негізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер және тағы басқалар жатады. Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әр түрлі нарықта бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.

«Қазакстан Республикасындағы акционерлік қоғам туралы» Заң негізінде акционерлік коғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варранттарды да шығаруға құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жок.

Варрант акционерлік қоғам шыгаратын және варрантта бекітілген баға бойынша бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқыгын куәландыратын туынды багалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция және облигация эмиссиясымен қатар варрант шығаруға құқы бар. Варранттар бағалы қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді. Варанттар бөлініп шыққаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құны олардың бағасына азайтылады. Қоғам варрантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын варрантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез келген уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді және олар бойынша дивиденд есептелінбейді.

Қоғам басқару органының шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.

Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитарийлік қолхаттар жатады. Депозитарийлік қолхат - бұл шетел эмитентінің бағалы қағаздар бойынша шығарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаз. Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін қаржылық құрал болып табылады. Эмитенттердің депозитарийлік қолхаттарын шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу кажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитарийлік қолхаттардың келесі түрлерін бөліп карастыруға болады:

американдық (ADR) ;

ғаламдық (GDR) ;

халықаралық (IDR) .

ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады, ал GDR американдық нарықтан баска бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен бірге эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік береді. Әдетте американдық банктер эмитенттерге акциялары қор нарығында бағаланатын елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы Атаулы ие депозиттеу акция негізінде депозитарийлік қолхат шығарылады. Америка Құрама Штатында осындай депозитарийлік қолхаттың біршама ірі депозитарийлік эмитент-банктері «City Bank New York», «The Bank of New York», «Morgan Bank» болып табылады. Ғаламдық депозитарийлік қолхаттар тіркелуі, шыгарылуы мүмкін, олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен қатар олар АҚШ-тың негізгі қор биржаларында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады. GDR-ді шығарғанға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШ-та ADR шығаруы тиіс, одан кейін Батыс Еуропада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы қадамы ретінде IDR шығаруы керек.

Қазақстан Республикасында алғаш рет депозитарийлік қолхат 1996 жылдың басында ресейлік «Альфа-банк» филиалымен колданылды. 1997 жылы американдық депозитарийлік қолхатты «Казкоммерцбанк», 1998 жылы «ШНОС» мұнай компаниясы шығарды. Бұл компаниялардың ADR котировкасы барлық ірі қор биржаларында жүргізіледі.

Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдерісінде айналымға бағалы қағаздардың келесі түрлерін шығарады:

• акциялар;

• депозиттік сертификаттар;

• облигациялар;

бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Акция бұл акция иемденушісінің акционерлік қогам капиталына қатысқандығы туралы куәландыратын жэне оның иесіне осы қоғамның пайдасының белгілі бір бөлігін дивиденд түрінде алуға құқық беретін акционерлік қогам шығаратын багалы қағаз. Акциямен келесідей құқықтар байланысты:

белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидендке құқык) ;

акционердің жалпы жиналысына қатысу;

акционердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы;

капиталдың көбеюі кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқығы.

Акция ұсынатын құқық көлеміне карай жай және артықшылығы бар болып бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.

Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерийі өткізу тәсілі болып табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша және индоссаланған құжаттар арқылы беріледі.

Банктік сертификаттар ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда белгіленген салым мерзімі аяқталганнан кейін, олар бойынша пайыз алу құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі болады: депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға, ал жинақтық -жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар, депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының мультипликаторы ретінде қатысуында.

Депозиттік сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР Ұлттық банк лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем құралы бола алмайды. Ол кепіл заты, сатып алу-сату объектісі бола алады. Сертификаттарды сатып алу-сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және қолма-қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Депозитті талап ету мерзімі келгенде банк сертификатты иемденушінің алғашқы талабы бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс бойынша жүзеге асырылады:

• жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы;

• салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар; қолма-қол ақша.

1996 жылы 19 қыркүйектегі «ҚР депозиттік (банктік) сертификаттардың шығарылуы мен айналымының» жалпы Ережесіне сәйкес сертификаттар тек мерзімді болуы мүмкін. Төленуге ұсынылған сертификаттар уақытында өтелмеген болса, банк депозиторға айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі эмитент-банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы, айналуы мен өтелуі шартында көрсетілуі қажет. Сертификат эмитент-банктің орналасқан жерінен басқа да жерлердегі банк атынан операцияларды жүзеге асыра алатын кез келген бөлімшесінде өтелуі мүмкін. Банк пайыздарды төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады:

• сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін жиі;

• сертификатты өтеу күнінде.

Банктік сертификаттық міндетті деректемелері келесілер болып табылады:

«депозиттік сертификат» атауы;

- депозитті енгізу күні;

- сертификатты өтеу күні; депозит сомасы;

эмитент-банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды кайтару туралы міндеттемесі;

депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме;

тиесілі пайыз сомасы, эмитент-банктің атауы және орналасқан жері;

депозитордың аты-жөні, орналасқан жері;

эмитент-банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау кезінде сертификатты өтеу жағдайы;

банк мөрімен бекітілген, эмитент-банктің екі уәкілетті тұлғаларының қолдары.

Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады және банктегі бухгалтерлік есептің шоттар Жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе ертенбейтін шкафтарда сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен етелуі кезінде келесі сәттер ескерілуі мүмкін:

жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;

шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал) ;

номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі. Қазакстан Республикасының Азаматтык кодексіне сәйкес облигация бұл облигацияның немесе баска да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шыгарушы тұлгадан оны ұстаушының иемденуге құқын растайтын багалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:

бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі; акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады (өтелетін бағалы қағаз) ;

- пайыздарды төлеу кезінде акция (дивиденд төлеумен салыстырғанда) және басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру (қоғамды жою кезінде) алдында жоғары;

- эмитентті басқаруға құқық бермейді. Облигацияларды шығару тәртібі:

Әмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен аспайтын облигация шыгаруға құқығы бар. Бірақ, жаргылық капитал толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;

Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;

- Эмитенттің активі облигацияны шығаруды камтамасыз ететін күрал болып табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады (материалдық емес активтер камтамасыз ету қызметін аткармайды) ; Олигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау жолымен өтелуі мүмкін;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар мен бағалы қағаздар нарығының пайда болуы
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қаржы нарығы туралы түсінік
Бағалы қағаздар классификациясы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Бағалы қағаздар нарығын талдау және бағалау
Бағалы қағаздардың түрлері, қызметі және мәні
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Бағалы қағаздардың азаматтық құқықтың объектісі ретіндегі орны
Бағалы қағаздар ұғымы және қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz