Банктің актив операцияларына талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
І бөлім Банк балансы және оны құру тәртібі 5
1.1 Ұлттық банк балансы туралы жалпы түсінік 5
1.2 Ұлттық банктің шот жоспарының құрылымы 7
1.3 Екінші деңгейлі банктің шот жоспарының концепциясы мен сипаттамасы 13
1.4 Бухгалтерлік балансты құру тәртібі 18
ІІ бөлім. Баланс құрылымына талдау 21
2.1 Банк балансының талдауындағы негізгі баптары 21
2.2 Банктің пассив операцияларына талдау 22
2.3 Банктің актив операцияларына талдау 28
Қорытынды 34
Қолданылған әдебиеттер 36

Кіріспе

Қазақстанның салық заңнамасы салық есептілігін есепті салық кезеңнен
кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсыруды талап етеді, онда
қаржы есептілігінің де деректері көрсетіледі. Баланс банктің белгілі бір
сәттегі қаржылық жағдайын сипаттайды. Оның жаңа операцияларды игерудегі
саясатын бағалауға, оның активтерін бағалауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Банк мекемелерінің балансы кәсіпорындікіне
қарағанда ерекше болып келеді. Банк балансы күн сайын, айсайн, тоқсан сайын
және жыл сайын болып бөлінеді. Банктің бухгалтерлік балансының жеделдігі
күндік баланста көрсетіледі. Балансты француз тілінен аударғанда “balanse”
тепе-теңдікті білдіреді. Тепе-теңдек дегеніміз банк ресурстарының, ақша
қаржыларының теңдігін көрсетеді және олардың қандай мақсатқа жұмсалып,
қандай көздерден шығарылғанын көрсетеді. Банктің барлық операциялары
баланспен бақыланады. Банк есебінің нақтылығы мен жеделдігі қаржылардың
сақталуын, ақша айналымы мен есеп-несие қатынастарын қадағалауға мүмкіндік
береді. Банктің бухгалтерлік балансы банктік есептің шот жоспарына сәйкес
болуы тиіс. Баланс арқылы банктің статусымен сенімділігін білуге болады.
Банк қызметіне талдау жүргізгенде негізгі құжат болып келеді.
Тақырыптың өзектілігі - осы жасалған курстық жұмыс “Банк балансын құру
қағидалары және баптарын топтастыру әдісі” осы тақырып аясында болып
келеді. Бұл курстық жұмыста банк балансының құрылымы және баптарының
мазмұны туралы сипаттамалар көрсетілген.
Тақырыптың міндеттері - банк балансы бұл банктің негізгі құжаттарының
бірі болып келеді. Кәзіргі таңда банк балансы өзгерістерге түсіп жатыр. Бұл
өзгерістер банк балансының оңдалуын, талдау жүргізуге жеңіл болу үшін
көмегін тигізеді. Баланс өзі екі бөлімнен тұрады: қаржылық құрау көздері
нақты бар қаржылар, ал екіншісі – бөлімдегі қаржыларды тиімді қолдануын
немесе жұмсалуын көрсетеді деп айтсақ та болады.
Тақырыптың мақсаттылығы - банк балансының мақсаты ол жоғарыда
айтылғандай оның қаржы ресурстарын тиімді қолдануын, банк қызметінің
жағдайына бақылау жүргізу болып келеді. Банктің жүргізілетін есептің
барлығы осы баланс арқылы жүргізіледі десек қателеспеспіз. Баланстың
формасына қарай бірнеше түрі бар: Форма №1, Форма №2, Форма №3, Форма №4,
Форма 700-Н. Бұл формалар баланс талдауында ең негізгі құжаттар болып
келеді. Форма №1- Баланстық есеп.
Қазақстан Республикасының “Банктер және банк қызметі” туралы заңына
сәйкес барлық Екінші деңгейлі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банктың жылдық әдістемелік жариясына сәйкес өзінің жылдық баланс жазылымын
жариялауы керек.

І-бөлім. Банк балансы және оны құру тәртібі

1.1 Ұлттық банк балансы туралы жалпы түсінік

Ұлттық банк балансы тағайындалған шот негізінде құрылады. Тағайндалған
шоттар бухгалтерлік есепте Ұлттық банктың қаражттарын экономикалық
топтастыруы, банк операциялары туралы ақпарат алу мақсатымен және банк
қызметінің шаруашылық прогрестердің қозғалу жолын бақылау. Бұл шоттардың
міндеттемесі мен құрылымы Екінші деңгейлі банктердікінен зор айрмашылығы
жоқ.
Қазақстан республикасының Ұлттық банктің жаңа банктік есеп шот
жоспарын нақтылау бұйрығына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
директорлар кеңесі 14.05.1997 жылы (қосымша) құрылған дүние жүзілік
тәжибеде қолданылған бухгалтерлік есепті орталық банктерге енгізді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк шот жоспарында өзімен жүйелендірілген
мәлімет атауларын ұсынады. Шоттардың атаулары Ұлттық Банктің баланс
баптарына сәйкес келеді. Шот жоспарының негіздемесі болып келеді және
олрдың экономикалық ақпарат мазмұнының жіктелуі. Ұлттық Банктің
бухгалтерлік есебінің шот жоспары шот тізбесін әр класстарға бөлінетінін
көрсетеді. Шоттардың жіктелу негізі олардың іс-қимылында жатыр; бұндай
тоғыз кллас бар:

І класс- Активтер коды 100-199 дейін
ІІ класс- Басқада активтер коды 200-299 дейін
ІІІ класс- Пассивтер коды 300-399 дейін
IV класс- Басқада Пассивтер коды 400-499 дейін
V класс- Капитал және резервтер коды 500-599 дейін
VI класс- Монетарлық қызметтен кірістер коды 600-699 дейін
VII класс- Монетарлық емес қызметтен кірістер коды 700-799 дейін
VIII класс- Монетарлық қызметтен шығындар коды 800-899 дейін
IX класс- Монетарлық емес қызметтен шығындар коды 900-999 дейін
Осы тоғыз класстардың баланста V класс көрсетіледі, ал VI, VII ,VIII
IX класс шоттары кіріс пен шығының жинтық шоттарына кіреді. Осы жиынтық
шот қорытындысы баланста V класс – капитал мен резервтер Жаңа шот жоспары
тек қана активті және пассивті болып бөлінеді. Активті шоттар I, II, VIII,
IX класстарда көрсетілген,
Пассивті шоттар III, IV, VI, VII класстарда көрсетілген.

Баланс

Актив Пассив
І кл- активтер ІІІ кл- Пассивтер

ІІкл- Басқа да активтер IV кл-Басқа да пассивтер
Vл-Капитал және резерв

VIII кл-шығындар VI кл-кірістер
IX кл- шығындар VII кл-кірістер

Дт Кт

VIII VI

IX VII
X

Активті І класс шоттарына пассивті ІІІ класс шоттары сәйкес келеді.
Активті ІІ класс шоттарына пассивті IV класс шоттары сәйкес келеді.

1.2 Ұлттық банктің шот жоспарының құрылымы

Балансты шоттың активі мен пассивінің негізгі категориялары және
кірістер мен шығындардың, таза кіріс пен шығындар құралы есеп берулерінің
негізгі категориялары шот жоспарында жеке-жеке класс ретінде берілген.
Кластардың, топтардың және шоттардың орналасуы цифрлы код жүйесінің
көмегімен көрсетілген. Әрбір кластың ішінде негізгі топ шотын нақты
көрсетілетін қызмет түрлерінен ажырату үшін бес белгіден тұратын цифрлы
кодтар қолданылады.
Әрбір топ ішінде жіктемелеп берілгендердің базалық деңгейін көрсететін
бөлек шоттар қолданылады.
Кодтың құрылымы мен белгіленуі.
1сан- класс
2сан- топ нөмірі
3сан- шот нөмірі
4сан- ішкі резидент пен резидент емес белгісі
5сан- секторлау

Кодтың 1 саны активтің, пассивтің белгілі классына сәйкес келеді, яғни
І класс активтер. Бұл класқа ең алды мен ақша несие саясатымен және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің негізгі қызметтерімен байланысты
актив топтары кіреді. Сондай-ақ мына актив топтары да кіреді: Отандық
мемлекеттік бағалы қағаздардың авуарлары, Авуарлар мен басқа да ұсынылған
несиелер
ІІ класс- Басқа да активтер, Бұл класқа Ұлттық Банктің қызметін
атқаруына қажетті базалық ифроқұрылымды құрайтын активтер кіреді. Бұл
кластың негізгі тобының активне банктің негізгі қорлары (ғимарат, бағалы
жабдықтар), сондай-ақ мұнда басқа топқа жатпайтын барлық актив топтары
жатады.
ІІІ класс- Пассивтер, Бұл класс Ұлттық Банктің негізгі қызметін
жүргізетін саясатты жүзеге асырады. Негізгі пункт болып Ұлттық Банктің
шығарған нақты ақшалары табылады. Басқа негізгі пассив топтарына мыналар
жатады: шетелдік міндеттемелер, өкілеті клиенттердің депозиттері, мұндай
клиенттерге мемлекеттік басқару органдары мен банктер жатады.
IV класс- Басқада Пассивтер, Бұл кластың негізгі тобына кіретін
мыналар:
инвестициялық және сенімсіз бағалы қағаздар бойынша жабуға арналған
резервтер, амортизациялық аудврулар, негізгі қорлар, Ұлттық Банктің
мекемелері арасындағы эмиссионды кассалық операциялар, шетелдік
операциялар, клиенттің тапсырысы, несиелік операциялар, бағалы қағаздармен
жүргізілетін операциялар, банктің ішкі операциялары бойынша және шығын мен
кірістерді аудару бойынша есеп айырулар, жұмысшылар алдындағы міндеттерді
өтеуге арналған резервтер, жыл соңында мемлекетке өтеуге тисті таза кіріс.
V класс- Капитал және резервтер, Бұл берілген класс Ұлттық Банктің
қаржысын көрсетеді. Бұған келесі топтар жатады: заңымен қарстырып
мемлекеттің енгізумен белгіленген арнайы резервтік капиталдар, негізгі
активтерді қайта бағалаудан құралған резервтер мен бөлінбеген таза кіріс.
VI класс- Монетарлық қызметтен алынған кірістер, бұл классқа Ұлттық
Банктің І класына енгізілген негізгі активтері есебінен алынған барлық
кірістері жатады. Бұл кластың кірістер шот тобының құрылымы І кластың шот
тобының құрылымына сәйкес.
VII класс- Монетарлық емес қызметтен алынған кірістер,Бұл класқа
Монетарлық емес қызметтен алынған кірістің барлық түрі кіреді, яғни ІІ
класс шоттарын қолдана отырып алынған. Бұл кластың шоттар тобының құрылымы
ІІ кластың шоттар құрылымына сәйкес.
VIII класс- Монетарлық қызметтен пайда болған шығындар, берілген
класқа монетарлық қызметтен пайда болған шығынның барлық түрі кіреді, яғни
ІІІ класс шоттарының шығындары тобына құрылымы сәйкес.
IX класс- Монетарлық емес қызметтен пайда болған шығындар, бұл
класқа Монетарлық емес қызметтен алынған шығындардың бәрі кіреді, яғни IV
класс шоттарын қолданудағы шығындар тобының құрылымына сәйкес.
Әрбір класс ішіндегі топқа сәйкес кодтың екі белгісі сәйкес келеді.
Кодтың 3-ші әрбір топ ішндегі бөлек шотқа сәйкес келеді және орындалып
жатқан операцияны сипаттайды. Кодтың 4-ші белгісі резидент емес. Кодтың 5-
ші белгісі экономиканы секторлау белгісі.

І класс-Активтер
10000-Ұлттық Банктегі нақты ақша
11000-Аффинирленген қымбат бағалы металдар
12000-Шетел валютасы (корреспонденттік шоттағы депозиттік шоттағы,
шетел валютасындағы қаржылар, сондай-ақ шетел валютасындағы нақты ақшалар)
13000-Шетел валютасындағы инвестициялар мен талаптар
14000-Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар
15000-Қазақстан Республикасының Үкіметімен жүргізілетін операциялар
(Үкіметтің шығарған аманаттары мен бағалы қағаздарынан бөлек басқа әдіспен
қамтамасыз етілген Үкіметке ұсынылған несие)
16000-Қаржылық ұйымдармен операциялар
17000-Ішкі қор нарығындағы есеп айырулар
18000-Қаржылық емес ұйымдар және жеке тұлғалармен жүргізілетін
операциялар

ІІ класс- Басқада активтер
21000-Заңды және жеке тұлғалармен есеп айырулар (шығындар,
қаржыландыру, несиелер)
22000-Капиталға салымдар
23000-Негізгі құралдар, арзан бағалы тез тозатын заттар және
материалдар
24000 - Ұлттық Банк бөлімшелері арасындағы аударулар бойынша
операциялар
25000 - Аффинирленбеген бағалы металдар мен бағалы тастар
26000 - Қадағалау шоттары (түзетулер енгізу)
27000 - Ұлттық Банктің шаруашылық және әкімшілік басқару қызметі
бойынша басқа да дебиторлар

ІІІ класс - Пассивтер
30000 - Айналымға жіберілген нақты ақшалар (Ұлттық Банктің кассасынан)
31000 - Аффинирленген бағалы металдармен операциялар бойынша
міндеттемелер
32000 - Валюталық міндеттемелер
33000 - Шетел валютасындағы инвестиция және депозиттер бойынша
міндеттемелер
34000 - Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар
35000 - Қазақстан Республикасының Үкіметімен операциялар
36000 - Қаржылық ұйымдармен операциялар
37000 - Ішкі қор нарығындағы операциялар
38000 - Қаржылық емес ұйымдармен және жеке түлғалармен операциялар.
39000 - Реттеу шоттары

IV класс - Басқа да Пассивтер
43000- Жинақталған амортизация
44000- Ұлттық Банк бөлімшелерінің аударулар бойынша операциялар
45000- Аффинирленбеген бағалы метталдар және бағалы тастар
46000- Реттеу шоттары
47000- Ұлттық Банктің шаруашылық және әкімшілік басқару қызметі
бойынша басқа да кредиторлар
48000- Провизиялар

V класс - Капитал және резервтер
50100- Жарғылық қор
51100- Резервтік қор
54000- Әр түрлі тұрақты қорлар
54300- Басқа да қорлар
55000- Арнайы қорлар

VI класс - Монетарлық қызметтен алынған кірістер
61000- Аффинирленген бағалы металдармен жүргізілетін операциялар
бойынша кірістер
62000- Шетел валютасы бойынша жүргізілетін операциялардан алынған
кірістер
63000- Шетел валютасындағы инвестиция және талаптар бойынша кірістер
64000- Мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар бойынша
кірістер
65000- Үкіметпен жүргізілетін операциялар бойынша кірістер
66000- Ішкі қаржылық жүйемен жүргізілетін операциялар бойынша кірістер

67000- Ішкі қор нарығындағы операциялар бойынша кірістер
68000- Қаржылық емес ұймдармен және жеке тұлғалар операциялары
бойынша кірістер
69000- Бұрын құрылған провизияларды жою

VII класс- Монетарлық емес қызметтен алынған кірістер
70000- Кассалық операциялар бойынша кірістер
71000- Қалпына келтірілген шығындар
72000- Салынған капиталдар бойынша кірістер
75000- Аффинирленбеген бағалы металдармен және бағалы тастармен
операциялардан кірістер
77000- Басқа да кірістер
78000- күтпеген кірістер

VIII класс- Монетарлық қызметтен пайда болған шығындар
81000- Аффинирленген бағалы металдармен жүргізілетін операциялар
бойынша шығындар
82000- Шетел валютасымен операциялар бойынша шығындар
83000- Шетел валютасындағы инвестиция және депозиттер бойынша шығындар
84000- Мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар бойынша шығындар
85000- Үкіметпен операциялар бойынша шығындар
86000- Ішкі қаржылық жүйемен операциялар бойынша шығындар
87000- Ішкі қор нарығындағы операциялар бойынша шығындар
88000- Қаржылық емес ұймдармен және жеке тұлғалармен операциялар
бойынша шығындар
89000- Провизия құру және берешекті қайтару бойынша шығындар

IX класс- Монетарлық емес қызметтен пайда болған шығындар
90000- Ұлттық валютадағы банкнот және монеталаларды дайндау шығындары,
оларды жеткізу және Ұлттық Банктің бағалы қағаздарын дайындауға байланысты
шығындар
91000- Төленген комиссиялар
92000- Инвестициялық бағалы қағаздар мен операциялар бойынша шығындар
93000- Негізгі қорлар, арзан бағалы тез тозатын заттар және
материялдармен операциялар бойынша шығындар
94000- Басқа да шығындар
95000- Аффинирленбеген бағалы метталдар және бағалы тастарды тасмалдау
бойынша шығындар
96000- Банк персоналдарына шығындар
97000- Әкімшілік шығындар
98000- Күтпеген шығындар
99000- Ұлттық Банктің өндірістік және әлеуметтік даму бағытындағы қоры
бойынша шығындар.

1.3 Екінші деңгейлі банктің шот жоспарының концепциясы мен сипаттамасы

Екінші деңгейлі банктердегі бухгалтерлік есептің шот жоспары кластар
бойынша бөлінген келесі шоттар тізімінен тұрады.
Барлығы 7класс:

І класс- Активтер код 1000-1999

ІІ класс- Міндеттемелер код 2000-2999
ІІІ класс- Мешікті капитал код 3000-3999

IV класс-Кірістер код 4000-4999

V класс- Шығындар код 5000-5999
VI класс- Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер код 6000-6999
VII класс-Банк балансына меморандум шоттары код 7000-7999

Банк балансында І-ІІІ класс шоттары бейнеленеді, ал IV- V класс
банктің қаржылық- шаруашылық қызметі туралы есеп беруінде көрсетіледі.
Есеп беру кезеңі бойынша анықталған қортынды ІІІ класс “меншікті
капитал” шоттарымен бейнеленеді. Балансты шоттармен І-V кластар және VI
класты баланстан тыс шоттар бойынша қозғалыс екі жақты жазба әдісімен
жүргізіледі. Әр класта ең көп дегенде 1000 шот

Шоттардың класстар бойынша жіктелуі:

“Активтер” Яғни І класқа төмендегілердің есебі бойынша шоттардың тобы
жаттады:
▪ Нақты ақшалай қаржылардың
▪ Қысқа мерзімді несиелердің
▪ Қазақстан республикасы Ұлттық Банкіне талаптапрдың
▪ Қазналық міндеттемелердің
▪ Сатуға арналған бағалы қағаздардың
▪ Банк аралық несиелер мен басқа банктерде орнатылған депозиттердің
▪ Басқа банктердің несиелері мен аванстарының
▪ Клиентерге қойлатын талаптардың
▪ Филиал аралық есеп айрулардың
▪ Басқа да бағалы қағаздардың
▪ Жалпы резервтердің
▪ Капиталға инвестициялардың
▪ Төлем бойынша есеп айрулардың
▪ Материалдардың артықтылығына
▪ Негізгі қорлармен материлды емес активтердің
▪ Қосылған сый- ақ шығындарының алдын ала төлемінің
▪ Бағалы қағаздар бойынша сый- ақылар мен жеңілдіктердің
▪ Басқа да дбиторлардың және ауыспалы кезеңдегі уақытша активтердің

“Міндеттемелер” яғни ІІ класқа мыналардың есебі бойынша шоттардың
тобы жатады:

▪ Талап ету депозиттерінің
▪ Банктен алынған несиелердің
▪ Овернайт несиесінің
▪ Ақша нарығының жедел банк аралық несиелері мен депозиттерінің
▪ Филиал аралық есеп берулердің
▪ Клиенттер алдындағы міндеттемелердің
▪ Айналымға шығарылған депозиттік сертефикаттардың
▪ Айналымға шығарылған басқа бағалы қағаздардың
▪ Қазыналық міндеттемелер мен басқа да жоғары өтімді бағалы қағаздарды
қолданумен банктерді қайта қаржыландырудың
▪ Төлем бойынша есеп айрулардың
▪ Алдын ала төленген кірістердің
▪ Бағалы қағаздар бойынша жеңілдіктер мен сый- ақылардың
▪ Басқада кредиторлардың

“Меншікті капитал” Яғни ІІІ кластың жарғылық капиталымен есебі бойынша
шот топтары жатады.
“Кірістер” яғни IV класқа келесілердің есебі жатады:
▪ Банктегі несиелер мен депозиттер бойынша сый- ақылық кірістердің
▪ Қысқа мерзімді несиелер бойынша сый-ақылық кірістердің
▪ Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша сый-ақылық
кірістердің
▪ Ұлттық Банкте қайта қаржыландыруға жарамды жоғары өтімді бағалы
қағаздармен қазналық міндеттемелер бойынша сый –ақылық кірістердің
▪ Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сый-ақылық кірістердің
▪ Басқа банктерге берілетін несиелер мен аванстар бойынша сый-ақылық
кірістердің
▪ Филиалдармен есеп айрысу бойынша сый-ақылық кірстердің
▪ Клиентерге берілген несиелер бойынша сый-ақылық кірстердің
▪ Басқа бағалы қағаздар бойынша сый-ақылық кірстердің
▪ Инвестицияға салымдар бойынша сый-ақылық кірстердің
▪ Лизингтік операциялар бойынша сый-ақылық кірстердің
▪ Банктік коммисиондық кірістердің
▪ Басқа да операциялық кірістердің
▪ Еншілес компаниялардың және ассоциациялардың бағалы қағаздары мен
акцияларын сатудан түскен кірістердің
▪ Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық соммалары
▪ Басқа да кірістер
▪ Салыққа дейінгі таза кіріс

“Шығындар” яғни V класқа мыналардың есебі бойынша шоттардың тобы
жатады:

▪ Банктегі несиелер мен депозиттер бойынша сый- ақы төлеу шығындары
▪ Басқа банктердің несиелік сый-ақы бойынша сый- ақы төлеу
▪ Талап ету депозиті бойынша сый-ақы төлеу шығындары
▪ Овернайт несиесі бойынша сый-ақы төлеу шығындары
▪ Филиалдармен есеп айрысу бойынша сый-ақы төлеу шығындары
▪ Клиентердің депозиттері бойынша сый-ақы төлеу шығындары
▪ Айналымға шығарылған депозиттік сертефикаттар бойынша сый- ақы төлеу
шығындары
▪ Жоғары өтімді бағалы қағаздарды қолданумен байлансты қайта
қаржыландыру бойынша сый-ақы төлеу шығындары
▪ Қамтамасыз етуге берілген ассигнованиялау
▪ Банктің комиссиондық шығындары
▪ Еңбекақы төлеу, іс сапар және міндеттерді аударулар бойынша шығындар
▪ Жалпы шаруашылық шығындар
▪ Табысқа салынған салықтар, басқа да салықтар мен жинаулардың
шығындары
▪ Амортизациялық аударулар бойынша шығындар
▪ басқа да операциялық шығындар
▪ әр түрлі шығындар мен жоғалтулар
▪ айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық соммасы
▪ басқа да шығындар
▪ күтпеген шығындар
▪ табысқа салнатын салық шығындары

“Шартты және мүмкін талаптар мен міндеттемелер”, яғни VI класқа
банктің болашақ кезеңде пайда болатын жне ол бойынша белгілі бір
тәуекелділікте болатын талаптары менміндеттері бойынша шот топары жатады:
▪ Аккредитив шоттары
▪ Кепіл шоттары
▪ Болашақта депозиттер мен қарыздарды орналастыру бойынша шоттар
▪ Алу бойынша шоттар
▪ Бағалы қағаздарды алу бойынша шоттар
▪ Қаржылық фьючерстің шоттар
▪ бағалы қағаздарды сату бойынша шоттар
▪ Қаржылық фьючерстің бағалы қағаздарын сату бойынша шоттар
▪ Шетел валютасын сату, сатып алу бойынша шоттар

“Банк балансына меморандум шоттары” яғни VII класқа банктің талаптары
мен міндеттемелеріне әсер етпейтін операциялар есебі бойынша шот топтары
жатады:
▪ Мемориалды шоттар- активтер
▪ Мемориалды шоттар- пассивтер
▪ Мемориалды шоттар- басқалар.

1.4 Бухгалтерлік балансты құру тәртібі

Бухгалтерлік қзыметтің негізгі балансты құру болып табылады. Кіріске
баланс әр циклдың басында құрылады, бухгалтерлік есеп жұмысы басталады. Ал
қортынды баланс циклдың аяғында құрылады. Баланс жасаудың маңыздылығы
мынада: баланс көптеген қаржылық коэффициентерді (өтімділік, қаржы
икемділігі, рентабельділік және т.б.) есептеуге негіз болады. Банк балансы
кәсіпорындікінен өзгеше, Кәсіпорындар балансты әр ай сайын, тоқсан сайын,
жыл сайын құрастырылып отырады. Екінші деңгейлі банктер балансын күн сайын,
ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын құрастырылады.
Екінші деңгейлі банктердің балансы – бұл бухгалтерлік баланс, банктің
меншікті және таратылмаған қаржыларының жағдайын сипаттайды, оларды
несиелік және басқада активті операцияларға орналастыру. Банктің балансы
сәйкестендірілген кестемен құрылады және банктегі бухгалтерлік есептің шот
жоспарына сәйкес болуы керек. Банктік балансқа қатысты қаражаттары
коммерциялық ақпарат талаптарына жеделдікпен, нақтылықпен, ынтымақтастықпен
жауап береді. Банк балансының жеделдігі күн сайнғы құрылымында көрсетіледі.
Күндік баланс: тартылған және меншікті қаржы жағдайн көрсетеді сондай-ақ
олардың кредиттік және басқада таратулары.
Баланс былай жоспарланады: ақша ресурстарын қалыптастыру және тарату,
несиелік есеп-кассалық және басқа банктік операцияларының жағдайы,
бухгалтерлік есепте операциялардың дұрыстығын көрсетеді.
Кәсіпорынға бухгалтерлік есепті енгізуді ұймдастыру, жіберілген
айналымға тікелей әсер етеді. Банктер күнсайн дербес шотқа аналитикалық
есеп құрастырады, және оларға осы шоттардан клиентерге үзінді көшірме
береді. Осы шотардан кассалық және басқада операциялар кәсіпорын есебінен
өткізіледі. Актив бойынша баптар өтімділігі төмендейді, ал пассив бойынша
талап ету қаражаттарың деңгейі азаяю ережесі қатаң сақталмайды және
іздестірілмейді. Банк балансының шот тізбектемесі баланстық және баланстық
емес боып бөлшектенеді. Баланс шоттары актив және пассив болып бөлнеді.
Пассив шоттары- жарғылық капитал және таратылған қаржылар есебіне арналған.
Актив шоттары - Баланстан тыс шоттар, құжаттармен бағалы заттардың
таратылу есебін жүргзеді. Баланстан тыс шоттарда банк айналымындағы қатаң
есеп беру бланкілері, құндылықтар, несие операциялары, ағымды шоттар
бойынша құжаттар есептелінеді. Мұндай шоттарда есеп жай жазба әдісі, яғни
бір шоттың кірістері немесе шығындары бойнша жүргізіледі.
Баланстан тыс шоттар 6 белгілі кодпен белгіленеді. Мұндағы: 1-ші
белгі “9” шоттың баланстан тыс екендігін көрсетеді. Келесі белгілер
балансты шоттың нөміріне сәйкес келеді. Сонғы 2 белгі баланстан тыс
бөлімнің нөміріне сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының “Банктер және банк қызметі” туралы заңына
сәйкес барлық Екінші деңгейлі банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банктың жылдық әдістемелік жариясына сәйкес өзінің жылдық баланс жазылымын
жариялауы керек.

ІІ бөлім. Баланс құрылымына талдау

2.1 Банк балансының талдауындағы негізгі баптары

Баланс арқылы банктің қаржылық жағдайын анықтап оның сенімділігін
білуге болады. Балансты оқу негізінде банк қызметін талдау үшін әдістеме
әзірлеуі актуалды жағдай. Балансты оқу үшін келесі негізгі шараларға көңіл
аудару керек:
1. Баланстан реттеуші баптарды айру яғни, Брутто баланстан Нетто балансқа
аудару өйткені баптардың айрмашылығы нақты талдауды қиындатады.
2. Өтімділіктің деңгейін және банк операциясының тәуелділігін анықтау
үшін депозиттік несиелердің мерзімін көрсету.
3. - Қысқа мерзімді несие
4. - Орта мерзімді несие

- Ұзақ мерзімді несие

Баланс баптарының негізгі баптары келесідей:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайлы
Коммерциялық банктер қызметінің құқықтық негіздері
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Жаңа банктік қызметтер мен өнімдер, олардың талдау әдістері
Банк ішіндегі банктер
Банктердің пассив операциялары
Коммерциялық банктердің экономикалық мәні
Мемлекетің бағалы қағаздары
Пәндер