Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3
1-бөлім. Қарызшының қаржылық қабілетіне талдау 5
1.1. Несиелік қабілетті бағалау критерийлері 6
1.2. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері 9
2-бөлім. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау 13
2.1. Қарыз алушының жеке тұлғаның төлем қабілеттігін бағалау көрсеткіштері
15
2.2 Қысқа мерзімді несие беру мен өшіру тәртібінің есебі 16
2.3 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі 20
3 – бөлім. Қарыз алушыларының несиелік қабілетін бағалау әдістерінің
жетілдіру жолдары 28
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық
табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық кажетін және
жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу
арқьілы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не
болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие — нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы несиелеу жүйесі қарыз алушының
несиелік қабілетін анықтау әдістеріне де негізделіп отыр. Қысқаша айтар
болсақ, қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл коммерциялық банк балансының
өтімділігін қолдау әдісі болып табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің
(кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуына байланысты.
Мұндағы қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындықтар туу
барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына
кепілдік береді.
Коммерциялық банктер өздерінің табыстық базасын кеңейтіп,
рентабельділігі мен бәсекелестілігін көтеру үшін клиенттеріне операциялар
мен қызметтердің кең көлемін көрсетуге тырысады. Мұндайда біз қарастырып
отырған Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау атты курстық жұмыс
тақырыбы осы күндері өте өзекті тақырып деуге болады және де бұл курстық
жұмыс 2-бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлім Қарызшының қаржылық қабілетіне талдау.
Ал екінші бөлім. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау өтеуге
дайындығын білдіреді.
Қазіргі кезде қарыз алушының несиелік қабілетін және төлем қабілетін
банктерде несиенің қайтарымдылығына. Соның ішінде несиелік қабілеттің
критерийлері, жеке тұлғаның төлем қабілеттілігі, шетел (тәжірибесінде
несиелік қабілеті тәуекелді бағалау қарастырылады. Қазіргі таңда қарызшының
қаржылық қабіліттілігінің несиелендіруде анықтаудың маңызы өте зор. Сонымен
қатар қарыз алушының төлем қабілеттілігін талдауда, теория және
формулалармен қарастырылады. Қазіргі кезде нарықтық экономикада
несиелендіруде несиелік қарыз алушының қажеттілігін айқындатады.
Сонымен қатар қысқа мерзімді несие беру және өшіру тәртібі және оның
есебі көрсетіледі. Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін жауапкершілік
дәрежесін, қарызды өте көп көңіл бөледі.

1-бөлім. Қарызшының қаржылық қабілетіне талдау

Қарызшының қаржылық қабілетіне талдау жасамас бұрын берілген
есептердің сәйкестігіне көз жеткізу керек. Мысалы, бұрынғы қарыздың өшірілу
тарихына қарызшы берешектеріне, баланс мәліметтеріне тағы сол сияқты.
Ережеге сәйкес клиентке қарыз ұсынбас бұрын банк клиентке қарыз
қабілеттілігін анықтап көз жеткізуі тиіс. Клиенттің қаржылық қабілеттілігін
анықтау барысында 4 көрсеткіш қарастырылады.
1. Клиенттің қаржылық жағдайы.
2. Іскерлік репутациясы.
3. Жоба тәуелділігі.
4. Несиенің қамтылуы.
Клиенттің қаржылық жағдайын бағалау клиенттің қаржылық жағдайын 4
негізгі көрсеткіш бойынша анықталады.
Кө =
Өтімділік коэффициенті клиенттің шаруашылық қаржыларын түрде
қарыздарды жабуға жұмсауын көрсетеді. Коэффициент неғұрлым жоғары болса
клиент соғұрлым сенімді болып табылады.
К.Ж. =
Жабу коэффициенті бұл клиенттің қарыздарды жабуға жеткілікті қаржылар
бар екендігін көрсетеді. Бұл коэффициент жоғарылаған сайын клиенттің
қосымша қарыз алу мүмкіндігі көбейеді.
Ж.д. н.қ. =
Бұл коэффициент кредиттің дебиторлар мен кредиторлар есебінен
есептесуін көрсетеді.
Қ.д. н.қ. =
бұл клиенттің тартылған қаржылардың қаншалықты тәуелсіз екендігін
көрсетеді. Бұл коэффициент неғұрлым төмен болса клиент соғұрлым сенімді.
Жоба тәуелділігін бағалау клиент ұсынылған бизнес жоспармен негізінде
жүргізіледі және келесілерде талдау жасалады.
1. Тауарды сату-сатып алу мүмкіндігін
2. Басты бәсекелес
3. Ақша қаржылар қозғалысы
4. Жобаның экономикалық тиімділігі
Экономикалық негіздер нарықты дайындау деңгейі бұл бәсекелестің жобаға
тауар дайындау сату туралы келісімнің болуы. Несие қолдану рентабельділік
коэффициенті болып клиенттің жоба бойынша алған пайданы несиелік сый-ақысын
табуға жұмсауын көрсетеді.
Қ.н.р.
Коэффициент жоғары болса жоба тиімді, клиенттердің іскерлік реттерін
белгілеу үшін бұл клиенттер туралы ақпараттар банкир бұрынғы іскерлік
қатынасын тағы сол сияқты ескеріледі.
Несиелік қамту формасына талдау бұл кезде залогқа салынған мүліктің
клиент меншігінде болуы. Залогтың кімнің бағаланғанын. Залог өтімділігін
(ақшаға тез ауысуы құндылықтардың тұрақты болуы (тиіс) ескеріледі берілген
кепіл тапсырыс немесе оның ұсынушы тұлғаның қаржылық жағдайы тексеріледі.

1.1. Несиелік қабілетті бағалау критерийлері

Қазіргі несиелеу жүйесі қарыз алушының несиелік қабілетін анықтау
әдістеріне де негізделеді. Айта кету керек, қарыз алушының несиелік
қабілеті — бұл коммерциялық банк балансының өтімділігін қолдау әдісі болып
табылады.
Несиелеу процесі белгіленген мерзімде сауданың қайтарылмай қалуға
себепкер болатын көптеген тәуекел факторлардың іс әрекетімен байланысты
болып келеді. Сондықтан да, банк несиесінің берілуі алдын ала ықпал ететін
факторларды оқып-үйрену арқылы несиелік қабілетті оқып үйренуге жағдай
жасайды.
Қарыз алушының несиелік қабілеті — бұл қарыз алушының өзінін, қарыздық
міндеттемелері бойынша толық, және уақтылы есеп айырысу қабілеті.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің, оның төлем қабілетінен бір
айырмашылығы — онда өткен кезеңдегі немесе қандай да бір күндегі
төлемсіздікті есепке алмайды, ал жақын перспективадағы қарызды өтеу
қабілетін болжайды. Өткен уақыттардағы қарыз алушының төлем
қабілетсіздігінің дәрежесі клиенттің несиелік қабілетін бағалау барысында
иек артатын ең бір формальды көрсеткіш болып табылады. Егер де қарыз
алушының мерзімі өткен қарызы болып, ал балансы өтімді және меншікті
капиталдың мөлшері жеткілікті болса, онда банкке өткен уақыттағы
төлемдердің бір рет кешіктірілуі, клиеиттің несиелік қабілетсіздігі туралы
қорытынды үшін негіз болып табылмайды. Несиелік қабілеті бар клиенттер
банкке, жабдықтаушыларға, бюджетке ұзақ төлемсіздіктің болуын жібермейді.
Клиенттің несиелік қабілетінің деңгейі, банктің нақты қарыз алушыға
беретін нақты несиесімен байланысты қарапайым (жеке) тәуекелдерінің
дәрежесін көрсетеді.
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын объективті бағалау және несиелік
операцияларға байланысты мүмкін болар тәуекелдерді есепке алу банкке
несиелік ресурстарды тиімді басқаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.
Әлемдік және отандық банктік тәжірибе қарыз алушының несиелік
қабілетінің мынадай критерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының
мінездемесі, қаражатты қарызға алу қабілеті; ағымдағы қызметі барысында
қарызды өтеу үшін кажетті қаражатты табу қабілеті (қаржылық мүмкіндігі),
капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай,
бақылау (қарыз алушының қызметінің заңдылық негізі, банк стандарты мен
қадағалау ұйымдарына несиенің сипатының дәл келуі).
Қарыз алушының мінездемесі деп оның заңды тұлға ретіндегі беделі және
менеджерлерінің беделі, қарызды қайтарудағы жауапкершілігі және несиенің
мақсатының банктің несиелік саясатына сай келуі түсіндІріледі.
Қарыз алушының заңды тұлға ретіндегі беделі оның сол аяда ұзақ уақыт
қызмет етуінен, экономикалық көрсеткіштерінің орташа салалық көрсеткіштерге
сай келуінен, оның несиелік тарихынан, оның серіктестерінің
(жабдықтаушылары, сатып алушылары, несие берушілері) іскерлік әлеміндегі
беделінен тұрады. Менеджерлерінің беделі олардың кәсіби жарамдылығына
(білімі, жұмыс тәжірибесі), моральдың сапасына, жеке қаржылық және
отбасылық жағдайына, оның басқаратын құрылымы мен банк арасындағы қарым-
қатынастар нәтижесіне байланысты негізделеді.
Қаражатты қарызға алу қабілеті қарыз алушының несиеге өтініш беруге,
несиелік келісімшартқа қол қоюға немесе келіссөздер жүргізуге құқының
болуын, яғни кәсіпорынның немесе фирманың өкілдерінде белгілі бір
өкілеттіліктерінің болуын білдіреді.
Қарыз алушының несиелік қабілетінің ең негізгі критерийлерінің бірі —
оның қарыз өтеу үшін ағымдағы қызметінің жүргізілу барысында қаражат табу
қабілеті болып табылады.
Қарыз алушының капиталы оның несиелік қабілетінің біршама маңызды
критерийі болып саналады. Оны бағалауда мынадай екі шарттың маңызы зор:
1) оның жеткіліктілігі яғни Орталық банктің тарапынан жарғылық, қордың
(акционерлік капиталдың) ең төменгі мөлшеріне қойылатын талабы және қаржы
левераж коэффициенті негізінде талданады;
2) несиеленетін операцияларға меншікті капиталды жұмсау дәрежесі, яғни
ол банк пен қарыз алушының арасында тәуекелдің бөлінуін куәландырады.
Қаншалықты меншікті капитал жұмсалымы көбірек болса, соғұрлым қарыз
алушының несиелік тәуекеліне ықпал ететін факторларды қадағалап отыруға
мүмкіндік туады.
Несиенің қамтамасыз етілуі — қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісімшартта көрсетілетін қарызды өтеуде екінші қосымша көздердің
(кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру қағаздарының) болуы. Мұндағы
қосымша көздер қарыз алушының басына қаржылық қиындыктар туу барысында,
олардың банк алдындағы міндеттемелерін уақтылы орындауына кепілдік береді.
Кепілдік сапасы, кепілхат беруші, кепілдемеші мен сақтандырушының тұрақты
болуы, қарыз алушының ақшалай қаражатының жеткіліксіздігі жағдайында аса
маңызды.
Несиелік операциялар жасалатын жағдайларға елдегі, аймақтағы,
салалардағы ағымдық немесе болжанған экономикалық, жағдай саяси факторлар
жатады. Бұл жағдай банктің сыртқы тәуекел дәрежесін анықтайды.
Соңғы критерий — бақылау, бұл мынадай сұрақтарды ескереді: қарыз
алушының қызмет етуі және несиелік шаралардың жүзеге асырылуы үшін заңды
және нормативтік негіз бар ма? Заңдардағы күтілетін өзгерістер (мысалы:
салық заңы) қарыз алушының қызметінің нәтижесіне қалай әсер етеді? Несиелік
өтініште көрсетілген қарыз алушы және несие туралы мәліметтер, банктің
несиелік саясаты туралы құжатта белгіленген банктің стандартына, сол
сияқты, несиелердің сапалылығын бақылап отырып, банктік қадағалау
ұйымдарының стандарттарына қаншалықты сәйкес келеді?
Аталып өткен, банк клиентінің несиелік қабілетін бағалау критерийлері
несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Ондай тәсілдер
қатарына жататындар:
• іскерлік тәуекелді бағалау;
• менеджментті бағалау;
• қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
• қаржылық, коэффициенттерді бағалау;
• ақша тасқынын талдау;
• қарыз алушы туралы аппарат жинақтау;
• орналасқан жеріне бару аркылы қарыз алушының жұмысын қадағалап
отыру.
Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетін
бағалаудағы басты факторға оның қаржылық жағдайы жатады. Ол қарыз алушының
қызметін көрсететін көрсеткіш ретінде қызмет ете отырып, меншікті және
заемдық қаражаттарды орналастыру және пайдалану құрылымдарымен, сондайак
пайданы алу, бөлу және тиімді пайдаланумен сипатталады.

1.2. Қарыз алушы кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау көрсеткіштері

Қарыз алушының кәсіпорынның несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық
жағдайына баға беруді сипаттайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің
қаржылық құжаттары қолданылады.
Қарыз алушының кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның мынадай төлем
қабілетіне байланысты:
1) шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы
қанагаттандыру;
2) несиені қайтару;
3) жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;
4) бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.
Қарыз алушының қаржылық, жағдайы жақсы болса, ол барлық,
міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.
Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең
көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның
тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты
бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген
әдістемелер қолданылады. ҚР-да ҚР Ұлттық банкіндегі перспективалық
зерттеулер орталығы дайындап, ҚР Ұлттық банк Директоратының 27 қыркүйек
1994 ж. мәжілісінде № 26 қаулы бойынша бекітілген Қарыз алушының нссиелік
қабілетін талдауына байланысты банктердің әдістемелік нұсқауы, сондай-ақ
АҚШ-та және басқа да елдерде пайдаланатын әдістемелер де біршама танымал.
Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер
ретінде Қаржы министрлігі бекіткен мынадай жылдық бухгалтерлік есеп
формалары қызмет етеді: Кәсіпорын балансы (№1 форма); Қаржы нәтижелері
және оларды пайдалану туралы есебі (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша
бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы Кәсіпорынның
(ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі (№1-Ф —
мерзімді — тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің)
өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі (№5-з — мерзімді
— тоқсандық— жылдық формалары).
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай негізгі
көрсеткіштер пайдаланылады (1-кесте):
1-кесте
Көрсеткіштер атаулары Есептеу алгоритмі
1 2
1 Ағымдағы өтімділік Ағымдағы активтер ағымда ғы міндеттеме
коэффициенті
2 Мерзімді өтімділік Ағымдағы активтер — ағымдағы міндеттеме
коэффициент) запастар
3 Активтер рентабельдігі Пайдакәсіпорын активтері
4 і Рентабельділік сауда Өнімді сатудан түскен сатудаң түскен
түсім
пайда өнімді
5 Негізгі құралдар мен басқа Пайданегізгі құралдар тыс активтер
айналымнан тыс активтер + айналымнан
рентабельдігі
6 Меншікті капитал Пайда меншікті капитал
рентабельдігі
7. Ұзақ мерзімді міндеттеме Пайдаұзақ мерзімді несие және займдар
рентабельдігі
8. Қаржы тұткасы коэффициенті Заемдық қаражаттарменшікті қаражаттар
9. Тіркемелі активтерді өтеу Тіркемелі активтер (ғимараттар және
коэффициенті құрылғылар — амортизация) қамтамасыз
етІлген несиелер
10. Қарызға қызмет ету Пайда қарыз бойынша шығындар
коэффициенті
11. Қор қайтарымы Жалпы пайда — түсім активтер

Осы көрсеткіштердің ішінде аса көңіл аударатыны бұл баланс
өтімділігіне байланысты көрсеткіштер.
Өтімділік деп кәсіпорынның барлық төлем түрлері бойынша өз
міндеттемесін орындай алу қабілетін түсіндіреді. Өтімділік жалпы қарыз және
өтімді қаражаттар (ақшалай қаражаттар, алашақ қарыз, қорлар) көлеміне
байланысты болып келеді. Баланс өтімділігі актив баптарындағы ақшалай
қаражаттарға айналу мүмкіндігіне байланысты топтастырылған қаражаттарды,
пассив баптарындағы төлеу мерзіміне қарай топтастырылған міндеттемелермен
салыстыру арқылы анықталады.
Баланс активінің баптары олардың өтімділік дәрежелеріне қарай үш топқа
бөлінеді:
1) ақшалай қаражаттар (есеп айырысу шотындағы және банктегі басқа да
шоттардағы қаражаттар қалдығы; касса; басқа да ақшалай қаражаттар; арнайы
қорлардың қаражаттары; күрделі қаржы жұмсалымдарына пайдаланылмаған
қаражаттар қалдықтары);
2) жеңіл іске асатын талаптар (төлейтін мерзімі жетпеген, жөнелтілген
тауарлар және тапсырылған жұмыстар; берешектермен есеп айырысулар; өзінің
жүйесіндегі кәсіпорындардан оларға қаржылай көмек ретінде берілген
қаражаттар бойынша есеп айырысу; банк несиелері және кәсіпорынның арнайы
қорларынан берілген несиелер бойынша жұмысшыларымен және қызметкерлерІмен
есеп айырысу). Жеңіл іске асатын талаптар қатарына мерзімінде төленбеген
жөнелтілген тауарлар мен тапсырылған жұмыстар жатпайды.
Берешектермен есеп айырысу құрамында үш айға дейінгі қарыздар есепке
алынбайды. Мұнда өзінің жүйесіндегі кәсіпорындармен оларға қаржылай көмек
ретінде берілген қаражаттар бойынша есеп айырысу бабында жақын арадағы үш
ай ішінде қайтарылатын қарыздар есепке алынады.
3) жеңіл іске асырылатын тауарлы-материалдық құндылықтар (арзан бағалы
тез тозатын заттарды шегеріп тастағандағы өндірістік қорлар; аяқталмаған
өндіріс; алдағы уақыт шығыстары; дайын өнім; басқа да айналым қаражаттары).
Қарыз алушылардың салалық, ерекшеліктеріне байланысты өтімділік
коэффициентінің біршама оңтайлы мәні 1,2 мен 1,5 аралығын құрайды.
Көрсеткіштің мәнінің 1-ден төмен болуы жарамайды. Өтімділік коэффициенті
қарыз алушының қарызды өтеу үшін жедел түрде шаруашылық айналымынан ақшалай
қаражаттарды босатуын сипаттайды. Қаншалықты бұл коэффициенттің мәні жоғары
болса, соғұрлым қарыз алушы тұрақты келеді.
Бірақ та алашақ қарыздың сипатын ескеру қажет. Алашақтар туралы есеп
аталған шоттардың қарыз алушының жағдайына әсер етуіне баға беруге және
сондай-ақ жүргізілген несиелік саясаттың нәтижелігін бағалауға мүмкіндік
береді.
Өтімділік коэффициентін талдау барысында мынадай факторларды есепке
алу қажет:
• қызметінің көлемі (қаншалықты өндіріс және өнімді сату көлемі үлкен
болса, соғұрлым тауарлы-материалдық құндылықтар қоры көп болады);
• өнеркәсіп және өндіріс саласы (өнімге сұраныс және оны сатудан
түсетін төлемдердің жылдамдығы);
• өндіріс циклінің ұзақтығы (аяқталмаған өндіріс көлемі);
• материалдар қорын жаңарту үшін қажетті уақыт (өтімді қаражаттардың
айналысы);
• жұмыстың маусымдылығы.
Өтімді қаражаттардың мөлшсрінің төмендеуіне ықпал етушілерге мыналар
жатады:
• ағымдағы қызмет зияндары;
• өткен жылдары және төтенше оқиғалардың нәтижесінде болған зияндар;
• өтімді қаражаттар бағасының төмендетілуі;
• күрделі қаржы жұмсалымдарға иммобилизациялануы.
Өтімді қаражаттардың артық болғаны қажет емес. Егер де ол артық болса
айналым активтерінің жұмыс тиімділігі азаяды. Өтімді қаражаттардың артық
болу себептері: күрделі қаржы жұмсалымдарды кеңейтпей-ақ пайданың
жинақталуы; амортизацияланатын объектілердің ауыстырылмауының нәтижесінде
амортизацияның жинақталып қалуы.

2-бөлім. Жеке тұлғаның несиелік қабілетін бағалау

Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін
несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынадай түрлері қолданылуда:
— автомобилдік несие;
— ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
— тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
• кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу және
т.с.с) берілетін несие.
Мұнда автомобильдік несие бойынша жаңа және жүрілген автомобильдерді
банк несиесі көмегімен алуға болады.
Ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарларға мыналар жатады:
• жиһаз;
• сантехника;
• аудио-видео және тұрмыстық техникалар;
• компьютер және оргтехника;
• басқа да тұтыну тауарлары.
Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына: үйдің ішінде және сыртында құрылыс
және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу жатады.
Мысалға, Қазақстан Республикасындағы жетекші банк — Казкоммерцбанктің
тұтыну несиесін беру шартын 2-кестеден көруге болады.

2-кесте
Казкоммерцбанктің тұтыну несиесінің түрлері мен шарттары
№ Несиелеу Тұтыну несиесінің түрлері
шарттары
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді
тауарлар сатып алу
несиесі
Жаңа Ескі
(пайдаланылған)

1 2 3 4 5
1 Несие Автомобиль Автомобильді • 10 000 АҚШ
мөлшері құнының 80%-набағалау құнының долларына дейін
дейін 80%-нә дейін (немесе
эквивалент)
• 500 000 АҚШ
долларына дейін
(егер қамтамасыз
ету заты —
жылжымайтын
мүлік болса)
2 Бастапқы Автомобиль 3 жылға дейін
жарна құнынан — жүрілген шетел
20% көлігін сатып алуда
20%;
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген
шетел
көлігін сатып
алуда30%;
• 5 жылдан 10 жылға
дейін жүрілген
шетел көлігін сатып
алуда
50%;
• 3 жылға дейін
жүрілген ТМД
елдерінің
автокөлігін сатып
алуда — 30%;
• 3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің
автокөлігін сатып
алуда — 50%;
3 Несие • шетелдік 3 жылға дейін 2 жылға деиін
мерзімі автокөлік
үшін 5 жылға
дейін;
ТМД елдерінің
автокөлігі
үшін 3 жылғa
дейін
4 Несие АҚШ доллары АҚШ доллары АҚШ доллары
валютасы немесе теңге немесе тенге
5 Несие үшін Айына: Айына: 1,5% (АҚШ Айына: 1,5 о
төлем 1,5% долларымен) және (АҚШ доллары-
(АҚШ 1,7 % (теңгемен) мен) және 1,7%
доллары- (теңгемен)
мен) және
1,7%
(теңгемен)
• Қамтамасыз Сатып Егер шетел Сатып алатын
6 ету түрі алатын автокөлігінің тауар немесе
автомобиль жүрілген тұрғын үй
уақыты 10 жылдан,
ТМД-кі 5 жылдан
аспаса, сол
автомобильді

* Казкоммерцбанктің 2003 ж. жарнамалық материальным.

Сонымен қатар жоғарыдағы банктен тұтыну несиесін алуға қажетті құжаттар
тізімі мынадай:
1. Қарыз алушының анкетасы.
2. Жеке куәлігі (көшірмесі).
3. СТТН (көшірмесі).
4. Соңғы 12 айға бөлініп көрсетілген жалақы және басқа табыстары туралы
жұмыстан берілетін анықтама.
5. Жұмыс стажы туралы жұмыс орнынан анықтама.
6. Отбасы туралы анықтама (№ 3 форма).
7. Некеге тұрғандығын растайтын құжаттар (неке туралы куәлік, жұбайыңыздың
жеке куәлігі).
8. Кепілге қоятын мүліктің құжаттары.
Келесі бір дамып отырған несиеге — ипотекалық несиені жатқызуға
болады. Казкоммерцбанкте ипотекалық несие беру шарттары мынадай:
Несие мөлшері, Бастапқы жарна, Несие үшін төлем, Несие валютасы, Несие
мерзімі, Қамтамасыз ету түрі.
жылжымайтын мүліктің бағалау құнының 85%-на дейін.
жылжымайтын мүліктің бағалау құнынан 15 %-қа дейін.
айына: 1,3% (АҚШ долл.), 1,7% (теңгемен).
АҚШ долл. немесе теңгемен (егер 1 жылдан аспаса).
10 жылға дейін пайдаланатын немесе сатып алатын тұрғын үй.
Жеке тұлғаның төлем қабілетін анықтау техникасы әр банкте әр түрлі
қалыптасқан. Яғни қысқаша айтқанда барлығына бірдей ортақ әдістеме жоқ.
Сондықтан да ЦентрКредит банкі АҚ-ның қолданылатын әдістемесінен мысал
келтірейік.

2.1. Қарыз алушының жеке тұлғаның төлем қабілеттігін бағалау көрсеткіштері

Қарыз алушының төлем қабілетін анықтау үшін мынадай көрсеткіштер
қолданылады (3-кесте):
3-кесте
Көрсеткіштер атаулары Есептеу алгоритмі
Негіэгі қарыз төлемінің айлық Несненіч мөлшерінесиенің мерзімі
мөлшері (НКДТ);
Сыйақы мөлшерлемесі бойынша Несиенің мөлшері сыйақы
төлемнің айлык мөлшері (СМАТ); мөлшерлемесі 12 ай
Негізгі карыз және сыйақы НҚАТ + СMAT
мөлшерлемесі бойынша төлемнің
айлық мөлшері (НҚСАТ);

4
Таза табыс (ТТ) Жалпы табыс — салықтың және басқа
да төлемдер
5 Нақты несиелік қабілеті (ННҚ) НҚСАТ ТТ (мәні жобамен 35 — 45%дан
төмен болмауы тиіс)

Мысалы: Б.Ө. Жұмабеков деген азамат 360 000 теңге сомасын да тұтыну
несиесін 36 айға, 18 % жылдық сыйақы мөлшерлемесінде сұрап отыр делік. Ол
кісінің таза табысы — 18 000 теңге және кепілге жылжымайтын мүлік қояды.
Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштер көмегімен қарыз алушы Б.Ө.
Жұмабековтың төлем қабілетін былай бағалаймыз:
НҚАТ == 10000 теңге
СМАТ = = 5400 теңге
НҚСАТ = 10000 + 5400 15400 теңге
ННҚ = = 0.85 (не 85%)
Сонымен, қарыз алушымыз төлем қабілетті, яғни оған несие беруге
болады. Ендігі қадам кепілге қоятын затын бағалауга арналады. Айталық,
кепіл заты ретінде 2 бөлмелі пәтер ұсыналады. Оның нарықтың (салыстырмалы)
құны 1500 000 теңге тұрады.
Банк тарапынан бағалаушы-мамандар көмегімен осы пәтердің кепіл құны
анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының
70%-нан аспауға тиіс. Ол үшін мынадай есептеулер жасалады:
1. Пәтердің тозу коэффициенті - Пәтердің нарықтың X X құны X 3% (тозу
коэффициенті) - 1500000 X 0,03 – 45000 теңге.
2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі — Пәтердің
нарықтық құны X 15 о (төмендеу коэффициенті) - 1500000 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік қаблетті бағалау
Несиелік жүйе: элементтері, қызмет етуі
Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалаудың теориялық негізі
Заңды тұлғаларды несиелеу механизмі
Казкоммерцбанк АҚ-дағы қарыз алушының несиелік қабілетін талдау
Қазақстан Республикасындағы банктік несие алушының несие қабілеттілігін бағалау жүйесі
АҚ «Казкоммерцбанктің» экономикалық мазмұны
Несие қабілеттілікке әсер ететін факторлар
Коммерциялық банктерде қарыз алушы клиенттің несиелік қабілетін талдау тәжірбиесі («Қазақстан халық банкі» ақ-ның мәліметтеріне сүйене отырып)
Банк ссудаларын беру және қайтару тәртiбi туралы
Пәндер