Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
I БӨЛІМ. Лизингтің теориялық негіздері 3
1.1. Лизингтің пайда болу тарихы және мәні 3
1.2 Лизингтің жіктелуі 6
1.3. Лизингтік операциялардың түрлері 10
II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі 14
2.1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы лизингтік
компаниялардың қызметіне талдау 14
2.2. Лизинг Қазақстан экономикасын көтеру құралы ретінде 23
2.3. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесiн дамыту жолдары 28
Қорытынды 33
Пайдаланған әдебиеттер 34

Кіріспе

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығының
салаларының кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне осы буында
нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.
Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде
өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық
қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның
өршей түсуінің салдары, мұның нәтижесінде инвестициялық белсенділік күрт
төмендеді.
Қазақстан экономикасының дамуының өзекті мәселелерінің бірі
экономиканың базалық және басыңқылы салаларындағы негізгі құралдардың
физикалық және моральді тозуы. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша
лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы
көтерудің басыңқы шаралардың бірі инвестицияларды пайдалану деп айтқан. Бұл
орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда
лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады.
Осы курс жұмысында Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияларды тартудың
тәжірибиесін; лизингтің пайда болуы, табиғаты және түрлерін;
Республикамыздағы лизингтік нарықтың қалыптасуы мен дамуындағы қолдаушы
және кедергі факторларға талдау жүргізілген.
Бұл тақырыпты таңдауымның негізгі себептері, біріншіден Қазақстан
Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілген жоқ;
екіншіден лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп
есептеймін. Зерттеудің негізгі мақсаттары: лизингтің теориялық негіздерін
зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып Қазақстандағы даму
жолдарын іздеу.

I БӨЛІМ. Лизингтің теориялық негіздері

1.1. Лизингтің пайда болу тарихы және мәні

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру”
дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі
тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал, лизингте үш қатысушысы:
лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Бірақ біздің ойымызша лизингтің мәнін толығымен келесі анықтама ашады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және
қоймаға арналған кұрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шартын білдіреді.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операцияларымен ұқсас болып
келеді. Алайда, лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген
төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг
берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің
меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Лизингтік мәміле бұл лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы
(жабдықтаушы) арасындағы лизинг келісім-шартты жүзеге асыру үшін қажетті
келісім-шарттар жиынтығы.
Лизинг объектісі ретінде ғимараттар мен құрылыстарды, машиналарды,
құрал-жабдықтарды, транспорттық құралдарды, жер учаскелерін және т.б.
тұтынылмайтын заттарды қарастыруға болады. Бағалы қағаздар мен табиғи
ресурстар лизинг объектісі болып табылмайды.
Лизингтік мәмілеге келесі субъектілер қатыса алады:
- Лизинг беруші - лизингтік мәмілені іске асыру барысында
меншікті немесе тартылған ақша қаражаттары есебінен лизинг
объектісін сатып алып, лизинг алушыға белгілі бір төлемге, уақытқа
және шарттар негізінде уақыты біткен кезде меншік құнының ауысуымен
немесе ауысуынсыз уақытша пайдалануға беретін жеке немесе заңды
тұлға.
- Лизинг алушы - лизинг келісім-шартына сәйкес лизинг объектісін
белгілі бір төлемге, уақытқа және шарттар негізінде уақытша пайдалану
үшін алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға.
- Мүлікті сатушы (жабдықтаушы) - лизинг берушімен сату-сатып алу
шарты негізінде лизинг берушіге немесе лизинг алушыға белгіленген
уақытта лизинг объектісін сатушы жеке немесе заңды тұлға.
- Банк (немесе басқа да несиелік мекеме) - лизинг объектісін
сатып алуға қажетті қаржы ресурстарын беретін заңды тұлға. Сонымен
қатар лизинг нарығындағы арнайы субъектілерді көрсетуге болады, Оларға:
- Сақтандыру компаниясы - лизинг мәмілесін іске асыру кезінде пайда
болатын әр түрлі тәуекелдерді сақтандыратын заңды тұлға. Лизингтің кез
келген субъектісі Қазақстан Республикасының резидент немесе резидент емес
тұлға болуы мүмкін, сонымен бірге ол шетел инвесторларының қатысуымен
құрылған кәсіпкерлік қызметтің субъектісі бола алады.
Дамыған мемлекеттердегі қаржы лизингінің жағдайын талдай отырып,
лизингке берілетін объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:
- Транспорттық (ұшақтар, автомобильдер, су кемелері, темір жол
вагондары және т.б.);
- Байланыс құралдары (радиостанциялар, спутниктер және т.б.);
- Ауыл шаруашылық құрал-жабдықтары;
- Құрылыстық топ (крандар, бетонараластырушылар және т.б.);
- Басқа да құралдар;

Лизингтің пайда болуы

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э.д. 2000 жылдай бұрын ертедегі
Вавилонда жасалғандығы белгілі. Ағылшын авторы Т.Кларк б.э.д. 1760 жылы
қабылданған Хаммурапи патшаның заңдарында лизинг туралы бірнеше баптарды
көрсеткен. Рим империясында лизинг туралы заң актілері Юстиан
Институцияларында көрініс тапқан. Шетелдік зерттеушілер лизинг
операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы “Белл
Телефон Компани” деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына
жалға бергендігін тілге тиек етеді. “Юнайтед Стейтс лизинг корп.” атты
алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған.
Европада 1962 жылы “Дойче лизинг ГМбХ” деген бірінші лизингтік компания
Дюссельдорфта (Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері Европада лизинг
нарығы дамып келеді.

1.2 Лизингтің жіктелуі

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері

Лизингтің кеңінен тарауының басты себебі - оның қарапайым ссудалардан
келесідей артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге берілетін мүлкі жоқ, ұсақ кәсіпорындарды
несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойына
лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы
банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды ;
- Лизинг 100 %-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа
мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты
пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік
береді;
- Кәсіпорынға мүлікті ссудаға сатып алғаннан, лизинг бойынша алған
қолайлы, себебі, бұл жерде ол кепіл ретінде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына
байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке
салынатын салықты жалға беруші өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық
жеңілдіктер алады;
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды;
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарлауынан (әсіресе
инфляциядан) ештеңе ұтпайды;
- Ұйымдастырудың күрделілігі;
- Лизинг құны ссудаға қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-
жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын
ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін
коммисияны көбірек алуға тырысады;
Лизингтің түрлерін бөліп көрсету олардың жіктелу
белгілеріне байланысты болады.
Олар келесідей сипатталады: жалға алынатын объектіге қатысы бойынша;
лизинг операциясын қаржыландыру түрі бойынша; лизингке берілетін мүліктің
түрі бойынша; лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамына байланысты;
лизингтік мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты; лизингтік операциялар
жүргізілентін нарық секторына байланысты; салықтық, кеден және
амортизациялық жеңілдіктер мен преференцияларға қатысына байланысты;
лизингтік төлемдердің ретіне байланысты. Жалға алынатын мүлікке қатысы
бойынша лизинг:
- Таза лизинг - бұл жағдайда мүлікті ұстау бойынша барлық шығындарды
лизинг алушы төлейді және ол лизинг берушіге тек таза немесе нетто
төлемдерді аударып отырады. Отандық лизингтік нарықтағы
қызметтердің көбісі таза лизинг болып табылады.
- Толық лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті ұстау бойынша
барлық шығындарды қаржыландырады. Бағасы бойынша толық лизинг ең
қымбат лизинг болып табылады, себебі лизинг берушінің мүлікті ұстау
бойынша, қажетті шикізаттарды әкелу бойынша шығыстары өседі.
- Бөлшектік (частичный) лизинг - бұл жағдайда лизинг беруші мүлікті
ұстау бойынша тек кейбір қызметтерді ғана өзіне алады.
Қаржыландыру түрі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:
- Бір жолғы (срочный) лизинг - яғни мүлікті беру бір рет қана жүзеге
асырылады.
- Қайталанылатын (возобновляемый) лизинг - бұл жағдайда бір лизинг
келісім-шартының мерзімі біткен кезде, лизинг келісім-шарты жаңа кезеңге
жасалады. Сонымен бірге белгілі бір уақыттан кейін объектінің тозуына және
лизинг алушының қалауына байланысты жаңа мүлік берілуі мүмкін.
Қайталанылатын лизингтің тағы бір түрі Бас лизинг - лизингтің бұл түрі
лизинг алушыға жаңа келісім-шарт жасамай-ақ жалға алынатын мүлік тізімін
толтыруға мүмкіндік береді.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың құрамы бойынша лизинг:
- Тура лизинг - бұл жағдайда мүліктің иесі өзі объектіні лизингке
береді. Негізінен мұндай мәмілені классикалық лизингтік мәмілеге
жатқызуға болмайды, себебі лизингтік компания көрініс таппайды.
- Жанама лизинг - бұл жағдайда мүлік лизингке белгілі бір делдал
арқылы беріледі. Бұл мәміле классикалық лизингтік мәмілеге ұқсас
болып келеді, себебі мұнда лизинг алушы, лизинг беруші және
жабдықтаушы көрініс табады.
- Бөлек (раздельный) лизинг (көп жақты лизинг) - лизингтің бұл түрі
күрделі, үлкен объектілерге (әуе техникасы, теңіз кемелері,
теміржол техникасы, бұрғылау қондырғылары) қаржы салымдарын жасау
үшін қолданылады. Лизингтің бұл түрі топтық немесе акционерлік
лизинг деп аталады, себебі мұнда бірнеше лизинг беруші, банктер
жұмыс істеуі мүмкін.
Мүлік түріне байланысты лизинг:
- Жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар мен құрылғылар);
- Жылжымалы мүлік лизингі (автомобиль, самолет, кемелер, техника,
құрал-жабдықтар);
Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг:
- Толық өтелетін лизинг (немесе толық өтелуге жақын) лизинг, яғни
лизинг келісім-шартының мерзімі аралығында мүліктің толық немесе толыққа
жақын амортизациясы есептеліп, лизинг берушіге мүліктің толық құны
төленеді.
- Толық өтелмейтін лизинг - бұл жағдайда лизинг келісім-шартында
көрсетілген мерзімде, мүлік тек белгілі бір дәрежеде ғана амортизацияланып,
оның тек бір ғана бөлігі өтеледі.
Өтеліну белгілеріне байланысты лизинг:
- Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуімен
сипатталады. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг
затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп
шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы
лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды
банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизингтік операциялар жүргізілетін нарық секторына байланысты лизинг:
Ішкі лизинг - бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады. Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық
тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды. Сыртқы лизинг - экспорттық
және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы
болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.
Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі және
субъектілері Қазақстан Республикасының резидетнтері болады.
Егер де лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, яғни
лизинг объектісі Қазақстан Республикасының резидентінің меншігінде болса,
онда халықаралық лизинг келісім-шарты Қазақстан Республикасының заңдарымен
реттеледі. Ал, егер керісінше болса, онда халықаралық лизинг келісім-шарты
сыртқы экономикалық қызмет облысындағы заңдарымен реттеледі.

1.3. Лизингтік операциялардың түрлері

Қазіргі кезде дамыған мемлекеттердің шаруашылық тәжірибесінде
лизингтің көптеген түрлері көрініс табады. Олардың ішінде негізгілері
болып:
- Шұғыл лизинг;
- Қаржы лизингі;
- Қайтарылатын(возвратный) лизинг;
- Үлестік лизинг;
- Тура лизинг;
- Сублизинг;
Шұғыл лизинг
Шұғыл лизинг - ағымдағы жал туралы келісім. Әдетте бұл келісімнің
мерзімі активтің толық амортизациялық кезеңінен аз болады. Яғни, келісім-
шартта көрсетілген жыл төлемдері активтің толық құнын өтемейді, сондықтан
актив лизингке бірнеше рет беріледі.
Шұғыл лизингтің ең негізгі ерекшелігі - лизинг алушының келісім-шартты
уақытынан бұрын тоқтата алуы. Соныиен бірге бұл келісімде лизингке
берілетін объектіге ағымдағы техникалық қызмет көрсетужәне басқа қызметтер
түрін көрсету туралы шарттар қарастырылады.
Шұғыл лизингтің негізгі объектілері тез тозатын (моральді) құралдар
(компьютерлер, көшірме техникасы, оргтехниканың көптеген түрлері) және
техникалық күрделі, үнемі қадағалауды қажет ететін техника (жеңіл және жүк
автомобильдері, әуе кемелері және т.с.с.).
Жалпы лизингтің бұл түрі лизинг алушы үшін үнемді. Себебі уақытынан
бұрын келісім-шартты тоқтату моральді ескірген құралдарды жаңа бәсекелестік
қабілеттілігі жоғары құрал-жабдықтармен ауыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар егер лизинг алушы бір жолғы жобаларды іске асыру үшін мүлікті
алған болса, оның одан әрі мүлікті ұстау және сату жөніндегі қиындықтары
туындамайды. Лизинг берушінің ағымдағы техникалық қызмет көрсетуі артық
персоналды ұстаудағы қажеттілікті төмендетеді.
Сонымен бірге шұғыл лизингтің келесі кемшіліктері бар:
- басқа лизигн түрлеріне қарағанда қымбаттылығы, жал төлемдерінің
жоғары болуы;
- аванстар мен алдын-ала төлемдерді салу қажеттілігі;
- уақытынан бұрын өтеу кезінде айып пұлдың төленуі;
- мүлік иелерінің тәуекелді төмендету мақсатында жасаған басқа да
шарттары;
Қаржы лизингі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын
мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім. Келісімнің уақытынан
бұрын жалды тоқтатуын қарастырмағандықтан, бұл келісім мүлік иесінің
құралды сатып алу, оған техникалық қызмет көрсету бойынша барлық
шығындардың орнын толтырып, қажетті табыс деңгейін қамтамасыз етеді.
Лизингтің бұл түрі кезінде құралдарды орнату және ағымдағы қызмет көрсету
бойынша барлық шығындар жалға алушы есебінен қаржыландырылады. Сонымен
қатар көбінде бұл лизинг түрінде келісім уақыты біткен кезде жалға алушы
негізгі құралды қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Шұғыл лизингке қарағанда қаржы лизингі кезінде мүлік иесінің тәуекелі
едәуір төмен болады. Былай қарағанда бұл келісім банктің ұзақ мерзімді
несиесіне өте ұқсас болып келеді. Себебі құрал-жабдықтың құнының толық
өтелуін, кезеңдік төлемдердің төленуін және жалға алушының өз
міндеттемелерін орындамаған жағдайда оны банкрот деп атау құқығын
қарастырады.
Қаржы лизингінің объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен
құрылғылар), сонымен қатар ұзақ мерзімді өндіріс құралдары жатады.
Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік лизингтің базасы болып
табылады.
Қайтарылатын лизинг
Қайтарылатын лизингті екі келісімнен тұратын жүйе ретінде қарастыруға
болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны 3 тұлғаға сатады да, сол
сәтте 3 тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл
кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық,
сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің
нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.
Өз алдына инвестор сатушының мүлкіне меншік құқын кепілдікке ала
отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп айтуға болады. Мұндай келісімдер
негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың
қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Үлестік лизинг
Үлестік лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі. Лизингтің бұл түрі 3
жақтың (инвестордың) қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк,
сақтандыру немесе инвестициялық компаниялар жұмыс істейді. Бұл келісім
кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасап,
лизингтік объектіні тартылған қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған
займның кепілі ретінде әдетте сатып алынатын мүлік немесе негізгі құрал
болып табылады, тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік
төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен қатар лизингтік компанияның
салықтық және займды өтеу кезінде жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіншілігі
туады.
Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне қымбат бағалы
активтер (пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар құрал-
жабдықтары).
Тікелей лизинг
Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажетті құрал-
жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады.
Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға
болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз
өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға ІВМ, Хеrох, GАТХ,
көптеген әуе кемелерін, теңіз кемелерін және автокөліктерін өндіруші
компаниялар жатады. Мысал үшін, “Даймлер-Крайслер” және ВМW концерндері ірі
лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар
арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.
Сублизинг
Сублизинг - сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін
пайдалану құқығын 3 тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі.
Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін
лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде 3 тұлғаға уақытша
пайдалануға береді. № 78-ІІ 05.07.2000 ж. “Қаржы лизингі туралы” ҚРЗ-на
сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің
міндеттемелерін 3 тұлғаға аударуға тиым салынады.
Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты
міндетті түрде болу керек.
Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол
да халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық
сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының
мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады.

II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі

2.1. Қазақстан Республикасының қаржы нарығындағы лизингтік
компаниялардың қызметіне талдау

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының нарығынды 15 лизингтік
компаниялар жұмыс жасауда. Астана қаласында 4 лизингтік компания (Астана
финанс, Астық лизингтік компаниясы, Қазагрофинанс және Агромашлизинг),
Қарағанды қаласында 1 (Қарағанды лизинг компаниясы) және Алматыда 10
(Центрлизинг, Альфа-лизинг, Нұр-инвест, Халық лизинг, Темірлизинг,
Казтранслизинг, Альянс лизинг, БТА лизинг, АТФ лизинг және Медикал лизин
групп) лизингтік компаниялары жұмыс істеуде.
“Центрлизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• келісім шарттың минималды сомасы- 35000 $.
• лизингтің мерзімі- 37 айдан 7 жылға дейін.
• лизингтің ставкасы- 17 ден 23 %-ға дейі (годовых) жылдық.
• аванстық төлем-30% лизинг құралының құнынан.
• Лизинг құралын сақтандыру - міндетті, (лизингалушының шотынын).
Компания лизингтің жобаларын барлық салада қаржыландырады. Центр лизинг
компаниясы жеңілдіктермен қаржыландыруға мүмкіндігі бар: құрал-жабдықтар,
авто және арнайы техника Оңтүстiк Кореядан (жылдық 12%).
Қаржыландыру Кореяның экспорт - импорт банкiсiмен жүзеге асырылады.
Лизинг құралы импорт болғанда да қаржыландырылады. Мұндай жағдайда
лизингтің ставкасы 12% (жылдық) лизингтің мерзімі 3 айдан 5 айға дейін,
минимальды салым сомасы 300-500 мың АҚШ $ құрайды.
“Альфа-лизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Қаржыландыру мерзімі- 36 айдан 60 айға дейін.
• Аванстық төлем-30% лизинг құралының құнынан.
• Лизингті қаржыландыру сомасына сыйақы - 12 ден 18% дейін (год).
• Жобаны қарастыру мерзімі – 3 аптаға дейін.
• Төлем шотын ашу ААҚ ДБ “Альфа-Банк”.
Компанияда лизингтік келісім шарттар сақтандырылады.
“Нұр-инвест”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Сыйақы ставкасы қаржыландыруға байланысты жүзеге асырылады.
• қаржыландыру мерзімі 1-7 ж. дейін
• лизинг объектісінің құны минимум 5000$.
• аванстық төлем –30% лизинг құралының құнынан.
• Жобаны қарастыру мерзімі.
- 2 апта
- 1 ай – Халықаралық қаржы иниституттардың қатысуымен болған
жағдайда.
Нұр-Инвест Жапония, Үндістан және Қытайдың қаржы ұйымдарымен жұмыс
жасауда.
“Халық лизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Лизинг мерзімі- 37 айдан 6- жылға дейін.
• Сыйақы ставкасы- 15- 18%.
• Аванстық төлемді қажет етпейді.
• Лизингтік төлемдер: ай сайын, тоқсан сайын және жакрты жыл сайын
төленуін қарастырады.
• Құжаттарды қарастыру мерзімі 2-4 апта.
• 50000 АҚШ $ қаржыландыратын жобалар қарастырылмайды.
“Темірлизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• лизинг мерзімі- 1-5 ж.
• лизинг құралының құны- 10000 $ жоғары.
• лизинг бойынша сыйақы- 16-23%
• жобаны қаржыландыру- 50- 300 мың $
• аванстық төлем- 15 %
ОАО “Темірлизинг” компаниясы Қазақстан территориясында жүзеге асырылатын
жоболарға қызмет көрсетеді.
“БТА лизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• лизинг мерзімі- 12 айдан 5 ж. дейін
• лизинг ставкасы- 18-25 % номиналды ставка 13% (жылдық).
• лизингтік төлемдер- ай сайын
• лизинг объектісінің бағасы
• ҚҚС сомасы
• лизинг берушінің басқа да шығындары
• сыйақылар
• Аванстық төлем- 20-30%
• Келісім шарттың минималды сомасы- 50000$, егер 50000$ аз болса %-қ
қойылым көбейеді, аймақтар үшін – 10000$
• лизинг объектісін міндетті сақтандыру
• лизинг келісім шартын міндетті тіркеу 20 күнде
• жобаны қарастыру мерзімі- 2-3 апта
ОАО “БТА лизинг” компаниясы ЕККДБ несие желісімен жұмыс істейтін
жалғыз компания.
“АТФ лизинг”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Лизинг келісім шарттары бойынша: 3-5 жыл.
- кіші жобалар 100000 $ дейін, 37 ай.
- орта және ірі жобалар – 5 жыл
• сыйақы ставкасы – 18-22% жылдық.
• лизинг төлемдерін төлеу.
“Медикал лизинг групп”
Лизингті қаржыландырудың базалық жағдайы:
• Лизинг мерзімі – 5 жыл.
• Лизингтің минималды ставкасы- 23 % (жылдық)
• Орта жылдық ставка- 10%
• Лизингтік төлем- ай сайын
• Қаржыландырудың минималды сомасы- 5000$
• Лизинг келісім шарты бойынша аванстық төлем-20% лизинг құралының
бағасынан.
• Жобаны қарастыру мерзімі- 1-2 апта.
• Экспертиза өткізген комиссия- 0,3% лизинг құрылымының бағасынан.
Қазіргі жағдайда “Медикал лизинг групп” келесі бағытта жұмыс жасауда:

• медициналық құрал- жабдықтарды ұсыну.
• техникалық сервис.
• Фармацептикалық тауарларды ұсыну.
АТФ лизинг
“Алматы Қаржы-Сауда банк” ААҚ директорлар кеңесінің қаулысы бойынша 2000
ж. 6 қараша айында “АТФ лизинг” компаниясы құрылды. 2000 ж. 1 қазан айында
ЖШС түрінде тіркеуге тұрды. 2001ж сәуір айында ЖАҚ болып өзгереді. 2003ж
желтоқсан айында АҚ болып қайта өзгереді.
“АТФ лизинг” АҚ жарғылық капиталы 117000000 теңге.
Компанияның негізгі мақсаты қазіргі заманға сай техника-
технологияларды, құрал-жабдықтарды шетелден алып келу.
“АТФ лизинг” компаниясы отандық және шетелдік ұйымдармен тығыз қарым-
қатынаста. Солардың ішінде: “BORUSAN MAKІNA”, “Caterpіllar”, “Volvo”,
“ІSKRA”- Япония медициналық құрал-жабдықтарды жабдықтаушы.
“MERCUR”- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг бизнесі
Қазақстан Республикасының лизинг бизнесі
Лизинг шартының орындалу тәртібі
Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу
Лизингтік қатынастар туралы
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Лизингтік мәміледе опционның болуы
Қазақстандағы лизингтік операциялар нарығының болашағы
Лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, кәсіпорында лизингті пайдалану тиімділігі
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері нігізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Пәндер