Лизингтік шарттың объектілер шеңбері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 2

1. Лизингтің ұғымы . . . 3

2Қазіргі кезеңдегі лизингтік қатынастарды ұйымдастыруды талдау . . . 15

  1. 3. Қазақстанда лизингтің даму . . . 20

Қорытынды . . . 31

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 33

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлікте лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизинг объектісімен - машина, жабдықтар, көліктік және басқа да құралдармен анықталады.

Лизингтің әйгілігі күрт өсті; құрал-жабдықтарды сатып алуға қарызға ақша алудың орнына компания оны лизингке ала бастады. Темір жол немесе авиа компаниялары лизингке орасан зор жабдықтар алды, көптеген компаниялар лизингке өз мүліктерін ала алады, ал әр түрлі дүкендер - қоймалар мен ғимараттарды алады. Керек десе, коммуналды қызмет кәсіпорындары, несиеге ақша алған оларға қиындыққа соққан соң, лизингке келеді.

Қазақстан Республикасында лизингтік нарықты дамыту еліміздің темір жол кешеніндегі негізгі құралдардың тозу мәселесін шешуге байланысты ерекше өзектілікке ие болуда. Жаңа технологияларды енгізу, жаңарту мәселелері маңызды инвестицияларды тартуды талап етеді.

Лизинг шағын темір жол компанияларының мүліктерін қайта құрылымдауда әйгілі тәсіл болды.

Лизингтің даму қажеттілігі және сәйкес заң шығарушы базаларының болуы шағын және орта бизнесті қолдау мемлекеттік бағдарламасында келісілді. Лизингтің дамуы үшін қолайлы нормативті-құқықтық базаны құру, еліміздің экономикалық әлеуетін дамыту серпілісіне, одан басқа, жұмыс орындарын және бюджетке түскен салықтық түсімдердің ұлғаюы, Қазақстан экономикасының шикі зат секторына тәуелділігінің азаюуы үшін қызмет етеді.

Бірақ, лизинг мәселесі жеткілікті жағдайда зерттелмеген. Бұл құбылыстарға арналған шағын басылымдарда, лизингтің мазмұны әр түрлі түсіндіріледі. Көбінесе, оның құқықтық және қаржылық аспектілері қарастырылады, ал лизингтік қатынастардың экономикалық мазмұндағы теориялық зерттеулері жоқ.

1. Лизингтің түсінігі, анықтамасы және мәні

“Лизинг” деген терминнің өзі ағылшынның “To leaze”, яғни “жалға беру” немесе “жалға алу” сөзінен шыққан. Бірақ лизингтің кез-келген анықтамасы шектеулі болып табылады және де жаңа кредитті құрал-жабдықтардың барлық формасын ескере алмайды. Лизинг қаржылы-коммерциялық, құқықтық, техникалық аспектілерге ие.

Лизинг дегеніміз - лизингтік компаниядан қарызға алу есебінен өндіріске қажет құрал-жабдыққа жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрал.

80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын машина, құрал-жабдық, сайман, құрылғы, ғимараттар, құрылыстар, жер телімдері, көлік құралдары және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын басқа да негізгі қаражаттар. Құнды қағаздар мен табиғат байлықтары лизинг заты бола алмайды.

Лизинг капитал салымының қаржылық арнайы түрі, банктік несиенің альтернативті түрі, қаржылық ресурстардың жеке пайдалануы болып табылады. Өндіріс компанияларына керекті тауарларды елеулі шығынсыз-ақ алуды және өндіріс құрылғыларының ескеруімен байланысты шығындардан қашуды қамтамасыз етеді.

Есептеулер бойынша қазірге кезде қарым-қатынастың күрделілігімен шартталған және сонымен байланысты 100 шақты анықтама түрі бар.

Лизинг түсінігіне анықтамалар:

1. Лизингтік келісімінің экономикалық мазмұны және құқықтық формасы

2. Лизингтік шарттың объектілер шеңбері

3. Шарттық қатысушылар саны және құрамы

4. Шарт мерзімі

Лизинг өндірістік кәсіпорындарды орташа және ұзақ мерзімді қаржыландырудың неғұрлым тиімді нысандарының бірі. Оған жұмыс істеп тұрған компаниялар да, жаңадан құрылған компаниялар да қол жеткізе алады. Мұндай инвестициялық құрал әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады.

Әртүрлі сала мамандары және сала қызметкерлері (заңгер, саудагер-қабылдаушылар, маркетологтар, банкирлер, ішкі экономика саласының қызметкерлері) лизингке әрқилы анықтама береді, олар яғни лизингті инвестициялық және банк ісіне немесе іскер қызметіне жатқызады.

Көп жағдайда отандық әдебиеттерде лизинг түсініктемесінің жалға беру немесе ұзақ мерзімді машина арендасын, құрал-жабдық, көлік құралдарын және өнеркәсіптік жабдықтарды жалға беру негізінде түсіндіреді.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

Жалға беру дегеніміз екі жақты шарт (келісім), яғни жалға беруші мен жалға алушы арасындағы шарт болып табылады, ал лизингтік келісім әдетте үш жақты немесе көп жақты келісімде жасалады. Оны мына келесі схема түрінде көруге болады.

Жалға беру

Кейбір экономистер лизинг түсінігін капитал салымының қысқа, орта және сол белгілі тауарды жалға беру және сол белгілі тауарды иеленуге үшінші тұлғаға құқық беретін лизингті компанияның негізгі қорына арнайы қаржыландыру түрі ретінде түсіндіреді.

Біржақты және басқа да анықтамаларға - жалға беру, қаржыландыру түрлері, несиелендіру түрлері, тауарды өткізу түрлері - лизингтің көпқырлы табиғаты оның күрделі жұп конструкцияларының өмірге келуіне әсер етті, мысалы: “лизинг-несие”, “несие-жалға беру”, “жалға беру - сату”, “жалға беру-сатып алу”, “сатып алу-лизинг”. Сондықтан да кей жағдайларда лизинг сауда-қаржылық немесе сауда-коммерциялық операцияларға, ал басқа жерлерде сауда-жалға алу, ал үшінші жерлерде - несиені-жалға беру келісім түрлерінде түсіндеріледі.

Белгілі австриялық саудагер Вольфганг Хойер «Еуропада бизнесті қалай жасау керек» деген кітабында: «лизинг жалға беру (алу) келісімі немесе несиені тағайындау келісімі ме?» - деп сұрай келе былай жауап берген болатын: «жалпы айтқанда, лизинг ерекше түрдегі жоғарыда айтылған элементтің де сәйкес келуін қадағалайтын келісім түрі».

Экономикалық қатынастарда лизинг капитал салымының іске асыру әдісі, қаржылық операциялардың жаңа түрі ретінде көп қарастырылады.

Коммерциялық несие тауар түрінде беріледі, ал ақшалай түрде өтелінеді. Лизингте несие тауар түрінде беріледі. Келісімнің аяғында лизинг беруші шарт объектісі қайтарылады, яғни табиғи - заттық форма түрінде қайтарылады.

Қазақстанда 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг - бұл негізгі құрал-жабдық мүлкін сатып алу жэне оны жеке занды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті сатып алу кұқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарт-тармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметтің түрі.

Қызметтің бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг туралы» заңымен, Азаматтық, Салықтық жэне Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

Лизинг объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына катысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бо-йынша өлшемделуі керек.

Лизинг - бұл мүліктің меншік иесі (жалға беруші) мен жалдаушының арасындагы келісім. Бұл келісім - мүлікті делдал болып табылатын лизингілік компания арқылы айтылган мерзімге және төлемі үшін пайдалалануға бсру. Осылайша, лизингілік мімілеге лизинг беруші, лизинг алушы жэне сатушы (жабдықтаушы) қатысады.

Лизинг өзінің мазмұны бойынша несие қатынасына сәйкес келеді және мәні бойынша ссудага ұқсас. Лизинг осы экономикалық мағынада лизинг берушінің лизинг алушыға мүлікті пайдалануға беру формасында берілетін (тауарлық несие) несиені білдіреді.

Лизиигтің банк иесиесінен артыкшылықтары:

- мүлік кепілге салынбайды, яғни мүлікті кепілге салудың қажеті болмайды;

- бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі болмайды;

- лингілік төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады, бұл

салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді;

- жүз пайыздық несиелеу және төлемдерді дереу төлеуді талап етпейді.

Лизинглік несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірушілері комбайн, трактор және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өндейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

Бүгінгі таңда лизинг кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасын дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуга мүмкіндік береді. Машиналармен кұрал-жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

- лизинг кәсіпкерге - жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз

ұлғайтылуына мүмкіндік береді;

- өтімді каражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;

- негізгі кұрал-жабдықты сатып алуға кеткен шыгын келісім-шарт әрекет

ететін барлық мерзімге бірдей (біркелкі) болінеді;

- қаржы капиталы тартылмайды және т. б.

Лизинг беруші-банктің лизингілік кызметінің артықшылыгы:

- лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;

- қосымша құн салығынан босатылады;

- лизингілік компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер

алады.

Осылайша лизинг-банктің қызметін көрсету аясын кеңейтудің келешіегі зор бағыты.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты

  1. Лизингтің түрлері және оларды жіктеу сипаттамасы

Лизингтің түрлерінің жіктелуі шет елдерде де және отандық тәжірибелерде қажетті түрде негіздемелерге ие болды.

1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: «Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.

Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:

- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді

(екі жақты келісім) ;

- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті

беру делдал арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингтің жиі кездесетін түрі - қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

- жылжымалы мүлік лизингі;

- жылжымайтын мүлік лизингі;

- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.

Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:

- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;

- толық өтелмейтін лизинг.

Амортизация шарты бойынша былай бөледі:

- толық амортизация және соған сәйкес лизинг объектісінің құны толық

төленетін лизинг;

- толық емес амортизациялы лизинг.

Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:

- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз

мойнына алса, таза лизинг;

- толық қызмет жиынтығы бар лизинг - объектіге толық қызмет көрсету

лизинг берушіге жүктеледі;

- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.

Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы (халықаралық) лизингті қарастырады.

Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде - лизинг беруші болып табылады.

Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

- жалған лизинг - қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер

есебінен пайда табу мақсатында жүргізіледі;

- нағыз лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел

амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық

төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төлемдерді алып тастай

алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

- ақша төлемімен жүргізілетін лизинг - барлық төлемдер ақша

нысанында жүргізіледі;

- компенсациялық төлеммен жүргізілетін лизинг - төлем аталған жабдықта

өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында

жүзеге асырылады;

- аралас төлемді лизинг.

Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады

- жедел (оперативтік) және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг - көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құрал-жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Жедел лизинг кезінде мүлік оның қызмет ету мерзімінен едәуір төмен мерзімге (ақталуы толық емес лизинг) уақытша қолдану үшін пайдаланушыға беріледі, бұл ондай мүлікті лизингке бірнеше беруге мүмкіндік жасайды. Әдетте, пайдалануға берілген құрал-жабдықты техникалық қамту мен жөндеу лизинг берушінің міндеті болып табылады.

Жедел лизингтің төмендегідей ерекшеліктері бар: лизинг шартының мерзімі мүліктің толықтай физикалық жағынан тозуына қарағанда аз болады; мүліктің бүлінуінен немесе жоғалуынан болатын жоғалту шығындарының тәуекелін лизинг алушы көтереді; лизинг біткеннен кейін мүлік лизинг берушіге қайтарылады. Оперативтік лизинг құрамына мыналар кіреді:

рейтинг- бір күннен бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік лизинг;

хайринг - бір жылдан үш жылға дейінгі орташа мерзімдік лизинг.

Қаржылық лизинг - қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясы өтетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны. Қаржылық лизингтің маңызды белгісі - лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруғе қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг мүліктің 2-ден 6 жылға дейінгі құрайтын мерзімге уақытша пайдалануға берілетіндігімен (толық ақталатан лизинг) сипатталады, бұл ретте лизинг шартын ол аяқталғанға дейін бұзуға болмайды. Қаржылық лизингте техникалық қызмет көрсету және жөндеу ажыратылған.

Қаржы лизингі - үш қатысушының арасында жасалатын негізгі қорларды жаңартуға бағытталған инвестициялық қызметтің түрі.

Лизинг беруші - лизинг компаниясы, компания лизинг мәмілесін іске асыру барысында өнім берушіден (сатушыдан) мүлікті (жабдық, көлік, қозғалмайтын мүлік және т. с. с. ) өз есебінен меншігіне сатып алады және оны лизинг алушыға лизинг нысанасы ретінде қаржы лизингінің шартында көрсетілген төлемақыға, белгілі мерзімге және белгілі шартпен соңынан сатып алуға болатындай уақытша меншіктенуге береді.

Лизинг алушы - лизинг нысанасын белгілі төлемақыға, белгілі мерзімге және белгілі шартпен кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін соңынан сатып алуға болатындай уақытша меншіктенуге және пайдалануға алатын орташа және ірі кәсіпорын.

Өнім беруші (сатушы) - бұл жабдықты өнім беруші, жасалған сату-сатып алу шартына сәйкес өнім беруші лизинг нысанасы болып табылатын мүлікті, яғни таңдап алған жабдықты (техниканы) белгіленген мерзімде және белгілі шартпен жеткізіп береді. Лизинг нысанасын лизинг алушыға жеткізу және әкеліп беру өнім берушінің және жасалған сату-сатып алу шартына сәйкес жүргізіледі.
Лизинг шартында уақытша пайдалануға алынған тауарларды сатып алу мүмкіндігі көзделген.

Қаржылық лизинг:

қызмет көрсетілетін лизингі;

ливеридж - лизинг;

«пакеттегі» лизинг» болып бөлінеді.

Қызмет көрсетілетін лизинг - қаржылық лизингтің мердігерлік шартымен үйлесімі және мүліктің құрамы және қызмет көрсетілуімен байланысты күллі бірқатар қызметтерді керсетуді көздейді.

Ливеридж-лизинг - қаржылық лизингтің бір түрі, онда лизингке берілетін мүліктің үлкен үлесі (құны бойынша) үшінші тараптан - инвестордан қарызға алынады. Жалға алу мерзімінің бірінші жартысында жалға алынған құрал-жабдық бойынша амортизациялық аударымдар және оны сатып алуға алынған қарыздың пайызын төлеу жүзеге асырылады, бұл инвестордың пайдасына (кірісіне) салынатын салық деңгейін төмендетеді және салықтың кейінге қалдыру тиімділігіне қол жеткізеді.

«Пакеттегі» лизинг несиені ғимарат және құрылыстар нысанында рәсімдеуге мүмкіндік жасайды, бірақ құрал-жабдық жалға алушыға жалға алу шарты бойынша беріледі.

Қаржылық лизинг - бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшуі;

- келісімшарттары бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын

ұсынады;

- жал байынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың

нарықтық құнының 90 %-ына тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

- жалға алушының ең аз төлемі - жал бойынша жылдық төлем;

- ең жоғары төлем - жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем;

- келтірілген құн - ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың

ақша ағымының құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

Мысалы: мүліктің жал мерзімі - 5 жыл, мүліктің құны - 10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі - 10 жыл. Жал мерзімі аяқталған бойда мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.

Жылдық төлемдер - 2300 бірлік

Дисконттау мөлшерлемесі - 8%

Дисконттау коэффициенті = 1/(1+0. 08) хп

мұндағы, п - жалды төлеу жылы 1-жылдың коэффициенті = 1/(1+0. 08) 1= 0. 93 2-жылдың коэффициенті = 1/(1+0. 08) 2 =0. 85 3-жылдың коэффициенті = 0. 79 4-жылдың коэффициенті = 0. 73 5-жылдың коәффициенті = 0. 68. Келтірілген құн = 2300 х (0. 93+0. 85+0. 79+0. 73+0. 68 = 9154 немесе 91. 5%, жал қаржылық болып саналады.

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

- лизинг беруші - лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

- лизинг алушы - лизинг келісіміне сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келті-рілуімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдерді төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай алмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскелері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

Лизинг беруші - тартылған немесе меншікті каржысы есебінен өз меншігіне лизинг затын алатын және оны лизинг келісімшартымен лизинг алушыға жолдайтын лизингке қатысушысы. Лизинг беруші бір мезетке лизинг қызметілің басқа қатысушысы ретінде қызмет етуге құқы жоқ.

Лизинг алушы - лизинг келісімшартымен лизинг затын кәсіпкерлік мақсат үшін қабылдайтын, лизингтік қызметтің қатысушысы.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті «несие-жал» деп атайды.

Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.

Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:

- мәміле объектісі;

- мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары) ;

- лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезеңі) ;

- лизингтік төлемдер;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Қазақстандағы лизингті жетілдіру
Лизинг шартының түрлері
Қазақстан Республикасындағы белсенді лизингтік компаниялар
Лизингтің экономикадағы мәні мен мазмұны
Сыртқы экономикалық мәмілелерді халықаралық-құқықтық реттеу: сатып алу-сату шарты, лизинг шарты және франчайзинг шарты
Жалға беруші төлейтін төлем есебінен, жалға алынатын жабдықтың толық амортизациясын білдіретін ұзақ мерзімді келісім шарт
Жалға алынған негізгі құралдар қозғалысы және есепке алу есебі
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Лизинг инвестицияны қаржыландыру тәсілі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz