Демалыс уақытына төленетін төлем


ЕНБЕКАКЫ ЕСЕБИ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
ЕҢБЕКТІ ЕСЕПТЕУДІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ . . .
ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДІҢ ЖАЛПЫ . . .
ҚОСЫМШАЛАР . . .
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. ЕҢБЕКТІ ЕСЕПТЕУДЩ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
Банк қызметінің үдерісінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату жүргізіледі, қызметкерлердің жеке құрамының өзгеруі, жұмыс бабы бойынша ауысулар жүзеге асырылады. Есеп қызметкерлермен жұмыс басқармасында жүргізіледі. Ол барлық қызметкерлердің саны мен құрамы туралы жэне оның құрылымдық бөлімшелері туралы жалпы мәліметтерді алуды қамтамасыз етеді.
Еңбекақы есебі және оның төлемінің негізгі мақсаты еңбек шығындарын және төлемді есептеу шығындарын дұрыс анықтау, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануды, еңбек тәртібін және еңбекке ақы төлеу қорын пайдалану ережесін бақылау болып табылады.
Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастары нормативтік қүқықтық актілермен 1999 жылдың 10 желтоқсанын-дағы шықкан «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңымен, жеке және үжымдық келісімдермен реттеледі. «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңына сәйкес жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек.
Жұмысқа қабылдау, жұмысқа алу туралы бұйрықпен немесе еңбек келісімшарты негізінде жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау кезінде жұмыс беруші жұмысшының еңбек қызметін растайтын құжаттарды талап етуге құқылы. Ондай құжаттарға еңбек кітапшасы немесе жеке еңбек келісімшарты, немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшірмесі жатады. Жұмысқа алғаш рет кірген жұмысшыларға еңбек кітапша, олардың сұрауы бойынша толтырылады.
Қызметкерлермен жұмыс бойынша басқарма жұмысқа қабылдау туралы бұйрық негізінде жеке карточка толтырады. Жұмысшыларды жұмыстан шығару кезінде «Еңбек келісімшартын тоқтату туралы бұйрық (өкім) » нысаны қолданылады. Жұмысшыны бір бөлімнен екінші бөлімге ауыстыру кезінде «Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық (өкім) » толтырылады. Кезекті демалыс жұмысшыға «Демалыс беру туралы бұйрық (өкім) » негізінде беріледі.
Еңбекақыны төлеу негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі, банк қызметкеріне белгіленген қызметақы бойынша жұмыс істелген уақыт үшін есептеледі. Қосымша еңбек туралы заңға сәйкес жұмыс істелмеген уақытқа есептеледі: кезекті демалысқа төлем, демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс уақытына төлем т. б. Еңбекақы құрамына жұмысшыларға дивиденд және пайыз түрінде төленетін төлемдер кірмейді.
Негізгі еңбекақы штат кестесінде немесе еңбек келісімшартында белгіленген көлемінде еңбек уақытын есептеу тізімінің негізінде есептеледі. Банктер еңбекақыны төлеу кезінде уақытпен төлеу нысанын қолданады. Осы нысан бойынша еңбекақыны есептеу күндік мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, еңбекақы көлемі істелген жұмыс уақытын белгіленген тарифтік мөлшерлемеге көбейту аркылы табылады.
Жұмыс уақытын есептеу арнайы табельде жүргізіледі (1-қосымша) . Бухгалтерияға келіп түскен құжаттар тексеріліп, одан әрі өңдеуге жіберіледі. Еңбекақыны есептеу үшін банк бухгалтериясында еңбекақыға арналған кітап қолданылады (2-қосымша) . Одан әрбір жұмысшының еңбекақы сомасын, зейнетақы қорына жіберілген сомалар және тағы басқалар көрсетіледі.
Еңбекақы бойынша есеп айырысулар еңбекақыны төлеу үшін немесе еңбекақы және төлем тізімдемесі бойынша кітапта қолданылатын есеп-төлем тізімдемесінде жүргізіледі (3-қосымша) .
Еңбекақы айына бір рет жеке және ұжымдық шартта белгіленген күнде төленеді. Егер төлеу күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келетін болса, онда алдын ала бір күн бұрын төленеді. Жұмыс берушінің кінәсі бойынша ақшаны беру кешіктірілген кезде, ол міндеттемені орындау күні бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша әрбір мерзімі өткен күнге өсімпұл төлейді.
Еңбекақы мөлшері еңбек шартында белгіленеді және заң актілерімен белгіленген минимумнан төмен болмайды.
Жұмысшыларға еңбекақыдан басқа, қосымша келесілер төленеді: демалу уақытына төлем, пайдаланбаған демалыс уақытына жәрдемақы;
жұмыс сипатының өзгеруіне немесе көлемінің қысқаруына (ұйым жабылып қалған кезде, құрамның, штаттың және т. с. с. қысқаруы кезінде, сондай-ақ өндірісте жазатайым уақиғаға байланысты жұмыстан босату) байланысты босатылған жұмысшыларға демалыс жәрдемақысы;
қызметкерлердің саны немесе штаттың қысқаруымен, ұйымның қайта ұйымдастырылуы немесе жойылуына байланысты жұмыстан босатылған қызметкерлер жұмысқа қабылданған уақытқа дейін төленетін сома; жұмысшының орындаған жұмысына байланыссыз белгілі бір жағдайларда қызметкерлерге көрсетілетін материалдық көмек, мысалы, баланың өмірге келуінде, ақылы операция жасау кезінде және құжатпен расталған басқа да жиынтық емес сипаттағы төлемдер; өндірістік жарақат нәтижесінен еңбек қабілеттілігін жоғалтумен байланысты жәрдемақы, еңбек міндеттемелерін орындау кезінде зиян шеккен адамдарға зиянның орнын толтыру; ұйымның қаражаты есебінен төленетін жоғары және арнайы орта оқу орындарында оқу үшін мекеменің жіберген студенттері мен оқушыларына төленетін шәкіртақы; құрылыс, тұрғын үй сатып алуға, тұрмыс жағдайын жақсартуга, қарызды өтеу шығындары (оның ішінде ипотекалық) және осы мақсаттарға жету үшін қызметкерлерге берілетін материалдық көмек, субсидиялар; әлеуметтік сақтандыру қорларынан және басқа да бюджеттік емес қорлардан жәрдемақы;
- уақытша еңбекке жарамсыз, екіқабат және баланы дүниеге әкелуге байланысты және т. с. с, жұмысшының денсаулығына зиян тигізу немесе жарақат алу жағдайындағы табыстың немесе басқа да шығынның орнын толтыру;
- қызмет бабымен жасалған іссапарларға заңды нормада бекітілген шекте іссапар шығындары;
- басқа тұрғылықты жерлерге жұмысқа жіберу, бағыттау және қабылдаумен байланысты шығындардың орнын толтыру; Қазақстан Республикасының бекітілген заңды нормасының шегінде іссапарға шығу үшін жеке көлікті пайдаланғаны үшін жәрдемақы.
Демалыс уақытына төленетін төлем
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін қызметкерлерге жұмыс орны мен орташа жалақысын сақтай отырып жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы беріледі. Қызметкер сол банкте 12 ай үздіксіз жұмыс істегеннен кейін кезекті демалысқа шығуға құқылы. Еңбек демалысына төленетін төлем демалыс басталғанға дейін үш күн бұрын төленуі қажет. Демалыс мерзімі ұжымдық келісімшарттар мен ережелерге сәйкес белгіленеді, бірақ ол 18 күнтізбелік күннен аз болмауы керек. Жұмыскердің қалауы бойынша еңбек демалысы бөлініп берілуі мүмкін.
Еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа жалақы мөлшері 12 күнтізбелік айға сәйкес жалақы есебінен анықталады. Егер қызметкер демалысқа шығар алдында ұйымда бір жылдан аз уақыт еңбек еткен болса, онда еңбек демалысы кезінде сақталатын орташа жалақысы демалысқа шығар алдындағы айдан бастап жұмыс істеген күнтізбелік айларына байланысты анықталады.
Егер барлық есептік кезең толығымен орындалған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне өтемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы есептік кезеңде есептелген жалақы сомасын 12-ге және жұмыс күні мен белгіленген еңбек демалысын төлеу кезінде өндірістік күнтізбе бойынша жұмыс уақытының жыл сайынғы балансына сәйкес жұмыс күндерінің орташа айлық санына бөлу арқылы есептеледі.
Егер есептік кезеңдегі 12 ай толығымен орындалмаған болса, онда еңбек демалысы мен пайдаланылмаған демалыс күндеріне етемақы төлеу үшін орташа күндік жалақы істелген жұмыс уақытына есептелген жалақы сомасын жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын жұмыс күніне сәйкес беретін болса) немесе жұмыс істелген уақытқа (еңбек демалысын күнтізбелік күнге сәйкес беретін болса) сәйкес алты күндік жұмыс аптасы күнтізбесіндегі жұмыс күндерінің санына бөлу арқылы анықталады.
Еңбек демалысын есептеу үшін қабылданған еңбекке төленетін сома 12-ге (бір жылдағы айлардың саны) және жұмыс уақытының балансына сәйкес анықталатын бір айдағы жұмыс күнінің орташа санына бөлінеді. Ол 1998 жылы алты күндік жұмыс аптасы үшін 25, 67, ал бес күндік жұмыс аптасы үшін - 21, 42 құрады. Орташа жалақы есебіне уақытша жұмысқа қабілетсіздік жәрдемақысы да қосылады. Жәрдемақы төленетін уақыт өтелген жұмыс деп саналады. Алынған орташа күндік жалақыны еңбек демалысының күніне көбейтеді.
Пайдаланылмаған еңбек демалысына төленетін өтемақы Жеке еңбек келісімшартының қандай негізде бұзылғанына байланыссыз жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған жұмысшыға өтемақы төленеді.
Уақытша еңбекке жарамсыздық кезінде төленетін жәрдемақы Жәрдемақы қызметкердің сырқатттануына байланысты уақытша еңбекке жарамсыз кезінде, протездеу, жанұя мүшелерінің біреуі ауырған кезде қарауға кеткенде, карантин және туберкулез ауруына шалдығуына немесе кәсіптік сырқатқа байланысты басқа жұмысқа уақытша аудару кезінде, басқа жағдайларда үкімет белгілеген тәртіпте төленеді. Уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы төлеудің және есептеудің негізі еңбекке жарамсыздық парақшасы немесе анықтамалар болып табылады.
Еңбекке жарамсыздық парақшасы - еңбекке жарамсыздығын растайтын құжат, жұмыстан босату және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, екіқабат және босану кезінде жәрдемақы алу үшін негіз болып табылады. Еңбекке жарамсыздық парақшасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыста істейтін тұлғаларға беріледі. Жұмыстан шығарылған тұлғаларға еңбекке жарамсыздық парақшасы берілмейді.
Еңбекке жарамсыздық паракшасы мен уақытша еңбекке жарамсыздық туралы анықтама бланкілері қатаң ссептілік құжаттары болып табылады. Олардың нысандары белгіленген тәртіпте бекітіледі.
Жалпы ауырған кездегі жәрдемақы көлемі жұмысшының үздіксіз өтелуіне (стаж) байланысты: жалақы есебінен 5 жылға дейін 60 пайыз, 5 жылдан 8 жылға дейін - 80 пайыз, 9 жылдан бастап -100 пайыз төленеді. Заңдылықтарда үздіксіз стажына байланыссыз 100 пайыз жалақы мөлшерінде жәрдемакы беру қарастырылған: еңбек жарақаты немесе кәсіптік сыркат нәтижесінде, ҰОС қатысқан мүгедек жұмысшыларына және басқа да мүгедектерге, 16 жасқа толмаған үш және одан да көп бала асырап отырған тұлғаларға, екіқабаттарға, сондай-ақ заңдылықтармен қарастырылған басқа да жағдайларда.
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмысқа шыққан уақытқа дейін орташа жалақының 100% көлемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.
Жәрдемақыны есептеу үшін нақты жалақыға сол объектіде бекітілген еңбекақы төлеу жүйесімен қарастырылған жалақының, ақшалай сыйақылардың барлық түрлері, үстемеақы және қосымша төлем, еңбек сіңірген жылдар үшін және жыл нәтижесі бойынша сыйақылар кіреді.
Азаматтарға мынадай жағдайларда жәрдемақы берілмейді: қылмыс жасау нәтижесінде жарақат алған кезде, ішімдік, нашақорлык және т. с. с. пайдалану кезінде ез денсаулығына қасақана қастандық жасаған кезде. Сонымен қатар соттың шешімі бойынша мәжбүрлі емделуге тартылған (психикалық аурумен ауратындардан басқа), олардың кінәлары анықталған кезде сот-медициналық сараптамасынан өтетін, сондай-ақ қамалудағы тұлғаларға берілмейді.
Жүкті әйелдерге және дүниеге сәби әкелуіне байланысты берілетін жәрдемақы
Әйелдерге жүкті болуына және бала босануына байланысты 70 күнтізбелік күн көлемінде және бала туылғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн көлемінде демалыс беріледі. Жәрдемақы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыс кезінде жалақының 100 пайыз көлемінде белгіленеді және төленеді. Ол мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруға жататын жұмыс істейтін әйелдерге беріледі. Сонымен қатар сол банкте қанша уақыт жұмыс істегеніне байланыссыз беріледі.
Демалыс және мереке күндерінде істелген жұмыска төленетін төлем
Егер жұмысшы оған белгіленген демалыс және мереке күндерінде ж¥мыс істейтін болса, онда екі апта ішінде демалыс берілуі қажет. Егер банк әкімшілігі демалыс бере алмайтын болса, онда сол күнге еңбекақы еке есе көлемінде төленуі қажет.
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздьщ бойынша жәрдемақы
Еңбек жарақаты немесе кәсіптік сырқатқа байланысты уақытша еңбекке жарамсыздык бойынша жәрдемақы еңбекке жарамсыз болған күннен бастап жұмыска шыққан уақытка дейін орташа жалақының 100% колемінде немесе жұмыс берушінің әлеуметтік сақтандыру Қорына төлеген сомасының келешекте орнын толтыру негізінде мүгедекті анықтау кезінде төленеді.
Бала туылған (асырап алу) кезде берілетін біржолгы жәрдемақы
Бала туылған кезде сол жылдағы республикалық бюджет туралы ҚР Заңында белгіленген көлемінде біржолғы жәрдемакы төленеді. Өлі бала туылған кезде жәрдемақы теленбейді.
Бала туылған (үш айға дейінгі баланы асырап алған кезде) кезде берілетін біржолғы жәрдемақыны алуға ата-аналардың біреуі немесе орнын ауыстыратын адамның құқығы бар. Егер екі және одан да көп бала туылған кезде, жәрдемақы әр балаға бөлек төленеді. Оның көлемі ағымдағы жылға бекітілген зейнетақыны, жәрдемақыны және басқа да төлемдерді есептеу үшін қарастырылған 4 еселенген есептік көрсеткішке тең. Жәрдемакы тек бала туылғаннан кейін 6 ай ішінде шешесінің жұмыс орнынан, ал шешесі жұмыс істемесе әкесінің жұмыс орнынан әлеуметтік сақтандыру қорынан төленеді.
Жерлеуге төленетін жәрдемақы
Сол жылғы республикалық бюджет туралы ҚР Заңына сәйкес бекітілген көлемде беріледі. Жәрдемақы қайтыс болған адамның отбасына немесе жерлеуді ез мойнына алған басқа да жеке және заңды тұлғаларға беріледі. Өлі бала туылған кезде жерлеу үшін жәрдемақы жалпы негізде беріледі.
Қызметкерлер санының немесе штаттардың қысқартылуына байланысты берілетін жәрдемақы
Қызметкерлер санының (штаттың) кысқаруы бойынша шараларды жүзеге асырумен байланысты еңбек келісімшартын бұзу немесе кәсіпорынды қайта құру және жою кезінде кәсіпорынннан, мекемеден, ұйымнан қысқартылатын қызметкерлерге орташа жалақы көлемінде жәрдемакы төленеді.
Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы алуға зейнетке шығуға құкығы басталғанға дейінгі еңбекке жарамды азаматтар, бекітілген тәртіпте танылған және тіркелген жұмыссыз азаматтар құқылы. Мұндай құқықты жұмыс іздеп жүрген немесе ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдар да иемденеді.
Жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы азаматты жұмыссыз деп тіркеген күннің 8-күнінен бастап жұмысқа орналасу мәселесі шешілгенге дейін, бірақ 26 күнтізбелік аптадан аспайтын мерзім ішінде, ал жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан тұлғаларға, ұзақ мерзімнен кейін (бір жылдан аса) еңбек қызметін орындауға тырысатын адамдарға 112 ай ішінде төленеді.
Жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан азаматтар үшін жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы, егер олар жұмыссыздық басталғанға дейінгі 12 ай ішінде толық жұмыс күні немесе толық емес жұмыс күні ішінде 12 күнтізбелік аптадан кем емес уақыт аралығында жұмыс істеген болса (еңбек табысы болса) төленеді.
Жұмысын және табысын (еңбек табысын) жоғалтқан тұлғалар үшін жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы көлемі алдындағы жұмыс орны бойынша негізгі жалақыға пайыздық қатынаста анықталады.
Барлык басқа жағдайларда (оның ішінде жұмысқа енді тұрайын деп жүрген азаматтарға) жұмыссыздық бойынша берілетін жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңдылықтарымен анықталған күнкөрістің ең төмен деңгейіне пайыздық қатынас ретінде бекітіледі.
Жәрдемақы көлемі бекітілген тәртіпте индекстеледі.
2. ЕҢБЕКАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
Негізгі жалақы бойынша есептелген сомадан келесі ұстап қалулар мен аударымдар жүзеге асырылады:
1. Банк есептелген сомадан 10% көлемінде зейнетақы қорына міндетті төлемді төлейді, бірақ банк оны қызметкердің жалақысынан ұстап қалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz