Лизинг операциясы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Каспий Қоғамдық Университеті
Тақырыбы:
Лизинг
Орындағандар:
УА-06-01 тобының студенттері Төлеу Ж. Б.
Абдирова Ж. С.
Ф-06-01 тобының студенті Бапбаева З. Б.
Тексерген:
Каримова М. Д.
Алматы-2007
Жоспар:
1) Лизингке жалпы анықтама.
2) Лизинг түрлері.
3) Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.
4) Лизингтік келісімшарт.
5) Қазақстан Республикасындағы лизингтің қысқаша тарихы.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі - оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтары болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда неселік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұла сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді) ;
- Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмғіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып, мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.
Лизингтік келісімшарт.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг - бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісім шарт жасалады:
- лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
- лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
- лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте, мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингте, ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен, ұрлықтан және т. б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:
- Обьектісі.
- Жабдықтау мерзімі.
- Лизингке алу мерзімі.
- Лизингке берушінің меншіктік құқы.
- Тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілхат.
- Құрал-жабдықты пайдалану.
- Күту, жөндеу және жаңарту.
- Зиян, қолайсыз жағдайлар.
- Сақтандыру.
- Лизингтік төлемдер, комиссиялар.
- Төлемді кешіктіргені үшін төлемақы өсімі.
- Сатып алу мүмкіндігі.
- Келісімшартты бұзу шарты.
- Құрал-жабдықты қайтару.
- Салықтар, баждар.
- Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.
- Тараптардың қосымша құқықтары.
- Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.
- Кешіктіру шарты.
- Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі.
- Тараптардың орналасқан жері.
- Тараптардың қолдары.
- Қосымша ( материалдардың және т. б. сипаты)
- Қалдық құнын кепілдеу.
- Банктердің кепілдемесі.
Қазақстанда лизингтің қалыптасуы.
Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылдан бастады. Еліміздегі лизинг мынадай жылдармен қалыптасқан:
- аймақтық көтерді - делдалдық фирмалардың және «Қазконтракт» корпорацияларының жүргізілуіндегі жалға беруге байланысты кәсіпорындар және жұмыс істеп тұрған орындар және агроөнеркәсіп кешеніндегі облыстық және аудандық жабдықтау кәсіпорындары;
- екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары;
- жаңадан құрылған арнайы лизингтік фирмалар;
- лизингтің халықаралық формалары - экспорттық, импорттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.
Келесі қадамы ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған заңдар, айталық: «Қаржы лизингі туралы» ҚР заңының (05. 07. 2000) ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.
Лизинг берушілерге лизингтік толемдердің қайтатындығына кепілдеме беру, лизинг жобаларына қатысушылар арасында тәуекелді бөлу арқылы әр түрлі кепіл заттарын, айталық, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарын беру және сақтандыру жолымен, кей жағдайларда мемлекеттің кепілдемесімен жүзеге асырылуға тиіс.
Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып жүзеге асырады.
Лизинг операциясы.
Лизинг сөзі «to lease» ағылшын етістігінен аударғанда «жалға беру» дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса : жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты. Сонымен қатар жабдықты, машиналарды, өндірістік мақсаттағы ғимараттарды ұзақ мерзімді жалға алу. Лизинг өнеркәсіптік компаниялардың жай сатып алу кезінде сөзсіз жұмсалатын ақшалай қаражатты бір жолы едәуір мөлшерде жұмсамай-ақ қажетті жабдық алуына мүмкіндік береді. Лизинг банктің дәстүрлі несиелендіруіне балама болып табылады.
Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед Стейтс лизинг корп. » атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМбХ» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) байда болыпты. 1972 жылдан бері Еуропа лизинг нарығы дамып келеді.
Лизинг түрлері.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
- Шұғыл лизинг- бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
- Қаржы лизингі- бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлнп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Яғни лизингінің кәдуілгі ең кең қолданылатын нысаны; шарттардың орта
мерзімділігімен және ұзақ мерзімділігімен сипатталады, бұл шарттарды іске асыру барысында мүліктің құны толық немесе оның көп бөлігі өтеледі.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:
1) Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.
а) Халықаралық жанама лизинг - жалға беруші мен жалгер бір елдің заңды ұйымдары болып табылатын, алайда алғашқысының капиталы сайып келгенде ішінара шетелдік фирмалар қаржы мекемелеріне ( әдетте банктерге немесе шетелдік лизингілік компанияларға) тиесілі болатын мәміле.
ә) Халықаралық тікелей лизинг - барлық операциялар әр түрлі елдердің кәсіпорындары мен ұйымдары арасында тікелей жасалатын мәміле.
2) Ішкі лизинг - бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.
3) Сыртқы лизинг - экспорттық және импорттық болып бөлінеді.
а) Экспорттық лизинг - лизингілік фирма ұлттық фирмадан жабдық сатып алып, кейіннен оны шетелдік жалгерге беретін мәміле.
ә) Импорттық лизинг - лизингілік фирма шетелдік компаниядан жабдық сатып алып, кейіннен отандық жалгерге жалға беретін мәміле.
4) Қайтарымды лизинг - қаржы лизингісінің бір түрі. Дайындаушы мен жалға беруші бір адам болып табылатын лизинг нысаны. Оның мәні мынада. Машинаның немесе жабдықтың иесі оларды лизингілік фирмаға сатады, бұл фирма бұларды кейіннен тікелей бұрынғы иесіне жалға береді. Мұндай коммерциялық мәміле жалға алушыға күрделі шығындарды үнемдеу және сонымен бірге көптеген машинаны пайдалану мүмкіндігін береді.
5) Өтемдік лизинг - жалгер жалға алу ақысы ретінде лизингілік фирмаға жалға алынатын машиналар мен жабдықты пайдалана отырып, өндірген тауарды жеткізетін лизинг нысаны. Мұндай лизингілік операциялар кәсіпорындардың импорттық техникалық құралдарды сатып алу және жалға алу үшін қажетті валютасы болмауына байланысты олардың шетелдік лизингілік фирмалармен өзара іс-қимылында өте-мөте тиімді.
6) Оралымды лизинг - көлік құралдарын, құрылыс техникасын, приборларды, аппаратураны және басқа техникалық құралдарды қысқа мерзімге (1 жылға дейін) жалға беру. Аталған құралдардың пайдаланылғаннан кейін иесіне - лизингілік фирмаға қайтарылатыны оралымды лизингінің ерекшелігі болып табылады.
Лизинг операцияларының техникасы 11-12 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.
Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz