КЕЛІСІМШАРТ мүлікті сенімді басқару туралы
СЕНІМГЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ
1. Сенімгерлік операциялардың мәні ... ... ... ...
2. Сенімгерлік (трасталық) операциялардың есебін ұйымдастыру ... ... .
Қосы мшал ар ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Сенімгерлік (траст) операциялардың мәні клиенттердін банктерге өз
мүліктерін бұдан былай оларга иелік етуден (өз атынан немесе оган иелік
етуші атынан) пайда алу мақсатында өткізуі, ол үшін банк коммисия түрінде
белгілі бір ақы алады.
Сенімгерлік қызметтер (ағылшын тілінен trust-сенім) ежелгі кезден бері
дамып келе жатқан операциялардың бірі. Ежелгі Египетте сенімділік меншік
қатынастарының болғандығын дәлелдейтін әр түрлі құжаттар бар.
СЕНІМГЕРЛІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ
Тарихқа көз жіберетін болсақ, сенімгерліктің дамуы ең алдымен меншік
жүйесінің дамуымен, содан кейін меншік иесінің кұқын дербестендірумен
байланысты. Алғашқы траст бұл мұраға қалдырылған мүлікті басқару. Меншік
нысанының дамуы мен күрделенуіне байланысты мүлікке қамкорлық ету, өсиетке
қалдыру және басқару тәртібі күрделенді. Байлықтың даму нысаны бойынша
қамқоршылар алдында тек капиталдың материалдық, заттық элементтерін сақтап
қана қою емес, сонымен қатар байлықтың бір нысанын жойып, оларды жаңарту
және қаржылық мүлікті басқару мәселесі де тұрады.
Қаржылық нарықтардың, соның ішінде қаржылық құралдардың алуан
түрлерінің көбеюі мен санының өсуі кезінде жеке тұлғалар мен компаниялар
бос ақша қаражаттарын басқару мәселелеріне душар болды. Осыған байланысты
клиенттер қоржынын сенімді басқаруға жіберу кең етек алды.
Көптеген елдерде сенімгерлік операцияларымен жеке тұлғалар, сақтандыру
компаниялары және арнайы сенімгерлік компаниялары айналысты, дегенмен XIX
ғасырдың аяғынан бастап сенімгерлік іс коммерциялық банктердің қолында
шоғырлана бастады. Негізінен бұл коммерциялық банктердің қолындағы ірі
капитал сомасын жинақтау бәсекесімен, сондай-ақ кейбір елдерде коммерциялық
банктер үшін жеке бағалы қағаздарға инвестиция салуға заңды шектеулер
қойылумен байланысты еді. Қазіргі жағдайда сенімді тұлға жеке фирма немесе
жеке тұлға болса да, операциялардың барлығын агент ретінде қызмет ететін
банк жүргізеді.
Өзінің дамуында сенімгерлік операцияларын жүргізу тәсілі елдің
заңдылықтарының өзгеруіне (оның ішінде салық саясаты аясында), сондай-ақ
экономиканың даму, ірі қаржы корпорацияларының алға шығу, монополиялардың
пайда болу салдарына байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Сенімгерлік
басқаруға берілетін траст объектілерінің, яғни мүліктердің тізімі үнемі
толықтырылып отырды. Қазіргі уақытта траст объектілеріне ақша қаражаттарын,
валюталарды, бағалы қағаздарды, үлестік жарналарды, фирманың жарғылық
капиталын, жерді, қозғалмайтын мүлікті, мүліктік кешендерді (кәсіпорындарды
және тағы басқаларды), сондай-ақ материалдық емес активтерді жатқызуға
болады.
Коммерциялық банктер сенімгерлік операциялардың арқасында
төмендегілерге қол жеткізе алады:
• басқаратын бағалы қағаздардан пайда үлесін немесе траст келісімі
бойынша комиссиялық ақыны алады;
• басқа біреудің капиталын реттей отырып, банк тек траст
келісімі шегінде ғана жауапкершілікте болады;
• сенімгерлік операцияларының есебі банктің баланстық шоттарына әсерін
тигізбейді, ал табыс оларды жүзеге асыру барысында банктің жиынтық табысына
қосылады.
Сонымен қатар сенімгерлік операцияларды жүзеге асыру қызметкерлердің
жан-жақты жоғары біліктілігін, әсіресе заңдылықтарды, меншікті басқаруда,
инвестициялық басқаруда дағдыларды білуін талап етеді.
Сенімгерлікке байланысты қатынастар оның құрылтайшысы мен сенімгерлік
иесінің арасында бекітілетін келісімшарт негізінде пайда болады (қосымша).
Келісімшартта жақтардың құқықтары мен міндеттері көрсетілуі қажет. Бұл
қаражаттарды сенімді орналастыру туралы келісімшарт сенімді басқару бойынша
операцияларды жүргізу үшін негіз болып табылады. Осының өзінде клиенттер
шотынан шегерістер тек басқарушы мен бас бухгалтер қол қойған және мөрі
көрсетілген төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі.
Сенімгер меншіктенуші, яғни банк әдетте қаражаттарды клиентке ақша
және тіркелген табысты қайтару кепілімен өзінің еркі бойынша ақшаны
орналастыруға құқылы. Банк бұл жағдайда ақшаны басқару үрдісіндегі барлық
тәуекелдіктерді өз мойнына алатын болғандықтан, ақшаларды табысты және
тәуекелдіктері төмен операцияларға бағыттайды:
• банкаралық несиелендіру (жүз пайызға қамтамасыз етілген);
• қаржылық жағдайы тұрақты клиенттерді несиелендіру;
• бағалы қағаздар нарығына қатысу;
Одан басқа сенімгер меншіктенуші келісімшартта белгілеген мөлшерде
сыйақы алуға құқы бар. Бұл сыйақы табысты сенімгерлік басқарудан пайыз
түрінде немесе тұрақты сомада белгіленеді.
Сонымен қатар сенімгер меншіктенуші келісімшарт мерзімі тоқталғанға
дейін сенімгерлік басқару туралы келісімшартқа сәйкес басқаруға алынған
мүліктер мен құқтарды басқа тұлғаға сеніп тапсыруға, сенімгерлік басқаруға
алынған мүлікті меншіктенуіне құқы жоқ.
Ақшаны басқару тек сенімгер білдіруші келісімімен ғана жүзеге
асырылатындығын айтып кеткен жөн. Сенімгер меншіктенуші келесідей
операцияларды жүзеге асырады:
• мүлік иесінің атынан және есебінен, тапсырыс бойынша сатып алу
негізінде бағалы қағаздарға (Мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелер), ноталарга және тағы басқаларға инвестиция жүмсау;
• сенімгер тапсырысы бойынша бағалы қағаздар қоржынын сату;
• мерзімі келген уақытта бағалы қағаздарды өтеу;
• бағалы қағаздарды (Мемлекеттік қазынашылық міндеттеме-
лер) кепілге орналастыру және ондағы делдалдық қатынастар.
Актив өкімі бойынша сенімгерлік операцияларын басқару төменде
келтірілген операциялардың барлық немесе кейбіреулерін қамтуы мүмкін:
• сақтау;
• сенімгер мүдделерінің өкілі (акционерлер жиналысында, сотта);
• табыс және қаржыландыру өкімі;
• активтерді сатып алу-сату;
• қарыздарды тарту және өтеу, бағалы қағаздарды шығару және алғашқы
орналастыру;
• занды тұлғаның құрылуы, қайта құрылуы және жойылуы;
• мүлікке меншік ету құқығын басқа тұлғаға беру (мұраға қалдыру,
сыйға тарту және т.б.);
• клиенттің, кассалық және қаржылық шаруашылықтың жеке
банктік шоттарын жүргізу, міндеттемелер бойынша есеп айырысуды
жүргізу;
• қайта ұйымдастыру немесе банкроттық және басқа
да жагдайларында кәсіпорынның қызметтерін уақытша басқару.
Барлық банктік сенімгерлік операциялары үш үлкен санатқа (категорияға)
бөлінеді:
1) жеке тұлғаларға;
2) коммерциялық кәсіпорындарға;
3) коммерциялық емес ұйымдарға.
Жеке тұлғаларға коммерциялық банктердің сенімгерлік (трасталық)
бөлімдері сенімгерлік қызметтердің келесі түрлерін көрсетеді:
• мүлікке өкімшілік ету;
• сенімхат бойынша және қамқоршылықпен байланысты операциялар
• агенттік қызметтер
Өсиетхат бойынша құрылган траст - өсиетхатпен қалдырылған сенімгерлік
қоры деп аталады. Жеке тұлғалар өмірлік сенім қорын құруы мүмкін, олар иесі
тірі кезде қызмет етеді. Өсиетхатпен қалдырылған сенімгерлік қорын әдетте
құрылтайшылар сенім қоры түрінде бенефициарларға активтерді бөлу кезінде
құрады. Өмірлік сенім қоры иелерін салық төлеуден босату немесе мүлікті
басқарумен байланысты инвестициялар бойынша күнделікті шешім қабылдау үшін
активтерді меншіктену құқын беру кезінде құрылады. Банк қамқоршылық
қызметтерді атқаруы мүмкін.
Қызметкерлердің сенімгерлік қызметтерінің бір түрі жеке агенттік
шоттарды жүргізу болып табылады. Негізгі активтерді, қаржылық істерді
басқару, күнделікті шығындарды жүзеге асыру бойынша жеке тұлға банкпен
келісімшарт жасауы мүмкін. Принципал (жеке тұлға) банкті агент ретінде
жалақы, пайыздар, дивидендтер, жал төлемін, қарыз бойынша төлем жүргізуге,
қалыптасу жағдайына қарай жеке шығындарды төлеуге уәкілдік береді. Кейбір
жағдайларда банк қызметкерлері дискрециялық құқыққа ие, яғни лауазымды
адамның қайсібір мәселені өз қалауынша шешуі. Осындай қатынастар басқару
құқы бар сенімгерлік шот деп аталады. Егер бұндай құқтар банкке ұсынылмаса,
онда сенімгерлік қор бөлімінің қызметкері әрбір мәмілені жүргізуге рұқсат
алулары қажет. Дегенмен барлық жағдайларда банк барлық жасалған мәмілелер
туралы жеке тұлғаға хабарлап отыру керек.
Коммерциялық ұйымдарға сенімгерлік қызмет көрсетуді екі түрге бөліп
қарастыруға болады: агенттік және қамқоршылық. Банктердің сенімгерлік
бөлімдері іскери фирмалардың агенттері ретінде қызмет атқарады. Бұл қызмет
коммерциялық клиенттердің мүддесіне байланысты бағалы қағаздарды шығару,
дивидендтерді төлеу және акционерлердің талабы мен мерзімі өткен бағалы
қағаздарды өтеу бойынша оларды қайта қаржыландыру жұмыстары жатады.
Қамкоршылық операциялар ірі компаниялардың камтамасыз етілмеген
кепілхаттары сатылатын коммерциялық қағаздар нарығында қызмет етумем
байланысты. Банктердің сенімгерлік бөлімдері коммерциялық қағаздарды сатып
алудың есебін жүргізеді, инвесторларға өткізілетін барлық бағалы қағаздарды
инвесторларға жеткізілуін қадағалайды және өтеу мерзімі өтіп кеткен бағалы
Қағаздар бойынша төлемдер жүргізеді. Олардың эмитенттері банктен кепілдеме
хаттар алады, яғни бұл жағдайда инвесторлар карыздық міндеттемені эмитент
төлей алмаған жағдайда да банк төлейтіндігіне сенімді болады.
Дүниежүзінде зейнетақы, корпорациялық және үкімет қорлары жататын
коммерциялық емес ұйымдар үшін бәсеке шиеленісуде. Банктердің сенімгерлік
бөлімдері аталған ұйымдарға агенттік қызметтерді көрсетуге тырысады. Бұл
қызметтер өз кезегінде тікелей және дискрециялық болып бөлінеді.
Сенімгерлік қызметтің орталық бағыты - банк клиенттерінің бағалы
қағаздар қоржынын басқару болып табылады. Ірі компаниялар, мысалы,
зейнетақы қорлары банк басқаруы үшін шоғырланбалы қаржыларын сеніп
тапсырады. Банкирлер сенімділік әртараптандыру, қайтарымдылық, табыстылық
және өтімділік принциптерін сақтау керек.
Инвестициялық қоржындарды жоспарлау әдістемесі инвестициялардың осы
принциптерге сәйкес нормативтерін белгілейді. Мысалы, бұл көрсеткіштің
деңгейі 45 пайызға тең болуы керек. Ол төмендегі жолмен анықталады:
L жекелеген салымдар х тәуекелдік коэффициенті Z зейнетақы активтері
Жоғарыда аталғандай, сенімгерлік операцияларын банктің арнайы
бөлімдері жүргізеді. Сонымен қатар несиелендірумен, депозиттерді және тағы
басқаларды тартумен айналысатын банк бөлімшелері сенімгерлік бөлімшеден
бөлек жұмыс істейді. Батыстың көптеген банкирлері сенімгерлік бөлімдерді
Басқа бір дүниенің бөлігі деп атайды. Бұның барлығы сенімгерлік
қызметтерді банк ісінен бөлу мақсатын көздейді. Сенімгерлік бөлімнің
қызметкерлері банктің емес, клиенттің мүддесін қорғайтын болғандықтан, көп
жағдайда клиент пен банктің мүдделері сәйкес келмеуі мүмкін, сондықтан
сенімгерлік бөлімнің жұмысы несиелік және инвестициялық қызметтерінен
бөлініп тасталған.
Сенімгерлік бөлімдер өзінің қызметімен банкке қосымша табыс әкеледі.
Сенімгерлік қызметтерді көрсеткені үшін банктер пайыздық ұқсастық болып
табылмайтын комиссиялық сыйакы алады. Дәстүрлі банктік және сенімгерлік
операциялар арасындағы негізгі айырмашылық осы болып табылады.
Бәрімізге белгілі, Қазақстанда 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап
Мемлекеттік зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
құрыла бастады. Сондықтан коммерциялық банктердегі сенімгерлік қызметтердің
даму келешегінің көбеюіне әкелді. Одан да басқа қазақстандық банкирлер
клиенттердің активтерін басқаруға байланысты басқалай операцияларды да
қолына алуы мүмкін.
СЕНІМГЕРЛІК (ТРАСТАЛЫҚ) ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Банктің есеп саясатында сенімгерлік бөлімше (департамент) сенімгерлік
активтерін сақтау үшін жауапкершілікті өз мойына алады, олар банк активтері
болып табылмайды және сол ретте банктің қаржылық есептілігіне енгізілмейді.
Әдетте, трастың бөлек қолма-қол шоттары талап етілгенге дейінгі депозит
және мерзімді депозит түрінде банкке салынады. Сенімгерлік қызмет үшін
сыйакыға жататын табыстар мен шығындар банк табысында танылып және есепке
алу негізінде жазылады. Есептегі сенімгерлік қызмет шартты міндеттейелер
ретінде қарастырылады.
Сенімгерлік қызметіндегі актив және міндеттеме терминдері әр түрлі
болып анықталады. Активтер басқа тұлғалардың меншігін білдіреді, ал
міндеттемелер шоттар типтерін бөлу кезінде, колма-қол, негізгі қарыз
немесе табыс ретінде активтер класының бір бөлігі болып табылады.
Сенімхерлік (траст) басқаруға берілген ақшаның есебін жүргізу үшін
келесідей шоттар ашылады:
• 2203 Дербес шоттарды ашумен банктің сенімді басқаруына
берілген клиенттердің ағымдағы шоттары Сенімгер заңды
тұлғаның ағымдағы (траст) шоты және Сенімгер жеке тұлғаның ағымдағы
(трасталық) шоты
• 4605 Сенімгерлік (траст) операциялар бойынша банк қызме-тінен
түскен комиссиялық табыс
• 7510 Сенімгерлік (траст) басқаруға алынған клиенттердің
ақшасы
• 7520 Сенімгерлік басқарудағы бағалы қағаздар - жеке дербес шот
Бағалы қағаздарға орналастырылған клиенттердің ақшасы
• 7530 Сенімгерлік (траст) басқарудағы тазартылған қымбат металдар
жеке дербес шот Сенімгерлік басқарудағы тазартылған кымбат металдардың
есебі
• 7540 Сенімгерлік (траст) басқарудағы басқадай активтер -жеке
дербес шот ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz