Банк филиалының активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1.Кәсіпорынның құрылу тарихы, құрылымы, істелетін жұмыс сипаты, қуаттылығы,
негізгі мақсаттары және міндеттері. 6
2. Кәсіпорындағы басқару үрдісі, деңгейлері және менеджмент принциптері.
8
3. Өндірісті немесе қызмет көрсетуді басқару үрдісі. 14
4. Шешім қабылдау үрдісі. 18
5. Дипломдық зерттеудің тақырыбына байланысты аналитикалық мәліметтерді
техника-экономикалық мәліметтер. 21
6. Кәсіпорынның сыртқы ортасы: бәсекелестері мен жабдықтаушылары. 26
7. Кәсіпорындарда басқару қызметінің қазіргі заманғы әдістері мен
ресурстарын қолдану. 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 32

1.Кәсіпорынның құрылу тарихы, құрылымы, істелетін жұмыс сипаты, қуаттылығы,
негізгі мақсаттары және міндеттері.

Қазақстан Халық Банкі АҚ өзінің тарихын Ақтөбе қаласында 1923 жылы
15 тамызда ашылған мемлекеттік еңбек жинақтаушы кассасынан бастайды. Бұл
тек қаладағы ғана емес, Қазақстандағы алғашқы жинақтаушы кассасы болатын.
Мемлекеттік еңбек жинақтаушы кассалар жүйесінен бастап, қазіргі тәуелсіз
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банксіне айналған Халық банкінің
дамуы бүкіл қазақ қоғамының және мемлекеттің тарихымен тығыз байланысты.
Халық банкінің жаңа даму кезеңі 2001 жылы мемлекеттің өз пакет акциясының
сатуымен басталады.
2002 жылдың желтоқсан айында Жыл таңдауы Халықаралық фестиваль-
конкурста Халық банкі 2002 жылдың ен үздік банкі деп танылды. 2003 жылғы
22 мамырда Лондонда Global Rating Leaders 2003 атты Халықаралық саммит-
конференцияда Халық банкі сапа мен тиімділік үшін берілетін International
Gold Medal Award сыйлығын иеленді. Ал шетелдің сараптамашылары Банктің
сөзсіз прогресін көріп, Банкке жақсы болжамдар беруде.
2004 жылдың 1 мамырдағы мәліметтер бойынша Қазақстан Халық Банкі АҚ-
ның 575 құрылымдық білімдері, 149 облыстық және аймақтық филиалдар және 380
кассалық-есеп айырысу бөлімдері бар, сондай-ақ Лондонда, Пекин мен Мәскеуде
үш шетелдік өкілдігі бар.
Қазіргі уақытта Қазақстан Халық Банкі АҚ экспорттық –импорттық
операцияларды несиелеу жөніндегі шетелдің алдынғы қатарлы Банктерімен тығыз
қарым-қатынас жасауда. Атап айтқанда, Дойче Банк (Германия), Коммерцбанк
(Германия), Дрезнер Банк (Германия), Bank one (АҚШ), Bank Gesellshaft
Berlin (Германия), UBS (Швейцария) және Чехский Обходни Банк (Чехия).
Банктің ірі клиенттер қатарына кіретіндер: мұнай-газ және
телекоммуникация компаниялары, тау-кен, тамақ, металлургия, өңдеуші, ауыл
шаруашылық өнеркәсібінің кәсіпорындары, көтерме және бөлшек сауда мен
қызмет саласының компаниялары.
Халық банкі қазіргі танда 10 мың заңды тұлғаға қызмет жасауда, жеке
тұлғалардың 8 млн. шоттары ашылған, 1 млн. астам төлем карточкаларын
пайдаланушылар бар. Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі келесідей:
366 банкомат, 1446 POS-терминал және 4852 импринтерлер бар.
Халық банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан
экономикасының нақты секторының дамуына септігін тигізу, клиенттерге жоғары
сапалы қызмет көрсету кепілдігімен көрсететін қаржылық қызметтерді ұлғайту,
Қазақстан инфрақұрылымының дамуына ықпалын жасау, Қазақстан өкіметінің
әлеуметтік бағдарламаларына белсенді қатысу, Банктің қаржылық тұрақтылығын
нығайту, Республика халқы жағынан да, халықаралық қаржылық институттар
жағынан да Қазақстанның банк жүйесіне деген сенімді ұлғайтуға жағдай жасау.
Банктің негізгі қызметтері мыналар: корпоративті банкілік операцияларды
жүргізу, сауданы қаржыландыру, шағын мен орта бизнес субъектілеріне және
жеке тұлғаларға қызмет көрсету, бағалы қағаздар және валюталармен сауда
жүргізу, сонымен қатар несиелік және төлем карточкалары бойынша қызмет
көрсету.

Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның негізгі қаржылық көрсеткіштерінің динамикасы

Көрсеткіштердің атауыөлшем бірлігі2003 2004 09.2005
Активтер млн.тг 129989 196498 252768
Жарғылық капитал млн.тг 5422 9669 12073
Меншікті капитал млн.тг 8053 16422 20010
Барлық несиелер млн.тг 87462 132377 161570
Оның ішінде: млн.тг 80031 119747 142229
заңды тұлғалар
жеке тұлғалар млн.тг 7431 12630 19341
Барлық депозиттер млн.тг 103268 134460 153316
Оның ішінде млн.тг 50514 65218 70630
заңды тұлғалар
жеке тұлғалар млн.тг 52754 69242 82686
Таза пайда млн.тг 233 2561 3703

Кестеге қысқаша сипаттама берсек, жалпы барлық негізгі қаржылық
көрсеткіштер қарастырылған үш кезеңде де өсуін байқаймыз. Бұл жеткен
жетістіктер Халық банкінің Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасында
алдыңғы қатарлы орынға шығуына толық негіз береді, сонымен қатар қол жеткен
нәтижелерге Банктің жоғары мамандандырылған персоналдың болуы, аймақтық
желісінің жұмыс тиімділігінің өсуі мен дамуы, жоспарлануы және активтер мен
пассивтерді тиімді басқару саясаты үлкен ықпалын тигізуде.

2. Кәсіпорындағы басқару үрдісі, деңгейлері және менеджмент принциптері.

Банктің басқарушылары – Директорлар кеңесінің төрағасы және мөшелері,
Басқарма төрағасы және мүшелері, құжаттарға қол қоюға құқығы бар және
Банктің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін бақылайтын және үйлестіретін
басқа да басқарушылары, Банктің бас есепшісі мен оның орынбасарлары,
филиалдардың бірінші басқарушысы және бас есепшісі болып табылады.

Қазақстан Халық Банкі АҚ Жезқазған аймақтық филиалының ұйымдық
құрылымы

Банктің ұйымдық құрылымы – сызықтық-функционалды. Басқару үрдісі –
орталықтандырыған. Барлық жобалар мен келісім-шарттар банк басшылығымен
кеңесу арқылы шешіледі.

Қазақстан Халық Банкі АҚ Жезқазған аймақтық филиалының
Дербес қызмет орталығы жөнінде ереже

1. Жалпы ережелер.

1. Осы Ереже - Қазақстан Халық Банкі АҚ Жезқазған аймақтық филиалы
(бұдан әрі - Банк) қызметінде Дербес қызмет орталығының (бұдан әрі -
ДҚО) орны мен маңызын анықтайды.
2. ДҚО Банктің Жезқазған аймақтық филиалының (бұдан әрі - Филиал)
құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
3. ДҚО-ның штаттық саны мен ішкі құрылымы Банк Басқармасымен бекітіледі.
ДҚО-ның штаттық саны мен ішкі құрылымының өзгеруі Банк Басқармасының
өкімі негізінде жүзеге асады.
4. ДҚО-ның қызметкерлері Филиалдың директорына, бөлшек бизнесті
қадағалайтын директордың орынбасарына тікелей бағынады.
5. ДҚО бөлім жетекшісімен басқарылады. Жетекші – Банктің орнаған ішкі
ережелері және келісілген процедураларды сақтау негізінде филиал
Директорының инициативасы бойынша Банк Басқармасы Төрағасының бұйрығы
негізінде қызметке орналасады және қызметтен босатылады.
6. ДҚО операция-кассалық жұмыскерлердің жұмысын қадағалайды және
клиенттерге сапалы қызмет көрсететін, іскерлік этика, еңбек тәртібін
сақтау мәселелері бойынша ДҚО-на қызмет көрсетушілерді қадағалайды.
7. ДҚО өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына,
іскерлік этиканың жалпы қабылданған стандарттарына, Жарғыға және
Банктің ішкі құжаттарына, оның ішінде осы Ережеге жүгінеді.

2. Бөлімнің мақсаттары.

8. Банк филиалының құрылымдық бірлігі ретінде ДҚО – орта сегмент
клиенттеріне қызмет көрсетуден табыс алуға талпынады.

3. Бөлім міндеттері мен функциялары.

9. Бөлім міндеттері:
1) орта сегмент клиенттерінің базасын ұлғайту есебінен Банк филиалының
активтері мен пассивтерінің құрылымын диверсификациялау;
2) орта сегмент клиенттеріне қызметтің персоналды деңгейін көрсету;
3) аймақтың бөлшек банк рыногында маркетингтік іс-шараларды жүргізу.
10. Бөлім функциялары:
1) орта сегмент клиенттеріне бөлшек және басқа да қаржылық өнімдерін
сатуды жоспарлау;
2) орта сегмент клиенттері үшін Банктің өкілетті органы бекіткен бөлшек
және басқа да қаржылық өнімдерді сатуды жүзеге асыру;
3) орта сегмент клиенттерімен бекітілген жұмыс істеу технологиясын
сақтау;
4) орта сегмент клиенттеріне бағытталған маркетингтік іс-шараларды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
5) орта сегмент клиенттеріне персоналды қызмет көрсетуді қамтамасыз
ету;
6) ДҚО-ның қызметі жөнінде шынайы есепті қамтамасыз ету;
7) клиенттерге консультация беру, құжаттарды қабылдау және ресімдеу,
жұмыстың бекітілген технологиясына сәйкес келісім-шарттарды дайындау;
8) Банктің өкілетті органы орнатқан өкілеттілік шеңберінде шешімдерді
қабылдау және келісім-шарттарға қол қою.
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның Дербес қызмет орталығы жетекшісінің
функционалды міндеттері Бөлім жетекшісі келесідей негізгі функционалды
міндеттерге тікелей персоналды жауапкершілікті өз мойнына алады:
Жоспарлау функциялары:
1) бизнес-жоспарды, Бөлім бюджетін құру, орындау бойынша есептерді
дұрыстау;
2) Бөлім жұмысының оперативті жоспарын, орындау бойынша есептерді
құру;
3) Бөлім клиенттерімен байланыс жоспарын, нәтижелер жөнінде есептерді
құру;
Әкімшілік функциялары:
1) Бөлім менеджерлерінің, ассистент менеджерлердің жұмыстарын
ұйымдастыру және олардың қызметтерінің мониторингі;
2) орта сегмент клиенттерімен менеджерлердің және ассистент
менеджерлердің жұмыс технологиясын орындалуын бақылау;
3) менеджерлердің және ассистент менеджерлердің орта сегмент
клиенттеріне персоналды қызмет көрсетулерін қамтамасыз етуді
бақылау;
4) менеджерлердің орта сегмент клиенттері үшін Банктің өкілетті
органы бекіткен бөлшек және басқа да қаржылық өнімдерді сатудың
жүзеге асырылуын бақылау;
5) аймақтағы орта сегменттің қатысында Бас Банктің бақылайтын
бөлімшесі жетекшілерінің тапсырмасымен маркетингтік іс-шараларды
(анкета жүргізу, сұрау салу және т.б.) жүргізуді ұйымдастыру және
үйлестіру;
6) клиенттерге (В-1, В-2 категориясындағы жеке тұлғалар) сатуды
жүзеге асыруды филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-
әрекеттерін үйлестіру;
Орындау функциялары:
1) орта сегмент клиенттері үшін Банктің өкілетті органы бекіткен В-
1 категориясындағы клиенттерге бөлшек және басқа да қаржылық
өнімдерді сатуды жүзеге асыру;
2) бар клиенттерді сақтау бойынша жұмыс (В-1 категориясындағы жеке
тұлғалар), сонымен қатар клиенттерге көрсетілетін банк қызметінің
көлемін ұлғайту бойынша жұмыс (В-1 категориясындағы жеке
тұлғалар);
3) клиенттерді (В-1 категориясындағы жеке тұлғалар) жаңа қызметтер
және оларды беру жағдайлары туралы, белгілі бір өнімнің қызмет
мерзімінің аяқталғаны туралы және өнімнің жаңаға ауысуы немесе
ұзартылуы бойынша ұсыныстарды дайындау жөнінде уақытылы
ақпараттандыру;
4) клиенттер үшін (В-1 категориясындағы жеке тұлғалар) өнімдердің
топтық комплекстерін құру;
5) клиенттерге (В-1 және В-2 категориясындағы жеке тұлғалар)
жарнаманы өңдеу және қабылдау негізінде көрсетілетін қызметтердің
және өнімдердің сапасын жақсарту бойынша ұсыныстарды дайындау;
6) Банк Филиалында VIP-қызмет бөлімі жоқ болса, VIP менеджерді VIP-
сегмент клиенттерімен жұмыс істеуге ауыстыру;
7) банктің барлық қызметтерінің мәселелері бойынша клиенттерге (В-1
категориясындағы жеке тұлғалар) консультациялар жүргізу;
8) қызметке клиенттерді (В-1 категориясындағы жеке тұлғалар) тарту
бойынша жұмыс;
9) кепіл заттың бағасын анықтауға қатысу және бекітілген өкілеттілік
шеңберінде қамтамасыз етудің басқа да түрлерінің ликвидтілігін
анықтау;
10) клиенттердің (В-1 категориясындағы жеке тұлғалар) бөлшек және
басқа да қаржылық өнімдер бойынша құжаттарды қабылдау. Алынған
құжаттарға талдау жасау, шешімдерді қабылдау үшін қорытындыны
дайындау. Клиенттер бойынша (В-1 және В-2 категориясындағы жеке
тұлғалар) өкілеттілік шеңберінде бөлшек және басқа да қаржылық
өнімдер бойынша шешімдерді қабылдау.
Қазақстан Халық Банкі АҚ-нда басқарудың тиімділігін арттыру үшін
Банк менеджерлеріне мынадай талаптарды ұсынар едім:
1. Кәсіпкерлік ықпалы жоғары, беделді өз қарамағындағыларға жұмыс істете
білетін
лидер болуы қажет.
1. Менеджер әкімшілікпен жақсы тіл табыса алатын, ішкі және сыртқы қарым-
қатынасты реттеп отыратын дипломат болуы қажет.
2. Менеджер жастарға тәрбие бере алатын адамгершілік қасиеті бар, ұжымды
дұрыс жолға қойып, дұрыс бағыт беретін тәрбиеші де болуы қажет.
3. Менеджер қазіргі ғылымның ролін жақсы түсінетін инноватор болуы қажет.
4. Менеджер білімі терең, мәдениеті жоғары, әділ, барлық жағынан да үлгі
боларлық адам болуы қажет.
5. Менеджер адамдармен жұмыс істейтін ұйымдастырушы болуы қажет.
6. Менеджер қасындағы адамдарды жұмысқа жұмылдыратын энтузиаст болуы
керек.
7. Менеджер орындалған жұмыстардың жақсы жағына мән беретін бақылаушы
аналитик және сапаны анықтайтын маман болуы қажет.

3. Өндірісті немесе қызмет көрсетуді басқару үрдісі.

Бөлшек несиелеудің кезеңдері:
1. Потенциалды несие алушыны алдын-ала зерттеу, кеңес беру және құжаттарын
қабылдау;
1.1. Потенциалды несие алушы хабарласқанда, несие маманы төмендегідей
әрекеттерді орындайды:
1.1.1. Несие қандай мақсатқа алынатыны, қандай мерзімге және қандай несие
сомасы керектігі анықталады;
1.1.2. Несиені берудің тәртібін түсіндіреді және несиені алуға қажетті
құжаттарға және несие алушыларға Банктің қандай талаптары бар екендігін
түсіндіреді;
1.1.3. Потенциалды несие алушыны алдын-ала зерттейді:
Потенциалды несие алушыны алдын-ала зерттеу несие алушының статусына,
табыстарына, шығыстарына қатысты алғашқы ақпарат негізінде жүргізіледі. Бұл
ақпарат несие алушының потенциалды мүмкіндіктерін анықтау мақсатында
жүргізіледі. Алайда алғашқы ақпарат заңды құжаттармен расталмауы мүмкін.
Потенциалды несие алушыны алғашғы зерттеу жүргізу үшін несие маманы несие
алушының Банктің жалақы жобасының қатысушысы ма екендігін анықтайды; несие
алушы өзінің табыстарын және жанұя мүшелерінің табыстарын құжаттармен
растай алатындығын анықтайды және несие алушының кепілге ұсынатын меншікті
алу мүмкіндігін қарастырады.
1.2. Несие алушыдан қажетті барлық құжаттарды алып, несие маманы
келесілерді орындайды:
1.2.1. Несие алушыдан қабылдаған құжаттардың екі данасын құрайды, оның
біреуін несие алушыға береді;
1.2.2. Қабылдаған құжаттардың дұрыс толтырылғандығын және толықтығын
тексереді. Егер несие алушының құжаттарын тексерген жағдайда құжаттардың
қолдан жасалғандығы немесе мәліметтердің жалғандығы анықталса, онда несие
маманы несие арызында осы фактілерді жазып, несие алушыға несие беру
мәселесін одан әрі қарамайтындығын және құжаттарды бермейтіндігін
ескертеді;
1.2.3. Несие арызын – несие арызын тіркеу журналында тіркейді. Арызда
тіркеу күнін және номерін қояды.
1.2.4. Несие алушыны Банкпен ерекше қатынастармен байланысқандығын
тексереді.
1.3. Несие арызын тіркеген соң несие маманы несие алушыға андеррайтинг
жүргізеді.
1.4. Несие маманы андеррайтингті жүргізумен қоса несие алушыдан алған
құжаттарды заң қызметіне, қауіпсіздік қызметіне тексеру үшін жібереді және
несиені беру мүмкіндігі жөнінде резюме құрайды.
1.5. Заң қызметінің маманы қызмет бабындағы хатты және құжаттардың толық
пакетін алған соң 3 күн ішінде алынған құжаттардың құқықтық экспертизасын
жүргізеді де несие маманына заң қорытындысын береді.
1.6. Андеррайтингті аяқтағаннан кейін және Банк филиалының мүдделі
қызметтерінен қорытындыны алған соң, несие маманы құрылған құжаттар
пакетіне экспертиза жасау үшін филиалдың тәуекел менеджеріне жібереді.
1.7. Филиалдың несие бөлімшесінің жетекшісімен резюмені келісіп, несие
пакетін құрып, несие маманы Банк филиалының бөлшек несиелеу бойынша
филиалдың өкілетті тұлғасына несие беру жөнінде мәселе қояды.
1.8. Филиалдың өкілетті тұлғасы жоба бойынша келесідей шешімдерді
қабылдауға құқылы:
1) несиені беру (несиенің мөлшерін, несиені жабу мерзімін және сыйақы
ставкасын көрсетумен);
2) несиені бермеу.

Народная плюс атты бөлшек несиелеудің бағдарламасы

Жағдайдың мінездемесі

1. Осы Бағдарламаның мақсаты – Банк филиалдарымен тұтынушылық мақсаттарға
берілген несиелердің мақсатты пайдаланылуын тексерместен несиелерді беру
болып табылады.
2. Несие теңгемен, АҚШ долларымен немесе ЕВРО-мен беріледі.
3. Несие қолма-қол түрде де, қолма-қолсыз түрде де, яғни ұйымның банкілік
шотына аудару арқылы.
4. Несиені пайдаланудың минималды және максималды мерзімі, сыйақы ставкасы
жеке тұлғаларды несиелеудің бағдарламалары бойынша сыйақының базалық
ставкаларын, мерзімін бекіту жөніндегі мәселелерін қарастыру функциясына
кіретін Банктің өкілетті органның шешімімен бекітіледі.

Мақсатты топ

5. Осы Бағдарлама Банк филиалдарының жалақы жобаларының қатысушысы болып
табылатын жеке тұлғаларға ғана арналған.

Несие тапсырысын қарастыру мерзімі

6. Несие тапсырысын қарастыру мерзімі 3 жұмыс күнінен аспауы қажет.

Қамтамасыз етілуі

7. Осы Бағдарламамен берілген несиелердің қамтамасыз етілуі – несие
алушының болашақта түсетін ақшасы болуы қажет.

Сақтандыру

8. Осы Бағдарлама шеңберінде берілген несиелер бойынша жеке (қайғылы
оқиғалардан және ауырып қалудан) және меншіктік (кепіл заттың) сақтандыру
талап етілмейді.

Несие алушының жеке қаражатымен қатысуы

9. Несие алушының жеке қаражатымен қатысуы талап етілмейді.

Ерекше жағдайлар

10. Несиелік тапсырмамен қоса несие алушының құқықтық статусын растайтын
құжаттарды беруі керек. Несие алушының жалақы шотынан выписканы алу несие
маманына жүктеледі.
11. Несие алушының жалақы шотынан алынған выписканың негізінде несие
алушыға андеррайтинг жүргізеді.
12. Осы Бағдарлама бойынша берілетін несиелер бойынша Банк Тарифтері
бекітілген мөлшерде несиені берген үшін бір ретті комиссиялық сыйақыны
төлеу қарастырылған. Комиссиялық сыйақының сомасы Банкпен банкілік несиенің
келісім-шарты негізінде алынады. Банкпен банкілік несиенің келісім-шарты
негізінде алынады.

Несиелік досьенің құрамы

13. Осы Бағдарлама бойынша берілген әрбір несие бойынша несие досьесінің
құрамына келесілер кіруі қажет (минималды тізім):
1) несие тапсырысы;
2) несие алушының анкетасы;
3) несие алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
4) несие алушының СТН (РНН) көрсетілген справканың көшірмесі;
5) соңғы алты ай үшін несие алушының шотына түсетін жалақының выпискасы;
6) жоба бойынша резюменің түпнұсқасы немесе көшірмесі;
7) ссудалық шотты ашуға өкім және несие алушының ағымды шотына несие
сомасының түсуі жөнінде расталуы;
8) банкілік несие келісім-шартының түпнұсқасы;
9) банкілік несие келісім-шартының қызметі мерзімінде туындайтын басқа да
қажетті құжаттар.

4. Шешім қабылдау үрдісі.

Қазақстан Халық Банкі АҚ Жезқазған аймақтық филиалының Дербес
қызмет орталығында шешім қабылдау үрдісі қалай жүзеге асырылатынына
тоқталайық. Дербес қызмет орталығы 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап
халыққа Ипотека Lights бағдарламасы бойынша несиелер беруде. 2004 жылдың
1 шілде күнгі мәліметтер бойынша Жезқазған қаласының 86 тұрғынына 67750000
мың теңге көлемінде ипотекалық несиелер берілген. Бір мысалды келтірейік.
2004 жылдың 16 маусымы, Несие комитеттің отырысы. Отырысқа комитеттің
төрағасы мен мүшелері толық қатысуда.
Сұрақтың қаралуы:
Баяндамашы - Дербес қызмет орталығының қызметкері – Карменбаев Н.
Тапсырыс беруші – Жингилбаева А.А.
Несие алушының сұраулары: қаржылық құрал – несие, несие соммасы –
12400 АҚШ доллары, мақсаты – тұрғын үй сатып алу, несиені қайтару мерзімі –
15 жыл, Банк үстемақысы - 9% жылдық, несиені қайтару тәртібі – әр айдың
белгіленген күнінде төлеу, несиенің қамтамасыз етілуі – Банк филиалында
сақталып тұрған 3720 АҚШ доллары мөлшеріндегі салым және сатып алынатын
тұрғын үй.
Несиелік комитеттің шешімі:
Дербес қызмет орталығының қорытындысын қарап, Несие комитеті
келесіні қабылдады:
Келесі жағдайлар негізінде Бас Банктің алдында Жингилбаева А.А.
азаматшаға несие беруін өтінді:
Несие алушының сұраулары: қаржылық құрал – несие, несие соммасы –
12400 АҚШ доллары, мақсаты – тұрғын үй сатып алу, несиені қайтару мерзімі –
15 жыл, Банк үстемақысы - 9% жылдық, несиені қайтару тәртібі – әр айдың
белгіленген күнінде төлеу, несиенің қамтамасыз етілуі – Банк филиалында
сақталып тұрған 3720 АҚШ доллары мөлшеріндегі салым және сатып алынатын
тұғын үй.
Ерекше жағдайлар: тұрғын үйді және несие алушыны қайғылы оқиғадан
сақтандыру.
Несие комитетінің барлық мүшелері қолдап дауыс берді.
2004 жылдың 17 маусымы Алматы қаласындағы Несие комитетінің отырысы.
Сұрақтың қаралуы:
Баяндамашы: Дербес қызмет орталығының қызметкері – Карменбаев Н.
Тапсырыс беруші – Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның Жезқазған аймақтық
филиалы.
Несиенің шарты:
Несие алушының сұраулары: қаржылық құрал – несие, несие соммасы –
12400 АҚШ доллары, мақсаты – тұрғын үй сатып алу, несиені қайтару мерзімі –
15 жыл, Банк үстемақысы - 9% жылдық, несиені қайтару тәртібі – әр айдың
белгіленген күнінде төлеу, несиенің қамтамасыз етілуі – Банк филиалында
сақталып тұрған 3720 АҚШ доллары мөлшеріндегі салым және сатып алынатын
тұрғын үй.
Несие комитетінің шешімі:
Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның Жезқазған аймақтық филиалы Несие
комитетінің шешімін қарап, Несие комитеті келісіні қабылдады:
Жингилбаева А.А. азаматшаға келесі жағдайларды ескеріп, банкілік
несиені ұсыну:
Несие алушының сұраулары: қаржылық құрал – несие, несие соммасы –
12400 АҚШ доллары, мақсаты – тұрғын үй сатып алу, несиені қайтару мерзімі –
15 жыл, Банк үстемақысы - 9% жылдық, несиені қайтару тәртібі – әр айдың
белгіленген күнінде төлеу, несиенің қамтамасыз етілуі – Банк филиалында
сақталып тұрған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банк активтерінің құрылымы
Екінші деңгейлі банктердің пайыздық тәуекелін басқару
Екінші деңгейлі банктердің өтімділік және төлем қабілеттілігінің экономикалық мазмұны
Банктік тәуекелді басқару және бағалау әдістері
Екінші деңгейлі банктерде қаржы тәуекелін жүзеге асыру
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілері
Банктік менеджмент
Мерзімді салымдар банкі
Қаржы және банктер
Шетел тәжірибесіне сүйене отырып, банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіру
Пәндер