Банк қызметін жүзеге асыру


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе3

1 Банк түрлерi және олардың атқаратын қызметтері3

1. 2 Банк қызметін жүзеге асыру3

2 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы, элементтері мен мазмұны5

2. 1 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы5

3 Банктiк қызметтердің даму перспективалары мен мәселелерi5

Қорытынды9

Қолданылған әдебиеттер тізімі10

Кіріспе

Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпорындарының алдында тұрған мәселелердің бірі - ұзақ мерзімді инвестицияларды (бір іске, кәсіпке капитал салынуы) өнеркәсіптің дамуын табу және оны енгізу, жаңа құралдарды сатып алу, жаңа технологияны пайдалану. Санақ бойынша, Қазақстандағы 70 пайыздан астам құралдар он жылдың көлемінде пайдаланылған. Кәсіпорындардағы жаңа құрал-жабдықтардың пайызы 1990 жылмен салыстырғанда 29% 2000 ж 5% түскен. Банк жүйесінің нашар дамығандығынан инвестициялық несие алу мүмкіндігі шектеулі, әрине осы тұрғыдан лизинг әдісі өте қолайлы және қаржылық әдістің өнеркәсіпті жаңартудың ең тиімді тәсілі.

Өнеркәсіпті дамытуда және жаңа кейіпке енуінде, ең бастысы қаржыландырудың бастапқы қайнар көзін табу, әрине, өздігінше жаңа жабдықтарды сатып алуға және оны үйлестіруге болады, бірақ кейбір кәсіпорындарды бұл қатарға жатқыза алмаймыз. Жаңа заманның талабына сай құралдарды сатып алу үшін де кіріс салығын төлеу қажет.

Қаржыландырудың басқа жолы - несие. Алайда қазіргі несие берушілердің инвестициялық жобаларды қаржыландыруда ақша қорын ескерсек, несие берушілер қаржымен қамтамасу етуалдында қатаң талаптар қояды. Мысалы, жылжымайтын мүлік салу (бұны несиеалушылардың барлығының қалтасы көтермейді)

Бұл мәселені шешудің үшінші әдісі бар, яғни қаржылық жалға беру (лизинг) . Бұл жалға беру түрі қазіргі халықаралық әдістерде көп пайдаланылуда. АҚШ бүкіл инвестициялық лизингі 31 пайыз, Ұлыбритания 24 пайыз, Швеция және Франция 15 пайыз, Испания 14 пайыз. Қазақстанда лизингке үлкен назар аударуда. Мемлекеттік тұрғыдан бірнеше қаулылардың қабылдауына байланысты, біздің елімізде кең етек жаюда.

1 Банк түрлерi және олардың атқаратын қызметтері

1. 2 Банк қызметін жүзеге асыру

Банк операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ банкілердің осы бапта белгіленген өзге де операцияларды жүргізуі банк қызметі болып табылады.

Банк операцияларына мыналар жатады:

а) заңды тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

ә) жеке тұлғалардың депозиттерін, банк шоттарын ашуды және жүргізуді қабылдау;

б) банкілер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;

в) осы адамның иелігіндегі тазартылған бағалы металдардың нақгы саны көрініс табатын жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу;

г) кассалық операциялар: банкноттар мен мәнеттерді қабылдау, беру, қайта есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;

д) аудару операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақшасын аудару жөніндегі тапсырмаларын орындау;

е) есептеу операциялары: заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу (дисконт) ;

ж) заемоперациялары төлем мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес: ақшалай түрде несие беру;

з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның ішінде корреспондент банктердің тапсырмасымен олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;

и) сенім (трасталық) операциялары: сенім білдірілген адамның мүддесі үшін және соның тапсыруымен ақшаны, тазартылған бағалы металдарды және құнды қағаздарды басқару;

к) клиринг операциялары: төлемдердіжинау, салыстыру, сорттау және растау, сондай-ақолардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;

л) сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау жөніндегі қызметтер;

м) ломбард операциялары: сақтауға алынып оңай өтетін бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып, қысқа мерзімді несиеберу;

н) төлем карточкаларын шығару;

о) банкноттарды, мәнеттер мен қазыналарды инкассациялау және басқа жаққа салып жіберу;

п) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

р) төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельдерді қоспағанда) ;

с) чек кітапшаларын шығару;

т) бағалы қағаздар рыногындағы клирингтік қызмет;

у) аккредитивті ашу (ұсыну) мен растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;

ф) ақша түрінде орындалуды көздейтін банк кепілдіктерін беру;

х) үшінші тұлғалар үшін ақша түрінде орындауды көздейтін банктік кепіл болушылықтар мен өзге де міндеттемелер беру.

Жоғарыда аталған операцияларды жүргізу үшін банкілерге және басқа заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк қана беруге құқылы.

Осы көзделген операциялар жүргізуге арналған лицензия уәкілетті органның келісуі бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру женіндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.

Басқа банкілер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Ұлтгық Банкінің лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

а) қымбат тазартылған бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, қымбат тазартылған бағалы металдардан жасалған монеталарды, дәрігерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

б) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақгау және сату;

в) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен ескертпелі вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;

д) лизинг қызметін жүзеге асыру;

е) өз меншігіндегі бағалы қағаздарды (акцияларды қоспағанда) эмиссиялау;

ж) факторингтік (сауда-саттық) төлем ету құқығына ие болу;

з) форфейтингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міңдеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу.

2 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы, элементтері мен мазмұны

2. 1 Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы

Ақша аудару туралы шарт бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиентке бір ыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді.

Банктің клиентке бір ыңғайландырылған дербес код өнбей-ақ ақша аудару тәртібі банк қызметін реттейтін заң актілерімен белгіленеді.

Егер банк қызметін реттейтін заң актілерінде өзгеше көзделмесе, егер банк клиенттің тапсырмасын клиент оған осындай банктік қызмет көрсету туралы ұсыныс жасаған кезде орыңдауға қабылдаған жағдайда, банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледі.

Банктік қызмет көрсету шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенеді.

Банктік қызмет көрсету шарты:

1) банктік шот шарты;

2) ақша аудару шарты;

3) банк салымы шарты;

4) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де шарт түрлері болып бөлінеді.

Банк клиенттің өз ақшасына кедергісіз иелік жасау құқығына кепілдік бере отырып, шотта бар ақшаны пайдалана алады.

3 Банктiк қызметтердің даму перспективалары мен мәселелерi

Лизингтiк мәмiлеге келу, заңдық жағынған оңай еместiгiн ескере отырып, менiң ойымша нормативтік құқықтың база нарықтағы лизинг қызметiнiң шегi үлкен орын алады деп ойлаймын.

Қаржылық жалға беру (лизинг) Қазақстанда қарқынды және байсалды дамып келе жатырған қаржылық құрал. Қазiргi таңда, лизингтiң дамуына қолайлы салық жүйесi, осыған сәйкес лизингалушылар лизинг тарапына барлық лизинг төлемдерiн өндiрiстiк шығысқа өнеркәсiптiң өрбуiне ақша қорын құюда. Елiмiздiң нормативтiк құқықтық базасы лизингтiң мәмiле жасауда барлық қатынастарда жеңiлдiктер бередi.

Менiң ойымша, нормативтi-құқықтық орта соңғы он жылдықта едәуiр нашар деп айтсам, артық кетпес. Ең бiрiншiсi ол, елiмiзде “Лизинг жөнiнде” деп аталатын заңның қабылдануы және ҚР Ұлттық Банкiнiң ағымымен көп келушi капиталды реттеуi, кетушi капиталды, бухгалтерлiк есеп бойынша көптеген нормативтi актiлер қабылданып, қаржылық және қадағалаушы бөлiмдердiң ұйымдардың лизинг мәмiлесiне салық төлетуi лизингтiң дамуын едәуiр төмендегендей. Бiрақ, көптеген қиыншылық-қайшылықтарға қарамастаң нормативтi актiлер керектi ортаны лизингтiк мәмiлеге отырушыларға жәрдемдесуде.

Бүгiнгi күнi лизингтiк мәмiленi қадағалаушы 2 тарау -ҚР Азаматтық кодексi және 29 қазан 1998 жылы шыққан №164-3 “Лизинг жөнiнде” атты зандар.

Азаматтық кодекс лизинг нормасын жалпы нормалардан (жалға беру) жоғарыға қойған. Азаматтық кодекс 625 бабына сәйкес, жалға берудiң (лизингтi қоса) бөлек түрлерiне жалпы жалға беру ережесi ортақ, егер 01 Азаматтық кодексінде белгiленбеген болса (ол мәмiлелер жөнiнде) .

Лизинг алушыға егерде сатушы өзi таңдап алса, лизинг кемшiлiктерiне айып сатушының мойнында. Бұл жағдайда, барлық талаптар лизинг алушыдан сатушыға жолданады. Азаматтық кодексінде 670 бабы 1 тарауы және 10 бап 4 тарау ережесi бойынша, сауда-саттық мәмiлесiне сәйкес сатушы лизингалушының алдында жауапты.

Лизинг алушы мерзiмiнде лизинг төлемiн төлеуi мiндеттi. (АК 614 бап) . Ереже, уақыт және тәртiбi мәміле бойынша. Егер де мәмiледе бұл жағдайлар қарастырылмаса, ереже бойынша шарт, тәртiп, уақыт әрдайым лизингте пайдаланылатын нысан тәртiбiнде жүредi. Тездетiлген амортизация екi жақты шартта қол қойылған талапта ғана қолданылады. Лизинг шартымен тездету коэффициентiнiң көлемi 3 артық аспауы керек.

Лизингтеушi лизингтiң иесi бола отырып, лизингтi пайдалануда қадағалау жұмысына құқы бар, сонымен қатар лизингалушының қаржылың (лизингке қатысы бар тарапта және лизинг алушының мәмiле ережелерiн бұзбауы) жағынан қадағалауға құқылы. Лизинг берушiнiң мақсаты және тәртiбi мәмiледе толтырылғандай.

Лизинг компанияларының қиыншылық туатын салалары бухгалтерлiк есеп ережесiнiң тәртiбiн және салық салу ережелерiн қадағалау. Лизинг компанияларының басшылары көбiнесе салық инспекторларының ереженi талқылаумен келiспеуi (кәсiпорынмен ұсынылған) азын-аулақ сомадағы айыппұлға әкеледi.

Фактор регресс құқын пайдалана отырып, қамсыздандыруға тұтынушының төлем ақысын төлемейтін бастауынан кейін, борышқорлық талабын сатып алуға хұқылы. Егер қамсыздандырушы қауіпті қауіп-қатердің тууын дәлелдесе, немесе өздерінің тұтынушыларының несие төлей алатындығына көзі жетсе ғана құрастырылады. Бұл негізге қамсыздандырушы қауіп-қатерді қауіпсіздендіру қызметіне ақша төлеуді ұйғарады. Бірақ, біркелкі қамсыздандырушыға «ақша» регреске хұқы жоқ мәміледе ғана құйылады. Егер борышткорлық талап жарамсыз деп табылса (қамсыздандырушы, тұтынушы сұрамаған тауарды берсе немесе берілген шоттың құнын азайтса), фактордың не дегенімен де регресс хұқы (қайтару) бар.

Бірінші жағдайда фактор тұтынушысы өнімді тиегеннен кейін, фактор аруылы өз сатып алушысына есеп-айырысу шотын ұсынады (тұтынушының пайдасына орай шарт бойынша 30 тәуліктен 120 тәулікке дейін) . Азайтылған борыштың талаптар (қосымша алымдарды есептемегенде) қамсыздандырушының атына қауыпты қойылған күні немесе нақты келісілген уақыттың біткенінше (тамамдалғанынша) аударылады.

Алдын-ала төлеу кезінде банктің факторинг бөлімі тұтынушының шот фактурасын, тиелген тауардың 80%-90% тәртібімен, яғни өз тұтынушысының аударымдағы капиталына аванс (алдынғы төлем) береді (шот фактурасына дисконт жасауды) қалған 10%-20% ақша тұтынушыға төленбейді, ол ақша сатып алушылар тарапынан наразылық туған жағдайдағы төлем - ақы, болып бекітіледі. Мұндай қызмет түрлері жанадан көтеріліп келе жатырған кәсіпорындарына қолайлы факторинг қызметі арқылы қарызға сатылатын өнімді, нақты ақшаға айналдыруға, яғни капитал айналымының тездетуіне әкеледі. Алдын-ала төлемнің ыңғайлылығы, ол борыштық талапқа қарағанда нақ жағдайда өтеді. Қамсыздандырушы автоматты түрде сауда-саттықтың көбеюіне көбірек пайда түсіреді.

Ресейде факторингтік операциялар ең бірінші рет 1 қазанда 1988 жылы ленинградтық Промстройбанкіде пайдаланылды. Ал 1989 жылдан бастап факторинг бөлімшелері елдің басқада банк орталықтарында ашыла бастады. Факторинг бөлімшелерінің басты мақсаты мәлім және төлемақы негізінде кәсіпорындарына әр түрлі несиелік есеп -айырысу операцияларында жәрдем беру, яғни тауарға және қызмет көрсету ақысын тездетіп жеткізу.

Қазіргі кезде факторингтік бөлімшелер тұтынушыларға жаңа қызмет түрлерін көрсетеді.

  • Қамсыздандырушы - кәсіпорындардан тауар операциялары бойынша (нақты сатушы немесе сатып алушылар тобы) төлем - ақы құқын алды, яғни бұл алдын-ала факторингпен келісімді (сатып алынған тауардың қарызын түсірілген және көрсетілген қызметтерге тауардың төлемақы қарызын сатып алу) .
  • Қамсыздандырушы - кәсіпорындардың тауарларға, жасалған қызметтерге, сатып алушылардың уақтылы төленбеген қарыздарын, дебитор борышқорлығын сатып алу.

Бірінші топтағы операция қызметінің маныздылығы бөлімше өз қорына қамсыздандырушыға табыс етілген тасырыстарды банкке «инкассаға» (жәшікке салу) дәлме-дәл, күнбе-күн салу кезенінде төлемдік талабын өз мойнына алу. Бұл шартта қамсыздандырушы факторингке өз сатып алушыларынан түсетін ақшаны алу хұқын беруі міндетті (факторинг шотына) . Алдын-ала төлем төлеу талабы - (сатып алушыдан ақша түспеуіне қарамастан), яғни фактордың (банк) қамсыздандырушыны несиелендіруі мұнда қамсыздандырушы сатып алушының төлем төлеу қабілеттілігіне бағынышты емес екендігін дәлелдейді. Нәтижесінде, қамсыздандырушысы дер кезінде шотына ақша түсіреді, ал фактор клиенті өз борышсыз уақтылы ақшаны төлейді, мұндай есеп-айырысу төлем төлеу қабілетсіздігін жояды.

Тауарлық операцияларда фактор дебитор борышын сатып аларда, фактор қамсыздандырушыға өз қорынан белгіленген борышты астан-кестен жағдайда емес, нақты қағидалар мен алады, төлем төлеуді үш айдан артық ұзартпау және төлеуші банктен « төлеушінің төлем қабілеттігі бар» немесе «төлем төлеу қабілеттігі жоқ», несиелендіруден толық созылмалы деген қолхат арқылы деген жағдайда ғана сатып алады. Тұтынушының факторға уақыты асқан дебиторлық борыштары үлкен қатерге соқтырады. Бұл дегеніміз комиссиялық сыйақыдан 1, 5-2 есе асып түседі, фактор тауардан қарызды сатып алғанмен салыстырғанда (уақытынан ертерек тиелсе) .

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банкілік қызметін мемлекеттік реттеу
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
Банкілердің құқықтық мәртебесінің өзгеруі
Банктік қызмет
Екінші дедгейлі Туран Алем банк қаржылық операциялары
ҚР банктік қызметті реттеу тәртібі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің нарықтық жағдайдағы алатын орны
Қаржылық институттардың қызметін реттеу
Банк филиалдары мен өкілдіктері
Ұлттық банк: оның мақсаттары, міндеттері мен қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz