ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША - НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
I ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары 4
1.2 Ақша-несие саясатының қызмет етуінің іске асуының құқықтық негізі 9
ҚОРЫТЫНДЫ 13
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 14
КІРІСПЕ
Еліміздің нарықтық экономикаға өтуіне байланысты экономиканың тиімді
және тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін елдегі ақша қатынастарын, оның
құнсыздану дәрежесін, ақшалардың және несиенің айналысын, олардың көлемін,
банк және қаржы жүйелерінің қызметтерінің тиімді жүргізілуін, сондай-ақ
тұрақты дамуға бет алуын реттеу құралдары мен саясаттарын ұтымды жүргізу
мемлекеттің және қаржы саласының негізгі міндеті мен мақсаты болып
табылады. Осы аталған экономика салаларын реттеудегі кең қолданылатын
саясаттардың бірі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкік жүргізетін ақша-
несие саясаты болып табылады.
Бұл саясатты іске асыруда Ұлттық банк өзінің іске асыратын
шаралары туралы мемлекеттік қаржы жүйелерімен біреге отырып анықтайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің ақша-несие саясатының басты
мақсаттарына ұлттық экономиканың даму деңгейіне қарай ол 2002 жылға дейін
банк жүйесінің қызметтерін реттеуге, несиелеуді дамытуға, яғни қайта
қаржыландыру пайыз қойылымын кеміту болса, ал 2002 жылдан бастап ұлттық
экономикада ақша массасының және несиелік қатынастардың артық мөлшерде өсіп
кетуіне байланысты алдағы үш жылға негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштердің шамасын анықтау, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өте
бастады. Бұл саясаттың басты қолға алатын объектісі ұлттық ақша бірлігінің
тұрақтылығын және шетел валюталарына қарағанда нығаюын қамтамасыз ету болып
табылады.
Қазақстандағы ақша – несие саясатының құралдары мен механизмдері
атты курстық жұмыстың өзектілігі – мемлекеттің экономикалық дамуының
жоғарғы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін ақша – несие саясатын тиімді
жүргiзудің маңыздылығы. Яғни ақша – несие саясатын қаржыландыруды ресми
ставкасын, ақша - несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейлерін, ең төменгі резервтік талаптардың
нормативтерін ерекше жағдайларда, операцияларының жекелеген түрлерінің
деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу жолымен тиімді
жүзеге асыруға болады.
I ЭКОНОМИКАНЫ РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1 1.1 Ақша-несие саясатының экономикалық мәні және негізгі құралдары
Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және
жүзеге асыратын басты орган болып табылады. Ақша-несие саясатының
экономикалық маңызы бұл саясат нарықтық экономиканы реттеудегі өте тиімді
мемлекеттің реттеу және дамыту саясатты болуында.
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемiн,
сыйақы мөлшерлемесiн өзгертуге, жалпы банк жүйесiнiң қызметiн реттеуге
бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық
деңгейдегi субъектiсi – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие
саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектiлерiне экономикадағы қолма-
қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екi түрi бар:
• рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
• экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - коммерциялық банктердiң несиелiк
операциялар көлемiн шектеуге және қатаң шарт белгiлеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесiнiң деңгейiн арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты – несие беру көлемiн кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуiне бақылаудың әлсiздiгiмен және сыйақы
мөлшерлемесiнiң төмендеуiне байланысты сипатталады.
Жоғарыда атап өткеніміздей соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының
басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенiң тұрақтылығын
қамтамасыз етуді қолға алу. Бұл мақсатты орындауда Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкі бүгінде қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде.
Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі
құралдарының көмегімен реттеледі:
• Қайта қаржыландыру мөлшерлемесi: ресми мүдделендiру мөлшерлемесi
деңгейiн белгiлеу;
• Қазақстан Ұлттық банкi жинақталатын ең төменгi мiндеттi резервтер
нормасын белгiлеу, оның iшiнде сырттан тартылған қаражаттарды
мерзiмiне, көлемiне және түрлерiне байланысты жiктеу;
• Мемлекеттiң бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша
нарығындағы операцияларды жүргiзу, осы операция негізінде
айналыстағы ақша жиынын реттеу;
• Банктерге және үкiметке, экономикалық құрылым салаларына несиелер
беруді тиімді жүргізу;
• Валюталық нарықтағы басқыншылық, яғни Ұлттық банктің шетел
валюталарын өзі ең бірінші сатып алуы және осы арқылы валюталық
бағам мен төлем балансын реттеп отыру;
• Кейбiр жағдайларды несиелiк операциялардың жекелеген түрлерiнiң
деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулер енгiзу;
• Ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесi.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар
қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды
ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бiр бағыты
ретiнде қарастырылады.
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тiкелей Орталық банктiң жанама
құралдары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Ұлттық банкi операциялар
бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн, сол сияқты басқа да
мүдделендiру мөлшерiн белгiлейдi. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесiн
ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция
деңгейiне байланысты белгiлейдi. Қазақстан Ұлттық банкi мүдделендiру
мөлшерлемесi саясатын мемлекеттiк ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын
аумақтағы нарықтың мүдделендiру мөлшерлемесiне әрекет ету үшiн пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкi пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы
теңге деңгейiн көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның
нәтижесiнде ақша жиыны және инфляцияның өсуiн төмендетудi қамтамасыз ету
болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесi, шын мәнiсiнде пайыз үшiн
төлемдер өз кезегiнде шығынның көлемiн құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты
алдағы уақытта немесе белгiлi бiр уақыт аралығында өзiнiң нәтижелерiне қол
жеткiзуi тиiс. Ұлттық банктiң мүдделендiру мөлшерлемесi ақша нарығындағы
қаржылық операциялардың барлық түрлерiне пайыз мөлшерлемесiнiң белгiлеу
базасы ретiнде қызмет етіп отырады.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы шетел
валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын
болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың
бағамдық айырмасы есебінен алып-сатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің
салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары ссудалық нарықтан валюталық
нарыққа ауысып кетті. Айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен ішкі
құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы, Ұлттық валютаның тұрақсыздығын
одан сайын арттыра түсті.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесiнiң шамасы ақшалай қаражаттарға деген
сұранысқа және инфляция деңгейiне байланысты келедi. Ұлттық банк
мүдделендiру мөлшерiн реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының
шамасына әсер етедi және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе
қысқартуға мүмкiндiк жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесiнiң деңгейi екiншi
деңгейдегi банктер үшiн, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау
шегiндегi негiзгi бағыттарын сипаттайтын басты бiр көрсеткiштi бiлдiредi.
Ұлттық банктiң ресми пайыздары, оның тiкелей бақылауына жатпайтын
несиелiк ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгiлейтiн
нарықтық пайыз мөлшерлемесiне жанама түрде ықпал етедi. Соның негiзiнде
сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгiленетiн Ұлттық банктiң қысқа
мерзiмдi шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттiк қысқа
мерзiмдi несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелерi жыл бойына Ұлттық банктiң
мүдделендiру мөлшерлемесiнiң өзгеруiне байланысты төмендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелерi, өз кезегiнде инвестициялау үшiн әлуеттiк ресурс
болып табылатын депозиттердiң несиелiк мекемелерге ағылуын арттыра түстi.
Ақша нарығындағы тепе-теңдiктi қамтамасыз етуде, банктерге берiлетiн
несие көлемiн реттеуде және олардың мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiктi
төмендетуде, сол сияқты банктiң салым иелерi мен акционерлерiнiң мүдделерiн
қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгi резервтiк талаптар механизмiн
қолданады.
Резервтiк талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен
қатар коммерциялық банктердi жанама ақшалай-несиелiк реттеудiң негiзгi
құралдарының бiрiне жатады. Қазақстан банк жүйесiнiң бүгiнгi даму
жағдайында резервтiк коммерциялық банктердiң депозиттерiн сақтандыру
қызметiн, екiншi жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдiсiн
реттеу қызметтерiн атқарады.
Әлемдiк тәжiрибеде мiндеттi резервтердiң өте жоғары деңгейде болуы,
банк жүйесiнiң қаржы делдалы ретiндегi тиiмдiлiгiн нашарлатып, ал ең
төменгi резервтер нормасының артуы несиелiк ресурстардың экономикаға
құйылуына тосқауыл болатындығын көрсетедi.
Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктер үшiн, олардың нормативтердi
орындауына байланысты ең төменгi резервтiк талаптарды орындау барысында
банктерге келесiдей екi тәсiлдi қолданады:
1) мiндеттi резервтеу;
2) резервтеудiң баламалы тәртiбi.
Орталық банк неғұрлым мiндеттi резервтердiң нормасын жоғары
тағайындаған сайын, коммерциялық банктердiң операцияларды жүзеге асыруға
пайдаланатын қаражаты аз болады. Резерв нормасының өсуi ( rr ) ақша
мультипликаторын төмендетiп, ақша жиынының азаюына алып келедi. Сонымен
Орталық банк мiндеттi резервтер нормасын өзгерте отырып , ақша ұсынысының
динамикасына әсер етедi.
Ақша-несие саясаты арқылы реттеудiң бiрi есеп мөлшерлемесiн өзгерту.
Мұндай тiркеу мөлшерлемесiн пайдаланатын Орталық банк коммерциялық
банктерге несие бередi. Егерде есеп мөлшерлемесi өсетiн болса, онда Орталық
банктен қарыз алу азаяды, демек коммерциялық банктiң қарыз беру
операциялары азаяды және коммерциялық банктер қымбат несие алғаннан соң,
қарыз пайыз мөлшерлемесiн өсiредi.
Ақша мультипликаторы – ақша базасы бiр бiрлiкке өскенде, ақша
ұсынысының қалай өзгеретiндiгiн көрсетедi. Ақша мультипликаторының мөлшерi
мiндеттi резервтеу нормасына байланысты, өйткенi мiндеттi резерв банктер
мен несие ресурстарының көзi ретiнде пайдаланылмайды, сонымен қатар
айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлiгiнiң
мультипликацияланбауына байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы
олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етедi, мультипликатордың
коэфиценттiк жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тiкелей
реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-
несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар. Экономикадағы ақша айналысы
жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң және ұзақ мерзiмдi
инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл тек қана жалпы
экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм болғанда ғана
мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген
сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша үлесiнiң өсуiмен,
ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен, шаруашылық
субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен бiрге жүредi.
Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейiне
байланысты болады, ол ақша жиынының жалпы iшкi өнiмге қатынасымен
анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейi
жоғарылайды.
Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол
ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.
Мiндеттi резервтер – бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi
арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк
депозиттерiнiң бөлiгi.
Артық резервтер – дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi
корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан,
Ұлттық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz