Банктің активтік операциялары


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
Қазақстанның коммерциялық банктерінің операциялары мен қызметтерін талдау3
1. 1 Банктің пассивтік операциялары3
1. 2Банктің активтік операциялары6
ҚОРЫТЫНДЫ11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР12
КІРІСПЕ
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы саясат жатады.
Экономиканы ақша-несиелiк реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі масштабты және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-ші бабына сәйкес, “банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктердің ролi ерекше. Банктер - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстанның коммерциялық банктері, олардың қызметтері мен операциялары”. Бұл курстық жұмыстың мақсаты коммерциялық банктің мәнін анықтау және Қазақстандағы коммерциялық банктер атқаратын қызметтер мен операцияларды талдап, олар мен танысу. Курстық жұмыс негізінен кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады.
Кіріспеде курстық жұмыс туралы жалпы мәлімет берілген және банк сөзіне қысқаша түсініктеме, яғни мәні, пайда болуы, қызметі жайлы жазылған.
Бірінші бөлімде Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметінің ұйымдастырылуы жазылған, яғни олардың мәні, жіктелуі және құрылымы сипатталған.
Екінші бөлімде коммерциялық банктер атқаратын қызметтер мен операциялар жайлы жазылған.
Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің даму перспективалары, яғни банктердің жеткен жетістіктері сипатталған.
Қорытынды да коммерциялық банктер жұмысының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар айтылған.
Қазақстанның коммерциялық банктерінің операциялары мен қызметтерін талдау
1. 1 Банктің пассивтік операциялары
Пасссивтік операциялар негізінде банкің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.
Пассив операциялары - олар өз қарауына әр түрлі салымдарды тартып, басқа банктерден несие алып, өзінің бағалы қағаздарын шығарып және с. с. басқа да қаражат тарту операцияларын жүргізіп, банк қорын құру және оны ұлғайту операциялары. Олар банк балансының пассивінде көрсетіледі. Пассив операциялары тарихи дәстүр бойынша актив операцияларына қарағанда алдымен жүргізіледі, себебі актив операцияларын жүргізу үшін белгілі бір қор мөлшері қажет.
Пассивтік операциялардың мынадай формалары болады:
- коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
- депозиттік операциялар.
Пассивтік операциялар айналыстағы ақшалай қаражаттарды банктерге таратуға мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың екі формасы негізінде банктік ресурстардың бірінші ірі тобы, яғни меншікті ресуртарды құралады. Келесі екі формасы негізінде екінші ірі топ - заемдық немесе тартылған ресурстар құрылады.
Сонымен банктің ресурстары екі топқа бөлінеді:
- банктің меншікті қаражаттары;
- банктің тартылған қаражаттары;
Банктің меншікті қаражаттары қатарына меншікті капиталы мен оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда өзіндік ерекшеліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% өтеледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мөлшерде шекарасы болады.
Банктің меншікті қаражаттарының банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы бар. Банктің бастапқы құрылуы барысында, осы меншікті қаражаттары алғашқы шығындарды, яғни жерге, ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Ең соңында, банктің меншікті қаражаты - бұл ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі болып табылады.
Банктің меншікті қаражаттары - банктің экономикалық дербестігін және қызмет ету тұрақтылығын қамтамасыз ететін әр түрлі қорлар мен бөлінбеген пайда жиынтығы.
Бантің меншікті қаражатына жататындар:
- банктің жарғылық капиталы;
- банктің резервтік капиталы;
- қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлар;
- сақтандыру резервтері;
- бөлінбеген пайдасы;
Банктің жарғылық капиталы - банктің заңды тұлға ретінде міндетті түрде құрылуын және өиір сүруінің экономикалық негізін құрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Банктің жарғылық капиталы, оның құрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасына тұрады.
Бағалы қағаз шығару есебінен құрылған банктің жарғылық капиталын банктің акционерлік капиталы деп атайды. Акционерлік капитал көлемі акцияны ұстаушылар - акционерлер қосқан жарналардан құралады.
Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мынадай екі ұйымдық формаларды құрала алады:
- пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
- акционерлік банк;
- шетел капиталының қатысуымен.
Банктің меншікті қаражатының түріне резервтік қор жатады.
Резертік қор - банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.
Резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік қордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік қордың құрылуының негізгі көзіне банк пайдасы жатады. Кейде банкте пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша дивиднедтер төленеді.
Қосымша капиталдар негізгі құралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылады.
Арнайы қорлар болса, негізгі қорларды қайта бағалау қоры ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нәтижесінде құрылады. Валюталық қаражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында дарғылық капиталды қалыптастыру барысында маңызды.
Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тәуекелді жабуға және бағалы қағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады.
Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидендті төлегеннен кейін және резервтік қорға аударғаннан қалған пайданың бөлігі.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген қажетін қанағаттандырады. Олардың рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық щаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажетін қанағаттандырады.
Банктердің ресурстарының жалпы сомасында тартылған қарадаттар үлесі олардың басым бөлігін құрайды.
Нарықтық қатнастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе үшін дәстүрлі емес, тартылған қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілдеріне байланысты үлкен екі топқа бөлінеді:
I топ - депозиттер;
II топ - депозиттік емес тартылған қаражаттар.
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банктүшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит - бұл клиенттердің банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары .
Депозиттік емес тартылған қаражаттар - бұл банктің қарыз түрінде немесе өз меншікті қаражаттарын сату жолымен тарататын қаражаттары .
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни, банктің нақты клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операцилар сипатына жатқызуға болады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қарадаттар;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қарадат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдалынады.
Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз толенбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
1. 2 Банктің активтік операциялары
Банктің жинақтаған ресурстарын табыс алу және өтімділігін қамтамасыз ету мақсатымен орналастыруын активтік операциялар деп атайды.
Банктердің активтік операциялары негізінен төрт топқа бөлінеді:
- ссудалық (несиелік) операциялар;
- инвестициялық операциялар;
- депозиттік операциялар;
- қаржылық операциялар;
Несиелік операциялар - ол банктің несие ресурстарын орналастыру қызметіндегі несие беру операциясы. Банк табысының көп бөлігі осы операцияларды жүргізуден түседі.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- Қаржылық инстуттарға берілетін несиелер:
- мақсатты қорларға;
- банктерге;
- қаржы-несиелік мекемелерге;
- Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
- өнеркәсіп салаларына;
- ауыл шаруашылығына;
- саудаға;
- дайындау ұйымдарына;
- жабдықтау-сату ұйымдарына;
- кооперативтерге;
- жеке кәсіпкерлерге;
- Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
- Мерзіміне қарай:
- қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ;
- орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін) ;
- ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .
- Тағайындау және пайдалану сипатына қарай:
- негізгі қорларға жұмсалатын;
- айналым қаражатынажұмсалатын.
- Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:
- Қамтамасыз етілген:
- кепілхатпен;
- кепілдемемен;
- кепілдікпен.
- Сақтандырылған.
- Қамтамасыз етілмеген:
- сенім несиесі.
- Қайтарылу дәрежесіне қарай:
- Стандартты несие;
- Күмәнді несиелер;
- Үмітсіз несиелер;
- Валютамен берілуіне қарай:
- ұлттық валютамен;
- шетел валютасымен.
- Берілу шартына қарай:
- тұтыну несиесі;
- ипотекалық несие;
- овердравт несиесі;
- овернайт несиесі;
- онкольдық несие;
- банкаралық несие;
- ломбардтық несие;
- лизингтік несие;
- рамбурстық несие;
- сенім несиесі;
- маусымдық несие.
- Несиелеу объектісіне қарай:
- меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар және басқа да мүліктер алуына;
- ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға;
- театрлар және демалыс үйлерінің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
- күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға.
Банктің инвестициялық операциялары - несиелік операциялардан кейін банкке табыс әкелетін операциялар. Банктің инвестициялық операциялары негізінде бағалы қағаздар портфелі қалыптасады. Банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыруның екі мақсаты болады: біріншісі - банкке табыс әкелу, екіншісі - өтімді активтер қатарын толықтыру.
Бүгінгі таңда ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсалып отырғаны белгілі. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады, екіншіден, олардын алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ десе де болады.
Сонымен қатар активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруда. Корпоративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:
- акциялар;
- облигациялар;
- депозиттік және жинақ сертификаттары;
- ипотекалық куәліктер;
- депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде инвестициялау операциялары акциялар мен облигацияларға байланысты көп болады. Ал қалғандарының нарығы әлі өз деңгейінде дами қойған жоқ.
Акция - бұл акционерлік жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландырытын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.
Облигация - оның иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.
Банктің активтік депозиттік операциялары өтімділікті қолдау және банктермен корресподенттік қатынас орнату негізінде дамиды. Мұндағы корреспонденттік қатынас банктердің бір-біріде ашатын корреспонденттік шоттары арқылы жүзеге асырады. Сонымен қатар банктер активтік депозиттік операциялар негізінде банкаралық несиенің дамуына мүмкіндік жасайды.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларын, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Факторинг сатушылардың сатып алушыларға сатылған тауары үшін уақытын кешіктіріп төлеуге беретін тауар формасындағы және ашық шот түрінде рәсімделетін коммерциялық несиенің болуын сипаттайды. Факторинг - клиенттің айналым капиталын несиелеумен ұштасатын, сауда- комиссиондық операциясының бір түрі. Бұл жерде факторингтік компания клиенттердің шотын 90%-ға дейін төлеу шартымен сатып алады. Факторингтің мақсаты - кез келген несиелік операциялардың ажырамас бөлігі болып табылатын тәуекелді қалпына келтіруін шешуге бағытталады.
Факторинг операциясы - жабдықтаушының жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем құжаттарын банкке сатумен байланысты комиссиондық- делдалдық операция.
Факторинг операциясына үш тарап қатысады:
- Факторингтік компания;
- Клиент;
- Кәсіпорын.
Форфейтинг операциясы - форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерге төлеуге тиісті импортердің берген төлем құжатын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
- Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші;
- Импортер, яғни тауарды несиеге алушы;
- Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг операциясының мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz