Банктің басқармасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
1 Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметін ұйымдастыру 3
1.1 Коммерциялық банктердің мәні және жіктелуі 3
1.2 Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру тәртібі 5
ҚОРЫТЫНДЫ 14
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 15

КІРІСПЕ

Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-
күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар
орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр
дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек.
Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша – несие саясаты және қаржы саясат
жатады.
Экономиканы ақша-несиелiк реттеудi қаржы саласының басты секторы
банк жүйесi iске асырады.
Банк жүйесінің негізгі буыны - банктер. Себебі масштабты және
маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы
өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер мен
ауруханалардың, институттар мен бала бақшалардың және халықтың уақытша
бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады.
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы”
заңның 1-ші бабына сәйкес, “банк - осы заңға сай банктік қызметті
жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктердің ролi ерекше. Банктер
– нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi.
Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен
тiкелей байланысты болады.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы “Қазақстанның коммерциялық
банктері, олардың қызметтері мен операциялары”. Бұл курстық жұмыстың
мақсаты коммерциялық банктің мәнін анықтау және Қазақстандағы
коммерциялық банктер атқаратын қызметтер мен операцияларды талдап, олар
мен танысу. Курстық жұмыс негізінен кіріспеден, үш негізгі бөлімнен,
қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымша материалдардан тұрады.

1 Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметін ұйымдастыру

1.1 Коммерциялық банктердің мәні және жіктелуі

“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы”
республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар
Жарлығында “Қазақстанда екінші деңгейлі банк жүйесі бар”.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі- мемлекеттік орталық банк
ретінде бірінші деңгейді білдіреді. Басқа банктердің барлығы- екінші
деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі
банктер деп атайды.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді.
Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып заңды және жеке тұлғалар
мен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге
асырады.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны
өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-
әрекет етеді. Коммерциялық банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін
шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит қабылдау, есептесу,
бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау
және басқа да көптеген қаржылық қызмет көрсетеді.
Коммерциялық банктер- кәсіпорындар мен ұйымдарға, сондай-ақ
халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер.
Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз
қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты
несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып
табылады.
Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын
салааралық және аймақаралық қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды
халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу
және қайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет
атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің
банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты
шаруашылықты дамытуға және экономикалық құрылымын өзгертуге мүмкіндік
туғызады.
Қазіргі коммерциялық банктер несие жүйесінің басқа буындары сияқты
клиенттерге көрсететін қызметтерін үнемі дамытуда және көптеген жаңа
түрлерін меңгеруде. Бүгінде кейбір мемлекеттердің коммерциялық
банктері клиенттерге 300-ге жуық қызмет түрлерін көрсетуге мүмкіндігі
бар несие мекемесі.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде коммерциялық банктер бір-бірінен
көптеген өзгешеліктеріне байланысты ажыратылады және мынадай белгілері
бойынша жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдың қалыптасуына қарай:
- мемлекеттік;
- акционерлік;
- жеке;
- пай қосу арқылы (жауапкершілігі шектеулі серіктестік);
- аралас (шетел капиталының қалыптасуымен);
2. Жүргізетін операцияларының түрлеріне қарай:
- әмбебап, яғни экономиканың барлық салаларына бірдей және кең
көлемді банктік қызмет көрсететін банктер;
- маманданған, яғни бір ғана салаға қызмет көрсететін банктер;
3. Аумақтық белгісіне қарай:
- халықаралық;
- мемлекетаралық;
- ұлттық;
- аймақтық;
4. Салалық белгісіне қарай:
- өнеркәсіптік банктер;
- сауда банктері;
- ауыл шаруашылық банктері;
- құрылыс банктері;
- басқа;
5. Филиалдар санына қарай:
- филиалсыз;
- көп филиалды;
90-шы жылдың басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл
олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен
бастап, бүгінгі күнге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал
бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша коммерциялық
банктердің соңғы сегіз жылдағы сандық құрамы 1-кестеде берілген.

1-кесте ҚР-дағы коммерциялық банктердің сандық құрамы

Банк
Түрлері 01.
1996 01.
1997 01.
1998 01.
1999 01.
2000 01.
2001 01.
2002
01.
2003 Екінші
Деңгейдегі
Банктер
Барлығы:

130

101

82

71

55

47

44

38 Оның ішінде:
Мемлекеттік
4 4 6 1 1 1 2 2 Мемлекетаралық
1 1 1 1 1 1 1 -- Шетел капиталы-
Ның қатысуымен
8 9 22 23 22 16 16 17 Еншілес
Банктер
5 5 7 11 12 12 11 11 Қазақстан Республикасындағы
банктік жүйеде 01.07.2003 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша
қазіргі жұмыс жасайтын екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік
акционерлік қоғам формасындағы банктер, соның ішінде, екі банк ғана
мемлекетке 100% тиесілі банктер, оларға: Қазақстан даму банкі мен
Эксим банк, ал шетел капиталының қатысуымен құрылған банктер саны-14,
оның ішінде, еншілес банктер-10.

1.2 Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру тәртібі

Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банктері Қазақстан
Республикасы Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “Қазақстан Республикасындағы
банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңына
сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу немесе оның қызметін
ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1. Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2. Әділет Министірлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3. Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу;
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі
қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдын ала әр түрлі мақсаттар
қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымыда алуан түрлі
болады.
Коммерциялық банктердің ұйымдастырылу құрылымы басты екі әдіспен
анықталады - банктің басқарылу құрылымы және оның функционалдық
бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
Банкті ұйымдастырудың осындай және өзге де формаын таңдау көптеген
факторлармен анықталады: банктің стратегиялық міндеттерімен, оның
бөлшек сауда нарығына қатынасымен, сол мекемеде қабылданған басқарудың
жалпы философиясымен. Қазіргі тәжірибеде банк торабын
орталықсыздандырған түрде басқару қолданылады, себебі ол барлық
сұрақтарды дербес түрде шешуге мүмкіндік береді.
Банктің ұйымдастырылу құрылымы және соған сәйкес операциялары
орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде
анықталады. Сондықтан да банктің бір-екі бөлімшесі болатын болса, онда
орталықтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да
барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім
қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық
үзіліс болмауға тиіс.
Басқару органын тағайындаудың мақсаты-банктің негізгі қызметін
іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді
және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
Банктың ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының
қарым-қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп
қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін,
жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады.
Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы
белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды
коммерциялық банктің дербес түрде шешуге құқығы бар.
Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының
қалай құрылуы немесе оның торабының даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам
формасында құрылатындықтан да, оларды басқаруға акционерлер қатысады.
Акционерлік банктерді басқару құрылымы 1-суретте берілген.
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғары органы акционерлердің
жалпы жиналысы болып табылады. Акционерлер жиналысы жылына бір рет,
жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей
шақырылады.
Акционерлердің жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді.
Кезекті жиналысы жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан
кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс
құрылтайшылардың, Қадағалау кеңесінің, Тексеру комиссиясының талабы
бойынша шақырылады.
Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:
- банктің жарғысына өзгерістер енгізу;
- банктің жарғылық капиталын өзгерту;
- банктің Кеңесін сайлау;
- банктің жылдық есебін бекіту;
- банктің табысын бөлу;
- банктің құрылымдық немесе еншілес бөлімшелерін құру және тарату.
Екінші басқару органы банктің қадағалау кеңесі болып табылады.
Банктің бақылау кеңесі банк қызметіне бақылау жасау органы ретінде
мынадай міндеттерді атқарады:
- нормативтік актілерді бекітеді;
- Басқарма немесе Басқарма төрағасының шешімі бойынша жасалған
мәселелерді бекітеді;

1-сурет. Коммерциялық банктің басқару құрылымы.

Банк жұмысына жалпы жетекшілік ету үшін, сондай-ақ атқарушы және
бақылаушы органдардың жұмысын қадағалау және бақылау жасау үшін
акционерлер жиналысы басқарманы немесе банк кеңесін сайлайды.
Басқарма – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы
және олардың мүддесін қорғайды.
Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда
деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиенттерінің мүддесін
қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
Басқарманың міндеттеріне мынылар жатады:
- банктің стратегиялық мақсатын анықтау;
- банктің саясаттарын жасау;
- жетекші орынға кадырлар таңдау, осы заманғы банк – күрделі және
біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті
мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс;
- комитеттерді құру, ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай
комитеттер құрылады: әкімшілік, есеп – қарыздық, ревизиялық;
- қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау, басқарма
заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк
саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды;
- банк қызметін мерзімді тексеру;
Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері,
банктер туралы заңға бағынбағандары үшін жауапты.
Сонымен басқарма коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының
нұсқауына сәйкес тәжірибесін қызметті жүргізетін ең жоғары басқару
органы болып табылады.
Басқарма төрағасы банктің бірінші жетекшісі болып табылады және ол
банк қызметіне жетекшілікті жүзеге асырады. Банк төрағасына мынадай
міндеттер жүктеледі:
- банктің қызметіне қатысты барлық меселелер бойынша бұйрықтар
шығару және нұсқаулар беру;
- барлық мемлекеттік және басқа да органдарда, басқа банктерде,
оның ішінде, шетелдік банктерде банк қызметіне қатысты барлық
мәселелер бойынша өкілеттілікті жүзеге асыру;
- банктің мүлкіне және қаражаттарына ие болу;
- банктің штаттық жұмысшыларының саны мен құрылымын бекіту;
- еңбек келісімшарты бойынша банктің лауазымды тұлғаларымен
келісімдер жасасу.
Ревизиялық комиссия банк қызметіне қаржылық есептің дұрыстығы
жағынан бақылау жасаушы орган боып табылады.
Несиелік комитет – бұл несиенің берілуіне байланысты қорытынды
жасаушы орган.
Несиелік комитет мынадай міндеттерді орындайды:
- несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің
несие беру туралы қорытындысын қарайды;
- несие беру немесе одан бас тарту туралы шешім шығарады;
- несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;
- несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлшерлемесін бекітеді;
- несиені қайтаруды қатамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;
- несиелеу шартын бекітеді (несиелік лимит, несиелік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаларға көрсетілетін банктік қызмет түрлері және банктің құрылымдық бөлімшелері
Коммерциялық банктер және ұлттық банк
Коммерциялық банктердің түрлері, ұйымдастыру және басқару құрылымы
«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі. Елдің алтын валюта қорларын басқару
Банктік маркетингтің теориялық аспектілері
Банк жүйесі басқарылатын жүйе
Қазақстан Республикасының Даму Банкі
«ТемірБанк» қызметіндегі тәуекелділік
Пәндер