Қазақстан Республикасының Орталық банкісінің операциялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
II. Негізгі бөлім

Орталық банк мақсаты мен міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Экономиканы ақша-несиелік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Қазақстан Республикасының Орталық банкісінің
операциялары ... ... ... ... ... 16
III. Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .18
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..19

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың одан ары дамуының біріңғай кредит саясатын соның
ішінде банк заңдылығын жетілдіруді талап етті. 1993 жылы 13 сәуірде
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12 –ші шақырылған 10 – шы
сессиясында Қазақстан Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан
Республикасы заңы қабылданды. Бұл заңды Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкісінің міндеттерін, қызмет үрдістері, құқық мәртебесі және
өкілеттілігі, оның банк жүйесіндегі ролі, мемлекеттік өкімет органдарының
өзара қатынастары анықталды. Заң Қазақстан Республикасының ақша және несие
қорларына қажеттілігін қамтамасыз ету кепілдігін, салымшылар мүдделеріне
қорғау және мемлекеттік кредит саясатын іске асыруды қарастырады. Заңмен
Ұлттық банктің негізгі міндеттері, ақша айналымы, кредит, банктік есеп
айырысу және валюталық қатынастарды ұйымдастыру, банк, кредиттік, есеп
айырысу мекемелерінің салымшыларының және кредиторлардың, сондай-ақ валюта
сатып алу, сату және ауыстыру операцияларын жүзеге асытрушы мекемелере
клиенттері мүдделерін қорғау.
1993 жылы қарашада Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаның
енгізілуіне байланысты Ұлттық Банкке ақша-кредит саласының қызымет
істеуіне, оның бюджетпен және банктермен өзара қатыстарының класикалық
үрдістерін жүргізуге, қызымет реттеу жүйесін нығайту толық жауапкершілік
жүктелді. Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңгенің ішкі және
сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету – Ұлттық Банктің негізгі міндеттерінің
бірі болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің (Жалпы бөлім)
қабылдануы, саясат және экономика саласында болып жатқан өзгерістреді
есеспке алатын заңдылықты одан әрі жетілдіру, 1995 жылы 30 наурызда ҚР
Президентінің заң күші бар Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі туралы
жарлығының шығуына ықпал етті. Жарлықта Қазақстан Респуликасының Ұлттық
Банкісінің құқықтық мәртебесі және өкілеттігі, міндеттері, қызымет
принцптері, оның банк жүйесіндегі ролі анықталады. Жарлық шықаннан бері
Жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты оған бірнеше рет өзгерістер
және толықтырулар енгізілді.
ҚР Президентінің заң күші бар Қазақстан Респуликасының Ұлттық Банкі
туралы жарлығына сәйкес указының ұлттық банк Қазақстан Республикасының
Орталық болып табылады және Республикадағы Банк жүйесінің жоғарғы (бірінші)
деңгейіне айқындайды.

Орталық банк мақсаты мен міндеттері

Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Қазақстан
Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы
банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық
мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк
жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен
және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-
кредиттік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын
басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз
қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде
тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді,
өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер
өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-кредит саясатын жүзеге
асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған
құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару
органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық
Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi
функцияларды орындайды:
– Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi;
– Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың
эмиссиясын жүзеге асырады;
– банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да
мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің
агенті функцияларын жүзеге асырады;
– төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
– Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды
жүзеге асырады;
– Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
– қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың
Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді
және басқасын жүзеге асырады;
– Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге
асырады.
Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:
· 11 департаменттен (1 департамент Астана қаласында), 10 жеке
басқармадан және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат
· 16 аумақтық филиал және Алматы қаласындағы екі филиал - Кассалық
операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін
қамтамасыз ету орталығы
· Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы өкілдігі
· 4 есеп беретін ұйым:
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу
орталығы шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы
шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы шаруашылық
жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны

Ұлттық Банк:
· Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры
· Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры
· Қазақстанның ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры
· Қазақстан Актуарлық орталығы
Q-BRO Қазақстан Ұлттық Банкі Резервтік Орталығы акционерлік
қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.
Ұлттық Банк "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы
акционерлерінің бірі болып табылады.

Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар
мемлекеттік бағалы қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды,
дисконттық және өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды
сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті
резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының
түрлерін анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және
монетаны (теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың
құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін
анықтап, дайындығын қамтамаыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айырықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозыл, жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару, ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк - екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық. банктің басқармасы белгілеген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министрлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын, есебін
және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны
атқару үшін Ұлттық банк шетел валютасының және шетел валютасындағы бағалы
қағаздардың айналым аясын және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен
жүргізілетін операцияларға қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер
деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін
белгілеп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан
тыс шетел валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап,
шот ашуға рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және
несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің
есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын баскару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің "Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы" Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды
өндеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі жән сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді.
Ұлттық банк өз шығындарын өз қаражатымен өтей оның өз қаражаты:
жарғылық, резерв капиталынан, қайта бағалау шоттары және
арнайы провизияларын (резервтерінен) құрылады.
Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млн. теңгеден
қалыптасады және оның міндеттемеленіп қамтамасыз етеді. Жарғылық капитал
мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі қордың
құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Алтын валюта активтермен қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан
түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін
Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі
және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және сол мақсаттарға
жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементгерден құрылады:
• алтыннан;
• банкнота, монета туріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және
республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан;
• Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан;
• шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып,
кепілдік берген бағалы қағаздардан;
• шетел валютасындағы жай және аударым вексельден;
• өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген
жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар (резервтер) Ұлттық банктің шығыстары есебінен
күмәнді және үмітсіз талаптарынан оған қоса несиелерден, депозиттерден,
бағалы қағаздардан есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы
қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан
құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі
Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Банк жүйесін жетілдіру жолдары
Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы. Екі деңгейлі банк жүйесін құру
Құжаттар түрлеріне түсініктеме және құжаттарды құрастыру және рәсімдеу технологиясы
Банктің активті және пассивті операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму кезеңдері туралы
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу тарихы және дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесі туралы ақпарат
Пәндер