Ломбардтың мәні


Жоспар
• Мазмұны
• Кіріспе.
I тарау. Ломбардтың мәні.
II тарау. Ломбардтың қызметтері.
2. 1. Ломбардтардың қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.
2. 2. Ломбардтардың қызметін лицензиялау,
реттеу, тоқтату ережесі.
2. 2. 1. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру
және реттеу.
• Қорытынды.
• Пайдаланылған әдебиеттер.
• Кіріспе
Бұл жұмыста жалпы ломбард туралы, оның атқаратын қызметтері және сол қызметтерді лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің ломбардтың қызметін ұйымдастыру және реттеу, сонымен қатар ломбард қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру туралы Қаулысы қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылғы 29 - тамыздағы № 314 « Ломбард туралы » ережесіне сәйкес, ломбард - банк болып табылмайтын, Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде белгілі бір операциялар мен қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлға. Қаржы нарығы мен Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттігі Қазақстан Республикасының Заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтар қызметтеріне тексеріс жүргізеді. Ломбард ашық акционерлік қоғамнан басқа кез келген ұйымдық - құқықтық формада құрылып, өз қызметін жүзеге асырады. Сонымен қатар, ломбардтар филиалдар мен өкілдіктер құруы мүмкін.
Жұмыстың мақсаты:
Банк болып табылмайтын қаржы нарығындағы өзге делдалдық ұйымдардың бірі ломбард туралы көбірек мәлімет алу, Қазақстандағы Ломбардтық ұйымдардың лицензия негізінде жүзеге асыратын қызметтерінің түрлерін білу, ломбардтың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.
Пайдаланылған ақпараттар:
Бұл жұмысты жазу барысында төмендегідей мәлімет көздері пайдаланылды:
• Оқулықтар.
• Интернет жүйесі.
• Мерзімді басылым журналдары.
Жұмыстың құрылымы: Бұл реферат Кіріспеден, 2 тараудан, 2 бөлімнен, 1 бөлімшеден, қорытындыдан, қосымша мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
I тарау. Ломбардтың мәні
1. Ломбард - банк болып табылмайтын, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы болған кезде айрықша қызмет түрі ұлттық валютада мынадай банктік және өзге операцияларды жүргізу болып табылатын заңды тұлға (коммерциялық ұйым) :
1) ломбард операциялары: депозитке салынатын жеңіл өткізілетін бағалы қағаздарды және өзге жылжитын мүлікті кепілге салумен қысқа мерзімді кредиттер беру;
2) лизинг қызметін жүзеге асыру;
3) құрамында қымбат металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдары сатып алу, кепіл зат ретінде қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
4) сейф операциялары: сейф жәшіктерін, шкафтарын және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызмет көрсету.
Осы тармақта көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті орган Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді.
Осы тармақта көзделген операцияларды жүргізуге лицензияны уәкілетті органның лицензиясы болған кезде ғана Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Осы Ереженің 1-қосымшасына сай нысан бойынша береді.
Сейф операцияларын жүргізуге лицензия беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
2. Ломбардтар шаруашылық серіктестік нысанында құрылуы және қызметін жүзеге асыруы мүмкін.
Ломбардтың толық атауында "ломбард" деген сөз міндетті түрде болуы тиіс.
3. Ломбардтың құрылтайшылары мен қатысушылары Қазақстан Республикасының резиденттері және резидент еместері - жеке және/немесе заңды тұлғалар болуы мүмкін.
- Ломбардтардың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері
Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктестік нысанына қарай белгіленеді және ол тек ақшамен төленуі тиіс.
- Ломбардтар филиалдарын немесе өкілдіктерін ашқан (жапқан) кезде әділет органдарында филиалды есепке алып тіркегеннен кейін он төрт күндік мерзімде ломбард уәкілетті органға әділет органдарының филиалды немесе өкілдікті есепке алып тіркеу (тіркеуді жою) туралы куәліктерін қоса бере отырып филиалды ашу (жабу) туралы хабарлайды.
5-1. Ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға мемлекеттік тіркелгеннен кейін он екі ай ішінде лицензия беру туралы өтінішпен уәкілетті органға хабарласады.
5-2. Құрылтай құжаттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда ломбард бұл жөнінде уәкілетті органды құрылтай құжаттарына өзгерістердің және/немесе толықтырулардың көшірмелерін олар тіркелген күннен бастап он төрт күн ішінде енгізілген өзгерістерді және/немесе толықтыруларды тіркеу туралы әділет органының белгісімен бірге хабардар етеді.
II тарау. Ломбардтың қызметтері.
2. 1. Ломбардтардың қызметін реттейтін
нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру
Ломбардтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Ломбардтарды қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату ережесі бекітілсін.
- Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап мыналардың күші
жойылсын:
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 332 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1786 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2002 жылғы 25 наурызда және 7 сәуірде жарияланған) ;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ломбардтарды құру, қызметін лицензиялау, реттеу және тоқтату ережесін бекіту туралы» 2001 жылғы 5 қыркүйектегі № 332 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2002 жылғы 1 тамыздағы № 277 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1964 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің «Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы» және «Вестник Национального Банка Казахстана» басылымдарында 2002 жылғы 26 тамызда және 8 қыркүйекте жарияланған) .
3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З. С. ) :
1) Заң департаментімен (Байсынов М. Б. ) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны ломбардтарға жіберсін.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р. Р. ) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының ресми бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары Қ. М. Досмұқаметовке жүктелсін.
2. 2. Ломбардтардың қызметін лицензиялау,
реттеу, тоқтату ережесі.
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестіктері туралы" Заң күші бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы", "Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасының басқа заң актілеріне сәйкес әзірленді және ломбардтарды қызметін лицензиялау, реттеу, тоқтату тәртібін айқындайды.
Ломбардтарды лицензиялаудың тәртібі мен шарттары:
Лицензияны алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көзделген құжаттарды, сондай-ақ Банктер туралы Заңның 26-бабы 2-тармағы талаптарының орындалуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Бастапқы төлем құжаттары (төлем тапсырмасы, кассалық кіріс ордері), сондай-ақ әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен, жарғылық капитал мөлшері көзделетін құрылтай құжаттары жарғылық капиталдың төленгенін растайтын құжаттар болып табылады.
Ломбардтың үй-жайы, оның филиалының немесе өкілдігінің үй-жайын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қорғалатын объектілердің техникалық нығайтылуына және сигнализациямен жабдықталуына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Ломбардтың басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті органмен келісуге жатқызылады.
Уәкілетті орган лицензия беру туралы өтінішті оны қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарауы тиіс.
Талап етілген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда уәкілетті орган қажетті құжаттарды талап етеді не барлық құжатты қарамастан ломбардқа қайтарады.
Лицензия беруден бас тарту Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Лицензия шектелмеген мерзімге беріледі және үшінші тұлғаларға берілмейді.
Лицензияны жоғалтып алған кезде оның дубликатын алу және қайта ресімдеу "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртіппен жүргізіледі.
Ломбардқа банк заңдарында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру туралы шешім уәкілетті органның немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми басылымдарында жарияланады.
Лицензияның нотариат куәландырған көшірмесі ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады.
2. 2. 1. Ломбардтардың қызметін ұйымдастыру және реттеу.
Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін және мынадай ақпаратты қамтитын Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже болғанда ғана жүзеге асырады:
1) берілетін кредиттердің шекті сомасы және мерзімдері;
2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті мөлшері;
3) операциялар жүргізу ставкалары мен тарифтері;
4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершіліктері;
5) кепіл билеті жоғалған кезде кепіл берушіге дубликаттар берудің тәртібі;
6) өзге де талаптар.
Операциялар жүргізудің жалпы шарттары туралы ереже ломбард клиенттерінің шолуы үшін қолайлы орында орналастырылады.
Ломбард Қазақстан Республикасының заңдарын бұзған кезде уәкілетті орган оған:
1) Банктер туралы заңның 46-бабына сәйкес әсер етудің шектелген шараларын қолдануы;
2) Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша айыппұлдар салуы және өндіруі;
3) Банктер туралы заңның 48-бабында белгіленген негіздер бойынша лицензияларды тоқтата тұруы не қайтарып алуы мүмкін.
Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ломбардтардың қызметін инспекциялайды.
Қорытынды
Қорыта келгенде, ломбардтардың құрылтайшылары мен қатысушыларына жеке және заңды тұлғалар жатады. Мемлекет өзінің өкілетті органдары арқылы оған құрылтайшы болуы мүмкін. Ломбардтар филиалдар мен өкілдіктер құруы мүмкін. Филиалдар немесе өкілдіктер ашқан ретте әділет органдарында филиалды есептік тіркеуден өткізуі керек. Өткізілгеннен кейін 14 күндік мерзім ішінде ломбард қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігіне филиалды немесе өкілдікті есептік тіркеу туралы әділет органдарының куәлігімен қоса филиал немесе өкілдік ашылғаны туралы хабарлама беруі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz