Капиталдың шоғарлануын жеделдету


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Менеджмент және Маркетинг кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының несие жүйесінің дамуы
Оқытушы
Студент: Талипбекова Г
Мамандығы: Қаржы (050509)
Тобы: ФИНб - 04 - 1к
Алматы-2006
МАЗМҰНЫ
Кіріспе- 3 -
Несиенің мәні және қажеттігі- 4 -
Несиенің қызметтері- 6 -
Несиенің формалары және олардың жіктелуі- 7 -
Қорытынды- 14 -
Қолданылған әдебиеттер:- 15 -
Кіріспе
Несие ақшалай капиталдың судалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегі мен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарымен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Несиенің мәні және қажеттігі
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтарда пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бірқолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негізде бар сияқты. Себебі қазіргі шаруышылықта қарыз көбіне ақшалай қашалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білідіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бір санайтындарда аз емес, несие бұл ақшалай қаражаттың екі жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берілуін және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейді, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрінде берілсе, олар қайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және арқылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында да өз ара айырмашылықтары бар. Несие - бұл банктің қаражытын қарайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдардың бір формасын бідіретін кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл судалық шот ашу мен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді. Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктер, сонлай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығы.
Зерттеу заты сияқты несие құрылымы бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтереге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші бұл уақытша пайлануға қарыз беруші субъектілері болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады. Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әр түрлі. Мысалға кәсіпорын немесе жеке азаматтардың комуналдық қызметтерге және т. б. байланысты төмендері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынас қана емес, сондай-ақ адамзаттаық қатынастар жағдайын сиапттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысты бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің құрылымының элементіне берілетін обьектіде жатады. Беру обьектісі - құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді.
Несиенің қызметтері
Несиенің экономикадағы орны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынандай қазметтерді атқарады:
- Қайта бөлу
- Айналыс шығындарын үнемдеу
- Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру;
- Капиталдың шоғарлануын жеделдету;
- Ғылыми техникалық прогресті жеделдету;
Несиенің қайта бөлу қызметі кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан капитал ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің қажының қайта бөлу қызметінің айырмашылығы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге астырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалу арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мұндай жағдайларда қарыз алушылардың барық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымынын қамтамасыз етіп қана қоймай, айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал келесі қызметті, яғни несиенің айналыстағы нақты ақщалардың орынын уақытша алмастыруы толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысында жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығымен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымынада ықпал етеді.
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағадай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірітің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді.
Несиенің ғылыми техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми техиникалық ұйымдардың қызметін қаржыландыру мен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көменгінсіз көптеген ғылыми-зерттеру орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруға отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми-технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады.
Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырады.
Несиенің формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәреже де несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланыста келеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын кө рінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Қалған несиелік түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуы себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделту, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатынар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарзыдық міндеттеме - вексель қолданылады.
Комерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
- Қарыз беруші ролінде банктік мекемелер, яғни тауар немесе қызметті сатумен айналысатын кезкелген саңды тұлға бола алады;
- Коммерциялық несие тек қана тауар түрінде ғана беріледі;
- Қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталы мен байланысты;
- Коммерциялық несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
- Қарыз берушімен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құны қосылады;
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлік пен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл табыс түрінде табыс алу.
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі.
- Қарыз алушылар категорияларына қарай:
- Қаржылық институттарға қарай:Мақсатты қорларға; Банктерге; Қаржы-несиелік мекемелерге
- Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:өнеркәсіп салаларына; ауыл шаруашылығына; саудаға; дайындау ұйымдарына; жабдықтау-сату ұйымдарына; кооперативтерге; жеке кәсіпкерлерге;
- Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
- Мерзіміне қарай:Қысқа мерзімді (1 жылға дейін) ; Орта мерзімді (1 жылдан 3 - 5 жылға дейін) ; Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .
- Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай; Негізгі қорларға жұмсалатын; Айналым қаражатына жұмсалатын;
- Қамтамасыз ету дәрежесене қарай:
Қамтмасыз етілген:
- Кепілхат;
- Кепілдемемен;
- Кепілдікпен;
Сақтандырылған;
Қамтмасыз етілмеген:
Сенім (банктік) несиесі.
- Қайтарылу дәрежесіне қарай:Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер; Күмәнді несиелер - қайтырылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәукел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережсіне сәйкес күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.
- Валютамен берілуіне қарай:Ұлттық валютамен; Шетел валютамасымен;
- Берілу шартына қарай:Тұтыну несиесі - бұл жеке тұғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеу үшін берілетін несие. Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т. с. с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несие. Овердарфт несиесі - клиенттің шотына қаражатты шегеру, дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатындабір түнге берілетін банк аралық несиенің түрі. Онкольдық несиесі - кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несиесі. Банкаралық несиесі - банктердің бір-біріне берілетін несиесі. Ломбардтық несие - тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие. Рамбустық несиесі - шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикатпен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдалынатын несие. Сенім несиесі - банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие. Маусымдық несие - жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналаған несие.
- Несиелеу обьектісіне қарай :
- Меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға;
- Материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына;
- Сыртқы экономикалық қызметке байланысты тауарларды экспорттау мен импорттауға;
- Азаматтардың жеке қызметтері үшін шикізаттар, материалдар, құралдар және басқа да мүліктер алуына;
- Ломбардтық кепілдік және ссудалық операциялырға;
- Театрлар және демалыс үйлердің кірістері мен шығыстары арасындағы маусымдық үзілістерге;
- Күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға;
- Тез өтелетін тиімділігі өтелетін жоғары шараларға;
Тұтыну несиенің басты тағайындалу халыққа тауарлар сату ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біржағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көмегі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілетін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz