Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Несиелеу жүйесі туралы түсінік 5
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы 5
1.2 Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы 6
1.3 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері 8
1.4 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі 10
2 Қазақстандағы несиелеу жүйесі және оның даму бағыттары 13
2.1 Қазақстандағы банктік несие жүйесінің қалыптасу принциптері 13
2.2 Қазақстан Республикасының банктік несие беру процесі 15
2.4 Қазақстандағы банктік несиелеуді дамыту жолында 23
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы банктік несиенің экономикадағы
маңызын көрсету болып табылады. Осы курстық жұмыстың бірінші бөлімінде
жалпы несиелеу жүйесі туралы түсінік беріледі. Осы бөлімде несиелеу
жүйесінің ұғымы мен құрылымы, қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері,
несие механизмі және де банктік несиенің экономикадағы ролі жайында
айтылады.
Ал екінші бөлімінде, Қазақстандағы несиелеу жүйесі және оның даму
бағыттары көрсетіледі. Екінші бөлімнің мазмұнын ашатын тақырыптар:
Қазақстандағы банктік несие жүйесінің принциптері, Қазақстандағы банктік
несиелеудің сипаты және Қазақстан Республикасының банктегі несиелеу процесі
бейнеленеді.
Өткен сіз болашақ болмайды. Сондықтан да біздің жағдайымыздағы банктік
несиелеуді дамыту жолдарын айтпаз бұрын, тарихқа көз жүгіртейік.
Бұл курстық жұмысты таңдаған себебім – жалпы экономикада банктік
несиелеудің маңызы зор болғандықтан. Шаруашылық құрылымдардың дамуында
кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі
маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс
істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық
дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі
экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады.
Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген
экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін
қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру, несиелеу жүйесінің құрылымы
тән. Несиелеу операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге
асырылуынан, несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу
қатынастарының, ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс
істеу механизмі әрқашан өзгеріп отырады.
1987 жылға дейін СССР несиелеу жүйесін үш монополистік банк (Госбанк
СССР, Стройбанк СССР және Внешторгбанк СССР) және Мемлекеттік еңбек жинақ
кассалар жүйесі құрады. Несиелеу жүйесінде басты орынды Госбанк СССР алды.
Бұл несиелеу жүйесіне орталықтанған экономика жағдайында несиелеудің
әкімшілік-бұйрық әдісіне негізделген шаруашылық объектілерді несиелеу
моделі сәйкес келді.
Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің
құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық
шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық
тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты
банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде
банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады,
себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде
несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрді несиелеу
жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды,
банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық
принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі
байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.
Ссуда берудің тиімділігі банк қызметінде негізгі критерийі болмады.
Несиелеу облысындағы экономикалық қатынастардың жүйесін комплексті
реттейтін банктік реформаның екінші сатысы қажет болатын. Бұл 1988 жылығы
реформа нарықтық қатынастар мен банк саласындағы құрылымдардың іргетасын
қалыптастыруға бағытталған бірінші коммерциялық банктердің құрылуына
бағытталған еді.
Бұндай нарықтың құрылуы әкімшілік-бұйрықтық қатынастардың қаржылық
ресурстардың экономикалық икемді әдістермен ең тиімді қолданыс саласына
ауысуын білдірді.
Қалыптасып жатқан нарықтық қатынастарға байланысты ақша-несиелік
реттеу жүйесін құру қажет болды. Сондықтан Госбанктың статусы мен оның ел
экономикасындағы рөлі өзгертілді. Госбанк мемлекеттің қарамағынан шығып, өз
тәуелсіздігін алды.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін Госбанктың базасында нарықтық
экономикасы дамыған елдердің концепциясы негізінде Қазақстанның Ұлттық
банкі құрылды.
Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта
ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу
қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде
Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:
I-деңгейде – Қазақстанның Ұлттық Банкі;
II-деңгейде – коммерциалық банктер және басқа да жекелеген банк
операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұымдары.
Назар аударарлық жайт, бұл несиелеу және қаражат операцияларының көбін
жүзеге асыратын банк жүйесі елдің қаржы жүйесінің қайнар көзі болып
табылады. Бірақтан, операцияларды белгілі қаражат нарығында жүргізетін және
клиенттің белгілі типіне қызмет көрсететін маманданған банктік емес несие-
қаржы ұйымдары – парабанк жүйесі туралы ұмытпауымыз жөн .
1 Несиелеу жүйесі туралы түсінік
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы
Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен
төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың
ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай
қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі
қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың
өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік
мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы
талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады.
Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей
көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша
жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-
жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен
¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған
ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды
құрады.
Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субъектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды
жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана
тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін
төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлем айналымының аса ауқымды
ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексельді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мазмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие формаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу
қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да
қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.
1.2 Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Экономикалық түсініктегі “механизм” белгілі бір қызметті жандандыруға
және бір нәрсені іске қосуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында
“механизм” термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық,
оның ішінде несие саясатының міндеттерімен байланысты болып келеді.
Несиелік механизм – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді
дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерін, несиелеу принциптерін, несиелеу
әдістері мен тәсілдерін және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын
экономикалық механизмнің құрамдас бөлігін білдіреді.
Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмнің бір бөлігі бола
отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде
бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі
үшін пайдаланатын несиелік механизм өзінің негізгі және құрылымы бойынша
объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық
категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-
ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несиелік механизмнің сипатының объективтігін айта отырып, екі
элементі: несиені және несиелік механизмді бір-бірінен бөліп қарау дұрыс
емес. Соңғысы несиені бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни
олардың нақты бір қабатын құрайды.
Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының
белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді.
Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды
ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс-
әрекеті түсіндіріледі.
Демек, несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік
ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері,
тәсілдері және формалары жатады. Сонғылары несиелік қатынастардың мәніне
жатпағанымен де, олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын
немесе оның үстінде қалыптасады.
Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің тек субъективтік
сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан,
кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып біле
отырып, ғылыми таным барысында бірден несиенің мазмұны, оның қызметтерін
талдаудан несиелеу механизміне өтеді.
Несиелік механизм банктік қызметке байланысты заңдармен, банктердің
дербес несиелік саясаттармен және экономиканың тиімділігін арттыру
міндеттерімен анықталады.
Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан, яғни оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне
ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады. Сондай-ақ қазіргі несиелік
механизмнің басқа да экономикалық механизмдер сияқты, мынадай құрылымдық
элементтері болады:
• несиенің түрлері;
• несиелеу объектілері;
• несиелеу субъектілері;
• несиелеу принциптері;
• несиелеу тәуекелді басқару.
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Іс жүзінде несиенің екі формасы болады: тауар және ақша. Ал, кейбір
экономикалық әдебиеттерде оларды коммерциялық және банктік деп атайды.
Коммерциялық несие – жабдықтаушының сатып алушыға сатқан тауары немесе
көрсеткен қызметі үшін төлейтін төлем уақытын кешіктіруін білдіреді.
Коммерциялық несиенің іске асырылу құралы – вексель болып табылады.
Банктік несие – бұл банктердің және арнайы несие-қаржы мекемелерінің
қарыз алушыға ақшалай түрде берілетін несиесі болып табылады. Банктік несие
әмбебап болып келеді. Өйткені, ол банктер арқылы қайта бөлінетін қарыз
капитал ретінде экономиканың барлық салаларында кең қолданылады.
Ал, несиенің жекелеген түрлеріне келсек, олар несиенің осы екі
формасының қолданылуы барысында қалыптасады.
Қазіргі кездегі шетелдік және отандық банктік тәжірибеде жиі
қолданылып жүрген несиенің түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: тұтыну,
лизинг, ипотекалық, ломбардтық, вексельдік, овердрафт, овернайт,
контокорренттік, факторингтік, форфейтингтік және т.б.
1.3 Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері
Несиелеу жүйесі несиелік процесті ұйымдастыруды және несиелеу
принциптеріне сай оны реттеуді анықтайтын элементтер жиынтығы ретінде
түсіндіріледі. Қазіргі несиелеу жүйесінің құрылымдық элементтеріне
мыналарды жатады:
• несиелік қызметті реттеуге бағытталған заңдар мен нормативтік
актілер;
• несиелік саясат;
• несиелеу шарттары;
• несиелік механизм;
• несиелеу техникасы.
Қайта құру кезеңіне дейінгі несиелеу жүйесінің элементтері
бұрынғысынша қалғанымен, шаруашылықтың нарықтық жағдайына өтуіне байланысты
аталған элементтердің әрқайсысының мазмұны түбірімен өзгерді. Сонымен қатар
несиелеу жүйесінде ең басты буын ретінде болатын, оның барлық
элементтерінің өзара байланысы мен біртұтастығын қамтамасыз етіп отыратын
несиелеу принциптерінің де мазмұны өзгерді.
Қазіргі несиелеу жүйесінде шаруашылық ұйымдардың меншікті және заемдық
қаражаттар арасындағы шекті қатынасты белгілеуде мемлекет тарапынан қандай
да бір әмір жүргізу жоқ. Шаруашылық ұйымдардың қызметтерінің коммерциялық
негізі, экономикалық тұрғыда олардың меншікті қаражаттарын заемдық
қаражаттар үшін толық материалдық жауапгершілікті болуға жүктейді. Мұнда
заемдық қаражаттар ретінде тек қана банктік несие емес, сол сияқты ақшалай
және тауардай формасындағы шаруашылықаралық несие қарастырылады.
Кәсіпорындарға кімнің қаражатын және қанша көлемде заемға алу туралы өздері
анықтауға құқық берілген, ал оларды пайдалану шарты келісім-шартта
айтылады.
Шаруашылық айналыстағы меншікті қаражаттар шамасы бүгінгі күні
берілуге жататын несие шамасына, сондай-ақ несиелік қабілетін анықтау
барысындағы клиенттің кластық дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерге әсер
етеді.
Қазіргі несиелеу жүйесі банктің ресурстарына негізделеді. Бүгінгі
жағдайдың бұрынғы әрекет еткен жүйеден айырмашылығы – ол уақытта несиелік
мекемелер өздеріне жоғарыдан берілген несиелік ресурстармен ғана жұмыс
жасаған болатын. Шынында да төменгі банктермен жинақталатын барлық
ресурстар КСРО Мемлекеттік банкі басқармасында орталықтандырылған түрде
жинақталып, қайтадан сол орындарға несиелеу лимиті түрінде қайта беріліп
отырған. Сондай несиелеу шегінде, сол немесе басқа аумақтың клиенттерін
несиелеген. Банк бөлімшелерінің ол уақыттарда қаражат жинақтауға деген
ешқандай да мүдделері болмаған және олардың активтері пассивтерінен
тәуелсіз болған. Қазіргі несиелеу жүйесі басқа негізде құрылған, яғни
берілетін несиелердің көлемі толығымен банктердің тартылған қаражаттарына
байланысты. Бұл берілетін несиелердің ауқымының, сонымен қатар несиелік
мекемеде қалыптасқан пайда мөлшерін көрсетеді.
Қазіргі несиелік механизм коммерциялық сипатқа ие. Осыған байланысты
сауда мотивтері, үнемдеу мотивтері ерекше маңызды болып келеді. Мұндай
жағдайда несиелеудің тек кәсіпорынның қосымша қаражатқа деген қажеттілігін
қанағаттандыру ғана маңызды емес, сонымен қатар несиелік мекеменің
рентабельдігін арттыру үшін де несиелеудің маңызы зор. Дәл осы тұста
коммерцияның: “арзанға сатып алып, қымбатқа сату” принципі орын алады. Бұл
әрине, клиенттердің несиелері мен депозиттеріне, сол сияқты банкаралық
несиеге де тиісті.
Қазіргі несиелеу жүйесінің басты ерекшелігі банктердің меншікті және
тартылған ресурстарына ғана байланысты ғана емес, сол сияқты клиенттерді
несиелеуді жүзеге асыратын коммерциялық банктер үшін орталық банк бекітетін
нормаларға және пруденциялық нормативтерге байланысты келеді. Мысалға, ҚР
Ұлттық банкі орталық резервтерге міндетті төлемдерді аудару нормасын
белгілейді. Сол сияқты басқа да нормативтер, оның ішінде коммерциялық
банкте құрылатын ең төменгі ақшалай резервтер түрінде, ең ірі несиелер
көлеміне байланысты шектеу, банк балансының өтімділігінің параметрлері
сияқты банктің міндеттемелерін өтімді қаражаттар резервімен салыстыра өлшеу
арқылы белгіленетін формалардағы нормативтері де бар.
Қалыптасып отырған қазіргі несиелеу жүйесінің келесі маңызды
ерекшелігі, бұл несиелеудің объектіден субъектіні несиелеуге өтуі болып
табылады. Тауарлы-материалдық құндылықтар қоры және өндірістік шығындардың
болуы несиені алуға құқық берді де, ссуданың қайтарылу барысына терең
талдау жасалмады, клиент үшін жоспардың орындалуы ссуданың қайтарылуына
автоматты түрде кепіл болды.
Жаңа несиелеу жүйесі дәстүрлі және өзіндік ерекше принциптерге
негізделеді, оның ішінде мерзімділік және қамтамасыз ету қағидалары, сол
сияқты несиенің ақылық сипаты да ескеріледі. Сонымен қатар, олардың
бірқатарының мазмұны өзгерген. Бұдан бірнеше жылдар бұрын жақсы және жаман
жұмыс істейтін кәсіпорындар категориялары өмір сүріп, несиелеуде
дифференцирленген режим қолданылған. Кәсіпорынды бағалау негізіне олардың
жоспарлы көрсеткіштерін орындау дәрежелері жатқызылды. Бүгінгі таңдағы
қалыптасқан жүйе несиенің уақытында қайтармау тәуекелін төмендетіп,
клиенттің несиелік қабілетін ескереді. Сондай-ақ коммерциялық банк, қарыз
алушыны төлем қабілетінсіз деп жариялай отырып, оны қайта ұйымдастыру және
тарату туралы сұрақты қоюға құқылы.
Несиенің қамтамасыз етілу принциптеріне де байланысты өзгерістер
болды. Тәжірибе көрсеткендей, ссудалардың тауарлы-материалдық құндылықтар
қалдығымен қамтамасыз етілуі, олардың уақтылы қайтарылуына кепіл болмады.
Сондықтан да қамтамасыз етілмеген ссудаларды бұрынғы тәжірибеде
қалыптасуына байланысты түсіну банк тарапынан жіберілмеуге тиіс. Қайтару
тұрғысынан алғанда, толық кепілдігі жоқ ссудалар ғана біршама сенімді
несиелер болып табылады.
Қазіргі несиелеу жүйесінің келесі бір ерекшелігіне банк несиелерін
жоғары дәрежеде кепілдендіру формаларына өту жатады. Несиенің қайтарылуын
қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда әлемдік тәжірибедегідей біршама сенімді
формаларға кепіл құқы (оның ішінде ипотека, заклад, бағалы қағаздар
кепілдігі), кепілдеме және кепіл-хат, жалпы алғанда сақтандыру жүйелері
жатады. Осындай формаларды қамтитын несиелік механизм банкке өзінің
тәуелсіздігін нығайту, сонымен қатар несиелік тәуекелді төмендету
мүмкіндігін береді.
Жалпы кәсіпорынды несиелеудің өзгерген жүйесі біршама дәрежеде
нарықтық қатынастарға сай келетін үлгі ретінде оларды бағалауға мүмкіндік
жасайды.
1.4 Банктік несие және оның экономикадағы рөлі
Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы мемлекеттегі және халықтағы
қолданыс нәтижелерімен және оларды әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері
туралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен кредиттің
қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының
қатысушыларының жауапкершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз
қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады.
Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса
қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын
үнемдеудің қызығушылығын арттырады.
Берілген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың
сомасының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану мүлдем жоқ
болатын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады.
Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және
ақылығы ресурстардың үнемдеуінде несиенің маңызын арттырады.
Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың
қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен
тұтымына және ақша айналымының саласына ықпал етеді.
Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және
ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін
іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері несиелік
қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады.
Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін
қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік
қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие
алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың
төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының
ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау
үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-
әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат
меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді.
Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану – нәтижесінде материалдық
ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Бұндай нәтиже банктік несиені
қолдану – шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде
мінездеді:
Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы
және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда
ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу
мүмкін болады.
Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте
маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану
дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.
Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің
үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен
шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы – материалдардың
құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу
және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процесінің үздіксіздігінің
бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен
жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың
үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі.
Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен
шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль
атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда
болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының
мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс
істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада
пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар
жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының минималды көлемінің жұмсалуымен іске
асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де
санағанда.
Сонымен бірге әртүрлі қарызгерлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің
арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады.
Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз
қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің
көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады.
Бұндай талаптардың сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан тыс берілуіне
және мезгілсіз қайтарылуына әкеліп соқтырады.
Өндірісті кеңейтуде несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту мен өнімді
өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа
көбейту үшін шығындарды берілуі мүмкін.Сонымен бірге несие негізгі фонды
көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдалана алады, бұл ғимараттар, құрылыстар,
құрал-жабдықтарды сатып алу және т.б.
Өндірістің үздіксіздігі мен оның дамуына әсер ететін несиенің тұтқа
ретінде мінездемесі қарама-қарсы бағытта, себебі өндірістің және өнімді
өткізудің жылдамдығының төмендеуіне әсер ете алатын несиені пайдалану
мүмкін.
Қаражат айналым саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол
ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесінің қатысты.
Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық банкі қолма-қол ақшаның эмиссиясы мен
олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы.
Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар
болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қол ақшаны шығару
кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде
мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын
білдіреді.
2 Қазақстандағы несиелеу жүйесі және оның даму бағыттары
2.1 Қазақстандағы банктік несие жүйесінің қалыптасу принциптері
Несиелік жүйенің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер жатады. Экономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтық қатынастарға
өту кезеңінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттармен
үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша несие
саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды
қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия,
Орталық банктің автономиясы.
Банк ісіне мемлекеттік монополия ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы
мен жойылуын бақылауға, банктік операцияларды жүргізу тәртібі мен
ережелерін заң жүзінде бекітуге ерекше құқығы ретінде түсіндіріледі. Ұлттық
банк Қазақстан Республикасы аумағында банктерді құруға рұқсат береді және
банктер мен олардың филиалдарын реттеу кітабын жүргізіп отырады. Рұқсат
беру кезінде Ұлттық банк жүргізілетін банктік операциялар шеңберін
белгілейді.
Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре
отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша несие және делдалдық
қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші
деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң
жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк)
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан
Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі
несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты
роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болады. Ал олардың басшылық
ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің
банк функцияларын, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық
банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне
әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік
мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар.
Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне
толығымен дербес әр түрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған
жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын
толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын
толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие
жүйесін толықтырып, байытады, экономикдағы өзгерістерді икемді және
сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы
бірегей ақша-несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша
массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық
саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында
республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Несие жүйесін құрудың маңызды принципі – несиелік мекемелер торабының
барынша дамуы мен оларда барлық ақша операцияларының шоғырлануы. Соңғысын
шаруашылық буындарының бос ақша қаражаттарының банктерде сақталуы, есеп
айырысудың қолма-қолсыз жолмен жүргізілуі деп түсінуге болады.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 77 банк және олардың 783
бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.
Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік
ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұтымды
бағыттауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді.
Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңында былай делінген:
“Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзыреті
шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін
нормативті актілерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – Қазақстан Республикасының
валютасын реттеудің негізгі органы болып табылады”.
“Валюталық реттеу” түсінігіне нормативті актілерді жасап шығару,
ақпарат жинау, валюталық заңдардың сақталуын бақылау және оны бұзған
тұлғаларға сакциялар қолдану керек. Ұлттық банк валюталық реттеу
функцияларын жүзеге асырады.
Бұл принцип – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы
резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының
ықпалынан сенімді қорғау жолы.
Орталық банктің автономиясы егемен елдер заңдарымен бекітілген. Банктер
жедел банктік қызметпен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде үкімет пен
атқарушы билік органдарынан тәуелсіз.
Ұлттық банк тек Қазақстан Республикасы Президентіне ғана есеп бере
алады.
Кей жағдайда бұл Республиканың ұзақ мерзімді міндеттерінің қорғаушысы
ретінде Ұлттық банк мүдделері үкіметінің қысқа мерзімді мүдделеріне сәйкес
келмеуі мүмкін; үкімет болса мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында
Ұлттық банктің несиелік ресурстарын осы тапшылықты жабуға пайдалануға
тырысады (бұл Кеңес үкіметі кезінде жүйелі түрде жүргізілген), ал бұл ақша
айналымының тұрақтылығын бұзады, инфляцияның өршуіне себепкер болады.
Орталық банк елдегі ақша-несие саясатының жүргізілуіне толық жауап
береді. Өз кезегінде ақша-несие саясаты экономиканы мемлекеттік реттеудің
негізін құрайды. Сондықтан ақша-несие саясатын автономды түрде
жүргізбейінше, республикадағы нарықтық экономиканың тиімділігі туралы сөз
қозғауға да болмайды.
Біздің еліміз бен шет елдердегі несие жүйесінің автономдылығының елеулі
дәрежесі – экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мақсатында ақша-несие
және валюталық тұрақтылықты сақтау міндеттеріне қатысты болып келеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz