Банктік несиенің түрлері
Жоспар
I. Кіріспе.
Банктік несие теория негізінде
1. Банктік несиелеуді ұйымдастыру принциптері, түрлері,
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2. Банктегі несиелеу механизмі және несиелік процесс
... ... ... ... ...9
I. Қазақстан Республикасының банктік несиесі.
1. Қазақстан Республикасындағы банктік несиенің дамуы ... ... ... .14
2. Қазақстан Республикасындағы банктік несиенің қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 17
III. Қазақстан Республикасындағы банктік несиенің
болашағы ... ... ... .26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 31
I. Банктік несие теория негізінде.
1.1 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында несиенің негізгі формас
ына банк несиесі, яғни, коммерциялық банк беретін несиенің әр түрі мен
тұрпаты жатады.Банктік несие дегеніміз – қарыз алушыларға ақшалай түрінде
берілетін несие. Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін,
сондай – ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті
экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің
берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу
принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:
несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде
қатынасу нәтижелілігі және т.б анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
I топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
▪ несиенің мақсаттылығы;
▪ несиенің дифференциалдығы.
II топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
❖ несиенің мерзімділігі;
❖ несиенің қайтарымдылығы;
❖ несиенің төлемділігі;
❖ несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциациялдық принципінің мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип
несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген
сұранысын оқып – үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және
олардың банк үшін пайдалылығын, сондай – ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын
жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске
қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін
басты факторларына мыналар жатады:
–– орталық банктердің коммерциялық банктерге беретін несиелері бойынша
белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
–– банкаралық несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
–– өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы
мөлшері;
–– банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған ( қаражаттар үлесі
қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс);
–– несиеге деген сұраныс ( сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан
болады);
–– несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтқанда, банк үшін оның
қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
–– еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы ( инфляция қарқыны қаншалықты
жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақы да жоғары болуға
тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын
жоғалту тәуекелі артады).
Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар
қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу
формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы мынадай түрде беріледі:
i x P x n
I = –––––––––––––
360 x 100
мұндағы:
і – сыйақы мөлшері;
P – қарыз қалдығы;
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
I – несиенің барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы мынадай:
I = P x [(1+ i1200 )^n – 1] ,
мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі;
P – несиенің бастапқы сомасы;
I – несиенің барлық мерзіміне есептейтін сыйақы сомасы;
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егер де несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі
өткен несиелер шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен несиелік қарызға
сыйақыны есептеу мынадай формулаға байланысты жүргізіледі:
Ig = Q x [( 1+ ig1200 )^t1 – (1+ig1200 )^t2],
мұндағы:
Ig – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
Q – мерзімі өткен қарыз сомасы;
ig – мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі ( айып – пұл );
t1 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы
есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
t2 – несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі
уақыт мезгілі.
Несиелеудің келесі бір принципі – берілетін несиелердің материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің
экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін несие – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз
етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып,
оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып
келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай
шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие
мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді
іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дұрыс анықтау қажет,
екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын,
құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын
қамтамасыз ету қажет; үшіншіден,бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының
иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап
отыру қажет.
Кепілхат – қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың
қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда
кепілхаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді
кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру
қажет. Кепілхатты несиенің қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану,
кепілхатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепілхат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді:
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып
келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепілхат
бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей
алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепілхат қамтамасыз
етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме – бұл нақты бір қарыз алушының
несиеге байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепілхаттың бұл
түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепілхаттар. Жеке кепілхат жеке
тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады.
Корпорациялардың кепілхаттары басқа бір корпорациялардың алған несиелерін
қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепілхаттар дамыған елдер
тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін
кепілхаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына
сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру. Бұл
енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында
көптеген мәселелер орын алуда.
Банктік несиенің түрлері
Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі
қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық
сақталатын көрінісі.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр турлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
• мақсатты қорларға;
• банктерге;
• қаржы-несие мекемелеріне.
2.Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
• өнеркәсіп салаларына;
• ауыл шаруашылығына;
• саудаға;
• дайындау ұйымдарына;
• кооперативтерге,
• жеке кәсіпкерлерге.
3.Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
II. Мерзіміне қарай:
• қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
• орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін);
• ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).
III. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:
• негізгі қорларға жұмсалатын;
• айналым қаражатына жұмсалатын;
IV. Қматамасыз ету дәрежесіне қарай:
1. Қамтамасыз етілген:
• кепілхатпен;
• кепілдемемен;
• кепілдікпен.
2. Сақтандырылған.
3. Қамтамасыз етілмеген:
• сенім ( бланктік) несиесі.
V. Қайтарылу дәрежесіне қарай:
1) Стандартты несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай
күмән жоқ несиелер;
2) Күмәнді несиелер – қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған
және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің
жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1– санатты
күмәнді, 2 – санатты күмәнді, 3 – санатты күмәнді, 4 – санатты күмәнді, 5 –
санатты күмәнді.
3) Үмітсіз несиелер – қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен
несиелер шотына жазылған несиелер.
VI. Валютамен берілуіне қарай:
• ұлттық валютамен;
• шетел валютасымен.
VII. Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін
және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді ( тұрғын үйді, өндіріс
ғимараттарын, жерді және т.с.с. ) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге
берілетін несиені білдіреді.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік қалдық
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін
банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа
мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір- біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал- жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін
несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат
пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу
мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.
12. Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің
өзара қосылып беретін несиелері.
Несиелеу әдістері – несиенің берілуі және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің екі
әдісі қолданылған:
• қалдық бойынша;
• айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы ( яғни, несиені беру
және қайтару ) несиеленетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты
болды. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы – материалды құндылықтар,
аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар,дайын өнімдер және
жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несиелеу әдісінде несие конпенсациялық
сипатта болды, өйткені, несие шаруашылық органдардың құндылықтары мен
шығындар қорларының нормативтен жоғары бөлігіне жұмсалған меншікті
қаражаттарының орнын жабуға бағытталды. Компенсациялық несиелер жай
несиелік шоттар бойынша берілді. Сондай – ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп
айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.
Айналым бойынша несиелеу ( тауар айналымы ) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің
берілуі мен бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша
ұштасып қалып отырды. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болды, себебі
несиенің берілуі тікелей төлемге қатысты және ең бастысы, заемдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады.Сөйтіп,
айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиелердің көмегімен
жүргізіліп, арнайы несиелік шоттар бойынша беріліп отырылған. Бұл жерде
несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік
несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Демек, бірінші әдіс бір– ақ рет пайдалануға жараса, ал екіншісі, банктік
несиелерді үнемі беріп отыру үшін қызмет етумен қатар, халық шаруашылығының
қорларының айналым шеңберін және төлем айналымын ұйымдастыруда оның ролі
арта түсті.
Қалдық бойынша несиелеу әдісі нарықтық жағдайға өтуімен байланысты өзінің
тәжірибелік маңызын жоғалтты, 80– ші жылдардағы банкті реформалаудың
бірінші кезеңінің жүрісінде саны көп объектілерді несиелеуден біртұтас
несиелеу механизмі бойынша ірі объектілерді тек айналым бойынша несиелеуге
өтудің объективті процесі аяқталды. Мұнда айналым бойынша несиелеу жиынтық
қорлар мен өндіріс шығындары бойынша несиелеу формасын қабылдады, сондай –
ақ мұндай формаға іс жүзінде шаруашылықтың барлық салалары өткізілді.
Қазіргі жағдайда мұндай тәртіпте өнеркәсіптік, көлік, құрылыс, ауыл
шаруашылық, сауда және жабдықтау– сату ұйымдары несиеленеді.
Сонымен, қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі
қарастырылады:
• айналым бойынша несиелеу әдістері;
• қалдық бойынша несиелеу әдістері;
• айналым – қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналымындағы қозғалысын жалғастырып отырды. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Бұл әдіс негізінен
несиенің қозғалысымен қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына
байланысты үздіксіз қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңартып отыратын
процесс болып табылады.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде
айналым – қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңге, несиеге деген
қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңге,
берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туралы –
материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
Шетелдік банктік тәжірибеде несиелеудің мынадай екі әдісі белгілі:
бірінші әдіс бойынша несиені беру туралы мәселе әр алған сайын қарапайым
тәртіппен шешіледі. Несие қаражатқа деген белгілі бір мақсатты қажеттілікті
қанағаттандыруға беріледі. Бұл әдіс несиелерді нақты бір мерзімге, яғни
мерзімді несиелерді беру барысында қолданылады.
Екінші әдіс барысында несиелер қарыз алушы үшін банктің алдын ала
белгіленген несиелеу шегі көлемінде беріледі. Бұл несиелеу шегі оларға
белгілі бір мерзім аралығында төлем құжаттарын банкке төлеуге көрсету
жолымен қажеттілік шараларына байланысты пайдаланылады.
Несие берудің мұндай формасын несиелік желіні ашу деп атайды.
Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде
қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің қарыз
алушы алдындағы міндеттемесі. Ашылған несиелік желі арқылы несиенің
есебінен банк пен қарыз алушының арасында жасалынған несиелік келісімшартқа
сәйкес, кез келген есеп айырысу құжатарын төлеуге болады. Несиелік желі
көбіне бір жылға ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге
ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі мерзімнің кез келген уақытында
қосымша келіссөздер жүргізбей– ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала
алады. Бірақ банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап
қойса, бекітілген шек көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады.
Белгіленген тәртіп бойынша, несиелік желі тұрақты қаржылық жағдайы және
жақсы ресурстары бар клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша
несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.
1.2 Несиелеу механизмі.
Несиелеу механизмін кеңес экономистері жалпы несиелік механизмінің
техникалық қабаты ретінде бөліп қарастырады.
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс –тәсілдерін және
несиелеу процесін, сондай – ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын
несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін
білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін
сипаттайды.Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік
сипаты бар механизм, Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік
процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
• несиеге деген өтінішті қарау;
• несиелік қабілетін талдау;
• несиелік келісімшарт жасасу;
• несие беру;
• несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
I кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз
алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мақсаты, мөлшері,
түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің
қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар
сипатына байланысты құжаттар беріледі.Клиенттерлің әр түрлі топтары үшін әр
түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің
құрамына жататындар:
1) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шартының, тіркелген
куәліктерінің немесе патенттерінің; нотариялды түрде куәландырылған
жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар; адамзаттардың төл
құжаттары Және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да
құжаттардың көшірмелері;
2) соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер;
3) несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу
мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі;
4) несиеленетін мәліметтерді растайтын келісім шарттар көшірмелері
(материялдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар,
тауарлы-материялдық құндылықтар шотының көшірмелері және т.с.с);
5) басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер ( шоттар бойынша
көшірме );
6) қамтамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік
құқығын растайтын құжаттар;
7) несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;
8) қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да
құжаттары жоқ кәсіп орынның бизнесжоспары.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін
басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен
тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар
тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған
уақытта, банк несилеудегі оның мүмкінлігін алдын ала бағалау үшін есеп
карточкесін толтыруы мүмкін.Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-
жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және
валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары;
ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге
берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған
несиесін қайтару қабілетін бағалаудфң шешім қабылдау үшін аса маңызы бар.
Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
II кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі.
Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған несиесі бойынша
қарызды уақытылы және толық көлемде қайтару қабілетін бағалаумен
сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен
болуы мүмкін, сондықта да банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан
бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне
ықпал етеді.
Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай
факторлар есепке алынады:
1) Несиеге қатысты қабілеттілігі. Қрыз алушыға несиені бере отырып, қарыз
алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және
нұсқауымен танысуға тиіс.
2) Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп
қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ
келісім шартқа байланысты барлық міндеттемелерді орындауы түсіндіріледі.
3) Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының несиені қайтаруға жеткілікті
қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға
шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есерке алынады. Бұл
факторларға: қарыз алушы кәсіп орынның орналасқан жері, оның тауарлары мен
қызыметтерінің біліктілігі жатады. Несиелеудегі шетелдік тәжірибеде бұл
факторларға қоса жарнамалау тиімділігі, бәсеке сияқты факторлар ескеріледі.
III кезең. Несиелік және кепіл туралы келісімшарт жасасу.
Казіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік
қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасасу үшін несиелеу
субъектісімен қатынасқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда
банк пен қарыз алушы келісім шарт негізінде шешеді.
Несиелік келісімшарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және
жауапкершіліктерін анықтайды. Онда мыналар көрсетіледі:
□ несиелеу мақсаты және объектісі;
□ несиенің мөлшері;
□ несиені беру мерзімі және қайтару шарттары;
□ несиені қамтамасыз ету формасы;
□ несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі;
□ несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз
алушының беретін құжаттарының тізімі;
□ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі.
Несиелік келісімшарттың мазмұнын келісуші жақтардың өздері анықтайды.
Несиелік қатынастарды ұйымдсатыру тәжірибесінде кепіл туралы
келісімшарттың орны ерекше. Кепіл туралы шарт кепіл затына байланысты
ажыратылады.
Кепіл затына: заттар, бағалы қағаздар, басқа да мүліктер және мүліктік
құқықтар жатады.
Материалдық – заттық мазмұнына қарай кепіл заттары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Клиенттің мүліктерінің кепілі:
• тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі:
а) шикізаттар, материалдар, жартылай өнімдер кепілі;
б) тауарлар және дайын өнімдер кепілі;
в) валюталық бағалылар (нақты валюталар ), алтыннан жасалған бұйымдар
кепілі;
г) басқа да тауарлы – материалдық құндылықтар кепілі;
• бағалы қағаздар ( вексельдер ) кепілі;
• сол банктегі депозиттер кепілі;
• жылжымайтвн мүлік кепілі ( ипотека ).
2. Мүліктік құқықтар кепілі:
• жалгерлік құқық кепілі;
• авторлық құқық кепілі;
• жерге құқық кепілі.
Кепіл туралы келісімшартта мынадай мәселелер қарастырылады:
• Келісімшарт жасасушы тараптар туралы мәліметтер;
• Келісімшарт заты;
• Кепіл берушінің құқықтары мен міндеттері;
• Кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттері;
• Талап ету құқықтары;
• Кепілге қойған мүлікті қайта рәсімдеу, басқа мүлік есебінен;
• Кепілге қойған мүліктің бұзылуына байланысты тәуекел жағдайлары мен
кепіл затын ауыстыру;
• Тараптардың жауапкершіліктері;
• Ерекше шарттар;
• Дауларды шешу;
• Кепіл туралы келісімшарт жасаушылардың заңды мекен – жайы мен өзге
де мәліметтері.
• Басқа шарттар.
IV кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ағымдық шот ашу, несиені беруді
құжаттау тәртібін ( қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін ), несиені беру
тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын
қамтиды.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі
– несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда
жұмсалынады. Екіншісі – несие алу құқығы қосымша қаражаттарға деген
қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі
бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (
мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді ).
Несиенің мөлшері оны барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
V кезең. Несиені қайтару және сыйақы төлеуіне бақылау жасау – несиелік
операцияның маңызды кезеңі. Несиелер бойынша қарызды қайтару тәсілі банк
қаражаттарының пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы
рөліне байланысты.
Несиенің берілуі сияқты несиені қайтарудың бірегей жасалған үлгісі жоқ.
Іс жүзінде несиені қайтарудың төмендегідей көптеген варианттары болады:
1) мерзімді міндеттемелер негізінде эпизодтық қайтару;
2) меншікті қаражаттардың жинақталуының және несиеге деген есеп айырысу
шотына қажеттіліктің азаю шамасына қарай қайтару;
3) алдын ала белгіленген сома негізінде жүйелі түрде қайтару;
4) түскен түсімді бірден несиелік қарызды жабуға есептеу;
5) несиенің қайтарылу мерзімін созу;
6) мерзімі өткен қарызды „ Мерзімі өткен несиелер” шотына аудару;
7) банк резерві есебінен мерзімі өткен несиелерді шегеру.
Несиелік қарызды қайтару туралы қарастырылған варианттар бұл процесті
мынадай белгілеріне байланысты жіктейді:
Қайтаруына қарай:
1) несиені толық қайтару;
2) несиені жартылай қайтару.
Қайтару жиілігіне қарай:
1) несиені бірден қайтару;
2) несиені бөліп – бөліп қайтару.
Қайтарудың жүзеге асырылу уақытына қарай:
1) несиені жүйелі түрде қайтару;
2) несиені эпизодтық қайтару.
Қайтару мерзімдеріне қарай:
1) несиені мерзімді қайтару;
2) несиенің уақытын созып қайтару;
3) несиенің мерзімін өткізіп барып қайтару;
4) несиені мерзімінен бұрын қайтару;
Қайтару көздеріне қарай:
1) клиенттің меншікті қаражаттары;
2) жаңа несиені пайдалану;
3) кепіл берушінің шотынан шегеру;
4) басқа кәсіпорын шотынан түскен қаражаттар;
5) бюджеттік түсім және т.б.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиенің қайтарылуын негіздейтін құжаттарға: клиенттің жазбаша
үкімі, банктің өзінің үкімі, соттың бұйрықтары жатады. Клиенттің өзінің
шотынан ақшалай қаражаттарды шегеру туралы берген үкімі жазбаша да және
ауызша да болады. Несиенің қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары
арқылы да жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызыметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен несиелерді қарай отырып, қарыз
алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді.
Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді
міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарыз
алушының ағымдық шоты басқа банкте ашылған болса, несие бойынша қарызды
және сыйақыны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде
жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының уақытша қаржалық
қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға
рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды
іздестіру механизмі несиелік келісімшартта анықталады. Сыйақы ай сайын,
тоқсан сайын және т.б. есептеулі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі
мүмкін.
Пайызды есептеу барысында шартты түрде айдағы күндер саны – 30, ал
жылдағы 360 күнмен алынады.
Банк несиелік келісімшарттың орындалуына, қарыз алушының алған
несиені пайдалануына және оны толық қайтаруына бақылау жасайды.Осы мақсатта
қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап,
қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысуқұжаттарын,
бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз
алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар,
сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады.Әрбір банктің өзінің клиенттің
несиелік ісін жүргізу жүйесі болады.
Несиелік келісімшартқа өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға
қатысты банк қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту
жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай беруді тоқтатуға құқы бар.
Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда
банк несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы.
Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін
мерзімді түде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені банктің несиелік
портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысындағы
тәуекел көзі болып табылады.
II. Қазақстан Республикасының банктік несиесі.
2.1 ҚР – дағы банктік несиенің дамуы.
Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банк жүйесі болған жоқ, себебі
республика аумағында КСРО – ның орталықтандырылған несие жүйесінің
филиалдары мен банк бөлімшелері қызмет етті. Қазақстанда банктік капиталдың
өне бастауы және оның территориясында несиелік жүйесінің құрылуы XIX
ғасырдың аяғында басталды. Осы уақыттан бастап несиенің жаңа нысандары
пайда бола бастады. Қазақстанның несиелік жүйесі, Ресей империясының
несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшелерінен,
акционерлік коммерциялық банктерден, несиелік кооперациялардан және де
басқа да майда несие мекемелерінен құрылды. Ресей Мемлекеттік банктің
құрылуымен Қазақстан территориясында оның мекемелері пайда бола бсатады.
Ресейдің Мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие
жүйесіндегі – Орталық банк болып табылады. Ресейдің Мемлекеттік банкі
барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп – ссудалық операцияларының
үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық щоттардың жартысынан көбін
тартып отырған. Ресей Мемлекеттік банкінің бірінші бөлімшелері Оралда
(1876ж.), Петропавловскіде (1886 ж.), Семейде (1887 ж.), Верныйда (1911 ж.)
ашыла бастады. Ресей Мемлекеттік банкінің мекемелерінің ашылуынан кейін
Қазақстан территориясында коммерциялық банктер пайда болды. Жалпы, бірінші
дүние жүзілік соғыстың бастапқы кезеңінде Қазақстанның әр аудандарында
Мемлекеттік банктің – 6 бөлімшесі, акционерлік, коммерциялық банктердің –
18 филиалдары, 12- өзара несие беру қоғамдары, 8 – қалалық қоғамдық
банктер, 345 – несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. 1909 –
1913 жж.өнеркәсіптік өрлеу жылдарында мемлекеттік және акционерлік –
коммерциялық банктермен қатар сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындарды
несиелендіруші жергілікті несиелік мекемелер: өзара несие беру қоғамдары
және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды. Олар несие жүйесіндегі
ортаңғы буын ретінде орта және ұсақ буржуазияларға қызмет еткен. Өзара
несие беру қаражаттары: мүшелік жарна қосудан, ағымдағы шоттардағы
қаражаттар мен қоғам мүшелерінің салымдарынан құралды.
Қызметтерінің сипаты жағынан өзара несиелеу қоғамдарының коммерциялық
банктерден айырмашылықтары болмады. Олар да салымдар қабылдап, ағымдық
шоттар ашты, вексельдерді ала отырып, ссуда беріп және тауарлармен
байланысты операциялармен айналысты. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары
бұрынғы жүйемен несиелеу ережелері қала берді. 1920ж. несие ісін реттеу
жұмыстары жеке банктерді национализациялау негізінде жүргізілді. Өзара
несие қоғамдарының капиталы мынадай үш көзден құралды:
1) Айналым капиталынан ( мүшелердің қосқан жарнасынан)
2) Босалқы капиталдан (түскен пайдадан 10% мөлшерінде аудару негізінде)
3) Арнайы капиталдардан.
Қалалық қоғамдық банктердің өзара несие беру қоғамдары сияқты, тауар
өндірісінің өсуі және сауда – өнеркәсіп буржуазияларының арзан банк
иелігінде деген сұранысы туындады. Осы банк ұйымдастыру құрылымына
байланысты қалыптасты.
1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына салым ақшаларды қабылдау,
ссуда беру және есеп айырысуда делдал болу секілді формалардағы несие
операцияларын жүргізуге рұқсат берілді. 1926 жылдың 1 сәуіріндегі есеп
бойынша КСРО-да 16185 серіктестік жұмыс істеген. Оның 2426-сы несие және
сауда-жинақ мекемесі, 12424-ауыл шаруашылығына арналған несие мекемесі.
Одақ үкіметінің 1930 жылғы 30-ыншы қаңтардағы үкімі бойынша елде несиелік
реформа жүрді. Бұл реформа коммерциялық несиелеуден банктік несиелеуге
көшуді жүзеге асырды. Несиелік жүйені қайта құру 1932 жылғы 5-інші
мамырдағы үкіметтің „Банктердің күрделі салымдарды қаржыландыру және ұзақ
мерзімді несиелеуі туралы” үкімімен аяқталды.
Капитал салымдарын қаржыландыру және несиелеу бойынша 4 арнайы банк
құрылды.
Өнеркәсіптерді және электр шаруашылығын ұзақ мерзімге несиелейтін банктен
қайта құрылған өнеркәсіптердің және электр шаруашылығының капиталдық
құрылысын қаржыландыратын банк. Ол 1959 жылы КСРО Құрылыс банкісі боп қайта
ұйымдастырылады.
Осы салалық банктердің барлығы салаларды ұзақ мерзімге несиелеумен және
қаржыландырумен айналысты. Сондай – ақ, іс тәжірибеде ақша айналымын тек
бір ғана банкте шолғырландыру принципі жүзеге асырылды, яғни, әрбір
кәсіпорын, ұйым немесе мекеме есеп айырысу және ағымдағы шотын тек бір ғана
банкте аша алатын. Олар өз қаражатын осы банкте сақтады, несие мен қолма –
қол ақшаны осы банктен алды және осы банк арқылы ақшасыз есеп айырысты.
КСРО Өнеркәсіп – құрылыс банкісіне (Промстройбанк) несие саясатын жүргізу,
несие жүйесінің тиімділігін арттыру жүктеліп, капитал салымдарын, сонымен
бірге, өнеркәсіптегі, құрылыстағы, көліктегі және байланыстағы, КСРО
Мемлекеттік жабдықтаудағы есеп айырусыларды қаржыландыру мен несиелеу де
оның міндетіне кірді.1988 жылға дейін Орталық, коммерциялық және
инвестициялық банктердің қызметтерін орындайтын КСРО Мемлекеттік банкісінің
әмбебаб несие мекемесінен еш айырмашылығы болмады десек артық айтпаймыз.
КСРО-ның банк жүйесінде, оның ішінде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң
орталықтандыру мен шоғырландыру саясаты үстемдік етті, сондай-ақ шаруашылық
органдарының қызыметінде де осындай жағымсыз жағдайлар басым болды.
1992 жылдың ішінде Қазақстан экономикасына салынатын несие салымдары
артты. Жалпы ұлттық өнім несиенің сомасы 1992 жылдың I тоқсанында 11,3% -ды
құраса, IV тоқсанда-29,8%. Бұл негізінен өз кезегінде Ресей Орталық
банкісінің котокорренттік несиесімен қаржыландырылған Ұлттық банктің
несиесі арқылы қайта қаржыландырудың есебінен жүзеге асырылды. Мұны мына
мәліметтер анықтайды: 1992 жылдың I тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге берген несие сомасы Жалпы ұлттық өнімде 6,7%-ды құрады, ал осы
жылдың IV тоқсанында - 17,8%. Мамандырылған банктер арқылы несие
ресурстарын осылацша орталықтандырылған әкімшілік жолмен бөлу тіршілікке
икемсіз, залалды мәліметтік кәсіпорындарға несиенің берілуіне жол ашты, бұл
өз кезегінде нашар несиелердің қалыптасуына, яғни банктерде нашар несие
портфелінің пайда болуына әкеп соқтырады. 1993 жылы ұлттық банк 7,5 млрд
теңге – үкіметтік, яғни, олардың үлесі 75%-ды құрады, ол бойынша
қайтарылған жалпы сома 138,5 млн теңгеге немесе 3,9%-теңесті, қалған
бөлігінің мерзімі ұзартылды.
Несиені тиімді орналастыруға кедергі келтіретін фактілердің біріне
пайыздық мөлшерлеменің төмен болуы жатады. Пайыздық мөлшерлемелер
деңгейінің төмен болуы саудаға қажеттілікті арттрып, өтініші негізінде
тікелей орталықтандырылып несиеленетін мемілекеттік кәсіпорындардың
қаржылық тәртібін әлсіретіп тастады.
Мемлекеттік кәсіпорындар бұл арзан несиені негізінен инвестиция үшін
емес, еңбекақы төлемдеріне және материялдық құндылықтарды жинауға
пайдаланды. Инфляцияның деңгейі мен Ұлттық банктің атаулы пайыздық
мөлшерлемесін салыстырса да жетіп жатыр: соңғысы 500%-дан да асып түсетін
бөлшек сауда бағасының жылдық инфляциясында – 1992 жылдың наурыз айында –
жылына 25%-ды құрады. 1992 жылдың қараша айында атаулы пайыздық мөлшерлеме
65%-ға дейін артты, ал инфляция – 1000%. Сол кездің тұсында арзан несие
алған кәсіпорындар өз жағдайларын түзктуге асықпады.
Осылайша, қолдау көрсетілетін мемілекеттік кәсіпорындарды тікелей
несиелеудің саясатын төмен пайыздық мөлшерлеме саясатымен біріктіру несие
ресурстарының дұрыс орналаспауына әкеп соқтырды.
Өз кәсіпорындарының өтеу қабілетін салмақтап жатпастан оларға несиені
тікелей беретін мамандырылған банктердің бұл әрекеті мерзімі өткен
саудалардың көбеюіне әкеп соқтырады, ал нарыққа бағдарланған кәсіпорындар
банктерден несие ала алмады.
Мақсатты үкіметтік бағдарламаларға орталықтандырылған несие 1993 жылы
негізінен жеңілдікті пайыз мөлшерлемесі (3%, 253 және 65%) бойынша
берілді7,5 млрд сомасында банк берген несиенің 7,6%-ы олардың үлесіне
тиеді, өйткені 1992 жылы пайыз мөлшерлемесіне коммерциялық банктердің
белгіленген шектеулері алынғаннан кейін Ұлттық банктің орталықтандырылған
несие ресурстарының есебінен банктердің беретін несиесінде маржа 3%
мөлшерінде сақталып қалды. Нәтижесінде орталықтандырылған несиенің орташа
мөлшерлемесі тұтас республикабойынша 1993 жылы 48,2%- ды құрады.
Несие салымдарының жалпы сомасында үкіметке мемілекеттік емес борыштық
бюджет тапшылығын жабу
үшін берілген несиенің үлес салмағы басым: 1992 жылдың 1 қаңтарында ол
13,7 және 11% -ды құраса, 1993 жылдың 1 қаңтарында – 1,5 және 2%, ал, 1993
жылы бюджет тапшылығын жабуға 877 млн теңге мөлшерінде немесе барлық несие
сомасының 11,8% –ын құрайтын несие сомасы берілді.
Нәтижесінде несие салымдарының құрылымы айтарлықтай нашарлап, жарамсыз
(мерзімі өткен) несиенің үлесі артты.
1995 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге
ұсынған несиенің көбісі ресурстар аукционы арқылы үш ай мерзімге дейін
берілді, ал осы жылдың екінші жартысында операцияның ең көп бөлігі
мемлекеттік құнды қағаздардың қайталама нарығында жүзеге асырыла бастады.
Банкаралық несие нарығы да даму жолына түсті. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz