Банктің активті операциясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

I Негізгі бөлім. Банктің активті операциясы3

1. 1 Банктердің активтік операциялары3

1. 2 Банк активтерінің жіктелуі5

1. 3 Банк активтерінің сипаты мен сапасы8

II Есептік бөлім9

2. 1 Негізгі құралдарының есебі . 9

2. 2 Лизингтік операциялар есебі25

2. 3 Факторинтік операциялардың есебі30

Қорытынды33

Қолданылған әдебиеттер тізімі34

Кіріспе

Банк саласы Қазақстан Республикасының экономиканың дамушы секторының бірі болып табылады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына үлкен өзгерістер алып келді. Бүгінгі күн банктегі бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады. Қазіргі уақытта нарықтық экономика жағдайына байланысты және банктер санының күннен күген өсуіне байланысты банктегі бухгалтерлік есепті жүргізудің негізгі мақсаты - банкте айналымда жүрген ақша қаражаттарының мүліктерінің есепке алынып дәл нақты санын көзбен көре отырып пайдаға немесе шығынға жеткендігін білуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда банктің активті операцияларының орны ерекше. Бұл активті операциялар арқылы банк өзіне қаражат жинайды. Банк үшін активті операцияларның маңызды бөлігі банктік несиелік операциялар алады. Еліміз тәуелсіздік алған соң экономикалық жағдайда жақсартудың бір тірегі бұл - несие. Халқымыздың несиеге қызығушылығы артуы бұл экономиканың дамуына зор үлес қосады және халықтың әл-ауқатын жақсаруына әкеп соғады. Несие нарығы қаржы нарығының ең тез дамитын бөлігінің бірі. Біз дамып келе жатқан ел болғандықтан халықаралық ұйымдардан, банктерден несие алып жетпеген жерлерді жамап отырамыз.

Банктік несиелер біршама табысты және жоғарғы тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктің басты пайда көзінде қызмет етеді. Нарықтық экономика жағдайында банктің қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс пайда табу болғандықтан барлық назарын осыған аударады.

Несиелік операциялар банктің ресурстар базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін 80% жуық құрайды.

Макроэкономикалық деңгейдегі бұл активтік операциялар арқылы банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті айналыста және тұтыну процесінде жұмыс жасалынуымен сипатталынады.

Бұл өзіндік жұмыс бойынша мен активті операциялардың атқару жұмысы және есебін қарастырамын.

I Негізгі бөлім. Банктің активті операциясы

1. 1 Банктердің активтік операциялары

Активтік операциялар - бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.

Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.

Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады;

- Ссудалық (несиелік) операциялар

- Инвестициялық операциялар

- Қаржылық операциялар

- Басқа да операциялар .

Банк активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік (ссудалық) операцияларды негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде ссудалық портфель құрылады. Банктік ссудалар біршама табысты хәне жоғары тәуекелді болып табылады. Бұл активтер топтары банктіңбасты паида көзі ретінде қызмет етеді.

Ссудалық операциялар банктің ресурстық базасын орналастыруда банктің активтік қызметінің негізгі бөлігін (мысалға, 80%-ға жуық) құрайды. Макроэкономикалық деңгейдегі бұл операцияның мәнін, оның көмегімен банктер уақытша жұмыс жасамайтын ақшалай қорларды өндірісті, айналысты және тұтыну процесінде жұмыс жасайтын етуімен сипатталады. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттерінеәр түрлі ссудаларды береді.

Банк қызметіндегі инвестициялаудың өзіндік ерекшелігі бар.

Кең мағнада, банктік инвестиция - пайда табу мақсатында банктің ресурстарын орналастыруға бағытталған активтік операциялардың жиынтығы.

Ал тар мағнада, банктік инвестиция - табыс немесе пада алу мақсатында ақшалай қаражаттарды бағалы қағаздарға жұмсауы.

Сонымен қатар, банктік инвестициялау деп негізгі капиталға жұмсалған қаражаттар деп түсінуге болды.

Банктің инвестициялық қызметі инвестициялық саясат көмегімен жүзеге асырылады. Инвестициялық саясаттың негізгі мазмыны қаражат жұмсау үшін біршама тиімді бағалы қағаздардың түрлерін анықтау, әр уақыт кезеңіне инвестиция портфелінің құрлымын оңтайландырудан тұрады.

Банктердің инвестициялық саясаты - банк қызметінің тұрақты жұмыс жасауының, нәтижелілігін немесе пайдалылығын, сондай-ақ өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында инвестициялар портфелін басқару стратегияларын жасауға және іске асыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Банктің инвестициялық саясаттың басты бағыттарымынадай бөлімдерді қамтиды:

  • инвестициялық саясаттың басты мақсаты;
  • баланс активімен пасивіндегі квазиинвестициялық операциялардың шегін анықтау;
  • инвестициялық операциялардың сапасы үшін жетекшілер мен атқарушылардың жауаптылығы;
  • инвестициялардың құрамы мен құрылымы;
  • бағалы қағаздардың сапасының деңгейінің және өтеу мерзімінің тиімділігі.
  • инвестициялар портфелінің дивесификациялауыны қойылатын негізгі талаптар;
  • портфелдің құрамына түзетулер енгізу механизімі;
  • сақтау тәртібі және сақтандыру механизімі;
  • пайдалар мен зияндардың есебі;
  • Компьютерлік қамсыздандыру бағдарламалары.

Банктердің иенвестициялық қызметі жаңа бағалы қағаздарға қаражат орналастыруға кепілдік беру, сондай- ақ клиенттерге қандай бағалы қағаз түрін, қай уақытта шығаруға және ұсынысты қалай жасауға болтыны жайлы кеңес беруді сипаттайды.

Бағала қағаздар бизнесіндегі андеррайтинг - бұл бағала қағаздарды сатудан ешқандайда төменгі ақшалай қаражаттың келіп түспеуіндегі туралы эмитентке кепілдік беруді білдіреді. Мұндай жағдайда эмитент қор құндылығын орналастыру жоспары құрады.

Банктердің инвестициялық операциясы бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды сипаттайды. Банктің инвестициялық операция жүгізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді: қор және коммерциялық бағалы қағаздар.

Қор бағалы қағаздарының өзі екі негізгі топқа бөлінеді:

  1. мемлекеттік бағалы қағаздар
  2. мемлекеттік емес бағалы қағаздар

Мемлекеттік бағалы қағаздары табыстылығына қарай үш түрге бөлінеді:

  • Дисконттық, мұндай бағалы қағаздар алғашқы нарықта инвесторларға жеңілдікпен сатылып, номиналдық құны бойынша өтеледі.
  • Купондық, яғни номиналдық құнына пайызбен бейнеленген табыс әкелетін бағалы қағаздар. Купон мерзіміне қарай жылына 2 не 4 ретке дейін төленеді.
  • Аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін бағалы қағаздар. Бұл жағдайда инвестор-банктің табысы екі көзден: дисконт түріндегі және купон мөлшерлемесі түріндегі табыстардан құралады

Сонымен қатар активтердің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастырулда. Корпаративтік бағалы қағаздарға мыналар жатады:

  • Акциялар
  • Облигациялар
  • Депозиттік және жинақ сертификаттары:
  • Ипотекалық куәліктер
  • Депозит аралық қолхаттар

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәләндыратын және басқару ісіне қатысуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

Дивиденд төлеу тәсілінің айырмашылығына байланысты жай және артықшылықты акцияларға бөлінеді. Жай акция, оның иесіне акционерлік қоғамның табысына байланысты табыс әкеледі және қоғамды басқару ісіне немесе жолпы жиналысқа қатысуға құқық береді. Ал артықшылықты акция иесіне қоғамның қоғамның табысына байланыссыз тұрақты табыс алуға құқық береді, бірақ басқару ісіне араласуға немесе акционерлер жиналысына қатысуға құқық бермейді. Артықшылықты акцияның келесі бір артықшылығы - қоғам борыштық тұрақсыздыққа ұшыраған жағдайда мүлікті жай акция иесінен бұрын алуға мүмкіндік беруі.

Облигация - оның иесініңақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы мен пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Қазақстандағы айналыста жүрген облигаиялар табыстылығына қарай екі түрге бөлінеді:

  • Купондық облигация - инвестор - банкке пайыз мөлшерлемесі формасында, яғни алты айда немесе жылына бір рет табыс әкелетін түрі:
  • Дисконттық облигация - инвестор - банктің облигацияны шығарушыдан номиналдық құнына төменгі бағада сатып алып, оны өзінің құнымен қайта сату арасындағы айырма түрінде банкке табыс әкелетін түрі.

Мысалы, облигацияның ағымдағы бағасы - 100 теңге, купон мөлшерлемесі - 10 %, онда облигацияның ағымдағы табысын былай есептеуге болады:

Купон/ баға * 100 = 10/ 100 *100= 10 %

Егер облигация бағасы өсіп, 150 теңгені құраса, онда ағымдағы табыс:

10 /150 *100 = 6, 66%

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігі мемлекеттің бағалы қағаздарына жұмсалып отырғаны жасырын емес. Себебі, мұндай бағалы қағаздарға салған активтер: біріншіден, өтімді, яғни банк ондағы қаражатты тез арада қолма- қол ақшаға айнадыра алады, екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен тәуекел төмен немесе жоқ деседе болады. Ал мемлекеттік емес бағалы қағаздардың өз деңгейінде дамуына және олардан алатын табыстардың қаншалықты жоғары болғанымен тәуеклдің соғұрлым жоғары болып келетініне байланысты банктер оларға қаражат салуда әліде болса пассивтік танытуда.

1. 2 Банк активтерінің жіктелуі

Қазақстан Республикасының Ұлттық банк Басқармасының 2002 жылы 16 қарашадағы 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы провизиялар құру туралы» ережесіне сәйкес, банктер Ұлттық банкке ай сайын айлық баланспен бірге Ұлттық банктің Банктерді қадағалау департаментіне активтері мен шартты міндеттемелердің жіктелуі және олар боиынша провизиалар құру туралы мәліметтер береді.

Мұндағы активтерге заңды және жеке тұлғаларға қатысты, сондай-ақ басқа банктерге байланысты банктің талаптары жатады.

Аталған ережеге сәйкес активтер мен шартты міндеттемелер стандартты және жіктелінген болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына жатпайтын активтер стандартты болып табылады.

Жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер күмәнді (5 санатты күмәнді) және үмітсіз болып бөлінеді.

Жіктелген активтер қатарына банк несиелері, депозиттері, бағалы қағаздары, дебиторлық қарыздары және шартты міндеттемелері жатады .

Несиелердің жіктелуі олардың санасына, қамтамасызетілуіне, қарыз алушының қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихы на, несиелердің жіктелу санаттарына баайланысты жүзеге асады.

Заңды және жеке тұлғаларға берілген несиелердің жіктелуі 9- кестеде белгіленген.

Несиелердің жіктелуі және оларға провизиялар құру .

Жіктелуге

байланысты

несиелер тобы

Жалпы негізгі қарыз сомасы
Оның ішінде несие бойынша негізгі қарыз

Ережеге сәйкес негізгі қарыз сомасынан провизия мөлшері

(%)

Барлық провизия сомасы

Оның ішінде 2-бағандағы

Несиелер бойынша провизия сомасы

Қамтамассыз ету құны
Жіктелугебайланыстынесиелер тобы: 1
Жалпы негізгі қарыз сомасы: 2
Оның ішінде несие бойынша негізгі қарыз: 3
Ережеге сәйкес негізгі қарыз сомасынан провизия мөлшері(%): 4
Барлық провизия сомасы: 5
Оның ішінде 2-бағандағыНесиелер бойынша провизия сомасы: 6
Қамтамассыз ету құны: 7
Жіктелугебайланыстынесиелер тобы: 1. стандартты
Жалпы негізгі қарыз сомасы:
Оның ішінде несие бойынша негізгі қарыз:
Ережеге сәйкес негізгі қарыз сомасынан провизия мөлшері(%): 0
Барлық провизия сомасы:
Оның ішінде 2-бағандағыНесиелер бойынша провизия сомасы:
Қамтамассыз ету құны:
Жіктелугебайланыстынесиелер тобы:

1) 1-санатты күмәнді -төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда

2) 2-санатты күмәнді-төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда

3) 3-санатты күмәнді-төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда

4) 4-санатты күмәнді-төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда

5) 5-санатты күмәнді

6) үмітсіз

Жалпы негізгі қарыз сомасы:
Оның ішінде несие бойынша негізгі қарыз:
Ережеге сәйкес негізгі қарыз сомасынан провизия мөлшері(%):
Барлық провизия сомасы:

5

10

20

25

50

100

Оның ішінде 2-бағандағыНесиелер бойынша провизия сомасы:
Қамтамассыз ету құны:

Жалпы жіктелген активтер мен шартты міндеттемелер бойынша провизия құру тәртібі және резервтеу барысты 10-кестеде берілген.

Банктің жіктелген активтері және баланстан тыс талаптары бойынша қажетті провизия мөлшерін есептеу кестесі.

Резервтеу мөлшері (негізгі қарыздың сомасынан %-бен)
Резервтеу шарты
Резервтеу мөлшері (негізгі қарыздың сомасынан %-бен):

1-санатты күмәнді активтер және шартты

міндеттемелер

2-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

10

3-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

20

4-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

25

5-санатты күмәнді активтер және шартты міндеттемелер

50

Үмітсіз активтер және шартты міндеттемелер

100

Резервтеу шарты:

төлемді уақытымен толық төлеген жағдайда

төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда

төлемді уақытылы және толық төлеген жағдайда

төлемді кешіктіргенде немесе толық төлемеген жағдайда

барлық жағдайларда

барлық жағдайларда

Провизиялардың көлемі жіктелген активтердің сомасынан, олардың сапасына байланысты 5%-дан 100%-ға дейін құралады.

Провизиялар- активтердің қайтарылмауы немесе олардың құнының төмендеуінен келген шығындардың жабу үшін қажетті құралдардың сомасы.

Провизиялар жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы провизиялар- бұл банктің арнайы провизияларды құрауды қажет ететін активтерден басқа да барлық жиынтық активтері бойынша мүмкін шығындарды жабу үшін құралған провизиялар.

Арнайы провизиялар- бұл құны өзінің сатып алу құнынан екі есе төмен немесе қайтарылмай қалуы мүмкін нақты жіктелінген активтер бойынша шығындарды жабуға арналған провизиялар.

1. 3 Банк активтерінің сипаты мен сапасы

Банк активтері - пайда табу мақсатында банктік ресурстарды әр түрлі активтер бойынша орналастырған қаражаттары.

Банктік активтердің құрылымы баланстың актив жағында көрсетілген сапасына қарай бөлінген баптардың баланс нәтижесіне қатынасын сипаттайды. Активтердің сапасы активтік операциялардың түрлендіруіне, тәуекелді активтерінің көлеміне, толық құны жоқ активтердің көлеміне және активтердің өзгеріске ұшырау белгілеріне қарай анықталады.

Коммерциялық банктің активтерін мынадай төрт топқа бөлуге болады:

1) касса және оған теңесетін ақшалай қаражаттар;

2) несиелер;

  1. бағалы қағаздарға жұмсалынған инвестициялар;
  2. банктің ғимараты мен жабдықтары.

Активтердің сапасы олардың өтімділігіне, тәуекел активтердің көлеміне, табыс әкелуіне қарай анықталады.

Банк өзінің міндеттемелерін күнделіктті орындап отыруын қамтамассыз етуі үшін активтердің құрылымы өтімділіктің қоятын талаптарына сәйкес келуге тиіс. осы мақсатта банк өзінің өтімділік дәрежесіне қарай жіктейді. өтімділігіне қарай банк активтері мынадай топтарға бөлінеді:

  1. жоғары өтімді активтер;
  2. өтімді активтер;
  3. ұзақ мерзімді активтерге мыналар жатады:

Кассадағы қолма қол ақшалар;

Орталық банктегі корршоттағы қаражаттар;

Мемлекеттің қарыздық міндеттемелері;

ЭЫДҰ-на (экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) мүше елдер, яғни бейрезиденттердің банктеріндегі тұрақты валютада салынған корршоттағы қаражаттар:

Ішкі валюталық облигациялық заемдарға салынған қаражаттар.

II Есептік бөлім

2. 1 Негізгі құралдарының есебі

Банктің бұл қаражаттары банктің айналымынан қажет уақытында алуға мүмкіндік беретін активтерге жатады.

Банктің өтімді қаражаттарын құрылымына жоғарыда аталғандарынан басқалары, яғни қайтару мерзімі 30 күнді құрайтын шетел валютасында берген барлық несиелер, алдағы 30 күн ішінде аталған банкке келіп түсуге тиісті басқа да төлемдер жатады.

Ұзақ мерзімді өтімді активтерге бір жылдан жоғары уақытқы берілген несиелердің бәрі, сондай-ақ 50 (кепілхат және кепілдікпен 1 жылдан жоғары берілген несиелер) Өкіметтің кепілхатымен, бағалы қағаздарды кепілге алып берілген несиелерді шегеріп тастағандағы мерзімі өткен несиелер.

Активтердің тиімді құрылымын жасай отырып, банктер өтімділікке қойылған талаптарды орындауға тиіс, демек олардың жоғары өтімі, өтімді және ұзақ мерзімді өтімді активтері міндеттемелердің мерзімдеріне, сомаларына және типтеріне сәйкес келуі керек.

Кейбір шетелдік әдебиеттерде банк активтерін, олардың өтімділігі мен пайдалылығына қарай 4 топқа бөледі:

1-топ. Алғашқы резервтер - бұл алынатын салымдарды төлеуге және несиеге деген өтінішті қанағаттандыру үшін тез арада пайдаланылытын ең өтімді активтер. Мұндай активтерге мыналар жатады:

Касса:

Орталық банктегі корршоттағы және өзге де шоттардағы ақшалай қаражаттар:

Инкассациялау процесіндегі чектер және өзгеде төлем құжаттары:

Басқа да коммерциялық банктердегі корршоттағы қаражаттар.

Мұндай активтер банкке табыс әкелмейді, бірақ банктің өтімділігінің негізгі көзі болып табылады .

2-топ. Екінші реттегі резервтер - бұл банкке шамалы ғана табыс әкелгенімен де жоғары өтімді активтер қатарына жатады. Себебі, оларды ең төменгі тәуекелмен, кішкене ғана кешіктіріп, қолма-қол ақшаға айналдыру болады. Оларға мыналар жатады:

Вексельдер және өзге де қысқа мерзімді бағалы қағаздар;

Талап етілген несиелер (онкольдық) ;

Бірінші класты қарыз алушыға берілген несиелер.

Бұл топтың активтерінің тағайындалуының басты мақсаты-алғашқы резервтерді толықтыру көзі ретінде қызмет ету болып табылады.

3-топ. Банктің активтердің маңызды бөлігі банктің несиелік портфелі. банктің несиелері біршама табысты және ең тәуекелді болып келеді. Бұл топ банктің пайдасының басты көзін құрайды.

4- топқа инвестициялық портфель жатады. Инвестициялық портфельді қалыптастыру екі мақсатты көздейді:банкке табыс әкелу және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың өтелу мерзімінің жақын қалуына байланысты, сондай-ақ оларды қысқа мерзімге айналдыруда екінші реттегі активтерге қосымша ретінде болу.

Негізгі құралдарға олардың құнына байланыссыз, бір жылдан астам қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш техникалар, компьютерлер, көлік құралдары жатады.

Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы мүмкін.

Өндірістік емес бағыттқа жарғылық қызметпен байланысы жоқ негізгі құралдар жатады.

Өндірістік бағытты бойынша жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда алумен байланысты құралдарды жатқызуға болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің дәрежесін жоғарлатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздар) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығысондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын тигізеді. Алғашқы нақты түрін сақтай отырып, олар өздерінің құнын жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизацияны (тозу) сомасында көрсетілген қызтеттерге аударады.

Келесі топтарға бөлінеді:

А) ғимарат және құрлыс;

Ә) комьютерлер;

Б) көлік құралдары;

В) құралдар және басқа да шаруашылық құрал- саймандар;

Г) басқа да негізгі құралдар;

Банкке негізгі құралдардың бухгалтерлік есеп үрдісіндегі келесі сұрақтарға жауап беруі қажет:

1. Активтерді қай уақытта тану қажет?

2. Олар баланста қандай күнмен көрсетіледі?

3. Амортизациялық аударымдар мөлшері қанша?

4. Ақпараттарды алу үшін қандай талаптар қойылады?

16 «Негізгі құралдар» бухгалтерлік есептің Халықаралық стандартына сәйкес актив ретінде негізгі құралдар объектісін тануға болады егер төмендегі шарттар орындалса:

- берілген активтен банк келешекте экономикалық пайда алады деген ықтималдық бар болса;

- активтің өзіндік құны операцияларды жүргізу кезінде сенімді түрде өлшенуі мүмкін.

Негізгі құралдардың есебі жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы құн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге болады:

  • бастапқы;
  • ағымдағы;
  • баланстық;
  • өтімділік;

Негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу бағалары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың қаржылық есебі (16 ХСКЕ) бойынша бастапқы құнға өтелмеген салықтар, импорттық төлдемдерде кіреді.

Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың ағымдық бағалық құнына қосылады.

Егер активтердің пайдалану мерзімі ұзартылса ғана банк экономикалық пайда ала алады.

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсету шығындары оларды жүзеге асыру шаралары бойынша жүргізіледі. Бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған қағидаларына сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны - бұл негізгі құралдарды сатып алуға, жүргізуге, өңдеуге немесе жақсарту үшін негізгі құралдарды сатып алумен, жеткізумен немесе жақсартумен тікелей байланысты, арнайы пайдалану үшін қажетті жағдайда орнатуды қоса есептегендегі барлық шығындарды қамтитын төленген сомалар.

Ағымдық - анықталған күнге, нарықтағы сәйкес баға бойынша негізгі құралдардың құны. Баланстық - активтердің есепжәне есеп беруіне сипатталатын жинақталған амортизатция сомасын есептеп шығарғаннан кейінгі негізгі құралдардың бастапқы немесе ағымдық құны.

Өтімділік - бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктер операциялары-қоғамдық экономикалық дамуында негізгі факторы
Банктің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің активті және пассивті операциялары
Коммерциялық банктің пассивті операциялары
Коммерциялық банктердің активті операциялары
Коммерциялық банктер операциялары
Коммерциялық банктер операциялары, және олардың банк қызметіндегі атқаратын рөлі
Коммерциялық банктердің активті операцияларының экономикалық маңызы мен мәні
Коммерциялық банк - экономикалық өсудiң негiзi
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz