Банкте салынған кепіл, несиені ұсыну бойынша пайыздар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Банк ісі академиясының колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Банктік займдардың қайтымдылығын қамтамасыз ету нысандарының
түрлері және олардың есебі

Орындаған: Садыкова
Г. Ғ.
ІІІ курс 31 топ студенті
“Банк ісі” мамандығы
Тексерген: оқытушы
Тұрғанбаева Г.С. (Банк
операциясы)
Қалығұлова Р.Ж. (Банк есебі)

Қорғауға жіберілді:


Алматы, 2004ж
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4
І бөлім. Несиені қамсыздандыру, несиелік тәуекелшілікті төмендетудің бір
әдісі ретінде. 6
1.1.Несиені қамсыздандырудың қажеттілігі. 6
1.2 Қамту нысандарының құқылық реттелуі. 10
ІІ бөлім. Қамтамасыз ету нысандарының принциптері мен элементтері. 13
2.1. Кепілзат механизмі. Кепілзат түрлері мен оның есебі. 13
2.2. Кепілдік пен тапсырыстың орындалуы мен есебі. 18
2.3. Сақтандыру-несиені қамсыздандырудағы ролі. 24
2.4. Несиені қамсыздандырудағы мониторинг. 27
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 31
Қосымшалар 33

Кіріспе

Бүгінгі банк жүйесі – нарықтық экономиканың маңызды және бөлінбейтін
құрылымдарының бірі. Қазақстан Республикасының барлық қаржы мекемелері
табыс табу мақсатында жұмыс атқаруда.
Кез келген экономикалық механизм өз ара байланысқан, яғни оның бір
элементінің қозғалысы немесе өзгеруі, басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне
ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.
Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасындағы
банк жүйесіндегі ең маңызды саласы несие болып табылады. Ақшалай
қаражатты белгілі аккумуляциялау мөлшерде әсер ете алады.
Сонымен Екінші деңгейлі банктердің қаржылық қорының ұлғаюына бірден –
бір себеп – аталған несиелік операцияның әсері мол. Дәл қазіргі уақытта кез
келген мүлікті-затты несиеге алуға мүмкіндік бар.
Осыдан 3 – 4 жыл бұрын Қазақстан республикасының экономикалық нарығы
нашар даму жолында болды. Оған себеп заңды және жеке тұлғалар өз ақша
қаржыларын банктерге сақтаған жоқ. Ал банктер несиелік операциялар жүргізу
үшін бір шама ақша қаржылары қажет еді.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-де несиенің материалдық жағынан
қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы материалдық құндылықтар мен жүзеге
асырылып келеді. Бұл әрине сол кезден экономикамыздағы өндірісті
ұйымдастырудың социалистік принциптеріне сай негізделуімен, банк ісіне және
өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласыумен байланысты болады. Осы
аталған несиенің көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілуін тексеру
процесті тек қана қағаз жүзінде жүргізіледі.
Қазіргі нарықтық кезеңде Екінші деңгейлі банктер өздеріне клиент тарту
үшін әр түрлі тәсілдер қолдануда. Сол тәсілдердің бірі – несие. Ақша
қаржыларына тапшы болған заңды және жеке тұлғаларға несие белгілі бір
пайызбен беріледі. Несиелер өзі негізгі мерзімі бойынша, тұтыну мақсатына
қарай, тағайындау және пайдалану сипатына қарай бірнеше топқа
топтастырылған. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде
басқа да тауарлы - ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан
ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі бұл - несиенің қайтарылмау
тәуекелшілігінің нәтижесіне байланысты, банктер қамсыздандыру нысандарын
талап етеді. Ал бүгінгі таңда несиенің қамтамасыз етілуі ретінде: кепіл,
кепілзат, кепілдеме, кепілхат, сақтандыру, тапсырыс міндеттемелерін
қолдануда.
Берілетін несиенің бір шамасы кепілдік пен қамтамасыздандырылып отыр.
Қамсыздандыруды талап ету, ең біріншіден берілген несиенің қайтарылмау
тәуекелшілігіне байланысты пайда болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қарыз алушы заңды және жеке тұлғалардың
банктен алған несиесін (қарызын) өз уақытында қайтарылмаған жағдайдағы,
қамтуға қойған мүлік нысандарына талдау жүргізу және де шешім беру, оның
заңдылық тәртібін қарастыру.
Курстық жұмыс негізгі ІІ бөлімнен тұрады:
І бөлім: Несиені қамсыздандыру, несиелік тәуекелшілікті төмендетудің
бір әдісі ретінде. Бұл бөлімде қарастырылатын мәселелер – несиелердің
қамтылуының қажеттілігі оның заңмен қарастырылуы, яғни құқылық реттелуі.
ІІ бөлім: Неиелердің қамсыздандырылуының нысандары, принциптері мен
бағалануы және де олардың есебі қарастырылады. Бұл бөлімде қамту
нысандарына қойылатын талаптар, пайыздар, толтырылатын құжаттар,қазіргі
кездегі қызмет ететін банктердегі қамту түрлерінің үлесі айқын көрсетіледі.
Курстық жұмыс барысында: несиені, яғни қарызды қамсыздандырудың
нысандарымен толықтай танып білуге болады. Қамту нысандарының мүліктік
объектілерін бағалауға, бір-бірімен салыстыруға және де Қазақстан
Республикасының экономикалық нарығындағы алатын орны, олардың қажеттілігі
туралы толықтай мағлұмат алуға көптеген әсерін тигізеді.
Жұмыстың теориялық және әдәстемелік негізі ретінде отандық (Г. С.
Сейтқасымов, С.Т. Мыржакипов, С. Б. Мақыш), және де көрші елдің (О.И.
Лаврушиннің) ғалымдардың еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасының
“Банк және банктер туралы” заң актілері негізінде жазылды.

І бөлім. Несиені қамсыздандыру, несиелік тәуекелшілікті төмендетудің бір
әдісі ретінде

1.1.Несиені қамсыздандырудың қажеттілігі.

Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикада түбегейлі жаңа,нарықтық,
мемлекет реттейтін экономикаға өтуінің арқасында біршама жақсарды.
Қазіргі кезде егемендік алған мемлекеттің банктік қаржы ұйымдары табыс
табу және өз тапшылығын жабу мақсатында несиелеу жүйесін қолдануда.
Несиенің қамтамасыз етілуі - қарыз алушының активтерінің құны және
несиелік келісім шартта көрсетілген қарызды өтеуде екінші қосымша
көздердің бірі - кепіл, кепілхат қажет.
Банктерде берілген қарызды қамтамасыз етілуі – яғни оның
жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайда оның
өтімділік дәрежесіне орасан зор мән береді.
Әдетте банк қарызшыларға қамтамасыз етілмеген несиелерді ұсынбайды.
Бірақ ерекшк жағдайларда клиенттің жоғары несиелік қабілеті және сенімді
болса, онда несиені қамтылмаған түрін береді
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес банкпен өшіруге қабылданатын
қарызшының мүліктік кепілі: банктегі депозиттер, қозғалмайтын мүлікті,
өтімділігі жоғары тауар өнімдері, көлік құралдары, басқа да өтімділігі өте
жоғары тауарлы –материалдық құндылықтар жатады. Жер учаскелеріне заңды
куәландырылған меншік құқығымен бағалы қағаздар, Қазақстан қор биржасындағы
А тобының листингіне қосылған кәсіпорындар акциялары.
Сәйкес түрде безендірілген кепілдік пен тапсырыстар. Кепілдікке
ұсынылған қозғалмалы мүлік, көлік құралдары, машиналар мен құрал-
жабдықтар, міндетті түрде мемлекеттік лицензиясы бар банк пен ұсынылған
сақтандыру компанияларда сақтандырылуы керек.
Кепілдікке пәтерлерді ұсынғанда, кепіл беруші пәтерге меншік құқығы бар
болғанын құжатпен растауы тиіс. Сонымен бірге құрылыстардың, ғимараттардың,
пәтерлердің ипотекалық уәкілеті мемлекеттік тіркеу органында заңды түрде
тіркелу тиіс. Осы кезден бастап тіркелу қарызшы есебінен жүргізіледі.
Мүлікке ортақ меншік құқығы болса, ол кепілдікке барлық меншік иелердің
жазбаша рұқсатымен және нотариалдық куәландырылған түрде қабылдану керек.
Егер меншік иесінің біреуі мемлекет болса, онда кепілдікке қарызшының
мүліктің объектілері көрсетілген мемлекеттік мүлік бойынша территориялық
комитеттің рұқсаты қажет. Депозиттерде орналастырылған ақша қаржылары
банкпен 100 % бағасында несие бойынша қамтамасыз ету ретінде қабылдануы
мүмкін. Бұл кезде банк депозиттік шотындағы, ақша қозғалысын бақылайды.
Егер де несиені қамтамасыз ету ретінде нарықта қолданылатын өтімділігі
жоғары мемлекеттік бағалы қағаздар қабылданса, онда банк кепілдікке шығару
немесе айналу ережелері бойынша басқа бір тұлғаға бір тұлғаға беруге
болатын бағалы қағаздар ды қабылдайды.
Кепілдікке ұсынылған мүліктің бағасы несиені алу уақыттағы нарықтық
құны бойынша жүктеледі.
Кепілдікке қабылданатын мүліктік бағасы кезінде мүліктің өтімділігі,
сұранысы мен нарықтық бағасы және басқа да критерийлермен анықталады.
Кепілдік мүліктің бағасы банктің және де қарыз алушының өкілдіктері мен
қарастырылады және мүлікті бағалау акті құрылады.
Банктегі бағалардың қозғалысына сақтандыру мақсатында кепілдік мүліктің
құны жеткілікті болу керек. Сонымен қатар банкті кепілдікті жүзеге асыру
кезінде, оның потенциалдық құнының төмендетуінен қамтамасыз ету үшін
банкпен кепілдіктің құнынан бір пайыз соммасы бойынша несие беру нормативі
белгіленеді.
Несиенің қамтамасыз етілу қажеттілігі, қарызшы келісім шартта заңды
түрде бекітілген төлей алмайтынына байланысты болады. Несие берілуіне
байланысты 2 түрге бөлінеді:
• Қамсыздандырылған;
• Қамсыздандырылмаған;
Берілген несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы
факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкротқа ұшырауы себеп.
Банктің кез келген клиенттерінің басынан кешуі мүмкін.
Қарызшының сәттсіздікке ұшырауын куәландыратын белгілер:
- шоттағы айналым қаражатының қысқаруы;
- алдында мерзімі ұзартылған несиелер бойынша төлемдердің уақытын
созудағы өтініші;
- басқада қаржылық жағдайларға байланысты себептер жатады;
Несиелерді қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың
дұрыстығына байланысты әр түрлі топтарға топтастыруға болады.
Берілген несиені қамсыздандырудің бірден бір себеп бұл - қарыз алушының
басына қиыншылықтар туу барысында, олардың банк алдындағы міндеттемелерін
уақтылы орындауы болып саналады.
Банк қарыз алушыға тәртіп бойынша қамсыздандырылған несие ұсынады.Бір
айырықша жағдай – кейбір банктің сенімді қарыз алу барысында төлем
қабілеттілігі жоғары клиенттерге несиелеу комитеті,сол тұлғаларға несиенің
қамсыздандырылмаған түрін ұсынады. Қамсыздандырылмаған несие бұл - бланктік
несие болып табылады.
Қарыздың қайтарымдылығын айлық ақымен, кепіл, кепілдікпен, кепілдемемен
және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдістермен қамтамасыз етілуі
мүмкін.
Кепіл туралы шартпен, сондай-ақ заң актілері мен көзделген реттерде
кепілге салынған мүлікті соттан тыс тәртіппен сауда өткізу арқылы өз
бетімен өткізуге болады.
Несиенің қайтарылуын арнайы құжат арқылы жасауға да, жасамауға да
болады. Несиені қайтарылуы қағазсыз, яғни байланыс каналдары арқылы да
жүзеге асырылады.
Несиенің қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте несиелер бойынша
мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкерлері
күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен, несиелерді қарай отырып қарыз
алушының есеп айыру шотынан қаражаттарды шегеруге үкім – ордерін береді.
№ Несиені Несиенің
қайтымдылығын қайтымдылығының
қамсыздандыру пайыздық көрсеткіштері
нысандары



1 Ипотека 60-80%
2 Банкте салынған 100%
кепіл, несиені ұсыну
бойынша пайыздар


3 Кепіл тапсырысы 70-80%
4 Бағалы қағаз кепіл 50-60%
заты

5 Мүлікті құқықты 20-50%
басқа бір тұлғаға
беру



ЦентрКердитБанкінің несиені(қарызды),қамсыздандыру мөлшерінің сипаттамасы.
Диаграмма № 1.

Диаграмманың берілген көрсеткіштеріне қарай отырып келесідей шешім
беруге болады. ЦентрКредитБанкінің берілген несиелерін (қарыздарын)
кепілзатпен аса үлкен көрсеткішпен қамтуға алған. Көрсеткіш бойынша 82%
құрап отыр, бұл деген қамсыздандыру нысандарының жартысынан көбін кепілзат
қамтып жоғарғы дәрежелі көрсеткішке ие. Ал кепілдік пен тапсырыстың алатын
үлесі 10%. Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі енді ғана дамып келе
жатқан қамту нысанының бір түрі – сақтандыру 6- %- ды ғана құрап отыр.
Берілген несиенің қайтарылмау тәуекелшілігіне байланысты қамту нысандарының
ішінде кепілзатқа көптеп көңіл беруде. Бұған себеп қамтуға қойған
кепілзатты, қарыз алушы қарызын өз уақытында өтей алмаған жағдайда тез
арада, сатуға немесе қарыз беруші өзінің меншігіне алуға мүмкіндік береді.

1.2 Қамту нысандарының құқылық реттелуі

Міндеттемелерді қамсыздандыру тұрақсыздықпен, кепілзатпен, кепілдік
және тапсырыс пен, басқа да жолдармен қамсыздандыру заңды түрде келісім
шарт арқылы жүзеге асырылады.

Кепілзат.
Кепілзат түсінігі. Кепілзат - бұл қамсыздандырудың бір түрі болып
саналады және заңдармен қарастырылады.
Кепілзат ұстаушы тұлға қарыз алған тұлғаның өз уақытында міндеттемесін
орындамаған жағдайда, қойған кепілзатын сатуға құқысы бар. Егер де бір
себептерге байланысты міндеттеме орындалмаса, онда кепіл ұстаушы белгілі
бір уақыт белгілеп қарызшының қойған кепілзатын сатпай қарызды төлеуін
күтеді.
Кепілзаттың бір түрі – ипотека. Мұндай жағдайда қарыз алушылар кепілзат
ретінде, тұрғын үйлерін, жер учаскелерін, кәсіп орындарын қоя алады.
Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылады.
Қазақстан Республикасының заңында кепілзат туралы келесі жайттар
қарастырылған :
1. егер қарыз алушы өз уақытында міндеттемені орындамаса, қарыз беруші
кепілзатын өз иелігіне алуға құқысы бар;
2. кепілзат мүлікті қарыз алушының өзі құра алмайды, тек қана үшінші
тұлғаның көмегімен құруға мүмкіндігі бар. (Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексінің – 305 бабында қарастырылады);
3. егер қарыз алушы өз уақытында міндеттемені орындамаса, қарыз беруші
кепілзатын сатыуға құқысы бар;
4. егер кепілзатты сатудағы сомма, алынған қарызды және де сол қарызға
белгіленген пайызды жабатын болса, сонымен қатар сома қалатын болса, онда
сол ақша қаражатын клиенттің ағымды шотты болса, ағымды шотына аударылады,
ал шоты болмаған жағдайда клиентке нақты түрде ақша қаражатын береді .
(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің – 325 бабында
қарастырылады);
5. егер де кепілзат толықтай жарамсыз болса, яғни тозса, онда кепілзат
кезеңі тоқтатылады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің – 328
бабында қарастырылады);
6. ал егер де кепілзат сақтандырылған болса, онда қарызшы кепілзат
түрін ауыстыруға мүмкіндігі бар;

Кепілзат құралдары.

Кепілзат құралы ретінде кез келген мүлік болуы мүмкін. (Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінің – 116 бабындағы 2п қарастырылған).
Кепілзатқа қойылған ақша – қаржылары банкке орналастырылады. Бағалы
қағаздарды кепілге қойғанда акционерлік қоғамдар (сонымен қатар банктер)
бағалы қағаз бойынша есеп беру заңдылығымен реттеледі.
Қарыз алушы қойған кепілзатын міндеттемені орындамастан бұрын талап
етуге құқысы жоқ. Өйткені келісім шарт жасасқанда кепілзатты кепілдікке
қойған соң оны алуға қарыз алушының құқысы жоқ деген шарт қарастырылған.
Қамтамасыз етудегі кепілзатты талап ету жолдары. Кепілзатты талап ету
заңдылық актілер мен қарастырылады.
Кепілзаттың 2 түрі де заңдармен қарастырылады. Соның бірі
Тұрақсыздық.
Тұрақсыздық түсінігі мен құқылық реттелуі. Тұрақсыздық – бұл (штраф,
пения) заңнамамен, келісім шартта көрсетілген сомамен анықталады. Қарызшы
кредиторға міндетті түрде төленетін міндеттемесі болып саналады. Егер қарыз
алушы өз уақытында белгіленген міндеттемені орындамайтын болса, онда қарыз
ұсынушы, яғни кредитор оған штраф немесе пения салады.
Тұрақсыз келісім шарты нотариалды түрде жәнеде жазбаша куәландырылу
керек. Заңмен қарастырылған тұрақсыздықты, жақтардың келісімінсіз қаралуы
мүмкін.
Тұрақсыздық келісім шарты жазбаша түрде безендірілмесе, онда ол келісім
шарт заңсыз болып саналады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің
– 153 бабының 2 пунктінде қарастырылған).
Заңды тұрақсыздық.Заңды тұрақсыздық, келісімді тұрақсыздықтан
айырмашылығы ешқандай безендірілуді талап етпейді. Заңмен қарастырылған
тұрақсыздық жақтардың келісімінсіз қарастырылады.
Тұрақсыздық көлемі.Тұрақсыздық көлемі, нақты ақшалай нысанда немесе
белгіленген пайыздар арқылы анықталады.Тұрақсыздық көлемі екі жақтың
келісімімен және де сомаға байланысты есептелінеді.
Тұрақсыздық көлемінің кемуі. Егер тұрақсыздыққа төленетін төлем көлемі,
несиелердің шығынынан көп болса соттың шешімімен тұрақсыздық көлемін
азайта алады. Бұндай ереже несиегердің шығынды жабуда ешқандай іс
қозғалмайды. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің – 351 бабында
қарастырылады);
Тұрақсыздықты іздестіру негіздері. Тұрақсыздықты іздестіру – негізгі
міндеттемелерді орындамаған кезде ғана пайда болады. Міндеттеме бойынша
жауапкершілікті орындау туралы (Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексінің – 350 бабында қарастырылады). Негізгі тұрақсыздықты қамтылуына
байланысты анықталады.

Кепілдік және тапсырыстың негізгі формалары.
Кепілдік және тапсырыс келісім шарт негізінде құрылады. Кепілдік және
де тапсырыс келісім шарты жазбаша түрде безендірілуі керек. Егер де келісім
шарт жазбаша түрде безендірілмесе онда келісім шарт заңсыз болып табылады,
яғни несиелеу мерзімі кезінде кепілдік пен тапсырыста туындаған мәселерді
сот шеше алмайды. Азаматтық кодекске жаңартулар енгізу кезінде Екінші
деңгейлі банктер банктік кепілдік және тапсырысты лицензия арқылы беру
құқығын берді. Кепілдік келісім шартымен тапсырыс келісім шарты
консенсуалды болып табылады. Кепілдеуші несиегер алдында белгілі бір
көлемде жауап береді, сондай-ақ қарызшыда. Тұрақсыздық соммасы қосылады.
Қарызшының сый ақы соммасы, сот ұйымдарының қарызды және басқа зияндарды
іздестіргенде, қарызшының міндеттемелерді орындамауы, егер ол кепіл келісім
шартында көрсетілмесе төлемдер жүргізеді.
Несиегердің қарызшының талабына қанағаттанбаса, тапсырыс беруші
қарызшыға ескерту жасауға міндетті.
Міндетті орындаған тапсырысшыға несиегердің осы міндеттеме бойынша
барлық құқығына ие болады.
Тапсырысшы міндетті орындаған жағдайда несиегер қарызшыға қойылатын
талап туралы құжатты ұсынуға міндетті.
Ереже қабылданады, егер 1 және 2 пунктері нағыз бапта көрсетілсе және
қарызшының кепіл шартында немесе заңдылықта көрсетілсе.
Тапсырысшы қарызшының несиегер алдындағы міндеттемені орындаса сол
міндеттеме бойынша құқыққа ие болады.

Кепілдік пен тапсырыстың тоқтатылуы.
Кепілдік және тапсырыс міндеттемені келесі бір тұлғаға ұсынған кезде,
сондай – ақ кепілдік бойынша мерзімі аяқталғанда, егер міндеттеме соммасы
толық өтеген де ғана тоқтатылады.
Егер белгіленген мерзімде кепілдік пен тапсырыс тоқтатылады, сонымен
қатар несиегер 1 жыл ішінде кепілдік пен тапсырыстың міндеттемесі бойынша
талап қояды.

ІІ бөлім. Қамтамасыз ету нысандарының принциптері мен элементтері.

2.1. Кепілзат механизмі. Кепілзат түрлері мен оның есебі.

Банк қарызды (несиені) ұсыну барысында алдына қойған мақсаттарының
бірі, қарыз, шығын, төлем қабілетін анықтауды белгілейді.Төлем қабілетін
талдау кезінде басты көрсеткіштер ретінде, несиенің қайтымдылығын
қамтамасыз ету болып табылады. Несиені уақытында және сый ақымен өтей
алатындығын дәлелдеу үшін қарыз алушы банкке бизнес жоспар ұсынады. Қарызды
уақытында жаба алмаған жағдайда банк алдындағы міндеттемелері жауаптылығын
қайтару үшін қарызшы әр түрлі құндылықтар келісімін әкеледі. Бұл қамту
нысандары болып саналады. Қамту нысандарын берген кездегі басты шарт – банк
активін сақтау және пайда табу. Қамту нысанын белгілеу кезінде басты шарт
келесілер:
Құндылықтардың құны жағынан барлық уақытта өтімді болуы;
Сақтандыру мерзімі несиені жабу мерзімінен ұзақтылығымен сәйкес
келуі;
Құндылықтардың жоғары сұранысқа ие болуы;
Құндылықтың несиені (қарызды) сый ақы мен қоса толықтай жабалатындай
жағдайда болуы;

Несиелендіру кезіндегі ең басты қамту нысандарына келесілер жатады:
1.Тапсырыс;
2.Кепіл;
3.Кепілзат;
Инотека;
Заклад;
4.Сақтандыру полюсі;

Қазіргі нарықтық экономикада, аталған қамту нысандарының ішіндегі ең
жоғары үлесті Кепілзат құрайды.
Кепілзат - өз тұтынуын қанағаттандыру үшін өз мүлігін белгіленген
жағдайда басқа біреуге иемдену мүмкіндігін туғызатын құқық. Кепілзаттың
меншіктік құқықтан айырмашылығы мынада, несиегер кепілзат белгіленген
күннен бастап, мүлікті өз меншігіне ала алмауы. Ал дебитор мүлігін
кепілзатқа сала отырып өз мүлігінен айырылу қаупіне ие болады. Кепілзат
келесідей 2 түрге бөлінеді:
1. Кепілзатқа салынған мүлік, тікелей кепілзат ұстаушыға беріледі. Бұл
жылжымалы мүлікке қатысты;
2. Мүліктік кепілзат ұстаушыға қала береді.Бұл жылжымайтын мүліктерге
қатысты;
Қарызға қойылған кепілзат қарыз сомасынан 2 есе жоғары болу тиіс.
Өйткені қарызшы қарызды жаба алмайтын жағдай туса, сол қойған кепілзатын
сатып, банк алдындағы қарыз міндеттемесі жабуға көмек береді.
Кейбір банктік процестерде келісім шарт негізінде мүлік қарызшыда бола
тұруға болады. Кепілзат ретінде:тауарлы материалдық құндылықтар мен
тауарлар ұсынылған кезде олардың көлемі, сақтау мерзімі мемлекеттік
стандартқа сәйкестігін тексеріліп алынуы керек. Міндеттемені орындалмағаны
үшін қарызшы кепілзатты банкке толықтай және уақытында тапсыруы тиіс.
Егер кепілзатқа қойылған тауар бұзылып немесе жойылып кетсе және де
алдын ала сақтандырылған болса, банк қарызшыдан сақтандыру сомасын талап
ете алады. Кепілзатқа салынған мүліктің барлық шарттары бойынша
тексерілгеннен кейін банк пен қарызшы арасында кепілзат туралы келісім шарт
жасалады. Салынған мүліктер міндетті түрде кепілзат иесінің өз меншігінде
болуын талап етеді. Тиісті құжаттар мен келісімнің бір данасы нотариалды
кеңседен куәләндырылуы тиіс. Кепілзатқа салынған мүліктердің кең
қолданбалы, жоғары тұтынуға ие болуы тиіс. Құны жағынан өтімді болуы
керек. Егер борышкер мерзімінде өз міндеттемелерін орындамаса, банк
клиентке ескерту жасағаннан кейін, оның келісімінсіз кепілзаттық мүліктерді
өзінің иелігіне алуына, сатып өткізуіне немесе сақтауға қоюына болады.
Кепілзатқа салынған мүліктердің түрлері бойынша келесі бағытпен
топтастыруға болады:
Бағалы қағаздар, соның ішінде: вексель, мемлекеттік міндеттемелер;
Қымбат бағалы металдар мен әр түрлі тастар;
Қымбат бағалы бұйымдар, (зергерлік мүліктен басқалары);
Жылжымайтын мүліктер;
Өндірістік құрал жабдықтар;
Валюталық құндылықтар;
Әр түрлі жылжымайтын мүліктер;
Шектелген қарыз мерзімі аяқталғанда, банк кепілзатқа ұсынылған мүлікті
сатып өткізумен айналысады және де одан түскен түсім банктің
корреспонденттік шотында есептелінеді.
Егер кепілзатты сатып өткізуден түскен түсім банк пайдасына кіретін
төлем сомасына артық болса, онда айырма клиенттің талап ету аманаты бойынша
ағымды шотына есептеледі немесе аманатшы келген кезде нақты ақшамен береді.
Осы жағдайда келесі өткізбе құрылады:
Дт-2011 (Корреспонденттік шоты)
Кт-2211,1001
Егер қарыз алушы тұлға өз уақытында несиені өтеуге қаржы
аудармаса,онда олар мерзімі өткен өткен қарызға жіберіледі, сондай-ақ осы
шотта көп дегенде бір ай есептелінеді және де келесі өткізбе құрылады:
Дт-1424 (Клиенттердің несиелер бойынша мерзімі ұзартылған берешектер)
Кт-1411 (Клиенттерге ұсынылған қысқа мерзімді несиелер)
Сонымен бірге мерзімінде өшірілмеген сый ақылар мерзімі өткен қарыз
шотынан өшіріледі:
Дт-1424
Кт-1740 (Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша қосылған кірістер)

Егер бір ай ішінде мерзімі өткен қарыз өшірілмейтін болса, онда ол
шектелген қарыз шотынан жіберіледі және ұзақ дегенде бір айға есепке
қойылады.
Шектелген қарыз мерзімі өткен қарыз сияқты 1424К07 – шотында
есептелінеді, бірақ әр түрлі қосымша номерленуі бойынша:
Дт - 1 NN718K08 (1427 Клиенттердің несиелері бойынша мерзімі шектелген
берешектер)
Кт - 1424
Шектелген қарыз мерзімі аяқталғанда, банк кепілзатқа ұсынылған мүлікті
сатып өткізумен айналысады және де одан түскен түсім банктің
корреспонденттік шотында есептелінеді.

Кепілзаттың бір түрі – бұл Ипотека

Ипотека - жылжымайтын мүліктерге закладтық құқық беру (машина, үй,
құрылыс, құрал жабдықтар). Ипотекаға ұсынылатын мүліктер міндетті түрде
жергілікті жерде тіркелуі керек. Жеке адамдарды несиелеу кезінде, кепілзат
ретінде тұлғалардың қолдануындағы әр түрлі мүліктерді, бұйымдарды қолдана
алады. Жеке адамдарды несиелендіру мен жұмысталатын еркін бірден бір мекеме
Ломбард болып табылады.
Ипотекалық тұрғын үй несиелендіру жүйесінің жұмыс атқару схемасы.

Ипотека келісім шартының құрылымы келесідей:
негізгі қарыз соммасы;
белгіленген пайыз мөлшері;
негізгі қарызды және пайызды өшіру мерзімі;
кепілдікке қойған қозғалмайтын жер мүлкінің орналасқан жері;
кепілдік ұсынушының қолы;
ипотекалық келісім шарттың жасалған уақыты;
Ипотекалық келісім шарт түрі Қосымша № 2 көруге болады.

Несиегер меншік құқығын берушінің заңды құрылымы келесі схемамен
бейнеленеді:

Кепілзаттың тағы бір түрі - бұл заклад.

Банк тәжірибесінде кепілзатты келесі жолдармен бағалайды.
Кепілзатты есептеу үшін келесідей мәліметтер қажет:
Алынған қарыз соммасы;
Алынған мерзімі;
Қайтару мерзімі;
Қарыз бойынша есептелінге пайыздар;
Қарыз бойынша есептелінген сый ақы мөлшері;
Кепілзаттың бағасы;
Мысалы: Жеке тұлға банктен несие 360000 мың теңге алды.Қайтару мерзімі
36 ай. Қарыз бойынша есептелінген пайыз 18 - %. Қарыз алушы тұлға кепілзат
ретінде тұрғын үйін қойса, онда банк келесілерге көңіл аударады:
Ұсынылған кепілзаты сұранысқа ие бола алады ма жоқ па?
Осы үй қарыз алушының меншігі ме немесе меншігі еместігіне;
Сол тұрғын үйдің салынған уақытына;
Сатып алынған бағасы;
Қайта бағалау бойынша бағасы;
Орналасқан ауданы;
Несие алушы банкке ұсынылған кепілзатын бағалау жолдары: Егер қарыз
алушы кепілзат ретінде жылжымайтын мүлігін қойса (пәтерін).

Банк тарапынан бағалаушы мамандар көмегімен осы пәтерді кепіл құны
анықталады. Отандық банк тәжірибесінде кепіл құны пәтердің бағалау құнының
70% -нан аспауы керек.
Кепіл қойылған пәтерді келесі жолдармен анықтауға болады:
1.Пәтердің тозу коэффициенті - Пәтердің нарықтық құны *3 % (тозу
коэффициенті)- 1500000*0,03=45000 теңге;
2. Алдағы уақытта пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі – Пәтердің
нарықтық құны * 17% (төмендеу коэффициенті)- 1500000*0,17= 255000еңге;

3. Пәтердің бағалау құны – Пәтердің нарықтық құны – Пәтердің тозу
коэффициенті – Пәтердің бағасының төмендеу тәуекелі =1500000 - 45000 –
225000 = 123000;

4. Пәтердің кепіл құны – Пәтердің бағалау құны * 60% - 123000 * 0,6 -
738000 теңге. Бұл көрсеткіш сұралатын несиенің кепілмен қамтамасыз ету
дәрежесін сипаттайды;

Кепілзат келісім шарты № 2 қосымшада.
Кепілзат келісім шарты заңды нотариалды кеңседе жазбаша түрде бекітілу
керек.

Лариба банкінің кепілзат мүлік түрлерінің кестесі.
Кесте № 1
№ Кепілзат мүлігінің түрлері несие соммасы
1 Жер, үйлер, пәтерлер 50% ға дейін
2 Ғимараттар 40%
3 Басқада қозғалмайтын мүліктер 50%
4 Машиналар мен құрал-жабдықтар 40%
5 Көлік құралдары 50%
6 Дайын өнім 50%
7 Шикізат пен материалдар 40%
8 Тауарлар 50%
9 Мемлеккеттік бағалы қағаздар 70%
10 Банктегі депозиттер 100%
11 Қазақстан қор биржасындағы "А" 50%
тобының бағалы қағаздары

Кесте бойынша “Лариба” банктің кепілзатқа қойылған мүлік түрлерінің
пайыздық көрсеткіштерінің сомасын өзгерістерін байқауға болады.

2.2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің несиелік қоржынының жіктемесі
Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің даму жолдары
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Ипотекалық операциялардың есебі мен аудиті
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
Коммерциялық банктегі несиелерді ұйымдастыру
Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму перспективалары
Несие операцияларының есебі және талдауын жүргізу
Несиенің есебі
Кәсіптік тәжірибе есебі
Пәндер