Банкте депозиттік нарықты анықтаудың алғы шарттары
ҚР депозиттік нарықтың дамуы. КУРСОВАЯ 2005
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
I БӨЛІМ. ДЕПОЗИТ - БАНККЕ ҚАРЖЫ ТАРТУДЫҢ ЕРЕКШЕ КӨЗІ РЕТІНДЕ 6
1.1 Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны 6
1.2 Банкте депозиттік нарықты анықтаудың алғы шарттары 8
1.3 Қазақстан Республикасында депозиттер нарығының қалыптасу жолдары 14
ІІ БӨЛІМ. Банктің салым операцияларының есебі 17
2.1 Талап ету салымы бойынша операциялар есебі 17
2.2 Мерзімді салым бойынша операциялар есебі 18
ІІІ БӨЛІМ. Қазақстан Республикасының депозиттер нарығының дамуы 19
3.1 Депозиттік операцияларының кеңею ауқымы 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27
КІРІСПЕ
Ашық нарықтық қатынастардың дамуы жағдайында тұрақты экономикалық өсуді
қамтамасыз ету үшін тек инвестициялардың жоғарғы үлесі жеткіліксіз.
Сонымен қатар, ЖҰӨ - дегі жинақтардың үлесі де жоғары болуы және ол
көрсеткіш ЖҰӨ -ге қатысты инвестицияның жиынтық үлесінен артық болуы жөн.
Яғни инвестициялар ішкі қаражаттар есебінен қаржылындырылуы тиіс.
Сонымен, қазіргі таңда халық жинақтарын ішкі инвестицияның негізгі
көзі ретінде кең көлемде тарту экономикадағы көкейтесті мәселелердің бірі
болып отыр.Жинақтарды тартудың экономикадағы екі негізгі жолдарының -
бағалы қағаздар нарығы немесе қаржылық мекемелер арқылы салымдар жасау.
Бүгінгі күні Қазақстанда негізгісі болып қаржылық институттар, әсіресе
банктер, халық салымдарын тартудағы бәсекеде басыңқы орын алуда.
Соңғы кезеңдерде ақпараттық құралдарда және экономикалық басылымдарда
Қазақстанның банктік секторының оңтайлы дамуы жайында көптеген мәліметтер
кездеседі. Қазақстан Республикасының банктік секторы соңғы 10 жыл
аралығында қарқынды даму үстінде. Ол ТМД елдеріндегі ең жоғарғы
капиталдандырылған коммерциялық банкі бар алғашқы ел – бір банктің орташа
капиталдандырылуы 25.1 млн. АҚШ доллары көлемінде.
Осындай жағдайлардың орын алуы барысында өте маңызды мәселелерді бірі –
жалпы банктік жүйенінің тұрақтылығын күшейті. Банктік жүйе қаржылық жүйенің
дұрыс қызмет етуі үшін көптеген қызметтерді атқарады.Оларға банктердің
уақытша бос қаражаттары бар тұлғалармен осы қаражаттарға деген уақытша
қажеттіліктері пайда болған тұлғалар арасындағы делдалдық қызметтері,
тәуекелдерді бағалау, есеп айырысуларды жүзеге асыру және ақша – несиелік
саясатты жүзеге асыруы жатады. Алайда банктер қызмет етуі барысында
тәуекелге, өтімділігінің төмендеуіне және төлем қабілетсіздікке ұшырауы
мүмкін.
Банктермен тартылатын депозиттердің көлемі негізінен негізгі 4 факторға
тәуелді болып келеді:
1) халықтың ақшалай табыстарының көлемі;
2) олардың банктік жүйеге деген сенімінің деңгейі;
3) салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесі;
4) елдегі банктік жүйенің даму деңгейі және ондағы қаржылық өнімдердің
дамуы.
Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсат - елдегі депозиттер нарығының
жүзеге асырылуын және даму деңгейін мысал негізінде көрсету, сонымен қатар
қалыптасқан жағдайларды жақсарту жолдарын іздестіру және банктердің
депозиттік қызметтерінің үлесін арттыру жолында жаңа пікір білдіру.
Бұл мақсаттарға жету жолында келесідей мәселелер қарастырылуы тиіс:
1. Қазақстан Республикасындағы депозиттік нарықтың қалыптасуы және
олардың қазіргі жағдайымен танысу, сонымен қатар АҚ “Қазақстан Халық
Банкіндегі” депозиттік операциялардың жүргізілуін қарастыру;
1. жалпы депозиттік операциялардың түрлері және депозиттерді сақтандыру
жүйесі;
1. Қазақстан Республикасының депозиттер нарығын дамытудағы мәселелері
мен перспективаларын қарастыру және әрі қарай дамыту барысында
қолданып жүрген шаралармен танысу .
Жұмыс орындау барысында әдістемелік негіз ретінде келесілерді
қолдандым: “Банктер және банктік қызмет туралы” Қазақстан Республикасының
Заңы, Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын
(депозиттерін) міндетті кепілдендіру (сақтандыру) Ережесі, басқа да Ұлттық
Банктің нормативті–құқықтық актілері, салымдарды тарту мәселелеріне қатысты
шетелдік және отандық авторлардың шығармалары, әр түрлі басылымдар.
Қазіргі кезеңде қазақстанның банктік жүйесі біршама тұрақты және
сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банк алдында тұрған
негізгі мәселелер – қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік – құқықтық
базаны жақсарту, бухгалтерлік есептеу жүйесін жақсарту, тиімді төлем
жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту.
Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды
мәселе болып отыр. 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап іске қосылған жеке
тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі халықтың банктерге деген сенімін
біршама арттырды. Алғашында бұл жүйе теңгедегі және шетел валютасындағы тек
мерзімді салымдарға ғана қатысты қолданылатын, ал 2002 жылдың 13 сәуірінен
бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған ағымдағы
депозиттеріне қатысты қолданылатын болды. Осы депозиттерді сақтандыру
жүйесін дамыту және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік
қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге
орналастыруына ынта болады. Нәтижесінде бантердің несиелік базасы артады,
табыстылығы жоғарлайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай
жасайды.
Оның үстіне банктік салымдардың мөлшеріне банктік жүйенің және банктік
қаржылық инструменттердің даму деңгейі де үлкен ықпалын тигізеді. Себебі
қаржылық нарықтың дамуымен қатар халықтың және кәсіпорындардың уақытша бос
ақша қаражаттары үшін банктер мен банктік емес қаржылық мекемелер (несиелік
серіктестіктер, мемлекеттік емес зейнетақы қорлары, сақтандыру мекемелері,
инвестициялық компаниялар, ломбардтар және мемлекет) бәсекеге түседі. Заң
жүзінде депозиттерді банктер және несиелік серіктестіктер сияқты банктік
емес қаржылық мекемелер ғана қабылдауға құқылы болғанымен, жеке тұлғалар
және кәсіпорындар зейнетақы қорларына және сақтандыру компанияларына өз
еркінше төлемдерді жүзеге асыруға құқығы бар мемлекеттік және басқа да
заңды тұлғалардың бағалы қағаздарын сатып ала алады, өзінің өтімді
активтерін ломбардқа салуы мүмкін.
Бүгінгі күнгі өзекті мәселе - нарықтық экономика жағдайында қосымша
ресурстар тарту мүмкіндігі, ол банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың
тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттерге деген қарым –
қатынастары және әр түрлі
салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық
инстументтердің болуына байланысты.
Осы жұмыстың зерттеу объектісі болып заңды және жеке тұлғалардың
депозиттері табылады.
I БӨЛІМ. ДЕПОЗИТ - БАНККЕ ҚАРЖЫ ТАРТУДЫҢ ЕРЕКШЕ КӨЗІ РЕТІНДЕ
1.1 Депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны
Кез келген нарықтық экономикада банктік жүйе негізгі төрт функцияны
жүзеге асырады:
1. жинақ ұстаушылар мен инвесторларлар арасында делдал қызметін
атқарып, қысқа мерзімді депозиттерді орта мерзімдіге, орта мерзімді
депозиттерді ұзақ мерзімді депозиттерге айналдырады;
1. тартылған ақша қаражаттары негізгі және фракциондық резервтік жүйе
жағдайында несиелік ақшаларды қалыптастырады, сөйтіп айналыстағы
ақша массасын көбейтеді;
1. банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша
ұсынысына әсерін тигізеді;
1. орталық банкпен белгіленген шектеулер шегінде қызметін жүзеге асыра
отырып, оған ақша – несие саясатын жүргізуге көмектеседі.
Нарықтық қатынастардың дамуымен байланысты ресурстарды тарту құрылымы
да көптеген өзгерістерге ұшырап, банк жүйесіне жеке және заңды тұлғалардың
бос қаражаттарын жинақтаудың жаңа түрлері дами бастады.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың және депозиттік шоттардың
көптеген түрлері кездеседі. Бұл банктерді бәсекелестігі жоғары нарықта
банктік шоттарға жинақтарды және уақытша бос қаражаттарды тартып осы
банктік ресурстарға деген әр түрлі клиенттер тобының сұраныстарын мейлінше
қанағаттандыруға ұмтылуымен байланысты.
Қазақстан Республикасының “ҚР банктер және банктік қызметтер туралы”
заңында депозит анықтамасы келесідей берілген.
Депозит дегеніміз - бұл бір тұлғаны, депозиторды екінші тұлға – банкке
(соның ішінде Ұлттық Банкке) оларды талап етуі бойынша немесе белгілі бір
уақыт өткеннен кейін толығымен немесе бөлшектеп, алдын ала келісілген
сыйақымен немесе сыйақысыз тікелей салымшыға (депозиторға) қайтарылуы тиіс
немесе оның бұйрығы бойынша басқа бір тұлғаға берілуі тиіс ақша сомасы.
Банктік депозит – салымшының, банкке алдын ала келісілген сый ақы
қосылып қайтарылу шарты негізінде берілген, ақша қаражаттары.
Депозиттік операциялар коммерциялық банк үшін оның ресурсын
қалыптастырудың ең негізгі көзі болып табылады. Жеке тұлғалар, іскерлік
фирмалар, акционерлік компаниялар, жеке кәсіпорындар, коммерциялық емес
ұйымдар, үкіметтік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар, жергілікті билік
органдарының қаражаттары коммерциялық банктерге қызығушылықпен
орналастырады. Бұл салымдардың үлкен сенімділігін қамтамасыз етеді,
екіншіден салымшылар өз салымдарын кез келген уақытта қайтаруды талап етіп
қана қоймай, одан асатын сомада қарыз ала алады, үшіншіден бұл салымдар
табыс әкеледі.
Банктерге орналастырылған уақытша бос ақша қаражаттары салымшы үшін екі
рөл атқарады, яғни, бір жағынан кіріс әкелетін ақша ретінде, ал екінші
жағынан салымшыға табыс әкелетін капитал рөлін атқарады.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
1. банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
1. депозиттік операциялар қызмет етуі керек;
1. банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
1. банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операциялармен қарыз аударылуы қажет;
депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциядардың
арасында мерзім және сомалары бойынша өзара байланыс пен
сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
1. депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.

тәуелді балып келеді:

2) олардың банктік жүйеге деген сенімділігі;
Халықтың салымдарын тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары
қолданылады: ұтысқа, сыйлыққа, жастарға және т.б. мақсаттарға.Әдетте ол
халыққа қосымша қызметтерді (пошталық, телеграфтық, саудалық және т.б.)
ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының тұрақты мерзімі болмайды және
шот иесінен ақшаны кері алу туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар
бойынша чектер берілмейді.
Жинақ салымдары мерзімді салымдардың маңызды бөлігін құрайды. Мерзімдік
салымдардың басқа бір түрі – мерзімді депозиттік сертификат болып табылады.
Ол банкіге тұрақты пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге
қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат, оларды
компанияларға, фирмаларға және өте бай иемденушілірге 100 мың доллардан кем
өмес сомада беріліді. Олар екінші ретті нарықта сатылуы және басқа тұлғаға
өтуі мүмкін – берілетін және салымшының өзінде қалатын, берілмейтін болады.
Ақшаны мерзімнің аяқталуымен, тек сертификаттарды ұсыну арқылы банктен
алуға болады, ал мерзімі – 14 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Сонымен жинақ салымдарына (шоттарына) мынадай сипаттама беруге болады:
1. ақша қаражаттарының сақталуының нақты белгіленген мерзімі
болмайды:
1. салымды кез келген уақытта хабарламай алуға болады:
1. шотқа ақша қаражатын салу немесе алу кезеңінің жинақ кітапшасы
депозитормен ұсынылады. Ол кітапшада ақша қаражаттарының барлық
қозғалысы көрініс табады.
Жеке тұлғалармғн ашылатын жинақ салымдарының мынадай түрлері бар:
- мерзімді жинақтаушы салым:
- қосымша толықтырылатын салым:
- ағымдағы жинақтаушы салым.
Мерзімді жинақтаушы салым бойынша нақты мерзім белгіленеді немесе осы
салымды шоттан алынатын мерзімі белгіленеді. Мерзімді жинақтаушы салым
бойынша төленетін сыйақы мөлшері басқа жинақтаушы салмдарымен салыстырғанда
жоғары болып келеді.
Қосымша толықтырылатын жинақтаушы салымы. Бұл шотқа алдын ала
келісілген ақша сомалары аударылып отырады. Жинақталған қаражат белгіленген
күнде беріледі (жаңа жылда, мектеп бітірген кезде және тағы басқа).
Ағымдағы сақтандыру салымы – негізінен жалақыны аудару үшін
пайдаланылады. Бұл шот бойынша ақша қаражаттарының келіп түсуі және
аударылуы еркін жүзеге асады.
Америка банктерінің тәжірибесінде 1982 жылы ақша нарығының ДСДР
депозиттік шоттары пайда болды және олар резервтік талаптарға жауап берген
кезеңінде жинақтаушы шоттар категориясына жатқызылатын болды.
Бұл шоттардың ерекшеліктерін мыналардан байқауға болады:
1. ақша нарығының басқа инструменттерінің ставкалары өзгеруі
нәтижесінде шот бойынша ставка мөлшері апта сайын өзгеріп отырады;
1. салым мерзімі алдын ала келісіледі, алайда банктер клиенттерінің
қаражатты алатындығын 7 күн бұрын хабарлауын талап етеді;
1. салымдар салымдарды сақтандыратын федералды корпорациямен
сақтандырылған;
шот иесі үшінші тұлғаларға төлемдер жүргізу үшін шот бойынша айына тек
6 аударымды жүзеге асыруға құқығы бар.
1.2 Банкте депозиттік нарықты анықтаудың алғы шарттары
Депозиттік операциялар коммерциялық банктің пассивті операцияларының ең
басты және негізгі бағыты болғандықтан банктердің ресурстарының көп бөлігі
осы депозиттік операциялар есебінен құралады. Сондықтан коммериялық банктер
қаражат тартумен айналыспас бұрын депозиттік нарықты және саясатты құрып
қалыптастырып отыруы қажет.
Депозиттік саясат – коммерциялық банктердің нарықты ортада сырттан
қаражаттарды тарту мақсатында және өзінің қалыптасқан депозиттік портфелін
тиімді басқару үшін ұйымдастырылатын іс-әрекеттердің жиынтығы. Депозиттік
саясат ғылыми негізде құрылып, тиімді жүзеге асырылатын болса, коммерциялық
банктердің қаржылық жағдайы да соғұрлым орнықты болады. Яғни, депозиттік
саясаттың мақсаты – банк өтімділігін демей отырып табыс деңгейін арттырып,
банктің қаржылық жағдайын тұрақты ету.
Депозиттік саясат бірнеше принциптерге негізделіп қарастырылады.
Депозиттік портфельде тартылатын қаражаттардың барлығы сыйақы негізінде
қалыптасады. Депозиттік портфель коммерциялық банктердің міндеттемелер
портфелінің бір бөлігі бола тұра депозитті саясаттың бірден бір нәтижесі.
Депозиттік портфельді қалыптастырумен байланысты банктер тарапынан белгілі
бір шығындарды жұмсауды қажет етеді. Олар депозитті портфельді басқарумен
байланысты шығындар деп аталады. Мұндай шығындардың ең негізгісін
сыйақымен байланысты шығындар құрайды. Егер коммерциялық банктердің
депозиттік саясаты неғұрлым тиімді болса, депозиттік порфельді басқарумен
байланысты шығындар соғұрлым төмен болуы мүмкін.
Депозиттік портфельдің мазмұнын оның құрамы мен құрылымы аша түседі.
Олар өз алдына мынадай факторлармен байланысты:
1. коммерциялық банктердің банк қызметтерінің көтерме сауда нарығындағы
репутациясы;
1. коммерциялық банктердің банк қызметтерінің бөлшек сауда нарығындағы
репутациясымен;
1. коммерциялық банктердің басқа банктермен корреспонденттік
қатынастарының дамуы және олардың ауқымы;
1. коммерциялық банктердің өзінің клиентуралық нарығындағы
стратегиясымен тактикасы;
1. коммерциялық банктердің географиялық немесе регионалдық орналасу
мекен жайы. Егер коммерциялық банктер өндіріс ошақтары шоғырланған
регионда бөлек қызмет етсе оның депозиттік портфелінің құрамы және
оның құрылымы соғұрлым күрделі болып келеді.
1. жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі және жеке азаматтардың номиналдық
табысының мөлшері. Егер банк қызмет көрсететін ортада халықты
жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі жоғары болса және халықтың табысының
номиналдық мөлшері көп болса, онда банктің депозиттік портфелінде
жеке азаматтардың салымдары жоғары болады;
1. коммерциялық банктердің өздерінің депозиттік портфелін басқару
барысындағы диверсификациялау саясаты. Депозиттік портфельдің
диверсификациясы дегеніміз оның құрамы мен құрылымының күрделі көп
спекторы және әр түрлі болып келуі. Егер банктің депозиттік
портфелінің диверсификациясы жоғары болса, онда мұндай бактердің
депозиттік базасы да орнықты болады.
Американдық тәжірибеде, егер депозиттердің сомасы 100 мың доллардан
аспаса, бұлардың барлығын депозиттік портфельдің депозиттік базасына
жатқызады. Ал Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері үшін
депозиттік портфельдің депозиттік базасына қажет уақытында талап етілетін
заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың депозиттерін жатқызуға болады.
Әрине коммерциялық банктерде депозиттік портфельді басқарудың
тиімділігі бірінші ретте активтер портфелін басқарудың тиімділігімен
байланысты.
Коммерциялық банктердің депозиттік портфелін басқаруды нарықтық ортада
ұйымдастырады, яғни депозиттік нарықта ұйымдастырады.
Депозиттік нарық дегеніміз – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың
уақытша бос ақшалай қаражаттарын жинақтап, оларды тиімді және табысты
орналастырумен байланысты сұраныс пен ұсыныс пайда болатын ресми және
бейресми ұйымдастырылған экономикалық орта.
Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы да, соның ішінде
коммерциялық банктер де депозиттік операциялармен немесе депозиттік қызмет
көрсетулермен тек қана Ұлттық банк берген лицензия негізінде айналыса
алады.
Егер ресми ұйымдастырылған депозиттік нарық болатын болса, оның
міндетті түрде институционалдық негіздері болуы керек, яғни басқаша айтсақ
субъектілері болып табылады.
Ресми депозиттік нарықта қатысушылардың саны үшеу болуы мүмкін:
1. сатушы;
1. сатып алушы;
1. делдал;
Ал бейресми нарықта екі қатысушы бар:
1. сатушы;
1. сатып алушы;
Қазақстанда ресми ұйымдастырылған нарықтың сегментіне банкаралық несие
нарығын жатқызуға болады. Бұл сегментте қатысушылар үшеу:
1. сатушы;
1. сатып алушы;
1. делдал, кейде төртінші қатысушы оператор болуы мүмкін, оның рөлін
Орталық банк атқарады.
Депозиттік проценттік ставкалар нарықтық ставкалардың немесе нарықтық
индикаторлардың қатарына жатады.
Депозиттік проценттік ставкаларды индикатор деп атайтын себебіміз,
олардың мөлшері депозиттік нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арақатынасына
байланысты үнемі өзгеріп отырады.
Депозиттік ставкалардың деңгейіне немесе мөлшеріне байланысты
депозиттік нарыққа қатысушылардың кәсіби мінез – құлқына баға беруге
болады.
Депозиттік проценттік ставкалардың (сыйақылардың) түрлері:
1) Нақты депозиттік проценттік ставка;
2) Номиналдық депозиттік проценттік ставка;
3) Тұрақты депозиттік проценттік ставка;
4) Өзгермелі депозиттік проценттік ставка;
5) Бағалық депозиттік проценттік ставка (ЛИБОР, КИБОР, ФИБОР, т.б.)
Коммерциялық банктерде сыйақының барлығы да тек қана номиналдық
мөлшерде белгіленеді.
Нақты депозиттік проценттік ставка дегеніміз инфляцияның өсу қарқынын
есептемей белгіленетін депозиттік проценттік ставкаларының (сыйақы
мөлшерінің) деңгейін өрнектейді. Сондықтан нақты депозиттік ставкалар уақыт
бойынша инфляцияға қатысты өзгермейді. Нақты сыйақы мөлшері – белгілі бір
кезең аралығында уақыт бойынша инфляцияға қатысты өзгермейтін тұрақты
мөлшерде болып келетін сыйақыны айтамыз.
Номиналдық депозиттік проценттік ставка немесе номиналдық сыйақы –
белгілі бір кезең аралығында уақыт бойынша инфляцияның өсу қарқынын есепке
ала отырып белгіленеді. Сондықтан коммерциялық банктерде проценттік
ставкалардың барлығы сыйақы мөлшерін қоса есептегенде тек қана номиналдық
мөлшерде белгіленеді. Сонымен:
r- нақты проценттік ставка
i- номиналдық проценттік ставка
U - инфляция
i = r + U
Коммерциялық банктер барлық индикаторлардың мөлшерін номиналдық
дәрежеде белгілей алады.
Тұрақты депозиттік проценттік ставка (тұрақты сыйақы) дегеніміз банк
пен клиент арасындағы келісім бойынша белгілі бір кезеңде уақыт аралығында
көрсетілген депозиттік проценттік ставка. Бұл ставка депозиттік шартта
көрсетілген мерзім аралығында екі жақтың келісімінсіз қайта қаралмайды және
ол қандай да бір болмасын кезеңде өзгере бермейтін орталық индикаторлардың
мөлшерімен тығыз байланыстырылады. Жиі өзгере бермейтін орталық
индикаторларға:
1. қайта қаржыландыру ставкасы;
1. ЛИБОР, КИБОР, т.б.
1. қайта есептеу ставкасы;
1. ломбардтық ставка;
Өзгермелі депозиттік проценттік ставка дегеніміз белгілі бір кезең
аралығында банк пен клиентті келісімі бойынша қайта қаралып отыратын
ставканы айтамыз. Депозиттік проценттік ставкалардың немесе сыйақының
мөлшеріне тұрақты немесе өзгермелі болып келуі олардың нақты және
номиналдық түріне жататындығында емес, екі контрагенттің өзара келісіміне
байланысты.
Базалық депозиттік проценттік ставка дегеніміз банкаралық несиелік
нарықта коммерциялық банктер бір - біріне артық ақшалай ресурстарды ұстау
және сатып алу үшін белгіленетін депозиттік проценттік ставканың ең төменгі
мөлшері, сондықтан мұны мұндай нарықта базалық депозиттік проценттік ставка
деп атайды.
Сонымен бірге депозиттік проценттік ставкалар еркін қалыптасу
дәрежесіне байланысты да екі түрге бөлінеді:
1) нарықтық депозиттік проценттік ставкалар;
2) ресми депозиттік проценттік стаквалар.
Номиналдық және нақты депозиттік проценттік ставкалар арасында өзара
байланыс болады. Бұлардың өзара байланысы инфляция қарқынымен реттеледі.
Номиналдық және нақты депозиттік проценттік ставкалардың өзара
функционалдық байланысы Фишер формуласы арқылы өрнектелінеді. Бұл формула
инфляция қарқынын болжауда, ақша массасының өсуін болжауда және активтердің
бағасын есептеуде жиі қолданылады:
i = r +U + U*r
i +1= r + U + U*r +1
i+1= (r +1)(U+1)
r +1= i +1 U+1
r = i +1 U + 1 – 1
i = (r +1)(U+1) - 1
Депозиттің жалпы сомасын табудың үш түрлі әдісі қалыптасқан. Себебі
депозиторлар үшін депозиттің сомасы екі бөліктен тұрады:
1. банктергі депозиттік шотқа салынған алғашқы сома – S0
1. депозиттің мерзімі біткеннен кейінгі депозиторға тиесілі сыйақы
сомасы – S
1. депозитордың жалпы капиталы - Sn
Sn = S0 + S
Sn есептеудің әдістері:
1) Жай проценттік есептеу әдісі:
Sn1 = S0 (1+iB *t)
S0 – алғашқы сома
I - номиналдық проценттік ставка
в – уақыт базасы
t – депозит мерзімі
Бұл әдіс көп жағдайда банктерде, егер конверсиондық кезең бір жылдан
аспаса кеңінен қолданылады.
Егер t 1 болса, онда жалпы депозиттің сомасын тарту үшін мына екінші
әдіс қолданылады.
2) Күрделі есептеу әдісі:
Sn2 = S0 (1+i)t
Бұл екі түрлі есептеу әдісінің ортақ шарттары бар:
1. депозитор банктегі депозиттік шотқа бір ғана конверсиондық кезеңге
бірақ рет салады;
1. конверсиондық кезең бойынша уақыт аралығында номиналдық проценттік
ставка тұрақты болып келеді;
1. депозитор депозиттік шоттан ақшасын конверсиондық кезең аяқталған
соң ғана ала алады.
Сонымен қатар айрмашылықтары да бар:
1. егер t 1 болса, онда Sn1 Sn2 болады;
1. егер t 1 болса, онда Sn1 Sn2 болады;
1. егер t = 1 болса, онда Sn1 = Sn2 болады;
t = 1теңдігінен жаңа ұғым тауып аламыз:
4. жылдық тиімді жай проценттік ставка;
4. жылдық тиімді күрделі проценттік ставка.
Жай проценттік есептеу формуласындағы в – уақыт базасы деп аталады.
Әдетте уақыт базасын бір жал ішіндегі күндердің, айлардың санымен
өрнектейді. Әлемдік банктік тәжірибеде уақыт базасының үш түрлі үлгісі
қалыптасқан:
1. англо – саксондық үлгі;
1. романо – германдық үлгі;
1. францздық үлгі.
Англо – саксон үлгісінде бір жылдағы күндердің саны –365 тең, ал бір ай
ішіндегі күндердің саны нақты календарь арқылы анықталады. Қазақстанның
коммерциялық банктері осы үлгіні қолданады.
Романо – герман үлгісі бойынша уақыт базасының мөлшері 360 тең, ал әр
айдағы күндердің саны стандартты түрде 30 күнге теңестіріледі.
Француз үлгісі бойынша бір жыл ішіндегі күндер саны – 360 тең, ал әр
айдағы күндердің саны нақты календарь бойынша анықталады.
3) Сонымен жалпы депозитті жалпы сомасын анықтаудың үшінші әдісі –
аннуитет деп аталады.
Sn = S0 (1 + i)t - 1 і
Аннуитет дегеніміз ағылшынның “мерзім сайын төлем” дегенді білдіреді.
Бұл формуламен жалпы депозиттің сомасы мынадай жағдайда табуға болады:
1. конверсиондық кезең бірдей шамаға өзгеріп отырады;
1. жалпы конверсиондық кезеңдер бойынша номиналдық проценттік
ставканың мөлшері өзгермейді;
1. депозиттер депозиттік есеп шотқа мерзім сайын ақша салып отырады
және әрбір салымның мөлшері бірдей;
1. депозиттік шотқа ақша салу әрбір конверсиондық кезеңнің аяғында
жүзеге асырылады.
Егер депозиттік шотқа ақша әр конверсиондық кезеңнің басында салынса,
онда депозиттік сома былай анықталынады:
S0 = S0 (1 + i)t –1 I (1+i)
Салымдар (депозиттер) бойынша сыйақыны бірнеше әдістер арқылы
қалыптастыруға болады.
Депозиттік қызметтер үшін белгіленетін тарифтер арасындағы айырма
төмендегі бір немесе бірнеше факторларға байланысты болады:
1. шот бойынша жүргізілетін операциялар саны;
1. белгілі бір уақыт аралығындағы шоттағы орташа қалдық;
1. салым салынатын мерзім.
Жоғарғы табысты клиенттерді тартуға бағытталған бағаны қалыптастыру
Бұл әдісті көптеген банктер қолданады. Банктер жоғары табысы бар
клиенттерге арнап жақсы әзірленген жарнаманы қолдану арқылы клиенттерді
қызмет түрлерімен және олардың бағаларымен таныстырып, оларды өздеріне
тартады. Осы әдіс банктерге үлкен табыс береді. Әдетте, мұндай клиенттерге
қызмет көрсетуші менеджерлері болады.
Клиенттерге көрсетілетін қызметтердің сандық мөлшеріне байланысты
депозиттерге баға белгілеу
Депозиттердің бағасын анықтаудағы ең бір тиімді әдістердің бірі - әр
бір клиентке көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасына сәйкес оларға
деген бағаны белгілеу. Банктің екі немесе одан да көп қызметін сатып алатын
клиенттер үшін төменгі тариф мөлшерлемесін тағайындайды немесе басқада
клиенттермен салыстырғанда төлемін кешіктіріп жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Оның себебі, клиент банктің көп қызметтерін пайдаланған сайын, сол
банкке тәуелді болады.
Банктер депозиттерге тиімді баға қалыптастыра отырып өзінің әр бір
қызмет түрі бойынша клиенттер тобын құрады. Депозиттердің бағасының өзгеруі
тек депозиттік және несиелік пайыз мөлшерлемелері айырмасын ұлғайтып қана
қоймайды, сонымен қатар банктің даму стратегиясын және болашақтағы пайдасын
анықтайды.
Мынаны айта кеткен жөн, депозиттік пайыз мөлшерлемесі мен несиелік
пайыз мөлшерлемесінің айырмасы аз болған сайын банк депозиттердің бағасының
өзгеруіне өте сезімтал болып келеді.
1.3 Қазақстан Республикасында депозиттер нарығының қалыптасу жолдары
Жинақ кассаларының жалпы жүйелік жобасы 1826 жылы пайда болды. Бұл
мекемелер алғашында 1775 жылдары барлық губернияларда және уездік қалаларда
қайырымдылықты дамыту үшін құралғын болған. Одан жинақталған қаражатқа
ауруханалар, мүгедектер үйі, жетім балалар үйлері жабдықталатан болған.
Кейіннен қаржы жүйесінің дамуы нәтижесінде 1860 жылы Мемлекеттік банк
құрылды, оның бөлімшелер торабы Қазақстан территориясында да құрыла
бастады. Мемлекеттік банктің бірінші бөлімшелері Орал, Петропавловск, Семей
және Верный қаларында құрылды, жинақ, несиелік-есеп айырысу операциялары
жүргізілетін. Ұсақ салымшыларға қызмет көрсетілетін, салымдар жалпы негізде
алынатын, ал қаржылардықайтару және ұсақ несие беру орталық касса ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz