Кооперативті банктердің сақтандыру қоры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.

(-бөлім. Банктік салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің мәні мен
қажеттілігі
1.1. Банктік салымдарды кепілдендіру жүйесінің экономикалық мәні.
1.2. Кепілдендіру жүйесінің депозиттік базаны ұлғайтудағы рөлі.
1.3. Шетелдік банктік депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) жүйелері.

((-бөлім. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру Қорының
қызметіне экономикалық талдау.

2.1. Қазақстандағы салымдарға кепілдік беру қорының қалыптасу реформалары.
Қорға қатысу шарттары мен кепілдендіру ережелері
2.2. Кепілдендіру жүйесінің қызмет ету тиімділігіне талдау (анализ)
2.3. Қазақстандық коммерциялық банктердегі салымдарды кепілдендіру
жағдайлары.

(((-бөлім. Қазақстандағы халықтың банктік салымдарын кепілдендіру жүйесінің
қызмет ету проблемалары және шешу жолдары.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

(-бөлім. Банктік салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесінің мәні мен
қажеттілігі.

1.1. Банктік салымдарды кепілдендіру жүйесінің эконокалық мәні.

Халықтың жинақтары кез-келеген мемлекеттің ішкі инвестицияларының
негізгі көзі болып табылады. Мемлекет өз кезегінен бұл жинақтарды айналысқа
екі жолмен жібере алады: бағалы қағаздар нарығы арқылы және қаржылық
ұйымдар арқылы. Қазіргі кезде жинақтарды тартуда бағалы қағаздар нарығының
атқаратын рөлінің өсуі жағдайында банктердің алатын орны басым. Мемлекет
алдында бұл жағдайға байланысты ең төтеншелі мақсат – мемлекеттің бүкіл
қаржылық жүйенің негізі болып табылатын банктік жүйені тұрақтандыру.
Банктік жүйе – көп атқарымды, ол ақша-несие саясатын жүргізуге
атсалысады, сонымен қатар тәуекелдерді бағалап есеп-айырысуларды жүзеге
асырады. Сондай-ақ, банктердің қызмет етуінің өзіндік ерекшеліктері олардың
әртүрлі тәуекелдерге тәуелді болады, бұл жағдай әрі қарай шиеленісуі
мүмкін, яғни бір банктің проблемалары мемлекеттегі бүкіл қаржы жүйесін
тұрақтандыруға кері әсерін тигізуі мүмкін.[1]
Тәуекелдер проблемасын алдын алу мақсатына арналған банктердің өзіндік
қауіпсіздік жүйелері бар, нақтылап айтқанда банктік жүйеге салымшылардың
мүдделерін қорғауға байланысты құрылымдар енгізілген, бұл қаржылық жүйенің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шаралардың құрамдас
бөлігі болып табылады. Бұл құрылымдар өздігінен банктердегі халықтың
салымдарын кепілдендіру жүйесін айқындайды.
Кез-келген нарықтық экономика жағдайында банктік жүйе келесідей
негізгі функцияларды атқарады:
• Жинақтарды ұстаушылар мен инвесторлар арасында делдалдық қызметті
атқарады, сонымен қатар мерзімді депозиттерді орта және ұзақ мерзімді
несиелерге айналдырады;
• Фракциондық резервтік жүйе жағдайында қолма-қол ақша мен депозиттерді
тарту негізінде несиелік ақшаларды құрады, соның нәтижесінде
айналыстағы ақша массасын азайтады;
• Банктердің депозиттік және несиелік саясаттары экономикадағы ақша
ұсынысына әсер етеді;
• Ұлттық Банкпен белгіленген шектеулер шеңберінде қызмет істей отырып,
банктер ҰБ-ке ақша-несие саясатын жүргізуге көмегін тигізеді;
Банктер осы аталған функцияларды өздерінің клиенттерінің бірінші
талаптары бойынша талап еткенге дейінгі депозиттерді қолма-қол ақшаға, ал
мерзімді және жинақ депозиттерін клиентпен алдын-ала келісілген уақыт
өткенен кейін айналдыру міндеттемелерін орындау нәтижесінде жүзеге асырылуы
мүмкін. Сондай-ақ, банктер салымшылардың бірінші талабы бойынша қолма-қол
ақшаға конвертациялауды жүзеге асыру үшін олар өздерінің қаражаттарының бір
бөлігін қолма-қол ақша түрінде ұстайды . Банктермен тартылатын
депозиттердің көлемі келесі факторларға байланысты өзгереді:
1) халықтың ақшалай табысының өзгеру көлеміне;
2) клиеноттердің банктік жүйеге деген сенімділік деңгейіне;
3) салымдар бойынша нақты пайыз мөлшерлемесінің өзгеру жағдайында;
4) мемлекеттегі банктік жүйе мен оның қаржылық өнімдерінің даму
деңгейі;
Халықтың ақшалай табысының көлемі банктік жүйеге тартылатын
салымдардың потенциалды мүмкін болатын көлемін анықтайды. Неғұрлым
адамдардың табысы жоғарылаған сайын, соғұрлым олардың тұтынуы ғана емес,
сондай-ақ жинақтау қабілеті де артады. Сонымен қатар, күн көріс минимумынан
халықтың табысының жоғары болуы халықты үнемдеуге деген бейімділігін
жоғарылатады. Жинақтарды тартудың басқа маңызды факторы болып – халықтың
банктік жүйеге сенімділігінің деңгейі табылады. Бұл фактор салымшылар үшін
пайыздық мөлшерлемеге қарағанда маңыздырақ болып табылады, себебі егер банк
күтпеген мезетте банкроттыққа ұшыраса немесе төлем қабілетсіз болып табылса
олар өздерінің салымдарынан бөлшектеп немесе тұтастай айырылу тәуекеліне
ұшырайды. Бұл тәуекел көлемін бүкіл банктік депозиттердің ЖІӨ-ге қатысты
жалпы сомасының өзгеру динамикасы арқылы жанама бағалауға болады. Банктік
жүйеге деген халықтың сенімінің деңгейі халық жинақтарына қатысты реттеу
функциясын атқарады. Халықтың банктік жүйеге сенімінің төмендеуі банктік
жүйеден ұлттық және шетел валютасындағы

ақша қаражаттарының кетуіне, ал сенімінің жоғарылауы олардың ағылып келуіне
алып келеді.
Халықтың банктік жүйеге сенімінің деңгейін жоғарылатудың ең негізгі
құралы – банктік салымдарды кепілдендіру жүйесі болып табылады. Өзіндік
арналымына сәйкес бұл жүйе келесідей мақсаттарды орындауға арналады:
- жинақтарды мобилизациялауға жәрдемдеседі, ол өздігінен ішкі
жинақтаудың жеткілікті нормасын қамтамасыз етуге;
- банктік жүйелі қаржылық кризистен қорғайды, сондай-ақ банктік жүйе
мен ақша айналысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге;
- ұсақ салымшыларды тәуекелден әлеуметтік шарттасылған негізде қорғау,
өйткені олар ақша қаражаттарын салғанда тәуекелді дербес есептеу мен
бағалауға қабілеті жеткіліксіз;
Кепілдендіру жүйесінің тиімді қызмет етуі үшін ол қаржылық институттар
жүйесіне кіріктірілуі керек, сондай-ақ олармен сәйкесінше қарым-қатынас
орнатып, мемлекеттік реттеу жүйесіне бейімделуі қажет. Тағы да бір маңызды
фактор – несиелік-қаржылық ұйымдардың дамыған нарықтық қатынастардың
нақтыланған деңгейінде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл
кезде несиелік-қаржылық институттардың қызметі нақты заңнамалық
регламентацияға сай болуы және олардың тіркеуден өтуі мен банкроттықтың
қалыптасқан процедурасын міндетті түрде білуі қажет. Сондай-ақ, сол қаржы
– несиелік ұйымдар мен банктерді реттейтін арнайы тиімді қадағалау
жүйесінің болуы қажет.
Іс жүзінде банктік салымдарды кепілдендіру жүйесінің теориясына сәйкес
барлық коммерциялық банктер осы жүйеге кіруі керек, соған сәйкес депозит-
тердің барлық түрлері кепілдендірілуі міндеттенуі қажет. Кейбір жағдайда
бұл тек жеке меншік банктерге ғана бағытталады. Мемлекеттік банктердің
салымшылары басқа тәсілдермен қорғалады. Кепілдендіру жүйесі сол сияқты
басқа да мемлекеттік емес банктер болып табылмайтын несиелік-қаржылық
ұйымдарға да тарайды. Сондай-ақ жинақтық типіндегі кооперативтік несиелік
ұйымдар (несиелік одақтар, ассоциациялар) да бұл жүйеге қарасты. Бұл
қаржылық ұйымдар топтарына бөлек жүйелер мен кепілдендіру органдары да
болуы мүмкін.
Кепілдендіру жүйесіндегі банктердің қатысуы ерікті немесе еріксіз
түрде жүргізіледі. Еріксіз түрде болғанда банктік салымдарды кепілдендіру
жүйесіне қатысу кезінде қолайсыз таңдау проблемасы (adverse selection
problem) тууы мүмкін. Банктердің қатысуы ерікті болғанда, банктерге
салымдарға кепілдік беру Қорынан кез-келген уақытта шығып, сақтандыру
қорынан өз салымдарын алуға рұқсат беріледі. Бұл кезде пайда болатын
қолайсыз таңдау проблемасының мағынасы – сақтандыру қорына тек
банкроттыққа жақын банктердің қатысуында. Бұл банктердің банкроттыққа
ұшырау қаупі жоғары болғандықтан, олар өздерінің қаржылық проблемаларын
шешу үшін сақтандыру қорына қатысу туралы шешім қабылдайды, ал бұл өз
кезегінде сақтандыру қорының позициясынан қарағанда оларға тиімсіз.
Салымдарды кепілдендіру жүйесін құру мен оның қызметін жүзеге асыруды
сәтті жүргізу үшін болып табылатын ең басты проблема – ол қаржыландыру.
Қаржыландыру - әдетте салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесін құру
аясындағы дискуссиялар мен саяси оңтайландырулардың объектісі болып
табылады. Тіпті егер банктік жүйе кризиссіз дамушы жағдайда болса да,
салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) белгілі бір шығындарды жұмсаумен
байланысты, өйткені кейбір несиелік-қаржылық ұйымдардың белгілі бір санының
күйзеліске ұшырауы статистикалық заңдылық болып табылатын-дығында. Күйзеліс
жағдайларында банктің банкроттығын болдырмау мен төлем қабілеттілігін
сақтап қалу үшін залалға ұшыраған азаматтарға төленетін өтемақының көлемі
өте үлкен болуы мүмкін. Кепілдендіру жүйесіндегі мемлекеттік қаржыны тарту
бойынша көлемі мен шарттарына байланысты сұрақтар өзекті болып табылады.
Бірақ, кез-келген жағдайда қаржыландырудың негізгі көзі болып – қатысушы-
банктердің жарналары табылады, ал мемлекет көп жағдйда тек құрылтайшы
ретінде бастапқы жарғылық капиталын қалыптастырушы ретінде өз қызметін
атқарады.
Банктік салымдарды кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіндегі мемлекеттің
қатысуы келесі негізгі формаларда жүзеге асырылуы мүмкін:
• Жүйені іске қосу кезінде сақтандыру (кепілдендіру) қорына капиталды
толығымен немесе бөлшектеп салу;
• Жарғылық қорға тұрақты жарналар салу;
• Мемлекетпен қорды резервтік қаражаттармен қамтамасыз етуі.
Мемлекет тарапынан кепілдендіру қорын қолдаудағы жоғарыдағы аталған
шаралардың жүргізілуінен көріп отырғынымыздай, мемлекет қордың жақсы жұмыс
істеуі мен банкроттыққа ұшырамауында мүдделі болып табылады. Қордың
банкроттыққа ұшырауы бүкіл банктік жүйеге қатысты жағымсыз нәтижелерді
туғызып, терең күйзеліске алып келуі мүмкін. Қор алдында тұрған
мәселелердің маңыздылығын ескерсек, мемлекет ынталандыру және қорды қолдау
механизмін қалыптастыру қажет.
Депозиттік мекеменің банкроттыққа ұшырауы реттеуші органдар тарапынан
мынадай реакциялар туғызады:
1) Салымдарды тура төлеу. Бұл жағдайда депозиттік мекеме төлем қабілетсіз
деп танылады, соның нәтижесінде қор салымшылар алдында қарыздарды өтейді
және өздігінше банк активтерін сатады.
2) Сатып алу мен міндеттемелерді өзіне жүктеу. Сатып алу және міндет-
темелерді өзіне алу кезінде (purchase and assumption) депозиттік ұйымды
жабу және ликвидациялаудың орнына сақтандыру қоры банкрот-ұйымды басқа
қаржылық жағдайы тұрақты ұйым арқылы жұтуды жүзеге асырады. Соңғысы
банкроттыққа ұшыраған ұйымның активтерінің көп бөлігін сатып алады және
өтелмеген міндеттемелердің айтарлықтай үлкен бөлігін өз мойнына алады.
Алынған міндеттемелер мен активтер үлесі қормен келісілген мөлшерде
белгіленеді.
3) Жанама төлемдер. Егер жанама төлеу туралы шешім қабылданса (indirect
payoff), онда сақтандыру қоры басқа банктің банкроттыққа ұшыраған банктің
тек кепілдендірілген салымдарын ғана алуын міндеттейді. Сақтандырылмаған
салымшылар өздерінің тура өтемдерін ұйымның активтерін сатудан түскен
қаражаттар шегінде алуы мүмкін.
4) Тура қаржыландыру. Қор кейбір жағдайда ұйымды тура қаржыландыру (direct
assistance) өкілеттілігіне ие болауы мүмкін, яғни банкроттыққа ұшыраған
ұйымға тура ссудалар беруі мүмкін.

Қорытындылай келгенде, мынандай тұжырымдамалар жасауға болады:
• Деозиттерді экономикалық сақтандырудың негізгі мақсаты банктік -
күйзелісті болдырмау, сонымен қатар, ұсақ салымшыларды олардың қаржылық
нарықтағы тәуекелдер жайлы ақпаратының болмауы кезінде қорғайды;
• Банктердегі оларға тиесілі өтімділік проблемасы – олардың салымышлармен
келісім-шартқа отырған кезде банктер банктік емес сектордың өтімділік
тәуекелін өзіне алады;
• Депозиттерді сақтандыруды жүзеге асырудың ең басында екі ең басты
проблемалар болған, олар – қолайсыз таңдау мен молальдік тәуекел.
Мемлекеттік депозиттерді сақтандыру жүйесі негізінен қолайсыз таңдау
проблемасын барлық депозиттік ұйымдар үшін кепілдендіруді міндеттей
отырып шешті. Бірақ, тұрақты сақтандыру премиялар жүйесі депозиттік
ұйымдардың басқарушыларында операциялардың тәуекелдігін жоғары-латуына
байланысты стимул болған жағдайында моральдік тәуекел проб-лемасы
нашарлайды.

1.2. Кепілдендіру жүйесінің депозиттік базаны ұлғайтудағы рөлі.

Бүгінгі күні, екінші деңгейлі банктердің депозиттік базасының
қалыптасу проблемалары актуалды мәселелердің бірі болып табылады. 2003
жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша 38 екінші деңгейлі банктер Ұлттық
Банктен лицензия алып, банктік операцияларын жүзеге асыруда. Банктер
өздерінің даму стратегияларын халықаралық практикада қабылданған
стандарттар негізінде құрады, осының негізінде олар ресуртарды тарту
бойынша саясатты енгізуге м.мкіндік алады, себебі банктің міндеттемелер
көлемінің өсу көлемі халықтық салымдар мен кәсіпорындар депозиттері
есебінен қалыптасады.
Кез-келген нарықтық экономика жағдайында банктік жүйе 4 негізгі
функцияны жүзеге асырады:
1) Жинақтарды ұстаушылар мен инвесторлар арасында делдалдық
қызметті атқарады. Бұл кезде банк қысқа мерзімді депозиттерді
орта және ұзақ мерзімді несиелерге айналдырады;
2) Қолма-қол ақшаларды тарту негізінде несиелік ақшаларды құрады,
соның нәтижесінде айналыстағы ақша массасының көбеюін
ынталандырады;
3) Депозиттік және несиелік саясаттар экономикадағы ақша ұсынысына
әсер етеді;
4) Шектеулер шеңгерінде қызмет істей отырып, орталық банкке ақша-
несие саясатын жүзеге асыруға көмегін тигізеді.
Халықтың ақшалай табысының көлемі банктік жүйеге тартылатын
салымдардың потенциалды мүмкін болатын көлемін анықтайды. Неғұрлым
адамдардың табысы жоғарылаған сайын, соғұрлым олардың тұтынуы ғана емес,
сондай-ақ жинақтау қабілеті де артады. Сонымен қатар, күн көріс минимумынан
халықтың табысының жоғары болуы халықты үнемдеуге деген бейімділігін
жоғарылатады. Жинақтарды тартудың басқа маңызды факторы болып – халықтың
банктік жүйеге сенімділігінің деңгейі табылады. Халықтың банктік жүйеге
сенімінің төмендеуі банктік жүйеден ұлттық және шетел валютасындағы
ақша қаражаттарының кетуіне, ал сенімінің жоғарылауы олардың ағылып келуіне
алып келеді.

Инфляция (теңгелік депозиттер бойынша). Қазақстан Республикасында
жүргізілген реформалар нәтижесінде банктік жүйедегі жеке тұлғалардың
депозиттерінің жалпы көлемі өткен жылдың 1 қазанындағы жағдайы бойынша
2,7 млрд долларды құраған, ал заңды тұлғалардың салымдарының өсуі шамамен 1
млрд АҚШ долларынан асып түсті, негізгі капиталға салынатын инвестициялар
шамамен 30 пайызға өсті. Сондай-ақ қайта қаржыландыру ставкасының төмендеуі
мен инфляцияны төмендетудегі саясаттарды жүзеге асыру негізінде
оналастыру мерзімдері ұзартылып, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша
табыстылық төмендеді. Нәтижесінде, қаржылық жүйенің экономикаға айтарлықтай
қосқан үлесінің негізінде тәуелсіз дербес мемлекет құрылып, реформалауды
жалғастыру негізінде экономикадағы кешенді өзгерістердің басты шаралары
жүзеге асырылуда. [2]

1.3. Шетелдік банктік депозиттерді кепілдендіру (сақтандыру) жүйелері.

Бүгінгі күні Америка Құрама Штаттарындағы Деозиттерді Сақтандырудың
Федералды Корпорациясы (ДСФК) 100 мың USD ақша сомасын қайтаруды
кепілдендіреді. Бұған қарамастан Корпарацияны құру барысында бұл сома тек
бірнеше мың долларды құраған. 1989 жылы жүргізілген ұйымдастырушылық
өзгерістерге қарамастан депозиттерді федералды сақтандыру жүйесі 1930
жылдан бастап айтарлықтай өзгерістерді басынан кешірген жоқ. Банктер мен
көпшілік жинақтық ұйымдар сақтандырушы агенттерге сақтандыру төлемдерін
төлейді. Бұл премиялар (сыйақылар) FDIC сақтандыру қорына жіберіледі.
Қазіргі кезед коммерциялық банктер, ссудалық-жинақтық ассоциациялар және
жинақтық банктер FDIC –ке сақтандырылған депозиттің әр 1 долларына шаққанда
0,23% ставкасы бойынша жарналар төлейді.
((( ғасырдың соңында Германияның кооперативті банктері ең
бірінші мемлекеттік емес ұжымдық кепілдендіру жүйесін құраған болатын. Бұл
жүйе сәтті дамып, қазіргі Германияның негізгі жүйесі болып табылады.
Германдық банктердің федералды одағының шеңберіндегі салымдарды сақтандыру
жүйесі 1987 жылы өз бастауын тапты, сол кезден бастап айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады. Формальді түрде ол ерікті деп танылғанына қарамастан
іс жүзінде ерікті мәжбүрлеу принципі қолданылуда. Банкаралық депозиттер,
сонымен қатар кейбір ұзақ мерзімді міндеттемелерден басқасынан барлығы
сақтандырылады. Германияда банктік салымдарды сақтандыру жүйесінің
тармақталған жүйесі қалыптасқан:
• Жеке меншік банктердің депозиттерін сақтандыру қоры;
• Жинақтаушы кассалардың депозиттерін сақтандыру қоры;
• Кооперативті банктердің сақтандыру қоры.
МВФ мәліметтері бойынша 1995-2004 жылдар арасында депозиттерді
сақтандыру жүйелері бар мемлекеттер саны дереу көбейді. Қазіргі кезде
мемлекеттердің барлығында сақатндыру жарналарының мөлшері банктің
жүргізетін саясатының тәуекелінің тәуекелділігіне байланысты. Қазіргі
кезде, сақтандыру жүйелері бар мемлекеттерінің саны 73-ке жетті. Салымдарды
сақтандыру жүйелерінің континентер мен түрлері бойынша мәліметтерді
мынадай кестелерден көруімізге болады:

Аймақтар Жалпы саны Міндетті Қордың бар Сақ-ру жарналары
қатысуымен болуымен тәукелге
байланысты
1995 2004 1995
1995жыл 2004жыл 1995жыл 2004жыл 1995жыл 2004жыл
Африка 0 1 0 6 4 3
Азия 1 0 2 1 4 8
Европа 7 10 5 12 7 12
Таяу Шығыс1 0 0 2 0 1
Америка 0 2 4 2 6 11
Барлығы 9 13 11 23 21 35

Кепілдендірілген міндеттемелер түрлері:

Аймақтар Тек жеке Банктер Шетел Барлық депозиттер
тұлға-лардың депозиттер валютасын-дағы кепілдендірілмейт
кепіл-дендірікепілдендірілмейтде позиттер ін
летін ін кепілдендірілмейт
ін
1995 2004 1995 2004 1995
1. Заңның Екі заң Заң Заң талқылау ДепозиттердіЗаң жоқ.
немесе басқа қабылданған.қабылдан-ғанстадиясы нда. қорғау туралыБанктік
реттеуші 2004 жылдан . Ол Ұлттық заң Кодекс
құжаттың бастап 2001жылдан банк-тің талқылануда проектілері
болуы жұ-мыс қызмет етудеактілері жасалған.
істеуде. жұмыс
істейді;
2.Халықтың ДепозиттердМемлекеттік Ұлттық Банк Мемлкеттік Ондай қор
салымдарын і мамандан-дырқарамағындағыдербес заңды жок. Бірақ
сақтандыруға сақтан-дыру ылған ұйым кепілден-дірутұлға ретіндеқұрылу
жауапты органбойынша Салым-дарды қоры. 1995 Салымдарға үстінде.
Агенттік кепілдендіружылы құрылғанкепілдік беру
Қоры. қорын құру
талқылануда.
3.СақтандырудБарлық КепілдендіруСбербенк-таБанктер дің Жергілікті
а еркін банктер қорында н барлығы банктер мен
немесе Қорға бар-лық басқа-ларына міндетті территориядағ
еріксіз қатысуы банктер қатысу түрде ы шетел
қатысу. керек. міндетті міндетті. қатысады. банк-тердің
түр-де барлығы
қатысуы қатысады.
керек
4.Кепілден-діКәсіпкерлерд Ұлттық және
рілуге ің құралдары шетел
жататын оның заңды валюта-сындағ
салымдар. тұлға ы жеке
ретінде тұлғалардың
құрылмайын-ш салымдары,
а ұсынбалы
сақтан-дырыл салымдардан
майды. басқалары .
5.Сақтандыру 100 мың 1200 1 мың
төлемдерінің рубьлден гревен-нан дол-ларға
мөлшерлері артық емес. аспайтын эквива-лиентт
мөлшерде і салым-дар
қайтар-ды.
6. СақтандыруКвартал Жарна ай
жарнасының сайынғы сайын
мөлшері. жар-наның төлене-ді.
макси-малды Банктер
мөлшері – са-лым
са-лым сомасы-нан
сомасы-нан 0,1 пайыз
0,15 пайызды көле-мінде
құрайды. қара-жатты
қорға
жібереді.
7.Сақтандыру Федералды Ұлттық Үкімет пен ҰБ
қорының бюджет Банктегі тиесілі жарна
құ-рылу қара-жатынанқұ-ралдардансалады.
көздері. .

((-бөлім. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру Қорының
қызметіне экономикалық талдау.

2.1. Қазақстандағы салымдарға кепілдік беру қорының қалыптасу реформалары.
Қорға қатысу шарттары мен кепілдендіру ережелері

Салымшылардың сенімі – банк жүйесінің тұрақтылығының кепілі.
Депозиттерді кепілдендіру жүйесі – салымшылардың сенімінің
негізі.
Біздің кепілдігіміз – сіздің ертеңгі күнге сенімділігіңіз.

Қазақстанның салымдарға кепілдік беру (сақтандыру) Қоры.

1999 жылғы мамырда Қазақстан қаржыгерлерінің бірінші Конгресінде
республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық қаржыгерлік жүйеге
халықтың сенімін көтеру үшін қажетті шаралардың біріншісі ретінде
депозиттерді ұжымдық сақтандырудың тетігін әзірлеп, оны іске қосу атап
өтті. Әлемдік тәжірибеде барлық экономикалық жағынан дамыған елдерде
депозиттерді сақтандыру жүйесі бар. Сол жылдың 15 қарашасында Қазақстанда
жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) Қоры құрылды.
Қордың құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болды, ол
Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру
(сақтандыру) Қоры ЖАҚ жарғылық капиталына 1 млрд. теңге салды. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі кепілдік беру Қорының жалғыз құрылтайшысы
болып табылады.
Қорды құрудың мәні әуелбастан айқын және түсінікті. Қаржы рыногындағы
бірнеше белгілі сілкіністерден және жеке меншік қаржы пирамидаларының
күйреуінен кейін, олардың әрқайсысы халықтың салымдарын жинап құнын түсіріп
кететін, адамдардың ақшаны жинап сақтайтын тетіктерге деген сенімін
кетірген болатын. Тек кейінгі бірер жыл ішінде ғана елдің Ұлттық Банкінің
ойластырылған және дәйекті қадамдары банк саласындағы жағдайды
тұрақтандырды, ол банктік қызметтің барлық түрін жоғары деңгейде көрсете
алатын қалыптасқан жүйеге айналды және бұл жүйені салымшылардың ақшасын
сақтауға деген құқығына сенімді кепілдік беретін Қорды құру одан әрі
нығайтты.
Қазақстаннның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік
беру (сақтандыру) Қоры ЖАҚ қызметіне жалпы басшылықты басқару органы –
Қордың Директорлар Кеңесі жүзеге асырады, ол жеті адамнан тұрады.
Қордың Директорлар Кеңесінің Құрамы:
1.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің төрт өкілі;
2.Қазақстан қаржыгерлері Ассоциациясының төрағасы;
3.Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің өкілі;
4.Қордың Бас Директоры;
Қор қызметіне күнделікті басшылықты Бас Директор жүзеге асырады.
Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру
(сақтандыру) Қоры ЖАҚ қаржы–шаруашылық қызметіне бақылауды бақылаушы орган
– Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі болып табылатын Қор ревизоры
жүзеге асырады. Қордың қаржылық –шаруашылық қызметіне тәуелсіз аудиторлық
компания – Deloitte & Touche ЖШС жүзеге асырады.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктермен өзара іс
қимылды күшейту мақсатында Қорды ақыл қосушы орган – Ақыл қосатын Кеңес
құрылған, оның құрамына бүгінгі күнде екінші деңгейдегі 7 банк кіреді. Ақыл
қосатын Кеңес Қорға ұсыныстар, кепілдемелер береді, ақыл қосады, Қордың
нормативтік құқықтық құжаттарының жобаларын әзірлеуге көмек жасайды.
Салымдарға кепілдік беретін Қордың бірінші басшысы Майко Оразымбетқызы
Сағындықова ханым болды. Оның басшылығымен халықтың салымын сақтандыру
жүйесінің негізі салынды, жүйеге екінші деңгейдің алғашқы банктері
қабылданды. Қазіргі кезде Сағындықова М.О. тұрғын үй сатып алу және жөндеу
саласында халыққа несие берумен шұғылданатын Қазақстандық ипотекалық
компанияны басқарады.
Салымдарға кепілдік беретін Қордың екінші басшысы Ахметов Алпысбай
Рахметоллаұлы мырза болды. Қазіргі кезде ол Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің ғимараттарын пайдаланудың Алматылық орталығы Республикалық
мемлекеттік кәсіпорынды басқарады.
Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі атынан Қордың
құрылтайшысы және Қордың Директорлар Кеңесінің басқарушысы – Сайденов Ануар
Галимуллаұлы мырза.
Қазіргі кезде салымдарға кепілдік беретін Қордың басшысы Мәженова
Бақыт Мұрсалімқызы. Оның басшылығымен Қорда принципті түрде жаңа Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарына
(депозиттеріне) міндетті түрдегі ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру)
жүйесінің қызмет етуінің және оған Қазақстан Республикасының екінші
деңгейдегі банктерінің қатысуының Ережелері әзірленді, олар Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкісінің Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі №200
және №201 Қаулыларымен бекітілді. Бұл Ережелер 2003 жылыдың 1 қыркүйегінен
бастап күшіне енді.
2003 жылғы сәуірге салымдарға кепілдік берудің Қазақстанның
депозиттерді сақтандыру Қоры Канадалық корпорациясының бастамасымен 2002
жылғы қазанда негізі қаланған және 30-дай мүше елдерді біріктіретін
Депозиттерді Кепілдік беру жөніндегі Халықаралық Ассоциациясының
(International Association of Deposit Insurers -IADI) мүшесі болды.
Ассоциацияға Қордың мүше болуы депозиттерді сақтандырудың Қазақстандық
Жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге оң әсерін тигізеді. Жүйені
құрған және оған екінші деңгейдегі алғашқы банктердің енген кезінен бастап
Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру
(сақтандыру) Қоры өзінің жағдайын нығайтты. Қордың активі 2004 жылғы
шілденің біріне 7 млрд. теңгеге жетті. Инвестициялық тәуекелді төмендету
мақсатында Қор активтерінің 90% -ті Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздарына орналастырылды. Бұл қаражат жүйеге қатысушы екі орташа
банктің салымына кепілдік беру жөніндегі қайтарымды төлеуге жетіп жатыр.
Қазіргі кезде депозиттерді сақтандыру жүйесінде екінші деңгейдегі банктер
саны 2006 жылғы 1 сәуірдегі жағдайы бойынша 33 мүшені құрады.

Қорға қатысу шарттары мен кепілдендіру ережелері:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Жеке
тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру
(сақтандыру) жүйесінің жұмыс істеу және оған Қазақстан Республикасының
екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесін бекіту туралы 2003 жылғы 4
шілдедегі №201 қаулысымен бекітілді.
Осы Ережені қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
агент банк – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қормен жасалған
агенттік келісім негізінде салымшыларға (депозиторларға) өтемақы төлеу
жөніндегі рәсімді жүзеге асыратын қатысушы банк;
қатысушы банк – олар тартқан жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін)
қайтару жөніндегі міндеттемелеріне ҚР-ның заңдарына сәйкес кепілдік
берілетін Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын
банк;
салым (депозит) бойынша өтемақы – Қор салымшыға (депозиторға) кепілдік
берілген салым бойынша төлеуге тиісті ақша сомасы;
салымшы (депозитор) – қатысушы банкте кепілдік берілген салымы (депозиті)
бар жеке тұлға;
кепілдік берілетін салым – ҚР-ның заңдарына сәйкес міндетті ұжымдық
кепілдік беру объектісі болып табылатын теңгедегі немесе шетел
валютасындағы салым;
қосымша жарналар – салымдар бойынша өтемақы төлеу үшін өтемақы резерві
жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға біржолғы төлемдері;
міндетті күнтізбелік жарналар – қатысушы банктердің Қорға тоқсан сайынғы
төлемдері.
қайтару резерві – осы Ережеде көзделген тәртіппен қалыптасатын, салымдар
бойынша өтемақы төлеуге арналған ақша сомасы;
төтенше жарналар – Қорға қатысушы банктер Қордың қарыз сомасын және олар
бойынша есептелген сыйақыны төлеу үшін Қорға жасалған төлемдері;
Банктердің Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне кіруі. Банктер депозит-
терге кепілдік беру жүйесіне Ұлттық Банктің тиісті оң қорытындысын алған
жағдайда ғана кіреді. Ұлттық Банктің оң қорытындысын алу үшін:

соңғы алты ай ішінде пруденциалдық нормативтерді орындауы;

соңғы алты ай ішінде ең төменгі резервтік талаптарды орындауы;

соңғы алты ай ішінде қаражаттың бір бөлігін ішкі активтерге орналастыруға
қойылатын талаптарды орындауы;

банк заңдарында көзделген банкке қытысты күші жойылмаған шектелген ықпал
ету шаралары және санкциялардың болмауы негіз болып табылады.

Салым бойынша өтемақы төлеудің тәртібі мен талаптары.
1. Қор салымшыға салым бойынша осы салым
орналастырылған қатысушы банк мәжбүрлеп
таратылған жағдайда осы ережеде айқындалаған
тәртіппен өтемақы төлейді.
2. Қатысушы банкті Депозиттерге кепілдік беру
жүйесінен шыққан күнге дейін осы банкке
орналастырылған салымдар бойынша Қордың
міндеттемесі тоқтамайды.
3. Қор салымшыға кепілдік берілетін сома
көлемінде бірақ 400 мың теңге баламасынан
аспайтын мөлшерде өтемақы төлейді.
4. Қатысушы банкте салымшы түрлері және валютасы
бойынша әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстанның банк жүйесінің даму тарихы
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары жайлы
Коммерциялық банктердің депозиттік операцияларын қалыптастыру мен жетілдіру жолдары
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Коммерциялық емес ұйым қызметінің тоқтатылуы туралы жазба
Ұлттық Банктің ақша - кредит саясатының құралдары
ҚЫТАЙ БАНК ЖҮЙЕСІ
Банк ісін ұйымдастырудың ғылыми-теориялық негіздері
Ақша айналымын ретеу
Пәндер